Түрі: мәнерлеп оқу сайысы Көрсетілімі: слайдтар,тіл туралы мақал-мәтелдер,әйгілі тұлғалар портреттері, кітап көрмесі Техникалық құралдар



Дата17.06.2018
өлшемі18,09 Kb.
#42354
Мақсаты: оқушыларға ана тілінің қадір қасиетін ұғындыру, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру. Түрі: мәнерлеп оқу сайысы Көрсетілімі: слайдтар,тіл туралы мақал-мәтелдер,әйгілі тұлғалар портреттері, кітап көрмесі Техникалық құралдар: интерактивті тақта,үнтаспа Жоспар І. Жүргізушінің кіріспе сөзі ІІ.Тіл туралы заңмен таныстыру ІІІ.Мәнерлеп оқу сайысына қатысатын оқушыларды таныстыру ІV. Ән «Ана тілім» V.Әдеби монтаж VI.Көрермендермен ойын а) мақалды жалғастыр ә) фотослайдтар Барысы Жүргізушінің кіріспе сөзі Тлегенова Ш.М Тіл - халықтың жаны,сәні,тұтастай кескін келбеті.Адамды мұратқа жеткізетін ана тілі мен дәстүрі.Біздің осындай қасиетті мұратымыз, ана тіліміз қазақ тілі. Қазақ тілі- Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі.

Ана тілің арың бұл, Ұятың болып тұр бетте. Басқа тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте

Қадыр Мырзалиев жырлағандай әркім өз ана тілін құрметтеп, мақтан тұту керек. Қазақстан Республикасы Егеменді ел атанып, ана тілімізге Мемлекеттік мәртебе берілді. Ән «Ана тілім» сөзі: С.Құрбақожаев муз:Ә.Нұрымов жетекшісі: Жанат Аккалиевна орындаушы 3 «Б» сынып оқушылары Ана тілім-бал тілім, Өзің барда шалқыдым . Өз тілімде ән шырқап, Термелетіп балқыдым.

Тілім барда мақтанам, Тілім менің аппақ ән. Бірлігімді бүгінгі Ана тілім сақтаған.

Құтты шаңырақ Отан да, Тілім алған батам да Осы тілде сөйлеген, Бабам менен атам да Әдеби монтаж Мәнерлеп оқу сайысына қатысушы оқушылардың тіл туралы жаттаған өлеңдерін тыңдайық.(Әділқазы мүшелерімен таныстырып өтейін)

Туған тілім - бабам тілі - өз тілім! Туған тілім - анам тілі - өз тілім! Туған тілім - далам тілі - өз тілім! Туған тілім - адам тілі - өз тілім!

Туған тілде сыры терең жаным бар, Туған тілде әнім менен сәнім бар. Туған тілім тіл болудан қалса егер, Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.

Мейлі шарлап теңіз өттім, тау бастым, Мейлі көктің ақ бұлтына жармастым. Сонда-дағы сен қалмассың көкейден, Сонда-дағы сені ұмыта алмаспын.

Бар қазақтың орман, көлі, өзені, Тау қиясы, жалпақ жазық, кезеңі, Сайрап сөйлеп тұрған жоқ па қазақша, Қалай тозар сендік асыл сөз енді.

Сенле емес пе солардың бар ажары, Орман үні, бұлағының таза әні. Гүл, бәйшешек, көкорайдың жұпары, Жақсы қысы, жомарт көктем, жаз айы.

Ана тілім күшім менің, қуатым, Жырым сендік жүрегімнен туатын. Тауысар ма ырысыңды, қорыңды Тізелесіп қатар жазса мың ақын! 2«Б» сынып оқушысы Аспендиярова Аяулым «Үш бақытым» Мұқағали Мақатаев Ең бірінші бақытым - халқым менің, Соған берем ойымның алтын кенін... Ал, екінші бақытым - тілім менің, Тас жүректі тіліммен тілімдедім. Бақытым бар үшінші - Отан деген, Құдай деген кім десе Отан дер ем! 2«Б» сынып оқушысы Таштимиров Досымбек «Туған тілім» Дихан Әбілев Туған тілім - бабам тілі - өз тілім! Туған тілім - анам тілі - өз тілім! Туған тілім - далам тілі - өз тілім! Туған тілім - адам тілі - өз тілім!

Туған тілде сыры терең жаным бар, Туған тілде әнім менен сәнім бар. Туған тілім тіл болудан қалса егер, Жүрегімді суырып-ақ алыңдар. 2«Ә» сынып оқушысы Сапар Айша «Ана тілі» Т.К.Абдрахманова Ақыл ойын даналық Ана тілден аламын Ана тілі ардақты Ақ сүтіндей ананың

Өсірген ой білімді Сүйем туған тілімді Мақсат етем әр сөздің Мәнін терең білуді. 2«Ә» сынып оқушысы Ерғалиева Әдемі «Ана тілі» Қадыр Мырза Әли Ана тілің біліп қой Еркіндігің теңдігің Ана тілің біліп қой Мақтанышың елдігің

Ана тілің арың бұл, Ұятың болып тұр бетте. Басқа тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте Көрермендермен ойын «Мақалды жалғастыр...» слайд 1.Өнер алды ... (қызыл тіл) 2.Көп сөз күміс, ... (Аз сөз алтын) 3.Ана сүті бой өсіреді , ... (Ана тілі ой өсіреді) 4.Ақыл көркі- тіл, ... (Тілдің көркі- сөз) 5.Жеті жұрттың тілін біл, ... (Жеті түрлі білім біл.) Фотослайд (интерактивті тақтадан ақын жазушылардың суреттері шығады, ал көрермендер кімнің суреті екенін табу керек және «Қазақ тілі» өлеңін хормен оқиды.)



Қорытынды (Әділқазылар мәнерлеп оқу сайысының қорытындысын шығарады.)
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет