Топ: 402 «ә» Мерзімі: 09. 12. 2016 ж. Тақырыбы



Дата10.06.2017
өлшемі65,64 Kb.
#18739
түріСабақ
Технологиялық карта №
Пән: Баланың жеке тұлға ретінде даму мониторинг әдістемесі

Топ: 402 «ә»

Мерзімі: 09.12. 2016 ж.

Тақырыбы: Білім алушылардың қызығушылығын мониторингілеу

Сабақтың мақсаты: Баланың жеке тұлға ретінде дамуындағы қызығушылықты мониторингілеуді теориялық негіздей отырып, оның маңызын айқындау.

Міндеттері:

Білімділік: Білім алушылардың қызығушылығын мониторингілеудің жолдарын және әдіс-тәсілдері жайлы мағлұмат беру.

Тәрбиелік: Білім алушыларды болашақ мамандығына деген қызығушылығын ояту, өз мамандығында кездесетін тәрбиелік жағдайларды мониторингілеу жолдарын білуге тәрбиелеу.

Дамытушылық: Білім алушылардың қызығушылығын дамыту.

Пәнаралық байланыс: Педагогика. Этика. Психология.

Сабақтың типі: Іскерлік пен дағдыны қалыптастыру сабағы

Сабақтың түрі: практикум сабағы

Сабақтың технологиясы: АКТ, ДО технологиясының элементтері,

Сабақтағы әдіс-тәсілдер: түсіндіру, салыстыру, талдау, өзіндік жұмыс

Сабақ көрнекілігі және оқытудың техникалық құралдары: Сызбалар, таратпа материалдар, презентация материалдары.

Пайдаланылатын әдебиеттер:

  1. Турарбеков М.З. Мониторинг в школе самопознания. Алматы, 2007, 50с.

  2. Л.В.Занков «Педагогикалық еңбектер жиынтығы» М. Просвещение 1990.

  3. Т.Сабыров «Оқушылардың оқу белсенділігін арттыру жолдары» Алматы, «Мектеп» баспасы 1978.

  4. Г.А.Коряпов «Оқыту – шығармашылық процесс» М.1989.

  5. «Қазақстан мектебі» журналы


Сабақтың құрылымы:

  • Ұйымдастыру

  • Сабақтың мақсатын қою

  • Үй тапсырмасын тексеру және білімді өзектілендіру

  • Стандартты типтегі тапсырмаларды орындау

  • Реконструктивті-вариативті типтегі тапсырмаларды орындау

  • Шығармашылық типтегі тапсырмаларды орындау

  • Білім, білік, дағдының қалыптасуын бақылау

  • Үй тапсырмасын беру

  • Рефлексия


Сабақ жоспары:

  • Ұйымдастыру кезеңі

        • Білім алушылармен амандасу.

        • Білім алушылардың сабаққа қатынасын тексеру.

        • Сабаққа назарларын аудару.

  • Сабақтың мақсатын қою

Елбасы Н.Ә.Назарбаев өз жолдауында атап өткеніндей «Ұлттың бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен анықталады» деген болатын. 

Қазақстандағы білім беру ісін реформалаудың стратегиялық міндеттерінің бірі – шығармашылық тұрғыдан ойлай білетін дара тұлғаға терең білім беру.

«Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін - білім» деп ұлы жазушы Мұхтар Әуезов айтқандай тәуелсіздік туын тіккен елімізді өркениетке бастар жолдың бастауы – мектеп.

Білім дегеніміз - адамның белгілі бір жүйедегі ұғымдардың, деректері мен пайымдауларының жиынтығы.



  • Үй тапсырмасын тексеру және білімді өзектілендіру

Білім алушылардың психо-физиологиялық жағдайын анықтауда диагностикалау әдісін таңдау және тәжірибеден өткізу.

  1. Тұлғаның психо-физиологиялық жағдайының маңызы

  2. Психологиялық қызметтің жұмыс бағыттары

  3. Тұлғаның денсаулығын дамыту жолдары

  4. Диагностиканың тәжірибелік негізі

  • Стандартты типтегі тапсырмаларды орындау

І – топ: Білім алушылардың қызығушылығын мониторингілеу

ІІ – топ: Білімнің қажеттілігін болжау әдістері

ІІІ – топ: Білім алушыда қызғыушылығын оқу жетістігіне әсері

ІҮ – топ: Өзін – өзі тану бойынша оқушының қызғыушылығын ояту

  • Реконструктивті-вариативті типтегі тапсырмаларды орындау

Білімнің қажеттілігін болжау әдістеріне талдау жасау

  • Шығармашылық типтегі тапсырмаларды орындау

Білім алушыда қызығушылығын оқу жетістігіне әсері /пікір алмасу

  • Осы мемелекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандарты

  • Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін ұйымдарды білім беруі

  • Стандарт тұлғаның, қоғамның және мемелекеттің мүдделерін көздейді

  • Үй тапсырмасын беру

Қызығушылықтарды анықтаудың түрлерін қарастыру

  • Қорытынды

Білім, əлеуметтік-қажеттілік болумен бірге біршама қызметтер атқарады. Ғалымдардың пайымдауында (Н. В. Берковский, А.А. Реан) білім қызметтері төмендегідей:

  • адамның ғылым жəне мəдениет əлеміне енуінің ең оңтайлы да жедел жолы. Бүкіл дүние қазіргі таңда əлем жəне барша планета азаматын тəрбиелеуге ұмтылыс жасап, білім аймағында барлық күш- қуатын топтастыруда. Дүниежүзілік білім кеңістігі жедел дамуда. Сондықтан да əлем қауымдастығы адамның жасайтын орны не елі, білім игеру типі не деңгейіне тəуелсіз жаhандық білім стратегиясын қалыптастыру талаптарын алға тартып отыр;

  • тұлғаның əлеуметтенуі мен ұрпақтар жалғастығын қамтамасыз ету тəсілі. Адамдардың идеологиялық көзқарасы мен талғамдарының, əлеуметтік танымдарының, мұраттары мен тіршілік климаттарының түбегейлі өзгеріске түсіп жатқан заманда білім қайта жаңғырту мен тарихи жəне əлеуметтік тəжірибені əулеттен əулетке өткізу процесін қалыпты жүргізуге мүмкіндік береді, сонымен бірге жаңа саяси жəне экономикалық жағдайларды, қоғам жəне мəдениет дамуын жаңа бағыттарын жас ұрпақ санасына ендіріп, бекітуге жəрдемдеседі. Тек білімнің ғана үйлестіру, тұрақтандыру қызметіне бола , адам жаңа өмір салттары мен тіршілік шарттарына икемделіп, бейімделеді.

  • адамның қоғамдық жəне рухани өмірін , сонымен бірге жалпы халықтық рухани сана қалыптастыру тетіктері: Білім беру жəне тəрбиелеу мекемелері белгілі дəуір адамының əлеуметтік- мəдени іс-əрекеттерінің ең жоғары өрнек — үлгілерін шоғырландырады. Осыдан білімнің əлеуметтік құндылығы білімді де ізгілікті қоғам адамының маңыздылығымен өлшенеді. Білімнің адамилық (гуманистік) құндылығы əрбір жеке тұлғаның танымдық жəне рухани қажеттерінің даму мүмкіндіктерінен көрінеді. Біртұтас білім жүйесінің барша түрлері мен деңгейлерінде елдің интеллектуал жəне рухани- инабаттық мүмкіндіктері жинақталып, даму жолына түседі.

  • мəдени қалыпқа енген жеке мінез-құлық жəне қимыл- əрекет үлгілері мен қоғамдық өмірдің бекіген формаларының ауысып (трансляция) баруы. Оқу жəне тəрбие барысында адам өркениет дамуына қажет əрі мəдени-тарихи маңызы бар əлеуметтік- мəдени нормаларды игереді, атап айтсақ, олар: адамның əлеуметтік топтар мен өндірістегі, отбасы мен қоғамдық орындардағы, сонымен бірге ортақтасу, жеке тұлғалық жəне іскерлік қатынастардағы моральдық жəне ізгілік талап өлшемдері.

  • аймақтық жүйелер мен ұлттық салт-дəстүрлердің даму əдісі. Кейбір аудан тұрғындарының ерекшелігі педогогикалық міндеттерге өзіндік өң береді. Жастардың қала не ауылдың рухани өміріне енуі осы білімнің арнасында өтіп жатады. Аймақтық білім жүйесінде бұқара халық арасындағы əрқилы əлеуметтік топтардың сұраныстары ескеріледі.

  • тұғырлы мəдени құндылықтар мен қоғамның даму мақсаттарын бірден бірге өткізіп тұрушы жəне іске асырушы əлеуметтік институт (ресми құрылым, мекеме).

  • жеке адам мен қоғамдық өмірдегі мəдени ауысулар мен қайта түрленудің белсенді үдеткіш күші

  • Рефлексия

Білім алушылар өздерінің сабақтан алған әсерлерімен бөліседі.



Маған қызықты болған кезең

Ұтымды жауап берген білім алушылар

Білдім

Білгім келеді
















Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет