Тест сұРАҚтары қазақ әдебиеті неше түрге бөлінеді?



бет7/14
Дата25.01.2017
өлшемі2,75 Mb.
#8056
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14

3.Дамытушылық: оқушыларға деңгшейлік тапсырмалар беру арқылы талдау жасау дағдыларын дамыту, өз бетінше жұмыс істеу қабілеттерін дамыту.

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, талдау.

Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер.

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу

2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру

3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

II.Үй тапсырмасын тексеру:

1. Диалект сөздер туралы түсінік.

2. 187-жаттығу

ІІІ Білім тексеру:

Өздік жұмыс

Суреттер топтамасындағы 17- суретке қарап, диалект сөздерді қатыстырып мәтін құра.

ІV Жаңа сабаққа дайындық

1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу

2.Сабақ мақсатын түсіндіру

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Кәсіби сөздер дегеніміз – жұрттың бәріне белгілі бола бермейтін, белгілі бір кәсіппен я шаруашылық саласымен шұғылданатын адамдардың арасында ғана айтылатын сөздер. Кәсіби сөздерді үлкен екі салаға бөлуге болады

    1. Қолөнершілікке ( ағашшылық, ұсталық, өрімшілік, тоқымашылық, зергерлік, т.б.) қатысты сөздер: пышқы, ( араның бір түрі), шербек (үлкен ара), ыңғыру (ағаш оятын құрал), тышуыр (бұрап кесетін құрал), пәрбі (ағаш оятын тескіш ), атауыз( шеге суырғыш), т.б.

    2. Ауыл шаруашылығына (мал , стық, балық, аңшылық, бау – бақша, темекі, мақта, күріш, қызылша) байланысты сөздер: 1) мақтаға қатысты қоза ( мақта өсімдігі), шит (мақтаның тұқымы), терімші(мақта теруші), балдаң (мақтаның сабағы); 2) жүгері түрлері: дүмбі,пәшік,сота,т.б. 3)қауын аттары: әңгелек, жәмше, торлама, т.б. 4) қызылша шаруашылығына байланысты: қылша, түбір, өркен, түбіртек, жом, т.б.



VІ. Жаңа тақырып бойынша түсінік тексеру:

І деңгей


1.Кәсіби сөздер деген не?

2.Кәсіби сөздің айырмашылығы неде?
ІІ деңгей


  • Төмендегі сөздерден балық шаруашылығына байланысты айтылған сөздерді бір бөлек, мақта шаруашылығына байланысты байланысты сөздерді бір бөлек жаз.

Жылым, сүзекі, қауашақ, қоза, қозапая, қорма, шөктірме, көсектеу, шит егу, азна, күнжара.
ІІІ деңгей

  • Қолөнершілікке және ауыл шаруашылығына байланысты кәсіби сөздер жаз және олардан сөйлем құрап көр.


VІІ. Жаңа сабақты бекіту.

1.Оқулықпен жұмыс

195 –жаттығу

1.Мәтіннен ұсталық кәсіпке байланысты сөздерді теріп жазыңдар.

196-жаттығу



  • Суреттер топтамасынан 6 – суретте бейнеленген ыдыс түрлерінің аттарын қолданып, «қазақтың тұрмыстық бұйымдары» деген тақырыпта мәтін құраңдар.

197-жаттығу



  • Кәсіби сөздерді теріп жазыңдар.


VІІІ. Сабақты бекіту:

  1. Бағалау

  2. Үйге тапсырма беру:


1. Кәсіби сөздер туралы түсінік.

2. 198 -жаттығу

Сабақ жоспары

1.Пән аты: Қазақ тілі

2.Сыныбы: 5 «Ә»

3.Күні, айы, жылы:

4.Тоқсан: ІІІ

5.Мұғалім: Ж.Юнусова

Сабақтың тақырыбы: Терминдер

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушылардың термин сөздер туралы білімдерін кеңейту, жаңа тақырыпты жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту.

2.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке еңбекті дәріптеуге ана тілді құрметтеуге тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: оқушылардың термин сөздерді ажыратуы арқылы қисынды ойлауларын дамыту, деңгейлік тапсырма беру арқылы лексикалық талдау жасау дағдыларын дамыту, ойлау қабілетін арттыру.

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, талдау.

Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер.

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу

2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру

3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

II.Үй тапсырмасын тексеру:

1. Кәсіби сөздер туралы түсінік.

2. 198 -жаттығу

ІІІ Білім тексеру:

Шығармашылық жұмыс

  • «Біздің Байқоңыр» атты тақырыпқа ойтолғау жазу.

ІV Жаңа сабаққа дайындық

1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу

2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Термин сөздер дегеніміз - ғылым, техника, өндіріс және т.б. саласындағы арнаулы ұғымдар мен зат атауларын білдіретін сөздер.

Терминдер жеке бір ұғымды білдіретін болғандықтан, бір мағыналы болып келеді. Терминдердің мағынасы әрқашан тұрақты болады.

Қазақ тіліндегі термин сөздер екі түрлі жолмен жасалады.

1. Басқа тілден енген сөзге қазақ тілінен тілінен балама табу: 1)жергілікті және көне сөздер алынған: кеден –таможня, егемен –суверенитет, әмбебап – универсал, кешен – комплекс, ғарыш – космос.

2)тілімізде бар сөздерді біріктіру арқылы термин жасаған: отбасы – семья, әуежай –аэропорт, төл құжат- паспорт, мұражай – музей, елтаңба – герб, әнұран – гимн.

2. Тілімізге орыс тілі арқылы кеоген, қазақша баламалары жоқ интернационалдық терминдер. Мысалы: математика терминдері: квадрат,куб, коэффициент т.б. химия терминдері: аммиак, азон, дром, гидрат,т.б. география терминдері: глобус, карта,т.б. лингвистика терминдері: синоним, антоним, дисфемизм, диалект, т.б.

Термин сөздерді өз орнымен дұрыс қолданып сөйлеу әрі білімділікті, әрі тілдің мәдениеттілігін танытады.


VІ. Жаңа тақырып бойынша түсінік тексеру:

І деңгей


  • Кәсіби сөздерге мысалдар жаз.

  • Мәтіндегі термин сөздердің астын сыз.

Белоктың құрамына азот бар органикалық заттар жатады. олардың құрамы өте күрделі және әртүрлі. Олар организмде аса күрделі қызметтер атқарады.
ІІ деңгей

  • Термин сөздердің басты ерекшелігін айт және мысал келтір.

  • Мәтіндегі терминдерді тап және терминдердің жасалу жолы туралы айт.

  • Жезқазған аймағының экологиялық жағдайы мәз емес. Екі бұйірден Байқоңыр ғарыш аймағы мен Семей палегоны қыспаққа алып тұр. Ғарыш кемелерінің техникалық бөлшектері мен атом қалдықтары – тептил көктен түсіп, жерді уландырып, ластап жатыр. Семей палегоны радиоактивті заттарды төңірекке сіңірді.

ІІІ деңгей

  • Термин сөздерді қатыстыра отырып, «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты шығарма жазу.

VІІ. Жаңа сабақты бекіту.

1.Оқулықпен жұмыс

193-жаттығу



  • Математика, тарих, география, химия пәндері бойынша өздерің білетін термин сөздерді теріп жаз.

199 –жаттығу



  • Мәтіннен термин сөздерді теріп жаз.



VІІІ. Сабақты қорыту:

  1. Бағалау

  2. Үйге тапсырма беру:

1. Термин сөздер туралы түсінік.

207-209-жаттығу

2.Ата – аналарыңмен әңгімелесіп, олардың істейтін

кәсібіне қатысты термин сөздерді жазыңдар.



Сабақ жоспары

1.Пән аты: Қазақ тілі

2.Сыныбы: 5

3.Күні, айы, жылы:

4.Тоқсан: ІІІ

5.Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы: Диктант «Қоштасу»

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушыларды сауатты жазуға баулу, лексикадан алған білімдерін бекіту.,

2.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке еңбекті дәріптеуге ана тілді құрметтеуге, туған өлке табиғатын қорғауға тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: оқушылардың дүниетанымдарын кеңейту, лексикалық талдау жасау дағдыларын дамыту, жай сөйлем мен құрмалас сөйлемді ажырата алу дағдыларын дамыту.

Сабақтың типі: бақылау

Сабақтың түрі: диктант

Сабақтың әдіс-тәсілі: жазба жұмысы, талдау.

Сабақтың көрнекілігі: Диктанттар мен мазмұндамалар жинағы

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, жануартану

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу

2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру

3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

4.Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен

мақсаты туралы хабарлау

II. Оқушыларды диктант мәтінімен таныстыру; жазу
Қоштасу

Күн шыққан жоқ. Қиқу үдей түсті. Көкжиекке күннің алтын иегін арта бергені-ақ мұң екен, Балқаш айдынынан ең алдымен ырғала-ырғала қаңқылдап, қоштаса сұңқылдап, үнін әсемдікпен әндете созып, аққулар тобы көтерілді. Олар көлден тіп-тіке күнге қарай көтерілді де, керуен басы алға шығып, санын түгендеп алған соң, тұп-тура Оңтүстікке Қаратауға, Сырға, Аралға, Каспийге бет алды. Аққулар тізбегі көл үстін бір айналып өтіп, бетін өз бағытына қарай бұрған шақта, ұшқыр үйректер топ-топ боп, өздерінше тізбек-тізбектер жасап, жол бастаған аққу-арулардың соңынан асығыс ұшты. Ең соңында қараша қаздар қалбақтап, көл үстінде у-шу боп, бейберекет көтерілді де, жоғарылай-жоғарылай келіп, сапын түзей бастады. Кейбірі тым көп қаңқылдап, керуен басылыққа таласты. Бірін-бірі итермелеп, сапты түзеп, батыры мен батылы алға шықты. Аққулар салған керуен жолына түсіп ап, оңтүстікке қарай бұлар да самғай тартты. Сәске түске дейін көл үсті бұлан-талан боп, көшкен құстан айықпады.

(С.Бақбергенов, 145 сөз)

IV. Сабақтың аяқталуы.

1.Пән аты: Қазақ тілі

2.Сыныбы: 5 «Ә»

3.Күні, айы, жылы: 20.01.2015

4.Тоқсан: ІІІ

5.Мұғалім: Ж.Юнусова

Сабақтың тақырыбы Лексикадан өткенді қайталау

Сабақтың мақсаты :

Білімділік: алған білімдерін, іскерлік дағдыларын тексеру, бағалау, таным белсенділігін арттыру;

Дамытушылық: сөз байлығын молайту, сөздік қорын байыту, өз ойларын еркін жеткізуге машықтандыру, өткен ережелерге қорытынды жасауға үйрету;

Тәрбиелік: тіл құдіретін сезіне білуге, сөз мағынасын келістіре құбылтып, оларды мейлінше дұрыс қолданып, нақты түсіне білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Қайталау сабағы.

Сабақтың типі:  Дәстүрлі емес сабақ.

Сабақтың әдіс- тәсілдері: Сұрақ-жауап, деңгейлік тапсырмалар, дамыта оқыту, тест, топтастыру, кубизм.

Сабақтың көрнекілігі: Дидактикалық тапсырмалар, бағалау парақтары, слайд, тірек –сызбалар.

Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті.

Сабақтың барысы :

І. Ұйымдастыру.

а) Оқушыларды түгелдеу, журналға белгілеу; ә) Оқушылардың назарын сабаққа аудару (бүгін бізге қонақтар келіп отыр, амандасып алайық);

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз.

Құрметпен сіздерге,

Бас иеміз Біз!

ә) Кім айтады, үй жұысына не берілді? (термин сөздер).

ІІ. Кіріспе бөлім. Қызығушылықты ояту.

«Кезеңдер бәйтерегі»

Ерте - ерте –ертеде, грек елінде, Лексика деген патша өмір сүріпті.  Лексика патшалығындағы халықтар өте тілге бай - тілмар, шешен болыпты. Сол патшаның бағында бір ғажайып алма ағашы өседі екен. Бірақ осы күнге дейін сол алманың дәмін ешбір адам татып көрмепті дейді. Оның себебі, алманы жегісі келген адам, алма ағашындағы тапсырмаларды дұрыс орындап жауап беріп, бірнеше кезеңнен өтеді. Сонда ғана дәмі тіл үйіретін алмадан ауыз тиюге береді екен.

Балалар! Бүгін біз де бағымызды сынап, Лексика патшалығына қонаққа келіп, сол тапсырмаларды   дұрыс  орындап, сұрақтарға  жауап беріп көрейік.

ІІІ. Негізгі бөлім.

«Лексика» патшалығында қандай қалашықтар бар екен еске  түсірейіктер

Топтастыру жұмысы. (Омоним, синоним, антоним, тұрақты тіркес, табу6 эвфемизм, дисфемизм, мақал- мәтелдер, жаңа сөздер, кірме көнерген сөздер

І Дәйек сөз кезеңі .

  « Тіл қаруы –сөз, сөз қаруы – ой. Мұралардың ең қымбаты – сөз. Сөз күн шалмас қараңғы көңілді шалады, күн жылытпас суық көңілді жылытады. Асылы адам да, нәрсе де тозады, жоғалады. Асыл сөз мәңгі жасайды». Ғ.Мұстафин.

Дәптерлеімізді ашамыз,бүгінгі күнді жазамыз: жиырмасыншы қаңтар

1 – тапсырма

І деңгей

Сөз тіркесінің құрамындағы сөздерді тура және ауыспалы мағынаны білдіруіне қарай топтап жазу.      

А) Терең ой, терең сай, терең су, терең білім, терең сезім, терең құдық;

Ә) Алтын қазына , алтын қол, алтын сақина, алтын сөз , алтын тас, алтын уақыт;

Б) Қатты жел, қатты қол, қатты жер, қатты жүрек, қатты сөз, қатты құрт;

В) Жүйрік жел, жүйрік ат , жүйрік ой, жүйрік адам, жүйрік сөз;



ІІ деңгей. Диалект сөз деген не?

Суреттен диалект сөздерді тауып жазыңыздар:

ІІІ деңгей. Берілген сөздердің  антонимін     тауып жазыңыздар: Аласа,  жылдам, қара, ақылды, күшті, ыстық, дұшпан.

ІІ. Дәйексөз кезеңі:

« Тіл- адамның адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын қаруының бірі. Осы дүниедегі адамдар тілінен айырылып, сөйлеуден қалса, қандай қиындық күйге түсер еді?!». А.Байтұрсынов.



2 – тапсырма. І деңгей. Семантикалық картаны толтырыңыздар

 

Лексика


 

 

 



 

Сөздер


 

Эвфемизм

Дисфемизм

Табу

Көнерген

сөздер

Диалект

Жаңа сөздер

Кәсіби сөздер

Термин  сөздер

Кірме сөздер

Тұрақты

тіркестер

Аға сұлтан

 

 

 

+

 

 

 

 

 

 

Жасыл

 

 

+

 

 

 

 

 

 

 

Лексика

 

 

 

 

 

 

 

+

 

 

Үнтаспа

 

 

 

 

 

+

 

 

 

 

Сым

 

 

 

 

+

 

 

 

 

 

Тарелке

 

 

 

 

 

 

 

 

+

 

Қайтыс болды

+

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қырт

 

+

 

 

 

 

 

 

 

 

Тас бауыр

 

 

 

 

 

 

 

 

 

+


































Әңгелек

 

 

 

 

 

 

+

 

 

 

2 – тапсырма.ІІ деңгей.

Графикалық диктант Ат       Ұзын        Ақ       Түс    Сұлу     Жақ           

Омоноим

Синоним

Антоним

ІІІ деңгей.  Оқулықпен жұмыс.

225– жаттығу.



Тапсырма:Мәтелдерді көшіріп жазамыз.Мәтел деп нені айтамыз?

Сергіту сәті.

ІІІ Дәйексөз кезеңі .

«Адамға екі нәсе тірек тегі,бірі - тіл, бірі - ділің жүректегі».



Жүсіп Баласағұни.

3 тапсырма.

«Суретте» — Қазақ тіліндегі табу сөздердің пайда болу  себебі?

«Салыстыр » —   Көп мағыналы сөздер мен  омоним сөздердің айырмашылығы, ұқсастығы неде? (Венн диаграмасы). 

«Зертте» —  Лексика сөзінің шығу тарихы.

«Қолдан» — Тіл туралы мақал, мәтелдер айтыңыздар.

« Байланыстыр »  - тест орындау

«Лексика»

1.«Бетінің оты шықты» тұрақты тіркесінің мағынасын тап.

А) ұялды   В) қорықты    С) мейірімсіз          



2. Мына сөздердің қайсысы көнерген сөзге жатады?

А) отбасы   В) отарба   С) жасуша         



3. «Айлакер» сөзінің антонимін табыңдар.

А) мейірімді  В) қатыгез   С) аңқау         



4. Берілген тіркестердің тура мағынада қолданылып  тұрғанын көрсет

А) терең білім  В) терең көл   С) терең ой         



5. Мылжың сөзі қандай сөзге жатады?

А) көнерген сөз В) эвфемизм   С) дисфемизм         



6. Антонимді ажырат. 

  А) қызыл-ақ  В)ақ-қара С) қызыл-көк.

  7. Омоним сөздер қатысқан сөйлемді табыңыз.

  А) ел үмітін ер ақтар В)көк алманы алма  С)қарақұс-жыртқыш құс.

 8. «Жалығу» сөзінің синонимін табыңыз.

 А)зерігу, құмар болу  В)еріну, көшіру  С)зерігу, іш пысу



9. Неологизм сөзді белгіле.

А)несие. В)гарантия. С)процент

 10. Көнерген сөзді тап

А)саяжай. В)найза. С)сәулет



Дұрыс жауабы:

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

А

В

С

В

С

В

В

С

А

В

ІҮ Қорытындылау

Мұғалім :

- Балалар, бүгін сіздер  осы екі тоқсан   бойынша  «Лексика » тарауынан өткен тақырыптарды  қайталап, еске түсіріп  өз біліміміз бен біліктілігімізді көрсеттік. Ендеше , бағалау парақтарыңыздағы ұпай санын есептей қойыңыздар. Ұпай санына байланысты бүгінгі сабаққа баға қойылады.

Уй жумысы 23-24 суреттерден матин курау омоним синоним антоним болу керек



Сабақ жоспары

Каталог: 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Сабақтың тақырыбы: Реактивті қозғалыс Сабақтың мақсаты: Білімділік: Реактивті қозғалыс туралы түсінік беру
2015 -> Сабақың мақсаты: Білімділік
2015 -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> «Бәріде Жеңіс үшін!!! Шығыстың қос шынары» Сыныбы: 7 Мақсаты
2015 -> Сабақтың атауы Құлын мінген бала Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет