Тест сұрақтары ІІІ тоқсан Биология



Дата15.09.2017
өлшемі112,33 Kb.
#33332
Тест сұрақтары ІІІ тоқсан Биология

6 сынып

І нұсқа


  1. Өсімдіктердің ұқсас түрлерін ............ біріктіреді

А) туысқа В) тұқымдасқа С) қатарға Д) класқа Е) бөлімге

2. Қазір Жер бетінде қанша өсімдік бар?

А) 200 мыңдай В) 300 мыңдай С) 400 мыңдай Д) 500 мыңдай Е) 600 мыңдай

3. Бір жасушалы жасыл балдырлар өкілі

А) хлорелла В) спирогира С) ламинария Д) саргассум Е) кладофора

4. Теңіз жағалауындағы 5-10 шақырым аймақты қамтып,20-30 метр тереңдікте өсетін балдыр?

А) хлорелла В) спирогира С) ламинария Д) саргассум Е) кладофора

5. Қоңыр мен қызыл балдырлардың құрамында не болады?

А) йод В) алтын С) магний Д) калий Е) азот

6. Мүктерді зерттейтін ғылым саласы

А) биология В) ботаника С) бриология Д) микология Е) экология

7. Жасыл мүктің биіктігі

А) 10 см В) 20 см С) 30 см Д) 40 см Е) 50 см

8.Тұқымды өсімдіктер неше бөлімнен тұрады?

А) 3 В) 2 С) 4 Д) 5 Е) 6

9. Жапырағы сәл жалпақтау, сызықтық-қандауырша тәрізді болатын өсімдік

А) самырсын В) кәдімгі арша С) секвойя Д) жатаған шырша Е) қарағай

10. 50 жылда жеміс беретін қылқанжапырақты өсімдік

А) самырсын В) кәдімгі арша С) секвойя Д) жатаған шырша Е) зеравшан аршасы

11.Қазақстан биік тауларында кездесетін қылқанды ағаш түрі

А) Қарағай В) шырша С) самырсын Д) балқарағай Е) қосмасақшалы қылша

12. Жер шарында раушангүлділердің неше түрі бар

А) 2 мыңдай В) 3 мыңдай С) 4 мыңдай Д) 5 мыңдай Е) 6 мыңдай

13.Ағаш, бұта, көпжылдық шөптектес, гүлдері қосжынысты, қосжарнақты өсімдіктер тобы

А) шаршыгүлділер В) алқалар тұқымдасы С) раушангүлділер Д) бұршақтар тұқымдасы

Е) күрделігүлділер тұқымдасы

14.Қосжарнақтылар класы раушангүлділер тұқымдасына жататын жартылай бұталы дақыл

А) таңқурай В) баклажан С)қызанақ Д) бұрыш Е) асбұршақ

15.Алқалар тұқымдасының жемісі-

А) бұршаққап В) жидек С) айдарлы тұқымшалар Д) тұқымша Е) бұршаққын

16. Медицинада бауыр ауруын емдеуге, қан құрамындағы зиянды түзілісті азайту үшін қолданылады

А) қызанақ В) тәтті бұрыш С) таңқурай Д) баклажан Е) мақсыр

17. Мақсырдың гүлшоғыры

А)шашақ В) жай масақ С) жай шатыр Д) собық Е) себетгүл

18. Лалагүл тұқымдасының сәндік үшін өсірілетін түрі

А) лапыз В) қырлышөп С) қызғалдақ Д) тамырдәрі Е) сарымсақ

19. Пияздың құрамында қандай витаминдер кездеседі

А) А витамині В) С витамині С) Д витамині Д) Е витамині Е) К витамині

20.Тарының атасы

А) Ш. Берсиев В) Ы. Жақаев С) К. Линней Д) Х. Досмұқанбетов Е) Н. И. Вавилов

Тест сұрақтары ІІІ тоқсан Биология

6 сынып

ІІ нұсқа

1.Біржасушалы жасыл балдырларға топырақта, ағаштың діңдерінде өсетін балдыр түрі

А) хлорококк В) спирогира С) ламинария Д) саргассум Е) кладофора

2.Өсімдіктердің ұқсас туыстарын ......... біріктіреді

А) туысқа В) тұқымдасқа С) қатарға Д) класқа Е) бөлімге

3.Табиғатта жасыл балдырлардың қанша түрі бар?

А) 10 мың В) 11 мың С) 12 мың Д) 13 мың Е) 14 мың

4. Көпжасушалы жіп тәрізді жасыл балдырлардың бір түрі

А) хламидомонада В) хлорелла С) улотрикс Д) спирогира Е) саргассум

5........ балдырын теңіз орамжапырағы деген атпен адамның қалқанша безінің жұмысын жақсарту, жемсау ауруынан сақтандыру үшін тамаққа қосады

А) хлорелла В) спирогира С) кладофора Д) саргассум Е) ламинария

6.Дүние жүзі бойынша мүктердің қанша түрі бар?

А) 22 000-27 000 түрі В) 22 000 – 28 000 түрі С) 23 000 – 25 000 түрі

Д) 20 000 – 27 000 түрі Е) 22 000 -24 000 түрі

7. Шымтезектен не алынады

А) йод В) спирт С) қағаз Д) жіп Е) мата

8. Шөбін қайнатып, тұнбасын іш жүргізітін, несеп айдайтын және өтті тазартатын дәрі ретінде медицинада қолданатын өсімдіктер тобы

А) қырықжапырақ В) алқа тұқымдасы С) плаундар Д) пияздар Е) жатаған шырша

9.Теріскей, Күнгей және Іле Алатауында сирек те болса кездесетін ашық тұқымды бұта

А) самырсын В) кәдімгі арша С) секвойя Д) жатаған шырша Е) зеравшан аршасы

10. Биіктігі 5-10 м, біршама жуан діңді, мәңгі жасыл, қылқанжапырақты ағаш

А) самырсын В) кәдімгі арша С) секвойя Д) жатаған шырша Е) зеравшан аршасы

11. Қылшадан алынатын дәрі тауы

А) парацетамол В) асперин С) эфедрин Д) энам Е) мукалтин

12. Жемісінен тосап, компот, шырын дайындалатын раушангүлділер туысы

А) таңқурай В) раушан С) баклажан Д) қызанақ Е) тәтті бұрыш

13. Алқа тұқымдасының улы өсімдік түрі

А) баклажан В) қызанақ С) шырайгүл Д) сасық меңдуана Е) қызылқұлақ

14. Бұрышта болатын витамин

А) А витамині В) С витамині С) Д витамині Д) Е витамині Е) К витамині

15. Бұршақ тұқымдасының ең ірі күлте жапырақшасы

А) ескек В) қайықша С) сопақша Д) қауырсын Е) желкен

16.Пияз тұқымдасының жемісі

А) бұршаққап В) жидек С) айдарлы тұқымшалар Д) тұқымша Е) бұршаққын

17. Пияз тұқымдасының Қазақстанда қанша түрі бар

А) 90 түрі В) 100 түрі С) 110 түрі Д) 130 түрі Е) 150 түрі

18. Жерорта теңізі елдерінде, Орта Азияда мақсырдың қолдан өсірілетін 19 түрі бар өсімдік

А) мақсыр В) өгейшөп С) күнбағыс Д) дермене Е) бақбақ

19. Түйнегінде крахмал көп болады

А) қызанақ В) картоп С) баклажан Д) алма Е) алмұрт

20.Күріштің атасы

А) Ш. Берсиев В) К. Линней С) Ы. Жақаев Д) Х. Досмұқанбетов Е) Н. И. Вавилов


Тест жауаптары Биология 6 сынып

І нұсқа
1.А 2.Д 3.А 4.С 5.А 6.С 7.Д 8.В 9.С 10.Е 11.Д 12.В 13.С 14.А 15.В 16.Д 17.Е 18.С 19.В 20.А

ІІ нұсқа


1.А 2.В 3.Д 4.С 5.Е 6.А 7.В 8.С 9.Д 10.Е 11.С 12.А 13.Д 14.В 15.Е 16.Д 17.С 18.А 19.В 20.С

Тест сұрақтар ІІІ тоқсан Биология 9 сынып

І нұсқа

1.Адамның іс-әрекетімен жүретін эволюция

А) селекция В) табиғи сұрыпталу С) мутация Д) модификация Е) экология

2. Үй жануарларының ерекше формалары

А) іріктеме В) қолтұқым С) штамм Д) генетика Е) селекция

3.Тары, қарақұмық, қытайбұршағының шығу орталығы

А) Оңтүстік Азия В) Абиссиния С) Шығыс Азия

Д) Орталық Америка Е) Оңтүстік Америка

4. Сүтті бағыттағы алатау сиырын шығарған ғалым

А) Б. М. Мусин В) Д. Н. Пак С) С.С. Рзабаев Д) Ю.Н. Барминцев Е) Н. З. Ғалиакбаров

5. 1809 жылы басылып шыққан «Зоология философиясы» атты еңбегінің авторы

А) К. Линней В) Ч. Дарвин С) Ч. Лайель Д) Ж. Б. Ламарк Е) М. Шлейден

6. Ламарк бүкіл жануарлар дүниесін неше топқа бөлді

А) 2 В) 3 С) 4 Д) 5 Е) 6

7. «Адамның шығу тегі және жыныстық сұрыпталу» атты Ч. Дарвиннің еңбегң қай жылы шықты?

А) 1868ж В) 1859ж С) 1870ж Д) 1858ж Е) 1871ж

8. Ататегінен қалған, қазіргі кезде қызмет атқармайтын қалдық белгілер

А) атавизмдер В) рудименттер С) гомологиялық мүшелер Д) аналогиялық мүшелер

Е) эмбриологиялық мүшелер

9. Организм ұрығының даму заңдылықтарын зерттейтін ғылым саласы

А) генетика В) селекция С) эмбриология Д) анатомия Е) биология

10.Ұқсас қызмет атқаратын, бірақ құрылысы мен шығу тегі басқа мүшелер ......... деп аталады?

А) атавизмдер В) рудименттер С) гомологиялық мүшелер Д) аналогиялық мүшелер

Е) эмбриологиялық мүшелер

11.Бір түр дараларының барлық тіршілік әрекеттерінің, ең бастысы, көбею ерекшеліктерінің ұқсастығының критерийі

А) физиологиялық В) биохимиялық С) генетикалық Д) экологиялық Е) морфологиялық

12.Популяциядағы гендердің толық жиынтығы

А) популяция В) генофонд С) өзгергіштік Д) критерий Е) эволюция

13.Бір түрге жататын даралар арасындағы күрес

А) түраралық күрес В) табиғи күрес С) түрішілік күрес Д) қоршаған орта жағдайларымен күрес Е) Бейімделу

14. Популяциялық толқындар құбылысын ашқан ғалым?

А) К. Линней В) Ч. Дарвин С) Ч. Лайель Д) Ж. Б. Ламарк Е) С.С. Четвериков

15.Биологиялық оқшауланудың неше себептері бар

А) 2 В) 3 С) 4 Д) 5 Е) 6

16.Ашық жерлерде тіршілік ететін организмдердің жауынан қорғану белгісі бейімділіктің қай түрі

А) қорғаныш рең В) жасырушы рең С) бөлшектену реңі Д) сақтандырушы рең

Е) еліктеуші рең

17.Ежелгі заман

А) архей В) протерозой С) палеозой Д) мезозой Е) кайнозой

18.Межеліктегі ең жоғарғы санат

А) дәуір В) кезең С) заман Д) эон Е) ғасыр

19. Органикалық дүние өсімдіктер әлемі және жануарлар әлемі деп бөлінген заман

А) архей В) протерозой С) палеозой Д) мезозой Е) кайнозой

20.Оңтүстік Африка мен Америка аймақтарында мұз басу жүрген кезең

А) таскөмір В) пермь С) девон Д) кембрий Е) силур

21. Алғашқы 35млн жылға созылған триас кезеңінде

А) археоптерикс В) бауырымен жорғалаушылар С) қандауырша

Д) көк-жасыл балдырлар Е) омыртқасыздар

22.Мезозой заманы неше кезеңнен тұрады

А) 2 В) 3 С) 4 Д) 5 Е) 6

23.Альпі, Анд, Гимайлай таулары түзілген кезең

А) бор В) триас С) юра Д) кембрий Е) ордовик

24. «Тіршілік өздігінен пайда болады» деген теорияға қарсы шыққан ғалым

А) С. Аррениус В) Л. Пастер С) Ф.Бэкон Д) Б: Гельмонт Е) Ф. Реди

25. Ф. Реди тәжірибесінің қорытындысчын қай жылы жариялады

А) 1664ж В) 1665 ж С) 1666 ж Д) 1668ж Е) 1669ж

Тест сұрақтар ІІІ тоқсан Биология 9 сынып

ІІ нұсқа


1.«Динозаврлар дәуірі» деп есептелген заман

А) архей В) протерозой С) палеозой Д) мезозой Е) кайнозой

2.Бунақденелілердің кеңінен таралу дәуірі

А)палеозой В) кайназой С) мезозой Д) протерозой Е) архей

3.Биогеоценоз

А) топырақ В) тірі ағза мен орта бірлестігі С) тірі ағза Д) тіршілік сатысы

Е) түр жиынтығы

4.Қатты бидай, арпай, құмай , банан шығу орталығы

А) Оңтүстік Азия В) Абиссиния С) Шығыс Азия

Д) Орталық Америка Е) Оңтүстік Америка

5.Дегерес, еділбай қойларын шығарған ғалым

А) Б. М. Мусин В) Д. Н. Пак С) В.А. Бальмонт Д) Ю.Н. Барминцев Е) Н. З. Ғалиакбаров

6. Ламарк жануарларды неше сатыға, неше класқа біріктірді

А) 6 саты 10 класс В) 6 саты 12 класс С) 5 саты 12 класс

Д) 6 саты 14 класс Е) 6 саты 15класс

7. «Үй хайуанаттары мен мәдени өсімдіктердің өзгеруі» деген Ч. Дарвиннің кітабы қай жылы шықты

А) 1868ж В) 1859ж С) 1870ж Д) 1858ж Е) 1871ж

8. Құрылысы мен шығу тегі бір мүшелер

А) атавизмдер В) рудименттер С) гомологиялық мүшелер Д) аналогиялық мүшелер

Е) эмбриологиялық мүшелер

9. Организмнің тарихи дамуы

А) эмбриология В) палеонтология С) атавизм Д) онтогенез Е) филогенез

10. Арғы ататектің белгілерінің қайталануы

А) атавизмдер В) рудименттер С) гомологиялық мүшелер Д) аналогиялық мүшелер

Е) эмбриологиялық мүшелер

11. Өліп біткен организмдердің қазба қалдықтарын зерттейтін ғылым саласы

А) эмбриология В) ботаника С) анатомия Д) палеонтология Е) мутация

12.Ағылшын табиғат зерттеушісі А. Р. Уоллес неше биографиялық аймақты атап көрсетті

А) 2 В) 3 С) 4 Д) 5 Е) 6

13. Әр түр дараларының өзіне ғана тән хромосомалардың саны, мөлшері және пішіні болады

А) физиологиялық В) биохимиялық С) генетикалық Д) экологиялық Е) морфологиялық

14.Бір түр дараларының оқшауланған шағын топтары

А) популяция В) генофонд С) өзгергіштік Д) критерий Е) эволюция

15.Әр түрге жататын даралар арасындағы күрес

А) түраралық күрес В) табиғи күрес С) түрішілік күрес Д) қоршаған орта жағдайларымен күрес Е) Бейімделу

16. Түрлі популяциялардың тіршілік орта жағдайлары түрліше болатын биологиялық оқшауланудың себебінің бірі-

А) генетикалық себеп В) экологиялық себеп С) анатомиялық-физиологиялық себеп

Д) этологиялық себеп Е) генетикалық оқшаулану

17.Көбінесе улы, жағымсыз иіс бөлетін және шағатын жәндіктерге тән белгі

А) қорғаныш рең В) жасырушы рең С) бөлшектену реңі Д) сақтандырушы рең

Е) еліктеуші рең
18. «Тышқандар кір киімнен пайда болады?»деген ғалым

А) Я. Б. Гельмонт В) С. Аррениус С) Ф. Реди Д) Г. Рихтер Е) Ф. Бэкон

19.Тіршіліктің өздігінен жаралу теориясы

А) биогенез В) витализм С) абиогенез Д) генезис Е) протобионт

20.Тірі ағзалардың біртіндеп көтерілу (градация) ұғымын енгізген ғалым

А) С.Миллер В) Ч.Дарвин С) Ж. Б. Ламарк Д) К. Линней Е) А. Н. Северцов

21.Сыртында жұқа су қабықшасы бар жоғары молекулалы жиынтық

А) коацерваттар В) протобионттар С) көмірсу Д) эукариоттар Е) нәруыз

22.Тіршіліктің табиғи теориясын тұжырымдады

А) Дж. Холдейн В) Дж. Тиндаль С) С. Миллер Д) Ч. Дарвин Е) А. Опарин

23.Палеозой кезеңі

А) неоген В) бор С) палеоген Д) девон Е) юра

24. Гомологиялық мүшелерге жатады

А) көбелек пен құстардың қанаттары

В) үйректұмсықтың жұмыртқа салуы С) балық пен өзеншаянының желбезектері

Д) көртышқан мен бұзаубастың аяқтары

Е) жарғанаттың қанаты мен тышқанның алдыңғы аяғы



25.Алғаш құс-көнеқұс пайда болады:

А) архей В) протерозой С) палеозой Д) мезозой Е) кайназой

Тест жауаптары 9 сынып Биология


І нұсқа

1.А 2.В 3.С 4. В 5.Д 6. А 7.Е 8.В 9.С 10.Д 11.А 12.В 13.С 14.Е 15.С 16.В 17.А 18.Д 19.А 20.С 21.В 22.В 23.А 24.Е 25.Д




ІІ нұсқа
1.А 2.В 3.В 4.В 5.С 6.Д 7.А 8.С 9.Е 10.В 11.Д 12.Е 13.С 14.А 15.А 16.В 17.Д 18.А 19. С 20.С 21.А 22.Е 23.Д 24.Е 25.Д
Каталог: uploads -> doc -> 07a0
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
07a0 -> Алматы қаласы білім басқармасы Департамент образования города Алматы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет