«Тіл болашағы – ұлт болашағы» (өнеге сағаты) Мақсаты



Дата15.09.2017
өлшемі69,31 Kb.
#33934
«Тіл болашағы – ұлт болашағы»

(өнеге сағаты)



Мақсаты: Ұлт болашағы тіл. Тіл болмаса ұлтта болмайды. Олай болса, ана тіліміздің қадір-қасиетін ұғындырып, оны өшпес мұра етіп сақтау, ұрпақтан-ұрпаққа, аманаттап табыстау, жеткізу - бүгінгі біздің міндетіміз. Бүгінгі өнеге сағатының басты мақсаты - оқушыларға тіл туралы, оның қадір- қасиетін ұғындыру.

1. «Ұлт руханиятының өзегі – тіл» (Күні бүгінгі тіліміздің дамуы, өсуі туралы сөз болады)

2. Айтыс өлең:«Тіл мен адамзат» (2 оқушы шығып домбырамен немесе жай өлең түрінде айтысады)

3.«Тіл тұғыры – ұлт ғұмыры» (Айтылған мақал-мәтелдердің мағынасын ашып айту)

4. Қорытынды. Кітап көрмесіне шолу.
1-жүргізуші: 22 қыркүйек Тіл мерекесіне орай өткізгелі отырған «Тіл болашағы – ұлт болашағы» атты өнеге сағатына қош келдіңіздер. Елдің ең қастерлі құжаты – Конституция. Конституция елдігімізді айқындайды, ұлттылығымызды ұлықтайды, тілімізді төрге шығарады. Осы Конституцияның жетінші бабында: «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі» деп көрсетілген.

2-жүргізуші: Сондай-ақ сол бапта «Мемлекет Қазақстан халқының тілдерін үйрену мен дамыту үшін жағдай туғызуға қамқорлық жасайды» делінген. Ата заңның жетінші бабы еліміздегі мемлекеттік тілдің, орыс тілінің, сонымен қатар басқа да тілдердің мәртебесін белгілейді. Бұл құжат, әсіресе, мемлекеттік тілдің орны бөлек екенін әйгілеп тұрады. Жетінші бабты жеті қазынадай қадірлейтініміз сондықтан.

1-жүргізуші: Сол Конституциямызды қабылдағанымызға, міне, биыл он бес жыл толады. Осы он бес жыл ішінде еліміздің іргетасын қатайтты, тілдік ортаның бедерін өзгертті. Тілдік ахуал уақыт өткен сайын жақсарып келеді. Тілдік орта қазақыланды. Қазір кез келген ұлт өкілі өзі қазақша сөйлемесе де, қазақша әңгіменің не туралы екенін ұғып тұрады.

2-жүргізуші: Тіл үйренуге деген ықылас артты. Басқа ұлт өкілдері тілге шындап бет бұрды. Бүгінде, теле бағдарлама жүргізетін өзге ұлт өкілдерін көптеп көресің. Мысалы: Александр Верешак, Майя Веронская, Ирина Ким, Оксана Петерс т.б. Мемлекеттік қызметке екі тілде еркін сөйлейтін жастар келді.

1-жүргізуші: Тіл саясатына деген көзқарас өзгерді. Бұл алынбайтын қамал, игерілмейтін тың, бағынбайтын шың, жібімейтін тоң деген түсініктің пердесі сыпырылды. Тілдің киесі мен жұмыстың жүйесі бір арнаға тоғысты. Өзге тілді халықтар өз балаларын қазақ мектебіне бере бастады. Өйткені олар өз перзенттерінің болашағын қазақ тілімен байланыстырады. Қаншама жылдан бері қайта-қайта айтылып жатқан қажеттілік ұғымы бірте-бірте санаға сіңіріліп келеді.

2-жүргізуші: Елбасымыз «Қазақ пен қазақ қазақша сөйлессін» деді. Бүгінгі күні, қазақ пен қазақ, орыс пен қазақ, сондай-ақ орыс пен орыстың қазақша сөйлесуінің көптеген мысалдары бар... Ендеше, «Тілдерді қолдану мен дамытудың» 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы өз жемісін бермеді деп айта алмаймыз. Енді Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Тілдерді қолдану мен дамытудың» 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы әзірленуде, енді болашақта сол бағдарлама аясында жұмыс істейтін боламыз.

1-жүргізуші: Тіліміздің бүгінгі жай-күйі жайындағы әңгімемізді аз-кем үзе отырып, келесі «Айтыс өлең» бөліміндегі «Тіл мен адамзат» бөліміне өтеміз.

Мұнда екі оқушы айтыс өнерін көрсетеді. Домбырамен болмаса жай ауызша тақпақ күйінде айтады.

Адамзат: Ана тілім, қасиетті, Ана тілім.

Әйгілеген Абайды дала тілім.

Қандай қиын еліңде әлі күнге

Өгей болып қиналып қалатының.



Тіл: Жоқ, қорықпа, ей адам.

Мен өлмеймін жайдан-жай.

Өгей болу маған тек

Уақытша жазылған.



Адам: Өркен жайып дамыдың талай заман.

Мына ғасыр қорлаған қалай жаман.

Құри жаздап қайтадан жандансаңда

Халің мүшкіл жан-жаққа қарайлаған.



Тіл:Қорланғаннан қорықпаймын ей, адам.

Халім мүшкіл ол, рас.

Болашақтан үмітім зор әлі де.

Мені қорғап жастарым және М.Шаханов

Мінбелерден сөйлеуде.

Адам: Өгейсітті, жұтатты ғасыр қатты

Талай жандар менсінбей тосырқатты.

Ана тілім, тамырын танымайтын

Қалай енді жөндейміз жас ұрпақты.



Тіл:70- жылдық боданнан

Кеше ғана босадым.

Өркен жаям әлі де

Ұрпағымның бойына.


Адам:Салтымызда күйзелді, дініміз де,

Демеген соң қазақша білім ізде.

Ұялатын, қорқатын кезде болды.

Көшелерде сөйлеуге тілімізде.



Тіл: Қорықпа сен, Адамзат!

Салтымызда, дініміз, тілімізде.

Әлі талай алға озар.

Ұрпақтарың өз тілінде тақылдап

Үлгі алар талай ел.

Адам: Қабылдадық қуанып заңды бүгін

Дәлелдейді, байлығың, мәнділігің.

Бақытты ғой әр бір ұлт бұл әлемде.

Өз тілінің сезінсе мәңгілігін.



Тіл: Дәл айтасың адамзат

Мен туралы заңда әсем жазылған.

Аясында сол заңның

Арманым мен үмітінді желкен қып

Өркендеймін, өсемін.

Адам: Ана тілім, қиналған, Ана тілім

Атты таңың, сейіліп қара түнің.

Ар намысы халқымның жоғалмаса

Еш күмәнсіз шын теңдік алатының.



Тіл: Иә, теңдік аламын асықпағын.

Тәуелсіз ел көгінде

Желдей есіп жүйіткимін.

Ұрпағымның аузында

Ән боп ұшып шалқимын.

2-жүргізуші: Келесі кезекте: «Тіл тұғыры – ұлт ғұмыры»: Бұл бөлімде қатысушы оқушылар оқылған мақал-мәтелдердің мағынасын айтады. Ортаға 3 оқушы шығады.



Тіл дәне сөз өнері туралы мақал-мәтелдер.

1.Көп сөз ұтпайды, Доп сөз ұтады.

2.Тіл жүйріктен де озады.

3.Өмірден көзің кетсе де, Сөзің кетпесін.

4.Тіл – буынсыз, ой – түпсіз.

Сөз тапқанға қолқа жоқ.

5.Сөз жіп, созсаң кете береді.

6.Шебердің қолы ортақ,

Шешеннің тілі ортақ.

7.Тіл қаруы – сөз,

Сөз қаруы – ой.

8.Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар.

9.Мыңнан біреу көсем,

Жүзден біреу шешен.

10.Сөз сөзден туады

Сөйлемесе неден туады.

11.Қымбат дүние қолға түсе бермейді,

Қымбат сөз ауызға түсе бермейді.

12.Сөйлей-сөйлей шешен болар,

Көре-көре көсем болар.

13.Өнер алды қызыл тіл.

14.Аузы құлып сандықты,

Тіс ашпаса, тіл ашар.

15.Қызыл тіл жанның мияты,

Абырой – ердің қуаты.

16. Көрдім деген көп сөз,

Көрмедім деген бір сөз.

Шешеннің сөзі мерген,

Шебердің көзі мерген.

17.Отыз тістен шыққан сөз,

Отыз рулы елге таралар.

18. Жүйелі сөз жүйесін табар,

Жүйесіз сөз иесін табар.

19. Тұз астың дәмін келтірсе,

Мақал сөздің сәнін келтіреді.

20. Шайқап сөйлеме,

Алды-артыңды байқап сөйле.

Мақал-мәтелдерді өзгертіп пайдалануларыңа болады.
Қорытынды:

Дауға салса, алмастай қиған, сезімге салса, қырандай қалқыған,ойға салса қорғасындай балқыған, өмірдің кез келген орайында әрі қару, әрі қалқан болған, әрі байырғы, әрі мәңгі жас, отты да ойнақы Ана тілінен артық қазақ үшін бұл дүниеде қымбат не бар екен?! – деп, және Ғасырлар бойы қазақтың ұлт ретіндегі мәдени тұтастығының ең негізгі ұйытқы болған –оның ғажайып тілі – деп, Елбасы Н.Ә.Назарбаев ой қозғап, түйін түйсе, халқымыздың қанымен, жанымен жаратылған, ана тіліміздің өркендеуі, дамуы, өсуі, кеңге қанатжаюы сізбен бізге байланысты, құрметті оқушылар!

Ана тілімізді қадірлейік, қастерлейік, келешек ұрпаққа қасиетті мұра ретінде табыстайық – дей отырып, бүгінгі «Тіл болашағы – ұлт болашағы» атты өнеге сағатымызды аяқтаймыз.

(Осыдан кейін Б.Тілеуханның «Елім менің» әні орындалады.)


Пайдаланылған кітаптар.



  1. Қазақтың мақалдары мен мәтелдері. – Алматы: «Білім», 2007.-272б.

  2. Мыңжылдың мақал-мәтелдер.-Алматы. – Өнер, 2009-216б.

  3. Қазақ тілі мен әдебиеті, №5, 2010.

  4. Ана тіл, №11-12, 22, 2010.

Каталог: uploads -> doc -> 007c
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
007c -> Сабақ: Ы. Алтынсарин-қазақ балалар әдебиетінің атасы. Мектеп: М.Әуезов атындағы жом сынып : 9
007c -> Сабақтың көрнекілігі: иннтерактивті тақта, мультимедия, үлестірмелі материалдар, оқулық, сөздіктер, көрнекіліктер
007c -> Дене шынықтыру сабақтарындағЫ Ұлттық ойындардың МӘНІ


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет