Тіл мерекесі : «Тіл асыл қазынам» Жүргізуші



Дата29.01.2018
өлшемі52,01 Kb.
#36164

  • Тіл мерекесі : «Тіл - асыл қазынам »
    Жүргізуші: Қуаныш бүгін мереке,
    Шуағын шашып тұр әлем.
    Өнердің түскен жолына,
    Жас досым саған мың сәлем.
    Құрметті балалар, қонақтар бүгін сіздер тіл апталығына арналған ертеңгілікке қош келдіңіздер!
    Ертеңгілігімізді әнұраннан бастайық.
    Әнұран
    Қонақ (Ресейден келген)
    -Здравствуйте! Мен Ресейден келдім! Кешіріңіз мен қазақша сөйлей алмаймын. Қазақша үйренуге келдім.
    Жүргізуші: Балалар, амандасайық қонақпен!
    Жүргізуші: Сіз бізге өзіңіздің туған жеріңіз туралы айтып беріңізші?
    Қонақ: Ресей өте әдемі мемлекет. Бас қала –Москва деп аталады.
    Табиғаты өте әдемі. Мен өзімнің туған жерімді сүйемін.
    Жүргізуші: Рахмет, Сіз қазақ тілін үйреніп жүрсеңіз бізде тіл мерекесі өтіп жатыр. Қонақ болыңыз! Біздің балалар Қазақстан туралы сізге айтып береді.
    Жүргізуші:

-Балалар, біз қай Республикада тұрамыз?

-Мемлекеттік тіліміз қандай тіл?

-Балабақшада қай тілде сөйлейміз?
Жүргізуші: Балалар, адамға тіл не үшін керек?
(Балалардың жауабы)
- Дұрыс, тіл адам бір - бірімен тілдесуге керек. Адамдар сөйлеу үшін керек.
Жүргізуші: Біздің Республикамызда көп ұлттар тұрады. 150 ден астам әртүрлі ұлттар тұрады.
- Балалар қандай ұлттарды білесіңдер?
(Балалардың жауабы.)
Жүргізуші:
- Дұрыс. Осы халықтар өз тілдерінде еркін сөйлесе алады. Бірақ біз Қазақстан Республикасында тұрғаннан кейін, біздің мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі болып есептеледі. Осы тілді біз білуіміз, құрметтеуіміз керек.

Жүргізуші: Қазақ тілі – қазақтың ана тілі,
Бірақ оған адам аз бас иетін.
Қазақ тілі – қазақтың дара тілі,
Кейбіреулер түсінбес қасиетін.
Тақпақтар:

(Балдырған тобы)
Өшпейді еш уақытта,

Ата- бабам аңсары.

Қазақ тілі бақытқа,

Жеткізеді баршаны.

Ана тілім менің,

Әлдилеген әнім.

Ана тілім -демім,

Ана тілім – жаным

Ақыл- ойын дананың,

Ана тілден аламын.

Ана тілі ардақты,

Ақ сүтіндей ананың

Тілім барда мақтанам,

Тілім менің аппақ ән.

Бірлігімді бүгінгі,

Ана тілім сақтаған.

Желеп- жебеп піріміз,

Таза болсын дініміз.

Жауқаздай жалындап ,

Өркендесін тіліміз.

Ана тілім, жүрегісің намның,

Жүрек- ана, мен өзіңнен жаралдым.

Сағат сайын саулығыңызды тілеймін,

Сенсіз мынау керегі не ғаламның?



Ән: «Отан ана»

Кейіпкер: «Ана тілі»

Құттықтау сөз:

Ойын: «Сөз мерген»

Шешеннің тілі ..../ ортақ

Тіл тас жарады, тас жармаса ..... /бас барады.

Баланың тілі.... / бал

Өнер алды..... / қызыл тіл

Өзге тілдің бәрін біл ...../ өз тіліңді құрметте

Тіл мәртебесі...../ ел мәртебесі


Жүргізуші: Қазақстанда көп ұлттар турады, олар барлығы тату - тәтті өмір сүруде деп айттық. Ал, қазір өзіміздің ана тіліміз туралы бір ән тыңдайық.

Ән : « Ана тілі»

Тақпақ: (Қарлығаш, Айгөлек тобы)

Ана тілім

Бала шағым, өркенім,

Ана тілім

Болашағым ертеңім.

Ана тілім

Сайын далам ,жер көгім,

Ана тілім

Армна ойым, өрнегім.

Ана тілім -менің ,

Баста бақыт құсым.

Жанымнанда қымбат,

Ана тілім маған.

Ана тілім- елім ,

Қажыр , қайрат, күшім.

Ана тілім – менің,

Баста бақыт құсым.

Ана тілім – анам,

Аппақ қардай арым.

Мұра еткен бабам,

Жарқыраған шамым.

Айгөлек

Ана тілім – ұраным,

Ана тілім – ерлігім.

Ана тілім болмаса,

Бүтінделмес кемдігім.

Ана тілін біліп қой,

Еркіндігің, теңдігің.

Ана тілін біліп қой,

Мақтанымның елдігін.

Ана тілің – арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте.

Ана тілім бал тілім,

Өзің баода шалқыдым.

Өз тілімде ән шырқап,

Термелетіп балқыдым.

Тілім барда мақтанам,

Тілім менің аппақ ән.

Бірлігімді бүгінгі,

Ана тілім сақтаған.

Жүргізуші:
Әр ұлттың өзінің билері бар. Ал біз бүгін өзіміздің қазақ биін тамашалаймыз!

Қазақ биі (қыздар)
Жүргізуші: Мерекемізді жалғастырайық

Ән: «Әрқашан күн сөнбесін»

Жүргізуші:

Іші толған бөлменің,

Ойыншығым мол менің.

Босқа тізіп қоймайсың,

Кел,досым,би билегін.

Би: «Ойыншықтар»
Қонақ: (Ана тілі) Маған өте ұнады. Жарайсыңдар балалар! Сендердің өнерлеріңді көрдім.
Жүргізуші:

Ортақ мекен жер шары,

Төбемізде бір аспан.

Барлық ұлттың баласы,



Достығымыз жарасқан.

Флешмоб: «Достық»


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет