Тлеукабылова Зульфира Минулловна,педагог-психолог Солтүстік Қазақстан облысы, Уәлиханов ауданы, Бидайық орта мектебі «Мен таңдаған мамандық»



Дата26.08.2017
өлшемі61,92 Kb.
#29666
Тлеукабылова Зульфира Минулловна,педагог-психолог

Солтүстік Қазақстан облысы, Уәлиханов ауданы, Бидайық орта мектебі

«Мен таңдаған мамандық» (9-сынып)

Мамандық таңдау бағдарламасы.

Түсініктеме хат.

Дәстүрлі мектептегі оқытудан кәсіби білім беру жүйесіне көшкенде оқушылардың кейбіреуі күйзеліске ұшырайды, себебі алда өзінің біліммен сусындау сапарын таңдау жолы тұр. 9-сынып оқушылары еңбек рыногының жағдайы туралы толық хабардар емес, және жеке өзінің тұлғалық ерекшеліктерін байқау да әлі оның көрінбейді. Мұндай жағдайда тап болу мектептегі оқушылардың жартысынан көбі кәсіби бағыт-бағдарын тереңінен қанықпай, тарызыламай таңдайды. Осыған байланысты негізгі мектеп бітірушілерге психологиялық-педагогикалық көмек ауадай қажет. Оқушы үшін ең бастысы бұл жолда – ойын жинақтау және өз қабілетіне, қызығушылығына, мүмкіндігіне қарап, сол мамандықтың жеке тұлғалық өмірде алар орнын анықтап, дұрыс таңдау жасау. Дұрыс таңдаған жол – табыстың басы, өзіңді көрсету, психологиялық және материалдық жағынан жағдай жақсарту. Осы бағдарлама оқушыларға дұрыс таңдау жасауға көмегін береді.

Бағдарлама мақсаты:


  • Негізгі мектеп бітірушілерге психологиялық-педагогикалық демеу көрсету.

  • Негізгі мектеп бітірушілерге сапалы кәсіби таңдау жасауға психологиялық жағдай туғызу.

  • Оқушылардың ертеңгі күні жеке тұлға ретінде дамуына мүмкіндіктер жасау.

  • Жастарға өмірлік жоспарын айқындауға және осыған сай іскерлік алгоритм құруына көмектесу.

Міндеттер:

  1. Білім алу жоспарын құруға деген оқушылар қажеттіліктерін анықтату.

  2. Түрлі диагностикалар арқылы оқушылардың қажеттіліктерін ақпараттау және мамандықтар талаптары жайлы мәліметтер беру.

  3. Түрлі мамандық талаптарына сай оқушыларға өз қабілеттерін айқандауға жағдай жасау.

Бұл қойылған мақсаттарға жету үшін, оқушылардың білімін жобалау жұмысы және «Менің бай жеке құндылығым», «Менің кәсіптік жоспарым» атты портфолиосын жинақтау керек.

Бұл бағдарлама құру кезінде көздеген мақсатымыз, оқушыға өз мүмкіндегін (қызығушылығы мен бейімділігін) психологиялық көмек: тренингтер, өзіндік диагностикалар арқылы өз бағытын айқындату.

Практикада бұл бағдарламаны қолдана отырып, мынадай нәтижеге қол жеткіземіз:


  • Негізгі мектеп бітірушілер диагностикалар арқылы өзінің ішкі әлемімен жақсы танысады, жеке тұлғалық қалыптасуға бет бұрады.

  • Ең қанатын кең жайған қажеттілікті тудыратын еңбек түрін, яғни мамандықты анықтап, өз білімі арқылы мүмкіндіктері мен ерекшеліктерінің деңгейін анықтайды.

  • Оқушылар ары қарай өз білім жолын сапалы түрде ұйымдастыруға мүмкіндік алады, таңдау кезіндегі қателіктерден арылады, өзіне ұнаған кәсіби бағдарын таңдайды.

Бұл бағдарлама 16 сағатқа бөлінген, топтық психокоррекциалық жұмыс түрінде төмендегі әдістер бойынша өткізіледі .Оқушылардың өзін-өзі диагностикалауы, кәсіби бағдар беру ойындары, рөлдік ойындар, тренингтер,ойын түріндегі әдістер,моделдеу әдістері, «Миға шабуын» топтық пікірталастар. Сабақ айына 2 рет өткізіледі.

Тақырыптық күнтізбелік жоспар




Сабак тақырыбы

Сабақ мақсаттары

Жалпы мазмұны

Өткізілетін күні

1.

Кіріспе сабағы.

-оқушыларды тапсырмалармен,курстың құрылымымен таныстыру;

-өзін-өзі тану мотивациясын дамыту және өзіндік таңдау жасау.



-«Мен кім?»жаттығу;

-«Тіршілікте жоқ жануар»,/2/;

-сауалнама «Кәсіби көзқарастар»,/4/.


04.09

2.

Мамандықтарды классификациялау.

-мамандықтар әлемі жөңінде теориялық білімдерін арттыру;

-белсенділік қабілеттерін арттыру.



-дәріс-әңгіме «Мамандықтарды классификациялау»;

-жаттығу «Мамандықтар формуласы»,/2/.



11.09.

4.

Менің мүмкіндіктерім.

Темперамент.



-темперамент туралы теориялық түсінік беру;

-балаларға өз темпераментін білуге көмектесу.



-дәріс «Темперамент»;

-Айзенк сауалнамасы.



25.10.

5.

Менің мүмкіндіктерім.

Таңдаған мамандығыма сәйкестігім.



-«Мамандыққа сәйкестік»түсінігімен таныстыру;

-өз қабілетін бағалау.



-дәріс «Мамандыққа сәйкестік» деген не?;

-қысқы анықтау тест.



14.11.

6.

Қызығушылық және мамандық таңдау.

-оқушыларға өз

қызығушылықтарын танытуға көмектесу;

-рефлексиялық қабілеттерін дамыту.


-шағын дәріс
-«Кызығушылық картасы»тест.


21.11.

7.

Мамандық бағыты және бейім.

-оқушыларға өздерінің неге бейім екендіктерін тануға көмектесу.

-«Пойыз» ойыны,/2/;

-Климова сауалнамасы.



06.12.


8.

Тұлғаның мамандық типі.

-9 сынып оқушыларына өздерінің мамандықтарының типін анықтауға көмектесу;

-жоспарлау мен мақсат ету нысандарын қалыптастыру.



-теориялық білімдерін қайталау;

-« Тұлғаның мамандық типтері»дәріс;

«Тұлғаның мамандық типі»тест.


18.12.

9.

Мамандық таңдаудағы қателер.

- оқушыларға өздерінің мамандық таңдаудағы қателіктерін мойындатуға көмектесу.

-«Мамандық таңдаудағы қателер»дәріс-әңгіме;

-«Оптимистер мен скептиктер»ойыны,/4/.



15.01.

10.

«Бизнес –риск-мен»бланкілік ойын.

-қауіппен байланысты тұтынушылардың негізгі моделін жасау.

-ойының өтуі,/3/.

30.01.

11.

«Дайын бол!»белсендіретін әдіс.

-мамандыққа байланысты әр түрлі еңбекке оқушылардын дайындық деңгейін көтеру.

-ойының өтуі,/3/.

12.02.

12.

Мамандық таңдау матрицасы.

-алынған білімді сіңіру және оны өз мүмкіндіктеріне енгізу.

«Таңдау матрицасы» жаттығуы карталармен жұмыс, /5/.

27.02.

13.

Өзін-өзі тәрбилеу және өмірлік мақсатқа жету жетістіктері.

-«мінез», «күш-жигер» ұғымдары туралы түсінік беру және олардың мамандық таңдаудағы рөліне тоқталу;

-өзіндік мінездің, күш-жигердің қырларын таныту.



-мінез сауалнамасы;

-«Күш-жигер» тест,/6/.



05.03.

14.

Жеке мамандық жоспары.

-алған білімді жүйелеу;

-жеке мамандық жоспарын құру тәртібін оқушыларға үйрету.



-«Менің тұлғамның байлыгы»;

-«Жеке мамандық жоспары».



12.03.

15.

Өзіндік презентация –нысаны.

-өзіндік презентация негіздерімен оқушыларды таныстыру.

«Түйіндеме дегеніміз не?» тақырыбына әңгіме-дәріс, /4/;

-рөлдік ойын «Сұхбат», /4/.



09.04.

16.

«Жағдайың қалай?» Оқушылардың белсенділігін арттыру сауалнамасы.

-әзіл түрінде жасөспірімдерге қатысты өмірлік құндылықтарды қарастыру.

-ойын өткізу,/3/.

16.04.

Қолданылған әдебиеттер

  1. Психологическое сопровождение выбора профессии. Под ред. Л.М. Митиной. М.: 2003 г.

  2. Савченко М.Ю. Профориентация. Личностное развитие. Тренинг готовности к экзаменам. М.: 2005 г.

  3. Пряжников Н.С. Профориентация в школе: игры, упражнения, опросники. М.: 2005 г.

  4. Резапкина Г.В. Я и моя профессия. М.: 2000 г.

  5. Резапкина Г.В. Скорая помощь в выборе профессии. М.: 2004 г.

Каталог: uploads -> doc -> 0c02
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0c02 -> Жалпыға бірдей сайлау құқығы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет