Тест сұРАҚтары қазақ әдебиеті неше түрге бөлінеді?



бет13/14
Дата25.01.2017
өлшемі2,75 Mb.
#8056
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

VІІ. Сабақты бекіту

Өздік жұмыс



    1. «Менің анам» деген тақырыпта ойтолғау жаз.

VIІІ Сабақты қорыту

  1. Бағалау

2.Үй тапсырмасы:

1. Тіл мәдениеті туралы түсінік

2.395, 396 – жаттығулар.

Сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: Шешендік сөздер


Күні, айы, жылы: 15.05.2015

Тоқсан: IV

Мұғалім: Юнусова Жұлдызай

Сабақтың мақсаты:

а)   оқушыларды өтілген тақырып арқылы тілін дамыту, тіл байлығын жетілдіру;

ә) Сезімтал,шешен болуға ұмтылдыру;

б) мақал –мәтелдер үйрету арқылы халқымыздың әдеби бай мұраларын,шешендік өнерін, дәстүрін қадірлеуге тәрбиелеу;



Сабақтың түрі:     Қалыптан тыс-саяхат  сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау,іздену  т.б

Сабақтың көрнекілігі: сызбалары,кестелері,   дидактикалық материалдар  т.б

Пәнаралық байланыс:          тарих,география

Сабақтың барысы:

                                          а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу.  Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

  ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген шешендік сөздер туралы  сұраймын оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын

  ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

                Бүгінгі  біздің өтетін сабағымыз осыған дейін өтілген шешендік сөздерді қаншалықты меңгергенімізді анықтауға бағытталмақ.  Яғни саяхат сабағын өткіземіз. Шешендік сөздер қашанда  халықтың қажетті мұрасы болып табылған. Сонымен бірге олар-тәрбие құралы. Қазақ халқы қандай ауыр жағдайда өмір сүрмесін,өзінің би-шешендерінің сөзін жадында сақтап,жаттап айта жүруді,одан үлгі-өнеге алуды тоқтатқан емес. Шешендер,билер әрқашан шындықты айтып, аз сөзге аз мағына сыйғызып,халықтың рухани қажетін өтеп отырған. Шешендіктің негізгі мақсаты –адамдарды иландыру, айтқысы келген нәрсені нақ айтып сендіру. Шешендердің сөз тапқыш,сезімтал,суырып салма ақын сияқты әр түрлі қасиеттері болған. Олар жалпы өмір туралы,ел қорғау туралы хабардар етіп отырды. Олар: Әйтеке би,Төле би,Қазыбек би, Саққұлақ шешен т.б Сабақты осыған дейінгі өткен шешендер өмірі,олардың шешендік сөздері,төрелігі туралы алған білімдерімізді қорытындылау мақсатында өткізбекпіз. Саяхат сабағының өту ретін жақсы білеміз. (мұғалім  сыныпты үш ауылға бөліп,үш бидің атын қояды) Әр ауылдан тиісті сұрақтарға жақсы жауап беретін, берілген тапсырмаларды жақсы орындаған оқушылар ғана келесі ауылға бара алады. Ол үшін әрбір ауылдың алдындағы кеспе қағазды алып,сол қағаздағы сұрақтарға жауап бересіздер.

Бірінші ауылымыз-Төле бидің ауылы. Мына кеспедегі сұрақтарға жауап беріңіздер.



  1. Төле би кім?

  2. Төле бидің қандай толғау,шешендік сөздері бар?

1-оқушы:  Ұл өссе ұрпақ,

Қыз өссе өріс.

2-оқушы:   Үй сыртында төбең болса,

Ерттеулі тұрған атың ғой.

Ел ішінде қарияң болса,

Жазулы тұрған хатың ғой.

Мұғалім: -Ия,балалар, біз сонымен Төле би ауылынан жақсы өттік. Енді біздің келесі ауылымыз-Әйтеке би ауылы.


  1. Әйтеке би жайлы не білесіңдер?

  2. Әйтеке бидің қандай толғаулары бар?

1-оқушы: Қысқаша Әйтеке туралы мәлімет береді.

2-оқушы: Бай болса халқыңа пайдаң тисін,

Батыр болсаң жауға найзаң тисін.

Бай болып еш пайдаң тимесе,

Батыр болып жауға найзаң тимесе

Осылайша 3,4,5 сұрақтарға жауап береді.  Мұғалім:-Біз,балалар, Әйтеке бидің де ауылында болып қайттық.  Ендігі біздің үшінші ауылымыз  Қазыбек би ауылы.(Оқушылар кеспе қағаздарды ретімен алып ондағы сұрақтарға жауап береді.)

-Ал, енді үш ауыл әңгіме жарысына  түсеміз. Өзіміздің қаншалықты шешен,білгір екенімізді көрсетеміз. Үш ауылға берілетін әңгіменің тақырыптары:


  1. «Менің әжем» 2. «Туған жерім» 3. «Ана»

Соңынан әңгімелеріңді оқисыңдар,одан кейін бағалаймыз.

Сабағымыздың келесі бөлімі сөзжұмбақ шешу:-Егер мына сөзжұмбақты дұрыс шешсеңдер қазақтың ұлы ақынының атын оқисыңдар.



  1. Қазақ халқының ең жақсы қасиеттерінің бірі

  2. Ерте гүлдейтін гүл

  3. Ел ордасы

  4. Алғаш мектеп ашқан адам



















А






















Б
















А

















































Й







 

Мақалдар жарысы: «Жасырынған мақал» ойыны

«Жақсы сөз жан семіртер» …

«Досы көппен сыйлас» …

«Отпен ойнама» ….

«Ер туған жеріне…» (әр ауылға 3-4 мақалдан беріледі.)

Мінеки,балалар, біз бүгін шешендік сөз өнеріне саяхат жасай отырып,шешендік сөздер туралы ойымызды дамыттық. Үлкенді сыйлауды,кішіге, қамқор болуды, кішіпейілділікке үйрендік. Ерлікке,бірлікке шақырған осындай халықтың көңіліне ұнаған,жадында сақталған сөзі мәңгі өмір сүретіні сөзсіз

 

Білімді бекіту:        Би-шешендердің нақыл сөздерін оқыту, мазмұндау, әділ баға бере білуге даярлау.

 

Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

 

Үйге тапсырма:            Үш бидің айтқан биліктері мен төреліктерін жазып келу.



Сабақ жоспары

1.Пән аты: Қазақ тілі

2.Сыныбы: 5 «Ә»

3.Күні, айы, жылы: 16.05.2015

4.Тоқсан: IV

5.Мұғалім: Юнусова Жұлдызай

Сабақтың тақырыбы: Жазбаша мәдениеті.
Стиль туралы түсінік
Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушыларға жазбаша тіл мәдениеті, стиль нормалары туралы түсінік беру, сөздердің мағынасын түсінуге үйрету.

2.Тәрбиелік: оқушыларды ұқыптылыққа, ана тілді құрметтеуге, мәдениетті сөйлеуге тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: оқушыларды сөз байлықтары мен сөздік қорларын, сөйлеу тілдерін дамыту, шығармашылық жұмыс жасауға дағдыландыру.

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, салыстыру.

Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер.

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу

2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру

3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару



  1. Үй тапсырмасын тексеру
    Үш бидің айтқан биліктері мен төреліктерін жазып келу.
    ІVЖаңа сабаққа дайындық


  1. Сабақ тақырыбын тақтаға жазу

  2. Сабақ мақсатын түсіндіру


V Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Стиль нормалары туралы түсінік

Стиль нормалары тілдің әр саладағы атқаратын қызметі мен қолданыс аясына қарай: ресми құжаттар және іс-қағаздары стилі: публицистикалық стиль, көркем әдебиет стилі, ғылыми стилі болып бөлінеді. Қолдану аясы – қоғамның әр түрлі саласында.

Ресми құжаттар және іс-қағаздары стилі. Іс қағаздарының түрлері көбінесе белгілі бір жағдайда байланысты нақты бір тұлғаның атынан жазылатындықтан, ол сөздер сөйлемнің баяндауышы болып, жіктік форманың бірінші жақ, жекеше түрінің жалғауын қабылдайды. Ресми құжаттардың тілі мен іс қағаздарының тілі ресми іс қағаздары стилі болып табылады.

Ғылыми стиль туралы түсінік. Ғылыми стильге ғылымының әр саласына қатысты жазылған ғылыми еңбектері кіреді. Логикалық жүйелі ой қорытындысы – ғылыми стиль мәтіндерінің басты ерекшелігі. Ғылыми стиль түрлері: таза ғылыми шағын стиль, ғылыми-оқулық шағын стиль, ғылыми көпшілік шаығын стиль. Ғылыми стильдің мазмұндық белгілері: нақтылық, объективтілік, қисыңдылық. Терминдер – ғылыми мен техниканың, өнер мен саясаттың белгілі бір саласында қолданылатын нақты бір ұғымның атауын білдіретін сөз немесе сөз тіркесі. Терминдер салалық, сала аралық және жалпы ғылыми болып қарастырылады. Ғылыми стильдің басты лексикалық ерекшелігі – терминдер.

Публицистикалық стиль. Публицистикалық стильге радио-теледидарлар, газет-журналдар тілі жатады. Публицистикалық стильге қоғамдық саяси мәселе қарастырылады. Публицистикалық стильдің ауызша түрі – шешендік сөз.

Көркем әдебиет стилі. Көркем әдебиет стилінің белгілері: жазушы әр сөзді саралып, стильдік мақсатта қолданылады. Көркемдік-бейнелегіш құралдар аса мол қолданылады. Тілдің лексикалық қабаттарының барлық түрі қолданылады. Көркем әдебиет стилінде функционалдық стилінің барлық түрлерінің де элементтері кездеседі.

Стильдік ұстамына қарай сөздер бірнеше топқа жіктеледі:

-                    кәсіби лексика;

-                    ресми лексика;

-                    кітаби лексика;

-                    сөз сөйлеу лексикасы;

-                    жалпылама лексика;

-                    архаизмдер мен тарихизмдер;

-                    неологизмдер;

-                    бейнелігіш сөздер;

VІ Түсінік тексеру

398-жаттығу
Мәтінді оқи отырып, мақал-мәтелдерді сөйлем ішінде қалай қолдануға болатынын үйреніңдер. Мақал мен сөйлеушінің сөзін байланыстырып тұрған амалдарды табыңдар. Өздерің білетін, үлкендерден естіген мақалдарыңды қатыстырып сөйлеп көріңдер.
VІІ. Сабақты бекіту

Өздік жұмыс

Кәсіби сөздерді пайдалана отырып сөйлем құрау.

VIІІ Сабақты қорыту


  1. Бағалау

2.Үй тапсырмасы:

1. Стиль туралы түсінік

2.399 –405 жаттығулар.

Қозы қой
лақ ешкі



Сабақ жоспары

1.Пән аты: Қазақ тілі

2.Сыныбы: 5 «Ә»

3.Күні, айы, жылы: 19.05.2015

4.Тоқсан: IV

5.Мұғалім: Юнусова Жұлдызай

Сабақтың тақырыбы: Іс қағаздар стилі. Хат жазу. Өтініш

Сабақтың мақсаты: қатынас қағаздары туралы түсінік беру, жазылу жолдарын ұғындыру,стиль түрлерінен ажырата білуді үйрету.

Сабақтың міндеттері:

  • Білімділік — оқушыларға ресми іс қағаздары стилі, іс қағаздарының түрлері мен тілдік құрылымдық ерекшеліктерін меңгерту;

  • Дамытушылық — оқушылардың іскерлік дағдысын қалыптастыру, ой — өрісін дамыту, ізденімпаздыққа баулу, танымдық қабілетін жетілдіру;

  • Тәрбиелік — оқушыларды сыйластыққа, бір-бірінің пікірін тыңдауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың түрі: Ақпараттық, жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың әдісі: Ой қозғау, іздену, талдау.

Көрнекілігі: «Іс қағаздарын жүргізу» үлгілері, кеспелер, тест жұмыстары, интербелсенді тақта.

Пәнаралық байланыс: Құқық, орыс тілі, әдебиет.

Үй тапсырмасын тексеру
1. Стиль туралы түсінік

2.399 –405 жаттығулар.



Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі: сыныптағы оқушыларды түгендеу.

Үй тапсырмасын тексеру. «Жаңғырту»



  1. Стиль дегеніміз не?

  2. Стиль түрлерін ата.

  3. Көркем әдебиет стилі.

  4. Ерекшеліктері.

64-жаттығу.

Жаңа сабақ.



1. Білу. Бүгінгі сабақта нені білуіміз керек?

1) Іс қағаздары, оның түрлері;

2) Қатынас қағаздары;

3) Іс қағаздар стилінің ерекшеліктері.



2. Түсіну. Интербелсенді тақтадан слайдтар арқылы жаңа материалды меңгерту.

Іс қағаздары деген тіркестің ұғымы кең: олар-адамның күнбе-күнгі өмірінде жиі қолданылатын үлгілер. Іс қағаздары, әдетте, ресми құжаттар деп те аталады. Соған орай, ресми құжаттар, іс қағаздары стилі деп те айтыла береді. Бұл тіркестердің мән-мағынасы бір-біріне жақын, бір-бірімен синонимдес деуге де болады



Өмірбаян жазуда мынадай сұрақтарға жауап береді.



  1. Аты-жөні кім?

  2. Қашан дүниеге келдің?

  3. Ұлтың кім?

  4. Әкеңнің аты-жөні.

  5. Әкең кім болып, қайда жұмыс істейді?

  6. Шешеңнің аты-жөні

  7. Қайда, кім болып жұмыс істейді?



  1. Аға-інілерің бар ма?

  2. Олар немен шұғылданады?

  3. Қарындас-апаларың бар ма?

  4. Олар немен айналысады?

  5. Сен қай жылы мектепке бардың?

  6. Мектепті қашан бітірдің?

  7. Мектепті бітірген соң қандай мамандық иесі боласың?

«Өнер жастан шығады», — дейді халық даналығы. Сол жастар — оқушылар. Болашақ еңбек ері, ірі ғалым, ұлы жазушы, көрнекті қоғам қайраткері -қазіргі оқушы жастар. Өнерпаздық, шешендік, даналық, батырлық деген тәрізді қадірлі қасиеттер адам бойында бірден пайда болмайды — жастай ізденуден, үйренуден,имашықтанудан, бірте-бірте дамып,қалыптасады.Ұлы Абай: «Ондай болмақ қайда?» деп, «Айтпа ғылым сүйсеңіз!» — деп текке айтпаған

Каталог: 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Сабақтың тақырыбы: Реактивті қозғалыс Сабақтың мақсаты: Білімділік: Реактивті қозғалыс туралы түсінік беру
2015 -> Сабақың мақсаты: Білімділік
2015 -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> «Бәріде Жеңіс үшін!!! Шығыстың қос шынары» Сыныбы: 7 Мақсаты
2015 -> Сабақтың атауы Құлын мінген бала Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет