Тікелей емес қарым-қатынас жазбаша түрдегі немесе техникалық құралды пайдалану негізіндегі толық емес психологиялық контакт



бет1/2
Дата07.02.2022
өлшемі20,43 Kb.
#93226
  1   2
Байланысты:
психология семинар
психология семинар, психология семинар, психология семинар

Психология ғылымындағы негізгі ұғымдардың біреуі – қарым-қатынас. Қарым-қатынассыз жеке адамды түсіну, оның дамып-жетілуін талдау мүмкін емес.
Қарым-қатынас түрлері мен формалары бойынша әр алуан. Тура, жанама, тікелей, біреу арқылы (тікелей емес). Алғашқысы тікелей қарым-қатынас, соның негізінде тікелей емес қарым-қатынас пайда болады.
Тікелей емес қарым-қатынас – жазбаша түрдегі немесе техникалық құралды пайдалану негізіндегі толық емес психологиялық контакт.
Адамзат тәжірибесін игеруде жазудың, кітаптың, басқа әртүрлі техникалық құралдың пайда болуы тікелей емес қарым-қатынас жасаудың жүйесін күрделендірді.
Қарым-катынас әрі қарай жеке адамаралық және көпшіліктік қарым-қатынас болып бөлінеді. Жеке адамаралық қарым-қатынас – топтарда, жұптарда жеке дара ерекшеліктерін білу, қайғы-қуанышына ортақтасу, түсіну, бірігіп іс-әрекет ету негіздерінде қалыптасатын түрі.
Көпшіліктік қарым-қатынас – көшпе түрдегі таныс емес адамдардың және көпшіліктік мәлімет құралдары арқылы қарым-қатынас жасау, осындай қатынастың түріне өнер, эстетикалық қарым-қатынастарды да жатқызады.

1. Маскiлi қарым-қатынастар– бiр күннiң iшiнде бiрнеше маска кию.Формалды қарым-қатынас, яғни мұнда маскiлердi пайдаланып сұхбаттасушылардың тұлғалық ерекшелiгiн түсiнiп ескеруге талпынамыз (сыпайлық, қаталдық, тұйықтық). Шынайы сұхбаттасушыға деген сезiмдерiн, эмоцияларын қарым-қатынас барысында көрсетпейдi. Мысалы,жағымпаздану,өз жұмысын істетіп алу мақсатында өтірік қошеметтеуді жатқызуға болады. 

2. Формалды рөлдiк қарым-қатынас – мұнда сұхбаттасушының тұлғасы мен әлеуметтiк рөлi маңызды болып табылады. 

3. Iскерлiк қарым-қатынас – мұнда сұхбаттасушының iске деген тұлғалық ерекшелiгi, мiнезi, жасы, көңiл-күйi ескерiледi. Сонымен бiрге оның iске деген қызығушылығы мәндiк маңызды орын алады. 

4. Достардың рухани және тұлғалық қарым-қатынасы – мұнда кез келген тақырыпқа әңгiме қозғауға болады, тек сөз арқылы ғана емес жест, мимика арқылы бiрiн-бiрi жақсы түсiнедi.

5. Маникулятивтiк қарым-қатынас – сұхбаттасушыдан белгiлi бiр пайда табуға бағытталған. Ол үшiн сұхбаттасушының тұлғалық ерекшелiгiне байланысты түрлi әдiстер пайдаланады. 

6. Вербалды және вербалды емес қарым-қатынас. Коммуникациялық жүйе – бұл алынатын және берiлетiн ақпаратты түсiнудi қамтамасыз ету мақсатында адамдар арасындағы хабар алмасу. 
Коммуникацияның негiзгi функциялары мыналар: 

1.Информативтi – адамдар арасындағы өзара әрекеттесудi ұйымдастыру. 


2.Интерактивтi – адамдар арасындағы өзара әрекеттесу түрлерiн пайдалана тырып сұхбаттасушының көңiл күйiне, сенiмiне мiнез-құлқына әсер ету. 
3.Перциптивтi – қарым-қатынасқа түсушi серiктестердiң бiрiн-бiрi қабылдауы және өзара түсiнушiлiктi қалыптастыру. 
4.Экспрессивтi – эмоционалды бастан кешiрулер сипатын өзгерту.

















































































Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет