Түрі : ойталқы Күні : 09. 16 ж. Сыныбы



бет3/3
Дата28.01.2018
өлшемі0,76 Mb.
#35310
1   2   3

Тақырыбы : Имандылық- жүрекке ұяласа

Бағыты Рухани-адамгершілік тәрбиесі

Түрі : тәрбие сағаты

Күні : 18.01.2017ж.ж.

Сыныбы :11 б

Сынып жетекшісі : Ж.Көптілеуова

2016-2017 оқу жылы

Сағыз селосы

№ 9 орта мектеп



Тақырыбы : Тарихи мұрамызды сақтау –біздің борышымыз

Бағыты : Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие

Түрі : топтық жұмыс

Күні : 1.02.2017ж.

Сыныбы :11 б

Сынып жетекшісі : Ж.Көптілеуова

2016-2017 оқу жылы

Сағыз селосы

№ 9 орта мектеп



Тақырыбы : Өмір теңіз жүзем онда демеңіз, Ізгіліктен жасалмаса кемеңіз

Бағыты : Көпмәдениетті және көркем мәдениет тәрбиесі

Түрі : тәрбие сағаты

Күні : 22.02.2017ж.

Сыныбы :11 б

Сынып жетекшісі : Ж.Көптілеуова

2016-2017 оқу жылы

Сағыз селосы

№ 9 орта мектеп



Тақырыбы : Білгірлер отауы

Бағыты : Зияткерлік тәрбие

Түрі : білім сайысы

Күні : 25.01.2017ж.

Сыныбы :11 б

Сынып жетекшісі : Ж.Көптілеуова

2016-2017 оқу жылы

 

Тәрбие сағат тақырыбы: «Елін сүйген Елбасы»



Тәрбие сағаты мақсаты:

1. Дамытушылық: Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;

2.Тәрбиелілік: Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, ұлттық патриоттық сезімге тәрбиелеу;

3.Білімділік: Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу.

 Көрнекілігі: слайдтар көрсету, шарлар, суреттер, буклет «Нұрсұлтан Назарбаев – тұңғыш президент» Біздің Елбасымыз - Н.Ә.Назарбаев атты стендтер, Елбасының портреті, оқушылар шығармасы.

Түрі:ауызша журнал

Мерзімі:30.11.2016ж.

Пайдаланылған әдебиеттер: «Тәуелсіздік толғауы»

Жүрісі:

2 жүргізуші



1 желтоқсан – Президент күніне орай өткізіліп отырған «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы»  атты тәрбие сағатын ашық деп жариялаймыз!

 Бағдат

Ауыр күнді артымызға тастауы

– Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.

Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,

Елбасымыз Нұрағаңның бастауы

 Әбілхайыр

Туды ұстап тура жолға түсіріп,

Жас Отанның өмірін де түсініп,

«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай,

Бір керемет жасады-ау кісілік!

 Назерке

Елбасымыз саған мәңгі разымыз,

Үлкен-кіші, ағайындар – бәріміз.

 «Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан,

Сіз біздердің піріміз де, әніміз.

 Көркем

Елбасыммен мен бүгін мақтанамын,       

Өзіңді әлемге айтып шаттанамын.

Қазағым жетті бүгін арманына,

Елбасым, айналайын, атқан таңым.

 Біздің Президентіміз –Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Мемлекет басқару ісі – машақатты да, мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел – ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық.

 1-жүргізуші

Өзіңсің шуағы да нұрлы күннің,

Жылытып мына әлемді гүлдендірдің,

Төрткүл дүние әлемін дүр сілкінтіп,

Елімнің шығардыңыз биік үнін. – дей отырып бүгінгі тәрбие сағатымызды әділеттің ақ жолын ту етіп елінің егемендігін, ынтымақты, тұтастық, бірлікті ойлаған, ұрпақтың саналығына мән берген, ар мен намысты биік ұстаған, әлемдік деңгейдегі ірі қоғам қайраткері, тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың құрметіне арнағалы отырмыз!

 Ерназар


Елбасым ер жүректі ер мінезді,

Елімді айналдырған гүл күмбезге

Өзіңдей тұңғыш қазақ Елбасы,

Жарқыраған қазағымның күні емес пе?

 Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н.Ә.Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен менің Отаным әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін танытты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатындығымызға күмәнданған жандар да болған екен. Бірақ ар-намысты ту еткен Елбасымыз бен үкімет басындағы ел үшін еңбек еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді.

 Думан


Қазақстан дейтін менің бар елім.

Жатыр алып жарты дүние әлемін!

Бұл даланы анам жаспен суарған,

Бұл далада атам қолға ту алған,

Бұл далада жылап келіп, уанған

Бұл даланы көріп алғаш қуанған

Бұл далада өскен жанда жоқ арман! (Қ.Аманжолов)

 Бүгінгі күн бізге оңайлықпен келген жоқ.Тәуелсіз ел атану үшін, қаншама аға-апаларымыз, ата-бабаларымыз тер төкті. Соның арқасында бүгінде біз, Тәуелсіз, дербес, әлем таныған Қазақстан атанып отырмыз. Қазақ деген атымызды алғанға дейін қазақ халқының басынан не өтпеді, не көрмеді.

 2-жүргізуші

Әлем таныған, дарынды тұлға, іскер- саясатшы, Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев сол күннен бері 23 жыл ел басқарып келеді. Ол Қазақстанды бүгінде әлемге әйгілі мемлекет етіп, атын шығарды. Ел экономикасын түзеп, болашақта көш бастаушы елдердің қатарына қосу үшін аянбай еңбек етуде.

 Мәншүк

Қазағымның жарқыратқан маңдайын,

Атсын таңдар күлімдеп сізге әрдайым

Қақтырған талай дүниенің таңдайын,

Мен мақтанамын Елбасыммен әрдайым

1-жүргізуші:

Елі құрмет тұтқан, Елағамыз, Ел үшін еңбек еткен Елбасымыз- Н.Ә.Назарбаевтың өмір жолына шолу жасайық.

Гүлжанат

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған.Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау-бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды.Өзі еске алғандай, өсірген аз-маз өнімдерін сатып, үй-ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған.Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды.Ата-анасын қатты құрмет тұтты.

 Гүлназ

Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды.Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург –жұмысшы мамандығын меңгерді.Бұл шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.

 Медет


Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді. Қалалық, облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды.Металлургиялық комбинатында партком хатшысы, Теміртау қалалық, Қарағанды облыстық және республикалық партия ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін хатшы болды. Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды.Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады.

 Ардақ


Елбасымыз - еліміздің тірегі,

Ел ертеңін үнемі ойлап жүреді.

…Бар қазақтың мақтанышы  Астана,

Үлкен елдің, байтақ жердің жүрегі.

 Бағдат

1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайланды. Республика тарихында халық алғашқы рет саналы түрде өзінің тағдырын сеніп тапсырып, өз басшысын сайлады.

1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз демократиялық және құқылық мемлекет» деп жариялады.

 Гүлмаржан

Астана-ҚР-ның саяси, әкімшілік және мәдени орталығы. Елбасы-Н.Назарбаевтың жарлығына сәйкес 1997 жылы мұнда бұрынғы астанамыз Алматыдан Республиканың басшы орындары Президент кеңесі, ҚР-ның Үкіметі және Парламент көшіп келді.Еліміздің басқару жұмыстары осы жерден жүзеге асырылады. 1998 жылы 10-маусымда жаңа астананың ресми тұсау кесері болды. Қала Есіл өзенінің оң жағалауында Сарыарқаның солтүстік бөлігінде орналасқан. Бүгінгі таңда Астана ең әсем, жас, әдемі, көрікті қалаға айналды. Көтереді шаңырақ Астанам асқақ, Жаңарып қалам, жасарып далам! Басыңнан серпі бодандық жүгін, Кетпейді ойдан Отандық ұғым. Арыстан жүрек, айбынды елім, Таниды сені бар әлем бүгін.

 Әбілхайыр

Бар өмірін өз еліне арнады,

Мәңгілік елге айналдыру арманы.

Бейбіт елдің күн жүзеді көгінде,

Азаттығы қыран болып самғады.

2006 жылы 7-қаңтарда әнұран қабылданды. Егемен елім әнұраны жанарды, “Менің Қазақстаным” жер жүзіне таралды.

 Әсем


Сөйлесіп бір жүрген қай сөзінде де халықты биік қоясың,

Халықпен бір ашығасың да, халықпен бірге тоясың.

Жастықтың жалын шақтарыменен бірге айтып арман әндері,

Қазақстанның бақтарыменен бірге жапырақ жаясың.

Халықтың мұңы мұңдайтынын да, халықтың жыры жырлар жыр,

Көкірегіңде көнермей әлі өткен де кеткен жылдар жыр,

Соңына ердік сол ғана бізді жеткізеді деп бақытқа,

Бақытқа баста байтақ еліңді, бақытсыздықтан құр қалдыр.

 2-жүргізуші:

Н.Назарбаев - бәрінен бұрын өз міндетін, өз тағайындалуын терең сезінетін, үлесіне тиген міндетті жауапты әрі қажырлықпен атқаратын адам. Ол әр қадамын шын мәнісінде өте мұқият есептейді: ол үшін саясатшы болу-бойға біткен дарынмен қатар күн сайынғы аса ауыр жұмыс және өмір дағдысы.

«Ұлы достықта».Онда Қазақстан Республикасының Президентінің шетелге сапарлары, әр түрлі елдердің басшылармен түскен суреттері орын алған. 

 Көркем

Әлем елдерінің басшылары мен саясаткерлерінің Президент Н.Ә.Назарбаев туралы айтқан лебіздеріне құлақ түрейік. «Замандастар көзімен» Джордж Буш- АҚШ бұрынғы Президенті -Құрметті Нұрсұлтан Назарбаев. Сіздің басшылығыңызбен Қазақстан жаппай қырып жоятын қаруды тартпау ісінде әлемнің жетекші елдерінің біріне айналды. АҚШ, сонымен қатар Қазақстанға терроризмге қарсы жаһандық күресте көрсеткен достығы мен ынтымақтастығы үшін ризашылығымды білдіремін! Ким Дэ Чжун- Корея Республикасының Президенті - Оның демократиялық, саяси және экономикалық өзгерістерді ойдағыдай іске асырып жатуының айғағы оларды әлемдік қоғамдастықтың кеңінен тануы болып отыр.

 Ерназар

Әрбір ұлтқа бауырым деп қараған,

Татулықты зор жеңіс деп санаған.

Достық пенен сыйластықты ту етіп,

Халқыңүшінқашандағы бол аман

 Көркем

Президент Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен Қазақстан жан-жақты дамып келеді. Кофи Аннан- Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Қазақстанның ТМД-ның басқа елдерінен айырмасы сонда- бұл елде бейбіт өмір мен тұрақтылық орнап, экономикалық өрлеу байқалады. Қазақстан түрлі ұлттар бейбіт қатар өмір сүріп жатқан, этникалық саналуандық тартыстың емес, қайта татулық нышанына айналған мемлекеттің үлгісі бола алады.

 Ботакөз

Осы орайда өркендеп өскен Қазақстанның әлемдегі бүгінгі орны мен беделін мақтанышпен атап айтуға болады. «Ел - Елбасына тірек, Елбасы – елге қалқан». Бұл – бүгінгінің шындығы. Н.Назарбаев десе – Қазақстан, ал Қазақстан десе Назарбаев ойға оралады деп, халықаралық қауымдастықтың мойындағанынан толық аңғаруға болады.

 Әсем

Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын, Елім айтқан ел көтерер жер даңқын. Президентім, елбасы, аман болғай, Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым! Барлығы: «Осы тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді сезінеміз»



 Назерке

Елбасы үлкен саясаткер болумен қатар жан-жақты дамыған тұлға, барлық қазақ азаматтары сияқты жылқыны жақсы көреді.Сондай-ақ өнерге де көп көңіл бөлетін адам. Оған дәлел жаңа ғана өздеріңіз тыңдаған «Елім менің» және «Үш қоңыр» әндері. Бұл әндердің сөзі Нұрсұлтан Әбішұлыныкі екенін біз мақтанышпен айтамыз.

 1-жүргізуші:

Қазақстан Республикасында тұратын әрбір адам, әсіресе жастар ертеңі үшін алаңдамайды. Елбасының «Қазақстан -2030» жолдауында көрсетілген: «Қорытынды сөзімді жас ұрпаққа, Қазақстан жастарына арнасам деймін. Сіздер егемен Қазақстанда өмір сүріп жатқан азаматтардың бірінші ұрпағысыздар. Сондықтан да сіздердің алдарыңызда іске асырудың біз қол жеткізбек болған болашақты өздеріңіз бен балаларыңыз үшін өз қолдарыңызбен орнатудың шексіз мүмкіндіктері ашылып тұр. Ендеше Қазақстанның болашағы сіздердің қолдарыңызда».

 2-жүргізуші:

 «Қазақстан – бақытты ел, Президенті танымды, халқы қарымды, досы көп ел екенін де мақтан тұтамыз. Ел тарихын тұлғалар жасайды. Тұлға – елдің тұғыры, Тұлға – елдің тұтқасы. БіздіңПрезидентімізНұрсұлтанӘбішұлы Назарбаев осындайтұлға!

Сағыз селосы

№ 9 орта мектеп



Тақырыбы : Елін сүйген Елбасы

Бағыты : Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие

Түрі : ауызша журнал

Күні : 30.11.2016ж.

Сыныбы :11 б

Сынып жетекшісі : Ж.Көптілеуова

2016-2017 оқу жылы

Мамандық таңдауды анықтау үшін оқушыларға арналған сауалнама

Фамилиясы ....................................... Есімі...................................

Мектебі....................... Сыныбы............................. Жасы....................................

Толтырылған күні................. Мекен-жайы................................................................................

Нұсқау: сіздің ойыңызбен сәйкес келетін жауаптың астын сызып, керек жерінде

толықтырып отыруға болады

1. Сіздің сабаққа үлгеріміңіз қалай оқисыз? Үздік, жақсы, орташа, нашар

2. Қандай пәндерді ұнатасың?

3. Қандай пәндерді ұнатпайсың?

4. Қандай үйірмеге қатысасың? Театр, музыка, спорт, би, сурет салу, кесте тігу, мүсіндеу, биология, жас техник

5. Осы уақытқа дейін қандай үйірмеге қатысқан едің?

6. Сыныпта қандай қоғамдық тапсырмаларды орындап жүрсіз? Староста, физруг, т.б

7. Достарың көп пе? (көп, біреу, бірнеше)

8. Саған қандай кәсіп ұнайды?

9. Қандай әдебиет оқуға құштарсыз? (көркем, ғылыми-көпшілік, шытырман оқиға)!

10. Өз бойыңызда қандай қасиеттерді тәрбиелегіңіз келеді? (мақсаткерлік, еңбексүйгіштік, қажыр, қайрат, адалдық, батылдық)

11. Сізді мына мамандықтың, білімдердің қайсысы қызықтырады: жаратылыс-ғылыми (математика, физика, химия, биология, медицина, экономика, юридиция), гуманитарлық (әдебиет, журналистика, лингвистика, педагогика, психология), өнер (музыка, театр, бейнелеу, вокал, өнірістегі жұмыс).

12. Өзіңді қызықтырған қызмет немесе білім саласын меңгеру үшін не істеп жүрсің?

- ынта- ықыласқа сай оқу пәндерінен мінсіз оқып жүрсіз беБ

- қосымша әдебиеттер оқисыз ба? (ғылыми-көпшілік, ғылыми-техникалық)

- қызықтырған пін жөніндегі үйірмеге қатысасың ба? (қандай)

13. Бос уақытыңызда немен айналысасыз? (сурет салу, техникамен, шеберлік іс, спортпен шұғылдану, музыкалық аспапта ойнау, театрға, музейге, көрмеге, концертке бару, тоқу, киім тігу)

14. Қоғамдық жұмысқа қалай қатысып жүрсіз? (қатыспайсыз, тұрақта тапсырмаңыз бар), берілген тапсырманы соңына дейін орындайсыз ба?

15. Экскурсияға бардыңыз ба (қайда, қашан)

16. Өндіріс озаттарымен кездесулерде болдыңыз ба? (неше рет, қай кездесу бәрінен көп әсер етті)

17. Сен өзің үшін қандай кәсіпті және одан әрі оқу жолын таңдайсыз?

Негізгі ой-ниетіңіз.....................................................

Екінші ой-ниетіңіз....................................................

Қосымша ой-ниетіңіз...............................................

18. Қалауыңызға ата-анаңыз келісе ме?



19. Ата-анаңыздың ұсынысы қандай...................................
Каталог: doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> 6 Хромтау гимназиясы тәрбие жұмысының жылдық жұмыс жоспары Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
doc -> Қазақстанның театр режиссурасы: сабақтастық және жаңашылдық
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет