ТӘуассул аллаһҚа белгілі бір нәрсе арқылы жақындау



бет6/6
Дата11.01.2017
өлшемі0,77 Mb.
#7170
1   2   3   4   5   6
хадис сенімді (сахих); Нәсаи «’Амәләл-йаум уәл-лләйлә» 248; Ахмад 3/153, 241, 249 т.б.; Шейх Муқбил хадисті «Сахих әл-Муснадта» 121 сенімді деп атаған).

Осы хадисте көрініп тұрғанындай, адамдар оны Құдайдың ұлы деп айтпады, тіпті бұған жақын еш нәрсе айтқан жоқ, алайда Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) олардың мұндай сөздеріне тыйым салды да, мұны ең соңында үлкейе түсетін ұлықтауға алып келетін шайтаннан келген босаңсу деп атады.

Сондай-ақ біз: «Сендер бүгін: «Мухаммад - Аллаһтың ұлы», - деп айтпасаңдар да, мұны ертең айтасыңдар, немесе осыны сендердің немерелерің айтады, өйткені христиандар да Исаны бір сәтте Құдайдың ұлы деп айтып шыққан жоқ қой. Бұған дәлел – сендердің асыра ұлықтау жолына түсіп үлгіргендерің, әрі ерте ме, кеш пе сендер христиандар жеткен шекке жетесіңдер, өйткені бұлардың бәрі - бір жол», - деп айтамыз.

Абу Са’ид әл-Худри Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін жеткізген: “«Сендер міндетті түрде өздеріңнен бұрын өмір сүргендердің әдет-салттарына ізбе-із, сүйемнен сүйем, шынтақтан шынтақ ілесіп кетесіңдер. Тіпті олар кесірткенің ұясына кіріп кетсе де, сендер де міндетті түрде оларға ілесесіңдер». Біз одан: «Уа, Аллаһтың Елшісі! Сіз яһудилер мен христиандар туралы айтып тұрсыз ба?», - деп сұрадық. Ол: «Енді кімді», - деп жауап берді” (хадис сенімді (сахих); Бухари 3456; Муслим 2669; Ахмад 11800 т.б.).

2. Сондай-ақ олардың мәлімдемесіне жауап ретінде олар Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) құдайы сипаттарды телуге дейін міндетті түрде жететінін де айтуға болады. Бұған дәлел - олар өздерінің барлық кітаптары мен іс-әрекеттерін араб елдеріндегі жетекшілерінің ізінен дәлме-дәл қайталайтыны болып табылады. Осыдан шыға келе, біз олардың бұзып өтпеуге тиісті сызықтың алдында тоқтай алмайтынына сенімдіміз. Өйткені олар еліктейтін дүние жүзі бойынша таралған сопы тариқаттарының жетекшілері де осы шекараның алдында тоқтай алмаған. Бұл үшін алысқа бармай-ақ, сопылардың Дағыстанда, Сирияда, Мысырда т.с.с. жерлерде өткізетін жиындарында не істеп жатқандарына қараудың өзі жеткілікті болады. Дүние жүзі бойынша сопыларды тоқтата алмаған, бірақ біздің сопыларды тоқтататын не болуы мүмкін екен?!

3. Әрі соңғысы – бұл Түркістанға, Бекет Атаға және сол сияқты «әулиелі» жерлерге сапар ұйымдастырушылар мен сопылардың қазірдің өзінде осы сенімдердің бір бөлігіне ие екендігі. Нақтырақ айтсақ, бұл олардың «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) біздің жиындарымызға қатысады» деген сенімі.

Сондықтан да осы сапарды ұйымдастырушылар мен сопылар өздерін өтіріктен жатқызатын ханафи мәзһабының ғалымдары былай деген: “Кім: «Шейһтардың (әулиелердің) әруақтары осы жерде және біледі», - десе, сол кәпір болады”. Қз.: «әл-Бахр әр-Раик» 5/134.

Айтылғанның барлығынан олардың іс-әрекеттері Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) деген махабаттан да, құрметтен де жұрдай екені айқын болады. Мұның үстіне Пайғамбардың өзі де (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Әрі мен өзімді Аллаһ қойған орнымнан жоғары көтеруін қаламаймын». Ендеше, қалайша сіздер Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жек көретін нәрселерді істей тұра, оны сүйеміз деп айтасыңдар?!

Ал бірқұдайшылықты ұстанушыларға келер болсақ, онда олар Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) құрметі Аллаһтың алдында ең ұлы дәрежеге ие екеніне күмәнсіз сенеді. Барлық мұсылмандардың бұған қатысты бірауызды пікірін біз жоғарыда келтіріп кеткен болатынбыз.

Сондықтан да шейх әл-Әлбани былай деген: «Кім Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) құрметімен тәуассул жасау рұқсат етілген деп айтса, бұған шариғаттан дәлел келтіруге міндетті. Ал біз (шариғатқа) қарап, мысалы, Аллаһтан басқа ешкімге рукуғ та, сәжде де жасауға болмайтынын көрдік. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) болса адамдарға бір-біріне иіліп рукуғ жасауға да, сәжде жасауға да тыйым салды. Сондай-ақ біз Сүннеттен Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өзінің алдында орнынан түрегелуді жақсы көрмегенін әрі осы мұның заңдастырылмағанына нұсқайтынын да көрдік. Осыдан шыға келе, егер біз Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сәжде жасау заңдастырылмаған деп айтсақ, сонда біз Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) құрметі мен мәртебесін теріске шығарған боламыз ба?! Жоқ, тағы да бір рет жоқ. Тура сол сияқты, біреу-міреу Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) құрмет пен мәртебеге ие дегенді пайдаланып, соның негізінде Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) рукуғ пен сәжде жасауға болады деп айтса болады ма?! Жоқ, тағы да бір рет жоқ. Осымен, Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) құрметін растау мен оның құрметімен тәуассул жасауды заңдастырудың арасында, егер шариғатта бұған ешбір дәлел келмеген болса, ешқандай байланыс жоқ екендігі күмәнсіз түсінікті болды». «Тәуассул» 116-117 беттер.



Дерек көз: «Абу Ханифа мирасы» сайты.

1 Мысалы, «ет» сөзі кейбір қауымдарда өзіне жануарлардың да, балықтың да етін қамтиды. Ал басқа қауымдарда «ет» деген сөзбен балық еті меңзелмейді.

2 «Тәуассулдің» тілдік мағынасында келіспеушіліктер жоқ. Бұл мағыналарды Ибн әл-Асир, Файруз Абади, Ибн Фарис, Рағиб әл-Асфахани, Ибн Жәрир әт-Табари т.б. жеткізген. Олардың барлығы араб тілінің ғалымдары.


3 Бұдан біз сопыларды көпқұдайшылдар немесе кәпірлер деп айтып жатырмыз деп түсінбеу керек.


4 «Уәсилә» мен «тәуассул» терминдерінің осындай анықтамасын сопылардың «Рух ул-Баян» 1/560 кітабынан табуға болады.

5 Бұл сөздер барлық имамдар мен діни қайраткерлерге қатысты емес, сондай-ақ олар мешітке садақа алып келетіндердің де барлығына қатысты емес. Алайда осы суреттелген жағдай шын мәнісінде кең көлемде етек алғанын өкінішпен мойындауға тура келеді.

6 Имам Абу Ханифаның ең жақын шәкірттерінің бірі.

7 Бұл ғимарат осылай аталып кетуінің себебі – ‘Умар оны бір кісіге қарызының орнына берген болатын. Араб тілінде бұл «қада» деп айтылады.

8 Хадисте «атымен» деген сөз мүлде жоқ, ал олардың аудармасында ол «абайсызда» пайда болып қалыпты!

9 «Сұрағанын» деген сөз бұл оқиғаның бір-ақ рет орын алғанына нұсқайды, ал шындығында бұл олай емес.

10 Бұл риуаятты олар оның әлсіз және сенімді (сахих) емес екенін атамай-ақ келтіреді. Ал олар мұны не үшін келтіргенін оқырман, әрине, түсінді.

11 Бұл сөз де сондай-ақ осы оқиғаның бір-ақ рет орын алғанына нұсқайды, бірақ іс жүзінде бұл олай емес.

12 «Мухаммадтың көкесіне тәуассул» деген сөздер түбегейлі дұрыс емес, өйткені тәуассулді көкесіне емес, Аллаһқа жасайды, бірақ оны Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) көкесі арқылы жасайтын.

13 «Ол үшін» деген сөз хадисте жоқ!

14 Оқырман көріп тұрғанындай, бұл сөздер біз негізге алған хадистің риуаятында жоқ. Істің мәні мынада: «Тәуассул» кітабының авторы осы жерде хадистің екі риуаятын араластырып келтірген, ал оның екіншісі әлсіз болып табылады әрі оны біз осы дәйекті талдаудың соңында әлі қарайтын боламыз. Ол бұл екі хадисті, оның біріншісінен өздеріне тиімсіз болған сөздерді алып тастау, ал екінші сенімсіз риуаяттан оған өздеріне керек сөздерді қосу үшін, араластырып тастады.

15 Біз көріп тұрғанымыздай, автор, біз жоғарыда атап өткен олар істеуі керек болған нәрселердің біріншісін орындау үшін, хадистен тұтас бір үзіндіні алып тастаған.

16 Осылайша ол «Оның мен үшін жасаған шапағатын қабыл ет» деген сөздерді алып тастады. Өйткені бұл сөздерде Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ол үшін дұға еткені және шапағат еткені айқын көрінеді, ал оның қосқан сөздерінде бұл енді жоқ. Бұған қоса, олардың қосқан сөздері «Уа, Аллаһ! Пайғамбарды (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын), яғни оның құқығы мен құрметін, мен үшін шапағатшы ет» деп түсініледі.

17 Осынысымен ол: «Әрі мені ол үшін шапағатшы ет» деген сөздерді өзгертті. Өйткені дұрыс аудармадан «Менің «Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мен үшін жасаған дұғасын қабыл ет» деген дұғамды қабыл ет» деген мағына түсініледі, ал олардың енгізген сөздері бұл мағыдан айырылған.

18 Шын мәнісінде әл-Хаким осы өтірік кітаптың авторы келтірген бұл хадисті емес, біз келтірген хадисті сахих деген, өйткені оның өзі оны өзінің «Мустадрак» жинағында келтірген әрі ол туралы сахих деген шешім шығарған. Ал мына хадиске келер болсақ, ол оның сенімді (сахих) және сенімсіз риуаяттарының қоспасы. Бұл екі риуаяттар екі әртүрлі хадис жинақтарында бір-бірімен араласпаған түрде келеді. Ендеше, олар ғалымдардың бір хадистің сенімділігі туралы шығарған үкімін басқа, өздерінің қолдарынан шыққан әлсіз хадистерге қалайша телитініне назар салыңыз. «Оларды Аллаһ опат етсін! Олар нендей ақиқаттан бет бұрған!» («Тәубе» сүресі, 9:30).

19 Іс жүзінде имам әз-Зәһаби хадис сенімді (сахих) деп айтпаған, ол Хакимнің «Мустадрак» кітабын тексеру барысында оның сөздерін теріске шығармаған ғана. Ал имам әз-Зәһаби еш жерде өзінің үндемеуін Хакимнің қорытындысымен келісуді білдіреді деп айтпаған (Қз.: «Илзамат уат-Татаббу’» 6-бет, шейх Муқбилдің кіріспесі).

20 Автордың «1-том, 519-бет» сөздерінен автор бұл хадисті, сондай-ақ Хаким мен әз-Зәһабидің содан соң келетін хадис туралы сөздерін тұтас шейх әл-Әлбанидің «Тавассуль, его виды и постановления о нем» («Тәуассул, оның түрлері мен ол туралы үкімдер») атты кітабынан алғаны айқын көрініп тұр, оны жек көруіне қарамастан. Өйткені Хакимнің «әл-Мустадрак» кітабы бірнеше басылыммен басып шығарылған, әрі бұл хадис әртүрлі басылымдарда әртүрлі томдарда және әртүрлі беттерде келеді. Әрі осы өтірікші кітаптың авторы мен шейх әл-Әлбани бірдей басылымды қолданғаны өте күмәнді. Әсіресе, егер бұл адамның кітабы қаншалықты әлсіз екенін ескерсек, онда автор Хакимнің кітабының өзін пайдаланғанына немесе оны көзімен көргеніне салмақты күмән пайда болады. Іс жүзінде ол бұл хадистерді толығымен шейх әл-Әлбанидің кітабынан көшіріп алған. Мұны сондай-ақ ол хадистерге өзгертулерді дәл әл-Әлбанидің теріске шығаруларына сәйкес енгізетіні де растап тұр, ал бұл жайт өздігінше ол әл-Әлбанидің кітабын оқып шыққанын (оның орыс тіліне аударылғаны жақсы болып тұр ғой), теріске шығарулардың мәнін түсінгенін, ақиқаттан бас тартқанын және хадистерді өзінің мүддесіне қарай ыңғайластырып түзеткенін көрсетіп тұр.

21 Осынысымен Шейхмардани оқиға қаншалықты атақты болса да, олардың өтірік тәуассулдерінің қарсыластары оны білмейтіндей дәрежеде соншалықты білімсіз екенін, әйтпесе олардың тәуассулі шариғатта заңдастырылғанын міндетті түрде мойындайтын еді деп айтқысы келіп тұр.

22 Ол зағиптың «Аллаһтан Ол маған көру қабілетін қайтарып беруін сұра» деген сөздерін нендей епті алып тастағанына назар салыңыз. Оқырман мұның не үшін істелгенін түсініп те қойды.

23 Шейхмардани өзінің есімін атамаған бірінші кітаптың авторынан да асқан арсыз әрі ұятсыз. Ол хадисте жоқ, бірақ өзіне керек болған сөздерді мүлде арсыздықпен және ешбір ұялмастан қосып жатқанына қарамайсыз ба?! Бұл сорлы оның қасиетті мәтіндерге қатысты істеген қылмыстарын зерттейтін біреу табылатыны туралы ойламаған да шығар. Аллаһ Тағала былай деген: «Немесе жүректерінде дерті барлар Аллаһ олардың кектерін әсте ашыққа шығармайды деп ойлады ма(«Мухаммад» сүресі, 47: 29).

24 Тура бірінші кітаптың авторы қолданған тәсіл, бірақ соңғы сөздерді бұл «аудармашы» «бір себепті» мүлде түсіріп тастапты.

25 Мұсылмандардың үшінші салиқалы халифасы.

26 Шын мәнісінде, Бухари өзінің «Сахихында» ешқашан жалған оқиғаларды жеткізбеген, ал бұл хадисті Ибн Аби Шәйбадан басқа ешкім жеткізбейді. Ал олар бұл хадисті Бухариге теліп, оқырманды бұл хадис шүбәсіз сахих екеніне сендіргісі келеді, өйткені Бухаридің жинағындағы барлық хадистер сенімді болып табылады.

27 Олар осы хадисті келтіре отырып, оны Мәлик әд-Дар баяндайтынын атап кетпегеніне назар бұрыңыздар, бірақ олар осыған дейін әрбір хадисте оның баяндаушысы кім екеніне міндетті түрде нұсқайтын. Мұның себебі – олар Мәлик ад-Дардың белгісіз жеткізуші және дәл соның себебінен бұл хадис әлсіз екенін түсінді де, мұны жасырды.

28 Іс жүзінде хадисте ол түсінде кімді көргені нақты айтылмаған.

29 Олардың білімсіздігінің тереңдігі сонша – олар Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) азаншысы болған Біләл ибн-Рабах пен хадисте аталатын Біләл ибн әл-Харис әл-Музаниді шатастырып отыр.

Каталог: data
data -> Шындалиева М. Б
data -> Бейсенбай Кенжебаев алаш туы астында (мақалалар мен зерттеулер)
data -> Шығыс Қазақстан облысының Семей аймағында 2013 жылы аталып өтілетін және еске алынатын
data -> Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапхана
data -> М. Б. Шындалиева Филология ғылымдарының докторы, профессор
data -> Олжабай Нұралыұлының шығармашылық мұрасы хаһында
data -> Оқулық Астана, 2012 Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
data -> Қазақ очеркі
data -> «Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапхана
data -> «Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапхана


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет