Тірек сызбалар арқылы қазақ тілі сабағында балалардың тілін дамыту 27. 11. 2015 15: 04 Исабекова Айнұр Еркенқызы, «№41 сәбилер бақшасы»



бет1/3
Дата16.04.2020
өлшемі62,07 Kb.
#62760
  1   2   3
Байланысты:
курстық жұмыс қазақ тілі сабақтарында қолданылатын деңгейлік тапсырмалар

курстық жұмыс қазақ тілі сабақтарында қолданылатын деңгейлік тапсырмалар

Тірек сызбалар арқылы қазақ тілі сабағында балалардың тілін дамыту

27.11.2015 15:04

 

Исабекова Айнұр Еркенқызы, «№41 сәбилер бақшасы» МҚКК, Павлодар қаласы, қазақ тілі мұғалімі

Қазіргі таңда білімге ерекше көңіл бөлінгендігі белгілі. Ол бүгінгі өмірдің талаптарына сай маңыздылығымен ерекшеленеді. «Халықтың кемеліне келіп өркендеуі үшін, ең алдымен азаттық пен білім керек» деп көрегендікпен Шоқан Уәлиханов айтқандай, халқымыздык кемеліне келтіру үшін жастарымызды білімді, мәдениетті, Отанын, тілін шексіз сүйетіндей етіп дайындауға әрбір ұстаз міндетті.


Елбасы жүргізіп отырған парасатты саясаттың арқасында мемлекеттік тіл – қазақ тілі де елімен бірге өзінің қайта өрлеуінің абыройлы, күрделі кезеңін жүріп өтті. Ендігі мақсат тәуелсіз Қазақстанның өсіп келе жатқан жас ұрпағын өз Отанының, мемлекеттігінің кепілі – мемлекеттік тілді құрметтеуге баулу, оны оқып үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру болмақ. 
Қазақ тілі - әлеуметтік, рухани адамгершілік, эстетикалық тәрбиенің қайнар көзі, балалардың мүмкіншіліктерінің даму барысында қазақ тілінің оқыту мен тәлім – тәрбие берудегі рөлі күннен күнге арта түсуде. Басқа ұлт өкілдерінің балаларын қазақ тілінде сөздерді, сөйлемдерді, диалог, монолог үлгілерін механикалық қайталай беру жолымен емес, жалпы белсенді түрде сөйлеу арқылы үйрету керек.
Заман талабы екі тілде сөйлеудегі одан әрі орнықтыру, қазақ тілін үйренгісі келетін басқа ұлт өкілдеріне мемлекеттік тілді меңгерту, сол сияқты балабақшаларда қазақ тілін оқытудың сапасын жақсартудың міндеттері қойылады.
Қазіргі таңда мектепке дейінгі балалардың қазақ тілінде синонимдарді, толықтауыштарды және бейнеленген суретті талдауды қолданылуына өте сирек кездеседі. Балалардың сөздік қорында көптеген мәселелер бар:

• сөздің дыбыстық құрамын дұрыс айта алмауы;


• қойған сұрақты түсінбеу, қазақша дұрыс жауап бере алмауы;
• үйренген сөздерді пайдаланып сөйлемді дұрыс құрастыра алмауы;
• жай, жайылма сөйлемдерді құрастыра алмауы;
• байланыстырып сөйлеуге, (4-5 сөйлемдік) әңгіме құрастыра алмайды;
• қазақ ертегілерін, тақпақтарды, жұмбақтарды, жаңылтпаштарды тыңдап түсінуге жаттап алмауы;
• өз ойыншықтары, отбасы, киімдері т.б. туралы бір-біріне сұрақ қойып, жауап беруге білмеуі. 
Сондықтан, мектепке дейінгі орыс тілді балалардың сөздік қорын дамытуына әсер етуі - өте қиын іс. Сөйлеу тілін, өз ойын, әңгімелеуді грамматикалық құрылымда дұрыс меңгертіп, ойын – тапсырмалар орындау арқылы жаттықтырып отыру керек. Осы уақытта балалардың ақпаратты аса түсуінбеуін ескере отырып, оқу процесі олар үшін қызықты, дамытушы және жаттықтырушы болуын қадағалау.
Өзімнің жұмысымда балаларды қазақ тілінде байланыстырып сөйлеуді дамыту үшін тірек сызбаларды қолданғанды жөн көрдім.
Тірек сызба – есте сақтау қабілетін жеңілдететін және қосымша ассоциацияларды құраумен есте сақтау көлемін кеңейтетін әр түрлі тәсілдердің жүйесі.
Ең бастысы – бұл кестеде суреттер балаға нақты түсінікті болуы керек.
Сәбилер мен ортаңғы топ балаларына түрлі-түсті тірек сызбаларды ұсынған жөн. Өйткені балалардың ойында нақты кейіпкер немесе заттар қалады. Мысалы: шырша-жасыл, жидек-қызыл. Келесіде сызбаларды күрделендіре отырып жасау керек. Мысалы: түлкі – сарғыш, қызыл геометриялық пішіндерден бейнеленеді (үшбұрыш, дөңгелек) аю-үлкен қоңыр дөңгелек және т.б. Ересек және даярлық тобының балалары үшін бір түсті тірек сызбалар қолдану керек.
Тілдің жалпы жетілмеуі балалардың байланыстырып сөйлеу тілін дамыту үшін Тірек сызбаларды мына бағыттар үшін қолданамын:
- Сөздік қорларын байыту;
- Сөйлем, әңгіме құрастыру;
- Әңгімені құрастыру;
- Жұмбақтарды жасыру және жауабын табу;
- Тақпақтарды жаттау.
Тірек сызбалармен қалай жұмыс істеу керек?
Тірек сызбаның дидактикалық материалы белгілі бір ақпарат жасырылған сызбалар болып табылады. Мнемокестемен жұмыс істеу тәсілдерін меңгеру оқытудың уақытын біршама азайтып, сонымен бірге мынадай міндеттерді шешеді:
- басты психикалық үрдістерді – есте сақтау, зейін, бейнелі ойлауды дамыту;
- ақпаратты қайта кодтау, яғни абстрактылы таңбаларды бейнелерге қайта құру;
Сабақта тақырыпқа байланыстыра пайдаланылған тірек сызбалардан ұтарымыз көп. Мектепке дейінгі балаларда тіл дамыту деген – жасөспірімдердің сөз байлығын молайту, қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету. Тіл дамыту жұмысының нәтижесінде балалардың сөз байлығы молайып, олар тілдің фонетикалық жүйесін меңгереді. Балалар кішкентай кездерінен-ақ сөйлеу мәдениетін игере бастайды. 
Сөздерді дұрыс айту, дұрыс атау – тіл мәдениетінің басты талаптарының бірі. Балаларды өз ойын толық баяндай білуге үйрету, байланыстырып сөйлеу дағдысын қалыптастыру - әр мұғалімнің парызы. Тірек сызбалармен өткен сабақтың тиімділігі:
Материалдарды түсіндіруде мұғалім көп қиналмайды;
Жасөспірімдер жаңа сабақты, материалды оңай қабылдап, тез меңгереді;
Сабақты түсіну арқылы жасөспірімдердің ынтасы артады;
Тіл ұстарту жұмысы еркін жүргізіледі;
Топта басы артық шу, әңгіме болмайды;
Тірек сызбалар арқылы үш-төрт сөзден сөйлем немесе шағын әңгіме, диолог құрай алады;
Өзге ұлт балаларына мемлекеттік тілді тірек сызбалар арқылы қызыға меңгеру, қазақ тілін қаншалықты бай тіл екеніне көздерін жеткізу.Балалар жеке – дара, жұппен, топпен, орталықтарда белсенділікпен жұмыс атқару көзделеді. Осындай қажырлы еңбектің нәтижесінде қазақ тілі сабақтарының білім сапасы соңғы жылдардың қорытындысы бойынша 85-90% құрайды. 
Қорытындылай келе, Инновациялық білім беру – іскерліктің жаңа түрі. Инновациялық технологиялар оқу ісін дамытуға, пәндердің мәнін тереңдетуге, мұғалімнің кәсіптік шеберлігін арттыруға, басқа жаңа технологияларды енгізуге, пайдалануға және шығармашылық жұмыстар жүргізуге бағытталған. Мұндай технологияларды қолдану оқу іс-әрекетін тиімді ұйымдастыруға көмектеседі, баланың тіл үйренуге қызығушылығын арттырады.

ТІРЕК-СЫЗБАМЕН ОҚЫТУ ӘДІСІНІҢ ТИІМДІЛІГІ

Бүгінде  қоғамдық  формацияның  ауысуы – білім  беру жүйесіне  айтулы  өзгерістер  мен  реформалар енгізгені белгілі. Бұған  жаңа  білім  стандартының  жасалынуы, төл оқулықтарымыздың  жазылуы, жаппай  компьютерлендіру т. б.  игі істер дәлел бола  алады.  Осының  бәрі  - ХХІ ғасыр табалдырығынан  аттаған жас ұрпақты ұлттық  құндылықтарды, ұлттық  мәдениетті  танитын, оны өзгеге таныта алатын білімді, жан – жақты қалыптасқан, әлемдік өркениетке қол соза алатын, бәсекеге қабілетті дербес тұлға тәрбиелеу қажеттілігінен туындайды. Осыған орай,  Елбасының  «Елдің ертеңін ойлау керек. ХХІ ғасырда білімсіз өмір сүру мүмкін емес. Халықты салауатты да, сауатты өмірге бағыттауымыз керек.» деуі де тікелей ұстаздар қауымына  жүктелер зор міндет. Ол үшін оқушы сұранысын  қанағаттандыратын оқытудың үлгілерін ұтымды қолдану, қажеттілігіне қарай өзгерістер мен толықтырулар  енгізу  ұстаздан  кәсіби шеберлікті талап етеді. Мұндағы ең басты қағида – оқытудың тиімділігін арттыру, оқушы шығармашылығын шыңдау, даралық келбетін қалыптастыру.

Бүгінгі таңда оқытушылардың алдында  тұрған  келесі  әрі  жауапкершілігі  мол  міндеттердің  бірі оқушыға сапалы  білім беру.

         Тиянақты  білім беру дегеніміз -  жаттанды  емес,  белгілі  жүйесі бар,  қарапайымнан  күрделіге  қарай  оқушының  ой - өрісін  дамытатын  ұғымдар.

         Сонау 1970 жылдардың  басында, Кеңес Одағы дәуірінде, білім беру саласындағы  орта білім беру жүйесіне көшу реформасы оқушылардың  100%  үлгерімін талап етті.  Бірақ бұрынғы оқу жүйесі бойынша оқыту осы талапты орындауға мүмкіндік бермеді. Осы дағдарыстан шығу мақсатында озық ойлы, тәжірибелі ұстаздар білім берудің өзгеше жолдарын қарастыра бастады.

Педагогикалық  әдістемелік  процестерде В.Ф. Шаталов  әдісі деген  атпен енген  тірек – сызба  белгілерін (сигналдарын) сабақта  қолдану мұғалімдердің  көпшілігінен  үлкен қолдау  тауып отыр,  оқыту  процесінде  кеңінен  қолданылуда.

          В.Ф. Шаталов  технологиясының  ерекшелігіне тоқталсақ:

          Бірінші  ерекшелігі – нақты  дәл есептелген оқу процесін құра  білу.

В.Ф.Шаталов  бұл  құрылымды  былай  түсіндірді  «Тірек  сигналдары  

дегеніміз  –  ойынның  элементі,  уақыт үнемділігі және  бала психологиясын  қызықты  құбылысқа бағыттау. Бірақ  ең  басты  мақсат – берілген тақырыпты  логикалық байланыстар негізінде  оқушының  түсінуі мен  ұзақ  уақыт  есте сақтауы»       

          Екінші ерекшелігі – уақыт үнемділігі. Мысалы, белгілі бір тақырыпты түсіндіру барысында бірнеше тақырыпты жинақтап, ықшамдап бір-екі тірек сигналына сыйдыруға болады. 

         Бұл әдістеме қазіргі күнге дейін құндылығын жойған жоқ.

Тірек сызба  белгілер  сабақтың  негізгі құрам  бөлігі  ретінде  қолданылады. Мұнда  негізінен  мына  мәселелерге  назар аударған жөн.

         1. Тірек – сызба  белгілерін пәнді жүргізудің басынан бастаған жөн.

2. Мүмкіндігінше  барлық  сабақтарда  пайдалану керек.

3. Сызбанұсқаға оқушылармен  бірге  талдау  жүргізіп отыру. Сызбанұсқаларды  (схемаларды) оқушылардың  қатысуымен  талдау керек.

4. Оқушылардың  белгілі  тақырыпқа  сай  сызба  белгі  даярлауға  негізделген  өзіндік  жұмыс  жасауына  мүмкіндік  беру.

5. Оқушының  топпен  және  екі – екіден  жұмыс  жасауына  мүмкіндік беру.

 

 

Тірек сызбаның  артықшылықтары  мынада:



а) оқушыға  оқу  материалы  жинақы, қысқаша  беріледі;

б) оқушы  оқу материалының  ішінен  ең  негізгісін  таңдай  білуді  үйренеді;

в)  оқушы  таңдап  алған  танымдылық -  білімдік  түсініктерін  бір – бірімен  байланыстырып,  қарапайым  жүйе  жасауды  үйренеді;

г)  оқушы оқулықпен  және қосымша  әдебиеттермен  жұмыс  жасауға  дағдыланады;

д)  Оқушы өзінің танымдық  деңгейін  біледі. Өзін - өзі  бағалауды  үйренеді.

Тірек  сигналдары арқылы оқыту өзінің нәтижесін береді. Атап айтсақ:  

Мұғалім:

          - оқушы білімін тексеруде дидактикалық құрал ретінде пайдаланады                    

          - мағыналық, логикалық белгілерді нақты, қысқа түсіндіреді; 

- баға қоры молаяды; 

- оқушы білімі әділ бағаланады. 

         Оқушы:

• берік білім негізі қаланады; 

• сөйлеу қабілеті дамиды; 

• тұжырымдап, топшылау дағдылары қалыптасады; 

• танымдық процесі нығаяды; 

• қарым – қатынасқажеттілігі қанағаттандырылады; 

• пәнгедегенқызығушылығыартады; 

• шығармашылығы шыңдалады. 

    Нәтижесінде мұғалімнің де, оқушының да жасампаздығы артып,жаңашылдыққа бет бұрады. 

Тәжірибие алмасу тақырыбым: Қазақ тілі сабағында деңгейлік тапсырмаларды пайдалану.

Оқытудың қазіргі жаңа технологияларын меңгеру және оқушылардың психологиялық жас ерекшеліктеріне сай келтіріп,сабақ үрдісіне ендіру мол ізденушілікті талап етеді.Әрине,ұстаз әрбір сабағын мазмұнды құрып,жаңа технологиямен сабақ беріп отырса,оқушылардың терең әрі тиянақты білім алуына жол ашылады.Сондықтан да қазіргі ұрпақты білім нәрімен сусындатуда жаңа технологияның алатын орны ерекше. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық,рухани,азаматтық және де басқа көптеген адам келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді,өзін-өзі дамытуға көмектеседі.Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, өз бетінше жұмыс жасауға дағдыландыру барысында өз іс-тәжірибемде педагогика ғылымының докторы,профессор Ж.Қараевтың деңгейлеп оқыту технологиясын қолдана отырып сабақ жүргіземін. Деңгейлік тапсырмаларды жүргізудегі негізгі мақсат-баланың қабілетін ашу, шығармашылығын шыңдау, іздендіру, пәнге қызығушылығын арттыру. Осы мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді жүзеге асырамын.


1.Оқушылардың өздігінен білімін толықтыра, жетілдіре отырып, жаңа білім алуы.
2.Оқушылардың бір-бірімен білім алмасуына дағдылануы.
3.Берілген білімді пысықтау.
4.Оқушының білімін тексеру, бақылау.
5.Шығармашылық қабілетін арттыру.
Деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушылардың тілін дамытып,сөздік қорын молайтуға мүмкіндік бар.Деңгейлеп оқытудың ерекшелігі:оқушылардың сабақ үрдісінде бірнеше деңгейде жұмыс жүргізе алатындығында.Деңгейлік тапсырмалар арқылы мұғалім оқушының нені білетінін,нені меңгергенін,нені меңгермегенін біледі,соның нәтижесінде оқушыларда намыс оты оянып,басқалардан қалып қоймауды ойлап өз мүмкіндігіне қарай дайындық жасайды,әрі тырысады. Деңгейлік тапсырмалар дегеніміз – балаға шамадан тыс жүктеме беру емес, керісінше оқушының біліміне, мүмкіндігіне, сұранысы мен қабілетіне сәйкес дайындалған сатылы жұмыстар жүйесі. Деңгейлік әдістің маңыздылығы – оқушының шығармашылықпен белсенді жұмыс істеуін дамытады, әр оқушыны өздігінен үйренуге баулиды, өткен грамматикалық, лексикалық тақырыптарды жүйелі игеруге дағдыландырады, ой еңбегімен айналысуға жетелейді, яғни оқу-танымдық құзіреттілігі қалыптасады.
Бұл технология бойынша оқушылардың білімді өздігінен саналы түрде меңгеруіне ерекеше мән берілген.Оқу іс-әрекетінің негізгі түрі оқушылардың өздігінен орындайтын жұмысы болып табылады.
Деңгейлеп оқыту технологиясы оқушының да,мұғалімнің де белсенді шығармашылық қызметін дамытуға арналған.1-деңгейдегі тапсырма мемлекеттік стандарттық деңгей,бұны орындауға барлығы міндетті.2-3 деңгей бірте-бірте күрделенеді және бұл тапсырманы орындауға оқушылар құқылы,ал 4-деңгейді шығармашылықпен жұмыс істей алатын оқушылар орындайды.Әрине ,барлық оқушы 4-деңгейді түгел орындап шығады деу артық.1-2 деңгейді түгел жуық орындайды да,озат оқитындар алға кетеді.
Ж.Қараевтың деңгейлеп оқыту технологиясы – оқу үрдісіндегі мұғалім мен оқушының, оқу мазмұны мен түрінің, әдістер мен амалдардың, оқу мақсатының ықпалдасу заңдылығының жүйесі.
Ж.Қараев технологиясының жемісі сол, ол оқушыны күштеп оқудан аулақтатып, өз бетімен оқуына, ақпаратты өз бетімен өңдеуге, ешкімнің көмегінсіз өз бетінше ойланып, шешім қабылдауға дағдыландырады .
Қорыта келгенде деңгейлік тапсырмалар орындау негізінде оқытудың тиімділігі:
- оқушы өз бетімен жұмыс істеуге дағдыланады ;
- оқушының жеке қабілеті айқындалады;
- іштей бір-бірінен қалмауға тырысады;
-тапсырманың күрделену деңгейіне сәйкес оқушының ойлау қабіліеті артады;
-сынып оқушылары толық бағаланады;
-әр бала өз деңгейіне ,қабілетіне қарай бағаланады.
Демек,жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді пайдалану білім сапасын арттырудың бірден-бір жолы.Оқыту үрдісінде оқушылардың білім қорын молайтуға,белсенділігін арттыруға,шығармашылық қабілеттерін жетілдіруге көмегі бар.
Оқушылардың теориялық білімдерін жүйелеу, алған білімдерін практикалық тұрғыда қолдануға жаттықтыру, талдау, дәлелдеу қабілеттерін дамыту, әдеби тілде дұрыс сөйлеу нормаларын меңгертуге жаттықтыру, сөздік қорын байыту, дұрыс оқу дағдыландыру мақсатын көздейді. Жинақ фонетика, морфология бөлімдерінің негізгі ережелерін саналы , тиянақты меңгерту, үйрету мақсатына бағытталған білімдік, танымдық, дамытушылық, тәрбиелік мәндегі деңгейлік тапсырмалардан тұрады.

Оқушылардың қазақ тілінен алған теориялық білімдерін тереңдете түсуге, тілдік объектілерінің қыр – сырын біліп, өзіндік ерекшеліктерін тани алуға, әр алуан тапсырмалар арқылы білім деңгейін молайтуға мүмкіндік береді. Тапсырмалар оқушылардың сабақта, сабақтан тыс кезде жұмыс істеуіне , тіл дамыту, жазу дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Жинаққа еңгізілген тапсырмалар мен жаттығуларды оқушылардың білім деңгейіне, мүмкіндігіне қарай пайдалана алады, яғни жұмыс түрлерін оқушылармен жеке- жеке жүргізуге, өтілген материалдарды жүйелі қайталауға болады. Жинақта белгілі фонетикалық, лексикалық, грамматикалық тақырыптарды қорытындылауда, жинақтауда, пысықтауда пайдаланатын кестелер түрлері берілді. Жинаққа енген материалды үлестірме және жеке тапсырмалар кестесі түрінде де пайдалана алады.

Қазақ тілін оқытуда пайдаланылған шығармашылық тапсырмалар да ұсынылып отыр. Тапсырмалар оқулықтағы «Сөз таптары» тарауы бойынша «Зат есім», «Сын есім», «Сан есім», «Етістік», «Есімдік», «Үстеу», «Еліктеу», «Шылау», «Одағай» тақырыптарын түгелдей дерлік қамтиды.

Осындай тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар өзін- өзі дамыту, тәрбиелеу, өз әрекеттерін ұйымдастыру мүмкіндігін алады.

Үлгерімі төмен оқушылармен деңгейлік тапсырмалардың жеңіл түрлерін өткізуге болады. Оқушылардың үлгерім деңгейінің төмен немесе жоғары болуына мұғалімнің жауапкершілігі мол. Мұғалім өзінің пәнін жетік білуі керек. Біліктілігі жоғары, жан –жақты іздену, жұмыс түрлерін түрлендіруі, сабақты қызықты өткізу керек сонда оқушылардың пәнге үлгермеушіліктері азайып немесе мүлдем болмайды.

Барлығы мұғалімнің шеберлігімен, оқушының қызықғушылығына байланысты. әрекетінің болуы;

Ситуативтілік; сөйлеу жағдаяттарын (ситуцияларды) ескерту;

Ақпараттылық: оқушының жас, интеллектуалдық мүмкіндіктеріне сәйкес қызықты оқу материалдарын іріктеу;

Жаңалық деңгейі: мәтін мазмұны ғана емес, оқыту процесінің барлық элементтеріне қатысты болуы;

Эвристикалық сипаты: шығармашылық тұрғыдан сұрақ-жауапқа құрылуы;

Функционалдық сипаты: тілдесімде тілдік бірліктерді атқаратын қызметі тұрғысынан іріктеу;

Проблемалық сипаты: оқу материалы проблемалық, яғни оқушының өз бетінше ойланып, орындап, шешуіне, сыни ойлауын дамытуға бағытталуы тиіс;

Сөз құрамын білу, түбірлес сөздерді табу;

Сөзжасамның негізгі түрлерін білу;

Таныс емес сөздерді сөз тудырушы, сөз түрлендіруші жұрнақтар арқылы ажырата білу.

Үлгерімі төмен оқушылармен әр түрлі жұмыс түрлерін жүргізуге болады. Өз сабақтарында жаттығулардың түрлерін пайдалану арқылы оқушылардың білім деңгейлерін арттырады.

Тақырыбы: Дыбыс және әріп.

Дыбысты естиміз, айтамыз.

Әріпті көреміз, жазамыз.

1)Берілген дыбыстарға тиісті дауысты дыбыстан қосып, буын құрап, сөз жасаңдар.

а) қ р н д ш ә) м ғ л м б) м к т п в) қ у ш

2) Берілген дыбыстарға тиісті дауыссыз дыбыстан қосып, буын құрап, сөз жасаңдар( зат есім болу керек)






е




е




е




е




е




е




а




а




а




а




а




а

3) Оқушылардың сауатты, қатесіз жазу дағдыларын қалыптастыру мақсатында:

Мысалы: шоф (о/е) р, тұ (йа/я) қ, аспа(з/с) шы, ж (ый/и) налыс, клу(п/б).

4) Бос тұрған тор көздерге әріптердітауып жазып, сөз құраңдар. Ол сөздердің бәрі де зат есімнен болу керек.







р

т







р

т







р

т







р

т







р

т

Деңгейлік тапсырмалар.

3деңгей. «Атаның ақылы» Берілген ақыл сөздердегі көп нүктенің орнына керекті сөздерді жазыңдар.

Ер жетіп, ..... керек.

Шынығып, .... керек.

Ақылың .... керек.

Біліміңмен .... керек.

2деңгей.

Әріпке қарағанда, дыбысы көп сөздерді тап және жаз.

Қоян, лагерь, аспазшы, ащы, қою, тұщы.

1деңгей.


Мына сөздерде неше дыбыс және неше әріп бар?

Коньки, орындық, тақия.

Тақырыбы: Буын және сөз.

Сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады.

1)Буын ұйқасын тап.

Қа-қа- алтын сақа ра-ра-

У-у- көгілдір ту са-са-

Ыл-ыл-


2) «Сөз құрау» Берілген сөздерден мағыналы бірнеше зат есімдер құрастыр.

Қолшатыр- қол,

3) «Баспалдақтан түсу» Бұнда берілген әріптерден бір әріп ала отырып, ( немесе қоса отырып) жаңа сөз жасау.

Шатақ орақ су

Атақ ......... ........

Тақ .......... ........

Ақ .......... .........

Деңгейлік топсырма.

3 деңгей.

Орны ауыстырылған әріатерден сөз құра.

1) ізлбекі 2) шырғақла 3) кәрбетйе 4) аснақтой

2 деңгей.

Буыннан сөз құра.

Дір, кө, гіл; лы, сау, ден, ғы; ра, гер, мұ;

1деңгей. Жоғалған буынды тап.

......лық , ша..... , бәй...шек , .....ым.

Тақырыбы: Сөз құрамы. Түбірлес сөздер.

Негізгі түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы туынды сөз жасаймыз.

Бір түбір сөзден бірнеше түбірлес сөздер жасаймыз.

1)Төмендегі сөздерден басқа сөз құра.

Кесе – есек зат-

Қала - қора -

Қалам - сама -

Салақ - тарақ –

2) Берілген сөздерге тиісті қосымша жалғап, сөйлемді аяқта.

Сиырды сауын... сауады. Қойды қой... бағады. Киімді тігін... тігеді. Тамақты аспаз... пісіреді.

3) Түбірлес сөздерді теріп жаз.

Басқар, ойыншы, ойна, балақай, жұмысшы, ойыншық, балалық, жұмыскер, бастық, жұмыстар.

Төмендегі тақырыптар бойынша тексеріс тесті.

Сөз құрамы. Түбірлес сөздер.

1)Түбірлес сөздерді табыңдар.

А) жазу, жазулар В) ән, әнші С) би, билер

2) Сөз құрамына ............. жатады.

А) дыбыс, үтір В) әріп, сөз С) түбір, қосымша

3) Түбірлес сөздерді көрсетіңдер.

А) тау, таулар В) қала, қалашық, қалалы С) оқу, оқулар

4) Сөз құрамын анықта. Жаңбырлы.

А) түбір В) түбір, қосымша С) қосымша

5) Қосымшаны дұрыс жалғаңдар. Бала

А) лық В) лік С) дық

Тақырыбы: Сөз және оның мағынасы.

Омоним – жазылуы бірдей, мағынасы әр түрлісөздер.

Антоним - мағынасы бір-біріне қарама – қарсы сөздер.

Синоним - жазылуы әр түрлі, мағынасы бірдей сөздер.

1)Берілген сөздерге мағыналас сөздер жазыңдар.


  1. елгезек –

  2. дәулет –

  3. зиялы –

2) Мағынасы қарсы мәндес сөздердің сыңарын тауып жаз.

Ұзын, қымбат, мағына, жұқа, үлкен, сырты, қысқа, арзан, мағынасыз, үлкен, іші, кіші,



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет