Тілдік емес жоғары оқу орындарында қазақ тілін оқытудың теориялық ЖӘне қолданбалы аспектілері



Дата19.02.2017
өлшемі92,66 Kb.
#11112
Д.Д. БИСМИЛЬДИНА

филология ғылымдарының кандидаты,

Қазақ экономика, қаржы, және халықаралық сауда университеті

Астана
ТІЛДІК ЕМЕС ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ҚОЛДАНБАЛЫ АСПЕКТІЛЕРІ


Еліміздің жоғары оқу орындарында лингвистикалық емес мамандықтарда тілдерді оқытудың әдістемелік мәселелері, оқытудың жаңа бағыттары, мақсаттары мен міндеттері болашақ маманның кәсіби біліктілігінің сапасын арттырумен байланысты.

Тілдік емес жоғары оқу орындарында қазақ тілі лингвистикалық емесмамандықтың ерекшелігін ескере отырып оқытылып, кәсіби деңгейде сол мамандыққа байланысты кәсіби ұғымдар мен терминдердің мәнін түсіндіруге негізделеді. Техникалық жоғары оқу орындарындақазақ тілін оқыту әдістемесі өндіріс орындарында, әлеуметтік ортада кәсіби қарым-қатынасқа еркін түсуге үйретуді, яғни қазақша дұрыс сөйлеу және сауатты жазу дағдыларын меңгеруді көздейді. Соның нәтижесінде тұлға ғылым тілін, кәсіби қатынас тілін, техника тілін меңгереді, мамандық саласы бойынша қазақша дұрыс сөйлеп, сауатты жазуға дағдыланады, кәсіби сөйлеу жағдаяттарында мамандығы туралы өз ойын еркін айтып, пікір алмасу арқылы тілдік қатысымға түседі, тілдің теориялық (грамматикалық) және қолданбалы (қатысымдық) аспектілерін игереді, қоғамның лингвистикалық-интеллектуалдық әлеуетін арттыруға өз үлесін қосады.

Жоғарыда жазылған ойдың дәлелі ретінде өзімнің педагогикалық тәжірибем бойынша қаржы, экономика және халықаралық сауда саласындағы жоғары оқу орындарында «Маркетинг», «Бағалау» және т.б. мамандықтар бойынша білім алатын 1-курс студенттеріне оқытылатын «Қазақ тілі» пәнінен «Жеке кәсіпкерлік» тақырыбындағы сабақ ұсынылады. Лингвистикалық емес мамандықтар үшін практикалық қазақ тілі екінші тіл ретінде оқытылады. Мұндағы студенттер ұлты қазақ болғандықтан, қазақ тілін ана тілідепесептейді, бірақ қарым-қатынас құралы ретінде қазақ тілін емес, орыс тілін пайдаланады және қазақ тілін онша жақсы білмейді. Сондықтан «Жеке кәсіпкерлік» тақырыбындағы практикалық сабақ дәстүрлі түрде бес кезеңнен құралып, студенттердің білімділік (өз ойын ауызша еркін жеткізуге, сауатты жазуға дағдыландыру, сөздік қорды арттыру, т.б.), тәрбиелік (еңбексүйгіштікке, нәтижеге қол жеткізе білуге, іскер адамның бойындағы жақсы қасиеттерді қабылдай білуге тәрбиелеу, т.б.) және дамытушылық (тіл мәдениеті нормаларын дамыту, т.б.) мақсаттарға қол жеткізуін көздейді.

Оқытушы практикалық сабақ болғандықтан және студенттердің таңдаған мамандығын әрі соған сәйкес тақырып ерекшелігін ескере отырып, сабақты әңгімелесу, сұхбаттасу, жаңа ақпарат алмасу, ой толғау, сауатты жазуға дағдыландыру әдістерін қолдана отырып жүргізеді, сонымен бірге аудиторияны дербес компьютер, проектор, электронды қазақша-орысша, орысша-қазақша сөздіктер сияқты көрнекі құралдармен жабдықтаймызжәне әдістемелік материалдармен (пәннің жұмыс бағдарламасы, Syllabus сабақ жоспары) қамтамасыз етеміз.

Білім алушылар жалпы дүниетанымдық ұғымдарды қазақ тілімен қатар басқа пәндерден алған білімдері арқылы да меңгереді. Сондықтан қазақ тілі сабағында пәнаралық байланыс арқылықазақ тіл білімін басқа сәйкес пәндермен, мәселен, экономика, құқықтану, журналистика және т.б. байланыстыру мақсат етіледі. Сөйтіп,бір ғылымның заңдылықтарын айқын білу мақсатында екінші бір ғылым саласындағы жаңа құбылыстарды ашуға, салыстыруға мүмкіндік жасалады.

І. Сабақты ұйымдастыру кезеңі3 минутқа негізделеді. Оқытушы топ студенттерінің сабаққа қатысу барысын журналға белгілейді. Бұл кезеңде оқытушы студенттерге бүгінгі сабақтың тақырыбын, мақсаттарын, сабақ барысын таныстырады, күтілетін нәтижелерді хабарлайды. Бұл кезеңнің мақсаты – студенттерді тәртіпке үйрету, істі жоспарлай білуге, жүйелі жұмыс жасауға үйрету, т.б.

ІІ.Айтылым. Ауызша әдеби сөйлеу кезеңі25 минутқа жалғасады. Бұл кезеңнің мақсаты – күнтізбелік жоспарға сәйкес алдыңғы сабақта өтілген тақырыпты жалғастыру (жаңа сабақ өту емес), берілген мәтін және мәтінге қатысты сұрақтар арқылы пікір алмасу, ой бөлісу, алдыңғы сабақта өткен материалды еске түсіріп, оған қосымша жаңа ақпарат беру, өз ойын ауызша еркін жүйелі жеткізу, ауызша әдеби сөйлеунормаларын (орфоэпиялық нормаларды сақтау, мәнерлеп оқу) меңгерту, т.б.

Оқытушы студенттерден берілген мәтінді қазақ тілінің орфоэпиялық нормаларын сақтай отырып, мәнерлеп оқуын талап етеді. Әсіресе, қазақ тілінің төл дыбыстарын дұрыс айту маңызды.

Жеке кәсіпкерлік

Біздің елімізде шағын және орта бизнеспен айналысатын адамдарды кәсіпкерлер деп атайды. Кәсіпкерлер өздерінің жеке фирмасын, серіктестігін, акционерлік қоғамын және тағы басқа шағын бизнес түрлерін құрады.

Кәсіптік мекеме өзінің Жарғысында көрсетілген және Қазақстан Республикасының Заңдарына қайшы келмейтін жұмыстармен айналысады. Олар мемлекетке салық төлеп отырады. Сондай-ақ халықтың тұрмысына, мәдениетіне, денсаулығына қолдау көрсетіп, қайырымдылық шараларға қатыса алады. Олар өндіріс, сауда, көлік, тамақ, мәдениет және кәсіптің басқа да түрлерімен айналысуға құқылы.

Қазақстан Республикасының экономикалық және мәдени салаларында үлкен бизнестің маңызы зор. Олар: корпорациялар, компаниялар, трестер мен банктер, т.б. үлкен бизнеспен айналысатындарды ірі кәсіпкерлер дейді. Мемлекеттік, бүкілхалықтық немесе аймақтық маңызы бар салаларда мемлекеттен қаржы алмай, өз қаржыларымен жұмыс істеуді үлкен бизнес дейді.

Жеке кәсіпкердің мынадай құқықтары бар:


  • мемлекеттік кәсіпорындардың және басқадай меншік түрлеріне негізделген кәсіпорындардың мүліктерін толық немесе жартылай иемдену,

  • шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметіне өз мүлкімен қатысу,

  • келісімшарт негізінде жұмыскерлерді жалдау және жұмыстан босату,

  • еңбекақы нысандарын, жүйесін, мөлшерін өздерінше белгілеу,

  • шаруашылық қызметтің бағдарламасын қалыптастыру,

  • жабдықтаушылар мен тұтынушыларды таңдау,

  • бағалар мен тарифтерді белгілеу,

  • таза пайданы пайдалану,

  • сыртқы экономикалық қатынастарда болу және т.б.

Оқытушы білім алушылардың сөздік қорын дамыту, қазақ тілі ғылымының мамзұны мен жүйесін үйрету, сөйлеу тілінің байлығын үйрету, мәдениетті сөйлеуге үйрену үлгісін қалыптастыру, білім алушылардың тілін, сөз қолдану стилін жетілдіру және т.б. мақсатында студенттерге мәтін бойынша берілген сұрақтарды ұсынады және осы сұрақтар аясында ой бөлісуін сұрайды. Мысалы:

  1. Кәсіпкер деген кім? Егер кәсіпкер болсаң, не істер едің?

  2. Кәсіпкер қандай салаларда өз ісін аша алады?

  3. Ол мемлекетке, адамдарға қандай көмек көрсете алады?

  4. Кәсіпкер, іскер адамның бойында қандай қасиеттер болуы керек деп ойлайсыз?

  5. 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 224-ІІІ Қазақстан Республикасының Жеке кәсіпкерлік туралы Заңы (2009.20.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен бірге)

Мұндай сұрақ жауап диалогқа негізделеді. Ал сөйлеудің диалогтық түрінің өзіндік белгілері бойынша сұрақ-жауап сөйлемдерден тұрады және олардың орындары ауысып тұруы әбден мүмкін; алғашқы сөйлемдерге қарағанда басқа сөйлемдер толымсыз болып келеді; бірнеше адам қатысқан диалогта үшінші адам диалогқа араласып, пікір білдіріп, ой қосады. Мұндайда сұрақ-жауаптың мәні болмауы да мүмкін; ым, бет-әлбет құбылуы, бас шайқау белгілері; диалогта ой жалғастығы күшті болады. Жалпы алғанда, жоғары оқу орындарында пікірталас, талқылаусекілді диалогтың түрлері жиі қолданылады.

Оқытушы білім алушыларды мүмкіндігінше қосымша жаңа ақпаратпен, медиа-ақпаратпен қамтамасыз етеді. Мәселен,жеке кәсіпкерлік туралы Заң2015жылғы 3 желтоқсанда мәжілісте мақұлданды. Мәтінмен танысайық:

Сәрсенбі күні Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заң жобасын мақұлдап, Сенатқа жолдады. Оны дайындауға қатысқан мамандар аталған Заң жобасының елдегі шағын және орта бизнеске қойылған кедергілерге тосқауыл болатынын хабарлайды. «Жеке кәсіпкерлік туралы заң жобасының бұрынғыларынан басты айырмашылығы – кәсіпкерлік қызметтің еркіндігін қамтамасыз етуші құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негізгі шарттар мен кепілдіктердің нақтылы түрде айқындалғандығында», – дейді Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаты Ерасыл Әбілқасымов. 

ІІІ.Жазылым.Жазба жұмыстарын орындау кезеңі 15 минутқа созылады. Бұл кезеңнің мақсаты – сабақ тақырыбы бойынша грамматикалық тапсырмаларды орындау арқылы сауатты жазуға дағдыландыру, өз ойын жазбаша жүйелі жеткізуге үйрету, қазақ тілі ғылымының мамзұны мен жүйесін үйрету, тілдің грамматикалық құрылысын білу, көркем жазу шеберлігіне төселу.

1-тапсырма.Жақшаның ішіндегі сөздерді қазақ тіліне аударыңыз.

1. Елдің болашақ тағдырын (квалифицированные) кәсіпкерлер (решают).

2. Кәсіпкер өз елінің (на процветание) аянбай жұмыс істейтін, өзінің де (выгоду) табатын іскер азаматтар болуы керек.

3. Аш-жалаңаш (у народа) (предприниматель) де, халық та байымайды.

2-тапсырма.Тиісті жалғауларды қойыңыз. Мұнда оқытушы оқытушы студенттен грамматикалық форманың атауын, жалпы соған қатысты барлық ақпаратты сұрап, нақтылап отыруы қажет. Мысалы, қандай форма сәйкес келеді? Бұл грамматикалық форманың атауы қалай? және т.б.

1. Кәсіпкер өз ісі [-не, -нде] шын берілген және одан қанағат алу [-да, -ы, -ға] парыз.

2. Кәсіпкерлік [-тің, -пен, -ке] айналысу үшін бизнес-жоспар [-ы, -мен, -ды] болуы шарт.

3. Кәсіпкер пайда табуы үшін, қоғам [-ның, -ға, -мен] керекті тауарлар мен қызметтерді өндіруі керек.

4. Кәсіпкер [-дің, -ге, -мен] басты мақсаты – жұмсаған қаржысы [-мен, -на, -н]қосымша өсім алу.

3-тапсырма.Тіркестерді қазақ тіліне аударыңыз, сөйлем құрастырыңыз.

Малое предприятие, до понедельника, с бизнес-планом, от пользы крупному предпринимателю, идти на риск, активность человека, особенности предприятия.

4-тапсырма.Сөйлемдерді дұрыс құрастырыңыз. Қазақ тілінің сөйлем құрылысының ерекшелігін ескеріңіз.



  1. Бұл, баратын, тәуекелге, кәсіпкер, кісі.

  2. Кәсіпкер, істейтін, жұмыс, кісі, аянбай.

3. Елде, кәсіпкер де, аш-жалаңаш, болмайды, халық та, байымайды.

4. Адамдардың, кәсіпкерлік, ерекше, қабілеттілік, таланттылығы.

5-тапсырма.Мына сөйлемдердегі ойды кеңейтіңіз.

Үлгі:1.Кәсіпкерлік дегеніміз – белгілі бір істі істей білу.



  1. Кәсіпкерлік дегеніміз – белгілі бір істі ерекше ынталылықпен, жауапкершілікпен істей білу. 2. Кәсіпкерлік дегеніміз – белгілі бір істі ерекше ынталылықпен, жауапкершілікпен істей білу және сол істен мол пайда табу.

2. Елдің тағдырын кәсіпкерлер шешеді.

3. Өз елінің гүлденуіне жұмыс істейтін азамат болуы керек.

4. Кәсіпкерлікпен айналысу үшін жағдай керек.

16-тапсырма. Кәсіпкер, іскер адамның бойында қандай қасиеттер болу керек деп ойлайсыз? Ақыл-кеңес ретінде «Білгенге маржан» деген айдармен 10 сөйлем жазыңыз.

Үлгі: Уақытты жоспарлай білуі керек. Тәртіпті жақсы көруі керек. 1. ... ...

ІV. Сабақты бекіту кезеңіне тек5 минут қана жұмсалады. Мұндағы мақсатойды жинақтау, сабақ барысында жинақталған білімді бекіту, т.б. Осыған орай оқытушы студенттерге Жапон менеджері Коносуке Мацуситаның іскер адамның бойында болуы қажет 7 қасиетті ұсынады және оларды естерінде сақтауын өтінеді.



  1. Қулық жасама.

  2. Адал бол.

  3. Өз орнында қожайын бол.

  4. Таным-іліміңді ұдайы жетілдіре түс.

  5. Айналаңдағыларға түсіністікпен қара. Сырт дүниені ешқашан ұмытпа.

  6. Қолында барға, алатын нәрсеңе шүкіршілік ет.

  1. «Кім үшін жұмыс істеймін?» деген сұрақты қайталаудан жалықпа. Жауап біреу – қоғам үшін.

Сонымен қатар пән оқытушысы Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев 2015 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауынан үзінді келтіреді: «Қазақстанда жасалған» әрбір бұйымда төрт қасиет – сапалы, ыңғайлы, әдемі және арзан болуы керек. Сонда ғана ісіміз өнімді, затымыз өтімді болады», – дейді. Сіздің ойыңыз. Оқытушы студенттің ойын тыңдағысы келеді.

V. Студенттердің білімін бағалауға1 минут уақыт жұмсалады. Мақсат – студенттердің білімін бағалау, негіздеу.



VІ. Үйге тапсырма беру кезеңі де 1 минуттан аспайды. Мақсат – үйде орындауға берілетін тапсырманы негіздеу, мәнін түсіндіру. Оқытушы оны Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың сөзімен ұштастырады: Сәт сайын құбылған аласапыран заманға сай амал болуы керек. Ең жақсы жоспар – уақыт талабына бейімделе алатын жоспар. Біз де заманның беталысына қарай межелерімізді белгілеп, жоспарларымызды жөндеп отырамыз (Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2015 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауынан үзінді). Осыған орай, үйге тапсырма мынадай болады: Өзіңіз болашақта ашқыңыз келетін кәсіптің бизнес-жоспарын әзірлеңіз.

Сонымен, техникалық жоғары оқу орындарында лингвистикалық емес мамандық студенттеріне қазақ тілі пәнін оқытуда тіл материалдарын меңгеру барысында білім алушының ой-өрісін кеңейту, сөздік қорын байыту, ауызша тілі мен жазбаша тілін жетілдіру, сауатты жазу, әдеби тіл нормасы бойынша тіл мәдениетін арттыру мәселелерін әр сабақ барысында ұштастырып отыру керек.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет