Тілдік қатынастың ғылыми негіздері



Дата27.05.2018
өлшемі229,73 Kb.
#40866
Тілдік қатынастың ғылыми негіздері.

Тілдік қатынас күрделі қоғамдық-әлеуметтік құбылыс бола келіп, көптеген ғылым салаларымен тығыз байланысты. Бұл саланың басқа ғылымдар негізінде қалыптасып, тіл білімінде жетекші орын ала бастауы - кейінгі жылдардың жемісі. Сондықтан тілдік қатынас мәселесінің түпкі тамырларын белгілей отырып, оның ғылымдағы орнын және онымен тікелей байланысты ілімдермен ара қатысын айқындаған жөн.

Тілдік коммуникацияның лингвистикалық негізі қарым-қатынас құралы тілге байланысты екені анық. Лингвистика тіл туралы ілім болса, тілдік қатынас сол тілдің қарым-қатынасқа қатысты ерекшеліктерін қамтиды.

Тілдік қатынас /ТҚ/ қатысымдық тұлғалар арқылы жүзеге асады. Оның қоғамда алатын орны тілдің атқаратын қызметінен көрінеді. Қатысымдық тұлғалар тіл ғылымының салалары — лексикология, семасиология, грамматиканың зерттеу объектілерімен қатар қолданылады. Қатысымдық тұлғалар мен тілдік тұлғалардың өзіндік ара қатысы, байланысы бар.

Сонымен қатар тілдік қатынастың негізі — сөйлеу, адамдардың сөйлесу процесі. Осы сөйлесу, ұғынысу тікелей тілдік бөлшектердің қатысымен іске аса келіп, қатысымдық тұлғалардың қызметі нәтижесінде болады.

Сөйлеу процесінде басты орын алатын — сөз бен сөздің байланысы, грамматикалық формалар мен мағыналар, сөздердің тіркесі, сөзжасам — осының бәрі тіл білімінің салаларында қарастырыла келіп, грамматиканың дамуына қанша әсер етсе, тілдік қарым-қатынасқа, сөйлеуге до сонша ықпал етеді.

Лингвистикалық заңдылықтар мен грамматикалық ережелерді үйренбей тұрып, адам өз ойын дұрыс жеткізе алмайды, сол тілде сөйлей алмайды. Бір-бірімен байланысқа түспесе, белгілі бір сөздердің тобы қаншама көп болғанымен, ой түсініксіз болады. Айтайын деген ой ұғынықсыз болса, оны екінші адам түсінбесе, тілдік коммуникация да жүзеге аспайды.

Адамдар арасындағы тілдік қарым-қатынас сөздік құрам мен сөздік қордың мол болуына қарай еркін жүзеге асады, түсінісу тез жүреді. Лексикалық қор тілдің өсуімен бірге тілдік қатынастың мүмкіндігін арттырады.

Лингвистиканың қай саласындағы қағидалар мен заңдар болсын тілдік қатынастың қағидаларымен тығыз бірлікте дамиды және оған әсер етеді.

Тілдік қатынастың қоғамдық негізі қарым-қатынас құралы тілдің қоғамдағы ролі мен мәніне байланысты.

Қазақ тілінің қатысымдық ерекшелігін зерттеуде

оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру, қазақ тілінің қоғамдық мәнін жете түсіндірудің ерекше маңызы бар. Бұл -біріншіден, жалпы дүниеге деген қоғамдық-ғылыми көзқарастың негізінде танылса, екінішден, қазақ тілінің қоғамдық-әлеуметтік қатынас құралы ретінде алатын орнына байланысты қарастырылады.

Кез келген тіл, сол сияқты қазақ тілі — «адам қатынасының аса маңызды құралы» бола келіп, адамзаттың бір-бірімен түсінісу, пікір алысу, сөйлесуіне жол ашып қана қоймайды. Сонымен қатар ішкі, сыртқы қоғамдық жағдайларға әсер етеді, халыққа қажетті әлеуметтік, экономикалық істерді аңғаруға мүмкіндік жасайды; бірлесіп еңбек етуге дәнекер болады; қоғамдық-саяси күштердің өз мақсаттары үшін күресуіне қызмет ететін саяси құралы болады. Сөйтіп, жалпы көпшілік қауым мен саяси топтар арасындағы көпір болып табылады.

Қоғам мен табиғаттағы ең күрделі құбылыс адамзаттың ой-санасы мен тілі болғандықтан, адамның ойлау жүйесі де, сөйлесе білу қабілеті де — ерекше қоғамдық мәні үрдістер.

Адамның ойы мен санасы қаншама күрделі болғанымен, тілсіз ой жүзеге аспайды. Сондықтан да тіл - қоғамдық объективті шындықты танудың, оны өмірде пайдаланудың құралы болып табылады.

Қазіргі қазақ тілі қандай қоғамдық-әлеуметтік

ерекшеліктерді басынан өткізбеді? Қоғамдық-әлеуметтік

кезеңдердің қай-қайсысына болсын қазақ тілі қазақ халқының ана тіліне тән әлеуметтік мәнінен айырылмауға тырысады. Басқа ұлт өкілдеріне қазақ тілін оқыту, үйрету барысында, біріншіден, оның ертеден дамыған тарихы барын, әдеби тіл дәрежесіне көтерілген салаларын, жазба тілге тән т.б. басты қасиеттерін түсіндіру қажет.

Екіншіден, қазақ тілінің сол халықтың сөйлесу құралы болуымен қатар, басқа ұлт өкілдерімен қарым-қатынас жасауға негіз болатын, ұғынысуға, пікірлесуге жол ашатын ұлтаралық қатынас құралы екеніне баса назар аудару керек.

Үшіншіден, қазақ тілінің қатысымдық сипаты оның ел аралық қатынаста қолданылатын қоғамдық мәнінен және ресми іс-қағаздарда жүмсалатын әлеуметтік қызметінен көрінеді.

Төртіншіден, қазақ тілі - қоғамдағы барлық салаларда пайдаланылатын мемлекеттік дәрежеге жеткен қарым-қатынас құралы. 

Бесіншіден, ол — рухани мәдениет пен өркениет өнер жолында қолданылатын, адамның сезімі мен көңіл-күйін жеткізетін құрал.

Сол сияқты қазақ тілінің ең басты қатысымдық қасиеті -бір ұлт пен екінші ұлт өкілдерінің өзара түсінісуіне, ұғынысуына жол ашу, қарым-қатынас құрал ретінде бүтіндей қоғамға қызмет ету.

Қазақша тілдік қатынас пен оқыту әдістемесі тіл ғылымының қоғамдық мәні мен тәрбиелік маңызын қатар үйретуге тырысады.

Тілдік қатынастың педагогикалық негізі — табиғат пен қоғамдағы ерекше құбылыс адамға, оның өмірдегі орнына, тілдік қарым-қатынасына байланысты.

Көптеген әдебиеттерде белгілі бір ғылымның не процестің педагогикалық негіздеріне оқытуға қатысты білім жүйесі, оның сандық көлемі /сағаты/, білімнің мазмұны мен сабақтың әдіс-тәсілдері жатқызылып жүр.

Ғылымның дамуы мен оқыту жүйесінде бұл айтылғандардың атқаратын маңызы зор. Білім жүйесі, көлемі мазмұны, әдістер әр процестің ілгері басуына ықпал ететін нақтылы мәселелер бола келіп, істің мәнін анықтайды. Олардың тілдік қатынасты меңгеруде де алатын орны ерекше.

Педагогика адам тәрбиесіне тікелей қатысты болғандықтан оның адамдар арасындағы қарым-қатынасқа да әсері мол. Тілдік коммуникация адамдардың тіл арқылы түсінісуін қамтамасыз етіп қана қоймайды, сонымен қатар жалпы адамға тән қасиеттерді меңгеруге көмектеседі. Олар /адамдар/ бір-бірімен сөйлесумен, пікірлесумен шектелмейді, тілдесудің нәтижесінде бірінің жанын бірі ұғады, бірінің сезіміне, мінезіне екіншісі әсер етеді. Сөйтіп, жалпы адамзаттың тәрбиелік жүйесі қалыптасады.

Тілді оқыту тілді үйретумен бірге адамды тәрбиелеумен қатар жүреді. Белгілі бір тілді басқа ұлт өкілдеріне үйрету арқылы біз тілдік қарым-қатынасты ғана емес, адам мен адам, ұлт пен ұлттың арасындағы қарым-қатынасты да жолға қоямыз, тілді меңгерумен қатар сол елдің мәдениетін, тарихын, әдебиетін, өркениетті жақтарын да үйретуге тырысамыз. Немесе тілді үйрету барысында оның тәрбиелік мәнін де естен шығармаймыз.

Тіл арқылы оқушылардың іскерлігін, сөйлеу дағдыларын, әдептерін қалыптастырамыз.

Осы тұрғыдан келгенде, тілді үйретуге бөлінген білім көлемі неғүрлым көп болса, мазмұны қаншалықты сапалы болса, әдіс-тәсілдері неғүрлым тиімді болса, адамдар арасындағы тілдік қарым-қатынас соғүрлым жан-жақты болып, тілді үйренудің нәтижесі терең болады.

Тілдік қатынастың психологиялық негізі тіл арқылы ойды айту, жеткізу, қабылдау, сезіну құбылыстарымен байланысты.

Сыртқы объективтік шындықтың әсерінен адамның есту, көру сезімдері дамып, адамның ойлау қабілеті артады. Ойлау тіл арқылы сыртқа шығып, тіл адамның ойын жеткізуші құралдың ролін атқарады.

Белгілі бір тілде сөйлеу үшін адам тілдік құралдарды саналы, дұрыс пайдалана білу керек. Оны дұрыс қолданудың ережелері көзбен көру, қүлақпен есту, мимен ойлау арқылы іске асады.

Адамның ойлау жүйесіне байланысты болғандықтан, тілдік коммуникацияның психологиялық негізі күрделі болады. Ойлау жүйесінің нәтижесінде тілдік және қатысымдық тұлғалар дұрыс қолданылып, тілдегі сөйлесім әрекеті маңызды роль атқарады. Сондықтан тілді үйретуде әрбір оқушының жеке қабілеті, саналылығы еске алынып, жан-дүниесі ескеріледі, оның ойлау дағдысын бекітуге күш салынады. Тілдік қатынастың психологиялық негізі — тілді оқыту барысында оқушының сана-сезіміне әсер етіп, оның қажеттігі мен маңызын түсіндіріп, пәнге деген дұрыс көзқарасты қалыптастыру. Сонымен, тілдік қатынастың ең басты психологиялық негізі тіл, ойлау және сөйлесім құбылыстарына келіп тіреледі.

^ III.1. Тіл мен ойлау

Tiл мен ойлаудың ара қатынасы жөніндегі мәселелер көптеген ғалымдарды ойландырады.

Мәселен, Б.В.Беляев «Очерки по психологии обучения иностранным языкам» деген еңбегінде тіл мен ойлауды қарастыра келіп, осы екі процесс бірлікте болу керек деп есептейді. Ол барлық адамдардың сөйлеу құралдары бірдей болмаса, олардың ойлау қабілеті де бірдей болмас еді: «...если язык и мышление едины, и если языковые средсвта разных языков не одинаковы, то же могут быть рождественными и мысли».

Б.В.Беляевтің пікірінше, барлық адамдардың ойлау жүйесі: ұғым, пайымдау, тұжырымдау мен ойлау процесі: салыстыру, қорыту, талдау - бірдей; тек ойлау мазмұны ғана әр халықта әр түрлі. Осыдан шығатын қорытынды: тілге ойлауға үйрету керек. Және ұғымды түсіндіру қажет.

В.А.Артемов ойлау мен тілдің айырмашылығы сөздердің семантикалық шеңберінің бір-бірімен сәйкессіздігінен, олардың мағыналарының түрліше қабылдануынан деп санайды. Ол адамдардың әр түрлі тілде сөйлеуі сөздердің түрліше аталуынан деген тұжырымға келеді.

Бұл автор тіл ойлаумен болмыстағы заттар мен құбылыстар арқылы байланысты болады, өйткені адам осы құбылыстарды кездестіргендіктен, оларды белгілі бір сөздермен атауға тиіс деп есептейді. Оның пікірінше, әр ұлт, әр халық заттарды, табиғат құбылыстарын т.б. түрлі сөзбен айтады, сондықтан тіл де әр түрлі болады.

Н.И.Жинкин ойлау, әрине, сөз арқылы бейнеленеді дей келіп, екінші бір бөтен тілді үйренгенде ойлау ешқандай ана тіліне де, ұлттық тілге де қатысты емес, ол әр адамның өз жеке басына байланысты ерекше тілде дамиды деп түсіндіреді.

Н.И.Жинкиннің пікірі шет тілін үйрету үшін сөйлеуге үйрету керек, ал оқушы /үйренуші/ өз тілінде ойлай берсін, ең бастысы ойлау емес, сөйлеу дегенге саяды. Бұл автор, негізінен, болмыстағы объективтік құбылысты өз бетінше қабылдауға көңіл аударады.

Адам өзінің ана тілінде сөйлегенде, көп қиналып, ойланып жатпайды. Өйткені оның бойында кішкене кезінен бастап қалыптасқан сөйлеу дағдысы бар, сол сөйлеу жүйесінің тілдік құралдары — сөз бен сөйлемді - дайын единица, дайын материал ретінде пайдаланады. Ана тілінде сөйлеу үшін де, әрине, ойлау мен пайымдау керек, өйткені объективтік шындық, яғни табиғат құбылыстары туралы ұғым сөз арқылы, пайымдау сөйлем арқылы тілмен жеткізіледі. Ойлау тілмен жарыққа шығады, сөйтіп, ой тілдегі единицалар арқылы /сөз тіркесі, сөйлем т.б./ екінші біреуге түсіндіріледі.

Арнайы сөз еткен мәселе: ол ойлау мен сөйлеудің басқа
ұлт өкілдеріне ана тілін емес, екінші бөтен тілді үйретудегі,
оқытудағы ерекшелігі. Бұл ретте екінші бір тілді үйрету
үшін, оның тілдік единицаларын дұрыс қолдану үшш оилау
жүйесіне де әсер етуге тура келеді. Шет ілін үйретуте
байланысты ойлаудың алатын орнын Е.И.Пассов басқаша
түсіндіреді. Оның ойынша, тілге үйрету үшін алдымен ойлауга
үйрету керек, яғни белгілі бір тілді оқытудан бүрын дұрыс
ойлауды оқытуға тура келеді. Өйткені, ол екінші бөтен тілді
үйрену барысында сөйлеуден бүрын ең алдымен ішетй сөйлеу
әрекеті / «внутренняя речь»/ пайда болады деген

пікірді жақтайды да, ойлау мен сөйлеуте қатысты барлық процесті соған әкеліп тірейді: «Внутренняя речь /ВР/ присутствует и в рецептивных, и в продуктивных речевых процессах, когда мы слушаем речь других, у нас возникают так называемые речевые кинестезии /скрытые речедвижения/; они падают сигналы в мозг, где возбуждаются соответствующие стереотипы, что и приводит к понимани».

Іштей сөйлеу дегенімі- /внутренняя речь/, автордың айтуынша, адамның басқа, бөтен тілде сөйлер алдындағы миындағы айтар ойын қүрастыруы. ОЛ айтар сөйлемін ойда жинақтап, іштей қүрастырып алып, сонан кейін оны бір ғана сөзбен, немесе дауыс ырғағымен кейде тіркеспен жеткізуі мүмкін. Мұнда айтылар ой күрделі, сөйлем бірнешеу болуы мүмкін, бірақ ерекше бөліп жеткізілген бір сөз, не көп сөйлемнің орнындағы бір тіркес, не бір сөйлем бәрінен хабардар етеді. Сөйтіп барып, үлкен ақпарат келесі адамға түсінікті болады. «Іштей сөйлеудің» бір ерекшелігі осы.

Е.И.Пассовтың пікірінше, ойлау екі қызмет атқарады: танымдық және қатысымдық. Танымдық үдеріс ретінде ойлаудың қолданатын құралы - тіл. Сол сияқты ойлау сөйлеу де, басқа тілге үйренуде де өзінің қатысымдық қызметін атқарады. Осы ретте де ол /ойлау/ тілмен де, сөйлеумен де тығыз байланысты. Осылардың бәрінің бірінсіз бірінің күні жоқ, өзара бір-бірімен байланысты.

Осындай пікірлерді айта келіп, ол былай дейді: «Из многих функции языка здесь важно упомянуть главную — коммуникативную, т.е. его способность служит средством общения. Нужно заметить, что язык как средство общения не полностью адекватен языка как орудию мышления».

Сонымен қатар Е.И.Пассовтың ойлау процесі туралы мына тұжырымына да көңіл аударуға болады: «Мышление вообще не связано с речью непосредственно, их связь осуществляется через внутренюю речь.

Язык как система знаков тем более не идентичен мышлению, ибо он прежде всего орудие мышления»

Ойлау процесі іштей сөйлеуге, яғни ойды іштей жинақтауға ғана байланысты емес, ол — сана мен тілге қатысты күрделі процесс.

Тіл мен ойлаудың лингвистика ғылымында алатын орны мен өзара қатысын әр ғалым өзінше қорытады. Мәселен, бұл туралы Э.Бенвенист: «Углубляясь в природу языка, вскрывая его связи как с мышелнием, так и с поведением человека... лингвистические исследования начинают проливать свет на глубинное функционирование сознания в разнообразных мыслительных операциях», - десе, көрнекті тілші, ғалым Фердинанд де Соссюр былай дейді: «Характерная роль языка в отношении мысли не заключается в создании материального звукового средства для выражения идей, но в том, что он служит посредником между мышлением и звуком и притом таким образом, что их объединение неизбежно приводит к обоюдному разграничению единиц».

Жоғарыдағы авторлардың іштей сөйлеу процесіне ерекше мән беруі ойлау мен тілдің өзіндік ерекшеліктерін көрсетеді. Жалпы ойлап қарасақ, іштей сөйлеу деген нақтылы процесс жоқ, іштей ойлау деген ұғым да, процесс те бар. Бірақ әр автор оны қандай деп атағысы келсе, ол - әркімнің өз еркіндегі нәрсе. Е.И.Пассов айтқандай, шет тілін оқыту үшін, алдымен ойлауды оқыту, үйрету керек дегеннен мынаны тұжырымдауға болады.

Біздіңше, бұл процесс адамға ойлауды үйрету үшін емес, сөйлесу процесін түсінікті ету үшін, пайымдауды дұрыс

ұйымдастыра білу қажет. Ол — дұрыс сөйлеуге дайындық

жасау. Мұнда ойлауды оқытудан гөрі әр тілдің грамматикалық ерекшеліктерін, соның ішіндегі ең қажеттісін қалай тиімді пайдалану керек — соны үйретуге ойды шынықтыру қажет. Өйткені, әр тілдің өзіндік ішкі құрылымдық өзгешелігін жете меңгермей, біз сол тілде еркін сөйлей алмаймыз. Тіптен еркін емес, өз ойымызды аздап болса да жеткізе алмаймыз. Тіптен еркін емес, өз ойымызды аздап болса да жеткізе алмаймыз. Сондықтан да әр ұлттың тілдік ерекшелігі оның сөйлем қүрау сипатынан көрінеді. Мәселен, орысша оқыған қазақтың баласы қазақша сөйлесе, ең алдымен ойын «іштей сөйлеу» арқылы орысша қүрастырып алады да, оны тура сол қалпында қазақша аудара салады. Соның нәтижесінде орысша ойлаудан шыққан құрылымы қате қазақша сөйлемдер пайда болады.

Сонымен қатар екінші бір тілде сөйлеу мен ойлаудың арасындағы ерекшелікті мынадан көруге болады. Мысалы, жаңадан тілі шығып келе жатқан сәби өз ойын жеткізу үшін, сөйлемді толық айтып жатпайды, сөйлемнің ішінен ең маңызды, айтар ойын жеткізетін сөзді не тіркесіт ғана айтады. Бірақ сол бір ғана сөзге қарап үлкендер баланың айтайын деген бүкіл ойын түсінеді. Мысалы:

Маған ана шайды әпер, - деп айтудың орнына сәби ыдысты көрсетіп, «шай әпер» деуі мүмкін, немесе «менің шай ішкім келеді» деудің орнына «шай ішем» деуі мүмкін т.б. Тіптен алғашқы кезде сәби сөйлемге енетін сөздердің кейбіреулерін білмеуі де мүмкін, сөз байлығындағы «алам, ішем, кел, бар» т.б. деген сияқты сөздер арқылы-ақ ойын дұрыс жеткізе алады. Мұның өзі тілді меңгере бастаған баланың ойлау қабілеті барлық сөз тізбектерін қатар білуге байланысты емес, соның ішінде ең қажетті дегендерін іштей сезіммен таңдап алып, соларды үйреніп, сосын осы сөздерді жиі қолдана келіп, оны біресе сөз тіркесінің, біресе сөйлемнің орнына жұмсайтындығын дәлелдейді.

Сондай-ақ ересек адамдар да өз ана тілінен бөтен, әсіресе генеологиялық жағынан басқа тілді үйренгенде, ең алдымен, күнделікті тіршілікке қажет тіркестер мен сөздерді жаттауға тырысады. Ол аяқ астынан белгілі бір жағдайға байланысты жалғыз өзі шет жерде жүріп қалса, тілі жетпегендіктен, айтар ойын сөйлем арқылы емес, бір сөзбен, не өзі білетін тір тіркеспен жеткізуге тырысады. Бүндай жағдайда адам ойын айтар ұғымына емес, сол өзі жеткізуге тырысып түрған ортаның, ұғымының ең маңыздысына, ең қажеттісіне бөледі де, соны дәл бейнелейтін сөзді, не тіркесті ойлап, айтуға тырысады.

Тіл — табиғатпен тығыз байланыста жаратылған ерекше құбылыс. Ол өзіндік ерекшеліктері мен заңдылықтары түрғысынан табиғат пен қоғамның қалыптасуына, дамуына әсер етеді. Тілдің өзіне ғана тән әлеуметтік, қоғамдық сипаты бола түра, ол жалпы табиғи процестерден, табиғат пен қоғамнан тыс қарастырылмайды, қайта сол жалпы зандылықтармен тығыз бірлікте қарастырылады.

Тілдің қатысымдық қасиеті оның барлық

ерекшеліктерінің ішіндегі ең маңыздысы және ең бастысы. Сондықтан лингвистер тілдің мәнін айқындауда оның әр түрлі жақтарын сөз ете келіп, соның ең қажеттісін жіктеп шығаруға тырысады.

Бұл анықтамалардың қай-қайсысы да тілдің нақтылы ерекшеліктерін қорытындай келіп, оның /тілдің/ әрі жан-жақты, әрі күрделі құбылыс екенін айқындай түседі. Автордың қай тұжырымын алып қарасақ та орынды. Бірақ бізге анықтамалардың ішінен тілді информация, яғни хабарлау түрінде; ойды жеткізу құралы ретінде сипаттаған анықтамасы керек.

Әрине, тілдің хабарлау қызметі мен қарым-қатынастағы ролін мағынаны жеткізу барысындағы /код/ кілт, шешім деп қарау - тек шартты түрде ғана айтылған анықтау. Ол тілдің барлық қатысымдық қасиеті мен қызметін толық қамтып көрсете алмайды.

Өйткені сөз немесе тілдік тұлға белгілі бір мағынаны білдіру үшін кодпен /құлыппен/ байланыстырылады деген ойға жүгінсек, онда ең алдымен сол код /қүлып/ деген ұғымның өзін айқындау керек болады және тілдік тұлға мұндай жағдайда кодпен қалай байланысады, соны шешу қажет болады. Міне, осының бәрі әрі түсініксіз, әрі анық емес.

Демек, тілді анықтау, оның негізгі белгілерін көрсету
шартты ұғымдар арқылы іске аспайды. Оның оймен, санамен
байланысты қарастырылуының өзі тілдің ерекшелігін аңғартады.

III.^ 2. Тіл мен сөйлесім

Тілдік қатынасқа қатысты құбылыстардың ішінде тіл мен сөйлеуге соқпай өтетін мәселелер жоқтың қасы. Сондықтан бұл мәселелердің басын ашып алудың маңызы зор.

Тіл мен сөйлеуді ғалымдар кейде бірге алып қарастырса, кейде екеуін екі бөлек құбылыс деп таниды. Мәселен, немістің көрнекті лингвисі Вильгельм Гумбольдт пен орыс лингвисі И.Э.Бодуэн де Крутенэ тіл мен сөйлеуді жеке-жеке ажырата келіп, оларды адамның ойы мен қарым-қатынасына байланысты қажеттіліктен туған процесс деп қарастырады.

Тіл мен сөйлеу туралы ерекше концепция — Фердинанд де Соссюрдің тұжырымы. ОЛ тілді қалыпты, сипаттамалы құбылыс ретінде тани келіп, оны дыбыстық материяның тұтас жүйесі түрінде қарастыру керек деп санайды.

Ғалым тілді ерекше құрылымы бар, жүйелі, бірақ қалыпты
құбылыс деп көрсете отырып, ондағы дыбыстық

ерекшеліктерді, тілдік тұлғалардың дыбысталуын, сөздердің айтылуын — бәрін түгелімен сөйлесімге /речь/ қатысты қарастырады.

Ф.де Соссюрдің пікірінше, тіл — дыбыстық материяның жиынтығы, форма, қарым-қатынас құралы; ал сөйлеу -дыбыстың өзі, дыбысталу. Яғни тіл — барлық дыбыстық таңбалардың жиынтығы болса, сөйлесім — дыбысталудың жиынтығы.

Ғалым тіл мен сөйлеудің ара жігін ажырата келіп, оларды екі ғылымның объектісі ретінде зерттеу керек дей отырып, олар /тіл мен сөйлесім/ өзара тығыз байланысты екенін де атап өтеді: «Язык и речь тесно связаны между собой и предпологают друг-друга: язык необходим, чтобы речь была понятна тем самым была эффективна; речь в свою очередь необходима для того, чтобы сложился язык».

Фердинанд де Соссюрдің көзқарастары кейде қайшылықты болғанымен, өзінен кейінгі лингвистердің пікіріне әсер етпей қоймайды. Кейінгі тұжырымдардың көпшілігі осыдан келіп шыққанын тіл мен сөйлеуге берілген анықтамалардан аңғаруға болады.

Ю.В.Фоменко Фердинанд де Соссюрдің тіл лингвистикасы мен сөйлесім лингвистикасы деген пікірін жоққа шығара отырып, Ф.де Соссюр тіл мен сөйлесімді бір-біріне қарама-қарсы қояды және олардың екеуі бір-біріне ешбір қатысы жоқ екі түрлі мәселе деп айтады деп түсінеді. Сондықтан да Ф.де Соссюр олардың әрқайсысының айырмашылықтарын жеке-жеке бөліп көрсеткен дей келіп, Ю.В.Фоменко сол көрсетілген айырмашылықтардың барлығына дау айтады. Сөйте түра, бұл автор да Ф.де Соссюрдің тіл мен сөйлеудің әлеуметтігі жөніндегі көзқарасын қүптайды.

Жоғарыда айтылған пікірлердің барлығында, негізінен, тіл
мен сөйлесімге қатысты Фердинанд де Соссюрдің айтқан
ерекшеліктері сөз болады. Мәселен: тіл мен сөйлесімнің
психологиялық, физиологиялық жақтары, таңбалар жүйесі
ретіндегі өзгешелігі, әлеуметтік-жекелік табиғаты, олардың
қарым-қатынас құралы тарапынан ерекшелігі. Яғни

авторлардың көпшілігі бұл мәселелерді одан әрі жалғастыруды, дамытуды көздейді.

Сондай пікірлерді қорыта келгенде, мынаған көз жеткізуге болады: бұл мәселе неғүрлым көп қарастырылып, жан-жақты сөз болған сайын, тілдің де, сөйлесімнің де қатысымдық қасиеттері айқындала түсіп, бүкіл мәселе осы бағытқа қарай бет бұрып келеді.

Лингвистикада сөйлесім мен тілді біріктіріп, қос процесс деп санаған көзқарастар да бар. Олардың айтуынша, сөйлесім мен тіл екеуі екі бөлек құбылыс емес, олар бір процестің екі жағы. Кейде оны тілші ғалымдар «уровень языка», «уровень речи» деп те атайды.

Бұл көзқарас бойынша, тіл мен сөйлесім бір-бірімен теңдес әлеу-меттік-жекелік құбылыс болып саналады. Мұндай пікірді айтушы адамдардың сүйенетін негізі - қатысымдық ерекшеліктер. Бұл пікірді жақтаушылар сөйлесім деген -қатысым құбылысының өзі, ал тіл сол қатысымды іс жүзіне асыру үшін керек дейді.

Бұл көқарасқа қарсы пікір айтушылар да бар. Олар А.С.Чикобава, Г.В.Колшанский, Т.С.Шарадзенидзе, А.Г.Волков, А.Г.Спиркин, Г.Шухарт т.б.

Жалпы тіл мен сөйлесімге қатысты көзқарастар орыс тілінің энциклопедиясындағы осы ұғымдарға берілген анықтамалармен байланысты. Энциклопедияда тіл қарым-қатынасты жүзеге асыратын, осы мақсат үшін қызмет ететін дыбыстық таңбалардың жүйесі, ал сөйлесім қатысымдық құбылыстың өзі, яғни тілдің негізінде жасалған, тіл арқылы жүзеге асатын коммуникативтік құбылыс деп баяндалады: «Язык — это стихийно возникшая в человеческом обществе и развивающаяся система дискретных /члено-раздельных/ звуковых знаков, служащая для целей коммуникации и способная выразить всю совокупность знаний и представлений человека о мире», «речь — это конкретное говорение, происходящее в звуковой /включая внутреннее проговаривание/ или письменной форме. Под Р. Принято понимать как сам процесс говорения, так и результат этого процесса, т.е. и рчечвую деятельность и речевые произведения, фиксируемые памятью или письмом».

Қазақ совет энциклопедиясында сөйлеуге төмендегідей түсініктеме беріледі:

(«Сөйлеу — адамның тіл амалдарын пайдалану арқылы пікір,
ой білдіру әрекеті. Сөйле — анатомиялық мүшелердің

қатысуымен іске асқанымен, негізінен, кісінің психикалық қабілетіне, қоғамдық тәжірибесіне сүйенеді.

Тілдік амалдар — сөз тудыру, сөз тіркестерін, сөйлем құрау ережелері - көпшіліьске ортақ, объективті категориялар. Осы сипаты арқылы тіл жүрттың бәріне бірдей түсінікті қатынас құралы ретінде қызмет етеді.

Сөйлеудің әр коммуникативтік жағдайға сай ыңғайланған стилі болады. Мүнымен бірге сөйлеу үстінде әр кісінің өзіне гана тән /индивидуальдық/ сөз жүмсауы, сөз тіркесін, сөйлем қүрау ерекшеліктері болады».

Қазақ энциклопедиясындағы тілге қатысты айтылған түсініктеме мен анықтамалар оның жан-жақты ерекшеліктерін, жалпы сипатын және күрделі қүыбылсқа тән басты белгілерін жақсы атап өтеді;

«Тіл — адам қоғамның ең негізгі қатынас құралы. Дыбысты Тіл - адам қоғамымен бірге туып, қатар жасап келе жатқан қоғамдық құбылыс. Тіл - өте күрделі, сан-салалы құбылыс.

Егер Тілді функционалдық жағынан анықтағымыз келсе, оның қатынас құралы, адамдардың бір-бірімен пікір алысып, өзара түсінісуінің құралы дейміз.

Егер Тілді ой мен санаға қатынасты жағынан анықтамақ болсақ, онда Тілді ойды қалыптастыратын, оны жарыққа шығаратын құрал, ойлау құралы дейміз.

Тілді құрылымы жағынан анықтамақ болсақ, Тіл - қатынас жасауға қажетті материалдардың жиынтығы деп қараймыз.

Тілді таңбалық сипатына қарай таңбалар жүйесі, семотикалық жүйе деп анықтау да Тілдің қоғамда атқаратын қызметінің мәніне орай.

Бұлардың ішіндегі ең негізгісі — Тілдің функциясына қарай берілген анықтама. Тілдің тіршілігі, дамуы оның қатынас құралы болу қызметіне байланысты. Тілдің бұл қызметі коммуникативтік функция деп аталады. Тілді адам өзін қоршаған қауымнан, өмірден үйренеді».

Қазақ лингвистикасында тіл мен сөйлеуге қатысты мәселелерді анықтап, олардың айырмашылықтарын көрсетуге тырысқан тілші — Т.Р.Қордабаев.

Т.Р.Қордабаев: «Сөйлеу дегеніміз — тілді қатынас жасау процесінде өз ойын басқаларға білдіру, басқаның ойын білу мақсатында қолдану деген сөз», - дей келіп, - «Сөйлеу тілдік материалдар арқылы болады және тілдік заң-ережелерге, тілдік нормаға бағынады. Тіл мен сөйлеу бір-бірінен ажырамас бірлікте» - деп, тіл мен сөйлеудің ара қатысын орыс лингвистерінің көзқарастарына байланысты баяндайды.

Бұл автор сөйлеу мен сөйлесім әрекетін қысқаша түсіндіре келіп, тілді қоғамдық құбылыс ретінде танып, оның ерекшеліктеріне тоқталады.

Сол сияқты К.Аханов тіл мен ойлау процестерін қарастыра келіп, тілге төмендегідей анықтама береді:

«Тіл — ойды білдірудің, пікір алысудың, қатынас жасаудың кең көлемде қолданылатын жалпылама құралы» Аханов К., 1978,60/.

Сонымен қатар ол тілдің таңбалық қасиетін де оның басты ерекшеліктерінің қатарына жатқызады. Тілші: «Тіл — таңбалардың коммуникативтік жүйесі болып табылады», - дей келіп оның басқа құбылыстардан айырмашылығын көрсетеді. Сонымен, тілдік қатынасқа байланысты болатын тіл, ойлау, сөйлесім құбылыстарының бәрі де ғылыми тұрғыдан толық шешімін тауып, бірізге түсе қоймаған, арнайы зерттеуді қажет ететін мәселелер.

Біздің ойымызша, тіл мен сөйлесім бір-бірімен байланысты бірақ екі бөлек қүыбылыс бола келіп, екеуі де:

а/ әрі қоғамдық-әлеуметтік;

ә/ әрі жекелік, дербестік мәні бар;

б/ әрі қатысымдық-құбылыстар.

Тіптен айтыс тудырған мәселе тіл мен сөйлесім - екеуі екі бөлек ғылымның зерттеу объектісі ме, жоқ бір тіл білімінің екі түрлі мәселесі ме — деген пікірлердің өзі бір ортақ нәресні мойындайды.

Ең алдымен, тілдің әлеуемттік және жекелік жақтарын қарастырайық. Тіл — табиғаттың адамзатқа берген сыйы, ол -қоғамда өмір сүретін адамдардың өзіне тікелей бағынбайтын күрделі құбылыс. Сондықтан ол әлеуметтік-қоғамдық процесс болып саналады. Оны лингвистика да, психология да, физиология да өз мақсаттары түрғысынан қарастырады. Оның сөйлесімге қатысты жағы — тіл — сөйлесімнің қажетті құралы; тіл болмаса, сөйлесім өз мақсатына жете алмайды, өз қызметін орындай алмайды.

Тілдің психологиялық, физиологиялық ерекшеліктері бүкіл адамзатқа ортақ қасиет, бұл — оның тұлғаларына да тән.

Оның сыртында, әрбір адамның сөйлеу өзгешелігінде ғана емес, тілінде де жекелік сипат бар. Оның мәні мынада: барлық тіл бір мезгілде, бір себептен шыға салмайды. Оған әсер етуші сыртқы және ішкі жағдайлардың ықпалынан әр адамның тілінің шығуының, қалыптасуының жекелік мәні бар.

Бұл ерекшелік оның әлеуметтік мәніне қарағанда, кең шеңберде болмауы мүмкін. Бірақ әр сәбидің тіліне байланысты, оның бөлшегіне қатысты үлкен қоғамдық тілдің алғы шарттары пайда болып, қалыптасады.

Тілге қажет нәрсенің бірі — ішьсі анатомиялық-физиологиялық даму, жетілу процесі. Ол адамның тууымен біртіндеп өзі болады.

Екіншіден, тілдің тіл болуы үшін ең қажетті шарт — ойлау, пайымдау. Адамның ми қабатына жинақталған ой тіл арқылы сыртқа шығады; сөйлесім арқылы бейнеленеді, көрініс табады. Адамның ойы тілдік тұлғалар арқылы неше мәрте айтылса да, белгілі бір сөйлесім жүйесіне бағынбаса, түсініксіз болады.

Үшіншіден, тілге қажетті маңызды фактор - қарым-қатынастың болуы, яғни қатысымдық. Тілдің ең маңызды атқаратын қызметі - дыбысталу арқылы ойды сыртқа шығару. Кез келген сыртқа шыққан сөйлеу үлгісі белгілі бір ортаға тап болады. Сөйтіп, айналасындағы затпен, қүбылспен байланысқа түседі. Бұл — мәселенің бір ғана жағы.

Оның сыртында, далаға шыққан ой екінші біреуден жауап алу үшін, жоғалмай дамуы үшін қажеттілік.

Өз қызметін атқара алмаған тіл жоғалып, жойылып кетеді. Мәселен, жабайы аңдардың ортасына түскен адам бірнеше жыл сол ортада өмір сүруінің арқасында тілді үмытады. Сөйтіп, қарым-қатынас болмағандықтан, тіл өз функциясынан айрылады. Мұндай адамның ойлау жүйесі /тамақ табу, қорқынышты, қауіпті сезу, оған қарсы ойлау қабілеті бүрынғыдан шектеліп қалады. Дегенмен, қарапайым түрде болса да ойлау сақталады, ал тілдік қарым-қатынас сақталмайды, тіл болмайды. Демек, қатысымдық байланыс болмаса, тіл де өмір сүре алмайды, тіл де болмайды.

Қарым-қатынас — тілдің өмір сүруінің, тілдік болмыстың

басты өлшемі. Қарым-қатынас сөйлеу, сөйлесім арқылы жүзеге асады. Сөйлеудің ең маңызды құралы — тіл, сөйлесімді жүзеге асыратын да — тіл. Сондықтан да тіл қатысымдық құбылыс болып саналады.

Тіл - адамдар арасындағы тілдік қатынасты қамтамасыз ететін, дыбыстық, таңбалар жүйесінің жиынтығы арқылы ойды жарыққа шығарудың құралы.

Тіл сияқты сөйлесім де әлеуметтік құбылыс. Өйткені сөйлесімді жеке бір адам жүзеге асыра алмайды, ол бірнеше адамдардың тілдік түсіністігі арқылы іске асады. Сөйлесім адамдарды біріктіреді, оларды өзара байланысқа түсіреді. Мұндай байланыс қоғамның құрылысына әсер етеді.

Жалғыз адам табиғаттан, қоғамнан тыс өмір сүре алмайтыны сияқты, жалғыз адам сөйлесім процесін де жүзеге асыра алмайды.

Адам жаратылыстан, табиғаттан тыс емес, сөйлеу адамнан тыс емес. Сөйлесім — адамдарды қаумыдастыққа жетелейтін, қоғамдық мәні бар күрделі әрекет.

Сөйлесім арқылы адамдар бірін-бірі түсінісіп қана қоймайды, сонымен бірге қоғамдық-әлеуметтік маңызы бар мәселелерді шешеді, өзара бірлікте, ыетамақтастықта болады, түсініседі, сөйтіп, қоғамның дамуын жетілдіреді; не керісінше кері кетіреді. Бірақ қай жағдайда болсын сөйлеу адамның алдына қойған мақсатына қызмет етеді, сөйлеусіз, сөзсіз адамдар арасындағы ешбір тірлік жүрмейді. Осыдан келіп, сөйлесімнің қоғамдық-әлеуметтік мәні шығады. Қарым-қатынасқа түсетін адамдардың тілді, сөзді қолдануында да өз ерекшеліктері бар. Әр адамның сөйлеу мәнері, стилі басқа адамға үқсамайтын, тек өзіне ғана тән сөйлеу үлгісімен өзгешеленеді. Осының өзінен сөйлеудің жекелік мәні, даралық ерекшелігі келіп шығады.

Сөйлеу қаншама даратүрлік болса да, сөйлеуде адамның өзіндік ерекшелігі болса да, ол /адам/ сөйлесімнің құрамдық бөлшектерін, тілді өз еркінше жасап, өзі қүрай алмайды. Адам дайын тілдік тұлғаларды пайдаланады. Осыдан тағы да сөйлесімнің қоғамдық орны көрінеді.

Сөйлесімнің мұндай екі жақты ерекшелігін В.Я.,Мыркин мынадай деп ажыратып көрсетеді: Сөйлесім мазмұны, мағынасы тарапынан әлеуметтік болады да, орындалуы жағынан жекелік құбылыс болып табылады:

«Речь социально по значению и индивидуальна по исполнению».

Сөйлесімнің жекелік мәнін көрсететін тағы бір жай қарым-қатынас процесінде сөйлеу жеке адамға тән бола келіп, нақтылы бір адамның атынан айтылады не жазылады. Содан барып, сөйлеу - жеке авторға тән процесс болып саналады, себебі сөздің белгілі авторы бар.
Зерттеушілердің пікірлеріне шолу жасай келіп, сөйлесімнің әлеуметтік мәні мен жекелік қасиетінің - екеуінің де маңызды екенін атап айтуға тура келеді. Сөйлесімнің, біздіңше, жекелік мәні — оның ішкі жағы, ал әлеуметтік мәні — оның сыртқы жағы іспеттес. Өйткені сөйлесім дыбысты тілдің жұмысына, қозғалысына қатысты іске аса отырып, негізінен, адамны сөйлеу мүшелерінің ішкі әрекетіне байланысты. Сөйлесімді жүзеге асыратын тілдің өзі де ішкі фактордың әсерінен-дыбыстың жасалуынан, оның фонемалық мағынаға ие болуынан, сөздің айтылуы, немесе жазылуынан т.б. тұрады. Бұл алғышарттар сөйлесімнің осындай қасиеті индивидуальдық деп саналады да, оның ішкі факторы болып табылады.
Каталог: images
images -> 6 Хромтау гимназиясы тәрбие жұмысының жылдық жұмыс жоспары Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие
images -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
images -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
images -> АҚПараттық хат қҰрметті әріптестер!
images -> Абай Құнанбайұлы (1845—1904)
images -> Автобиография кандидата в депутаты районного маслихата по избирательному округу №5
images -> «Қазақстан тарихы» пәнінен «6М020300-тарих» мамандығына арналған жазбаша емтихан сұрақтары 1 блок
images -> Мазмұны Қазақстандағы жоғары білім, Ғылым және МӘдениет
images -> Үлгілік оқу жоспары
images -> Сембі Жансая Хасанқызы Қазақ тілі мен әдебиеті


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет