Түрі: Ертеңгілік. Көрнекіліктер: Нақыл сөздер, суреттер, шарлар. Барысы



Дата12.03.2018
өлшемі83,84 Kb.
#38499
Білімнің алтын бастауы, рахмет саған Әліппе!

Мақсаты: Оқушылардың сауат ашу пәнін игеру барысында алған білімдерін ттиянақтау, өз өнерлерін ата – аналарға көрсету, эстетикалық талғамдарын тереңдете түсу, өзін – өзі басқаруы мен ана тілін сүйіп, қастерлеуге тәрбиелеу.

Түрі: Ертеңгілік.

Көрнекіліктер: Нақыл сөздер, суреттер, шарлар.

Барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі.

Мұғалім: Нұрлы үмітін арқалаған арқаға,

Жан сәулесін тарататын баршаға.

Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,

Бүлдіршіндерді шақырайық ортаға.

Алдарында білімнің тарау – тарау, жолдары тұр,

Бәрі де мектептің білімдісі, болғалы тұр.

Білім деген қақпадан еніп келген,

1 а сыныбын, қол соғып, қолда бүгін.



1 – жүргізуші: Ақылы дария

Ойы аспан

Қариялар, Армысың!

2 – жүргізуші: Өнегелі сөздері

Еркелеткен біздерді

Әжелерім,бармысың!

1 – жүргізуші: Асқар таудай

Өрісі кең

Әкелерім, Армысың!

2 – жүргізуші: Ақ сүт берген

Аялаған


Аналарым, бармысың!

1 – жүргізуші: Білім берген

Саясы мол

Ұстаздарым, Армысың!

Мұғалім: -Құрметті ұстаздар, ата – аналар бүгін сіздер 1»а» сынып оқушыларының «Білімнің алтын бастауы, рахмет саған Әліппе!»атты ертеңгілігіне қош келіпсіздер!

«Әліппе» - әлемдегі бар ғылымның тұнық бастауы.



  • Дүниенің тылсым құпиясын білуге деген бала құштарлығын оятуға ең алдымен «Әліппені» қалай меңгергені әсер етеді.

  • Ақын Мұзафар Әлімбаев «Әліппе» туралы былай жырлаған екен:

Жеміске құты тола ма?

Бір – бірлеп теріп алмасаң.

Әп – сәтте шыға қоя ма?

Еккен дәнің ойласаң?

Білім де сондай, қарағым,

Біртіндеп сіңер ойыңа,

Ұғып ал: білім боларың

Шам – шырағың жолында.

Көлге айналған бұлақтың

Қайнар көзін көріп пе ең?

Том – том қалың кітаптың

Басы болар «Әліппең»

Әліппе – білімнің, ғылымның алғашқы жолы


  • Енді шәкірттердің Әліппеден не біліп, не үйренгенін тамашалаңыздар!

2 – жүргізуші: Бүгінгі ұлы мерекеге

Қош келіпсіз бәріңіз де

Әліппемен қоштасамыз

Ана тілмен достасамыз.



1 – жүргізуші: Қазақстан елінің

Болашағы боламыз

Мақтанышы болатын

Болашағы ұланбыз



2 – жүргізуші: Іші толған әріпке

Білімдегі жарық не?



Хормен: Болашаққа жол ашар,

Ол сүйікті, Әліппе!



Хормен: Әліппе - білім бұлағы

Әліппе - өмір шырағы

Әліппе - білім көзі

Әліппе - Ұстазымның сан айтқан нақыл сөзі



1 – оқушы: Құрметті ұстаздар мен ата аналар,

Кез келді сіздерден ақ бата алар.

Ұл – қызың көрсетпекші өнерлерін

Бар қауым таңдана таңдай қағар.



2 – оқушы: Бүкіл қазақ баласы дәріптеген

Қоштаспақпыз сүйікті Әліппемен

Ризамыз бәрімізді таныстырған

Сөз бен дыбыс әр түрлі әріптермен.



3 – оқушы: Бар білімнің бастауы

Бар ғылымның бастауы

Жас балаға нұр шашқан

Қандай кітап тіл ашқан ? Хормен: Әліппе



Мұғалім: Ендеше ортаға Әліппені шақырайық. Бәрі: Әліппе (3рет)

Әліппе: Армысыздар, жас достар

Армысыздар ата – ана

Болашаққа жол бастар

Әліппеңіз мен болам

Білім деген ғажаптың

Әліппесін меңгерген

Келешегі қазақтың

Басталады сендерден.



Мұғалім: - Балалар әліппеге арнап айтатын тақпақтарың,әндерің бар ма?

Ән: Әліппе.

Менің атым, менің атым әліппе,

Үйретемін, үйретемін әріпке.

Оқу білім, оқу білім сырласы,

Барлық бала, барлық бала дәріптер.

Ал балалар келіңдер,

Үйреніңдер көріңдер,

Қырық екі әріпті, жатқа айтып, беріңдер.

А дегенім, а дегенім ана ғой,

Б дегенім, б дегенім бала ғой.

Меніменен, меніменен достасып,

Білім нәрін, білім нәрін ала ғой.



4- оқушы: Іші толы әріпке,

Мынау - әйбат Әліппе.

Әліппе деген аты оның,

Басталған Ә әрпінен.



5 – оқушы: Әліппе деген алтын жол,

Апарар сені алысқа.

Жеңіл емес, ауыр жол,

Тырысып бақ намысқа.



6 – оқушы: Әріптерді жаттаймыз,

Есте мықтап сақтаймыз.

Ұмытпаймыз бәрін де,

Атын, затын, түрін де.



7- оқушы: Барлық әріп бағалы,

Айтсақ әділ бағаны.

Әріпсіз сөз болмайды,

Буын онсыз толмайды.



8 – оқушы: Бәрімізді сүйіп өткен,

Балаларға үйреткен.

Әліппе мен ұстазға,

Бас иеміз құрметпен.



Вальс: Жан ұям.

Әліппе: Достар, сендерге рахмет бәрің ән айтып, билеп жатырсыңдар.Сендер менен не оқыдыңдар, не үйрендіңдер?

Хормен: Әріптерді, Жұмбақ, жаңылтпаш, өлең үйрендік. Онда бәріміз мақалдың жалғасын тап ойынын ойнайық. 1. Оқу білім бұлағы,Білім өмір шырағы. 2. Оқусыз білім жоқ, Білімсіз күнің жоқ. 3. Білекті бірді жығар, Білімді мыңды жығар.

Ал білетін жаңылтпаштарды айтып көрейік.



  1. Шілікті шаптым.Жілікті астым. Шілікті жақтым. Жілікті астым.

  2. Оқуға салақтар. Тек кітап парақтар. Сабақтаалақтар. Далада далақтар.

  3. Қаштым қатты-ақ. Ұшты қалпақ . Балақ сатпақ. Аяқ батпақ.

Жұмбақ: Жасырамын жұмбақты.

Дұрыс тапшы қарағым.

Кәне көтер жауабын.


  1. Әжеде бар, атада жоқ. Әтеште бар, көжекте жоқ. «Ә» әрпі

  2. Біреуі «белде», Біреуі «көлде». «Л» әрпі

  3. Ірімшікті жедің ғой, Тәтті екен дедің ғой. Ірімшікті біз жеген, Қай әріптен басталған. «І» әрпі

  4. Ата-анаңмен барып сен, Пілді көрдің парктен. Осы атауға зер салшы, Басталған қай әріптен. «П» әрпі

  5. Пілде бар, шілде жоқ. Допта бар, шарда жоқ. «П» әрпі

  6. Ешкіде бар, қойда жоқ. Кеседе бар, қасықта жоқ. «Е» әрпі

Қандай сөз шықты екен, қарайықшы. «Әліппе»

Әліппе сөзінен құралған әріптеріміз сыр шертеді.

1.Әжем, әкем, әніміз, 2. Лағым менің лағым

Әрқашанда сәніміз. Селтеңдейді құлағың,

Енді білдік бәріміз, Босқа жүрмей сенімен,

Ә – әрпінің мәнін біз. Л – дан сөзді құрадым.

3. Іл – ілмешек, 4. Бала отыр партада,

Ірі шарды үрлесек. Оқы, үйрен шаршама.

Ренжиді інілер, П – дыбысы дауыссыз,

«І» дыбысын білмесек. Мәлім болды баршаңа.

5.П – дегенде парасат, 6. Е – дегенде ертегі,

Жақсылардан шарапат. Бізге сырын шертеді.

Еңбекқор бол перзентім, Еңбек, есті, ерлікті,

Несібеңді адал тап. Үлгі қылып ертеді.

9- оқушы: Келгенде алғаш мектепке,

Білмеуші едік әріп те.

Оқимыз қазір ертекті,

Үйреткен оны Әліппе.

10 – оқушы: Енді біз жаза білеміз,

Әріпті қосып әріпке.

Риза боп саған жүреміз,

Сүйікті біздің әліппе.

Би: Қазақша.

11- оқушы: Мынау менің Әліппем,

Көгілдір туым түсіндей.

Ақылшы жақын досымдай,

Қымбатты маған кісімдей.

Бірінші беттен елімнің,

Елтаңбасын таныдым.

Көк байрақты қазақтың,

Ұрпағымын, сәнімін.

12-оқушы: Ел басқарған Нұрсұлтандай ағам бар,

Көк алқапты жасыл жайлау далам бар.

Ел бірлігін, ел тірлігін тілеген,

Ақ ниетті әкем менен анам бар.

Сондықтан да келешегі елімнің,

Біз бақытты, біз бақытты балалар.

13 – оқушы: Ең алғаш алғанымда Әліппені,

Қызығып қарай бердім әріптерді.

Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді?

Ұстазым оның кілтін ашып берді.

Мұғалім: Бала деген, шіркін-ай, балдай екен,

Тәттілігі жая мен жалдай екен.

Арып – ашып даладан келгеніңде,

Бар иісін таттырып алдайды екен. – деп Кенен Әзірбаев атамыз жырлағандай, кішкентай бүлдіршіндеріміздің бал тіліне құлақ салайық,Әліппе.

14-оқушы: Оқымап ем,»бір» алдым,

Кейіп қалды мұғалім.

Әкеп едім екілік,

Мамам шықты жекіріп.

«Үш» алғанда байқадым,

«бес» деп едім бүгін кеп,

Қалды бәрі күлімдеп.

Би: Испан биі.

Әліппе: Құрметті оқушылар! Сендердің ынталы, білімді, ақылды екендеріңе көзім жетті. Қоштасатын уақыт келді.

Әріптердің иесі, құрметті Әліппе! Сізге шексіз алғысымызды білдіреміз. Біз сізбен қоштасып, Ана тілмен достасамыз. Қош сау болыңыз, Әліппе!.

15 – оқушы Қош бол, құтты Әліппем,

Көп нәрсені үйреттің.

Таныстырып әріппен,

Тақылдатып сөйлеттің.

16 – оқушы: Таныстырған 42 әріппен,

Қош бол менің, қасиетті Әліппем.

Сенің арқаң оқи, жаза білгенім,

Сауатты адам санатына кіргенім.

Ән: Қош бол, Әліппе!

17-оқушы: Өтті оқу сан сабақ,

Бүгін үлкен салтанат.

Оқулықпен достассақ,

Әліппемен қоштаспақ.

Өсті білім бойымыз,

Құтты болсын тойымыз.

Мұғалім:-Балалар, біздің алдымызға және бір сүйіп оқитын пәніміз «Ана тілі»келе жатыр қарсы алайық,

Бәрі: Қош келдің, Ана тілі!

Ана тілі: Сәлеметсіздер ме балалар? Енді мені оқып, менен білім аласыздар. Өз ана тілдеріңді құрметтеп, қадірлеңдер!

Ана тілің арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл!

Өз тіліңді құрметте!

Ана тілі: -Балалар ана сүтімен бойымызға дарыған тіліміз қалай аталады?



  • Осы ана тілі – қазақ тілдерің туралы жаттаған өлеңдерің бар ма?

  • Балалар біз қай мемлекетте тұрамыз?

  • Ендеше Қазақстанның астанасы қай қала, бас қаласы ше?

  • Ал, «Отан» туралы қандай өлең білесіңдер? Кәне кім айтады?

  • Мұғалім: -Берілген тапсырманың барлығын орындадық.

  • Әліппемен қош айтысып қаламыз,

  • Енді қолға ана тілін аламыз.

  • Ата – ана қуанышқа ортақ боп.

  • Сауатты боп шықты міне балаңыз.

27 Дихан орта мектебі.



Білімнің алтын бастауы, рахмет саған Әліппе!

1 а сынып

Берекбаева Эльмира Рысбекқызы.

2015 -2016жыл
Каталог: doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> 6 Хромтау гимназиясы тәрбие жұмысының жылдық жұмыс жоспары Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
doc -> Қазақстанның театр режиссурасы: сабақтастық және жаңашылдық
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет