«Тіл дамыту орталығының» 2007- 09 оқу жылында атқарған жұмыстарынан хабарлама. «Тіл дамыту орталығы»



Дата25.03.2017
өлшемі90,05 Kb.
#12262
«Тіл дамыту орталығының» 2007- 09 оқу жылында

атқарған жұмыстарынан хабарлама.
«Тіл дамыту орталығы» Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің құрылымдық бөлімшесі ретінде университет ректорының 2007 жылдың 27 қыркүйектегі № 0134-181 бұйрығымен «Практикалық қазақ тілі және құжаттану» кафедрасының жанынан құрылды.

«Орталық» Тіл туралы Заң мен «Мемлекеттік тілді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын басшылыққа ала отырып, төмендегідей қызмет түрлерін жүзеге асырды:

І.Тіл үйретудің интерактивті және инновациялық технологияларының теориялық негіздемесін құрастырып, ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілді:

Кафедра оқытушыларының авторлығымен жазылған «Қазақ тілі» оқулығы және Ұ.Р.Ержанованың «Қазіргі қазақ тілі синтаксисінен» бақылау- пысықтау жаттығулар жинағы басқа жоғарғы оқу орындарында апробациядан өтіп, қолданысқа енгізілді. 2008 жылы баспадан шығаруға республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің (РУМС) шешімін алды. (№7 16 маусым, 2008 ж хаттама және 2009 ж 20 02. №1 хаттама) «Қазақ тілі» оқулығы барлық топтардағы негізгі оқулық болып табылады. Республиканың басқа жоғарғы оқу орындары да осы оқулықтарды көптеп пайдалануда. Сондай-ақ, «Қазақ тілі», «Кең байтақ Қазақстан» атты 2 электронды оқулық шығарылып, сабақтарда кеңінен қолданылып жүр, 3 институттың барлық дәрісханаларындағы компьютерлерге салынды. Қараша айында осы 2 электронды оқулықтың презентациясы өткізілді, ол облыстық телехабарда көрсетілді.

ІІ. Оқытудың интерактивті және инновациялық технологияларын пайдаланып, оқытудың жаңа теориялық әдіснамасы, жаңа инновациялық технологиялар қолданысқа енгізіліп, курстар, тренинг-семинарлар, облыстық конференция ұйымдастырылды:

а) 2008 жылдың 9-10 қаңтар күндері «Мемлекеттік тілді меңгертудің тиімді әдіс- тәсілдері» атты облыстық ғылыми- практикалық конференция және семинар- тренинг ұйымдастырды. Конференция барысында аудан, қала мектептерінің орыс тілді аудиторияларда қазақ тілінен сабақ беретін оқытушылар жиналып, мемлекеттік тілді меңгертудегі өздерінің қолданылып жүрген тиімді әдіс-тәсілдерін ортаға салып, тәжірибе бөлісті. Конференцияға 65 мұғалім қатынасты. Барлығы пленарлық мәжілісте - 5 баяндама, І секцияда - 11 баяндама, ІІ секцияда 13 баяндама тыңдалды. Семинар тренингте 5 интерактивті инновациялық сабақ үлгілері көрсетілді.

ә) «Тіл дамыту орталығының» жанынан «Жаңа бастама» атты облыстық мұғалімдермен бірге әдістемелік бірлестік құрылды. Оған облыстағы алдыңғы қатарлы озық тәжірибесі бар мұғалімдер тартылды. Бұл бірлестік ғылыми-әдістемелік жұмыстар мен мемлекеттік тілді меңгертуде, сондай-ақ, тиімді әдіс- тәсілдерді пайдалануда М.Өтемісов атындағы БҚМУ- нің орыс аудиториясында сабақ беретін мұғалімдерінің әдіс-тәсілдерін тереңдетіп, тәжірибе алмасу мақсатында құрылды. Оның құрамында Ақжайық ауданы, Қ.Байсықов атындағы орта мектептің мұғалімі - Б.С.Ізбасарова- модульдік технологияны қолдануды, қазақ - түрік лицей интернатының мұғалімі Г.Б.Сағитова жаңа технологиялар арқылы оқушының тілін дамытуды, Орал қаласы, № 28 орта мектеп мұғалімі А. Амандәулетова қазақ тілін оқытуда жаңа технологияларды қолдануды, Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледждің мұғалімі Л.М. Карина Қазақ тілі сабағында неміс технологияларының кейбір детальдарын пайдаланудың тиімді екендігін көрсетуде.

2009 жылдың 9 қаңтар күні осы бірлестік қысқы каникул уақытын пайдаланып, семинар- тренинг өткізді.

ІІІ. Тәжірибелік негізде студенттердің білім сапасын және оқытушылардың кәсіби шеберлігін арттыру жұмыстары жүргізілді:

а) 2007 жылдың қазан айында «Бір ел - бір кітап» атты республикалық акцияға «Тілдерді дамыту орталығы» орыс тілді 12 студент қатыстырып, «Абайдың қара сөздерін» мәнерлеп оқудан 10209 топ студенті Пилин Евгений жүлделі орын алып, мақтау грамотасымен марапатталды.

ә) 2007 жылдың 12 қазан күні ғылыми кітапханада «Махамбет – рухани феномен» атты әдеби танымдық кеш өткізілді.

б) 2007 жылдың 26 қараша күні «Мемлекеттік тіл өз дәрежесінде ме?» атты пікір- сайыс өткізілді. Пікір сайысқа Өнер институты мен тарих бөлімінің студенттері қатыстырылып, теледебатта тарих бөлімінің «Жас қыран» тобы жеңіске жетті.

в) 2007 жылдың 28 желтоқсан күні «Мақсатым - тіл ұстартып, өнер шашпақ» атты орыс тілді студенттер арасында қазақ тілінен байқау конкурс ұйымдастырылды. Байқауға 31 студент қатыстырылды.

Үстіміздегі жылдың 27 қараша күні байқауға жаңадан оқуға түскен орыс тілді студенттер үшін 2 - рет өткізілді. Байқауға 18 студент қатынасты.

Болашақта бұл байқауды дәстүрге айналдырып, енді аймақтық деңгейде өткізуге тілек білдіріп, Мемлекеттік тілді дамыту президенттік қорының ұйымдастырып отырған гранттық жобаларына өзіміздің алғашқы жобамызды жолдадық. Ол грантты ұту, ұтпауымыз 15 сәуірден кейін белгілі болады.

2007-08 оқу жылында осы конкурстың жеңімпазы 09212 топ студенті Федориди Марина облыстық байқаудан да, республикалық байқаудан да І орын алып, 250 мың теңге сыйлықпен марапатталды.

Биылғы сайыстың былтырғы жылғы сайыстан өзгешелігі - студенттер Абай шығармаларымен қатар, Шәкәрім шығармаларын орындаудан да сайысқа түсті. Бұл байқау Ш.Құдайбердіұлының 150 жылдығына арналды. Сайыс «Өлең - сөздің патшасы» атты мәнерлеп оқу сайысынан, «Көңілім әнді ұғады» атты Абай-Шәкәрім әндерін орындаушылар сайысынан және «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» Абай мен Шәкәрімге арналған өз шығармаларын ұсынған студентердің шығармашылық сайысынан тұрды. Сайыс қорытындысында І орынды 10207-топ студенті Зрячкина Мария, ІІ орынды 03102-топ студенті Власова Света, ІІІ орынды 10104-топ студенті Ляпина Анна мен 09102-топ студенті Таваева Ириналар иеленді.


ІҮ. 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сай және әлемдік 6 деңгейлі (А,А1,А2,В,В1,В2,С,С1) бірыңғай стандарттық оқыту жүйесі бойынша тіл үйрету курстары ұйымдастырылды:

а)2008 жылдың 18 ақпан мен -30 сәуір аралығында қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәндерінен университет қызметкерлеріне тіл үйренушілер курсы оқытылды. Соңынан барлығына сертификат берілді.

ә) 2009 жылдың 13 наурызынан университет қызметкерлері үшін қазақ тілі курсы басталып, 18 қызметкер 2 топқа бөлініп оқытылуда. Курсты аға оқытушы Н.Даулеткереева өзінің жаңа әдісімен және тілді тез үйренуге арналған «Лексиканы меңгерту» атты оқу құралымен, техникалық құралдар арқылы ағылшын тілін меңгертуге арналған әдіспен жүргізуде.

б) 2009 жылдың 16 наурызынан «Тіл дамыту орталығы» қалалық әкімшіліктің сұрауымен қазақ тілі сабақтарын жүргізуді бастады.


Ү. «Орталық» түрлі облыстық, республикалық байқауларға студенттер даярлауды үнемі жүзеге асырады:

а) 2008 жылдың 10 ақпан күні облыстық тіл департаменті өткізген «Абай оқулары» байқауында режиссура бөлімінің студенті Эльвин Агаев І орын алып, республикалық байқауға қатынасуға жолдама алды. Т. Мартынова- география бөлімінің студенті, Н. Копылова –халықаралық қатынастар бөлімінің студенттері ІІ орынды иемденіп, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

ә) 2008 жылдың 08 тамыз күні «Тілдарын- 2008» атты республикалық байқауға 3 тілді жетік білетін студенттерді таңдау үшін конкурс ұйымдастырылды. Оған университеттен 11 студент қатынасып, солардың ішінен үздік шыққан Мусина Жанат және Максимов Бауыржан 21 қарашада Астана қаласында өткізілетін республикалық «Тілдарын - 2008» байқауына жолдама алды. Осындай республикалық, облыстық, қалалық көлемде өткізілетін шараларға студенттер дайындап, таңдап, оны даярлап жіберу біздің кафедраның басты жұмыстары болып табылады.

б) 2008 жылдың 5 қыркүйек күні «Мемлекеттік тіл- мемлекеттілік нышаны» атты облыстық тіл айлығына бірнеше студенттер қатыстырылып, солардың ішінен Скородумова Лидия І дәрежелі диплом иегері болды. Өзге ұлт жастары арасында қазақ тілін білу деңгейін көтеру мақсатында өткізілген «Мемлекеттік тіл- менің тілім» атты республикалық байқауға қатынасып, мақтау грамотасына ие болды.

«Тіл - адам жанының кілті» атты облыстық конкурста 1 курс студенті Машкова Елена І орын алса, «Мен Қазақстандықпын» атты облыстық байқауда Сорокина Виктория бас жүлдені иеленді.
ҮІ. Студенттерді шығармашылық жұмысқа баули отырып, мақалаларын жариялауға ықпал ету кафедра оқытушысы – К.Жұмашеваға жүктелді. «Өркен» газетіне (№4, 2008) 09104 топ студенті Шайхиев Даниярдың «Махаббат – шынайы сезім» мақаласы мен 10107 топ студенті Рамеева Бэлланың «Қазақ тілін білу – мақтаныш» мақаласы және оқытушының «Орыс тілді аудиториядағы шығармашылық жұмыс» атты мақалалары жарық көрді. (Өркен №4, 2008)

«Өркен» газетінде (№18, 2007) кафедраның жұмысы жайлы «Ұстаз үлгісі» мақасы жарияланды.

ҮІІ. Республикалық оқыту орталықтарымен байланыс жасалып, кафедра оқытушыларының білімдерін арттыру мақсатында 2008 жылдың 17-20 қараша аралығында «Тілдерді дамыту орталығы» Университеттің акт залында ҚР мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы тілдерді дамыту республикалық үйлестіру - әдістемелік орталығының профессоры, филология ғылымдарының докторы Несібелі Жәкенқызы Құрманованы қарсылап, облыстың және жоғарғы оқу орындары қазақ тілі оқытушылары, тіл мамандары, әдіскерлер, мектеп мұғалімдеріне 2 күндік білім жетілдіру курсы өткізілді.

Курстың тақырыптары:



  1. Мемлекеттік тілді жеделдете оқытудың интерактивтік әдістемесі.

  2. Мемлекеттік тілді жеделдете оқытудың интенсивтік әдістемесі.

  3. Мемлекеттік тілді жеделдете оқытудың этнолингвомәдени технологиясы.

  4. Қазақ тілі бойынша мультимедиалық сабақтар жасау және қолдану әдістемесі.

  5. Аударматану: теориялық және практикалық мәселелері.

Курс барысында интернет – сынып, компьютерлік, интерактивті сабақтар көрсетілімі болды. Курсты толық аяқтаған кафедраның 12 оқытушысы сертификат алды.

ҮІІІ. Орталықта әр түрлі тілдік деңгейдегі топтарда ашық сабақтар өткізіп, тәжірибе алмасу, талдау жасау, әдістемелік семинарларда жұмыс нәтижесін көрсету қызметі ұйымдастырылады:

а) «Тілдерді дамыту орталығы» 2007 жылдың 20 – 30 қыркүйек күндері Сырым Датұлының 265 жылдығына арналған « Елім деп еңіреген Сырым баба» атты ашық сабақ онкүндігін өткізді.

ә) 2008 жылдың 20 қыркүйек - 20 қазан аралығында кафедра оқытушылары кесте бойынша осы өлкенің аяулы азаматтары-ақыны мен жазушысы - Т.Жароков пен Х.Есенжановтың 100 жылдық мерейтойларына арналған танымдық ашық сабақтар өткізді. Қазан айында «Ш.Құдайбердіұлының 150 жылдығына арналған «Адамдық борышың» атты 3102 топ студенттерімен оқытушылар А.С.Ниетова мен Г.Еркеғалиеваның ашық сабақтары театрландырылған көріністермен өрнектелсе, оқытушылар Ж.Қадырғалиев пен А.Меңдіғалиеваның университет кітапханасымен бірігіп, «Арманы үндес еді Ақжайықпен» атты ашық сабақтары танымдық және тәрбие сағаттары ретінде интерактивті тақта көріністерімен өтті.

Осы сабақтарды кафедраның аға оқытушысы Н.Алмағамбетова мен Ж.Қадырғалиевтер №41 мектеп оқушыларымен кездесу барысында да өткізді. «Ел қадірін ел білер» атты ашық-танымдық сабақтар экономика институтының 09105 топ орыс аудиторияларында өткізіліп, ол сабақтар қазақтың батыр ұлы- Б.Момышұлының 100 жылдығына арналды.

ІХ.Орталық қызметін жандандыру мақсатында қажетті оқу-әдістемелік және техникалық құралдармен жабдықталған тіл үйрету дәрісханасы жабдықталды. Жаңа инновациялық технологиялар мен оқытудың жаңа әдістері енгізілді. Практикалық сабақтар интерактивті тәсілмен 102 дәрісханада, 222, 223 компьютерлік дәрісханаларда өткізіледі. Ол аудиториялар «Қазақ тілінің 30 сабағы» атты ДВД дискмен, «Жаңа толқын» атты мемлекеттік тілді жеделдетіп оқытуға арналған 6 дискілі кешенді оқу-әдістемелік құралдармен, 2008 жылы кафедра оқытушылары бірігіп шығарған «Қазақ тілі» және «Кең байтақ Қазақстан» атты және «Қазақша үйренейік», «Ресми қазақ тілі», «Қазақ тілінен мәтіндер жинағы» сияқты электронды оқулықтармен, сондай-ақ, Астана қаласынан әкелінген «Сарыарқа» атты оқу-әдістемелік кешенмен, «Қазақ тілін үйренейік» атты ашық сабақтар фестивалімен жабдықталды. Осы аты аталған дискілер университеттің ғимараттарындағы барлық компьютерлік дәрісханаларға енгізілді. «Қазақ тілі» сабақтары мүмкіндігінше осы аудиторияларда инновациялық технологияларды пайдалана отырып өткізілуде.

Х. 2009 жылдың 16- 22 наурыз аралығында университетте «Қазақ тілі» апталығы өткізілді. Апталықтың 1- күні «Тәрбие басы - тал бесік» атты интелектуальды тәрбие сабақтарымен басталды. Апталық 301 дәрісханада салтанатты түрде ашылып, 3 институттың орыс тілді студенттері топтық командалар құрып, блиц сұрақтарға, «Сен білесің бе?» атты проектордан көрсетілген бейне сұрақтарға тез жауап беріп, мақал- мәтелдер жарысы, жарнамалар жарысы, көрермендер сайысы, «Алтық сандық» байқауы, өнер сайысы және топ басшыларына арналған сайыстарға қатынасып, өздерінің ризашылығын білдірді. Апталықтың әр күнінде жеке бағдарламалар бойынша жұмыс істелді. «Ашық сабақтар» күні, олимпиада күндері екі турға бөліп өткізілді. апталықтың соңғы күні - 20 наурызда университет көлемінде «Қош келдің, Наурыз!» атты әдеби- театрландырылған салтанатты кешпен аяқталды. Наурыз мерекесіне де орыс тілді студенттер көптеп тартылды. Кештің сценариясы студенттермен даярланып, қойылым жұртшылыққа ұсынылды.


«Тіл дамыту орталығының жетекшісі: Ұ.Р.Ержанова.

13.03.09.
Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет