Тлешева Ж. К. Пәні: сауат ашу Тақырыбы: Сөйлем тыныс белгілері. Көктем. Мақсаты



Дата11.01.2017
өлшемі26,04 Kb.
#6699
Тлешева Ж.К.

Пәні: сауат ашу

Тақырыбы: Сөйлем тыныс белгілері.Көктем.

Мақсаты:

Оқушылардыңсөйлем тыныс белгілері туралы ұғымдарын кеңейту.Оларлдың өз бетімен жұмыс жасауы арқылы логикалық ойлауы мен сөйлеу тілін,сөздік қорын дамыту;оқушыларды аңғарымпаздыққа,еңбекке тәрбиелеу.



Сабақтың көрнекілігі: сюжетті суреттер.

Пәнаралық б/с:дүниетану

Сабақтың барысы.

I.Бағдарлау – мотивациялық кезең .Ұйымдастыру бөлімі. Үй тапсырмасын тексеру. Өткенді қайталау:

-Сөйлем деген не? /Сөйлем сөзден құралады.Сөйлемдегі сөздер бір-бірінен бөлек жазылады және аяқталған ойды білдіреді.Сөйлемнің бірініші сөзі бас әріппен басталып жазылады.Сөйлемнен соң не нүкте,не сұрақ белгісі,не леп балгісі қойылады. /

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

-Суретте не,кім бейнеленген?

-Қай мезгіл?

-Көктемде қандай өзгерістер болады?

-Құстар не істейді?

-Жабайы аңдарда қандай өзгерістер болады?



II. Операционалдық – орындаушылық кезеңі.

-Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Сөйлемнің тыныс белгілері.Көктем.Бүгінгі сабағымызда сөйлемнің нүкте деген тыныс белгісіне тоқталамыз.



-Бірдеңе жайында хабарлау мақс атымен айтылған сөйлемді хабарлы сөйлем дейміз.Хабарлы сөйлемнің соңына нүкте қойылады.Мысалы: Қанат мектепке ерте келді.Бүгін күн жылы.Азат бірінші сыныпта оқиды.

Ойын: «Кім жылдам?».Қай сөйлемдер аяқталған ойды білдіреді?Тыныс белгілерін қой.

1.Аязды күні торғайлар

2.Біздің сынып

3.Алмат сабақтан кешікпейді

4.Жексенбі күні

149-жаттығу:

1.Оқушыларға өлеңді оқып беру.

2.Оқушылардың оқуы.

3.Өлең мазмұнына байланысты сұрақтар мен тапсырмаларҮ

-Ақын көктемді қалай суреттеген?

-Көктемде қандай құстар ұшып келеді?

-Көктем туралы сұраулық мән беретін үш сөйлем жаз.Мысалы:

Қазір қай мезгіл?

Ағаштар бұршақ жарды ма?

Қар ериді ме?

151-жаттығу.Көктем туралы әңгіме құрастыру.

«Көктем»әнін орындату.

3) Сергіту сәті.

Қане,қанат жазайық,

Қарлығаш болып ұшайық.

Ұшып-ұшып алайық,

Қане,қайта қонайық.
5)Дәптермен жұмыс.

1. «Көктем»өлеңі бойынша кестені толтыр.Мысалы:

Күн жылына бастайды.

Қар ериді.

Жаңбыр жауады.

Құстар ұшып келеді.

Ағаш отырғызылады.

Бау-бақшалар тазартылады.

Мал төлдейді.

Аңдар балалалайды.

2.Көркем жаз.

III. Рефлексиялық – бағалау кезеңі.

Жаңа сабақты бекіту.

Берілген сызба бойынша сөйлемдер құрастыру.



| ____ ______ ______.

| ____ _______ _______ _______?

| _____ _____ ______!

Құстар келді Т.Молдағалиев

Тырна келді тыраулап,

Тіліп өтіп аспанды.

Қаздар көлде жүр ойнап,

Көктем айы басталды.

Тас төбеде күн күлді,

Қошаметтеп оларды.

Қараторғай былтырғы,

Ұясына оралды.

Құстар келді сондықтан

Дала да ашты гүлдерін...

Әрбір құсқа жолыққан:



-Аман-есен жүр!-дедім.

Үйге тапсырма:94-95 бет мәнерлеп оқу.

Бағалау.
Каталог: uploads -> doc -> 0ccd
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0ccd -> Күні : 14. 10. 14ж Пәні : ана тілі Тақырыбы: М. Жұмабаев Өткен күн Мақсаты : Ақынның өмірі мен шығармашылық жолынан қысқаша мәлімет алу,
0ccd -> Сабақ: «Қазақ бейнелеу өнері»
0ccd -> Бекітемін 2016ж. Директор Сагимбаев А. У. «Қарлығаш» балабақшасының


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет