Түркістан-2014ж Сабақтың тақырыбы



Дата12.03.2017
өлшемі68,4 Kb.
#11567
Ататүрік атындағы №17 мектеп-гимназиясы

Тақырыбы:

«Компьютер жадысының түрлері. Ақпараттық тасымалдауыштар.

Программалық жабдықтаудың топтамасы мен жалпы сипаттамасы»

Дайындаған: информатика пәні мұғалімі

Бегасилова Салтанат

Түркістан-2014ж


Сабақтың тақырыбы:
Компьютер жадысының түрлері. Ақпараттық тасымалдауыштар. Программалық жабдықтаудың топтамасы мен жалпы сипаттамасы.
Құзыреттілікке жеткізетін мақсат – міндеттер:
а) ақпараттық құзыреттілік
ә) коммуникативтік құзыреттілік
б) проблемалық құзыреттілік
а) Оқушылардың компьютерде отыру ережесін, қауіпсіздік техника заңдары туралы түсініктерін толықтыру.
ә) Ақпараттық құзырлығын артыру, жаңа сабақты меңгерту.
б) қауіпсіздік ережелерін басқа да кабинетте қолдана алу білігін қалыптастыру.
Сабақтың типі: Жаңа сабақ, түсіндіру сабағы, топтасқан сабақ
Сабақтың әдісі: Білім көзіне қарай топтастырылған әдістер: сөздік, практикалық.
Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар: АКТ
Пән аралық байланыс: Физика, математика
Оқыту құралдары: Кітап, ережелер, интерактивті тақта
Сабақтың барысы: Оқытушы Оқушы Күтілетін нәтиже

I. Ұйымдастыру бөлімі: Сыныпқа кіріп, оқушылармен амандасып, сыныптың тазалығын тексеріп, кезекшілерден «жоқ» оқушылардың тізімін алу. Оқушылар орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу, «жоқ» оқушылардың тізімін беру Зейіндерін сабаққа аударып, сабаққа мұқият қатысуын бақылау.
II. Үй тапсырмасын тексеру: Ауызша, сұрақ - жауап


III. Жаңа материалды хабарлау:
БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАСАҚТАМАЛАР

Компьютердің бағдарламалық жасақтамалары жүйелік, қолданбалы бағдарламалардан және бағдарламалау жүйелерінен тұрады.


Жүйелік бағдарламалардың ішінде операциялық жүйе (ОЖ) (операционная система - ОС) негізгі болып табылады. ОЖ — компьютердің барлық мәліметтерді өңдеу жұмысын ұйымдастыратын бағдарламалар жүйесі. Ол компьютердің барлық құрылғыларын басқарады, компьютер құрылғыларының арасында және компьютер мен адам арасында мәліметтер алмасуын жүзеге асырады. Сонымен қатар ОЖ - әмбебап жүйе, оны әр түрлі типтегі компьютерлерге, компьютерге қосылған қосымша құрылғыларға сәйкестендіріп баптауға болады, компьютерді дербес түрде баптауға мүмкіндік береді. ОЖ - лер өте көп, бірақ біздің арнайы қарастыратынымыз — үйде және мектептерде тұрған компьютерлердің операциялық жүйелері. Бұдан аз - ақ уақыт бұрын мұндай компьютерлерде ОЖ МS Dos тұратын. Қазіргі кезде кең тараған жүйелер: ОЖ Windows XP, 7, Vista, т. б.
Бұл операциялық жүйелердің және көптеген өте маңызды қолданбалы бағдарламалардың, бағдарламалау жүйелерінің негізгі әзірлеушісі (жасаушысы) — американың Місгоsoft фирмасы.
Компьютерде жұмыс істеу - негізінде оның ОЖ - мен жұмыс істеу. Сондықтан компьютер мен адамның қатынасу тәсілі қаншалықты қарапайым, түсінікті және "жақын достықта" екендігі өте маңызды.
Адам мен компьютер арасындағы қарым - қатынас тәсілін интерфейс деп те атайды. Дербес компьютерлерде қатынасудың - интерфейстің - командалық және терезелік екі тәсілі болады.
Командалық интерфейсте адам компьютермен ОЖ - нің командаларының, жиынтығының көмегімен қатынас құралады, олар өте көп және жазылу түрлері де әр түрлі. Командалық интерфейсі бар ОЖ - ға ОЖ МS Dos жатады, ол компьютерлерде соңғы жылдарға дейін негізгі болып келді. Компьютерде дұрыс жұмыс істеу үшін, ОЖ МS Dos нұсқауларының қалың томдарын оқып үйрену қажет болды.
Терезелік интерфейстің және басқа, ол Windows типті ОЖ - де жүзеге асырылған. Мұнда компьютермен қатынасу көбіне тек маус құрылғысы арқылы жасалады. Компьютермен жұмыс істеу үшін, экранда графикалық бейнелер түрінде көрсетілген әрекеттерді маустың көмегімен таңдау жеткілікті. Экранда графикалық формаларды таңдау, жедел көмек жасау (оперативті көмек сөз), анықтама жүйесі адамның компьютермен қатынас құруды сезу дәрежесінде түсінікті етеді.
Оның үстіне ОЖ Windows бір мезгілде бірнеше мәселелерді, ал МS Dos тек бір мәселені ғана шешуге мүмкіндік береді.
Әрине Windows типті ОЖ - лар тек белгілі жағдай жасалғанда, яғни процессордың жұмысының жылдамдығы арттырылғанда, компьютердің жедел және тұрақты жадының көлемі үлкейтілгенде ғана МS Dos - тың орнын басты.
Қолданбалы бағдарламалық жасақтама мәліметтерді өңдеудің нақты мәселесін шешуге арналған. Олардың көмегімен құжаттар құруға, графикалық объектілер даярлауға, әр түрлі есептеулер жүргізуге және өздеріңнің демалыстарыңды ұйымдастыруға т. б. жасауға болады.
Қолданбалы бағдарламаларды арнайы және әмбебап бағдарламалар деп екі топқа бөледі.
Арнайы (мамандандырылған) бағдарламаларға бір мамандықтағы адамдар пайдаланатын бағдарламалар жатады, мысалы, бухгалтерлік бағдарламалар, проект жасаушылар, дәрігерлер пайдаланатын т. б. бағдарламалар.
Әмбебап бағдарламаларға мәтіндік және графикалық редакторлар, электрондық кестелер, электронды пошта бағдарламалары, яғни адамдардың көбі пайдаланатын бағдарламалар жатады. Бірімен - бірі байланысты бірнеше қолданбалы бағдарламаларды біріктіретін бағдарламалар да бар, оларды интегралданған бағдарламалар дестесі деп атайды. Мысалы, мәтіндік редактор, электрондық кесте, мәліметтер базасын басқару жүйесі.
Жүйелік бағдарламалық жасақтамаларға драйверлер де жатады. Бұл компьютерге қосылатын құрылғылармен бірге жабдықталатын бағдарламалар, оларда осы құрылғылар жөнінде барлық ақпарат болады. Операциялық жүйе қосылатын құрылғылармен олардың драйвері арқылы қатынасады. Мысалы, ОЖ винчестерге белгілі бір мәліметтерді оқып алуға команда береді. Ал винчестердің драйвері моторды қосуға, бастиекті жадтың белгілі жеріне әкелуге және оқып шығуға команда береді. ОЖ - нің драйвер арқылы жұмыс істеуі қосылатын құрылғыларды ұдайы ауыстырып және жаңалап отыруға мүмкіндік береді.
Төртінші тараудан бастап сендерді кейбір қолданбалы: WordPad, Калькулятор, Раіnt бағдарламаларымен таныстырамыз. Олар Windows - тың құрамына кіреді, сондықтан оларды оның қолданбалары деп атайды. Осыған байланысты Windows XP - ді біріктірілген жүйе деп атайды, себебі бұған операциялық жүйе бөлігінен басқа да қолданбалы бағдарламалар кіреді.
Бағдарламалау жүйелерінің құрамына бағдарламалау тілдері және арнайы бағдарламалар кіреді, олардың көмегімен құрылған бағдарламалар компьютердің жадына енгізіледі, түзетіледі, тестіленеді және орындалады.
Жүйелік бағдарламаларды көбінесе бағдарлама құрушылар (бағдарламалаушылар) пайдаланады.
Бағдарламалау тілдері өте көп. Мысалы, Паскаль, Бейсик, СИ, Фортран, Кобол, Пролог, Ассемблер, ПЛ - 1 тағы басқалар. Осы тілдерде бағдарламалаушылар бағдарламалар жазады және арнайы жүйемен, бағдарламалардың көмегімен оларды жөндейді, тексереді және қолдануға дайын түрге келтіреді.
АҚПАРАТТАРДЫ КОМПЬЮТЕРДЕ САҚТАУ

Ақпарат компьютердің ішкі және сыртқы жадында сақталады. Компьютердің ішкі жады негізгі болып табылады, себебі процессор тек осы жадпен тікелей жұмыс істейді. Оны көп жағдайларда оперативті (жедел) жад деп атайды, өйткені ол компьютерді әрқашан ақпаратпен қамтамасыз ете отырып, үздіксіз жұмыс істейді.


Компьютерді өшіргенде оперативті жадтағы ақпарат өшеді.
Компьютердің сыртқы жады ақпаратты көп мерзімге сақтауға арналған, ол иілгіш және қатқыл дискілерде, магнитті таспаларда, оптикалық және магнитті - оптикалық дискілерде орналастырылады.
Мәліметтер мен бағдарламалар ішкі жадтың ұяшықтарына байт немесе байттар тобы түрінде орналасады. Олармен ұяшықтардың адрестері бойынша қатынасады.
Ақпарат тасуышқа атауы бар белгілі бір үлестер (порциялар) түрінде жазылады. Мұндай құрылым файлдық, ал үлестер файл деп аталады. Дәл айтқанда, файл — бір типтегі байттардың тізбегі.
Файл (file) сөзі ағылшын тілінен аударғанда "қапшық" дегенді білдіреді. Нені файл деуге болады? Файл дегеніміз — бағдарламалар, мәліметтер немесе олардың бөліктері. Файл атауы өзара екі нүктемен бөлінген бөліктен тұрады, оның бірінші бөлігі - өз аты, ал екінші бөлігі - кеңейтілуі.
Файлды ақпарат өлшемі — бит сияқты ақпаратты сақтау бірлігі ретінде қарастыруға болады. Біртұтас объекті ретінде файлдармен жазу, өшіру (жою), көшіру, даярлау, жылжыту, қайта атау операцияларын жүргізуге болады.
Сыртқы тасуыштағының барлығы файл түрінде сақталады, олар: операциялық жүйелер, қолданбалы бағдарламалар, бағдарламалау жүйелері, мәліметтер жинағы. Мысалы, тек бір ғана Windows XP - дің 1000 - нан астам құраушы файлдары бар.
Windows ОЖ - нің файлдарымен жұмыс істеуді үшінші бөлімде қарастырамыз.
Көзге арналған жаттығулар
1. 1 - 4 - ке дейiн санап көздi қатты жұмып, сонан кейiн ашып, жайбарақат ұстап,
1 - 6 - ға дейiн санай отырып, алысқа қарау қажет. 4 - 5 рет қайталау қажет
2. 1 - 4 - ке дейiн санай отырып, екi көздi оларға қатты күш салмай, бiр - бiрiне қаратып, соңында 1 - 6 - ға дейiн санай отырып алысқа қарап, 4 - 5 рет қайталау керек.
3. 1 - 4 - ке дейiн санап, басты қозғамай, оңға қарап бiр нүктеге көз тоқтату, соңында 1 - 6 - ға дейiн санап, алысқа қарау. Осы тәрiздi басты қозғамай, солға, жоғары, төмен қарау керек.
4. 1 - 6 - ға дейiн санай отырып, көзқарасты диогоналы бойынша: оң жақ жоғарыдан - сол жақ төменге аударып, сонан соң алысқа қарау; сонан соң сол жақ жоғарыдан - оң жақ төменге аударып, алысқа қарау. 4 - 5 рет қайталау. Көз гимнастикасын орындау кезiнде жалпы дене гимнастикасын да жасауға болады. Тұрақты түрде көз және жалпы дене гимнастикасын жасау көзге түскен қысымды жеңiлдетiп, дененi сергiтедi.

IV. Жаңа материалды бекіту

Сұрақтар мен тапсырмалар


1. Компьютердің бағдарламалық жасақтамасына нелер кіреді?


2. ОЖ - нің негізгі функцияларын (міндеттерін) атаңдар.
3. Интерфейс деген не? Қандай интерфейстерді білесіңдер?
4. Қолданбалы бағдарламалардың міндеттері қандай?
5. Бағдарламалау жүйелері не үшін қолданылады?
6. Мәліметгер ішкі жадта қалай орналасады?
7. Сыртқы жадтың қандай құрылғыларын білесіңдер?
8. Файл дегеніміз не?
9. Ішкі және сыртқы жадтарда ақпарат қалай іздестіріледі?
10. Файлдармен қандай операциялар жүргізуге болады?

V. Үй тапсырмасы 
Компьютер жадысының түрлері. Ақпараттық тасымалдауыштар. Программалық жабдықтаудың топтамасы мен жалпы сипаттамасы.
VI. Қортынды Сабақ аяқталды, сау болыңыздар!
Каталог: materialy -> informatika
informatika -> Шымкент қаласы Р. Мырзашев атындағы №76 негізгі орта мектебінің
informatika -> «тапқыр информатиктер» атты сайыс сабағы Салқымбек Гүлмира Камалқызы, Молдабекова Тұйғын Ергенқызы «Информатика»
informatika -> Сабақтың тақырыбы : Паскаль тілі. Тілнің алфавиті Сабақтың мақсаты : Паскаль туралы түсінік алу, тілнің алфавитін білу
informatika -> Сабақтың тақырыбы: Пішін және басқару элементтері Сабақтың мақсаты
informatika -> Сабақтың тақырыбы : Нысандарды өшіру, өшірілген файылдар мен бумаларды қалпына келтіру. Сабақтың мақсаты
informatika -> Сабақ 7 сынып Сабақтың тақырыбы: Файлдар мен қапшықтар Физика және информатика пәнінің мұғалімі: Ермекбаева Балнура К.Әзірбаев атындағы жалпы орта мектебі Сабақтың мақсаты
informatika -> Сабақ бойынша қысқа мерзімді жоспар Сыныбы: 8 а Пәні: информатика Сабақ тақырыбы: Сандардың тарихы және санау жүйелері Сабақ мақсаты
informatika -> Сабақтың тақырыбы: Функциялар, стандартты функцияларды пайдалану. Сабақтың мақсаты: Білімділік мақсаты
informatika -> Қысқа мерзімді сабақ жоспары


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет