Тренинг-оқытудың тиімді әдістерінің бірі



Дата11.01.2017
өлшемі59,6 Kb.
Психологиялық тренингтерді сыныптаң тыс жұмыстарда қолдану жолдары.

Тренинг-оқытудың тиімді әдістерінің бірі

Тренинг-ағылшының «to train»- оқыту, жаттығу деген сөздерінен шыққан. Бұл оқытудың интерактивті әдістерін пайдалануды білдіреді. Тренинг кезінде оқушылар бір мезгілде ақпарат ала отырып, түсініксіз мәселелерді өзара талдайды, сұрақтар қояды, алған білімдерін бірден бекітеді, мінез-құлықтарын қалыптастырады.

Тренинг-оқушылардың өзара қатынасы үшін әдейі ұйымдастырылған әдіс, оның негізгі мақсаты- тренинг тобы мүшелерінің тұлғалық дамуы. Мұндай сабақтарда оқушы сыныптын толық сеніміне ие болады, өзі де айналасындағыларға сенуден қорықпайды. Тренинг сабақтары оқушыға өзін басқалармен салыстыруға, өзара байланыстың тиімді әдістерін тезірек игеруге мүмкіндік береді. Тренингтің өзегі қатысушылардың өзара сыйластығына, бір-біріне деген толық сеніміне, сұхбаттасын тыңдауға дайындығына және оның пікірін, білдіруге құқықтылығым мойындауына негізделген диалог болып табылады.

Тренинг өткізуге қойылатын талаптар:

1.Кең бөлме, орындықтар шеңбер бойынша қойылады (тренинг шеңбер), қатысушылар бір-біріне қарама-қарсы отырады.

2. Тренинге қатысушылар 20-25 адамнан аспау керек.

3.Тренинг барысында өзара сенім мен достық атмосферасын түдыру және қолдау.

4. Қатысушыларды мадақтап отыру және тренингке бәрінің түгел қатысуын қадағалау.

5.Оқытушы-тренер басқаларының да пікірімен санасу қажеттілігін есте сақтай отырып, аудиторияны сабақтың қойылған мақсатына жетуге бағыттап отырады.

6.Оқытушы тренер әрбір жаттығудың уақыт шеңберін сақтап отыруы керек.

7.Тренингтің бірінші сағатында «танысу» жаттығуы өтеді және «келісім» қабылданады (топтың жұмыс ережесі).

8.Теориялық материалдар интерактивті жаттығулармен және сергіту сәттерімен ұштастырылып өткізілуі қажет.

9. Кез келген тренинг сабағының алдына мақсат пен міндет қойылады, ал соңында қорытынды жасалады.

Тренинг кезінде тренер:



  1. Жұмыс Ережесін талқылауды және қабылдауды ұйымдастырады, оның әрбір сабақта орындадалудын қадағалайды, қажет болса Ереженің тиісті бөліктерін түсіндіреді.

2. Өткізілетін жаттығудың мақсатын түсіндіреді, кезекті тапсырма немесе процедураға берілген нұсқауды нақты түсіндіреді: қатысушылардың барлық сұрақтарына жауап береді, сосын олардың орындалу барысын және дұрыстығын бақылайды.

3.Кезекті жаттығу мен этюдті талқылау барысында қалыптасқан жағдайда бірлесе талдау және сараптауды ұйымдастырады, нақты тапсырманың мақсаты және міндетіне сәйкес өз пікірлерін білдіруге барлық тілек білдірушілерге мүмкіндік береді.

4.Барлық оқушылар мен сыныптың эмоционалдық жағдайын бақылайды, қажет болған жағдайда психологиялық қолдау

көрсеиеді.

5.Әрбір сабақтың қорытындысын шығарады.
Тренинг сабақтарының ережесі

1.Пікірлерді персонификациялау:




Менің достарымның көпшілігі … деп есептейді

Мен… деп есептеймін

Кейбіреулер орындайды…

Бізге ұнамайды



Мен орындаймын…

Маған ұнайды.


2.Тұлғаның күшті жақтарын атап көрсету;

Жаттығулар мен тапсырмаларды талдау барысында әрбір оқушы міндеті түоде сөйлеуші тұлғасының жағымды жақтарын атап көрсетеді. Мысалы, «Жолдасымның ойымен мен келіспеймін, бірақ маған оның сөйлеу мәнері ұнады.»;

3.Адамды тікелей бағалауға жол бермеу.

Адамның өзін емес, оның іс-әрекетін бағалауға үйрету. Бұл ережесі әсіресе балалардың түсінуі қиын, сондықтан оны өте жетік түсіндіру және оның орындалуын мұқият қадағалау қажет. Жиі кездесетін дағдылы қателіктерге тоқталыңыз: «Сен маған ұнамайсың», «Сен дөрекі адамсың». «Сенің мінезіің ауыр» деп айтуға болмайды. «Сен менімен былай сөйлескенің ұнамайды». «Бүгін сенімен сөйлесу маған қиын » деген дұрыс.

4. Қарым-қатынас шынайылығы;

Сабақ уақытында пікір ашықтығы мен шынайылығына көңіл бөлу керек, сондықтан нені қалай сезінеміз солай айту керек. Әйтпесе үндемеген дұрыс. Басқа қатысушылардың іс-әрекетіне қатысты өз сезімдерімізді ашық жеткіземіз.

5. «Осында және қазір» қарым-қатынасы;

«Психологиялық қорғану механизмі» алынып тасталады, яғни оқушыны тап қазір және осы жерде өткен жағдайларды талдауға жол берілмейді.

6. Сабақ үстіне болғанның барлығының құпиялығын сақтау (конфеденциялылық). Оқушы өзінің ең құпия сырын, қиыншылықтарын, проблемаларын, т.б, біреумен немесе бүкіл сынппен бөліскенде ол туралы бүкіл мектепте сөз болмайтынына сенімді болуын керек.

Оқушылар үшін бұл ережелер егжей-тегжейлі түсіндіріледі, олар тарапынан туындаған сұрақтарға байыпты жауаптар беріледі, сонымен қатар ережелерді өзгерту немес толықтыру туралы ұсыныстар талқыланады.

Қосымша ережелер:

1.Қарым-қатынстың констуктивтілігі.

Оқушыларға жүргізушінің рұқсатынсыз сөйлесуге және сабақ мазмұнынан ауытқуға, оның тимділігін төмендететін сұрақтар беруге салынады. Конструктивті сұрақтар бере алған оқушылар педагог тарапынан мадақталады.

2.Жарысушылығы.

Тренинг сабақтары барысынды әрбір оқушының жұмыс нәтижесінің есебі жүргізіледі және көш басшылар анықталып отырады. Есептеу жүйесін педагог белгілейді, кейбір жаттығуларда сынып оқушылары немесе жекелеген оқушы жасауы мүмкін.

3.Қорытындыны өз беттерінше шығару білулері.

Оқушылар әрбір психологиялық этюд және жаттығудың ұпайын өз беттеріеше есептеп шығарып, жалпы қорытындысын және өзінің сыныптағы орнын анықтайды.

Сергіту сәттері



Сатушы

Мақсаты: бұл ойын сатушы жұмысындағы сезімдік рөлді түсінуге, әр түрлі сезімдерді көрсете білуге жаттықтыру.

Жүру барысы: қатысушылар екі топқа бөлінеді, біреуі дөңгеленіп тұрады, қалғандары бақылаушының рөлінде болады. Дөңгеленіп тұрғандар эмоцияларды көрсетуге болады: поезд күпесі, бірнеше кақыттан кейін отырғандардың барлығы сатушы екені анықталады. Әңгіме барысында әрбіреуінің өзінің жұмысқа деген сезімдерін білдіреді. Әңгімеге 10-15 минут уақыт беріледі, эмоциялардың түрлері айтылмайды. Осындан кейін бақылаудағы адамдар қандай сезімді бейнелегенін айтады. Талқылау кезінде сезімдерді көрсете білуіне көңіл бөлінеді.

Менің эмоцияларым

Мақсаты: айналадағы адамдардың көңіл күйін сезімнуді дамыту және өзінің эмоциясын дұрыс көрсетуді қадағалау.

Жүру барысы: бұл тренинг топта өткізіледі

Тапсырмалар: көбелекке ұқсап ұш, бүркіт сияқты ұш, кішкентай бала сияқты жүр, итті көрген масыққа ұқсап урейлен, шешім таба алмай адамның бейнесін сал т.б.



Тастанды дүкен

Мақсаты: Гештальт терапиясы қиялды жатттықтыруға арналып, қатысушыларды индивидуалды тұлға сапаларын дамытуға арналған. Бұл жаттығуды Джон Стебинсон ұсынды. Осы жаттығу арқылы тұлғаның бұрын байқалмаған жақтарын байқап, сезіндіреді.

Қажетті уақыт: 1 сағат.

Жүру барысы: көзінді жұмыңыздар, денеңізді бос ұстаңыздар, көз алдыңызда түнгі уақыттағы қаланың көшесімен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Жан-жаққа қараныз,Сіз қандай дауыстар естіп, иістерді сезіп жатырсыз. Міне, сіз бұрыштан өзгеше нәрсені байқап қалдыңыз, соған қарай бұрылыңыз, сіз алдыңызда ескі, бос дүкенді көріп тұрсыз.Дүкеннің сыртқы әйнегі өте лас.Дүкеннің ішіне кіріп қарасаңыз, қажетсіз тасталған заттар бар екен, соның кейін дүкеннен шығып, шындық өмірге келініз. Енді, әрбіреуіңіз 5 минуттай қандай қажетсіз тасталған зат болдыңыз және затқа сипаттама беріңіз, сол заттың атынан сөйлеңіз. Тастап кеткен тастанды ретінде сіз өзіңізді қалай сезінесіз? Неліктен сізді тастап кетті? Осы зат туралы тағы да әңгімелегіңіз келеді ме? Осындай заттар арқылы идентификациялану тұлғаның кейбір аспектілерін танытады, адамның тұлғалық қасиетін тереңдете түседі.

Трансактілі эго жағдайын түсіну.

Мақсаты: эгоның әр түрлі жағдайларындағы ерекшеліктерді айыруға көмектеседі (трансактілі анализ).

Қажетті уақыт:45 минут

Жүру барысы: Үш адам өз еркімен ортаға шығып, отырғышқа отырады, әрбіреуі ата-ана, үлкен адам, бала рөлін таңдайды.

Тапсырма:

1.Сіз көз алдыңызға орманда келе жатырмын деп елестетіңіз. Егер сіз ата-ана болсаңыз, мүмкін оларды қауіп-қатер мазасыздандырады. Егер сіз үлкен адам болсаңыз, айналадағы құстарға, ағашьарға көңіл бөлесіз. Егер сіз бала рөлінде болсаңыз, сіз энергияның молдығынан салқын және жылылықты сезер едіңіз немесе ішіңіз пысар еді. Тағдаған рөлдерге енуге тырысыңыз.

2.Екі қатынасушы бір-біріне қарма-қарсы отырып мынадай мәселені шешеді. Сіз өздеріңізді жұбайлар ретінде елестетіңіз, сіздердің араларыңызда белгілі бір мәселе туындады. Сіз әңгімені эго-жағдайлармен талқылаңыз.

Қорытынды. әр түрлі жағдайды әр түрлі шешуге болатынын біліңіз.



Еркін би

Мақсаты: бұл жаттығу өзгелердің көзінше би қимылын зерттеуге мүмкіндік береді.

Қажетті уақыт: 30 минут

Керек құралдар: магнитофон, ритмді музыка

Ереже: ешкімді еркінен тыс талап етуге болмайды.

Жүру барысы: топ шеболып отырып, қатынасушылардың біреуі ортаға шығып билейді. Бұл жағдайда өте жақсы билеуге ұмтылудың қажеті жоқ. Қимылдары еркін болу керек. Бірнеше минуттан кейін ол отырады, шеңберге келесі адам келеді. Осылай барлық қатынасушылар биге араласады. Соңында барлық қатынасушылар биге қатысып, көңіл көтереді.
Ине мен жіп

Мақсаты: шығармашылық, ұйымдастырушылық, коммуникативтік қасиеттерін дамыту, ұялшақтық, тұйықтық қасиеттерін түзету.

Жүру барысы: бір адам ортаға шығып ине болып, ал қалғандары жіп рөлін иеленеді. Ине бөлмеде жүгіріп жүріп, дөңгеленіп тұрған жіп рөліндегілерді бір-бірлеп іліп алады. Иненің көзі жұмулы болады. Ілінгеңдер ине қалмай жүгіреді, жіпті ине таңдайды. Ине рөлін тұйық, ұялшақ бала онаған жөн. Осылайша рөлдерді ауыстырып отырады.
Каталог: soch37 -> wp-content -> uploads -> sites -> 130 -> 2015
2015 -> Бастауыш сыныптарға арналған құзіреттілікке бағытталған тапсырмалар арқылы оқушылардың өздігінен танып білу дағдыларын дамыту» Абдрахманова Б. М. «Павлодар қаласының №37 жалпы орта білім беру мектебі «Жастары білімді елдің жүзі жарық
2015 -> Қарым-қатынаста жетістікке жету 1-сабақ: Мақсаты
2015 -> 11 – сынып оқушыларына Ұбт-ға дайындалу мақсатында ұйымдастырылған тренинг жаттығулары мен кеңес берулері Мақсаты
2015 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрліп павлодар қаласы білім беру бөлімі
2015 -> Қазақ тілінен 2 сыныпқа арналған


Достарыңызбен бөлісу:


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет