Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері пӘні бойынша ТӘжірибелік сабақҚа арналған әдістемелік өҢдеу



бет3/3
Дата29.01.2018
өлшемі1,45 Mb.
#35739
1   2   3
Масштабына қарай апат: жеке, объектілі, жергілікті, аумақты және глобалды болып бөлінеді.

ХҚАЗ токсикалық сипатының мінездемесі мынадай түсініктерден тұрады:

-зиянды заттар концентрация шамасының мөлшері (КШМ);

-токсикалық өлшемі.

КШМ – концентрациясының әсері, адамға бірнеше күн ешқандай патологиялық өзгерістер мен ауруларды шақырмайды, қазіргі заманғы әдістер диагностикасында байқалмайды. Ол 8-сағаттық жұмыс күніне жатады және қауіпті апат жағдайында қолданбайды, төтенше оқиғада уақыттың әсері ХҚАЗтым шектеулі.

Токсикалық тиімді анықтайтын заттардың санын токсикалық өлшем дейміз.

11. Жаңа тақырыпты бекіту. 15 мин (25%)

Түймедақ “әдісі

Алдын- ала түймедақ гүлі жасалыныды және оның әрбір күлтесі сұрақ немесе термин, түсініктерден құралады.Әр студент бір күлтеден жұла отырып,сұраққа жауап береді немесе терминге анықтама береді.

Тақырып бойынша сұрақтар, тапсырмалар

1.Күшті әсер ететін улы заттардан түзілген ошақтар сипаттамасы.

2.Химиялық жағдай және оны бағалауға не жатады?

3.Ауаның вертикалдық тұрақтылығы дегеніміз не?

4.Химиялы қауіпті авариялық заттардың қалыпты жағдайы және зардаптарын баяндаңыз.

5.Химиялық зақымдану ауқымын болжамдау үшін бастапқы деректері мен АХҚЗ-дың таралуын түсіндіріңіз.

6.ҚӘУЗ және оның организімге әсері, уытты жағынан жіктелісі қаншаға бөлінеді?

7.Химиялық ошақ және ХҚАЗ түрлерінің топтамаларына не жатады? 8.Улағыш заттардың жіктелуі, химиялық қару және жеткізу жолдары мен салдары.

9.Нейротропты улар мен тұншықтырғыштық және нейротропты әсері басым заттарға не жатады?

10.Метоболдық улар мен заттар алмасуын бұзатын заттардың қасиетін айтыңыз.

11.Тұншықтырғыштық әсері басым заттар, жалпы улылық әсері басым заттар, тұншықтырғыштық және жалпы улылық әсері басым заттарға не жатады?


  • Бірін-бірі үйрету

ХҚАЗ туралы мәлімет жазылған карточкаларды әрбір студентке тарату керек. Студенттерге өз карточкаларындағы мәліметтерді оқып-саралау үшін уақыт беру. Оқып болғаннан кейін студент аудиторияда журіп, өз карточкасында жазылған мәліметпен алдына кездескен әрбір студентпен бөлісуі керек. Жаттығу әрбір студент өзінің әр топтасымен мәлімет алмасып болмағанша жалғасады.

Тапсырманың мақсаты өзіндегі мәліметпен басқа студентпен бөлісіп, одан басқа бір мәлімет алу. Жаттығу аяқталғаннан кейін студенттерден не білгенін сұрау.



Өткізу ережесі:

1.Алған мәліметті тыңдап есте сақтау керек.

2.Алған мәліметті студенттерге жеткізу керек.

3.Бір мезгілде бір адамға ғана алған мәліметті жеткізуге және бір адамнан ғана алуға болады.

4.Сөйлеп тұған адамды бөлуге болмайды.

5.Регламентті қатаң сақтау.



12. Сабақты қорытындылау. 3 мин (10%)

13. Үйге тапсырма беру: Химиялық жағдайды бағалау аспаптары.

Н-14, 83-86 беттер. 2 мин (5%)



Сабақтың тақырыбы: Төтенше жағдайды бағалау. Құтқарушылы және апатты орнына келтіру жұмысы

4 Сабақ: Химиялық жағдайды бағалау аспаптары.



1.Сағат саны: 45 мин (100%)

2.Сабақ түрі: тәжірибелік

3.Сабақтың мақсаты:

  • оқыту: Химиялық улану клиникалық белгісі мен әсер ету механизымын білу;

  • тәрбиелік: химиялық жағдайды бағалау аспаптарының жұмас принциптерін білуге тәрбиелеу;

  • дамыту: топ ішінде тіл табыса алу және топ араларындағы

қарым-қатынасты дамыту.

4. Оқыту әдісі: ақпарат материалымен жұмыс істеу,

ТBL,кіші топтармен жұмыс,пікір талас,

тесттік тапсырмаларды орындау.

5. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а)техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы.

ә)көрнекі және дидактикалық құралдар: альбом, атлас,

суреттер,тест тапсырмасын орындау.



б) оқыту орны: 116 аудитория.

6. Әдебиеттер:

Негізгі: (Н)

1. Баубеков С. Ж. Өмір қауіпсіздігі негіздерін оқытудың әдістемесі : оқу құралы: 0109000 - Тіршілік қауіпсіздік негіздері және валеология. - Алматы : Эверо, 2013.

2. Нәбиев Е. Н. Тіршілік қауіпсіздігі негіздері: оқу құралы. - Астана:Б.ж 2012.

3. Немеребаев М. Н. Тіршілік қауіпсіздігі: оқу құралы. - Алматы : Эверо, 2012.

4. Тайжанов С. Өмір қауіпсіздігі негіздері: оқу-әдістемелік құрал / С. Тайжанов. - Алматы : Эверо, 2010

5. Төтеншежағдайлардазардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі халыққа арналған жаднама. 1 бөлім. Болуы ықтимал апат оқиғалары (Жер сілкінісі). Бір демалыс күнінің оқиғалары(Сәтсіз сапар) = Памятка населению по оказанию первой помощи пострадавшим в чрезвычайных ситуациях. Ч. 1 : жаднама. - Алматы : Б. ж., 2006.

6. Төтенше жағдайлардан зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі халыққа арналған жаднама. 2-бөлім = Памятка населению по оказанию первой помощи пострадавшим в чрезвычайных ситуациях. Ч. 2 : жаднама . - Алматы : Б. ж., 2006.

7. Төтенше жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсетудi ұйымдастыру : оқулық / О. Д. Дайырбеков [ ж. б.]. - Шымкент : ОөмМА баспаханасы, 2000.

8. Учебное пособие для студентов высших учебных заведений по курсу "Безопасность жизнедеятельности". Кн. 1: учеб.пособие / сост. А. А. Суровцев. - Алматы : Б. ж., 2005.

9. Учебное пособие для студентов высших учебных заведений по курсу "Безопасность жизнедеятельности.Кн. 2; учеб. пособие. - Алматы : Б. ж., 2005.

10. Фефилова, Л. К. Безопасность жизнедеятельности и медицина катастроф : учебник для студентов средних мед.учеб. заведений. - М. : Медицина, 2005.

11. АлдешевА. А. Введение в сестринское дело. Безопасная больничная среда. Инфекционная безопасность и контроль:учебное пособие / А. А. Алдешев. - Шымкент : Б. и., 2005.

12. Саудабеков К. Е. Безопасность жизнедеятельности и формирование здорового образа жизни: учебное пособие. - Алматы :КазГЮУ, 1999.

13. ҚР АҚ ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулық – Алматы: 2000ж., 196 бет.

14. «Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы, І кітап, Алматы: 2003ж. 240бет

15. «Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы, ІІ кітап, Алматы: 2003ж. 240бет

16. Нәбиев Е. Н.Апат медицинасы: оқу құралы. - Астана : Б. ж., 2012.

17. ҚР Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылатын оқу құралы, Алматы: 2009ж.



Қосымша: (Қ)

1. ҚР ТЖМ Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылатын оқу құралы: оқу құралы. - Алматы : Б. ж., 2012.

2. Ұйымдардағы төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс бойынша сабақтарға арналған оқу құралы: оқу құралы. - Алматы : Б. ж., 2012.

3. Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс : энциклопедиялық анықтамалық / бас ред. Б. Ө. Жақып. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2011.

4.ТЖ және Ақ саласындағы басшылық құрамының біліктілігін арттырудың Республикалық курстарының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылған оқулық: оқулық. - Алматы : Б. ж., 2008.

5.ТЖ-да зардапшеккендерге психологиялық көмек көрсету бойынша жаднама. 3-бөлім = Памятка населению по оказанию психологической помощи пострадавшим в ЧС. Ч. 3-і:жаднама. - Алматы : Б. ж., 2008.

6. Төтенше жағдайлар жүйесінде қолданылатын орысша - қазақша терминдер сөздігі = Русско - казахский словарь терминов, применяемых в системе чрезвычайных ситуаций : сөздік. - Алматы : Б. ж., 2006.

7. Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар саласындағы заңдары : заңдар. - Астана : Б. ж., 2005.

8.Эвакуациялық шараларын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулық : нұсқаулық. - Алматы : Б. ж., 2003

9.Пособие в помощь слушателям Республиканских курсов повышения квалифиации руководящего состава в области ЧС и ГО : учеб.пособие. - Алматы : Б. ж., 2008

10.Вандышев, А. Р. Безопасность жизнедеятельности и медицина катастроф : учеб. пособие . - Ростов н/Д : Изд. центр " Март", 2006.

7.Ұйымдастыру кезеңі: 3 мин (15%)


  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

8. Тақырып бойынша білімін тексеру. 15 мин (30%)

  • Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Химиялық барлау приборлары.

  2. Әскери химиялық барлау приборы (ӘХБП).

  3. Ауадағы улы заттарды анықтау.

  4. Топырақ пен сусымалды материалдағы улы заттарды анықтау.

  5. Жердегі, техникадағы, киімдегі және әртүрлі заттардағы улы заттарды анықтау.

9. Жаңа сабақты түсіндіру: 7 мин (20%)

10.Ақпараттық материялмен жұмыс

Химиялық барлау приборлары

Ауадағы, жердегі, техникадағы және басқа объектілердегі улы заттарды анықтау химиялық барлау приборлары көмегімен немесе сынақ алу және оны артынша химиялық лабораторияда талдау жолымен жүргізіледі. Барлық приборлардың жұмыс прициптері индикацияның химиялық әдісіне негізделген. Ол бойынша улы заттар реактивпен ықпалдасқан кезде реактивтің түсі өзгереді, ал егер реакция сұйық ортады жүргізілсе ылғал түседі.

Әскери химиялық барлау приборы (ӘХБП). Ауадағы, жердегі және техниканың үстіндегі улы заттарды табуға арналған, ол корпусқа қақпақпен және тасуға арналған белбеумен бекітілген. Корпуста қол насосы, насостың саптамасы, индикаторлы түткішесі бар үш қағаз таспасы, түтіннен қорғайтын қалпақшалары, шам, жылытқыш және оның патрондары орналасады. Корпустың сыртынан сынақты іріктеуге арналған күрек бекітіледі.

Ауадағы улы заттарды анықтау. Улы заттарды анықтауды зариннан, зоманнан және VX бастайды. Бұл үшін прибордың қақпағын ашады, ілмешекті итереді және насосты алады. Қызыл шеңберлі және қызыл нүктелі екі индикаторлық түтікшені алып, олардың ұшын кесіп ашады. 50С температура кезінде түтікшенің төменгі жағын ашардың алдында 400С – тан аспайтын температурада жылытқыны қыздырады (реактивті ерітеді). Индикатор түтікшенің таңбасына дәл келетін таңбалы насостың ампула ашқышының көмегімен екі түтікшенің үстіңгі ампуласын сындырып, оларды ұшынан таңбамен бірге ұстай отыра 2 – 3 рет қатты сілкілейді, түткішілердің бірінің (тәжірибелік) ұшын таңбаланған насосқа қояды, секундтына бір рет тербету жылдамдығымен 5 – 6 тербетіп, ауа айдайды. Екінші түтікше арқылы (бақылау) ауаны айдамайды, керісінше прибор корпусына орналасқан штативте қалдырады. Ауаны айдағаннан кейін тәжірибелік түтікшенің төменгі жағын сындырып толтырғыштың жоғары бөлігін толығымен шаятындай етіп бір – екі рет үлкен құлашпен сілкілейді. Бұдан кейін бірден бақылау түтікшесінің төменгі ампуласын сындырып, оны да сілкілейді. Толтырғыштар бояуының өзгерісін қадағалайды.

Төменгі ампулаларды ашып, сілкіленгеннен кейін толтырғыш қызарады, кейіннен сарғайады. Екі түтікшеде де қызыл түстің жасыл түске бір уақытта көшуі қауіпті мөлшердегі улы заттың жоқтығын айғақтайды. Бақылау түтікшесінде сары түс пайда болған сәтте тәжірибелік түтікше толтырғышының жоғары қабатында қызыл түстің сақталуы ауада қауіпті мөлшердегі улы заттардың бар екендігін көрсетеді.

Газқағарларын алу туралы шешім қабылдау үшін зариннің, заманның және VX қауіпсіз мөлшері де осылайша анықталады. Анықтауды жоғарыда жазылған тәртіппен жүргізеді, тек ауаны тәжірибелік индикаторлық түтікше арқылы айдаған кезде насосты 50 – 60 рет басады және түтікшелердің төменгі ампуласын бірден емес, басқаннан кейін 2 – 3 минуттан соң сындырады.

Жүйкенің құрастырғыш улы затты зерттеу нәтижесіне қарамастан ауада фосгеннің (дифосгеннің) және көгілдір қышқылдың немесе хлорцианның бар – жоғын анықтайды. Бұл үшін үш жасыл жүзікшесі бар индикаторлық түтікшенің ашып, ондағы ампуланы сындырып, түтікшені насосқа қойып, насоспен 10 – 15 рет тербетеді. Түтікшені насостан кейін алғаннан кейін толтырғыштың бояуын индикаторлық түтікше сақталатын таспаға жағылған эталонмен салыстырады.

Бұдан кейін ауадағы иприт буын анықтайды, бұл үшін бір сары жүзікшелі түтікшені ашып, оны насосқа қояды және насосты 60 рет басады. Бұдан кейін түтікшені насостан алып, 1 минуттан соң толтырғыштың бояуын таспадағы эталонмен салыстырады.

CS және BZ – да индикаторлық түтікшесі бар таспалар болған кезде ауада осы улы заттардың бар екендігін анықтауға болады.

Төменгі температуралар ауаны зерттеуді жүргізген кезде түтікшелерді қыздыру керек. Бұл үшін жылытқының орталық саңылауын патронға қояды және патрон қалпақшасындағы саңылау арқылы оның ішіндегі ампуланы сындырады. Ампуланың сыңғанына көз жеткен соң ұшты патроннан алады. Жылытқыны қойғаннан кейін оны бүйірдегі ұяларға түсіріп, индикаторлық түтікшелерді қыздыру немесе еріту үшін пайдаланады.

Индикаторлық түтікшенің толтырғышы түсінің ауада тек улы заттармен қатар негізгі сипаттағы қышқыл қоспаларының улы немесе бүркемелі түтіннің әсерінен өзгеретіндігін де есте ұстау қажет. Сондықтан да ауаны зерттеудің күдікті жағдайларында оны түтіннен қорғайтын сүзгіні пайдалана отырып қайталайды.

Топырақ пен сусымалды материалдағы улы заттарды анықтау. Бұл үшін қажетті индикаторлық түтікшені алып даярланғаннан кейін оны насостың басына қояды. Бұдан кейін насосқа саптаманы бұрып, басылатын жүзікшені ашық қалдырады. Саптаманың аузына қорғаныс қалпақшасын кигізеді. Зақымдалғаны туралы күдік тудырған жердегі топырақтың (сусымалы материалдың) үстіңгі бетін күрекпен ашып, қорғаныс қалпақшасын шетіне дейін көмеді. Қақпақты түтіннен қорғайтын сүзгімен жауып, оны сығатын жүзікшемен бекітеді және насоспен қажетінше тербетеді. Бұдан кейін түтіннен қорғайтын сүзгіні, сынама мен қалпақшаны лақтырып тастайды, индикаторлық түтікшені алып, жоғарыда көрсетілгендегідей, улы заттарды анықтайды.

Жердегі, техникадағы, киімдегі және әртүрлі заттардағы улы заттарды анықтау. Анықтауды фосфорлы органикалық заттардан бастайды. Әзірленген нүктені насосқа қойып саптаманы бұрайды, қорғаныс қалпақшасын кигізіп, саптаманы топыраққа немесе зерттелетін объектінің үстіне қалпақшаны зақымдану белгілері анығырақ көрінген учаскені жабатындай етіп қояды, бұдан кейін қажетінше тербетеді. Бұдан әрі саптаманы алып, қалпақшаны лақтырып тастайды, насостың басынан индикаторлық түтікшені алып, таспаға жапсырылған нұсқаулықтарды басшылыққа алып улы заттарды анықтайды.

Химиялық қауіпті объектідегі апат кезінде химиялық жағдайды барлау.

TBL (team based learning – кіші топтарда оқыту) әдісі – студентте топта жұмыс істеу дағдысын дамытуға мүмкіндік беретін оқытудың топтық әдісі

студенттердің өз беттерінше атқаратын тәжірибиелік сабағына қолданылады. Әр студент әскери химиялық барлау приборлары (ӘХБП) туралы айтып, оның жұмыс істеу принцптерін көрсетеді.





1-корпус;

2-қақпағы;

5-аэрозольға қарсы сүзгі;

6-саптамасы;

7-қорғаныс қалпақшасы;



11-күрек.


3-қол насосы;

4-индикаторлы түтікшесі бар қағаз таспасы;

8-шам;

9-жылытқыш;



10-жылытқыштың патрондары;

12-прибормен жұмыс істеудің нұсқаулығы;

13-фосфорлы органикалық УЗ-ды заттарды анықтау бойынша нұсқаулық;

14-тасуға арналған белбеу




11. Жаңа тақырыпты бекіту. 15 мин (25%)

Тесттер:

1-нұсқа

1. Метеожағдайдың уланған ауаның таралуына қолайлы болуы:

А)инверсия кезінде, жел жылдамдығы секундына 1 метр.

В)изотермия кезінде, жел жылдамдығы секундына 0,5 метрден аз.

С)конвекция кезінде, жел жылдамдығы секундына 3 метр.

D)инверсия кезінде, жел жылдамдығы секундына 4 метр.

E)изотермия кезінде, жел жылдамдығы секундына 5 метр.



2. Инверсия дегеніміз … .

А) төменгі ауа температурасы жоғары қабаттағы температурасынан төмен болған кездегі ауаның жерге жақын қабатының жағдайы (атмосфераның тұрақты жағдайы).

B)төменгі ауа температурасы жоғары қабаттағы температурамен бірдей болған кездегі ауаның жерге жақын қабатының жағдайы (атмосфераның бейтарап жағдайы).

C)төменгі ауа температурасы жоғары қабаттағы температурасынан жоғары болған кездегі ауаның жерге жақын қабатының жағдайы (атмосфераның тұрақсыз жағдайы).

D)ауаның вертикальді жылжуы бір деңгейден екінші деңгейге ауысуы.

E)ауаның тұрақты болуы.



3. Жүйкелі-паралитикалық уландырғыш заттарға ... жатады.

А) зарин, зоман, VX - газдар

B) хлорциан.

C) иприт, люизит

D) фосген, дифосген

E) BZ, LSD



4. Конвекция дегеніміз …

А)төменгі ауа температурасы жоғары қабаттағы температурасынан жоғары болған кездегі ауаның жерге жақын қабатының жағдайы (атмосфераның тұрақсыз жағдайы).

B)ауаның вертикальді жылжуы бір деңгейден екінші деңгейге ауысуы.

C)ауаның тұрақты болуы.

D) төменгі ауа температурасы жоғары қабаттағы температурасынан төмен болған кездегі ауаның жерге жақын қабатының жағдайы (атмосфераның тұрақты жағдайы).

E)төменгі ауа температурасы жоғары қабаттағы температурамен бірдей болған кездегі ауаның жерге жақын қабатының жағдайы (атмосфераның бейтарап жағдайы).



5. Терілі-іріңді уландырғыш заттарға ... жатады.

А) иприт, люизит

B) зарин, зоман, VX - газдар

C) хлорциан.

D) фосген, дифосген

E) BZ, LSD



6. Жел жылдамдығы болжау бойынша 0,6-дан 1 м/с дейін боған кезде ХҚАЗ зақымдану аймағы .... түріне ие.

А) =1800, жартылай шеңбер

B) =450, сектор

C) =900, сектор

D) =1000, сектор

E) =3600, шеңбер



7. ... химиялық барлау аспаптар қатарына жатады.

А) ӘХБА


B) ДП-24

C) ДП-5


D) ИД-1

E) ДП-ЗБ


8. Жел жылдамдығы болжау бойынша 2 м/с жоғары боған кезде ХҚАЗ зақымдану аймағы .... түріне ие.

А) =450, сектор

B) =900, сектор

C) =1000, сектор

D) =3600, шеңбер

E) =1800, жартылай шеңбер



9. Химиялық зақымдану аймағының (ХЗА) ені ... болып келеді.

А) ХЗА тереңдігі инверсия кезінде 3%, конвекция кезінде 80%, изотермия кезінде 15%

B) ХЗА тереңдігі инверсия кезінде 5%, конвекция кезінде 70%, изотермия кезінде 10%

C) ХЗАтереңдігі инверсия кезінде15%, конвекциякезінде 80%, изотермия кезінде3%

D) ХЗАтереңдігі инверсия кезінде7%, конвекциякезінде 90%, изотермия кезінде2%

E) ХЗА тереңдігі инверсия кезінде 10%, конвекция кезінде 50%, изотермия кезінде 35%



10.Химиялық зиянды және қауіпті өндірістік факторларының бірі - ... .

А)адам ағзасына зиянды заттар

В)еңбектің бір қалыптылығы

С)ионды сәуле

D)электромагниттік өріс

Е)жарықтың жеткіліксіздігі


2-нұсқа

1. ...улы металдарға жатады.

А) Сынап


B) Мырыш

C) Темір


D) Қорғасын

E) Марганец



2.Зақымдану аймағының тереңдігі ХҚАЗ-мен бөгеттірілген сыймдылықта ... азайту керек.

А) 1,5 рет

B) 5 рет

C) 0,5 рет

D) 1,6 рет

E) 1,8 рет



3. Изотермия дегеніміз …

A)төменгі ауа температурасы жоғары қабаттағы температурамен бірдей болған кездегі ауаның жерге жақын қабатының жағдайы (атмосфераның бейтарап жағдайы).

B)төменгі ауа температурасы жоғары қабаттағы температурасынан жоғары болған кездегі ауаның жерге жақын қабатының жағдайы (атмосфераның тұрақсыз жағдайы).

C)ауаның вертикальді жылжуы бір деңгейден екінші деңгейге ауысуы.

D)ауаның тұрақты болуы.

E)төменгі ауа температурасы жоғары қабаттағы температурасынан төмен болған кездегі ауаның жерге жақын қабатының жағдайы (атмосфераның тұрақты жағдайы).



4.Жалпы уландырғыш әсері бар уландырғыш заттарға ... жатады.

А) синиль қышқылы, хлорциан

B) зарин, зоман, VX - газдар

C) иприт, люизит

D) фосген, дифосген

E) BZ, LSD



5. Жел жылдамдығы болжау бойынша < 0,5 м/с боған кезде ХҚАЗ зақымдану аймағы .... түріне ие.

А) =3600, шеңбер

B) =1800, жартылай шеңбер

C) =450, сектор

D) =900, сектор

E) =1000, сектор



Терілі-іріңді уландырғыш заттарға ... жатады.

А) иприт, люизит

B) зарин, зоман, VX - газдар

C) хлорциан.

D) фосген, дифосген

E) BZ, LSD



6.Тұншықтырғыш уландырғыш заттарға ... жатады.

А) фосген, дифосген

B) синиль қышқылы, хлорциан

C) зарин, зоман, VX - газдар

D) иприт, люизит

E) BZ, LSD



7. Жел жылдамдығы болжау бойынша 1,1-дан 2 м/с дейін боған кезде ХҚАЗ зақымдану аймағы .... түріне ие.

А) =900, сектор

B) =1000, сектор

C) =3600, шеңбер

D) =1800, жартылай шеңбер

E) =450, сектор



8. ... күштi әсер ететiн улағыш заттарға жатады.

А) Аммиак

B) Азот

C) Көмір қышқыл газ



D) Мыс

E) Кадмий



9. ... күштi әсер ететiн улағыш заттарға жатады.

А) Хлор


B) Азот

C) Көмір қышқыл газ

D) Сутегі

E) Радон


10.Улағыш заттар аныктау үшін ... қолданады

А)ӘХБА, газоанализаторларын

B)дозиметр,радиометр

C) амперметр, метромер

D) потенциометр

E) стабилизатор



12. Сабақты қорытындылау. 3 мин (10%)

13. Үйге тапсырма беру: Жеке қорғаныс құралдары

Н-2,96-102 бет 2 мин (5%)
Каталог: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев
2014 -> 3-деңгейлерге: а/берілген сөздерді аударыңдар
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет