ТӘуассул аллаһҚа белгілі бір нәрсе арқылы жақындау



бет5/6
Дата11.01.2017
өлшемі0,77 Mb.
#7170
1   2   3   4   5   6

3-дәйек.

Әнас ибн Мәлик былай деп баяндайтын: «‘Али ибн Аби Талибтың анасы – Фатима бинт Әсад ибн Хашим қайтыс болған кезде, адамдар оның қабірін қазу үшін Усама ибн Зәйдті, Абу Айюб әл-Ансариді, ‘Умар ибн әл-Хаттабты және бір қара нәсілді құлды шақырды. Олар біткен кезде, Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қабірге түсті де, оның ішіне жатып, былай деді: «Уа, Аллаһ! Сен Өлтірушісің әрі Тірілтушісін, ал Өзің Тірісің және өлмейсің. Менің анам Фатыма бинт Әсадты кешір, және оған оның дәлелін үйрет әрі оның қабірін кеңейт. Сенен Пайғамбарыңның, сондай-ақ маған дейін өткен пайғамбарлардың қақысымен сұраймын, өйткені Сен рахымдылардан ең Рахымдысың» (хадис әлсіз; әт-Табарани «әл-Кабирде» 24/351-352, сондай-ақ «әл-Әусатта» 1/152-153; Абу Ну’айм «әл-Хилияда» 3/12 келтірген; қз.: «әд-Да’ифа» № 23).



Олардың тұжырымы: бұл хадисте Пайғамбардан (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жеткен, ол Аллаһтан өзінің қақысымен және өзге пайғамбарлардың қақысымен сұрағандығы жайлы нұсқау бар.

Жауап:

Бұл хадис әлсіз және сенімсіз (сахих емес). Оның иснадында кей жағдайларда жеткізушілерге қатысты өздерінің таңқаларлық босаңдық жасауымен танылған Ибн Хиббан мен әл-Хакимнен басқа барлық мухаддистердің бірауызды келісілген пікірі бойынша әлсіз жеткізуші болып табылатын Раух ибн Саләх бар. Абу Ну’айм бұл хадисті келтіріп, оны нығайтатын өзге тізбектер немесе қолдайтын хадистер жоқ екендігін айтқан.

Осыдан шыға келе, бұл хадис жаратылыстардың қақысы мен құрметі арқылы тәуассул жасауды заңдастыруға дәлел бола алмайды. Дәл сондықтан да қарсылас тараптың өкілдері бұл хадистің мәтіні олардың жалған тәуассулінің заңдастырылғанына айқын болғанына қарамастан, оны өздерінің ең алғашқы дәлелі етпеді.

Ал олардың «Тавассуль – мольба через посредничество в Исламе» атты кітабына келер болсақ, олар бұл хадисті оның сенімді емес екенін нұсқамастан келтірді, мұның үстіне, олар бұл хадисті: «Әрі Фатима қайтыс болған кезде ... белгілі», - деп келітіріп, бұл оқиға нақты орын алғанындай және ол танымал болғандай етіп көрсетті!!!



4-Дәйек.

‘Умар ибн әл-Хаттаб Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін баяндаған: “Адам өзінің күнәсін жасағаннан кейін: «Уа, Раббым! Мен Сенен Мухаммадтың қақысымен мені кешіруіңді сұраймын!”, - деп айтқан. Сонда Аллаһ Тағала оған: «Әй, Адам! Мен Мухаммадты әлі жаратпаған болсам, Сен оны қайдан танисың?!», - деді. Ол: «Уа, Раббым! Сен мені Өз Қолыңмен жаратқанда және маған Өзіңнен бір рух үрлеген кезіңде, мен басымды көтердім де, Сенің Аршыңның тіреуіштерінде «Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ, Мухаммад – Аллаһтың елшісі» деп жазылғанын көрдім. Сонда мен Сен өзіңнің Есіміңнің жанына тек ең жақсы көретін жаратылысыңды қосып жазып қоятыныңды түсіндім», - деп жауап берді. Сонда Аллаһ Тағала: «Мен сені кешірдім. Әрі егер Мухаммад болмағанда, Мен сені мүлде жаратпас едім», - деді» (хадис өтірік; әл-Хаким 2/615). Хакимнің өзі хадисті сахих деген, бірақ имам әз-Заһаби оны тексеру барысында былай деп айтқан: «Жоқ, керісінше, бұл өтірік, ойдан тоқылған хадис. Оның иснадындағы ‘Абдур-Рахман (ибн Зәйд ибн Асләм) – өте әлсіз, сондай-ақ ‘Абдуллаһ ибн Муслим әл-Фихрий – оны мен білмеймін».

‘Абдуррахман ибн Зәйд ибн Асләм жай әлсіз жеткізуші ғана емес, ол сондай-ақ хадистерді ойдан шығарушылықта айыпталған. Айтпақшы, Хакимнің өзі де «әл-Мәдхәл» (1/180) кітабында былай деген: «‘Абдур-Рахман ибн Зәйд ибн Асләм өз әкесінен өтірік хадистер жеткізеді. Кім олар туралы ой қозғаса, олардың өтіріктігі дәл сол ‘Абдуррахманнан шығатынына көзі жетеді». Сондай-ақ Хаким оны өзінің «әд-Ду’афа» кітабында келтірген, әрі сол кітапта былай деген: «Мен осы кітабымда келтірген адамдардың барлығы, олардан хадистер жеткізуге рұқсат етілмейді». Осы айтылғанның барлығынан Хаким бұл хадис туралы шешім шығарған кезінде қателікке жол бергені түсінікті болады.

Сондай-ақ хабардың иснадында белгісіз болған ‘Абдуллаһ ибн Муслим әл-Фихрий бар. Сондай-ақ бұл хадистің имам әт-Табарани келтіретін басқа иснады да бар, бірақ оның иснадында бірден үш белгісіз жеткізушілер бар. Оның үстіне онда осы ‘Абдуррахман ибн Зәйд ибн Асләм да бар, ал оның өзінің болуы хадисті әлсіз және өте әлсіз деп айту үшін жетіп асады.

Ал енді «біздің» авторларға келейік:

1. «Тәуассул» кітабында бұл хадис, әрине, аталады, бірақ оның әлсіз екендігінің ешқандай түсіндірмесі келтірілмейді. Бұдан қалса, автор осы хадиске «Сен дұрыс айттың, әй, Адам! Ақиқатында, ол жаратылыстардың ішіндегі ең сүйіктісі, Менен оның атымен сұра!» деген еш жерде жоқ қосымшаны енгізіп қойыпты. Сондай-ақ осы хадисті келтіріп, «біздің» белгісіз болып қалуды қалаған авторымыз «‘Абдуллаһ ибн Муслим әл-Фихрий деудің орнына «...‘Абдуллаһ ибн Муслим Фихрийден» деп, қателескен. Осыған қарағанда, бұл өтірікшіл кітаптың авторы қатты асыққан көрінеді, бірақ бұл оған хадистерге асығыс қолмен түрлі елде жоқ қосымшаларды қосып отыруына кедергі болмапты!

2. «Истинное лицо ваххабизма» кітабында оның «ақиқат үшін күресуші» авторы осы өтірік хадисті келтіріп, ешбір ұялусыз былай деп мәлімдеме жасайды: «Бірақ уаһһабилер бұл тәуассулді мойындамайды да, оны ойдан шығарылған нәрсе дейді». Бұл «Егер сіз осыны өтірік және ойдан шығарылған сөз дейтіндерді көрсеңдер, олардың уаһһабилер екеніне күмәнданбай-ақ қойсаңыз болады» дегенді білдіреді! Міне, бүгінгі күні осылайша уаһһаби болып қалу да қиын емес, бұдан имам әз-Зәһаби де құтыла алмады!!!

5-Дәйек

Әбул-Жәуза Аус ибн ‘Абдилләһ былай баяндайтын: «Бірде Мәдинада өте қатты қуаңшылық орын алды. Адамдар ‘Аишаға шағымданғанда, ол: «Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қабіріне барыңдар да, оның үстіндегі шатырда тесік жасаңдар, онымен аспанның арасында бөгет болмасын». Олар осылай істегеннен кейін сондай бір нөсер жауды, түйелер содан өскен шөпті жеп семіргені соншалық, тіпті семіздіктен жарыла бастады. Бұл жылды тіпті «Жарылу жылы» деп те атады (хадис әлсіз; әд-Дарими «Сунанда» 1/43).

Бұл хадис екі себептен әлсіз болып табылады:

1. Оның жеткізушілерінің тізбегінде Са’ид ибн Зәйд бар – ал оның хадистерінде әлсіздік бар.

2. Абу Ну’ман Мухаммад ибн Фәдл деген жеткізуші де бар, ал оның есте сақтау қабілеті нашарлады және ол хадистерде шатасатын болды. Әрі ол өз хадистерін есте сақтау қабілеті нашарлағаннан кейін жеткізді ме, әлде одан бұрын ба – бұл белгісіз.

Сондай-ақ бұл хадистің әлсіздігіне Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қабірінің үстінде ‘Аишаның кезінде ешқандай шатыр болмағаны нұсқайды, бұған ешқандай келіспеушіліктер жоқ, әрі бұл туралы хадис Муслимнің «Сахихында» келтіріледі.



6 – Дәйек.

Осы хадистерді өздерінің кітаптарында келтіріп кеткен соң, олар сондай-ақ келесі хадисті де келтіреді. Алайда, олардың бұл хадисті келтірудегі мақсаты осыдан бұрынғы хадистерді келтіргендегі мақсаттан мүлде өзгеше. ‘Умардың қоймасына жауапты болған Мәлик әд-Дар былай деп баяндайтын: “‘Умардың кезінде адамдардың басына қуаңшылық келіп түсті. Сонда бір адам Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қабіріне барды да: «Уа, Аллаһтың Елшісі! Өзіңнің үмметін үшін жаңбыр сұрашы, ақиқатында, олар опат болудың аузында тұр!», - деді. Содан соң бұл адам түс көреді де, түсінде оған: «‘Умарға бар...», - деп айтылады. Әрі Сәйф ибн ‘Умар әлгі адам Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сахабасы Биләл ибн әл-Харис әл-Музани болғанын хабарлаған”.

Хафиз ибн Хәжар «әл-Фатх әл-Бәриде» 2/397 бұл хадисті Ибн Аби Шәйба Абу Салих әс-Самманға дейінгі сенімді иснадпен жеткізеді деген.

Осы жерде оқырманның назарын бір өте маңызды жайтқа бұру қажет: осы өтірікші кітаптардың авторлары бар өтірік-шындықтарын пайдаланып жаратылыстардың құқықтары мен құрметі арқылы жасалатын шариғи тұрғыдан заңсыз тәуассулді дәлелдеуге талпыныс жасаған соң, олар көпқұдайшылықты енгізудің тоғызыншы сатысына байқаусыз өтіп кетуге талпынып, қабірде жатқан қайтыс болған адамға ол Аллаһтың алдында осы жалбарынып жатқан адам үшін шапағат жасауын сұрап жалбарынудың шариғатта заңдастырылғанын және рұқсат етілгенін дәлелдеуге кірісті. Ал бұл енді үлкен (діннен шығарып жіберетін) көпқұдайшылық.

Шейхул-Ислам былай деген екен: “Пайғамбар Мухаммад та (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын), оған дейінгі пайғамбарлар да адамдар үшін періштелерге, пайғамбарлар мен салиқалы адамдарға, олар қайтыс болғаннан кейін де, өздері жоқ кезде де, дұға тілектермен жалбарынуды және олардан Аллаһтың алдында шапағатшы болуды сұрауды заңдастырмаған. Сондықтан да ешкім: «Уа, Аллаһтың періштелері, мен үшін Аллаһтың алдында шапағатшы болыңдаршы, біз үшін Аллаһтан Ол бізге көмектесуін, немесе бізді ризықтандыруын, немесе тура жолмен жүргізуін сұраңдар», - деп айтпасын. Тура сол сияқты, қайтыс болған пайғамбарлар мен салиқалы кісілерге де (әулиелерге): «Уа, Аллаһтың Пайғамбары! Уа, Аллаһтың әулиесі! Мен үшін Аллаһқа дұға етші, Аллаһтан мені кешіруін сұрашы», - деп айтуға да болмайды. Сондай-ақ: «Мен саған өзімнің күнәларым, немесе ризығымның азаюына, немесе дұшпанның басып кіруіне, немесе маған жәбір-қысым көрсетіп жатқан пәленге шағымданамын», - деген сияқты сөздер кітап иелері мен мұсылмандардың дінге енгізген жаңалықтарынан (бидғаттарынан). Мұны христиандар өз шіркеулерінде және мұсылмандардың ішіндегі бидғатшылар пайғамбарлар мен әулиелердің қабірлерінде, немесе олар жоқ кезінде істеп жатқандарындай. Мұның барлығының өтірік екендігі ап-айқын әрі Ислам дінінің қағидаларынан белгілі-ақ, сондай-ақ мұсылмандардан да шүбәсіз жеткізіледі. Олар Мухаммад Пайғамбар да (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын), оған дейінгі пайғамбарлар да мұны заңдастырмағанына әрі мұндайды сахабалар мен олардың ізбасарларынан ешкім істемегеніне бірауызды келіскен. Әрі мұны мұсылмандардың бірде-бір имамы да, атақты төрт мәзһаб имамдарының ешқайсысы да мақұлданатын іс деп айтпаған». Қз.: «Қа’ида жәлилә» 53-60 тармақ, азғантай қысқартулармен.

Сондай-ақ шейхул-Ислам былай деген: «Періштелерге, пайғамбарлар мен әулиелерге олар қайтыс болғаннан кейін немесе жоқ кезінде жалбарынудың барлық түрлері, сондай-ақ олардың бейнелері мен мүсіндеріне жалбарыну – көпқұдайшылықтың ең үлкен түрлерінің бірі болып табылады. Көпқұдайшылықтың бұл түрі көпқұдайшылықты және Аллаһ Тағала заңдастырмаған түрлі құлшылық-ғибадаттарды ойларынан шығарған Кітап иелерінен болмаған көпқұдайшылдарда, сондай-ақ Кітап иелерінен және мұсылмандардан болған бидғатшыларда бар». Қз.: «Қа’ида жәлилә» 304-305 тармақтар.

Біз осыдан бұрын айтып өткеніміздей, олар жаратылыстардың құрметі және қақысымен тәуассул жасауды дәлелдеуде бір-ақ мақсатты көздейді: оның шариғатта заңдастырылған деп бекітіп, келесі сатыға көзге көрінбей өтіп кету. Дәл сондықтан да біз осы тарауда олардың дәлелдерімен тек үстіртін ғана танысып қоймадық. Әрі қадірменді оқырманымыз көріп тұрғанындай, олардың өлген адамдардың өздеріне жалбарынуды дәлелдеуге көшуі біздің сөздерімізді растауда. Ал бұл жердегі көрінбей өтушілік олардың осыны тәуассул тарауының шеңберінен шықпай істеуінде, әрі осыны мүлде көпқұдайшылық емес, керісінше, зандастырылған тәуассулдің нағыз өзі деп сендіруге талпынуында байқалып тұр. Әрі олар осының барлығын тәуассул туралы кітапта жасады. Әрі осының барлығының растауы ретінде олардың «Тавассуль – мольба через посредничество в Исламе» кітабының соңында біз «Өлген адамдармен тәуассул жасауға болатындығы туралы» тарауын көреміз. Осымен олар оқырманды өлген адамдарға жалбарыну - бұл тура сол тәуассул деп сендіргісі келеді. Алайда олардың олақ айлалары Аллаһтың рұқсатымен жетістікке жетпейді.

Аллаһ былай деді: «Расында, олардан бұрынғылар да айлакерлік істеген. Сондықтан Аллаһ олардың құрылыстарының іргетастарынан келіп, төбесі жоғарыдан үстеріне құлады. Сондай-ақ оларға аңғармаған жерден апат келді» («ән-Нәхл» сүресі, 16:26).

Ол тағы да былай деп айтты: «Расында, бұлар да, бұлардан бұрынғылар да мекерлік қылған. Дегенмен, барлық шаралар Аллаһқа тән. Аллаһ әркімнің не істегенін біледі. Қарсы болушылар жақында соңғы дүние кімнің үлесіне тиетінін біледі» («әр-Рағд» сүресі, 13:42).

Сондай-ақ Ол: «Олар айлакерлік істеді, Аллаһ та амалын тапты. Аллаһ тәсілшілердің ең жақсысы» («Әли Имран» сүресі, 3:54).

Ал олардың дәлеліне келер болсақ, оған жауап келесідей болмақ:

Мәлик әд-Дар – белгісіз. Сол себепті бұл хадис әлсіз болады. Әлгі адамның аты Біләл ибн әл-Харис деп аталған сол риуаятта Сәйф ибн ‘Умар әт-Тамими деген жеткізуші бар – мухаддистер оның әлсіздігіне бірауыздан келіскен. Оның үстіне Ибн Хиббан ол туралы: «Ол хадистерді ойдан тоқитын», - деп айтқан.

Ал «Тавассуль» кітабына келер болсақ, оның авторлары бұл хадисті келесідей үлгіде келтірген:

Ал Бухари болса мынандай әңгімені келтіреді26: «Бірде27, ‘Умардың билік құру тұсында, адамдардың басына қуаңшылық түскенде, бір кісі Елшінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қабіріне келді де, былай деді: «Уа, Пайғамбар! Аллаһтан ізбасарларыңа жаңбыр беруін сұрап дұға ет! Олар опат болудың аузында». Содан соң ол түсінде Елшінінің28 оған: «‘Умарға бар да, оған менен сәлем айтып, жаңбыр болатынын хабарла, содан соң оған: «Епті және тапқыр бол», - де», - деп айтқанын көрді. ‘Умар осыны естіген кезінде: «Уа,, Аллаһ! Мен бар күш-жігерімді саламын», - деді. Бұл адам Елшінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) азаншысы Біләл болатын29”.

Олардың біз келтірген дәлелдері олардың кітаптарында едәуір таралған, әрі қарсылас тараптың қолында бар нәрселердің ең күштілері осы. Олардың басқа дәлелдеріне келер болсақ, олардың жалғандығы, әлсіздігі мен парықсыздығы ап-айқын, оларға жауап беру үшін бұл бөлімді созып отырудың қажеті де жоқ.

7-Бөлім. Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) құрметімен тәуассулді теріске шығару Пайғамбардың өзінің құрметің және оған деген құрметті теріске шығаруды білдірмейді

Көпқұдайшылық пен бидғаттарды таратушылардың тәсілдерінің бірі олар бірқұдайшылық пен Сүннетті жақтаушыларды адамдарға барынша жаман кейіпте көрсетуге бар күш-қайраттарын салатынында көрініс табады. Өйткені олар ақиқаттың жақтаушыларымен дәлел келтіруде және өз ұстанымын Құран мен Сүннеттен алынған білімнің негізінде тартысуға шамасы келмейді. Ғылыми пікір-сайыста масқара болып жеңілгеннен кейін, оларға күш көрсетіп қорқытудан әрі сонымен бірге олардың ұстанымына келіспеушілігін білдіруге батылы жеткеннің кез-келгеніне күйе жағудан басқа еш нәрсе қалмайды.

Ханафи мәзһабының үлкен имамдарының бірі – имам әл-Бәрқауи (981 һ/ж) осы жайтты түсіндіріп былай деген: «Ең ұлы бүлік – бұл қабірге сиынушылардың бүлігі, әрі ол, сахабалар мен олардың ізбасарларының айтқанындай, пұтқа табынушылардың дінінің негізі болып табылады. Шайтан оларға белгілі бір ұлы адамның қабірін көрсетеді, содан соң бұл қабір Аллаһпен қатар құлшылық етілетін пұтқа айналады. Кейін шайтан өзінің ізбасарларын «кім осы әулиеге сиынуға және оның қабірінің басына үнемі жиналуға және оны пұтқа айналдыруға тыйым салса, сол осы әулиені қорлаған және оның құқығын құрметтемеген болады» деген сенімге иландырады. Содан соң бұл надандар оларға осы қабірдің басына жиналуға тыйым салатындармен қастасады да, оларды кәпір деп айыптайды. Ал ол ешқандай күнә жасамады ғой, ол бар болғаны Аллаһ пен Оның Елшісі бұйырған нәрсені бұйырды, әрі Аллаһ пен Оның Елшісі тыйым салған нәрсеге тыйым салды». Қз.: «Зиярат ул-Қубур» 82-бет.

Осы жерде сопылардың бұл айыптары шындықта негізі жоқ кезекті өтірік мәлімдемелер ғана екенін түсіну керек. Біздің Аллаһқа Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) құрметі мен қақысы арқылы жалбарынудың заңдылығын теріске шығаруымыз Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өзінің құрметін теріске шығаратынымызды, оны құрметтемейтінімізді және жақсы көрмейтінімізді білдірмейді. Осы жерде бізге мына нәрсені ұғып алу өте маңызды болады: Аллаһ Тағала Өзінің Елшісін (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) тура жолдың басшылығы болатын дінді бекіту үшін жіберді және әр нәрсенің өз орны мен мәртебесін бекітті. Сондай-ақ біз өзімізден бұрын өмір сүрген қауымдар сияқты адасушылыққа түспеуіміз үшін, Аллаһ Тағала бізге олардың адасушылыққа түсуіне себеп болған барлық жолдар мен істерді ескертті. Міне, осылайша, бізден бұрынғы қауымдардың адасушылыққа түсуінің ең басты себептерінің бірі – олар пайғамбарларға лайықты құрмет көрсетпей, оларды өтірікшілер деп, елден қуып, өлтіруге дейін барғаны еді. Ал басқалары пайғамбарларды ұлықтап-құрметтеуде шектен шықты да, бұл оларды өз пайғамбарларын Аллаһтың ұлдары деп атауға, әрі олар құдайы болмысқа ие деп айтуға дейін алып барды. Ал салиқалы адамдарға (әулелерге) келер болсақ, әлгілер оларды өздерімен Аллаһтың арасында дәнекер етті де, оларды іс жүзінде оларға тиісті болмаған орынға қойып қойды. Біреу: «Ешкім Мухаммад Пайғамбарды (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Аллаһтың ұлы деп айтып жатқан жоқ және оған құдайы сипаттарды теліп жатқан жоқ», - деп айтуы мүмкін. Ал біз: көптеген сопылық тариқаттардың өкілдері Пайғамбарды (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ашық түрде Аллаһтың ұлы деп айтпаса да, оған құдайы сипаттарды телиді деп айтамыз.

Мұның мәні олардың «Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) әруағы біздің жиналыстарымызға қатысады» деп санауында. Сондай-ақ олар Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қабірінің қасында тұрып, оған түрлі тілдерде және бір уақытта әртүрлі тілек-сұраныстарын айтып жалбарынады. Ал бұл олардың Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) олардың сөздерін естиді әрі олардың сұраныстары бір мезгілде және әртүрлі тілдерде айтылып жатқанына қарамастан, оларды түсінеді және олардың дауыстары мен сұраныстарын ажырата алады деген сеніміне нұсқайды. Олардың кейбіреулері Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) табиғаттың кейбір құбылыстарын басқарады, ғайып пен көмес ілімді біледі, бақыт пен бақытсыздық әкеле алады деген сенімге ие. Мен осы жерде мұның барлығын олардың бұл осы сенімдері ашық түрде жария етілетін дереккөздері мен кітаптарына сілтеме жасамастан келтіріп отырмын, өйткені бұл дереккөздер мен кітаптарға біз «Мәуліт – ең қауіпті бидғаттардың бірі және не үшін ханафилер оны өткізбейді» атты кітабында нұсқаған болатынбыз. Осы жерде сондай-ақ бидғатшылардың көзқарастарын теріске шығару барысында олардың дереккөздері мен кітаптарына сілтеме жасау өте маңызды екенін атап өту керек, өйткені осы арқылы біз өзімізді олардың тарапынан бізге тағылатын, біз оларға негізсіз өтірік жапсырғандығымыз туралы айыптардан қорғаймыз. Сондай-ақ біз осы арқылы оқырманды кез-келген талап пен айыптар «аспаннан алынған» емес, негізделген болуы қажеттілігіне үйретеміз. Сосын оқырман ақиқатқа ілесушілерді сопылар т.б. солар сияқты бидғатшылардан ажырата алатын болады. Өйткені кім «Иман» т.с.с. баспалар жарыққа шығаратын сопылардың кітаптарын ашып қараса, олардың кітаптары өздері пайдаланған сілтемелер мен дереккөздерді нұсқаудан жұрдай екенін көре алады. Мысалы, олар: «Сәләфилер аспанға табынады», - немесе: «Олар Аллаһ Тағалаға дене мен бағыт телиді», - деп мәлімдейді де, бірақ әһли-Суннаның осындай дінбұзар сенімді ұстанатынын қай көздерден тауып алғанын ешбір жерде атамайды. Оқырман осындай дәлелсіз айыптаулар арқылы кез-келген нәрсені ойдан шығаруға, барлық ұлы күнәларда, тіпті күпірлікте айыптауға болатынын, әсіресе, сопылардың өздерін Исламға телитін ең өтірікші секталардың бірі екенін ескерген түрде бұл әбден ықтимал екенін түсінуі қажет. Олар Сүннеттің жақтаушыларына жала жапсыруға ғана емес, сондай-ақ мүлде бетпақ және ұятсыз тәсілдермен қасиетті мәтіндерді бұрмалауға, әрі сонысымен Аллаһ пен Оның Елшісіне де (оған Аллаһтың игілігі мен сәлем болсын) жала жапсыруға ұялмайтынын оқырман түсініп қойған болар. Ендеше, бұл адамдардан осыдан кейін не күтуге болмақ?!

Сондықтан да біз олардан кітаптарын жазған кездерінде бос және дәйексіз сөзге қағаз құртпай, ақпараттарын алған әһли-Сунна ғалымдарының кітаптарына немесе өздерінің кітаптарына сілтемелер келтіруін талап етеміз. Ал бізге келер болсақ, біз Аллаһтың рұқсатымен олардың әрбір кітабын міндетті түрде талдайтын боламыз. Содан кейін бұл кітаптарда кездесетін кез-келген адасушылықтарға теріске шығару жазамыз, әрі осы арқылы олардың өтірікші болмысын әшкерелеп, мұсылмандарға дұрыс бағыт сілтейтін боламыз. Сопылар ешбір жазасыз өз қылмыстарын жасай беретін және қиялына келген нәрселерді істей беретін замандар өтті.

Ал егер Түркістанға, Арыстан Бабқа, Бекет Атаға т.с.с. өздері қиялдарынан алып «киелі» деп атаған жерлерге сапарлар ұйымдастыратындар өздерінде мұндай сенімдері жоқ екенін алға тарса, онда оларға бірнеше тармақтан тұратын келесідей жауап беріледі:

1. Істің мәні мұндай сенімдердің бір мезетте пайда бола қалмайтынында болып тұр. Оларды тарату және орнату жәймен, ізбе-із, бірте-бірте жүріп жатады. Сол сияқты діни киім киетін және денесін толық жабатын иман келтірген әйел, біз мезетте пляжға жалғыз іш киіммен шықпайды ғой. Басында ол сәнді түрлі-түсті киім кие бастайды, кейін денесінің пішінін көрсететіндей тарлау киімге көшеді, кейін ол бірте-бірте жеңін қысқарта бастайды, кейін орамал тағу үлгісін сәнге салынып өзгертеді, сөйтіп ұятын толық жоғалтпайынша әрі қарай жылжи береді. Мұның барлығы шайтанның басқан ізінен ілесу деп аталады. Сондықтан да Аллаһ Тағала былай деген: «Әй мүміндер, шайтанның басқан іздерін баспаңдар. Кім шайтанның іздеріне ерсе, күдіксіз, ол ұятсыздықты, жамандықты меңзейді» («ән-Нұр» сүресі, 24: 21).

Сондықтан да білім иелері соңы жамандыққа алып келетін нәрселердің алғашқы белгілерін байқап, осы кішігірім алғашқы ауытқушылықтарды айыптай бастағанда, ой өрісі тар адамдар бұда ешқандай жамандық көріп тұрмағанын және ешқандай жаман нәрсе істеп жатпағанын алға тартады. Сонымен бірге олар білім иелерін артық кетушілікте, қаталдықта және біліксіздікте айыптай бастайды.

Бұл жерде де тура сол нәрселер орын алуда. Алдымен шайтан адамды: «Аллаһтан «әулиенің» құрметімен және қақысымен сұрау бұл осы «әулиеге» деген құрмет пен ілтипат танытудың көрінісі болып табылады», - деп азғырады. Кейін адам «әулиенің» өзінен ол үшін Аллаһтың алдында шапағатшы болуын сұрай бастайды. Кейін ол әулиенің Аллаһ алдында шапағат етуінің қажеті де жоқ, керісінше, әулиенің өзі-ақ жетіп асады деп санайтын болады. Ал егер біреу осыған күмәнданса, онда христиан миссионерлері адамдарға кім Иисусқа иман келтірсе, Иисус соны жақсы көреді де, оны тура жолға салады т.с.с. деп түсіндіретінін есіне алсын. Ал христиандар да кезінде Иисусты Құдайдың баласы деп те, құдайы сипаттарға ие деп те есептемейтін еді ғой.

Осыдан шыға келе, оқырманға келесі нәрселер түсінікті болады:

‘Умар Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін баяндаған: “Христиандар Мәриям ұлы Исаны ұлықтағандай мені ұлықтамаңдар. Мен бар болғаны құлмын, сондықтан да: «Аллаһтың құлы әрі Оның Елшісі», - деп айтыңдар” (хадис сенімді (сахих); Бухари 3445).

Ал егер олар: «Біз Пайғамбарды (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) христиандар Исаны ұлықтағандай етіп ұлықтамаймыз, өйткені христиандар оны Құдайдың ұлы деп айтады, ал біз мұндайды айтпаймыз», - десе, онда біз оларға: «Бұл хадисте Пайғамбарды (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қандай дәрежеге дейін ұлықтауға тыйым салынатындығы туралы емес, бірақ Пайғамбарды (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) христиандар осыны іске асыратындай әдіспен, үлгімен, тәсілмен ұлықтауға болмайтындығы туралы айтылған», - деп жауап береміз.

Бұған мына хадис дәлел болады:

Әнас адамдардың Аллаһ Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) келіп, оған: «Сіз - біздің ішіміздегі ең жақсымызсыз және біздің ішіміздегі ең жақсымыздың ұлысыз», - деп айтқаны туралы баяндаған. Сонда Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген екен: «Әй, адамдар! Сөздеріңді немесе сөздеріңнің бір бөлігін айтыңдар, бірақ шайтан сендерді босаңсытпасын! Мен – Мухаммад, Аллаһтың құлы әрі Оның Елшісімін, әрі мен өзімді Аллаһ қойған орнымнан жоғары көтеруін қаламаймын» (


Каталог: data
data -> Шындалиева М. Б
data -> Бейсенбай Кенжебаев алаш туы астында (мақалалар мен зерттеулер)
data -> Шығыс Қазақстан облысының Семей аймағында 2013 жылы аталып өтілетін және еске алынатын
data -> Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапхана
data -> М. Б. Шындалиева Филология ғылымдарының докторы, профессор
data -> Олжабай Нұралыұлының шығармашылық мұрасы хаһында
data -> Оқулық Астана, 2012 Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
data -> Қазақ очеркі
data -> «Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапхана
data -> «Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапхана


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет