Түйіндеме Аты – жөні: Султаналиева Зауреш Тенизбаевна Туған жылы, айы, күні



бет2/2
Дата01.06.2017
өлшемі0,5 Mb.
#17513
1   2

Түйіндеме

  1. Аты – жөні: Султаналиева Зауреш Тенизбаевна

  2. Туған жылы, айы, күні: 24.10.1983ж.

  3. Мекен - жайы: Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылы

Ж.Байбосын көшесі №13/1

  1. Жанұялық жағдайы: Тұрмыс құрған

  2. Білімі: Жоғары. Жамбыл гуманитарлық

техникалық университеті

6. Мамандығы: Кәсіптік білім (сала бойынша)

  1. Еңбек өтілі: 6 жыл

8. Атқаратын қызметі: Өндірістік оқыту шебері

9. Тілдерді білуі: Қазақ тілі, орыс тілі – еркін,

ағылшын, түрік тілдері – сөздікпен



10. Қызығушылығы: Аспаздық, қолөнер әзірлеу.

11. Жұмыс орны: Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылы

Желтоқсан көшесі №59

Жамбыл облысы әкімдігі білім

басқармасының «№3 Байзақ

колледжі» коммуналдық мемлекеттік

қазыналық кәсіпорны





Шығармашылық

жұмыстың тақырыбы:

Ойын арқылы оқыту технологиясын өндірістік сабақта қолдану






Өндірістік сабақта студенттерге ойын арқылы оқыту технологиясының элементтерін таныстырып, оларды өз мамандықтарын сүюге баулу.



Өндірістік сабақта ойын арқылы оқыту технологиясының элементтерімен таныстыру;

Студенттердің теориялық білімін жүйелеуге және өндірісте қолдануына, қалыптасуына жағдай жасау;

Өз ойын, көзқарасын білдіруге, екінші бір адамның жауабын тыңдап, оны толықтыруға, жетістіктері мен кемшіліктерін айта білуге жаттықтыру;

Студенттердің өндірістік сабаққа деген қызығушылығының деңгейін сезінуге, оны игеруде, өз мүмкіндігін болашақта бағалай білуіне көмек көрсету.




Зерттеу пәні: Өндірістік сабақ.
Зерттеу объектісі: «Тамақтандыруды

ұйымдастыру»

мамандығының І курс студенттері.
Нысанасы: Оқытудың жаңа технологиялары негізінде

өндірістік оқыту шеберлерінің шеберлігін

арттыру.
Зерттеу ауқымы: Студенттердің танымдық

шығармашылық қабілеттерін арттыру.
Зерттеу әдіснамалық негіздері:

  1. Өндірістік сабақтың ерекшелігін, басқа арнайы пәндермен сабақтастығы.




  1. Стратегиялық ойындар мен шығармашылық тапсырмалар арқылы студенттерді ұлтжандылыққа, инабаттылыққа, ізгілікке, жинақылыққа, нақтылыққа тәрбиелеудегі мәнін негізгі басшылыққа алу.



Жетекші идея:

Ойын арқылы оқыту технологиясының элементтері арқылы студенттердің өз мамандықтары бойынша теориялық білімін және іскерлігін жетілдіру.
Зерттеу әдістері:


  1. Ғалымдардың педагогикалық-психалогиялық әдістерімен таныса отырып, студенттерге меңгертуде тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалану.




  1. Ойын арқылы оқыту технологиясының элементтерін өндірістік сабақта пайдаланудың әдіс-тәсілдерін тәжірибе арқылы анықтау.



Күтілетін нәтиже:

  • Сабақта тұрақты белсенділік, қызығушылық пайда болады.

  • Студент тұлға ретінде өзін көрсете біледі, оның іс-әрекеті өзінің қабілеті мен деңгейіне байланыты болады.

  • Ойын арқылы бір-бірімен тез тіл табысады, бір-бірін жақсы ұғады, бір-бірінен ептілікті сергектікті үйренеді.

  • Студенттердің ерекше қабілеттері айқындалады.

Зерттеу кезеңдері:

  1. Теориялық кезеңі 2014-2015 оқу жылы

  2. Практикалық кезең 2015-2016 оқу жылы

  3. Қорытынды кезең 2016-2017 оқу жылы


Менің тұжырымдамам
Ойын-әрекеті арқылы студенттердің дағдысын қалыптастыру кезінде ойын арқылы, көңіл-күйі, студенттердің тілін дамытумен қатар пәнге деген қызығушылығын қалыптастыру: оларды сергіте, қуанта отырып, белсенді әрекетке жұмылдыру, ойын таңдаудағы ойланғанын жүзеге асырудағы дербестігін жетілдіру, ойын түрін қолдану арқылы студенттердің жеке қасиеттерін қалыптастыру.

Ойын арқылы оқыту технологиясы дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық болып бөлінеді. Ойын студенттің ойлау қабілетін арттырады. Арнайы технология, жабдықтау, саудалық есептеулер т.б. арнайы пәндерімен байланысып білім-білік дағдылары артып, пәнге деген қызығушылығы артып, білім сапасының артуына ықпал етеді. Студенттің дамуындағы ойынның рөлі туралы әр кезде де педагогика ғылымының майталмандары үнемі көрсетіп отырған. Ойын арқылы студенттер әлем есігін ашады, шығармашылық қабілеттері артады.

Ұлы педагог В.А.Сухомлинский ойын ойнамай бала толыққанды дамымайды деп жазған. Ойынға да басқа оқыту формалары сияқты арнайы психологиялық қағидалар талап етіледі. Басқа да кез-келген іс-әрекеттер сияқты ойын әрекеті де сабақ кезінде ынталандыруды қажет етеді, ең бастысы студенттер сезіну керек. Негізгі рөл студенттің ойынға қатысуындағы психологиялық және интеллектуалдық дайындығымен сипатталады. Ойын кезіндегі көтеріңкі көңіл-күй, өзара түсіністік, достық қарым –қатынасты қалыптастыру үшін оқытушы әр ойынға қатысушының мінез-құлқын, темпераментін, жинақылығын, ұстамдылығын және денсаулығын ескеруі керек. Ойынның мазмұны қатысушылар үшін қызықты және ойын соңында нәтижесі анық көрінетіндей маңызды құндылықтарын сезінетіндей болуы тиіс. Әр студенттердің ойын әрекетін сабақ кезінде алған білімдері мен білік-дағдыларына негізделеді, ол әрекеттер күнделікті әсерлі шешімдер қабылдауға, өздерін және қоршаған орта мүмкіндіктерін дұрыс бағалай білуге тәрбиелейді.

Студенттердің сабаққа деген ой өрісін дамыту, қызығушылығын ояту басты қиындықтың бірі. Әр сабақ-оқытушының ізденісінің жемісі. Күнделікті сабақтағы бір сарымдылық студенттердің ынтасын, қызығушылығын жоғалтады. Сондықтан сабақты түрлендіріп, ойын сәттерін қолданып өткізсе, сабақтың мазмұны ашыла түседі. Өйткені ойын студенттің бойындағы жақсы қасиеттерді қалыптастыруға, әлеуметтік өмірдегі процестерге өзінше баға берумен пайыздай алушылыққа үйретіп, адамдармен қарым-қатынас жасауға тәрбиелейді, зейіні арта түседі, есте сақтау қабілеті дамиды.





Ойын технологиясының теориялық негіздері
Ойынның психологиялық және педагогикалық ерекшеліктері Еліміз егеменді ел болғалы бері келелі де ауқымды өзгерістер жүруде. Саяси, экономикалық, қаржылық т.б. салалардағы секілді білім беру саласы да мұндай өзгерістерден тыс қалған жоқ. Себебі мемлекетті нығайту, көркейту үшін өмірге жаңаша көзқарастағы, білімді, жан-жақты дамыған ұрпақ тәрбиелеу қажеттігі туындады. Сондықтан қандай халықтың даму стратегиясын алып қараса, онда өскелең жас ұрпақты елін сүйетін отаншыл, саналы, тәрбиелі етіп шығару-оның басты бағдарларының бірі. Қазіргі жас ертеңгі халық тағдырын шешетін азамат. Осыдан білім беру мекемелерінің алдында күрделі міндет тұр. Ол-студентті саналы ойлайтын ертеңгі күні қоғамда өз орнын табатын жеке тұлғаны тәрбиелеп шығару.

Қазіргі кезеңде «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығын оқыту әдістемесі ғылымында ізденістер, жаңалықтар болып жатыр. Түрлі әдістемелік жүйе, әдістер мен тәсілдер колледждерде «Аспазшы» мамандығын оқыту үрдісіне енуде. Мысалы: Ж.Қараевтың «Деңгейлеп оқыту технологиясы», В.В.Давыдовтың «Дамыта оқыту технологияларының элементтері», В.Шаталовтың «Тірек сигналдар арқылы оқыту технологиясы» т.б.

Қазіргі білім саласының алдына қойылатын талаптар- студенттерге білімді тереңдетіп беру. Мұны кейінгі жылдары шыққан оқулықтардан да көруге болады. Мұндай жағдайда оқытушының алдында үлкен мәселе: студенттерді қалайша шаршатпай, енжарлыққа салдырмай терең білім беруге болады? Осы тұрғыдан алып қарағанда оқыту үрдісінде ойын әдісін қолдану-бұл мәселені шешудің бірден-бір жолы. Өндірістік сабақтарды ойын әдісімен оқыту жұмыстары мынадай бірнеше маңызды мәселелерді шешеді: біріншіден, студенттер ойын кезінде бір-бірімен тең құқықтыққа ғана қолы жетіп қоймай, бір-бірімен қарым-қатынастары артып, ұнамдық қасиеттері дамиды, бұл студенттердің логикалық ойлары дамитыны сөзсіз; екіншіден, оқулықта берілген тапсырмаларды қызығып, ынта-жігермен орындайды, бұл студенттердің білімді сапалы меңгеруін қамтамасыз етеді; үшіншіден, студенттердің арасында жарыс пайда болады, студенттер жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастырады; төртіншіден, студенттер шығармашыл ойлауға дағдыланады.

Сондықтан сабақты ойын тәсілімен өткізу – өндірістік сабақтың қызықты, сапалы өткізілуінің маңызды мәселелерінің бірі.



Оқу іс-әрекетінің мақсаты






Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру



Жеке

тапсырма

Топтық

тапсырма


Жұптық

тапсырма













Өзін-өзі бағалау



Нәтиже



Теориялық кезеңі

2014-2015 оқу жылы

Міндетім




Мақсатым


Қажетті материалдар мен көрнекіліктерді жинақтау.

Жеке тапсырмалар дайындау.

Жұптық тапсырмалар дайындау.

Топтық тапсырмалар дайындау.

Деңгейлік тапсырмалар дайындау.

Студенттердің қабілеттерін зерттеу, басқа оқытушылардың тәжірибелерімен танысу, сабақтарына қатысу


Практикалық кезең

2015-2016 оқу жылы

Мақсатым

Міндетім




Ойын технологиясын оқу процесіне енгізу. Тапсырмалар жүйесін құрастырып, оларды оқутанымдылық үрдісіне енгізу. Оқытудың стандартты емес әдістері мен модельдерін құрастыру. Колледж ішінде тәжірибеге түзету мен қорытындылау жұмыстарын жүргізу.



  • Теориялық білімді тереңдету.

  • Халық педагогикасы негізінде тәрбиелеу.

  • Студенттердің жас ерекшеліктерін ескеру.

  • Психологиялық ерекшеліктерін ескеру.


Қорытынды кезеңі

2016-2017 оқу жылы


Мақсатым

Міндетім

Алынған нәтижелерді талдау, ойынның тиімділігін дәлелдеу, тәжірибені тарату. Ойын технологиясын пайдалана отырып, сапалы білім мен саналы тәрбие беру.

Алдына қойған мақсатына жете алатын студент тәрбиелеу,

Әр студенттің өз білім деңгейін, мүмкіндігін, іскерлігін дамытады.

Өз бетімен ізденіс дағдыларын, іскерлік қабілетін жетілдіретін шығармашыл тұлға қалыптастыру.



Ойын технологиясы



Қызығушылықты дамытып, қалыптастырады

Ұлттық ойын, салт-дәстүрді білуге тәрбиелейді

Дұрыс сөйлеу дағдыларын қалыптастыру









ОЙЫН



Сабақта ұтымды пайдаланса

Нәтиже

Пәнге қызығушылық артады өздік қоры молайғаныны көз жетеді




Өндірістік сабақта ойын элементтері арқылы сабақ өту нәтижесінде төмендегіге қол жеткізуге болады.


Сабақтар жоғары темпта өтеді.



Студенттер берілген тапсырмаларды қызыға орындайды.



Оқытушы мен студент арасында жақсы қарым-қатынас орнайды



Сабақтың әр кезеңінде студенттер өз бетінше жоғары деңгейде жұмыс орындайды.


Өндірістік сабақта ойын технологиясын пайдалануы

Ойын элементтерінің маңызы

Ойын студенттің негізгі іс-әрекеті ретінде психологиялық, анатомиялық-физиологиялық, педагогикалық маңызы зор қызметтер атқарады. Ойын студенттің даму құралы, таным көзі, тәрбиелік дамытушылық мәнге ие бола отырып, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Ойынның тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп, А.С. Макаренко былай деп жазды: «Бала өмірінде ойынның маңызы зор, ересек адам үшін еңбектің, жұмыстың, қызметтің қандай маңызы болса, нақ сондай маңызы бар. Бала ойында қандай болса, өскен соң жұмыста да көп жағынан сондай болады». Сондықтан келешек қайраткерді тәрбиелеу ең алдымен ойыннан басталады.

Ойын өзінің тек мазмұнымен студенттерді бірден жаңа бір өлшемге шығарып, жаңа психологиялық жағдайға әкеледі. Тәжірибе көрсеткендей, әдеттегі бір сарынды, сабақта үндемес студенттер ойын кезінде өте белсенді болады. Өйткені ойын кезінде ол тең құқықтыққа ғана қолы жетіп қоймай, алдыңғы қатарлы, әрекетшіл болып басқаларды өзіне тартатын мүмкіндікке ие болады. Оқытушы балалар ерекшеліктерін – мінез, темперамент, ұжымшылдық, тәртіп, ерік т.б. жағдайларын ескеріп ұйымдастыруы қажет және ойынның мақсаты, міндеттері, мазмұны мен жүрісін анықтау керек. Оқытушы ойынды ұйымдастырушы, ойынның мазмұны жөніндегі ақыл-кеңесшісі, студенттердің даулы нәрселерді шешіп беретін әділ төрешісі, сонымен бірге ойын барысында олардың жолдасы бола алады.

Оқытушының міндеті – ойын барысында студенттер арасында адамгершілік қарым-қатынастарды талдап, зерттеу, оны тиімді әдістермен басқару, студенттердің достығын қолдау. Ойынның мақсаты бағдарламада анықталған білім, білік, дағдылар жайында түсінік беру, оларды қалыптастыру, тиянақтау және пысықтау немесе тексеру сипатында болып келеді. Ойынның міндеті студенттің қызығушылығын оятып, белсенділігін арттыру мақсатында іріктеліп алынған нақты мазмұнмен анықталады. Сабақта тиімді қолданылған ойын түрлері оқытушының түсіндіріп отырған материалын студенттердің аса зор ықыласпен тыңдап, жемісті меңгеруіне әсер етеді. Студенттер тез сергіп, тапсырманы жылдам әрі дұрыс орындайтын болады.

Ойындар студенттерді өз бетінше жұмыс істей білуге дағдыландырады, ойлау қабілеттерін, ізденімпаздығын арттырады, сөздік қорларын молайтады. Өндірістік сабақта ойын технологиясын қолдану студенттердің өндірістік сабаққа деген қызығушылықтарын арттырады, белсенділік танытып, материалды қажетті деңгейде игеруіне ықпал етеді.


Ойындар мазмұны студенттерді қызықтыра алатындай құнды болуы керек. Ойын әрекеті сабақта игерілген білім, білік, дағдыға сүйене отырып студенттердің өзіне және басқаға сын көзбен қарап, тиімді шешім қабылдауына мүмкіндік туғызады. Ең бастысы әлеуметтік психологиялық талаптардың бірі – шынайы қарым-қатынас практикасы мен ойынның логикалық үйлесімінің болуы. Ойын сабақтары түрлерін таңдап алу, оны жүргізу оқытушыдан үлкен шығармашылық ізденісті талап етеді.

Ойын арқылы студент білім алуға, оқуға қызықтыра отырып, тұлғалы дамуын қалыптастыруға болады. Жалпы, өндірістік сабақта қолданылатын ойын түрлері студенттердің психологиялық ұғымдарын кеңейтіп, ойлау қабілеттерін арттырып, ойлау дағдыларын шыңдай түсетіні белгілі. Өндірістік сабақта қазақтың ұлттық ойындары қолданылады. Мысалы: «Сақина салу», «Алтын сақа», «Ақсүйек» ойыны белгісіз заттарды табуға арналған ойын. Ойынға барлық студенттер қатысады. Кестедегі белгісіз сандардың орнына «Ақсүйек» тығылып жатыр. Кім дұрыс шығарса, сол табады. Кім ақсүйекті көп тапса, сол ұтады.

Өтілген тақырыптардағы сабақ материалына лайықталған ойын есептерін алып, тек қана студенттің орындай алатын іс-әрекетімен шектелу жеткіліксіз. Мұндай ойынды ұйымдастырудың және басқарудың сипаты мен жолдары және жолдары және оларды қолданудың тиімді бөліктері жан-жақты ойластырылуы керек.

Ойын үрдісінде студенттердің білімі тереңдей түседі, осыған дейінгі білімдері мен түсініктері баянды болып жаңа білім игеріледі. Жалпы білім беретін колледждердің үшінші курс студенттерінің ой-өрісін дамытатын «Сақина тастау» ойыны. Дидактикалық мақсаты: берілген тапсырманы тақтаға жазып, сақинаны өзі қалаған студентке салады. Ойын осылайша жылдам түрде жалғасады. Ойынды басқара жүріп, оқытушы студенттің жеке басының ерекшелігіне, оның санасына, сезіміне, ерік-жігеріне, мінез-құлқына ықпал жасайды.

Ойын – адамның өмір танымының алғашқы қадамы деп білеміз. Оның басты ерекшелігі студенттің ойлау қабілетін жетілдіру болып табылады. Ойында студенттер әр нәрсеге жақсы зейін қояды және көбірек есіне сақтайды. Ойын үстінде ол алға қойылған мақсатты шұғыл және оңай жүзеге асырады. Ойын шарттарының өзі баладан заттарға, айналатын көріністер мен сюжетке зейін тоқтатуды талап етеді. Егер студенттің ойын талабына зейін қойғысы келмесе, ойын шарттарын есте ұстамаса, онда оны құрдастары ойыннан шеттетуі ықтимал.

Дидактикалық ойындар.

Колледж студенттерінің колледжге келгенге дейінгі әрекеті ойын десек, оқу-тәрбие үрдісінде олар біртіндеп ойын әрекетін (таным) әрекетіне бейімделуіне тиіс. Ол сабақ барысында қолданылатын дидактикалық ойындар арқылы жүзеге асырылады. Ойын – студенттің сабаққа ынтасын аударуға, көңіл қойғызуға, сондай-ақ қабылдауын жеңілдетуге, білімді толық игеруіне көмектеседі. Ойынның түрлері өте көп: ойын сабақ, ойын-жаттығулар, сергіту ойындары.

Сабақта ойын элементтерін пайдалану студенттердің ой-өрісін, танымдық белсенділігін арттырады. Теорияны практикамен ұштастыруға жол ашады. Алайда ойынды үнемі оқу үрдісіне пайдалануға, ұзақ уақыт созуға болмайды. Ойын белгілі бір уақытта жүзеге асырылып, сабақ кездеріне нұсқан келтірмейтіндей жымдасып жатуы тиіс. Студенттердің қызығушылығын арттырудың бір көзі – биологиялық ойын элементтерін қолдану деп ойлаймын.



Ойынның қандай түрі болса да студенттерді өзіне тартады. Мен сабақта қолданған әрбір ойын жөнінде терең толғанып, оның тәрбиелік маңызын түсінуге тырысамын. Студенттерге сұрақты қысқа, түсінікті етіп қоямын, ойын үдерісінде мүмкіндігінше ойынның бірнеше түрлерін кезектестіріп отырамын.

Ойын арқылы тапсырмаларды орындау ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық және дене тәрбиесінің мақсаттарына жету үшін пайдалану орынды. Студенттің қуанышы мен реніші ойында айқын көрінеді. Ойын кезіндегі студенттің психологиялық ерекшелігі мынада: олар ойнайды, эмоциялық әсері ұшқындайды, белсенділігі артады, еркі, қасиеті, қабілеті, қиял елестері дамиды, мұның бәрі студенттің жан-дүниесіне әсер етіп, оның рухани адамгершілік сезімінің дамуына ықпалын тигізеді. Студенттермен мынадай дидактикалық ойындарды көп пайдаланамын: эстафета, крассворд, ребус, жұмбақтар шешу және алтын қақпа ойыны.
Каталог: uploads -> doc -> 1283
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1283 -> Қысқа мерзімді сабақ жоспары Мұғалімі
1283 -> Сабақ кезеңдері Класс: 11 ( қазақша ) Өткізілетін күні


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет