Тіл сабақтарында жазба жұмыстарын ұйымдастыру әдістері османалиева Насиба Равшанбековна Сайрам ауданы, Көлкент ауылы, №65 Ә. Музрапов атындағы жалпы орта мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі



Дата25.01.2017
өлшемі91,22 Kb.
#7703
ТІЛ САБАҚТАРЫНДА ЖАЗБА ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ӘДІСТЕРІ

Османалиева Насиба Равшанбековна



Сайрам ауданы, Көлкент ауылы, №65 Ә.Музрапов атындағы жалпы орта мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі

Қазіргі таңда білімді жаңғыртудың басты мақсаты білім беру жүйесін ХХІ ғасыр қажеттілігіне сай қамтамасыз ету болып отыр. Білім беру саясатының ең бірінші міндеті – жоғары сапалы білім беруге қол жеткізіп, оны өміршеңдік қажеттілікке сәйкестендіру. Соның айғағы болар, жаңаша білім беру жүйесін тереңірек түсіне отырып, сабақты жаңаша жоспарлауға мүмкіндік алдық. Сабақтың мақсатын дұрыс айқындай отырып, «мұғалім – оқушы,оқушы - оқушы» коммуникативті қарым – қатынасын оңтайлы ұйымдастыруға жол ашудамыз.

Осы мақсатты алға қойып, өз тәжірибеме оқытуды жаңаша ұйымдастырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында әрбір сабағымды түрлендіріп өткізу күнделікті дағдыма айналуда, себебі заманауи білім беру – өмірден туып отырған қажеттілік.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халықтары Ассамблеясының рөлін нығайту арқылы Қазақстан халқының мәдени-рухани, азаматтық, қазақстандық отансүйгіштік бірлігін негізге ала отырып, бәсекеге қабілетті және азаматтық тең құқылы қазақстандық халықтарды қалыптастыру барысында халықтар арасындағы мақсатымызды үнемі айтып келеді.

Халық тәуелсіздігінің ең басты белгісі - оның ана тілі, ұлттық мәдениеті. Өзінің ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел өз алдына мемлекет болып өмір сүре алмайды. Дүниедегі барлық халық тәуелсіздікке ұлттық қадір-қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады. Сондықтан, кез-келген мемлекет өзінің аумақтық салт-дәстүрін, ана тілін ерекше қорғайды.

Ана тілін дамыту, қорғау дегеніміз – өз ана тілінде таза сөйлеу және оны жақсы біліп, туған анадай сүю.

Сүйемін туған тілді – анам тілін,

Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.

Шыр етіп жерге түскен минутымнан,

Құлағыма сіңірген таныс үнін, - деп С.Торайғыров ағамыз жырлап өткен.

Қазақстанның білім беру жүйесіндегі басым бағыттардың бірі – жаңаша инновациялық білім беру моделін құру болып табылады. Оқу- білім арқылы шыңдалған тұлға – әлемдік өркениет кеңістігіндегі бәсекеге қабілетті болады. Қазіргі жастар өздерінің алдына үлкен мақсат қоя біледі. Олар шетелде білім алуды армандайды.

Еліміздің қазіргі басты талабы – мемлекеттік тілді меңгеру, туған ана тілін қастерлеу.. Адам баласының рухани байлығы,тәрбиесі,білімі бәрі де ана тілі арқылы жетіледі. Яғни, жақсылық та - тілден ,жамандық та- тілден. «Тілменен түйілген, тіспенен шешілмес» демекші,әр адамның сөздік қоры бай болуы үшін тілін,ой өрісін жан-жақты дамытуы керек. Сол себепті, болашақ ұрпағымызға туған тілін аса қажетті деп ұғындыру ұзтаздың ең басты міндеті болып саналады. "Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды" демекші,жас ұрпаққа саналы,мағыналы,өнегелі тәрбие мен білім беру бүгінгі күннің басты талабы. «Қырық бес жыл ұстаз болсаң да, қырық бес минуттық сабаққа дайындал». Қазіргі техниканың дамыған,жетілген уақытында ұстаз үнемі ізденіс жолында болуы қажет.

Ұстаз үшін ең негізгі мақсат – әр сабағын түсінікті, тартымды, тиімді өткізу. Оны жүзеге асырудың бір жолы – оқушыларға білім беру, тәрбиелеу барысында кеңінен қол данылып жүрген оқушылардың білім сапасын көтеруде жағдай жасайтын сабақты тиімді ұйымдастыруға, атап айтқанда сабақ уақытын ұтымды пайдалануға мұғалім мен оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға көп көмегін тигізетін әдіс – диктанттарды қолдана білу. Мәселен оқушылардың білім сапасын жақсартуда, ой-өрісін кеңейтуде, алған білімдеріндегі кейбір олқылықтарды толықтырып, бұрын өткен материалдарды бір жүйеге түсіру үшін диктанттарды пайдалану өте тиімді. Оқушыларды сауатты жазуға үйретуде түрлі жазба жұмыстардың, әсіресе диктанттың маңызы зор. Тек диктант түрлері грамматикалық ережелерді әр оқушының қалай меңгергенін және не лерді шала білетінін байқатады. Сондықтан диктант қай сыныпта болмасын, неғұрлым жиі алынса, оқушылардың сауаты соғұрлым табысты болмақ. Диктанттар мына түрде болады: әріп, буын, сөз, сөздік, ескерту, шығармашылық, көру, өздік, суретті, терме, графикалық , есту, бақылау диктанттары. Мақсатына қарай оларды өткізудің де тәсілдері түрлі. Оқушыны қатесіз жазуға үйрету үшін мұғалім олардың жіберген қателерін дер кезінде көріп, онымен нақты, тиянақты жұмыс істеуі тиіс. Дұрыс сауатты жазуға төселдіру үлкен шеберлікті қажет етеді. Оқушыларды сауатты жазуға оқытудың алғашқы кездерінен үйрету керек, ол үшін графикалық диктант жүргізген жөн. Мақсатына қарай оларды өткізудің тәсілдері түрлі-түрлі.

Графикалық диктантты сөйлемдегі сөздердің байланысын сызба арқылы көрсету, керісінше берілген сызба бойынша сөйлем құрау сияқты түрлі нұсқада жүргізуге болады. Сонымен, графикалық диктант уақытты аз алады, ауызша практикалық жолмен көп ережені түсіндіруге мүмкіндік береді.

Әріп диктанты бірінші сыныпта алғашқы әріптерді үйренгеннен кейін жүргізіледі. Ол дыбыс таңбасының баспа түрінен жазба түріне аударып жазуға үйрету дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажырата білуге дағдыландыру және көркем жазуын қалыптастыру үшін қолданылады. Мысалы, әріптер салын ған қалта ішінен оқушы кез-келген әріпті алады, магнит тақтаға іледі, дауысты, дауыссызын ажыратады. Ол әріпті баспа түрінен жазба түріне айналдырып жазады. Әріп диктантын мына түрде де алуға болады, мысалы: қарбыз, асқабақ , құс, оқушы, аң.

Суретті диктант. Бұл диктантты түрлендіріп өткізуге болады. Мысалы, суреттегі заттың атын ататып, ондағы сөзде неше дыбыс болса, сонша тор көз сыздыру. Немесе суреттегі заттарды атап, дауысты, дауыссыз дыбыстарды көк не қызыл дөңгелекпен белгілеу, суреттегі заттарды буынға бөлгізіп жаздыру.

Сөздік диктанты. Әріп емлесін өту кезінде белгілі бір сөздердің жазылуын есте сақтау үшін пайдаланылады. Сөздік диктанты өтіліп отырған тақырыпқа байланысты жүргізіледі. Бұл диктант түрін күнде сабақ алдында жаздырып алуға болады. Мысалы, мектеп, оқушы, мұғалім т.б. Сөздік диктантын күрделендіріп алуға да болады. Бірнеше сөздер жаздырып, осы берілген сөздердің жұрнақ, жалғауын сызба арқылы ажыратып шығады. Бұл жерде сөздік диктанты графикалық диктантпен байланысады.

Терме диктант. Бұл диктант түрі белгілі бір ережені оқушылардың қалай меңгергенін байқау үшін сабақ үстінде жүргізіледі. Мұғалім диктант мәтінін оқыр алдында қандай ережеге көңіл аудару керек екендігін ескертеді. Оқушылар мәтінді дұрыс жазбай, мұғалім оқып тұрған мәтіннен әркім өзіне берілген тапсырмаға лайықты сөздермен сөз тіркестерін немесе сөйлемдерді теріп жазады. Мысалы, оқушыларды үш топқа бөліп деңгейлеп тапсырма беру.

І топ: заттың қимылын білдіретін сөздерді теріп жазу.

ІІ топ: тасымалдауға болмайтын сөздерді теріп жазу.

ІІІ топ: қос сөздерді сөздерді теріп жазу.

Өздік диктанты. Оқушылар өтілген материалдарға байланысты әріптер мен буындарды, сөз бен сөз тіркестерін және жекелеген сөйлемдер мен жаттап алған өлең, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал -мәтелдерді естеріне түсіріп, ойлана отырып өз бетінше жазады. Диктанттың бұл түрінің өткенді қайталап, тіл ұстартуда маңызы зор. Мұғалім өздік диктантын қай күні болатынын, нені қайталап келу керектігін оқушыларға алдын -ала ескертіп қояды. Мысалы, көп нүктенің орнына қимылды білдіретін сөздерді жаздыру. Көктем… Қар… Жер… Жаңбыр… Найзағай… Құстар туған жерге… Арықтарда су… Көру диктанты немесе есте сақтау диктанты. Мұғалімдер тәжірибесінде өте пайдалы диктантқа үйрететін жұмыстардың ең бастысы болып есептеледі. Бұл диктант түрі оқушылардың көру, есту, есте сақтау, затты тану сияқты қабілеттерін дамыту мақсатында жүргізіледі. Көру диктанты үшін әріп, буын жеке сөздер мен сөз тіркестері, шағын мәтіндер , жұмбақтар, мақалдар жаттауға берілген өлеңдерді алуға болады. Диктант мәтіндері үзілісте тақтаға немесе үлкен қағазға жазылады. Оларды оқушылардың екі - үш рет оқып шығуына көріп жадында сақталуына 1-2 минут уақыт беріледі. Содан кейін мұғалім оны жауып қояды. Оқушылар тақтадан мәтінді есіне түсіріп, дәптерге жазады.

Бақылау диктанты. Бұрын өтілген материалдарды оқушылар қандай дәрежеде меңгергенін және сауаттылық деңгейінің қандай екенінің анықтау мақсатымен жүргізіледі. Бұл диктант белгілі бір тарауды оқып бітіргеннен кейін өткізіледі. Диктант тақырыбы тақтаға жазылады да, алғашқы сөйлемнің бірінші сөзі жаңа жолдан басталатыны ескертіледі. Диктант мәтінінде кездесетін жазылуы қиын немесе ережелері өтілмеген сөздерді мұғалім үзілісте тақтаға жазып қоя ды. Диктант мәтінін мұғалім екі рет дауыстап оқып, жазылуы қиын сөздерді тақтадан қарап алуын ескертеді. Егер диктант мәтіні жеке сөздермен сөз тіркестерінен немесе байланысты сөздерден құралған болса, мұндай мәтіндердің әрбір сөзі мен сөйлемін мұғалім 3 рет қана қайталап оқиды. Мұғалім оқушылардың түгелдей жазып отырғанын қадағалап, ең баяу жазатын оқушы бітісімен келесі сөйлемді оқиды. Оқушылар түгел жазып болғаннан кейін мұғалім мәтінді бастан аяқ тағы бір рет оқиды. Осы кезде оқушылар өз жазғандарын мұғалімге ілесе отырып тексереді. Қатесі болса түзетеді. Диктантты өткізуге қойылатын жалпы талаптар: диктант тақырыбы тақтаға жазылады да, алғашқы сөйлемнің бірінші сөзі жаңа жолдан басталатыны ескертіледі; диктанттың өткізілетін түрі екі-үш күн бұрын оқ ушыларға айтылып, оған оқушылардың қалай дайындалуы керек екендігі (қайталау, жаттау, т.б.) ескертіледі; диктант үшін ұсынылатын текстер орфографиялық тұрғыдан таныс, яғни өткен сабақ материалдары негізінде алынады. Егер текст құрамында өтілмеген емле, тыныс белгілері немесе айтылуы мен жазылуы қиын сөздер кездессе, олар түсіндіріліп, тақтаға жазылады; диктанттың қай түрі болсын текст орфоэпиялық заңға сүйеніп, кідіріс (пауза) жасап, негізінен үш рет оқылады; тексті жазбас бұрын оқушыларға оны бар ынта-зейінімен тыңдап, мазмұны бойынша жазу, ауыр тиетін сөздерді қадағалап отыру тапсырылады; оқылған дыбыс, буын, сөз және сөйлемнің мән -мағынасын түсініп, іштей қайталап, қалай жазылатынын еске түсірген соң барып жазуға кіріскен жөн. Шала естіп, мағы на, мазмұнын түсінбей қалған оқушы мұғалімнің екінші рет оқуын күтеді. Диктант жазу үстінде қасындағы жолдасының дәптеріне қарауға болмайды. Одан немесе мұғалімнен не жазу керектігін сұрап, кедергі жасауға тыйым салынады; мұғалім мәтінді ең баяу жазатын оқушының үлгеріп жазу жылдамдығын сақтап оқиды; диктант жазылып болған соң мұғалім мәтінді тағы бір рет түгел оқып шығады. Оқушылар жазғандарын мұғалімнің оқығанына ілесе тексеріп, қалып қойған сөз, әріп болса, қол көтеріп сұрап, мұғалімнің қайталауымен толықтырылады; ең соңында оқушылар жазған текстерін өз беттерімен тексеріп шыққан соң, диктант дәптерлері жинап алынады.

Бүгінгі мектеп тәжірибесінде жас ұрпақты шығармашылық жазба жұмыстарға үйретудің аса жеңіл де тиімді әдістемелері аз емес. Шығарма жазуға дайындық жұмыстарын бірінші сынып оқушылары оқу жылының екінші жарты жылында бастайды. Оқушылар шығарма жазғанға дейін мына дағдыларды игеруге тиіс: Мысалы, бірінші сыныпта берілген суреттердің мазмұнына қарай жүйелі ойды білдіретін сөйлемде шағын шығарма әңгіме құрап айтуға және жазуға жаттықтыру. Оқушылар сурет мазмұнына байланысты сөйлемдер құрайды, шағын әңгіме жазып шығады. 2-сыныпта шығарма жазу жұмысы оқушылардың көрген -білгендері және сюжетті сурет бойынша жаздырудан басталып, бірте-бірте күрделене береді. Шығармадағы сөз, сөйлем саны арт ады. Грамматикалық ережелерге көбірек көңіл бөлінеді. 2-сыныпта оқушылармен мынадай жұмыс түрін жүргізуге болады. Оқушыларға сұрақ қойылады: Балалар «Күз» дегенде қандай көрініс көз алдарыңа елестейді? Сол күз көрінісін бейнелейтін мына бірнеше суреттерден іріктеп алуларыңды сұраймын. Балалар сонда күз деген сөздің құстардың ұшып бара жатқанын, күзгі жылы киімдерді, ағаштарға жапырақтардың сарғайып тұрғанын, жеміс -жидектердің піскені туралы суреттерді таңдап ілулері керек. Соңынан осы суреттерге қатар шығарма жазады. Шығарма жұмыстарын магнитофон арқылы жүргізуге болады. Магнитофон арқылы жүргізілген шығарма оқушыларды ізденгіштікке ұмтылдырады. Ой-өрісі, ұғымын кеңейтеді, байқампаздығын дамытады, құбылыстарды шынайы бағалай білуге үйретеді, және де оқ ушылардың толық фантазиялық еркіндігін қалыптастырады. Шығарма мен мазмұндамаға қойылатын әдістемелік талаптардың орындалуын мұқият бақылауға алу керек. Ол талаптардың негізгілері мынандай: берілген тақырыпты мазмұнын ашып көрсете білу, оқушы өзіне жинағ ан материа лын берілген тақырыптағы негізгі ойды анықтайтындай етіп іріктеуі қажет; - шығарма ұсынылған материалдың идеялық мазмұнын белгілі бір ретпен жүйелі түрде баяндауға тиіс; артық сөз, қыстырма сөз қолдану, бір сөзді бірнеше рет қайталануы сияқты кемшіліктерге жол берілмеуі тиіс; жазба жұмыстарының орфографиялық, пунктуациялық, лексикалық қателерін оқушы мұқият қарап тексеріп шығуы тиіс. Бастауыш сыныптарда оқушыларға мазмұндама, шығарма жаздыру барысында оқушылардың өз жазғандарын өздеріне тексерту, түзеттіру жұмыстары жүргізіледі.

Қорытып айтқанда,оқушыларға өз жазғандарын сын көзбен қарап шығып, жазу барысында түрлі себептермен жіберген қателерін түзету керектігі түсіндіріледі. Менің байқағаным, бастауыш сыныптарда шығармашылықпен жұмыс істеуге үйренген оқушы ж оғарғы сыныптарда шығармашылық жұмыстың қай түріне болсын бейім болады және дұрыс жол табу үшін дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге тырысады.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. «Нәтижеге бағытталған білім беруде жеке тұлғаны қалыптастыру» тақырыбындағы педагогикалық оқу материалдары. Алматы, 2006ж



2. Педагогикалық ізденіс, - Алматы: Рауан 1990 ж.

3. Гальперин П.Я. Психология мышления и учение о поэтапном формировании умственных действий.-М.: Наука, 1966 г.-277 с.
Каталог: materialy -> makala
makala -> С. торайғыров шығармашылығы дуйсебаева Жанар Канатовна, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Созақ ауданы, Т. Момбеков атындағы жалпы орта мектебі
makala -> Тарих пәнінен білім берудің сапасын жетілдіруде әр түрлі тапсырмаларды қолданудың маңызы
makala -> Ана тілі пәнінде интербелсенді оқытудың Қолданудың тиімділігі
makala -> Қазақ тілі сабағында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту
makala -> 1. Отан, туған жер туралы
makala -> Бөрібай Ұлбосын Арыс қаласы «Жиделі» жом қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Көркем әдебиеттің өмір танытушылық маңызы
makala -> Нартаева Нилуфар Абдувахабовна
makala -> Кансеитова Алтынай Баглановна Төлеби ауданы, Ақбастау ауылы, Ақбастау жом, бастауыш сынып мұғалімі
makala -> Әкімбаев Бақытжан Әбдіқадырұлы Игембаева Бибигул Сарсенбиевна білім беру ұйымдарында оқушылардың функционалдық шығармашылығын дамыту


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет