Ұтымды пайдаланбасаң, жеріңнен айырыласың



Дата25.12.2016
өлшемі26,56 Kb.
#5033
Ұтымды пайдаланбасаң, жеріңнен айырыласың

Жерді түгендеу демекші, кең байтақ қазақ даласының ұланғайыр жерін кім қа­лай пайдаланып жатыр? Мінеки, түген­деу­дің мәнісі – осы. Ал ол туралы әңгіме айт­қанда Елбасы қадау-қадау тапсырма ар­қылы жерді мемлекеттік реттеу мәсе­ле­сіне мұқияттылықты талап еткен болатын. Бір сөзбен айтсақ, жерді басқару қатаң тәр­тіп шеңберінде болуы тиістігін жүктеген. Сон­дай-ақ  жерді түгендеудегі екінші бас­ты мәселе – пайдаланылмай, бос жат­қан жерлерді анықтау, олардың тиім­ді­лігін арттыру үшін шаралар қабылдау. Осы­ған байланысты Жер ресурстарын басқару агенттігі Қазақстандағы ауыл шаруа­шылығы мақсатында пайдаланыла­тын жерлерді түгендеуді жүргізгені белгілі. Мәліметтерге сүйенсек, Күршім ауданы бойынша 328 мың гектар ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлер түгендеуге жа­тты. Ал қалғаны шара басталғанға дейін иге­ріліп үлгерген болып шықты. Түгендеу барысында аудан бойынша 74818 гектар пайдаланбай жатқан жер учаскелері анықталды. Бір қызы­ғы, жер иемделіп, бірақ қозғаусыз құр жат­қан учаскелерге әлгіндей түгендеу ба­ры­сында «жан біткен» тәрізді. Иесі мемлекет алып қояды деп қорықса керек, 39999 гектар жер учаскелерінің иелері өздері пайдалануға кірісті. Дегенмен «мемлекет алып қояды-ау» деген қорқыныштың бекер бол­майтынын да ескерген ләзім. Өйткені тиімсіз құр жатқан учаскелер мемлекетке бәрібір қайтарылады. 34819 гектар жер учаскесін пайдаланбай, я болмаса заңнаманы бұза отырып пайдаланғанын санадық. Оның ішінде 31315 гектар ау­мақ­ты құрайтын 59 жер учаскесінің жалға алу келісімшарты бұзу арқылы мемле­кет меншігіне қайтарылса, қалған ауданы 3504 гектар 35 жер учаскесі жергілікті атқарушы органның шешімімен мемлекеттік меншікке қайтарылды.

Мемлекеттік меншікке қайтарылған жер учаскелері қайтадан ауылшаруашылығы айналымына түседі.

Мәселен, қайтарылған жер учаскелерін айналымға енгізу үшін 2014-2015 жылдары жер қатынастары бөлімімен 10 конкурс өткізіліп, ауданы 11495 гектар жер учаскелері ауылшаруашылығы өндірісін жүргізу үшін табысталды

Алайда экономикалық ын­таландыру тетігінсіз оларды оңтай­лы пайдалануға мәжбүрлеу шарасы бол­майынша жерді айналымға қайта қос­қан­нан пайда шамалы. Соған орай, жер салығын арттыру жолдары қа­рас­­тырылып, маслихаттың кезекті сессиясында 2015 жылдың 19 қазанында Күршім ауданы бойынша пайдаланбай жатқан жер учаскелеріне жер салығының және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін 10 есеге жоғарылату туралы шешім қабылданды. Мұндай «жаңалық» жер тырмалап күнін көріп отырған шаруаларға оңайға ти­месі анық. Дегенмен жер салығын арт­тыру не береді? «Жерге салықты арттыру жерді пайдаланбай, құр бекер ұстауды бол­дырмайды. Бұл ғана емес, ауыл шаруа­шы­лығы мақсатындағы жерді оң­тайлы пай­да­лану бойынша ережеге жаңа норма­лар енді. Солардың ең маңыздысы шаруашылық ішіндегі жерге орналастыру жобасы. Шаруашылық ішіндегі жерге орналастыру жобасында жер пайдаланушының жер учаскесіне ғылыми түрде негіздей отырып, жерді ұтымды пайдалануын яғни жер жағдайының климаттық ерекшелігін ескеріп, топырақтың құнарлығына қарай ауыспалы егісте ауыл шаруашылығы дақылдарын кезектестірілуін, ауыл шаруашылығы малдарын жаюдың жайылым алаңының бір бірлігіне арналған жүктеме нормативтерін қолданып, жайылымдық жерде ауыспалы жайылымды пайдалану қамтылған.

Сондықтан жерді ұтымды пайдалану үшін барлық шаруа қожалықтарында шаруашылық ішіндегі жерге орналастыру жобасы болуы тиіс, егер болмаған жағдайда пайдаланушылар жерге қатысты талапты орындамаса, жер­гілікті атқарушы билік олармен арадағы жалға алу туралы келісімшартты біржақты бұза алады. Бұның өзі жерді оңтайлы пай­далану мәселесінде басты тетікке айнал­мақ.



Жер - біздің негізгі байлығымыз, оны бүкіл халықтың мүддесі үшін пайдалану - баршаның қасиетті міндеті. Сондықтан жерімізді барынша тиімді және ұтымды пайдаланатын болсақ, тиісінше оның қайтарымы да мол болары сөзсіз.
Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет