Үтір сөйлемнің мағыналық және синтаксистік ерекшеліктеріне байланысты бірде ажыратушы, бірде бөлуші қызмет атқарады



бет2/3
Дата14.05.2020
өлшемі20,66 Kb.
#68447
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
Кулахметова 99999
Test Oracle , Документ Microsoft Word, 6 СӨЖ ФОӘТ
Сызықшаның қолданылатын жерлері

  • Бастауыш та, баяндауыш та атау тұлғадағы зат есімнен немесе заттанған басқа сөз таптарынан болғанда, араларына сызықша қойылады. Мұндайда олар кейде тәуелденіп те, көптік жалғауын жалғап та келе беруі мүмкін.

    Қарқаралы деген округтің әміршісі – Құнанбай мен осы Майыр. Ортадағы түлкі тымақты, күрең төбел атты – Бөжей.

    1. Бастауыш өзінен кейінгі сөзбен бір тіркесте ұғынылып, сөйлемнің басқа мүшесі болып кететіндей жағдайда да, бастауыштан кейін сызықша қойылады:

    Бұл – Тақырбұлақтан өте бергенде бастағаны еді. Отыз – алтыға қалдықсыз бөлінеді.

    1. Бірыңғай мүшелерден кейін келген жалпылауыш сөздің алдынан қойылады:

    Ортасында: Құнанбай, Бөжей, Байсал, Қаратай, Сүйіндік, Майбасар – бәрі бар. Сүйіндік, Жексен, Сүгір – үшеуің де алдыма түс.

    4.Диалог төл сөздің алдына қойылады:

    – Е, қайда барасың, қарағым?

    – Ауылға… Үйді көшіруге түйе әкелуге барам…



    1. Төл сөз бен автор сөзді алдына қойылады.

    Мен емес, сен жалғыз қаласың әлі! – деп Байжан да орнынан тұрды.

    1. Өз ішінде үтірлері бар бірыңғай оңашаланған айқындауыштардың екі жағынан қойылады: Өзі сері, әнші, сұлу Байтасқа екеуі де – бірі кәрі, бірі жас бала – қызғана да, тамашалай да қараған еді.

    2. Оңашаланған айқындауыш айқындайтын мүшесімен тұлғалас болмай келгенде, сондай-ақ айқындайтын мүшесі сөйлемнің баяндауышы болғанда араларына сызықша қойылады:

    Сол жердің орта тұсы Жексен қыстауы – Қарашоқы. Екеуі ымырт жабыла бергенде Бөкенші жайлауы – Жәнібекке тертты.

    8.Жалғаулығы түсіріліп айтылған қарсылықты, себептес салаластардың, екінші және бірінен кейін бірі шұғыл іс-әрекет болғандығын білдіретін ыңғайлас салаластардың пердикатив сыңарларының арасана қойылады:

    Аяғы жоқ, – жүреді, аузы жоқ – сөйлейді. Жәуке мұны да таныды – Құрымбай!… Жұрт айтты – көне берді. Шытырлап тұрған қурай лап етті – қара түтін бұрқ етті. Нұрым қамшыны да босатпады – басқа соғар деп қауіптенді.


    1. Шартты райдан жасалған шартты бағыныңқылы сабақтастың бағыныңқы сыңарына ерекше мән беріле айтылып, басыңқыда шұғыл күтпеген жай хабарланса, екі арасына сызықша қойылады:

    Қараса – Сары апаң екен. Ағаш арасын қаратса – жоқ.

    1. Мекен, мөлшер шендестігін білдіретін сөздердің арасына қойылады: Ал, “Қарауыл биігі анау, жасырын жырасы мынау” деген Есембай – Найзатастар болса, ол Абайдың өз аулының аса мәлім қоныстары. Биылғы егін жинауда өнім орташа есеппен 15-20 центнерден алынды.

    2. Қос нүктенің қолданылатын жерлері

    3. Бірыңғай мүшелердің алдында тұрған жалпылауыш сөзден кейін қойылады:

    Біздің үйдегі адамдар мыналар: әкем, шешем, әкемнің әке-шешесі мен менің інілерімм – Таңатар, Түнқатар.

    1. Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемнің алдыңғы предикатив сыңарынан кейін қойылады: Абай біледі: Қарқаралыға келгелі семіз қой, ту бие, қысырдың тайы сияқты сойыс малы бұл топқа жан-жақтан “Құнекеңнің сыбағасы” деген атпен күн санап келіп жататын.

    2. Себептес салаластың себеп мәнді сыңары кейін келгенде оның алдынан қос нүкте қойылады: Шәкен қалай шошымасын: “Қосшы” ұйымы, партия осында ғой.

    3. Төл сөзінің алдынан келген автор сөзінен кейін қойылады: Әбдірахман сөз бастап: – Шұғадан бүгін хат алдым-ау, – деді.



    4. Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3




    ©www.engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет