Тест сұРАҚтары қазақ әдебиеті неше түрге бөлінеді?


Бағалау Үй тапсырмасын беру



бет2/14
Дата25.01.2017
өлшемі2,75 Mb.
#8056
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Бағалау

  • Үй тапсырмасын беру.

    1. Сөз мағынасының өзгеруі туралы түсінік.

    2. 40- жаттығу.



    Сабақ жоспары

    1. Пән аты: Қазақ тілі.

    2. Сыныбы: 5 «В»

    3.Күні, айы, жылы: 28.09.2015

    1. Тоқсан: І

    2. Мұғалім: Ж.Юнусова

    Сабақтың тақырыбы: Сөздің тура және ауыспалы мағынасы

    Сабақтың мақсаты:

    1. Білімділік: Оқушыларға сөз тура және ауыспалы мағынасы туралы лингвистикалық білім беру.

    2. Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

    3. Дамытушылық: Оқушылардың лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту, ауызша және жазбаша тіл мәдениетін дамыту.

    Сабақтың типі: аралас сабақ

    Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

    Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, талдау.

    Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты үлестірмелі қағаздар.

    Пәнаралық байланыс: Әдебиет.

    Сабақтың барысы:

    І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

    2.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

    3.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

    ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

    1. Сөз мағынасының өзгеруі туралы түсінік.

    1. 38-39- жаттығу.


    ІІІ Білім тексеру:

    Сұрақ жауап




    1. Сөз неден құралады?

    2. Сөздің ішкі мазмұны дегенді қалай түсінесің?

    3. Жеке тұрғанда мағынасын жоғалтқан сөздерді жаз

    ІV Жаңа сабаққа дайындық

    1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу

    2.Сабақ мақсатын түсіндіру

    V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

    Сөздің затты не құбылысты атап білдіретін мағынасы тура мағына деп аталады.тура мағына әр заттың өзіне ғана тән жеке мағынасы болып табылады, сол арқылы біз заттарды бір – бірінен айыра аламыз. Мысалы: аспан, жер, жел, бұлт дегендер заттарды атаса, биік, жылы, жақсы дегендер сапаны, бару, оқу дегендер қимылды білдіреді.

    Сөздер әрқашан тура мағынада айтыла бермейді. Сөздің тура мағынасы негізінде туып, өрбіген, жалпы көпшілікке түсінікті ауыспалы мағыналары да болады. Лексикалық мағынаның бұл түрін туынды мағына деп атайды. Мысалы: көз адамның немесе жан – жануардың көру мүшесін

    білдіретін оның бастапқы мағынасы да,күннің көзі, бұлақтың көзі дегендегі көз- оның ауыспалы мағынасы, туынды мағынасы.

    Сөздің ауыспалы мағынасы бір заттың негізгі атауыш мағынасын екінші бір затқа атау етіп қолданудан барып туады.

    VІ. Жаңа тақырып бойынша түсінік тексеру:

    Өздік жұмыс

    Өлеңдегі ауыспалы мағынада тұрған сөздерді тауып,олардың тура мағынасына мысал жаз.

    Бірге оқыған құрбыға

    Бас бәйгені бермедің.

    Төре болдың, бас болдың,

    Көкірегіңді кермедің.
    VІІ .Жаңа сабақты бекіту:

    1. Оқулықпен жұмыс.

    42-жаттығуды жазбаша орындау

    Өлеңді көшіріп жазу.

    Мәтінен ауыспалы мағынада қолданылып тұрған сөздерді, сөз тіркестерін тауып, астын сызыңдар.

    43 – жаттығуды ауызша орындау

    Мәтінді мәнерлеп оқу.

    Шешен сөзін таратып, өз сөздеріңмен түсіндіріңдер

    44- жаттығуды тақтада орындау


    Берілген тіркестер құрамындағы сөздерді тура және ауыспалы мағынаны білдіруіне қарай бөліп жазыңдар.
    Қалаған үш тіркесті қатыстырып үш сөйлем жазыңдар.


    VІІІ . Сабақты қорыту:

    1. Бағалау

    2. Үй тапсырмасын беру

    3. Сөздің тура және ауыспалы мағыналары туралы түсінік

      1. 45 – жаттығу.


    Сабақ жоспары

    1. Пән аты: Қазақ тілі.

    2. Сыныбы: 5 «В»

    3. Күні, айы, жылы: 01.10.2015

    4. Тоқсан: І

    5. Мұғалім: Ж.Юнусова

    Сабақтың тақырыбы: Ойдың тура не ауыспалы мағынада айтылуы

    Сабақтың мақсаты:

    1.Білімділік: оқушыларға ойдың тура не ауыспалы мағынада айтылуы туралы лингвистикалық білім беру.

    2.Тәрбиелік: Тәрбиелік мәні зор сөйлемдерді оқыта отырып, оқушыларды елжандылыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

    3.Дамытушылық: Балалардың сөздік қорын, байыту және лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту.

    Сабақтың типі: аралас сабақ

    Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

    Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, талдау.

    Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты үлестірмелі қағаздар.

    Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті.

    Сабақтың барысы:

    І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

    2.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

    3.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

    ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

    1. Сөздің тура және ауыспалы мағыналары туралы түсінік

    2. 45 – жаттығу.

    ІІІ Білім тексеру:

    Сұрақ жауап

    1.Мағына дегенді қалай түсінесің?

    2. сөздің тура мағынасына мысалдар жаз.

    3. тура мағынадан ауыспалы мағынаның қандай айырмашылығы бар?

    ІV Жаңа сабаққа дайындық

    1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу

    2.Сабақ мақсатын түсіндіру

    V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

    Әрбір сөздің өзге сөздермен қарым – қатынасқа түспей, жеке дара тұрғандағы нақтылы, негізгі мағынасы лексикалық я тура мағына деп аталады.

    Сөз тура мағынада заттар мен құбылыстарға тікелей бағытталады. Мысалы: үй, биік, бару деген сөздердің белгілі бір мағынасы бар.

    Үй сөзі – затты тікелей атаса, биік сөзі – сын – сапаны, беру сөзі – қимылды атайды. Бұл сөздердің осы тура мағыналарында басқа сөздермен тіркесіп қолданылу өрісі олардың өзі белгілейтін шындық болмыстардың өзара қарым – қатынасымен белгіленеді.



    VІ Жаңа тақырып бойынша түсінік тексеру:

    Сұрақ жауап

    1. Сөздің тура мағынасы дегеніміз не?

    2. Бір сөзде бірнеше мағына болуы мүмкіндігі неліктен, негізгі және туынды мағына қалай пайда болады?

    3. Сөздің тура мағынасы мен қолданыстағы мағынасын қалай ажыратуға болады?

    Өздік жұмыс

    Төмендегі сөздерді қатыстырып сөйлем құраңдар,онда әр сөз кемінде екі мағынада қолданылатын болсын.



    Ас, адам, жүрек, кәсіп, құс, тері, май, маса, ағаш, темір,саңырау, алыс, ойыншық, бұлақ, қол, жал.
    VІІ .Жаңа сабақты бекіту:

    1. Оқулықпен жұмыс.

    І топ

    46 – жаттығу

    1.Мәтінен құрамында ауыспалы мағынасы бар сөйлемдерді көшіріп жаз.

    ІІ топ

    1. жаттығу

    1.Мәтінен ауыспалы мағынада қолданылып тұрған сөздерді тап.

    VІІІ . Сабақты қорыту:

    1. Бағалау

    2. Үй тапсырмасын беру.

    49,50 - жаттығу

    Сабақ жоспары

    1. Пән аты: Қазақ тілі.

    2. Сыныбы: 5 «В»

    3. Күні, айы, жылы: 08.10.2014

    4. Тоқсан: І

    5. Мұғалім: Ж.Юнусова


    Сабақтың тақырыбы: Көп мағыналы сөздер
    Сабақтың мақсаты:

    1.Білімділік: Оқушыларға көп мағыналы сөздер

    туралы түсінік беру.

    2.Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу. Табиғатты, Отанды сүюге тәрбиелеу.

    3.Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін арттыра отырып, сабақта қолданылған қосымша материалдар арқылы дүниетанымдарын кеңейту, талдау жұмыстары арқылы қисынды-ойлау дағдыларын дамыту.

    Сабақтың типі: аралас сабақ, пысықтау сабағы

    Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

    Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, талдау.

    Сабақтың көрнекілігі: кесте

    Пәнаралық байланыс: тақырыпқа байланысты үлестірмелі қағаздар.
    Сабақтың барысы:

    І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

    2.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

    3.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.


    ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
    55 – жаттығуды орындау
    ІІІ Білім тексеру:

    1.Өздік жұмыс



    2. Көп мағыналы сөздерді оқу
    ІV Жаңа сабаққа дайындық

    1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу

    2.Сабақ мақсатын түсіндіру

    V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

    Тіліміздегі ұзақ уақыт бойы қолданылып келе жатқан байырғы сөздер жаңа сөз, жаңа мағыналар жасауға ұйытқы болды. Олар бұрынғы тура мағынасының үстіне жаңадан бір не бірнеше қосымша, яғни туынды мағыналарға ие болып жатады. соның нәтижесінде сөздік қордағы сөздер сан жағынан да, сапа жағынан да дамып,жетіліп, тілдің байлығы артады. Сөздің екі я одан да көп мағынаға ие болуын сөздің көп мағыналылығы дейміз. Көп мағыналы сөздер бір негізден таралады да, бір сз табына қатысты болады.

    Мысалы:

    Бас(зат есім)-1)адамның, айуанның, жәндіктің дене мүшесі;2) шөптің, ағаштың ең жоғарғы жағы;3) таудың ең үсті, төбесі;4) өзеннің, бұлақтың басталған жері;5) таяқтың ұшы;6) балтаның, шоттың ұшы бар жағы ; 7) бір нәрсенің айналасы.

    Ата(зат есім)-1) үлкен әке, әкенің әкесі;21) ата жолы- ескіден қалған жөн –жоба, әдет – ғұрып;3) ата жұрт- ежелгі мекен; 4) ата кәсіп – атадан келе жатқан шаруашылық.

    Сонымен, сөздің қолданылу аясының өзгеруі, яғни бір саладан басқа бір салаға ауысуы оның мағынасының өзгеруіне әсер етеді.

    VІ Жаңа тақырып бойынша түсінік тексеру.

    VІІ .Жаңа сабақты бекіту:

    1. Оқулықпен жұмыс.

    56 – жаттығу Сөздердің әр түрлі мағыналарын ашатындай сөз тіркестерін құрап жазыңдар.

    57 – жаттығу Төмендегі сөздердің көп мағыналық сипатын сөз тіркестерін құрау.
    VІІІ . Сабақты қорыту:

    1. Бағалау

    2. Үй тапсырмасын беру.

      1. Көп мағыналы сөздер

      2. 58 – жаттығу Сөз тіркестерін құрау.

      3. 60-жаттығу Салмақты, әрекет, қарулы сөздерінің ішінен біреуін таңдап, сол бойынша мәтін құраңдар. Мәтінде көп мағыналы сөздердің болуын ескеріңдер.


    Сабақ жоспары

    1.Пән аты: Қазақ тілі.

    2.Сыныбы: 5 «Ә»

    3.Күні, айы, жылы: 30.10.2014

    4.Тоқсан: І

    5.Мұғалім: Ж.Юнусова

    Сабақтың тақырыбы: Тоқсандық қайталау

    Сабақтың мақсаты:

    1. Білімділік: Оқушылардың сөздердің тура және ауыспалы мағыналары және оның жасалу жолдары бойынша алған лингвистикалық білімдерін кеңейту, жаттығу жұмыстары арқылы бекіту.

    2. Тәрбиелік: Оқушыларды татулыққа, ынтымақтастыққа тәрбиелеу.

    3. Дамытушылық: Оқушылардың лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту, лексикалық талдау жасау дағдыларын дамыту.

    Сабақтың типі: бекіту сабақ

    Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

    Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, талдау.

    Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты үлестірмелі қағаздар.

    Пәнаралық байланыс: тіл, тарих.

    Сабақтың барысы:

    І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

    2.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

    3.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

    4.Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен

    мақсаты туралы хабарлау

    ІV Жаңа сабаққа дайындық

    1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу

    2.Сабақ мақсатын түсіндіру
    VІІ. Бекіту сабағын өткізу.

    1. Үлестірме қағаздар бойынша жұмыс.

    І деңгей

    1.Мәтінен ауыспалы мағынада тұрған сөзді тап.



    Қазақ тілі аса бай тіл, икемді тіл. Орамын, бұрамын тауып, қисынын, орайын келтіріп пайдалансаң, бұл тілмен сурет салуға, тас қашап, ағаш текемет оюға болады- ау. Бұл тілден май тамады десе де сияр.

    ІІ деңгей

    Мына сөздерден тура және ауыспалы мағынаны білдіретін сөз тіркесін құра.



    Жаңа, таяз, суық, жылы.

    ІІІ деңгей

    1.Жұмбақтың шешуін тап. Шешуінің атына көп мағыналы тіркестер құра.



    Ұйықтайды ұлы түнде, күндіз қызы

    Жүргенде білінбейді басқан ізі.

    1. Оқулықпен жұмыс.

    54-жаттығу

    Топ-топқа бөлініп жұмыс істеңдер.

    1.Мәтінді көшіріп жазыңдар.

    2.Көп мағыналы сөздерді табыңдар.

    55 -жаттығу.


      1. Мәтінді көшіріп жазыңдар

      2. Мәтіндегі көп мағыналы сөздердің астын сызыңдар.

    ІV. Үй тапсырмасын беру.

    1. Көп мағыналы сөздер

    2. 56, 57, 61 -жаттығу

    Сабақ жоспары

    1.Пән аты: Қазақ тілі.

    2.Сыныбы: 5

    3.Күні, айы, жылы: 10.10.2014

    4.Тоқсан: І

    5.Мұғалім: .Ж.Юнусова

    Сабақтың тақырыбы: Омонимдер

    Сабақтың мақсаты:

    1. Білімділік: Оқушылардың омонимдер туралы лингвистикалық білімдерін кеңейту, қосымша тапсырмалар мен жаттығу жұмыстары арқылы бекіту.

    2.Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, ана тілді сүюге, отанды қорғауға тәрбиелеу.

    1. Дамытушылық: Оқушылардың лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту, көркем әрі сауатты жазуға дағдыландыру.

    Сабақтың типі: Жаңа сабақ

    Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

    Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, өзіндік ой қорыту.

    Сабақтың көрнекілігі: кесте, сызба, карточкалар

    Пәнаралық байланыс: орыс тілі

    Сабақтың барысы:

    І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

    2.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

    3.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

    ІV Жаңа сабаққа дайындық

    1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу

    2.Сабақ мақсатын түсіндіру


    V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

    Омонимдер біркелкі дыбысталып айтылатын, бірақ мағынасы басқа – басқа сөздердің тобын білдіреді.

    Омонимдер мен көп мағыналы сөздердің айырмашылығыолардың білдіретін мағынасынан көрінеді. Көп мағыналы бір негізден тарағандықтан, мағыналары жағынан өзара жақын, ұқсас болып,олар бір ғана сөз табына жатады.ал омонимдер мағыналары жағынан бір – бірінен соншалықты алшақ болады да, кейде бір сөз табына, әр басқа сөз табына да қатысты болып, дараланып тұрады. Мысалы:1) қара шаш – заттың түсін білдіретін сындық мағыналы сөз; 2) тақтаға қара – қимыл – әрекетті білдіретін етістік.



    VІ. Жаңа тақырып бойынша түсінік тексеру:

    2. Үлестірме қағаздармен жұмыс.
    №1

    1.сөйлемдегі омоним сөздерді тап.

    Күймеге Құнанбай қасына , Ызғұттыдан басқа, Ұлжан келіп отырды. Қасым айтпайтын сөзді қайным айтты.

    №2

    1.Омоним болатындай тіркестер құрап жаз.



    Жау, ер, ат, ой, арық, түй, ақ.

    2.Омоним болатын мақал – мәтелдерден мысалдар келтір.

    №3

    1.Төмендегі сөздерден омоним болатын сөздерді тап және сол сөздерге мәтін құра.



    Кілем, газет, жылқы, шұбар, айт.

    VІІ .Жаңа сабақты бекіту:

    1. Оқулықпен жұмыс.

    62 -жаттығу.

    1.Тыйым сөздерді түсініп оқыңдар

    2.Тыйым сөздердің құрамында омонимдік мағына беретін сөздерді табыңдар.

    63 – жаттығу

    1.Мәтінде омоним болатын сөздерді теріп жазып, сөйлем құраңдар.



    Жүз, Ара.


    VІІІ. Сабақты қорыту:

    1. Бағалау

    2. Үйге тапсырма:

    1.Омонимдер туралы түсінік.

    2.64 -жаттығу

    1

    1.сөйлемдегі омоним сөздерді тап.

    Күймеге Құнанбай қасына , Ызғұттыдан басқа, Ұлжан келіп отырды. Қасым айтпайтын сөзді қайным айтты.

    2

    1.Омоним болатындай тіркестер құрап жаз.

    Жау, ер, ат, ой, арық, түй, ақ.

    2.Омоним болатын мақал – мәтелдерден мысалдар келтір.

    3

    1.Төмендегі сөздерден омоним болатын сөздерді тап және сол сөздерге мәтін құра.

    Кілем, газет, жылқы, шұбар, айт.

    Сабақ жоспары

    1.Пән аты: Қазақ тілі.

    2.Сыныбы: 5

    3.Күні, айы, жылы: 15.10.2014

    4.Тоқсан: І

    Сабақтың тақырыбы: Жаттығулар орындау

    Сабақтың мақсаты:


    1. Білімділік: Оқушылардың омонимдер бойынша алған лингвистикалық білімдерін кеңейту, жаттығу жұмыстары арқылы бекіту.

    2. Тәрбиелік: Оқушыларды татулыққа, ынтымақтастыққа тәрбиелеу.

    3. Дамытушылық: Оқушылардың лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту, лексикалық талдау жасау дағдыларын дамыту.

    Сабақтың типі: бекіту сабақ

    Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

    Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, талдау.

    Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты үлестірмелі қағаздар.

    Пәнаралық байланыс: тіл, тарих.

    Сабақтың барысы:

    І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

    2.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

    3.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

    4.Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен

    мақсаты туралы хабарлау

    ІI Жаңа сабаққа дайындық

    1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу

    2.Сабақ мақсатын түсіндіру

    IІІ. Бекіту сабағын өткізу.

    1. Үлестірме қағаздар бойынша жұмыс.

    1.Омонимнің анықтамасын айт.

    2.Мына сөздерге омонимдік мағына беретін сөйлем құра.

    Ақтау, көктеу, түс.

    1.Омоним болатын сөздерді тап.

    Кітап, жаз, нан, қу, ақылды, дала, күл.

    2.Омоним болатын сөздері бар өлең шумақтарын жаз.



      1. Үш, бес, жеті сандарына арналған асыл сөздерді жаз және омоним сөздер болса, астын сыз.

      2. «Бабалар дәстүрі»деген тақырыпта ойтолғау жаз.

    IVОқулықпен жұмыс.

    65- жаттығу

    Мәтінді оқып, оған ат қойыңдар.



    Қол, сабақ, сіңір, қой сөздері омоним болатындай тіркестер құрап жазыңдар.

    68-жаттығу

    Топ-топқа бөлініп жұмыс істеңдер.

    1.Мәтінді көшіріп жазыңдар.

    2. Ақ, жер, қара, айт, жон, ен, бөле сөздері омоним болатындай бірнеше сөйлем құрап жазыңдар.


    1. -жаттығу. Мәтінді көшіріп жазыңдар

    Омоним сөздердің антонимдері мен синонимдерін тауып жазыңдар..

    V. Үй тапсырмасын беру.

    1. Омонимдер туралы қайталау.

    2. 66-жаттығу Күрес, жең, шағын, қол сөздері омоним болатындай сөз тіркестерін құраңдар.


    Сабақ жоспары

    1.Пән аты: Қазақ тілі.

    2.Сыныбы: 5

    3.Күні, айы, жылы: 17.10.2014

    4.Тоқсан: І

    5.Мұғалім: Ж.Юнусова

    Сабақтың тақырыбы: Синонимдер
    Сабақтың мақсаты:

    Білімділік: Оқушылардың синонимдер туралы лингвистикалық білімдерін кеңейту, қосымша тапсырмалар мен жаттығу жұмыстары арқылы бекіту.

    Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, ана тілді сүюге, отанды қорғауға тәрбиелеу.

    Дамытушылық: Оқушылардың лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту, көркем әрі сауатты жазуға дағдыландыру.

    Сабақтың типі: Жаңа сабақ

    Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

    Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, өзіндік ой қорыту.

    Сабақтың көрнекілігі: кесте, сызба, карточкалар

    Пәнаралық байланыс: әдебиет
    Сабақтың барысы:

    1. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

    2.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

    3.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру

    .

    2. Жаңа сабаққа дайындық

    1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу

    2.Сабақ мақсатын түсіндіру
    3.Жаңа тақырыпты түсіндіру:

    Мағыналары бір – біріне жақын, бірақ әр түрлі дыбысталып айтылатын сөздер тобы синонимдер деп аталады.

    1. Сөздің дыбысталуында өзгешелік болуы керек;

    2. Сөздер бір ғана ұғымды білдіруі керек;

    3. Сөздер бір ғана сөз табына қатысты болуы керек.

    Бұған қосымша синонимдер мәтінде бірін – бірі алмастырған жағдайда бір ғана сөйлем мүшесінің қызметін атқарады. Мысалы: са,тағам, дәм, ауқат дегендер бір ғана синонимдес сөздер. Дыбысталуы әр басқа болғанымен, беретін ұғымы- адам баласының жейтін қоректік заты.

    Қазақ тілі – синонимге өте бай тіл. Синонимдік қатарлар әр сөз табының құрамында кездеседі. Мысалы:



    • зат есімдерден болған синонимдер: өң, түр, түс, келбет, пішін, ажар, көрік, әлпет, кескін, рең, дидар, шырай.

    • сын есімдерден болған синонимдер: салмақты, сабырлы, байыпты, ұстамды;

    • етістіктерден болған синонимдер: амандасу, сәлемдесу, есенлесу;

    • үстеулерден болған синонимдер: тез, жылдам, шапшаң, лезде.



    4. Жаңа тақырып бойынша түсінік тексеру:

    Каталог: 2015
    2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
    2015 -> Сабақтың тақырыбы: Реактивті қозғалыс Сабақтың мақсаты: Білімділік: Реактивті қозғалыс туралы түсінік беру
    2015 -> Сабақың мақсаты: Білімділік
    2015 -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
    2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
    2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
    2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
    2015 -> Абай және кітапхана
    2015 -> «Бәріде Жеңіс үшін!!! Шығыстың қос шынары» Сыныбы: 7 Мақсаты
    2015 -> Сабақтың атауы Құлын мінген бала Мақсаты


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




    ©www.engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет