ТӘуассул аллаһҚа белгілі бір нәрсе арқылы жақындау



бет4/6
Дата11.01.2017
өлшемі0,77 Mb.
#7170
1   2   3   4   5   6

Жауап:

1. Бұл пайым таңқаларлық әрі өте ерсі! Егер ‘Умар шындығында да Пайғамбардың (құрметімен) дұға етіп жалбарыну шариғатпен заңдастырылған деп есептегенде, ол адамдар шөлден өлуге дейін жеткен, мал мен егін шөл мен аштықтан қырылып жатқан, адамдардың басына үлкен бір қасірет пен бақытсыздық келіп түскен осындай қиын-қыстау сәтте Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) құрметімен дұға жасауды ешбір жағдайда қалдырмас еді. Сонда олар ‘Умар осындай қайғылы жағдайда адамдармен ойнағысы келді деп айтқысы келегені ме? Өйткені әрбір ақыл-есі дұрыс адам қиын-қыстау жағдайда құтылудың ең сенімді себептеріне жүгінеді емес пе?!

2. Тіпті егер біз осы бір түрлі логикамен келіссек те, онда осы хадистің «құрғақшылық орын алған кезде» деген сөздерімен не істемекпіз?! Бұл сөздерде осындай жағдай бір ғана рет емес орын алғанына әрі әркез адамдар ‘Умарға, ал ол болса ‘Аббасқа баратынына айқын нұсқау бар ғой?! Егер де ‘Умар осының рұқсат етілгенін көрсеткісі келгенде ол осымен бірінші рет шектелер еді де, мұны үнемі қайталамас еді.

Олардың екінші жорамалы: ‘Умар осыда Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ол өзінің немере ағасына үнемі сый-сияпат көрсетеуінде ғана ілесті. Осыны растау үшін олар тура сол әз-Зубайр ибн Баккар «әл-Ансабта» келтіретін, онда Ибн ‘Умардың былай деп айтқаны туралы баяндалатын мына хадисті алға тартады: «’Умар ‘Аббасқа Күл жылы өзінің өтінішін айтты, содан соң ол адамдарға былай деді: «Ақиқатында, Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өз әкесіне не қалайтын болса, соны ‘Аббасқа да қалайтын. Ендеше, Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өнегесіне ілесіңдер, уа, адамдар, әрі оның көкесін Аллаһқа жақындаудың құралы етіп алыңдар!»



Жауап:

1. Бұл риуаят әлсіз (да’иф) әрі сахих емес (сенімсіз). Ол жеткізушілердің екі тізбегі (иснады) арқылы келеді. Олардың біріншісінде Дауд ибн ‘Ата әл-Мәдани бар, ал ол болса әлсіз жеткізуші болған, оның үстіне мухаддистер одан хадис жеткізуді тастаған. Ал екінші тізбектегі (иснадтағы) Са’ид ибн ‘Убайдуллаһ әл-Музани – белгісіз (мәжһул). Бұл тізбектер бір-бірін күшейте алмайды, өйткені бірінші жеткізушінің әлсіздігі өте салмақты, ал екіншісінің жағдайы тіпті мүлде белгісіз.

2. Тіпті осы риуаят сахих болғанда да, ол тек ‘Умардың не себепті басқа сахабалардың біреуін емес, дәл ‘Аббасты таңдағанын айқындап береді, әрі бұл риуаятта ‘Умар Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) құрметімен дұға еткенді қалдырып, ‘Аббастың құрметімен дұға еткені туралы бірде-бір сөз жоқ.

Олардың үшінші жорамалы - ‘Умар Аллаһқа Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) құрметімен жалбарынуға нұсқайтын кейбір хадистерді білмегеніне келіп түйіседі. Олар: «Ол сол хадистер туралы білгенде, ешбір жағдайда оның құрметімен жалбарынуды қалдырмайтын», - дейді.



Жауап:

1. Тіпті егер мұндай хадистер бар деп және ‘Умар олар туралы білмеген деп тұспалдағанның өзінде де, осының барлығына куә болған Мәдинадағы бүкіл сахабалар да оларды білмегені ме?! Егер сендер Аллаһқа Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) құрметі арқылы жалбарынып дұға ету Аллаһтың дінінде осындай маңызды орынға ие және шариғатпен орнатылған әрі пайдалы болса, онда не себептен ол туралы сол кезде болған сахабалардан ешкім білмеген де, ал сендер бұл туралы білесіңдер?»

2. Му’ауия ибн Аби Суфиян халифа болған тұсында құрғақшылық кезінде Дамаскіде адамдардың алдына шықты да, табиғиндердің бірі Язид ибн әл-Әсуад әл-Журашиге Аллаһтан жаңбыр сұрап дұға етуін сұрады. Бұл оқиға көптеген табиғиндер тірі кезде орын алған болатын. Сонда олар да, Дамаскіде жүріп сендер білген нәрселерді білмеді ме?! Тура осындай нәрсе Даххақ ибн Қайс сол Язидті бір басқа бір құрғақшылық жылында осы туралы сұрағаны туралы хабарда жеткізіледі. Бұл екі хабарды да Ибн ‘Асакир өзінің «Тарихында» 1/151/18 сенімді иснадтармен келтіреді.

6. Сонымен, сахабалар бірауызды түрде Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) құрметімен тәуассул жасауды қалдыруы оның шариғатпен заңдастырылмағандығына және бұл олардың ойына да кіріп шықпағандығына нұсқайды. Оны түрлі сопы тариқаттарының өкілдері сахабалардың қанағат еткен нәрселеріне қанағаттанбастан ойлап тапты.

Сопылардың осы дәлелсымақ дәйегіне берілген жауаптарды оқып шыққан соң, оқырман қарсылас тараптың өкілдері өз ұстанымдарын дәлелдеу үшін мына нәрселерді істеуге тырысуы қажет екенін қорытындылай алады:

1. ‘Умар бір рет қана емес, әркез осылай жасағанын жасыру.

2. ‘Умар Аллаһқа Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) құрметі арқылы жалбарынуды тастап, ‘Аббас арқылы жалбарынғаны бекерден-бекер емес екендігін дәлелдеу үшін ‘Умардың сөзі келтірілген әз-Зубәйр ибн әл-Баккардан жеткен риуаятты қолдану.

3. Хадиске «Аллаһқа жалбарыну бәрібір ‘Аббастың аты немесе құрметі арқылы орын алды» деген нұсқау енгізу.

Әрі оқырман осы нәрсенің олардың кітаптарында орын алғанын көрген кезінде, аң-таң болады.

Бұл хадисті «Тавассуль – мольба через посредничество в Исламе» («Тәуассул -Исламдағы дәнекерлік арқылы дұға жасау») кітабының авторы қалай келтіретініне қараңыз:

Бухари «Сахихта» Әнастан Умар ибн әл-Хаттаб (Аллаһ оған разы болсын): «Уа, Аллаһ! Біз Сенен Пайғамбарымыз Мухаммад (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) арқылы сұрайтын едік, ал енді біз Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) көкесі арқылы сұраймыз. Уа, Аллаһ бізге жаңбыр бере гөр!», - деп, Аббас ибн Абдулмутталибтің атымен8 көмек сұрағанын9 келтіреді.

Умар Ибн Хаттаб (Аллаһ оған разы болсын) «Күл жылында» адамдарға мынандай сөздер айтты: "Уа, адамдар! Ақиқатында, Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өз әкесіне нені қаласа, Аббасқа да соны қалайтын. Уа, адамдар, Аллаһтың Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оның көкесі Аббас арқылы ілесіңдер әрі оны Аллаһқа жақындау үшін дәнекер етіңдер. Сен сұра, я, Аббас»"10.

Ал енді «Истинное лицо ваххабизма» («Уаһһабиліктің шынайы жүзі») кітабында не деп жазылғанына қарайық:



«Бірде, салиқалы ‘Умардың халифалық тұсында құрғақшылық орын алды11... ал енді біз Мухаммадтың көкесіне12 тәуассул жасаймыз, бізге сол үшін13 жаңбыр бере гөр!»

Ендеше, осы екі кітаптың авторлары келісіп алғандай аудармада бірдей «қателер» жіберіп, хадисте болмаған бірдей қосымшалар енгізгеніне қараңыздаршы! Бұл қарсыластың ешқандай парықсыз емес екенін, олар тәуассул мәселесін өте жақсы қарап шыққанын және өздерінде дәлел жоқ екеніне, әрі оларға қасиетті мәтіндерді шеберлікпен түзетуден және оларға өздеріне тиімді болған нәрселерді енгізуден басқа еш нәрсе қалмағанына көзі жеткендерін көрсетеді. Егер оқырман әрі қарай оқуды жалғастырса, бұдан да таңқаларлық құбылыстарды көре алады.



2-дәйек:

Имам Ахмад ‘Усман ибн Ханифадан жақсы иснадпен бір зағип кісінің Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) келіп, былай дегенін жеткізеді: «Аллаһтан маған көру қабілетін қайта беруін сұраңызшы». Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оған: «Егер қаласаң, мен сен үшін Аллаһтан сұрайын, ал қаласаң, мұны істемей-ақ қоямын әрі бұл сен үшін жақсырақ», - деп жауап берді (басқа бір риуаятта: «Ал қаласаң, сабыр ет, әрі бұл сен үшін жақсырақ», - деп айтылады»). Әлгі адам: «Аллаһтан маған көру қабілетін қайтарып беруін сұраңыз», - деді. Сонда Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оған жақсылап дәрет алуды, содан соң екі ракағат намаз оқуды, содан кейін Аллаһқа мынандай дұғамен жалбарынуды бұйырды: «Уа, Аллаһ! Мен Сенен сұраймын және Саған мейірімділік пайғамбары болған Пайғамбарың Мухаммад (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) арқылы жалбарынамын. Уа, Мухаммад! Мен өзімнің осы мәселемді шешу үшін сен арқылы Раббыма жалбарындым. Я, Аллаһ! Оның мен үшін жасаған шапағатын қабыл ет, әрі менің ол үшін жасаған шапағатымды қабыл ет». ‘Усман: «Бұл адам тура осылай істеді де, содан кейін оған көру қабілеті қайта оралды», - деді (хадис жақсы (хасан); Ахмад 4/138; Тирмизи 4/281-282; Ибн Мәжаһ 1/418 т.б.).



Олардың қорытындысы: бұл хадисте Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) осы зағип кісіні Аллаһқа Мухаммад Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) аты және құрметі арқылы жалбарынуды үйретті, әрі ол осыны істеген соң, қайта көретін болды.

Ал біз бұл қорытындымен келіспейміз, өйткені бұл хадисте Аллаһқа Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) атымен, құрметімен және қақысымен жалбарынудың рұқсат етілгеніне ешқандай нұсқау жоқ, керісінше, бұл хадисте тәуассулдің үшінші түріне, яғни Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) дұғасы арқылы жасалатын тәуассулдің шариғатта заңды екеніне нұсқау бар. Біздің бұған дәлелдеріміз келесідей:

1. Бұл зағип кісі Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) келіп, оған: «Аллаһтан маған көру қабілетін қайта беруін сұраңызшы», - деді. Яғни ол үйінде отыра беріп, Аллаһтан Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) құрметі арқылы сұраған жоқ, ол оған келіп, Аллаһқа өзі үшін жалбарынуын сұрады.

2. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бұл адамға: «Егер қаласаң, мен сен үшін Аллаһтан сұрайын, ал қаласаң, мұны істемей-ақ қоямын, әрі бұл сен үшін жақсырақ», - деп, оған таңдау жасатқызды. Бұда Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оған егер ол қаласа, Аллаһқа дұға жасайтынын уәде еткеніне айқын нұсқау бар. Бұл адам шындығында да осыны қалады, әрі кім осы жерде: «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өз уәдесін орындамады», - деп айта алады?! Алайда, Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мұнымен шектелмеді де, шариғат тарапынан заңдастырылған тәуассулдің екінші түріне, яғни Аллаһқа өз игі амалдарың арқылы жалбарынуға нұсқады. Аталған жағдайда олар – дәрет алу және намаз оқу. Сондықтан да зағип кісіні емдеу үшін Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) екі амал істегені ап-айқын-ақ:

1. Өзі ол үшін Аллаһтан сұрады (мұны әлгі зағип кісі қалағанындай).

2. Оған ғибадаттың кейбір түрлерін жасап, содан соң Аллаһқа өзі дұға етіп жалбарынуды үйретті.

3. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оған: «Әрі оның мен үшін жасаған шапағатын қабыл ет», - деп айтуға үйретті. Осы үзіндіден Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Аллаһтың алдында бұл зағип үшін шапағат еткені айқын болып тұр, әйтпесе қалайша Аллаһ болмаған нәрсені қабыл етеді?!

4. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оған сондай-ақ: «... және менің ол үшін жасаған шапағатымды қабыл ет», - деп айтуды үйретті.

Бұл үзінді «Менің «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мен үшін жасаған дұғасын қабыл ет» деген дұғамды қабыл ет» дегенді білдіреді. Бұл сондай-ақ Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Аллаһқа зағип кісімен бір мезгілде Аллаһқа дұға етіп жалбарынғанына айқын нұсқап тұр.

5. Егер зағиптың емделуінің сыры оның Аллаһқа Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) құрметі арқылы жалбарынуында болғанда, онда ол секілді көру қабілетіне қайта ие болғандар өте көп болар еді. Өйткені Аллаһтан Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) құрметі мен қақысы арқылы сұраудан оңай нәрсе жоқ қой. Көптеген бидғатшылар осыған басқа пайғамбарлардың да құрметін қосады, алайда біз олардың көру қабілетіне қайта ие болғандарын көріп жатқан жоқпыз. Ал тіпті Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) көзі тірісінде де зағип сахабалар көп еді ғой, мысалы, ‘Итбан ибн Мәлик және Ибн Умм Мәктум, сондай-ақ Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қайтыс болғанынан кейін де Ибн ‘Аббас пен Жәбир ибн ‘Абдилләһ та зағип болды. Ендеше, неліктен олар Аллаһқа Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) құрметімен жалбарынбады?!

6. Ғалымдар бұл хадисті Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мұғжизалары туралы кітаптарда келтіретін, мысалы, имам әл-Байһақи «Дәләил ән-Нубуа» («Пайғамбарлықтың дәлелдері») кітабында. Бұл Ислам ғалымдарының сопылардан айырықша бұл хадисті зағип кісі үшін Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) дұға еткеннен кейін ол көре алатын болды деп түсінгенін білдіреді.

Осы алты тармақта көрсетілгеннің барлығы әлгі зағиптың: «Уа, Аллаһ! Мен Саған мейірімділік пайғамбары болған Пайғамбарың Мухаммад (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) арқылы жалбарынамын», - деп айтқан сөздері «Мен Саған Пайғамбарыңның (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Сенің алдыңда мен үшін дұға арқылы шапағат етіп тұрғанымен жалбарынамын» дегенді білдіреді. Бірақ оның сөздері ешқандай да «Мен Саған Пайғамбарыңның (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) құрметі мен қақысы арқылы жалбарынамын» дегенді білдірмейді.

Қарсылас тараптың өкілдері тәуассул мәселесін жақсылап зерттеп оқығаннан кейін және бұл хадисте оларды жақтайтын дәлел жоқ екенін түсінген соң, олар өздерінің жалған ұстанымын бекіту үшін бұл хадисті «аздап» өздеріне ыңғайластырып түзету керек деп шешті. «Құрметті» оқырмандарының ешқайсысы араб тілін білмейтіні әрі өздерінің жетекшілерінің шыншылдығын тексермейтіні оларға тіпті жақсы болды.

Сонымен, олар келесі нәрселерді істеу керектігін түсінді:

1. Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) әлгі кісіге: «Егер қаласаң, мен сен үшін Аллаһтан сұраймын», - деп айтқан сөздері мен зағиптың: «Аллаһтан маған көру қабілетін қайта беруін сұраңызшы», - деген сөздерін түсіріп тастау немесе өзгерту керек.

2. «Уа, Аллаһ! Оның мен үшін жасаған шапағатын қабыл ет» деген сөздерді түсіріп тастау немесе өзгерту керек.

3. «Әрі менің ол үшін жасаған шапағатымды қабыл ет» деген үзіндіні түсіріп тастау не өзгерту керек.

4. Әрі, әрине, олардың ұстанымын шүбәсіз дәлелдеу үшін, бір нәрсе қоса салу жаман болмас еді.

Ендеше, біздің шебер авторларымыз бұл хадисті қалай келтіретінін қарайықшы:

1. «Тавассуль - мольба через посредничество в Исламе» кітабы.



"Усман ибн Ханиф (Аллаһ оған разы болсын) былай деп жеткізген: «Мен Аллаһтың Елшісінен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оған бір зағип келіп, өзінің дертіне шағымданып былай дегенін естігенмін: «Уа, Пайғамбар (саған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын), мен зағиппын, мені жетектеп жүретін адамым да жоқ, маған өте қиын»14. (Сонда) ол оған: «Бар да, дәрет ал, содан соң екі ракағат намаз орындап, мынаны оқы15: «Уа, Аллаһ, мен Сенен сұраймын және Саған мейірімділік пайғамбары болған Пайғамбарың Мухаммад (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) арқылы жалбарынамын. Уа, Мухаммад, мен сен арқылы сенің Раббыңа Ол мені көретін етсін деп жалбарынамын. Уа, Аллаһ, оны мен үшін шапағатшы ете гөр16 және мені өзім үшін шапағатшы ет17». Әрі қарай Усман (Аллаһ оған разы болсын) былай дейді: «Аллаһпен ант етемін, біз әлі тарап үлгермей-ақ бұл кісі қайтып келді, әрі ол ешқашан зағип болмағандай кейіпте еді». Хаким былай деген: «Бұл хадистің иснады сенімді»18. Сондай-ақ Зәһаби де бұл хадисті сенімді (сахих) деп атаған19 (1-том, 519-бет)" 20.

Енді бұл хадисті Н. Шейхмардани «Истинное лицо ваххабизма» кітабында қалай келтіргеніне қарайық:

«Зағип кісімен орын алған атақты уақиға...21 Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оған: «Егер қаласаң - мен дұға етемін, бірақ қаласаң – сабыр ет, әрі бұл сен үшін жақсырақ», - деді. Зағип көруді қалайтынын айтты...22 «Уа, Аллаһ, Сенің Пайғамбарыңның (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жоғары мәртебесі үшін сұраймын23...Уа, Аллаһ! Оны менің шапағатшым ет!»24...»

Сондай-ақ, осы жерде бұл хадистің екі әлсіз сенімсіз қосымшалары бар екенін атап кету қажет, жүрегінде дерті барлар оларды да дәйек етеді.

1. Абу Бакр ибн Аби Хайсама «Тарихта» хадистің негізгі оқиғасына «Әрі келесі жолы тағы да саған бір нәрсе керек болып жатса, осылай істе» деген қосымшаны келтіреді.

Сопылар осы қосымшаны дәйек етеді де, одан келесідей қорытынды шығарады: Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оған осы дұғаны үйретті әрі болашақта ол осындай бір қиындыққа жолықса, тура осылай істеуді, яғни тағы да Аллаһқа осы дұғамен жалбарынуды әрі содан соң оның проблемасы шешілетінін ескертті. Осыдан шыға келе, олар Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) дұға еткен болса да, оның дұғасы шешуші маңызға ие емес еді, әрі келесі жолы Пайғамбарсыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) және оның дұға етуінсіз амалдауға болады деген қорытынды шығарады. Нәтижесінде бұл оқиғада тәуассул Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) дұғасы арқылы емес, оның құрметі арқылы жасалған болып шығады.



Жауап:

1. Біз жоғарыда келтірген дәлелдерде зағип кісінің Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) дұғасы арқылы тәуассул жасағандығына айқын және бұлтартпас дәйектер бар, әрі мұны хадистен кейбір сөздерді алып тастаудан басқа жолмен теріске шығару мүмкін емес. Ал осы қосымшаға келер болсақ, онда тіпті ол сенімді болғанның өзінде де (ал бұл олай емес), онда сопылар шығаратын қорытындыға орын жоқ. Өйткені «тура осылай істе» деген сөздерде тура бірінші реттегідей нәрселер, яғни Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) келу және одан Аллаһқа дұға етіп жалбарынуды сұрау нұсқалып тұр. Әрі бұл қосымшада Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) дұғасынсыз амалдауға болады дегенге нұсқау жоқ.

2. Бұл - егер осы қосымша сенімді болған жағдайда ол нені білдіретіні, ал егер бұл қосымша сенімсіз болса, онда не айтуға болмақ?! Бұл хадистің жеткізу тізбегінде Хаммад ибн Зәйд деген кісі бар. Оның өмірінің соңында есте сақтау қабілеті бұзылған, бұған қоса ол осы қосымшасымен хадис ілімінде мүміндердің әмірі болған және осы қосымшаны арнап келтірмеген Шу’ба ибн Хәжажға қайшы келеді. Хадистану ғылымының ережелері бойынша, егер жеткізуші, тіпті ол хадисте күшті және бекем болса да, өзінің қосымшасымен одан күштірек жеткізушіге қайшы келсе, онда оның қосымшасы қабыл алынбайтын (шазз) және сенімсіз деп саналады.

2. ‘Усман ибн Ханиф бір адам үнемі ‘Усман ибн ‘Аффанға25 өз мәселесін шешіп беруді сұрап келетінін, бірақ ‘Усман оған көңіл бөлмейтінін және оның мәселесін шешіп бермейтінін баяндаған. Содан кейін әлгі адам ‘Усмана ибн Ханифты кездестіріп, оған осы жайлы шағымданады. Сонда ‘Усман ибн Ханиф оған былай дейді: «Дәрет ал да, кейін мешітке барып, сонда екі ракағат намаз оқы. Содан соң: «Уа, Аллаһ! Мен сенен сұраймын және Саған мейірімділік пайғамбары - Пайғамбарың Мухаммад (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) арқылы жалбарынамын. Уа, Мухаммад, мен мәселемді шешіп беру үшін Сенің Раббыңа сен арқылы жалбарындым», - деп айт. Кейін өз қажеттілігіңді айт та, содан соң маған кел, сосын біз екеуміз (әмірге) барамыз». Әлгі адам тура осылай істеді, содан соң ол ‘Усман ибн ’Аффанның есігінің алдына келген бойдан, жанына қызметші шығып, оны ‘Усманға жетектеп алып барды да, оның алдындағы төсеніштің үстіне отырғызды. ‘Усман ибн ‘Аффан одан: «Қандай мәселең бар?», - деді. Әлгі адам оған өзінің шаруасын айтып еді, ‘Усман оны шешіп берді. Содан соң ‘Усман ибн ‘Аффан: «Мен сенің өтінішің жайлы мүлде ұмытып кетіппін әрі ол тек қазір ғана менің есіме түсті. Осыдан кейін де сенде қандай мәселе туындап жатса, бірден маған келе бер», - деді. Сонда әлгі адам әмірдің құзырынан шығып, ‘Усман ибн Ханифаны кездестіреді де, оған былай дейді: «Аллаһ саған игілігімен қайырсын! Сен әмірмен мен туралы сөйлескеніңе дейін ол маған көңіл бөлмейтін әрі менің мәселемді шешіп бермейтін». Сонда ‘Усман ибн Ханиф былай деген екен: «Аллаһпен ант етемін, мен онымен (сен туралы) сөйлеспедім, бірақ мен Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бір зағип кісі келіп, оған өзінің соқырлығын айтып шағымданғанын көргенмін. Сонда Елші (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оған: «Бәлкім сен сабыр етерсің?», - деді. Бұған зағип: «Уа, Аллаһтың Елшісі (саған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)! Ақиқатында, менің жетектеп жүретін адамым жоқ әрі зағиптық менің өмірімді қатты қиындатып жатыр», - деп жауап берді. Сонда Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оған: «Дәрет ал да, содан соң екі ракағат намаз оқы, ал содан кейін Аллаһқа мына дұға арқылы жалбарын», - деді». ‘Усман ибн Ханиф былай деп жалғастырды: «Әрі Аллаһпен ант етемін, біз тіпті тарап үлгермей-ақ, бұл зағип бізге көретін болып кіріп келді әрі ол ешқашан зағип болмағандай күйде еді». Бұл риуаятты ат-Табарани «әс-Сағирда» 103-104-бет, және «әл-Кәбирде» 3/2/1/1-2 келтіреді.



Олардың бұл риуаттан шығаратын қорытындысы: ‘Усман ибн Ханиф Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қайтыс болып кеткеніне қарамастан, бұл адамға осы дұғаны үйретті, демек, маңыздысы - Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) адам үшін жасайтын дұғасы емес, алайда адамның Аллаһқа дәл Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) арқылы жалбарынуы.

Жауап:

  1. Бұл риуаят сенімсіз (сахих емес). Оның иснадында Шәбиб ибн Са’ид атты кісі бар. Одан Ибн Уахб жеткізетін хадистер, бұл туралы Ибн ‘Ади «әл-Камилде» айтатынындай, қайтарылатын және сенімді емес болып табылады. Ал бұл риуаят тура сол, яғни Шәбибтен Ибн Уахб жеткізілетін риуаят болып табылады.

2. Сондай-ақ оның әлсіздігіне салиқалы халиф ‘Усман ибн ‘Аффан қарапайым, кішіпейіл, адамдарға әділ болуына қарамастан «Бұл адамға көңіл бөлмеді» деген сөздер де нұсқайды.

Дәл сондықтан да «Тәуассул» кітабының авторы осы келеңсіз жайтты жұмсақтау етіп көрсетуге тырысып, бұл әлсіз хадисті былай келтіреді: «Ал Усман, объективті себептермен, оған көңіл бөле алмайтын және оны тыңдай алмайтын». «Объективті себептермен» деген сөздер хадисте жоқ, бірақ бұл арамза автор егер ол осы хадисті тура өзіндей етіп аударса, оның әлсіздігі оқырман үшін айқын болып қалатынын түсініп, өзінің «айрықша зерек ойынан» шығарған осы сөздерді қоса салды.

Сондай-ақ өз атын атамаған осы автордың қылмыстарына оның хадисте нұсқалған дұғаны келесідей етіп аударғаны да жатады: «Уа, Мухаммад! Мен Сенің Раббыңа Ол маған осы шаруама көмектесуін сұрап, сен арқылы жалбарынамын, (Оның алдында) менің қажетімді атап айт...»

«Оның алдында менің қажетімді атап айт» деген сөздер «Мен Сенің Раббыңа өз мәселемді шешу үшін сен арқылы жалбарындым» деген сөздерді өзгерту арқылы жасалған. Бұл сөздермен біздің белгісіз авторымыз не айтқысы келді екен?! Ол осынысымен: “Тіпті Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қайтыс болса да, оған: «Оның алдында менің қажетімді атап айт», - деп дұға етуге болады әрі осылай істеу керек!”, - деп айтқысы келді. Ал бұл енді жай шариғатпен заңдастырылмаған тәуассул ғана емес, бұл келесі сатыға, яғни қайтыс болған адамның өзіне, ол сұраушыға Аллаһтың алдында шапағатшы болуы үшін, дұға етіп жалбарыну. Бұл жай ғана бидғат емес, бұл - біз олардың иконалар алдында айтатын дұғаларынның үлгісін жоғарыда келтірген христиандардың жасайтын көпқұдайшылығындай көпқұдайшылық.

Сонымен, жоғарыда айтылғандардың барлығынан біз олардың екінші дәлелі олардың қосымшаларымен бірге олардың сенімдерін қолдау үшін жарамсыз екенін, мұның үстіне ол тәуссулдің шариғи тұрғыдан заңдастырылған түрлерін растайтын тағы да бір дәлел екенін түсіндік.



Каталог: data
data -> Шындалиева М. Б
data -> Бейсенбай Кенжебаев алаш туы астында (мақалалар мен зерттеулер)
data -> Шығыс Қазақстан облысының Семей аймағында 2013 жылы аталып өтілетін және еске алынатын
data -> Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапхана
data -> М. Б. Шындалиева Филология ғылымдарының докторы, профессор
data -> Олжабай Нұралыұлының шығармашылық мұрасы хаһында
data -> Оқулық Астана, 2012 Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
data -> Қазақ очеркі
data -> «Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапхана
data -> «Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапхана


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет