Тұрсын ЖҰртбай „Ұраным алаш!



бет15/15
Дата08.12.2016
өлшемі2,94 Mb.
#3441
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Осында Ә.Бөкейхановтың үстінен түскен арыз бар. Кейін Голощекин мұны пайдаланып, жиналыста айтты. М.Төлепов деген адам «саққұлақтық» жасай, қырағылық көрсеткен. Хат былай: +7 т.241б

ВКП/б/ өлкелік комитетіне

ВКП/б/ мүшесі М.Төлеповтен

Партиялық билеттің №............

КССР - дағы біздің партиямыздың алдында өзінің шешімін табуға тиісті көптеген күрделі мәселелер тұр. Соның ішіндегі ең бір шиеленіскен әрі қиын және саяси және шаруашылық тұрғысынан алғанда өте маңызды мәселе- жер мәселесі. Бұл жөнінде неше түрлі пікірлер айтылып, қилы-қилы «теориялар», «тұжырымдар» мен «көзқарастар» қалыптасып отыр.

Бұл мәселе тек қана еңбекші- кедей табының ғана назарын аударып отырған жоқ, сонымен қатар, бізге жат, біздің партиямыздың жаулары бай- кулактар мен қоса әсершіл- алаордашыл элементтер де ерекше белсенділік танытып отыр. өзгені былай қойғанда біздің жауапты қызметкерлеріміздің бір тобының осынау күрделі ішкі мәселелер жөнінде Бөкейханов Әлихан сияқты контрреволюциялық элементтермен пікір алысып, соның ықпалымен шешім қабылдауға бой ұрған қатерлі де қауіпті бағыт аңғарылады, сөйтіп, әлгі адамның партия қатарына ықпал етуге жақсы жасап, біздің құрылысымыздағы шешуші мәні бар КССР- дағы ұлтаралық қарым- қатынасты шиеленістіріп, оны шешуге бөгет жасап отыр.

Төменде айтылатын партияға қарсы құбылыстың еріксіз куәсі болғандықтанда, мен мұны Өлкелік комитетке хабарлауды өзімнің партиялық парызым деп есептеймін:

Биылғы жылдың шілде айының аяғында Жер жөніндегі халық комиссары Сұлтанбеков жолдас Қырымға демалуға кетіп бара жатып жолай Мәскеуге тоқтады. Сол күні Сұлтанбеков жолдас қонақ үйге заттарын орналыстыра салып Әлихан Бөкейхановтың үйіне кетті, ал өзінің сонда баратыны жайлы Қазақ өкілдігіндегі Жер комиссариятының осындағы өкілі арқылы хабар бергізіп қойып еді, ол


ҮІІ том. 172-бет.
мұқым кеш бойы Әлихан Бөкейхановтың үйінде болды. Таңертеңінде әңгімелесу одан әрі жалғасты. Бөкейхановпен пікірлескеннен кейін кезекте Төреғожин мен Төлепов жолдастармен болған әңгімеде: «- Әлихан маған Швецовпен әңгімелесіп,оны көндіремін деп уәде берді»-деді. Әңгіме федеральдық ұйымдардың арасында келіспеушілік туғызып отырған жер бөлу мен оның мөлшері туралы болды. Менің ойымша, партияның өз ішінде туындап отырған аса күрделі мәселені «алашорданың» көсемімен бірігіп талқылау өте өрескелдікболып табылады. Бұл - большевиктер партиясыынң ішіне жат идеологияның кіріп кетуіне және қатардағы мүшелердің улануына жол ашады, сондай-ақ, Жер жөніндегі халық комиссариаты сияқты аса жауапты мекеме түгелдей не жарым-жартылай болса да өте реакцияшыл «Алашорданың» идеологиясынының ықпалында қалмасына кім кепілдік береді, бұл біздің жұмысысызды қиындатады.

Менің ойымша, бұл мәселені Бөкейхановпен және онйң тобымен емес, керісінше партияның басшы органдарымен ақылдаса отырып шешуі керек еді және солай ету қажет.

23/ІХ-27 жыл. М.Төлепов.

Енді түсінікті болды. Жер туралы мәселені қозғаған ақылдасуларды Голощекиннің назарына салып, оны ауызын көбікке толтыра сөйлеуіне жол берген өз қандасымыз болды. іс осыдан барып насырға шапқан. Ал бұл арызды Голощекин ОГПУ-ға жолдаған. Одан арғы жағы белгілі. Соншама несі күйіп кетті екен? осыдан кейін Сұлтанбеков орнынан алынған.

ІІІ том. 173-бет. Блокнот.

Дело № 124.т.3.


Байділдиннің тергеуі. Жалғасы. Басы дәптерде.

«Бірде ол (сәдуақасов-Т.Ж.) менің бөлмеме келді. Бұл құрылтай өткеннен кейінгі 11-12 тәуліктің бірі болатын. Ол әңгімені сондай салмақты зілмен бастады. Ол: отаршылдар мені қудалауын тоқтатқан жоқ, керісінше, мені партиядан шығарып тастатуы да мүмкін - деді. Сондықтанда – деді ол, - бір батыл қадам жасағым келеді, бірақ не істерімді өзім де білмеймін. Әуезов маған Ташкентке ауыс, содан әрі басмашыларға қосыласың – деп ұсыныс жасапты. Әуезовтің бұл ұсынысын қабылдауға қарсы еместігін, бірақта ол туралы менің пікірімді білгісі келетінін айтты.(209-бет.)

Мен Смағұлға не айтарымды білмедім. Оның жағдайының сондай қиын екенін және көңілінің қобалжып жүргенін білетінмін. Алайда менің оның дәл осындай ойда жүргенін жәнебамашыларға қосылып кетуге келісім бергенінен мүлде хабарсыз едім әрі ондай арандатуға көне қояды деп ойламағанмын. Маған дәл осындай келеңсіз кеңес берген – обком партияның мүшесі және КЦИК-тің саяси секретары Әуезовтің пікірі түсініксіз,оғаш көрінді. Мен біздің мақсатымызды (ұлт мәселесі жөнінде жүргізіп отырған партияның бағдарламасын) басмашылардың мүддесімен сәйкестендіре алмадым. Мен өзімше, осындай кеңес берген Әуезов әлдебір шірік мақсатты көздеді ме деп ойладым. Сонымен қатар, осы пиғылы арқылы ол Сәдуақусовты құртып, біздің арамыздағы көсем өзі болғысы келдіме екен деп топшылаймын. Себебі: ол кезде біздің мақсатымыз ортақ ьолса да, әрқайсымыздың жершілдік, рулық тұрғыдан алғанда да жекелеген ішкі мүддеміз бар ед: Әуезов – семейлік еді, ал біз - Сәдуақасов екеуміз- ақмолалық едік. Соңғы мәселе - Әуезовтың көкейін тескен шешуші мәселе сияқты боп көрінді маған.

Бұл ойымның барлығын Сәдуақасовқа ашық айттым және Әуезовтың ұсынысын қабылдауға түбегейлі қарсы болдым. Мен оған демалыс алып


ІІІ том. 174-бет. Блокнот.
Мәскеуге бар, одан ауылға барып тынық, жақсылап тұрып демалған соң жұмысыңа қайтіп ораларсың- деп кеңес бердім. Содан кейін тағы да: мүмкін сенқайтып келгенше басшы адамдардың саған деген көзқарасы өзгерер, сөйтіп бұрынғы жұмысыңды істей бересің-дегенді айттым. Бұған қоса мен: соңғы кезде сенің беделің өте қатты өсіп келеді, жаңа ғана өткен құрылтайда сен өзіңнің жаңа жақтастарыңды таптың, сондықтанда өз болашағың үшін мазасызданудың қажеті жоқ- деп оны жұбаттым...

...Келесі күні ол демалыс алды да Мәскеуге жүріп кетті... (210 б.)


Бұл оқиғадан кейін мен Әуезовке күдікпен қарайтын болдым. Ол менің көз алдымда екіжүзді боп елестеді: бірінші Әуезов- партия мүшесі, жауапты қызметкер, ақылды кісі, біздің көзқарасымыздың көсемдерінің бірі, ал екінші Әуезов-бірінші адамның қасиетіне ие, бірақта, әлдебір астарлы оймен жүрген сияқты көрінді. Соңғы күдігімді мына жағдай, “Еңбекші қазақ” газетінің №1 санын шығарған кездегі оның іс-әрекеті дәлелдей түсті.

“Еңбекші қазақ” газетінің №1 санында Қазақ Төңкерісінің 4 жылдығына арналған менің бас мақалам жарияланды. Ол мақаланы мен 10 күн бойы жаздым.(Ол манің өмірімдегі жазған 1 мақалам еді), онда мен өзімнің сол кездегі көңіл-күйімді жеткіздім. Онда Ұлы Қазан Төңкерісінің Ұлы маңызы, оның жеңістері, Қазақстан республикасының табыстары, Қазан Төңкерісінің төлі боп келетін Қазақстан Республикасы, оған қарсы күрескен алаш-ордашылардың ақымықтығы тағы да басқа жайлар туралы жазып едім. Мақаламның соңын: “Жасасын Ұлы Қазан Төңкерісі! Жасасын кеңес өкіметі! ҚССР жасасын!”- деген сөздермен аяқтағанедім.

Менің бұл мақалам сол кезде Орынборда тұратын алаш-ордашылардың ренішін туғызды. Олар менен дәл осындай мақаланы күтпеген тәрізді. Ол аздай, менің бұл мақалам өзімнің коммунист жолдасым, жаупты қызметкер Әуезовтің де наразылығын тудырды. Газет шыққан күні ол мені шақырып алды да жеріме жете ұрысты. Ол менен түсінік-
ІІІ том.175-бет. Блокнот.
Ол менен: неге газеттің жауапты редакторына №1 санның материалдарын көрсетпедің, неге келіспедің, өзіңнің мақалаңды алдын-ала маған неге оқытпадың, бұл мақалада сен неге Қазан Төңкерісін жөн-жосықсыз даурыға “жасасындатқансың”, “Алаш орданы” жамандап нең бар еді,- деп ұрысты да түсініктеме беруімді талап етті. Ол бұған қоса: бұл мақалада айтылғандардың бәрі де құр көкмылжың қызыл сөз. Егерде “Алаш -орданың” атына қатысты тағы да осындай пікір білдіретін болсаң, онда сені редакция алқасының мүшелігінен шығаруды талап етемін, не өзім кетемін, мұндай газетте жұмыс істей алмаймын,- деді.

Менің мақалам туралы Әуезовтен дәл осындай көзқарасты күткен жоқ едім. Керісінше, мені қолдайтын шығар, сөйтіп менің көңіліме қанат бітірер, өйткені бұл менің тұңғыш мақалам еді ғой, әрі анандай маңызды тақырыпқа арналып отыр-деп ойламағанмын. Алайда ол күткенім болмады, жоғарыда айтқанымдай, керісінше боп шықты. Сондықтанда мен шыдай алмадым да Әуезовпен ұрысып қалдым. Мені шамдандырғаны менің мақаламды жақтырмағаны емес, Қазан Төңкерісінің маңызы туралы жазғандарымды мазақтауы еді және оның ескі «Алаш ордашыл» көзқарасынан бас тарпағандығы, әрі «Алашорданың» көсемдерімен байланысын үзбегендігі жыныма тиді. Ол орнынан тұрды да өзін оңаша қалдыруды өтінді. Мен шығып кеттім. (3 том. 211-бет.)



Мен бұл оқиғы туралы: редакция алқасының мүшелері: А.Асылбековке, алдоңғаровқа, Нұрмұхамедовке, сол кездегі обкомның үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісінің орынбасарына (аты-жөнін ұмыттым, ұлты латыш болатын), айттым. Соңғы аталған адам бізді обкомға шақырып алды да, әңгімелескен соң, екеуіміздің де кінәлі екенімізді айтты. Маған: газет материалын Әуезовпен келіспегенім үшін айыптысың - деді. Бұл мәселе бізді бірден татуластырып кете қоймады. Біраз уақытқа дейін бір бірімізге қырын қарап жүрдік. Мен оның келісімінсіз-ақ №2 санды шығардым. Содан кейін біздің қарым- қатынасымыз қалпына келе бастады.
Соңғы сөз орнына
Алашорда ісіне” қатысты адамдардың бұдан кейінгі тағдырлары әрқалай “қалыптасты”. Бірақ олардың барлығы да өз өмірлерін түрмеде аяқтады. Мағжан Жұмабаев пен Ахмет Байтұрсынов Беломор-Каналда айдауда болып, Қызыл Крест қоғамының көмегімен 1934 – 1935 жылдары Алматыға қайтып оралды. Арада екі жыл өтісімен, 1937 жылы қарашада Ахмет Байтұрсынов НКВД-ның Алматы облыстық басқармасы коллегиясының шешімімен қамаққа алынды. “Қайда апарасыңдар” деген әйелі Бадрисаның сұрағына жылдам қимылдайтын, аласа бойлы қара жігіт Ш.Қабылбаев: “О дүниеге” деп жауап беріпті. “Жылтыр қараның” бұл сөзіне қарағанда, А.Байтұрсыновқа алдын ала үкім шығарылып қойылған. 25 ноябрь күні “үштіктің” қаулысы қабылданады да, екінші рет ату жазасына кесілді.

Он үш күннен кейін, яғни, 1937 жылы 8 желтоқсан күні үкім орындалды.

Тағылған айып мынадай: «Байтұрсынов 1921 жылы Орынбор қаласында Валидовпен байланыс жасап, жасырын контрреволюциялық ұйым ашты, қылмысты жазасын өтеп келгеннен кейін, 1937 жылы Алматы қаласында әшкереленген тағы бір контрревболюциялық түрік халық партиясының белсенді мүшесі Ғ.Қабдалиевамен байланыс жасағаны үшін айыпталды».

Жоғары соттың А.Байтұрсыновты ақтау туралы анықтамасынан: «Байтұрсынов өзін қылмыстымын деп есептемеді. Қазақ ағарту институтының төрағасы ретінде Совет өкіметінің кейбір шараларының жүзеге асырылуына қарсы пікір айтқанымен, қандай да бір контрреволюциялық партиямен байланыс жасамағанын мәлімдеді. Оның ішінде, қазақ әрпін латын қарпіне көшіру мәселесі жөнінде көзқарас алшақтығы болды.

Бұдан әрі ол мынаны баяндады: 1937 жылы мұның пәтеріне бейтаныс әйел келіп, Жапонияға байланысты қайдағы бір саяси ісі үшін күйеуінің түрмеге қамалғанын хабарлайды. Бұл әйелге: өзінің саяси іспен айналыспайтынын, егер де Жапонияның Совет өкіметімен соғысқысы келсе, оны қзақтардан сұрамайтынын айтады.

Ал Ғ.Қабдалиева өз сөзінде: күйеуі Әбікеевпен бірге қылмысты жауапкершілікке тартылған Қисаевтың ұсынысы бойынша, ақыл-кеңес сұрау үшін Байтұрсыновқа келген. Соңғы адам (Байтұрсынов) оған: ондай істен шеттеп кеткенін, бұл жөнінде ешқандай да жөн-жоба көрсете алмайтынын білдіреді.

Бұдан өзге, Байтұрсынов контрреволюциялық ұйыммен байланыс жасады-мыс дейтіндей дәлелді айғақ жоқ».

Тергеуші адам оны жауапқа тартатындай себеп те іздемеген және ол жөнінде сұрақ-жауап та алмаған. Ғ. Қабдалиева деген азаматша қайдан пайда болды? Шынымен, тағдырдың тезіне ұшырап, жары үшін жанталаса әділдік іздеген әйел ме? Әлде Ахмет Байтұрсыновты арандату үшін қасақана онымен кездесугі барған адам ба? Мұндай күдікті сұрақтардың қойылуы заңды да еді.
Алайда, осы мағлұмат жарияланысымен, актриса Римма Қабдалиева маған хабарласып, өзінің осы басылымда айтылған Ғайнижамал Қабдалиеваның қызы екендігін, анасымен жолығуымды өтінді. Жетпістен асқан кейуананың әңгімесін тыңдап отырып, төбе құйқам шымырлады.

Ғайнижамал Қабдалиеваның әңгімесі:

  • Мен 1911 жылы Жаркент уезінің Қоңырөлең атты қойнауында дүниеге келдім. Арабша сауат алдым. 1927 жылы комсомолға өттім. 1928 жылы аудандық әйелдер бөлімінің бастығы Бану Әбдірахманованың көмегімен қызметке іліндім. Сонда жүріп аудандық партия комитетінің бірінші секретары Дайыр Әбікеевке тұрмысқа шықтым. Осы жайды сол кездегі ҚазПи-дің оқытушысы Бүркітбаев деген кісі «Социалды Қазақстан» газетіне сықақ етіп жазып, Қабдалидің ерке қызын бірінші хатшы алып отыр» - деп сөкті. Сөйтсем, Дайырға іштей қызғанышты екен. 1929 жылы Дайыр Алматыға шақырылып, Қарғалы шұға комбинатының директоры болып бекітілді. ҚазПИ-ге оқуға түсті. Сонымен қатар Алматы обкомының кадр бөлімінің меңгерушісі қызметін қоса атқарды. Өзімен қатар оқыған Ясыл Боранбаев пен және бір досы жасырын тыңшылық етіп, 1932 жылы 25 декабрьде ұсталды. Ұсталуының себебі мынадай.

Өздеріңіз білесіздер, отыз екінші жылы ашаршылық елді қызыл қырғынға батырып кетті ғой. Мен онда Түрксібтің политтехникумында оқитынмын. Көшенің екі жағында бұралып, ыңырсып жатқан аштарды көрмес үшін басымызды бүркеп өтеміз. Отыз екінші жылдың қысында тіпті қиын болды. Таңертең базардың маңындағы техникумға бара жатқанда аш адамдар қарағашты ыңырси құшақтап тұрады да етпетінен құлайды. Жатып-жатып тағы тұрады. Тағы құлайды. Соларды аттап әзер жүресің. Ол кезде түнгі сағат он екіге дейін жиналыс таусылмайды. Сонда түнде екі-үш кісі көшеде шанамен жүріп, әлгілерді аяқ-қолынан ұстап тұрып машинаға лақтырады. Әлгілер машинаға, не шанаға салғанда бұлардың қайда апара жатқанын біліп, шыңғырып бар даусымен бақырады. Оған кім қарайды. Машинадан қалғандарын арбаға салып, сайға қарай домалатып жібереді. Сонда тірідей ыңырсып жатып, аязға үсіп өледі.

Алматыны аштардан сөйтіп тазалайтын.

Менің күйеуім сол кезде қатты ашынып, өзінің сенетін достарын үйге жиып алды. Мен шай апарып бергенімде оның: «Біз қазақтың бас көтерер азаматымыз. Мына тіршілігіміз қорлық. Не осылармен бірге өлуіміз керек, не оларды құтқарып қалуымыз керек. Ашаршылықтан арашалап алайық» - деген сөзін естіп қалдым. Ол мені көрді де: «Енді өзіміз құйып ішеміз. Және үйге келмей-ақ қой. Өзім іздеп барамын» - деп техникумға қайтарып жіберді. Содан көп ұзамай күйеуім Дайыр Әбікеев ұсталды. Достары сатты.

Голощекин кетіп, Мирзоян келген соң аштарды құтқаратын жасақ құрды. Шатыр тіктірді. Шіркеудің ішіне орналастырды. Қалалық комсомол комитеті бізді соларды күтуге жіберді. Моншаға түсіреміз, киімін тазалаймыз. Сонда қолыңдағы нанды тартып бірден аузына тығады да бірден өліп кетеді. Ал, аш өзегіне түспес үшін там-тұмдап беру қажет. Шыдамдылары тірі қалды. Олар аяқтарын басуға жараған соң әлгілерге жұмыс іздейміз. Оның үстіне Алматыға сүзек ауруы келді.

Менің де қалім нашарлады. «Жаудың әйелі» деп оқудан шығарды. Еш жерге алмады. Ақыры балалар үйіне тәрбиешілікке жіберді. Аш-арық балалар. Күніне қаншасы өліп жатады. Оларды арбаға тиеп, қаланың сыртына апарып лақтырып жатады. Енем бар. Кәрі әжем сол жылы қайтыс болды. Сол кезде жаңа әліппе комитеті құрылып, С.Меңдешев соның бастығы болды. Комитеттің мүшелері: С.Сейфуллин, Т.Шонанов, І.Жансүгіров, М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Қ.Аманжолов /жауапты хатшы/. Мен С.Меңдешев ағайға барып, өзіне жұмысқа алуын өтіндім. Ол кісімді жағдайымды түсініп, іс жүргізуші етіп алды. Ал 1934 жылы педтехникумға оқуға жіберді.

Арада бір жыл өтті. Күйеуім жатқан түрмеге бардым. Ол бір жолдасы арқылы Ахмет Байтұрсыновтың айдаудан қайтып келгенін естіпті де: «Ғайнижамал сол кісіге барып жолықсын. Дүниенің аңғарын бір білсе – сол кісі біледі. Мына жапонның шпионы деген аттан қалай құтыламын. Ақталудың мүмкіндігі бар ма? Және осы өсектің шындығы қайсы, сұрасын. Біз қайтсек құтыламыз?» - деп сәлем айтыпты.

Мен бір үміттің жібін ұстап, сол кісінің үйін қарайладым. Ұяла жүріп осы жайды Ақаңа айттым. Ол кісі менің сөзімді тыңдады да: «Қарағым, мен саясаттан алыстап кеттім. Қазір айналыспаймын. Ал Жапония соғыс ашамын десе – оны қазақтан сұрамайды» - деді салқын түрде.

Әрине, маған күдікпен қарап, сенбеуі де заңды. Сезіктенгені дұрыс екен, 1935 жылы бір күні көшеде келе жатсам НКВД-ның машинасы қасыма тоқтай қалды да, ішінен бір адам шығып, мені бірден ЦК-ға апарып, партиядан шығартты. Ашаршылық кезіндегі белсенді еңбегім үшін партияға өткізген. Техникумнан да қуды. «Үш жылға дейін жұмысқа, оқуға алынбасын» - деген қаулы шығарды.

Енді не істеймін? Қайтіп күн көрем?

Бір күні үйде газет оқып отырсам, қазақ қыздарын НКВД-ның бағында өтетін спорт жарысына шақырыпты. Бала кезімде еркекшора болып ұлдармен қатар тастан-тасқа лақша секіргенім есіме түсті де тәуекелге бел будым. Онда тиісті паек береді. Қымыз да бар екен. Күн үшін жарысқа қатыстым. 36-жылғы Спартакияда да бәйге алдым. Суретім газетке шығып, НКВД біліп қояды екен деп жасырынып жүрдім.

Сол кезде ауылды жерлерге мұғалім дайындайтын курс ашылды дегенді естідім. Бірақ мен олардың сабағына кіріп, елеусіз күйде оқи бердім. «Облоно» жіберді деп мұғалімдерді алдауға да дәтім жетті. Өмір сүру үшін өтірікші де болады екенсің. Емтиханның бір-екеуін тапсырғанда директор біліп қойды. Бірақ ұстаздарым сабаққа ынталы деп, оқыта берді. Соны бітірген соң ҚазПИ-дің тіл-әдебиет факультетіне түстім. Паркте сабақ оқып отырғанымды суретке түсіріп, «Лениншіл жас» газетіне шығарды. Соны НКВД адамдары көріп қойып, мені оқудан шығартты.

Күйеуімнің ежелгі досы Хасен деген журналист 37-жылы маған келіп: «Бір сұрапыл науқан басталды. Сен бізбен бірге Қырғызстанға көшіп бар. Кейін келеміз» -деді. Мен көнбедім. Олар сол жақта аман-есен жүрді. Мен 1937 жылы августе ұсталдым. Талдықорғанда «Сәтжол» жеген жерде әпкемнің үйінде каникульда жүргенімде Мунира деген татар қызы екеуміз пәтерде тұрдық. Ол менің апайымның адресін ұрлап оқыпты. Мақсаты ана үйді өзіне иелікке алмақшы болыпты. Сонымен Панфиловта мені тұтқындап, Алматыға алып келді.

Ендігісі азапты өмір ғой. Күні-түні сұраққа алады. Тергеуден әлің құрып әзер келіп, енді демаламын дегенше тағы шақырады. Сол арада түрмедегі зиялы әйелдер қатты жанашыр болды. Сілем қатып келгенде ыстық шайға қант езіп береді. «Іш, әйтпесе әлің құрып, аштан өлесің» - дейді. Солардың көмегінің арқасында тірі қалдым. Ұрып-соғу, қорлауды басыңа бермесін. Қолыңды қоймасаң соза тартып, періп кеп жебереді. Саусағыңды зорлап бастырады. Жазу мәнеріңді көрейік дейді. Әйтеуір қамалап, есіңнен тандырып, камераға әкеледі. Сондағы әйелдердің қамқорлығының арқасында әл жиясың. Олар өздері басынан кешкен ғой. Бәрін біледі. Екі айдан соң жеке камераға шығарды.

Сонда төрт күн жаттым. Бірде коридордан өзімнің күйеуімнің: «Мен аурумын. Дәрігерге барамын» - деген дауысын жазбай естідім. Бар білгенім – оның тірі екендігі ғана. Бірде әжетханаға күйеуім : «Қарсы бөлмеде кім бар?» - деп жазып кетіпті. Зады ол да менің дауысымнан таныса керек.

Жеті күннен кейін мені алып шықты. Атуға әкетіп бара жатыр екен деп ойладым. Бір жарым метр шашым бар еді. Оны кесті. Сол кезде: «Ең болмағанда тәнімді жабатын ең. Енді көмусіз қаламын-ау. Өмірден не көрдім. Ендігі қызығымды жер көреді-ау» - деп қамыққаным есімде. Сөйтіп келе жатқанда Өзбек /Ташкент/ көшесіндегі түрменің мұнарасын көріп, «Е, жарық дүниемен қоштасуға ерте екен ғой» - деп тәубешілік еттім.

Ой, бұл түрмедегі аз күнімнің азабын өмірі ұмытпаспын. Мені бұзық әйелдердің ішіне қамапты. Пештің үстінен құбыжықтан аумайтын бір әйел шығып, мені әбден мазақ етіп, нанымды тартып алды. Тек бір орыс әйелі «Бері кел» - деп шақырды. Сол паналатты. Бір бірімізге қорған болдық. Ол бидайы орылған аңыздан аш балаларына масақ тергені үшін ұсталыпты. «Құтқар» деген дауысымды сол естіп, аман алып қалды.

Содан Свердлов облысындағы «Едлагқа» бардық. Сама станциясының төңірегін ағаштан аршыдық. Лозба өзенінен сал ағыздық. Екі рет суға батып кеткенімде шашымнан сүйреп шығарып алды. Латыш Рита Ссальник деген әйел. Соғыс жылдарында бізге капустаның тұқымын ектірді. Мен шөп айыра алмаймын. Агрономымыз мазақтап, нан бергізбей қойды.

Бірде бір атты егістікке алып келді. Жүгіріп барып мініп алдым да, ей, айызымды қандыра шаптым-ау. Бәрі аң-таң. Қайтіп келдім де: «Мен даланың қызымын. Атқа шаба аламын. Ал шөбіңнің түрін танымаймын» - дедім. Сол есімнен кетпейді.

Бізді 1947 – жылы босатты. Бірақ бақылауда болдық. Елге барып, сиыр бақтым. Фельдшерлік оқуға жіберді. Қайтіп келген соң тағы да ұстап, жер аударды. Тек 1954 жылы босатты. 1960 жылы ақталдым. Міне, бар көрген «рахатым» осы. Ол азаптың бәрін айтып тауыса аламын ба. Әйтеуір тағдырдың тәлкегінде өтті ғой бар өміріміз.

Ал енді Ахмет Байтұрсыновтың ісіне келер болсақ, ол былай. 1935 жылы жазда Ахмет Байтұрсыновқа жолығып, күйеуімнің сәлемін айтқаным рас. Сотқа да, тергеуге де солай жауап бердім. Егер мен сатқындық істесем, пантюркистік ұйымның адамы болсам, онда мұншама құқайды көрмес едім. Не «қызметім үшін босатар еді», не атуға бұйырар еді. Ал іске тіркелген Қисаев дегенді мен өмірімде естіп-білгем жоқ. Ол қолдан жасалған айып. Күйеуімді Қиыр Шығысқа айдапты. Сол жақта өлді деген қағаз алдым. Ол – Қуаныш Бәрібаев губкомда жүргенде губкомның комсомол комитетінде істеген. Партия жұмысына ауысқан. Негізі –Есік, Түрген – ауылынан. Қыстауы - Белшабдар, жайлауы - Асы. Мені тергеген НКВД-ның адамдары - Оразбақиев ұйғыр, Оразалинов - қазақ жігіті еді.

Міне, Ахмет Байтұрсыновтың ісіне тігілген бір куәнің шындығы осындай. Өзге өтірікті былай қойғанда, бір рет жолыққан адамды кіналау үшін де айғақ керек еді ғой. Халық үшін қылша мойнын талша еткен Әбікеев Дайыр іспетті адал азаматтың жары сатқындық жасамаған. Сталиндік жазалау саясатының жазықсыз жапа шеккен «құрбандықтарының» бірі.

Шындығында да, Ғайнижамал Қабдалиева 1937 жылы Жаркентте жүргенде тұтқындалып, тамыз айында Алматыға алып келеді. Ұрып-соғып, әбден жәбірлеген соң, он жылға соттап, Сібірге жібереді. 1947 жылы шығарады, бірақ 1949 жылы қайтадан қамалып, жер аударылады. Содан І954 жылы бір-ақ бостандыққа шығады. 1960 жылы ғана ақталады. Күйеуі — Әбікеев Дайыр Қиыр Шығыстағы лагерьде қайтыс болады.

Міне, Ахмет Байтұрсыновтың астыртын байланысшысы «пантюркист” ұлтшыл әйелдің тағдыры осындай.

Қазақ ССР Жоғары сотының анықтамасы: “Алматы облыстық НКВД үштігінің 1937 жылғы 25 қарашадағы қаулысы бұзылсын және іс-қимылында қылмыстық әрекеттердің жоқтығына байланысты Ахмет Байтұрсыновқа қатысты тергеу ісі тоқтатылсын.

Қазақ ССР Прокурорының наразылығы қанағаттандырылсын.

Председателі — Т. К. Айтмұхамбетов.

Коллегия мүшелері — В. Л. Грабарник. К. Т. Кенжебаев.

Қараша, 1988 жыл”.

Араға елу жыл салып барып ақиқат ашылды. Ал бұл шындықты біз жетпіс жылдан кейін халық назарына ұсынып отырмыз.

Жандары жәннәтта болсын.

Әумин.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет