Тіл- тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз Күні: 15. 02. 2017 Мақсаты



Дата15.09.2017
өлшемі70,89 Kb.
#33037
Тіл- тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз

Күні:15.02.2017

Мақсаты: Тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер арқылы оқушы дүниетанымын, ой өрісін дамыту.
Көрнекіліктер: Мақал-мәтелдер,тіл туралы нақыл сөздер.

Іс-шараның барысы: Құрметті оқушылар,қадірлі қонақтар!Біздің сайысқа қош келдіңіздер! Бүгінгі “Тіл ұлттың жаны” атты сайысымызға қош келдініздер. Алдымызға қойылған мақсат –қазақ тілінің мәртебесін көтеру. Оқушылардың

тіліне,еліне сүйіспеншіліктерін арттыру.
Сайыстың барысы:

1.      “Жедел жауап”

2.      “Сөз мәйегі мақал”

3.      “Полиглот”

4.      “Қызықты ұйқастар”

5.     “Өлең-сөздің патшасы,сөз сарасы ”

  Тіл қай ұлтта,қай елде болса да қастерлі де құдіретті.Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп,қалыптасады.Тіл байлығы-әрбір елдің мақтанышы.Ол-атадан балаға мирас болып отыратын баға жетпес мұра. Әр ел өз тілі арқылы әлемді,дүниені,өмірдің  құнды тағылымдарын таниды да,келешек ұрпақтарына жеткізеді.Тіл-халық тарихы,тіл –ұлттық қазына,тіл-біздің намысымыз,арымыз,байлығымыз.

Біздің Отанымыз –Қазақстан Республикасы.Қазақстан Республикасының Елтаңбасы,Гимні,Туы,төл теңгесі бар.Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Ата Заңы –Конститутциясында белгіленген өз мемлекеттік тілі бар.Ол-әрине,қазақ тілі.      

    -Ал, енді, әділқазылар алқасымен таныстырайық.

Қатысушылар 6-сынып оқушылары. Оқушылар екі топқа бөлінген.Әр топ өзін-өзі таныстырады

І бөлім “Жедел жауап”
Бұл бөлімде әр топқа  10 сұрақтан қойылады.

l топ:


             1. Қазақстан Республикасының астанасы қай қала? ( Астана)

             2. Қазақ тілінде жалғаудың неше түрі бар? (4)

             3. Бір тәулікте неше сағат бар?(24)

             4. ҚР қашан тәуелсіздік алды (1991 ж16 желтоқсан)

             5. Қазақ тілі алғаш мемлекеттік мәртебесін қай жылы алды (1989)

             6. Абайдың туған жылы (1845)

             7.Тышқаннан қорқатын аң (піл)

             8. Абай Құнанбаев кім? (ақын)

             9.Қазақстан туының түсі қандай? (көгілдір)

            10. Қыстың бірінші айы( қаңтар)


ІІтоп:

            1.Қазақ тіліне тән неше дыбыс бар? (9)

            2.Қазақстан тарихында неше астана болды? (4)

            3.Көктемнің бірінші айы (наурыз)

            4.Қазақстанның тұңғыш ғарышкері(Тоқтар Әубәкіров)

            5.Бір жылда неше күн бар? (365)

            6.Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі (қазақ тілі)

            7. Бала оқытатын адам (мұғалім)

            8.Қазақстан Республикасының рәміздері (ту,елтаңба,гимн)

            9.Қазақстанның бірінші астанасы (Орынбор)

           10.Абайдың шын аты (Ибраһим)
Мемлекеттік тіл-Ту мен Елтаңба сияқты мемлекеттің рәмізі.Осыған сәйкес 1997 жылы 11 шілдеде “Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңы” қабылданып,оның 4 бабында”Қазақстан Республикасыны мемлекеттік тілі қазақ тілі” екені жазылған.
ІІ бөлім  “Сөз мәйегі-мақал”
    Келесі сайысымыз,сөз кезегін аумақты ойды бір ауыз сөйлемге сыйдыратын мақал –мәтелдерге береміз.Мақалдардың  жалғасын табу.

І топ:


             1.Ең тәтті де-тіл, ….. (ең ащы да-тіл).

             2.Отансыз адам- ….(ормансыз бұлбұл).

             3.Тіл- қылыштан.….(да өткір).

             4.Өнер алды- …(қызыл тіл).

             5.Отан….(оттан да ыстық).

             6. Оқусыз-білім жоқ, …..(Білімсіз күнің жоқ).

ІІ топ:

             1.Жүз сом ақшаң болғанша,….(жүз досың болсын).



             2.Ер жігіт елі үшін туады,…..(елі үшін өледі).

             3.Білім таппай мақтанба,…..(өнер таппай баптанба).

             4.Мектеп- кеме,……(білім теңіз).

            5.Жақсы жолдас- жанға серік,…..(жаман жолдас- малға серік).

            6.Шебердің қолы- ортақ,…..(шешеннің –тілі ортақ).

     


Енді келесі сөзді қонаққа келген оқушыларға берейік.Содан кейін, әрі қарай сайысымызды жалғастырамыз.
       1-оқушы: Аружан:

Қазақ тілім-саялаған нұр бағым,

                           Қазақ тілім-анам тілім,ардағым.

                           Сен арқылы жетіп жатыр өмірге

                           Жан сырларым,тілегім,бар арманым.
      2-оқушы: Расул

Менің тілім-Махамбеттің,Абайдың

                          Ұлы тілі-талайым деп санаймын!

                          Өткір,өжет,нәзік,сұлу,бай тілмен

                          Таңдайыма бал тамызам талайдың.
     3-оқушы: Лаура

  Туған тілім-тірлігімнің айғағы,

                         Тілім барда айтылар сыр ойдағы

                         Өссе тілім,мен де бірге өсемін,

                         Өшсе тілім,мен дағы өшемін.
ІІІ бөлім  “Полиглот”

   Ең бай адам-көп тілді меңгерген адам.Көп тіл білген адамды ғылым тілінде “полиглот” дейді. Келесі сайысымыз жұмбақтарды орыс,қазақ тілінде шешу.

        

1.Темір тілді,

          Күміс үнді. (қоңырау,звонок)

         2.Қыста келген,көктемде еріген. (қар,снег)

         3.Үй үстінде алтын тас,

            Алйын десем табылмас. (жұлдыз,звезда)

         4.Түк білмей барасың,

            Тәлімін аласың. (мектеп,школа)

         5. Қабат-қабат қаттама,

             Ақылың болса аттама. (кітап,книга)


ІІ топ:

        1.Сырты тәтті,іші тәтті,

            Ортасы сүйек қатты. (алма,яблоко)

        2. Табаныма байладым,

            Қос таяқпен айдадым. (шаңғы,лыжи)

        3.Тұмсығымен қозғалар,

           Артында аппақ із қалар.(бор,мел)

        4.Жесең ащы,

           Көзіңнен шығар жасы.(пияз,лук)

       5.Аспанға ұшар бу болып,

          Жерге қайтар су болып. (бұлт,облако)
       

       ІV бөлім    “Қызықты ұйқастар”

    Бұл сайыста екі топтың әр оқушысы жылдамдықпен сөздердің ұйқасын тауып айтады.

І топ:


        1. Жизнь-өмір,уголь-көмір.

        2. Таможня-кеден,пол-еден.

        3. Рыба-балық,народ –халық.

        4. Зуб-тіс,дело-іс.

        5. Лето-жаз,гусь-қаз.

ІІ топ:


        1.Город-қала,ребенок –бала.

        2.Игра-ойын,шея-мойын.

        3.Число-сан,кровь-қан.

        4.Человек-адам,шаг-қадам.

        5.Дверь-есік,колыбель-бесік.
V бөлім  “Өлең- сөздің патшасы,сөз сарасы”
         Бұл сайыста әр топтың жетекшілері шығып белгілі бір тақырыпта қазақша өлеңдер оқиды.Олар өлеңді мәнерлеп оқып беруі тиіс.Бұл кезеңде тілдің машықтығы,оқудың тазалығы бағаланады.

Анам тілі

Ілияс Жансүгіров
Қадірлі, бағасы алтын анам тілі,
Сенімен бағаланған балаң түрі.
Төрт бөліп түн ұйқысын жұбатам деп,
Сенімен әлдилеген анам мені.

Бесікте белім буып бітіскемін,


Сөйлесіп шешем жүнін түтіскемін.
«Апа», - деп, «Ә», - деп жылап, аузымды ашып,
Емшектен еңбек қылып сүт ішкемін.

Маңымды сеніменен танығамын,


Сеніменен қуанып, налығамын.
Дене ауырлап, жан жалқау тартқан шақта,
«Уһ» деп шаршап, дем алып шалығамын.

Тілегенім, қорыққаным – бәрі де сен,


Сасқанда да жармасам ойбайыңмен.
Апкәусар болса дағы ұжмақтағы,
Тәттілікті көрмеспін сенімен тең.
Қазақ тілі

Мағжан Жұмабаев

Күш кемiдi, айбынды ту құлады,


Кеше батыр – бүгiн қорқақ, бұғады.
Ерiкке ұмтылған ұшқыр жаны кiсенде
Қан суынған, жүрек солғын соғады.

Қыран құсты қос қанаты қырқылды,


Күндей күштi күркiреген ел тынды.
Асқар Алтай — алтын ана есте жоқ,
Батыр, хандар — асқан жандар ұмытылды!

Ерлiк, елдiк, бiрлiк, қайрат, бақ, ардың, —


Жауыз тағдыр жойды бәрiн не бардың...
Алтын Күннен бағасыз бiр белгi боп,
Нұрлы жұлдыз, бабам тiлi, сен қалдың!

Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кен-тiлiм,


Таза, терең, өткiр, күштi, кең тiлiм,
Тарап кеткен балаларыңды бауырыңа
Ақ қолыңмен тарта аларсың сен, тiлiм!

          Бүгіні сайысымызды қортындылап,жеңімпаз топты марапаттаймыз.

Би: флешмоб: «Жүрегім Қазақ»

Қалағандай қиюлап үй татарын,

                               Балталап бұза алмайсың ұйқастарын.

                               Тіліңнің білгің келсе құдыретін,

                             Жұртыңның оқы өлең ,жыр дастанын

                  Болыңдар сайысқа келген аман бәрің,

                  Келіп тұр Егемендік замандарың!

                  Қазақ болып туғанмын жер үстінде,



                   Және де сол тіл үшін жаралғанмын,-деп ақын ағамыз жырлағандай әрбір Қазақстан Республикасының азаматы ана тілімізге жанашырлық танытып,қадірлей білсек,нұр үстіне нұр болар еді.         

Құрметті ұстаздар,оқушылар,көрермендер!Осымен бүгінгі сайысымз аяқталды. Жарыс болған соң,жеңіс пен жеңіліс қатар жүреді.Жарыста жеңілсек те,өмірде жеңіске жете берулеріңе тілектеспін.
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет