Түркі халықтарына ортақ салт-дәстүрлер


«Kedinin fareyle oynadığı gibi oynamak» (Мысықтың тышқанмен ойнағанындай ойнау)



бет4/4
Дата20.04.2020
өлшемі24,04 Kb.
#63130
1   2   3   4
Байланысты:
аксио тапсырма

«Kedinin fareyle oynadığı gibi oynamak» (Мысықтың тышқанмен ойнағанындай ойнау).Түрік тілінде кездесетін бұл фразеологизмнің мағынасы, бір адаммен немесе нәрсемен адамның көңіл көтеру мақсатымен, қалаған ережелерімен ойнап, әзілдесуі және жалыққан сәтінде тастап кетуін білдіретін тұрақты сөз тіркесі. Сонымен қазақ және түрік тілдеріндегі мақал-мәтелдерді тақырыптық топтастыру бойынша «еңбек және кәсіп», «өнер және білім», «әулет және қоғам», «тұрмыс және салт», «адамгершілік және кішіпейілділік» деген топтарға бөліп қарастыруға болады. Екі тілдегі мақал-мәтел-дерді тақырыптық топтарға бөле отырып, оларды тура және ауыспалы мағынада қоланылатын мақал-мәтелдер деп екіге бөлініп қарастырылды.



Негізінен, түркі халықтарына тән кәсіп – ауылшаруашылығы болғандықтан қазақ және түрік халықтарына ортақ еңбек және кәсіпке байланысты мақал-мәтелдер екі тілде көп кездеседі. Мысалы: түрік тіліндегі «Arpa,buğday aş oldu, altın gümüş taş oldu» (Arpa körpe aş imiş,altın gümüş taş imiş), «Açlık ne yedirtmez, tokluk ne dedirtmez», «Akılsız başın cezasını (zahmetini) ayaklar çeker», «Akraba ile ye iç(varış geliş et),alışveriş etme», «Kişinin aynası işidir», «Damlaya damlaya göl olur» және т.б.сияқты мақалдардың қазақ тілінде де «Арпа-бидай ас екен, алтын-күміс тас екен» , «Саудада достық жоқ», «Сауда достыққа қарамас», «Ақымақ бас екі аяққа дамыл бермейді», «Басында миы жоқтың аяғына тыным жоқ», «Кісінің айнасы – еңбегі», «Аш не жемейді, тоқ не демейді», «Көп түкірсе көл болар» сияқты нұсқалары бар. Сонымен қатар қазақ және түрік тілдерінде мағыналары бірдей, бірақ мақалдардың құрамындағы кейбір сөздердің ауысып келуімен жасалған мақалдар да кездеседі. Мысалы: түрікше:«Arpa eken, arpa biçer» (Арпа еккен, арпа орар) – қазақша: «Не ексең соны орасың», түрікше: «Para parayı çeker» – қазақша: «Ақшаны қаша табар», түрікше: «Avcı kediye kurnaz fare» (Аңшы мысыққа – айлакер тышқан) – қазақша: «Аңқау елге арамза молда», түрікше: «Ayağını yorganına göre uzat»( Аяғыңды көрпеңе қарай соз) – қазақша: «Көрпеңе қарап көсіл», түрікше: «Ağlamayan çocuğa meme vermezler» (Жыламаған балаға емшек бермейді) – қазақша: «Жыламаған балаға емшек жоқ», түрікше: «Bin ölçüp bir biçmeli» (Мың өлшеп бір пі­ шу керек) – қазақша: «Жеті рет өлшеп бір рет кес» және т.б. Қоғам және отбасы – бір-бірінен ажырамас ұғым, өйткені қоғам отбасынан, отбасы да қоғамның ажырамас бір бөлігі болып саналады. Қазақ және түрік тілдеріндегі осы екі маңызды тақырыптағы мақалдарды топтап бірге қарастырғанды жөн санадық.

Қазақ халқының «Ерте тұрған әйелдің бір ісі артық, ерте тұрған еркектің бір ырысы артық», «Дұшпан күлдіріп ай- тады, дос жылатып айтады», «Анасына қарап қызын ал, аяғына қарап асын іш», «Бірлік түбі – тірлік», «Таспен ұрғанды аспен ұр», «Ақылсыз достан, ақылды дұшпан артық», «Алдыңғы арба қайда жүрсе, соңғы арба сонда жүрер», «Қонақ келсе, құт келер», «Шақырмаған жерге барма, шақырған жерден қалма», «Балық басынан шіриді», «Бес саусақ бірдей емес» және т.б.сияқты мақал-мәтелдерінің түрік тілінде де мынадай баламалары бар: «Erken kalkan (çıkan) yol alır, er evlenen döl alır» (Ерте шыққан жол алады, ерте үйленген төл алар), «Dost, acı söyler, fakat doğru söyler» (Дос ащы айтады, бірақ дұрыс айтады), «Anasına bak kızını al, kenarına bak bezini al» (Анасына қарап қызын ал, жиегіне қарап бөзін ал), «Misafirin Ayağı Uğurludur» (Қонақтың аяғы құт), «Çağrılan yere erinme, çağrılmayan yere görünme», «Arabanın ön tekerleği nereye giderse, arka tekerleği de oraya gider» (Арбаның алдыңғы дөңгелегі қайда барса, артқы дөңгелегі де сонда жүрер), «Balık baştan kokar» (Балық басынан сасиды), «Beş parmağın beşi de bir değildir» (Бес саусақтың бесеуі де бір емес) және т.б.

Қазақ және түрік тілдеріндегі қоғам және әулет тақырыптарына байланысты мақал-мәтелдердің құрамындағы сөздердің ауысып келуі туыстас екі халықтан ғасырлар бойы бірбірінен жырақта қалуының себебінен деп білеміз. Алайда, екі тілдегі бұл мақал-мәтелдер өз мағыналарын сақтап қалған. Мысалы: түрік тілінде: «Babaya dayanma, karıya güvenme» (Әкеге сүенбе, әйелге сенбе) – қазақ тілінде: «Астыңдағы атыңа, қойныңдағы қатыныңа сенбе»; түрік тілінде: «At teper, katır teper:ara yerde eşer ölür. (At tepişir arada eşek ölür).» (Ат тебісер, ортада есек өледі) – қазақ тілінде: «Екі түйе соғысса, ортасында шыбын өледі»; «İt ite buyurmuş, it de kuyruğuna» (Ит итке бұйырыпты, ит құйрығына ) – қазақ тілінде: «Ит итті жұмсайды, ит құйрығын жұмсайды»; «Otuz iki dişten çıkan,otuz iki ağıza yayılır.» (Отыз екі тістен шыққан, отыз екі ауызға тарайды) – қазақ тілінде: «Отыз тістен шыққан сөз, отыз руға тарайды»; «Adamın alası (alacası) içinde, davarın (hayvanın) alacası dışında» (Адам аласы ішінде, мал аласы сыртында) – қазақ тілінде: «Адам аласы ішінде, мал аласы сыртында»; «Kızım sana söylüyorum, gelinim sen anla» (Қызым саған айтамын, келінім сен түсін) – қазақ тілінде: «Қызым саған айтам, келінім сен тыңда»; «İki kaptan bir gemiyi batırır» (Екі капитан бір кемені батырар) – қазақ тілінде: «Екі кеменің басын ұстаған суға кетер»; «İt ürür, kervan yürür» (Ит үреді, керуен жүреді.) – қазақ тілінде: «Ит үреді, керуен көшеді» және т.б.

Әр ұлттың өзіне тән тұрмыс-тіршілігі мен салт-дәстүрінің болуымен қатар, өзгелерге ұқсамайтын қасиеттері, өмір сүру ережелері, күн кешуі, тіпті тамақтану ерекшеліктері де бар. Тұрмыс пен салтты ажыратпай ортақ бір атау (тұрмыс-салттық мақал-мәтелдер) беріп, қазақ және түрік халықтарына ортақ тұрмыс-салтқа байланысты мақал-мәтелдердің ерекшеліктерін бірге қарастырғанды жөн көрдік. Мысалы, «Ağacı yaprak yaraştırır, insanı giyim», «Ağacı güzel gösteren yapraklarıdır» және «At yiğidin yoldaşı» деген түрік тіліндегі мақалдардың қазақ тілінде «Адам көркі – шүберек, ағаш көркі жапырақ», «Ат – ер қанаты» деген мақалдармен тура мағынада екеніне көз жеткізуге болады.

Тұрмыс-салтқа байланысты айтылған мақалдардың құрамындағы кейбір сөздердің ауысып келетінін көруге болады. Мысалы: «Aç tavuk uykusunda darı görür» (Аш тауық түсінде тары көреді) – «Тауықтың түсіне тары кіреді»; «At aylansa kazıkla» (Ат қазыкпен айналса) – «Ат айналып қазығын табар, ер айналып елін табар»; «İki bas bir kazanda kaynamaz» (Екі бас бір қазанда қайнамайды), «İki aslan bir posta sığmaz» (Екі арыстан бір торға сыймас) – «Екі қошқардың басы бір қазанға сыймас» және т.б. Адам бойынан табылатын жақсы және жаман қасиеттер де мақал-мәтелдерде көрініс та- уып жатады. Сол қасиеттер арқылы бір елдің ой-санасын, психологиясын анықтауға болады. Түбі бір туыстас екі халықтың, ұзақ уақыт бойы араласа алмаса да, әлі күнге дейінгі олардың ойлау жүйесі мен мінез-құлық ұқсастығы түбі бір туыстас түркі халықтарының ұрпақтары екендігін дәлелдейді. Қазақ және түрік тілдеріндегі адамгершілік пен кішіпейілділікке қатысты айтылған мақал-мәтелдерге зер салайық. Түрік тілінде: «Alışmış, kudurmuştan beterdir» (Үйреніскен құтырғаннан бетер) – қазақ тілінде: «Дәніккеннен құныққан жаман»; түрік тілінде: «Akıl nefsin düşmanıdır» (Ақыл нәпсінің дұшпаны) – қазақ тілінде: «Ашу – ақылдың дұшпаны, нәпсі – иманның дұшпаны»; түрік тілінде: «Uyuyan yılanın kuyruğuna basma» (Ұйықтаған жыланның құйрығына баспа.) – қазақ тілінде: «Ұйықтап жатқан жыланның құйрығын баспа»; «Yanınızda bir arkadaş varsa, hiçbir yol uzun değildir» (Жаныңда жолдасың болса, ешқандай жол ұзын емес) – «Жолдасың жақсы болса жолым ұзын деме, Жолдасың жаман болса қолым ұзын деме» және т.б.

Қорыта келе айтсақ, қазақ және түрік тілдеріндегі мақал-мәтелдерді бірнеше тақырыптарға топтастыра отырып, салыстыра қарастырылды. Салыстыра зерттеу барысында екі тілде жарық көрген мақал-мәтелдер сөздіктері пайдаланылды. Қазақ және түрік халықтарына ортақ мақал-мәтелдердін көптігіне жоғарыда берілген мысалдар айғақ бола алады. Екі тілдегі кейбір мақал-мәтелдердің дәл баламаларының болуымен қатар, кейбір мақал-мәтелдердің құрамындағы сөздердің ауысып келетіндігі де байқалды. Мұндай ерекшеліктердің болуы табиғи құбылыс деп қабылдау керек. Мұндай ерекшеліктер мен ұқсастықтар туыстас түркі халықтарының ғасырлар бойы бір-бірінен жырақта қалып, қоян-қолтық араласпауының салдарынан болады. Алайда екі халыққа ортақ мақал-мәтелдерге қарап, қазақ және түрік халықтарының түбі бір екеніне көз жеткізуге болады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет