Түркі халықтарына ортақ салт-дәстүрлер


Түркі халықтарына ортақ мақал-мәтелдер



бет2/4
Дата20.04.2020
өлшемі24,04 Kb.
#63130
1   2   3   4
Байланысты:
аксио тапсырма

Түркі халықтарына ортақ мақал-мәтелдер.
Мақал-мәтелдер – әрбір ұлттың ой-санасының қорытынды түйіні, өмірде түйген-білгендерінің, түрлі тәжірибелерден жинақталған философиялық ойларының көркем көрінісі, фразеологиялық оралымдардың өңделіп, бір қалыпқа реттелген күйде, тұрақталып, қалыптасқан түрлері. Мақал-мәтелдер ертеден қалыптасқан ауыз әдебиетінің бір түрі, ой дәлдігімен, терең мазмұнымен ерекшеленетін, тоқсан ауыз сөзді тобықтай түйінмен жеткізе білетін қасиеттерге ие. Өмір туралы, тіршілік туралы білімнің сұрыпталған жиынтығы.

Мақал-мәтелдер халықтың ауызша энциклопедиясы ғана саналмай, ол ұстаздық, тәлімгерлік рөл де атқарады, адам бойындағы барлық жақсылықты асқақтатып, жамандықты жерлеп, бала тәрбиесінде ерекше орын алатын халық даналығы. Мұндағы ақыл-кеңестер қысқа да нұсқа әрі тұжырымды болды. Халық даналығы ата-анаға ұрпақ тәрбиесі жөнінде өзінен бұрынғылардың моральдық-психологиялық, медициналық-гигиеналық, өнер-сайыскерлік ой-пікірлерін де шоғырландырып, бүкіл халықтың тәлімдік тәжірибесін мирасқа қалдырып отырды. Көшпелілердің сонау ерте дәуірден-ақ көп біліп әрі оны ақылмен байыптай алатын адамды ерекше қастерлеуі тегін емес. Ондай адам ата-баба даналығының көзіндей саналатын. Мақал-мәтелдер белгілі бір шешіммен істің дұрыстығын анықтайтын логикалық қызметтің эталоны тәрізді адамның ой-әрекеттерінде маңызды рөл атқарып отырды.

Мақал-мәтелдер – ғасырлар бірі-бірінің жалғасын тапса да, сол күйі өзгеріссіз қалған, ата-бабаларымыздың біздерге қалдырған өсиеті. Ауыз әдебиетінің көркем әрі парасатқа толы баға жетпес мұрасы.

Мақал-мәтелдердің көрініс табатын сахнасының бірі – көркем шығармалар. Әрбір туынды автордың тілінің ерекшелігіне, көркемдігіне, ойын ұтқырлы жеткізе білгендігіне, мақал-мәтелдерді қаншалықты қолдана білгендігіне байланысты. Мақал-мәтелдерді іздеу барысында, әдеби шығармаларды ақтардық, нәтижесінде көптеген мақал-мәтелдермен таныс болдық. Алайда қазақ және түрік тілдерінде қатар кездесетін мақалдарды сирек кездестірдік. Айта кетсек, аты Еуропаға дейін жеткен, бір роман арқылы бүкіл қазақты әлемге таныта білген Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романында “Құс қанатымен ұшар, Құйрығымен қонар” деген мақалға ұқсас. Қазақ және түрік тілдеріне ортақ мақал-мәтелдеріндегі «Кuş кanadıyla uçar, Кıçı ile кonar» (Құс қанатымен ұшады. Құйрығымен қонады) деген мақалды кездестірдік. Мағынасы жағынан ұқсас бұл мақалдар, туыстас екі тілдің, яғни қазақ және түрік тілінің ойлау жүйесі мен мәдени көзқарастарының да бір-біріне жақын екенінің дәлелдейді. Сонымен қатар ұлы Абай Құнанбаевтың немере інісі Шәкәрім Құдайбердіұлының «Шәкәрім шығармалары» кітабында, Әділ-Мария атты шығармасында мынадай мақал берілген: “Отыз тістен шыққан сөзді, отыз ру ел біле­ ді ”.Осы мақалға ұқсас түрік тілінде де

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет