Томирис шамамен біздің дәуірімізге дейін 570-520(?) жылдар арасында өмір сүрген



Дата14.11.2016
өлшемі120,18 Kb.
#1750
Тұрсын Жұртбаев «Дулыға» кітабында көшпелі тайпалар тарихында қадым заманнан бері есімдері есте қалған немесе тасқа қашалып ,қағазға хатталған ірі тұлғалардың тағдырына сана сәулесін түсіру арқылы арғы тегімізді түгендеп,баба мен ұрпақтың,ұлыс пен ұлттың арасындағы алтын өзекті жалғап, тамырымызды тануды мұрат тұтқан.

Тұмар


Томирис шамамен біздің дәуірімізге дейін 570-520(?) жылдар арасында өмір сүрген.

«Томирис падиша:Қанішер Кир!...Сен енді менің ақылымды тыңда.Тұтқынға түскен ұлымды өзіме қайырып бер де, аман-есеніңде ата жұртымнан табаныңды жалтырат , массагеттердің әскерінің үштен бірін алдап арандатқаның да жетеді.Егерде сен менің бұл айтқанымды істемесең,Күн Тәңірімнің атынан ант етемін,қанша қомағай болсаң да,мен сені қанға тұншықиырамын,-деді...»

Ұлы сақ ордасының падишасы Тұмар ханымның жыл қайырумыздан 530 жыл бұрын айтқан бұл сөзі ақыры шындыққа айналды. «Азия әміршісі» атанған Кир патша да өзінің ажалымен бетпе-бет келуге асықты.Бұған дейін оңтүстік Азияны қан қақсатып,қарсы келгенде қанға бөктірген Кир-күріш патшаны бұл Адам өмірі,жұрт қасіретіқатерлі сапарға аттандырған өзінің қара ниетті пиғылы болса керек.Өмірге өш болып туған Кирдің пиғылы шындығында да қара ниетке толы еді.Ол таққа отырысымен жан-жағын жалмап,Астиагтың түсінде көргенін өзі өңінде жүзеге асыруға тырысып,ішін құрт жегн жүзімнмнің пәлегіндей тамырлана бастайды.Ақыры Вавилонды дәргейіне қаратқан соң,Азияның шығысына назары түседі.Ол, жібек құрты сияқты,мұқым Азияны шетінен кеміріп, шырмауына орай бергісі келді.Адам өмірі,жұрт қасіреті,ізгілік деген ұғымдар Кирдің қаперіне де кіріп шықпайтын.Сондықтан да бетін шығысқа бұрды.

«Бұл халықты(Вавилонды-Т.Ж) бағындырысымен,Кир массагеттерді өзіне қаратуды ойластырды.Массагеттер өте көп әрі жауынгер ел екен.Олар тура күн шығыстағы Аракс өзенінің арғы бетінде, исседондарға қапталдаса мекен етеді.Бұлар да скиф тайпаларының құрамына жатады деген мәлімет бар...»Ал сол массагеттер кім еді және қай жерді мекендеген?Осы уақытқа дейін Кирдің сақтардың ұлы ордасы-массагеттерге шабуыл жасаған жері туралы әр түрлі пікірлер айтылып келді.

Аракс өзенін-Қызылсу,Еділ,Әмурдария,Сырдария өзені деп болжал айтқандардың қайсысына жүгінген лайық?Біздіңше, бұған көп бас қатырудың қажеті жоқ. Сол Гередоттың заманындағы ұлы дала-жер бетінен жоғалып кеткен жоқ, бәз-баяғы қалпында.Каспиидің күншығысындағы Үстірттен басталатын,яғни Атыраудан Алтайға дейінгі қазақтың кең даласын мекен еткен массагеттерді атақты жағырапияшы Птолемей «ұлы сақтар» деп атаған.Ол-сақ тайпаларының ішіндегі ең көбі деген сөз екен.Бұған академик В.В Струвенің зерттеулері дәлел болады. Ол «амиргилік сақтар»-маргиандық,мургабтық,яғни қазіргі түрікмендік сақтар деп тжырымдайды. Массагеттерді бүгінгі қазақ,кең мағынасында айтсақ,ежелгі түрік қауымынан алыстатып әкетудің еш реті жоқ,қалай да сәті түспейтін әрекенің әрекеті. Оған Страбонның:

«Массагеттер туралы мынадай мәліметтер айтылады:олардың біразы таулы жерді,біразы жазық даланы,өзгелері өзеннің ағысындағы саздауыт жерлерді,біразы сол саздыңортасындағы аралды мекендейді екен.Олардың жерінен Аракс өзені ағып өтеді,ол жерді ылғалдандыратын сансыз айырықтарға бөлініп,солтүстіктегі теңізге құяды,оның тек бір тармағы ғана Гиркан бұғазына құяды»,-дегені толық дәлел.

Сонымен ,қанқұйлы Кир массагеттердің ұлы ордасына жорыққа аттанады.Кирдің құмартқаны тек қана атақ па еді?Бұған сене қою қиын.Қанша ел мен жерді жаулап алса да,оған жетпеген бір ғана нәрсе бар еді.Ол-байлық.Байлық болғанда ,бір басына жететін не елін асырайтын байлық емес,көргеннің көз жауын алатын,жүрген жерінің бәрін алтынмен аптап ,күміспен күптеп,маржанды құсқа жем үшін шашып ,гаһарды баласына ойнауға беруге жететіндей қарынбайдың қазынасы керек еді.Сол олқылықты ұлы сақ ордасын жаулап алу арқылы толтырмақ болды.Себебі,сақтардың жерінің алтынға бай екенің білген.

Ұлы сақ даласына Кир патша біздің дәуірімізге дейінгі 530-жылы ат басын тіреді.Сырдарияның ұлы арнасына кеп тоқтады.Оларды «дүниеден қайтқан күйеуінің орнына патшалықты қолына алған ұлы сақ ордасының падишасы Тұмар ханым қарсы алды».Қаныпезер Кир айлаға көшіп,жесір ханымды желіктіріп ,оның өзін де, жерін де,елін де жез тырнағының астына іле кетпек болды.Тұмар ханымға елші жіберіп:

-Сақтардың ұлы ордасының жесір ханымы маған әйел болсын!Екеуміз екі елдің басын қосып,бірігіп билейік.Бұл дегеніңіз-Тұмар ханымның басына құмай(бақыт) құсының қонғаны! - деп сәлем айтып, «үкі таққысы» келді.

Кирдің құлқынын тескен ханым емес ,ұлы сақ ордасының қазынасы екенін,елін ел ету үшін емес,езу үшін келгенін Тұмар ханым бірден білді. Күшік күйеу болғысы келген Кирдің-Күріштің таққа келу тарихын ұлы сақ ордасының падишасы өте жақсы білетін.Біз Тұмар ханымның ата-ана шежіресін таратып бере алмаймыз.Алайда ол туралы жазылған тарихи әфсаналар мен көркем шығармаларға жүгінсек,Тұмар әйгілі скиф көсемі Ишпақайдың тұқымынан тарайды.Партатуаның шөпшегі,Мәдидің шөбересі,аты сол кезде аңызға айналған,алайда еш жерде нақты дерек сақталмаған Сыпыра(Спаргапис,Спаргапип)патшаның не немересі,не кенже қызы.Скифтер мен сақтар Мидиядан ығыстырылған соң,жасақтың бір бөлігін сақ даласына бастап әкеп ,ұлы орданың шаңырағын көтерген адам-осы Сыпыра - Спаргапис.Тұмар ханымның өз әкесі және күйеуі кім еді ,бұл да мәлім емес.Аға-бауырлары ұлы қоныстану кезінде қаза тапса керек.Ал күйеуі хан емес ,онда Тұмар ханым тақ иесінің келіні болар еді,ал келінді ешқашан да патша сайламаған.Жазушы Б. Жандарбеков «Томирис» атты романында Тұмардың күйеуі Рүстем ,ол Вавилонды шабуға қатысты,Кирмен болған шайқаста қол бастады дейді.Гередоттың өзі «массагеттердің падишасы марқұм патшаның жесірі еді»дейді.Демек,екеуі де қаракөктің тұқымы болды.Қалай да,Тұмар ханым жанұясының бақытынан гөрі,елінің еркіндігін жоғары қойған. Баласы Спаргапистің сол кездегі жас мөлшері-он алты мен он тоғыздың арасында.Соған қарағанда ,б.д.д.530-жылдары Тұмары хан қырыққа келіп қалған ,келісті де кербез келіншек.Ақыл мен қайратын қатар жұмсай алатын дер шағы .Сондықтан да құда түсе келгендерге:

- Келген жолдарыңызбен кері қайтыныздар .Желегім желбіреп отырған қыз емеспін.Әңгіме менің жеке өз басым туралы болса,онда мәселе бір басқа.Мен- елімнің падишасымын.Мен иілсем- елімнің иілгені.Мидиялықтардың патшасы Кир ниетінен қайтып,отанына оралсын.Қаншама құдіретті болса да, Күн-Тәңірімнің күні ертең кімді қолдап,кімге зауал әкелерін қайдан білейік.Кир көзін маған емес,менің еліме салып отыр.Ал еліме бұғау салдыртпаймын,ата-баба әруағы жатқан жерді жаттың табанына таптатқызып ,қорлатпаймын.Соны есінде сақтасын,-деп қайыра сәлем айтты.Мұны естісімен Кир әскерлеріне жарлық беріп,өткел салуға кірісті.Өзен сақтардың ,табиғи қорғаны еді.Көпір орнатуға мүмкіндіктері бола тұра ,одан бас тартқан .Ал Кир үшін тек қана әскердің азық-түлігін,бақауыл жасағын арғы бетке шығару мақсатында салдырды.Демек,соғыстың ұзаққа созылатынын болжаған.Қамданған жау қашан да қатерлі.Мұны сезген Тұмар ханым өткелді салдырмауға бекінді.Ол жасауыл жаршысын Кирге жіберді де,одан мынадай сәлем айтты:

- Мидияның патшасы!Өз жөніңе кет дегенге көнбедің .Әлі де кеш емес.Сен өз патшалығынды билеп алсаң да жетеді,біздің еліміз өз алдына ел болып отырғанына ішің күймесін.Ал айтқанға көнбейді екнсің,көпір салып әуре болмай-ақ қой ,одан да тұрысатын жерінді айт!Егерде ұлы сақ ордасының жерінде соғысқың келсе ,еш нәрсеге әуреленбей-ақ,өзеннің бергі жағасына өт ,біз үшін күндік жерге шегініңдер, біз сендердің жерінде соғысайық,-деді.

Тұмар ханымның мұндағы мақсаты:біріншіден,өткел салдырмау болса,екіншіден,Кир әскерін сақ даласының ішіне қарай өңмеңдете енгізіп алып ,олардың еркін қимылдауына жол бермей , кері шегінетін жер қалдырмай,мүлдем құртып жіберу еді.Оның бұл мақсаты Кирдің ақылшы уәзірлері де сезіп,өздері тұрған елде соғысуғаикеңес берді.Алайда Кирдің бұл шешіміне Крез қарсы болды.Ол неге бұлай істеді? Өзін тақтан тайдырған Кирді иен далаға жіберіп,қайтпаған кегінің қарымтасын қайырмақ болды ма,жоқ. Кир соны мақұлдап:

-Өзеннен өтіп барып соғысамын!-деді. Айтқан уәдесінде Тұмар ханым жасағын өзеннен үш куншілік жерге шегіндіріп әкетті .

Енді Кирдің әскері қай арадан өткен және Тұмар ханымның жасағы қалай қарай шегінген?Біздің пайымдауымызша,Тұмар ханымның жасағы қазіргі Түркістанның тұсынан Арқа мен Қаратауға қарай ысырылған . Екі жақ та шешуші ұрысқа дайындаоап,іштейжорықтын жорысына болжам жасап жатты.Мұндайда айлалының құрған торы көп нәрсені шешіп кетеді. Ал арандатуға келгенде,Кир мен Керзден асқан әккі адам жоқ еді.Крез патша болғанда Кирді,Кир патша болғанда крезді ақылды етіп көрсеткен тарихшылардың жазбалары соны аңғартады.Тұмар ханым қасиетті Қаратаудың бауырына қарай шегінді,Кир Сырдариядан өткел тауып өтті.Арада қанша күн дайындыққа кетті,оны білмейміз,әйтеуір,зауалы келген сәтте Кир мен Тұмардың шолғыншы жасақтары кездесіп,қайшыласқан айқаста Тұмардың ұлы Спаргапис ұлан бастаған жасақ жеңіске жетті.Бірақ бұл алдамшы жеңіс еді.Себебі,Крез уәзірдің айтуы бойынша Кир өзінің әскерінмайдан алаңынан түнде шегіндіріп әкетеді де,орнына жаралы жауынгерлері мен бақауыл жасағын қалдырады.Спаргапис ұланның үстем түскен жасағы солар еді.Жас жауынгер аңғал келеді және өзінің тұңғыш жаумен жағаласқан шайқасындажеңіп шыққанына еңсесі көтеріліп қалды.Сақтардың дістүрі бойынша жеңісті салтанатпен атап өту керек. Ал бақауыл жасағының міндеті-әскердің азық-түлігін дайындау болғандықтан да ,дайын аспен тегін шараптың үстіне түскен сақтар «тойғанынша жеп,масайғанша шарап ішіп»,тынығуға жатады.Міне,дәл сол кезде кейін ығысып кеткен парсылардың негізгі әскері оларды қоршап алады да,жартысына жуығын қырып тастап,қалған жартысын тұтқынға түсіреді.Тұтқынға түскендердің ішінде массагеттердің падишасының баласы Спаргапис те бар еді.Тұмар ханым осы зауалды хабарды естісімен Ұлы Кеңес шақырды. Тұмар ханым елші жібереді.Елшіге Кир ешқандай да уәде берген жоқ .Бұл кезде Спаргапис ұланда есін жиып,жастық аңғалдығына қатты өкініп,он екі баулы сақтардың үштен бірінің құрбандыққа шалынуының себепкері болғанын түсініп еді.Елшінің дегеніне иілікпеген Кирді көріп ,одан аяқ-қолын шешіп,еркіндік беруін өтінді.Ханзада сырт айнала берді де,беліндегі қанжарын суырып алып,өз жүрегіне қадады.Егерде ол осылай істемесе,қалай да амалын тауып,сақтарды тағы да бір аранға жығатынын жас ұлан білді .Ажалдан намысты жоғары қойды. Сөйтіп,Тұмар ханымның бейбіт бітімге шақырған ұсынысы қабылданбады.Ендігі мәселені тек айқастың барысы ғана шешетін.Ханзаданың қанға бөккенін көрген Кир сол түні түсінен шошып оянады.Күні кеше ғана тақ мұрагеріетіп сайлаған ұлы Камбистің ғұмыры ұзаққа бармайтынын біліпті-міс.Жанкешті кескілес басталып кетті.Екі жақ жан аямай кескілесіп,тайсақтамай шайқасады.Ақыры массагеттер басым түсіпті.Парсы әскерінің барлығы майдан алаңында жер жастаныпты,Кирдің өзі де қаза тауыпты.Ол тұп-тура 29 жыл патшалық құрды,-деп жазды.Бастысы, сақ ордасының падишасыа айтқанында тұрып,Кир патшаға қан жұтқызды.

Шырақ-Сирақ



Әлқисса, ұлы сақ ордасының падишасы Тұмар ханым парсылардың әміршісі Кир патшаның әскерін тас-талқан етіп,басын қан толтырылған сабаға матырған соң, Персияда тақ үшін талас басталып кетті.Кирдің өлер алдындағы түсі дәл келді:аталас туысы әрі сенімді қолбасшысы Гистапстың ұлы Дарий Азия мен Еуропаға самұрық қанатын тең жайып,әскердің жорық шаңынан күннің көзін көрсетпей,аспанды тұмшалап жіберді. «Ажалым Дарийдан»,-деп қауіптенген Кир жау іздеп жүріп,жауының қолынан қаза тапты.Үш жыл тақ үшін қырқысқан Ахемен әулетінің сегізін жеңген Дарий Кирдің орнын басып,таққа отырды.Іле, тұп-тура Кирдің түсіндегідей қимыл жасап,жан-жағын жайпап,келген жері қуарып,кеткен жері қуанатын халге жетті.Дарийдің барлық жорықтарының тарихын баяндау біздің міндетімізге жатпайды.Алайда оның таққа отырғаннан кейін бес жылдан соң ұлы сақ ордасына жорыққа аттануы заңды еді.Себебі,Кир патшаның кесілген басы мен парсылардың майданда бірі қалмай қаза табуы туралы аңыз ұлы Персияның сүйегіне басылған таңба, бетіне түскен шіркеу еді. «Жеңілмейтін әскер,әлем әміршісі,мәңгілік патшалық»деген лақап тараған парсы патшалығы ұлы сақ ордасынан кек қайырмай беделін өсіре алмайтын.Өзін жек көріп,биліктен шеттеткен Кир үшін емес,қағанатының мүддесі үшін солай істеуге мәжбүр болатын.Екіншіден,Дарий Кирдің қызы Атоссқа үйленген еді.Заты қыз болғанымен,жаны жаугер әкесіне тартқан падиша да ақсүйектігін танытып: -Патша деген атың бар.Бірақ сен сарай ішінде сарғайып неге отырасың.Таққа отырғалы парсы патшалығына алақандай жер,дәргейін мойындайтын бір де бір ел қосқан жоқсың.Парсылар өзін ержүрек еркек басқарып отыр деп айтсын.Өзің жассың.Саған атақ та,даңқ та,ұлы жорықтар да керек.Әйтпесе,жауың басынып,күншілің көбейеді.Тәнің тозып,жаның жабырқаған кезде кімге пана болмақсың?!-деп намысын қайрайды.Сонда Дарий: - Падиша!Оны өзім де ойлап жүрмін.Мен қазір екі құрылықтың арасын жалғайтын көпір салдыртып жатырмын,біте салысымен скифтерге жорыққа аттанамын,-дейді. -Оның дұрыс қой .Скифтерді қалаған уақытында қарата аласың.Одан да Элладаға аттансаңшы,-деп ақыл береді Атосс.Әрине, бұл әнгіме шешуші мәнге ие бола қоймас. Алайда Дарий таққа отыра салысымен қалай да көшпелілерден кек алуға дайындалғанын байқатады.Ұлы сақ даласына жасалған жорық асқан дайындықпен жүзеге асырылды.Кирдің кебін құшып қалудан сескенді. Алдын ала шолғыншы жасақ жіберіп,бір кездегі Кирден қалған өткелді қалпына келтіруге бұйрық берді.Ал ол өткел Әмурдарияның,одан гөрі,нақтырақ айтсақ,Сырдарияның төменгі сағасына салынған болатын.Дарийдің мұндағы мақсаты:сақтардың ұланғайыр даласына алтын көпір салу,әскердің қысылып-қымтырылмай өтуіне жол ашу,азық-түлікпен кеме арқылы және құрылық арқылы да қамтамасыз ету.Ол Кирдің қателігінқайталамауды қатты ескерді.Шырақ шамамен б.з.д. 555-518 жылдар аралығында өмір сүрді.Шырақ шапқыншыларды бетпақ далаға қарай алдап, бастап жүреді де,оларды сусыз,нәрсіз қалдырып,аштан қырмақ болды.Шырақ бұл ойын жүзеге асырады.Алдынғы екі жасақтың ойсырай жеңіліп , опат болғанына күйінген сақ патшалары Тамыр мен Омар және Сакесфар үшеуі өзара ақылдасады.Осы үш адамның кеңесінде Сирақ атты бақташы,дұрысырақ айтсақ,жылқышы болуы мүмкін,алға суырылып шықты. – Біз ғой мына бетпақ даланың маң жазығында торығып отырмыз.Дарийдің әскері өкшемізді басып,қуып келеді.Егерде дәл осы қарқынмен індете берсе,көші-қоны қоса ерген елді қызыл қырғынға батырады. - Сирақ!Мал соңында жүріп ақ сирақ атанып,осы даланың ой-шұнқырын жатқа біліп өсетің.Енді еліңе Шырақ болсаң айтқанынды екі етпейміз. Балаңның парызы мойнымызда.Дарий I-нің де тағаты таусылды.Ал оның сенімді қолбасы Ранасбат қылышын қанабынан суырып алып,Шыраққа тұра ұмтылды.- Жеңіске жетті деген осы!

Сонымен, «Дарий патшаның ұлы сақ ордасына жасаған жорығы онша сәтті аяқталмады.Полиэн пайдаланған сақ дастанындағы массагеттердің сусыз даласындағы Дарийдің әскерінің қияметін еске алсақ та жеткілікті.Осы сәтсіздік Дарийді қатты толғандырып, жүрексіндіріп тастағандықтан да, парсыларға қарсы соғысты басқарған көсемді өлтірмей, Скунһаның орнына сақтарға қарсы жол бастаған қолбасшылардың бірін жіберген».В.В.Струвенің пайымдауынша ,Скунһаны Кіші Азиядағы жаугершілік кезінде әскербасы еткен ,не Персияның түпкіріндегі бір аймаққа әкім етіп жіберген.

Иә, Азаттықтың жолы ауыр әрі қасиетті.

Сыпатай



Шығыста Ескендір Зұлқарнайын деген лақап есіммен аңызға айналған, «әлемнің әміршісі» атанған Александр Македонский біздің жыл қайырумыздан бұрынғы 329-жылы сақтардың ұлы өзені Яксарттың(Сырдарияның) жағасына келіп ат басын тіреді.Көшпелілер даласына шабуыл жасар алдында Зұлқарнайын Ванкент қаласын әскери орда ретінде таңдап алды.Сол кезде сақ тайпасының Ұлы кеңесінің биі Тамыр көсем Ескендірге елшілікке келді.Ескендірмен өз ара ортақ шешімге келе алмаған ол –Дала кең,бірақ саған онда орын жоқ!Қош,Ескендір!-деп атына мінген Тамыр артына қарамастан жүріп кетті.

Елшіге қастандық жасау-патшаның рәсімінде жоқ.Сондықтан да Ескендір ызаға булығып,терісіне сыймай, тістеніп тұрып: -Явандарға жарлық беріңдер:қайықтар мен салдарды әзірлесін.Таңертен Янсарттың арғы жағасына өтіп,шабуылға шығамыз! –деді.Тамыр би Сыпатай(Спитамен)сыпайыны оңаша шақырып алып,оған құпия тапсырма берді.Сол күні сақ сарбаздарының ошақ оты шамдай жарқырап, бүкіл сақара алауға оранды.Әр төбенің басында «атой оттары» таң атқанша жалындай жанып тұрды.Оны көрген Ескендірдің жүрегі дір ете қалды.Себебі,атойға қосылған оттар ту сыртынан да жамырай көрініп еді.Сақтар да,явандар да жанталаса шайқасты.Бірінші,екінші саптағы әскері бытырап кеткендіктен,Зұлқарнайынның патша жасауылы соғысқа кірді.Мұндай шабуылға Ескендір Дариймен соғысқанда да тап болмап еді.Кенет Зұлқарнайын бұның явандарын қақ жарып келе жатқан сақ батыры Ботақанды көріп,тітіркеніп қалды.Оған қарай он шақты найза қатарласа лақтырылды.Біреуі Ботақанның бұғанасына тиді де ,қалғандары атының қабырғасына жарыса қадалды.Айбынды ер ат-матымен құлай берді.Ботақанды құтқаруға ұмтылған Күдіренің алдына явандар тосқауыл қойды.Оның шірей атқан сұр жебесі Ескендірдің иығына барып шаншылды.Бұл ұлы әміршінің денесіне тиген бірінші және соңғы оқ еді.Қос бүйірден Тамырдың,Күдіренің,Сатырақтың сарбаздары кеп киілікті.Явандардың қатары сиреп кері шегінді.Шайқастың аңдысын бағып,мына шегінген явандарына тың күш қосуды ойлап тұрған Зұлқарнайвнға тылдағы әскербасының шабарманы жетіп келіп: -Уа,патшалардың патшасы!Сақтар ту сыртымызда!Сіздің азық-түліктиеген әскеріңізге Сыпатай шабуыл жасап,быт-шытын шығарды.Тынығып жатқан қосыныңызды да құртты,- деді.Мұны естіген Ескендір кештің батқаның, шайқастың аяқталғаның күтпей,Яксарттың арғы бетіне асыға өтіп кетті.Сол күні явандардың үштен бірі ғана өз шатырларына қайтып оралды.Осы шайқастан кейін Ескендір Зұлқарнайынның аяғы қайтып сақтардың жерін баспады.еркін ел,ежелгі жер бостандықтың саумал самалымен қайта тыныстады.Ұлы шайқас аяқталғанымен,азаттық үшін күрес тоқталмады.Сыпатайдың сарбаздары үш жыл бойы соңына түскен ең тандаулы қолбасы Фарнухтың әскерінің тас-талқанышыққанын естіген Ескендір:-Кім де кім Сыпатайдың басын кесіп әкелсе ,алтынмен аптап,күміспен күптеймін.Данқты Фарнухтың ат құйрығына сүйретіп өлтіргені-менің сүйегіме таңба!Келең ,тап Сыпатайды.Әйтпесе,өз басын кетеді!Мен олардың астанасы Шаш шаһарын талқандаймын!-деді ызаға булығып.Алайда, «әлем әміршісі» бұл екі арманына да жете алған жоқ.Ескендәр Шашқа жетпеді.Өйткені Сыпатай оның Самарқандағы қолына шабуыл жасады.Олар кері бұрылғанда сыпатай явандардың екінші жасағын батпаққа қамап,сазға батырып жіберді.Әбден ызаға булыққан Ескендір: «әдейі жасырып жүрсің» деп ,Келең сатқынның басын кеспек болады.Мұны естіген әккі, алаяқ Келең сақ жауынгерлерінің бірінің басын кесіп,әміршіге әкеп береді.Ескендір осы бастың бедерің сазға түсіріп,мүсінін жасатыпты.Енді осы Сапытай-Спитамен кім еді? Сыпатай батырдың шешесі сақ,әкесі соғда болатын.Әкесі жас кезінде гректерге тұтқынға түсіп,Афиныға құлдыққа жіберіледі.Шешесі бетін отқа күйдіріп,ешкім қызықпайтындай етіп шұбарлап,Сыпатайды ертіп ,күйеуін іздеп жолға шығады.Сыпатай Афиныда скиф жасағының құрамында тәрбиеленді.Александр Македонский Грецияны жаулап алып,Азияға жорыққа аттанған соң,Сыпатай шешесімен сақ даласына қайтып оралған еді.Ол Ескендірдің әскери тактикасын жете меңгерген.Қолға түспей,үнемі жеңіске жетуінің мәні де сонда еді.

Сыпатай-еркін елдің азаттығын қорғаған ,аты көшпелілер тарихына алтын әріппен жазылуға тиісті есіл ердің бірі.Александр Македонскийдің жүрегін шайлықтырған бірден бір батыр ретінде әлем тарихынан орын алған ержүрек тұлға.
Каталог: ld
ld -> Шпаргалка на казахском языке по истории Казахстана 100 м қашықтыққа ұшатын, орақ тәрәздә құрал-бумеранг
ld -> Қош келдіңіздер!
ld -> Қазақ әдебиет пәніне тест сұрақтары
ld -> Сабақ: ана тілі Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Әліпенің атасы»
ld -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
ld -> Ақтқбе облысы Байғанин ауданы №3 Қарауылкелді орта мектебі
ld -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин "Өзен" Мұғалімі: 3 "
ld -> Әнші- ақындар шығармашылығы
ld -> Есмағамбет Ысмайлов Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, Адамға зияным жоқ жүрген жанмын
ld -> Өмірбаяны Хронология Қорытынды пайдаланған әдебиеттер


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет