Тіл дамытуды қалыптастыру



Дата21.07.2020
өлшемі24,61 Kb.
#63598

Тіл дамытуды қалыптастыру.

Тіл үйренуде ең басты міндет- оқушылардың сөйлеу тілін жетілдіру.Тілдің грамматикасын (оның заңдылығын)білу арқылы оқушылар бір-бірімен сөйлесу, сұрақ қоюды, дилог құрастыру, сыни тұрғыда ойлауды үйренеді. Олардың сөйлеу тілін дамыту үшін өздерін қоршаған заттар,қайда отыр?, не көріп отыр?,ол не үшін қажет? Деген сұрақтарға жауап беретіндей жағдай туғызу қажет. Әдетте, балалар басқалардың айтқан әңгімесін тыңдай отырып, соларға еліктеп өз түсіргендерін(cөз,сөз тіркесі, сөйлемдер) айтуға жаттығады.Демек, оқушыларға бірінші күннен бастап қысқа сөйлемдер құрастырып дағдыландырған дұрыс. Сондай ақ балаларды өз достарының, мұғалімнің, ата аналардың, басқа сынып оқушыларының алдында да сөйлетіп үйреткен пайдалы. Оқушылар қазақ тілінде дұрыс сөйлеп, сауатты жазу үшін мұғалім бағдар беру, өз ойын анық айта білу,естігенін,оқығанын өз сөзімен жеткізу сауатты жазу білу қажет. Олар алғашқы кезде өздеріне таныс емес дыбыстарды меңгереді, талдайды, дыбыстан буын, буыннан сөз, сөзден қысқа сөйлем құрастыруға, оны сауатты жазуға үйренеді. Оқушы, ең алдымен,тілдің дыбыстық құрылысын меңгерту шарт. Ол үшін дыбыстарды дұрыс айтуға жатықтырамыз.Мұғалімнің айтқанына еліктей отырып, қазақ тілінің фонетикасын, сөздерге түсініп екпінді, интонацияны, сөздерді дұрыс оқуды меңгереді, жаттығады. Оқушыларды бір- бірімен сөйлеу мәдениетіне, сөйлеу мәнеріне(дауыс ырғағы, өзін-өзі ұстау, сөйлеушіні тыңдай білу тағы басқалары.)үйрету қажет.Қазақ тілі пәні оқушының жеке тұлға ретіндегі білімділігін жетілдіру мақсатына бағытталады. Тіл үйренуде ең басты міндет оқушылардың сөйлеу тілін жетілдіру.Сөз тілдің құрылыс материялы. Ал грамматика болса сөздердің өзгеруімен сөйлем ішіндегі байланыстың заңдылығын үйретеді,қалаптастырады. Бұл заңдылықтарды білу үшін түрлі сөйлемдер, сөз тіркестері үйретіледі.Сондай ақ «ойланайық», «ойлана, тап»,кластер жасап,Вен диограмма арқылы, жаттығу ойындарын өткізіп отыру шарт.Тілдің грамматикасын білу арқылы оқушылар бір- бірімен сөйлесуді,сұрақтар қоюды,монолог жазуды үйренеді. Ауызекі сөздің жалпы міндеті-сөздің мағынасына түсініп, оны өз сөзінде дұрыс қолдану. Ол үшін сөз қорын молайту қажет. Әр сыныптың бағдарламасына қарай оқушылар жаңа сөздер меңгереді.Оқушыға жаңа сөзді жаттаумен шектелмей, сол сөздерді қатынастыра отырып, қазақша сөйлем құрастыруға баулимын және бағдар беремін.Яғни ,оқушы «неге осылай айтамыз?,қалай айтуға болады?,дұрысы қайсы?»-деген сұрақтарға жауап іздейміз. Оқушының түсінгенін тыңдау арқылы оның сөздік қорын, сөйлем құрастыру дағдысын, мәтін мазмұнын қалай түсінгенін анықтауға болады.Тіл дамыту барлық сыныптарда сабақтың әр кезінде түрлі мақсатта жүргізілетіндіктен оқушылар жаңа сөздерді үйреніп (жаттап) қана қоймай, оны күнделікті сөйлеу процестерінде үнемі қолданып, іске асырап отыруға үйренеді. Мектепте қазақ тілі сабағы сұрақ-жауап, сөйлесу, әңгіме, түсінгенін айту, аударма түрінде өткізіледі. Әр сабақ сайын тақырыпқа сай көрнекі құралдар, түрлі суреттер,кестелер пайдаланамын. Сурет- кестедегі сурет бойынша тек қана қазақ тілінің ерекше дыбыстармен танасып, үйреніп қана қоймай, сол суреттердің көмегімен тіл дамыту жұмысын жұргіземін. Мысал:-көгершін деген сөздің оның суретіне қарап (орыс тіліне аударып)сегіз дыбыстан ішінде ө,і деген ерекше дыбыстар бар, үш буыннан тұратын сөз екенін меңгерумен қатар, суретке қарап біраз сөйлемдер құрастырылады. Суретте не бейнеленген?,Ол қайда отыр? Ол не істей алады? Түсі қандай? Ол ұясын қайда салады ?т.с.с. Оқушыға сыни түрде ой қабілетін күшейту арқылы тілдің даму,ойлау өз ойын жеткізу қабілеттеріне үлкен мүмкіндік беріп оны бағыттаймын. Демек біз сурет кестені барлық сыныптарда қолданып қайталау ,тіл байлығын дамыту жұмыстарын толық қамтаммасыз етуге мүмкін.Сонымен қатар қазақ тіліне тән дыбыстардың айтылу қасиеттерін күшейтеміз.Баланың жасына байланысты күрделендіру арқылы әр алуан ойындар арқылы тіл дамытуды күшейтемін.Ол ойындарда қайталау жаңа сөздердің айтылу ерекшеліктері оқушы санасына толық ауқымды қабылданады,жаңа сөздерді игеру мүмкіндігіне қарай үнемі өткізіп отырамын.

Оқушылардың тілін ширатып қазақша үйретуде, мәтін оқу жұмысының орны ерекше.Тіл дамыту жұмыстарын дұрыс ұйымдастыру оқушылардың ойлау қабілеті мен сауаттылығын артырудың негізгі жолы.Ұтымды ойластырылған сабақтағы методика ,технологиялардың маңызы ерекше қомақты.Мұндай тиімді сабақтар оқушыны жаттандықтан сақтандырады және логикалық ойлау қабілетін күшейтеді .
Каталог: ld
ld -> Шпаргалка на казахском языке по истории Казахстана 100 м қашықтыққа ұшатын, орақ тәрәздә құрал-бумеранг
ld -> Қош келдіңіздер!
ld -> Қазақ әдебиет пәніне тест сұрақтары
ld -> Сабақ: ана тілі Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Әліпенің атасы»
ld -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
ld -> Ақтқбе облысы Байғанин ауданы №3 Қарауылкелді орта мектебі
ld -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин "Өзен" Мұғалімі: 3 "
ld -> Әнші- ақындар шығармашылығы
ld -> Есмағамбет Ысмайлов Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, Адамға зияным жоқ жүрген жанмын
ld -> Өмірбаяны Хронология Қорытынды пайдаланған әдебиеттер


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет