Тұщықұдық селосы №9 Құлыншақ балабақшасы ІІ санатты тәрбиеші



Дата27.12.2016
өлшемі360,21 Kb.
#5777
Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін дамыту жолдары.
Закарина Гүлмаржан Уахитқызы

Атырау облысы, Исатай ауданы

Тұщықұдық селосы

9 Құлыншақ балабақшасы



ІІ санатты тәрбиеші

**************

Әлемдік білім кеңістігіне ену мақсатындағы алғашқы қадамдар жасалып жатырған қазіргі кезеңде, үкіметіміз білім беру мекемелерінен тәуелсіз мемлекетіміздің өркениетке жету жолындағы өр талабына тұғыр боларлықтай ұрпақ тәрбиелеу ісін жаңа сапалық өзгерістер деңгейіне көтеруді талап етіп отыр. Бұл қасиетті істерде педагогқа қойылатын талап ерекше. Мелекеттік білім саясаты да осы педагог арқылы жүзеге аспақ.

Әр педагогтың алдындағы сәулелі мұраты - балаға білім беріп қана қоймай әр баланың «менін» ашу, сол «менді» шығармашылыққа жеткізіп, баланың өзіне деген сенімін туғызу. Олардың өзінен шығармашылық қасиет, қабілетті іздете білу, өмірден өз орнын тапқыза білу қаншалықты қиын екені түсінікті. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының негізгі міндеттерінің бірі баланың интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамытуды міндеттесе, Қазақстан Республикасының дарынды балаларды анықтап, оларға қолдау көрсетіп дамыту концепциясы шығармашылық қабілетті дамытуға бағытталған білім беру кеңістігін туғызуды талап етеді. Соған сайкес Қазақстан Республикасының білім саласындағы нормативті - құықтық құжаттары адамның шығармашылық мүмкіндігін, шығармашылық қабілетін, шығармашылық ойлауын әрбір адамның жаңа білімді игеруіне, интеллектісі мен ойлау қызметінің артуына қажетті ықпал ретінде дамыту өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Өйткені, балалардың шығармашылық қабілеті дамуының қайнар көзі, шығармашылық, мүмкіншіліктерінің психологиялық құрылымы – мұның бәрі арнайы ізденісті қажет ететін мәселелер.

Қазір психология ғылымында осы мәселеге қатысты біраз деректер жинақталып, зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Брушлинский А.В, Пономарев Я. А, Лейтес Н. С, Крутецкий В. А, Матюшкин А. М., Небылицин В. Д., Кравцова Е. Е., Дьяченко О. М., Кудрявцев В. Т., Нұрмұханова А.А. т .б .Осы ғалымдардың зерттеулеріне сүйене отырып, дарынды балалардың ерекшеліктерін және мектеп жасына дейінгі жеткеншектердің шығармашылық дарындылық жолдарын айқындауға болады.

Шығармашылық - бұл адамның өмір шындығына өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен саналы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет.

«Шығармашылық» сөзінің төркіні «шығару», «ойлап табу» дегенге саяды. Демек жаңа нәрсе ойлап табу, сол арқылы жетістікке қол жеткізу деп түсіну керек. Философиялық сөздікте «шығармашылық – қайталанбайтын, тарихи қоғамдық мәні бар, жоғары сападағы жаңалық ашатын іс-әрекет» деп түсіндіріледі. Көрнекті психолог Л.Выготский «шығармашылықты жаңадан ашатын әрекет» деп атаған. Ал осы мәселені терең зерттеген психологтардың бірі Я.Пономарев оны «даму» ұғымымен қатар қояды. Өйткені, әрбір жаңалық, әсіресе, интеллектуалдық тұрғыда болса, ол баланың психикасын жаңа сапалық деңгейге көтереді деп есептейді. Бұл пікір бүгінгі педагогиканың талаптарына сәйкес келетіндіктен көңілге қонымды.

Баланың шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдарын, құралдарын анықтау психология мен педагогика ғылымдарында өте ертеден зерттеліп келеді. Шығармашылық әлемдік мәдениеттің барлық дәуіріндегі ойшылдардың назарында болғандығын «шығармашылдық теориясын» жасауға деген көптеген ізденістердің болғандығын байқауға болады.

Бұл әрекеттер өзінің логикалық шегіне жеткен деп айтуға болмайды.Сондықтан шығармашылық педагогикасының негізгі мақсаты- бүгінгі күн талаптарынан туындаған, озық қоғамға лайықты жаңа сана, рухани сапа қалыптастыру және тың жолдар мен соны шешімдер іздестіру болып табылады.

Баланың шығармашылық қабілетін дамыту мәселесін талдау шығармашылық- «белсенділік», «әрекет», «қабілет» ұғымдарының мәнін терең түсініп алуды қажет етеді.

Белсенділік дегеніміз - адамның қажеттілігінен, көзқарасынан, мақсаттарынан туындайтын қоршаған ортаны өзгерте білу қабілеті.

Белсенділік объективті қажеттілік бар жерде жақсы қалыптасады. Сондықтан педагогтар балалардың шығармашылық әрекеттерін басып тастамай оған дер кезінде көмек көрсетулері керек.

Белсенділік деңгейлері туралы Т. Шамованың «Активизация учение школников» еңбегінен табуға болады. Ол, негізінен, белсенділікті үш деңгейге бөледі:


  1. Әсер ету белсенділігі.

Бұл баланың түсінуі, есте сақтауы, білімін қайта жаңғыртуы, үлгі бойынша қолдана алуы. Әсер ету әрекетін ұйымдастыруда оқытудың түсіндірмелі - иллюстративті әдісі қолданылады. Бұл баланың әсер ету белсенділігін қамтамасыз етеді.

  1. Интерпретациялық белсенділік.

Бұл баланың істі аяғына дейін жеткізу, қиындыққа қарамай, істің шешілу жолдарын іздеуі, неге сұрағына өздігінен жауап беруге тырысуымен байланыстырылады. Екінші деңгейде педагог дамыту үшін оқытудың ақпаратты - ізденіс әдістерін қолдануы қажет, бұл бала әрекетіне жекелік сипат береді.

3. Шығармашылық деңгей.

Бұл құбылыстың мазмұнына және өзара байланыстылығына терең үңіліп қана қоймай, аталған мақсатқа жету үшін, жаңа амал таба білумен сипатталады. Белсенділіктің бұл деңгейінде балалар білімдерін жаңа жағдаяттарда көрсетуге тырысады, яки білім мен амалды бейтаныс жағдаятқа ауыстырады.

Белсенділіктің үшінші деңгейінде шығармашылықтың мәнін аша отырып оның ‘‘әрекет’’ ұғымымен тығыз байланысты екенін анықтауға болады.

Зерттеушілер шығармашылық әрекетке әр түрлі анықтама береді. Мысалы, И.Лернер шығармашылық әрекет деп білім, білік, дағдыны жаңа жағдайға тасымалдай білуді, нысанның жаңа қызметін көтере білуді, жаңа шешім табуды белгілейді.

А.Лук шығармашылық әрекетті мәселені шешудегі көрегендікке балайды, идеаларды іске асыру (генерация жасай білу), болжай білу қабілеттерін атайды.

Шығармашылық және әрекет диалектикалық біртұтастықты құрайды. Әрекет шығармашылықты тудырып, оны нақты болмысқа айналдырса, ал шығармашылық әрекетті реттейді, оның амалдарын, тиімділігін анықтайды. Шығармашылық әрекет арқылы шығармашылық қабілеттер қалыптасады, әрі қарай дамиды

Шығармашылық қабілеттің дамуы, оны дамыту жолдары жайында ғалымдар тереңнен ой толғайды. Жүсіп Баласағұн, Әл-Фараби, Абай өз еңбектерінде адамның жеке басын, қабілеттерін дамытудың жолдарын зерттеген. Бала шығармашылығына бағыт – бағдар беруді ең алғаш білім мазмұнына енгізген – М.Жұмабаев.

Оқыта отырып, баланың қабілеттерін дамыту мәселесі көрнекті педагогтар Ш.Амонашвили, И.Волков, О.Газман еңбектерінде қарастырылады.

Өз республикамызда бұл мәселеге назар аударған ғалымдар: Ә.Қоңыратбаев, С.Тілешова жоғарғы сыныптарға шығарма жазғызу, В.Чернов факультатив, үйірме жұмыстары арқылы қабілетті шығармашылық деңгейге көтеру жолдарын қарастырса, Қ.Жаманбаеваның зерттеу жұмысының негізгі идеясы – балаларды сөз өнеріне баулу, көркем – шығармашылық қабілеттерін дамыту, ал М.Мұхамедин ойын әрекеті арқылы шығармашылық қабілеттерді дамыту жолдарын айқындайды.

Қабілет жайында жазылған ойларды, тұжырымдамаларды, еңбектерді талдай келе, адам бойындағы табиғи мүмкіндіктер болады, олар тек белгілі бір әлуметтік жағдайларды байқалып, әрі қарай дамиды, әр адам басқа адамнан табиғи психологиялық жағынан ерекшеленеді деген қортындыға келеміз.

Қабілет ұғымына берілетін анықтамалар; Қабілеттер – іс-әрекеттің белгілі бір түрін нәтижелі орындаудан көрінетін адамның жеке қасиеттерінің жиынтығы. Бала бойындағы дарындылық сияқты ерекше қасиетті зерттеген Н.Лейтес қабілетке «іс-әрекеттің белгілі бір түрінде жетістіктерге жеткізетін психологиялық қасиет» деген анықтама береді.

Баланың шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдарын, құралдарын анықтау психология мен педагогика ғалымдарында өте ертеден зерттеліп келеді. Шығармашылық әлемдік мәдениеттің барлық дәуіріндегі ойшылдардың назарында болғандығын «шығармашылдық теориясын» жасауға деген көптеген ізденістердің болғандығын байқауға болады. Бұл әрекеттер өзінің логикалық шегіне жеткен деп айтуға болмайды. Сондықтан шығармашылық педагогикасының негізгі мақсаты - бүгінгі күн талаптарынан туындаған, озық қоғамға лайықты жаңа сана, рухани сапа қалыптастыру және тың жолдар мен соны шешімдер іздестіру болып табылады.

Мектеп жасына дейінгі бала психикасының қалыптасуы мен дамуы оның есейген шағымен салыстырғанда шапшаң жүреді. Балалық шақтың осы таңғажайып мүмкіншіліктері мидың, белгілі бір жүйке құрылымдарының толысып, пісіп - жетілуіне және олардың функционалдық қасиеттеріне байланысты. Бұдан шығатын қорытынды; мектепке дейінгі кезеңдегі баланың жас ерекшеліктеріне байланысты қасиеттер оның шығармашылық қабілеті дамуының негізін қалайтын жағдайларды тудырады. Балалық шақтың белгілі бір кезеңдеріндегі жас ерекшелігі оның бойындағы қабілетті қалыптастырудың негізгі алғышарты болып табылады.

Оны шешу үшін ең алдымен оқыту мазмұны жаңартылып, әдіс - тәсілдің озығы өмірге келуі, олар әрбір азаматтың жеке басының қасиеттерін дамытып, шығармашылығын, талантын ұштайтындай болып ұйымдастырылуы қажет. Баланы балабақшадан бастап шығармашылық ойлауға, қалыптан тыс шешімдер қабылдай алуға, практикалық әрекеттерге дайын болуға әкелудің жолдарын көрсету керек.

Балалардың шығармашылық қабілетін танып білу, дамыту үшін:

1) балалардың қабілет деңгейі, құрлымы әр алуан болатынын ескеру керек. Оны анықтауға психологиялық тестілер, зерттеу, бақылау, дамыту жұмыстары көмектеседі;

2) әр адамда қабілеттің бірнеше түрі болатынын ескере отырып, баланың жетекші қабілетін анықтап, арнаулы жаттығу жұмыстарын жүргізе білген жөн.

Шығармашылық жеке тұлғаның түрлі әлеуетін қалыптастырады.

Ғалымдардың айтуынша «шығармашылық қабілет» түсінігіне еніп тұрған бар қасиеттер кешенін бір мезгілде қамту мүмкін емес.

Бұл мақсатты түрде ұзақ мерзімде жүзеге асатын жұмыс болғандықтан, эпизодты түрде қолданылатын шығармашылық тапсырмалар біз күткендей нәтиже бере бермейді. Сондықтан мектепке дейінгі мекемеде танымдық тапсырмаларды бір жүйеге құрып, балалардың бір бағыттағы интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамытып қалыптастыратындай жұмыс бағытын ұсынып отыру керек. Балалардың шығармашылықпен ойлауын дамытуда алға мынадай шарттар қойылады.

Шығармашылық ойлауды дамыту шарттары:



  • шығармашылықтың тууына ішкі кедергілерді жою;

  • жұмыс істеу барысында бала зейінін акыл-ойға шоғырландыру;

  • қиял ширақтығын қолдау;

  • жалпы шығармашылық іс-әрекетке бағыт-бағдар беру.

В.Сухомлинский «шығармашылық арқылы тұлғаның рухани байлығы қалыптасады, шығармашылық адамды адамға тартатын магнитпен тең. Сондықтанда педагогтың, ата-ананың, тәриешілердің негізгі мақсаты баланы өмірге, еңбекке шығармашылықпен қарауға үйрету» деп атап көрсеткен.

Бүгінгі күнде оқытудың жаңа техналогиялары балалардың шығармашылдық қабілеттерін дамыту негізінде білім беруді көздейді. Бұл мектепке дейінгі кезеңнен бастап баланың шығармашылық ойлауын, шығармашылық қиялын дамытуға көп көңіл бөлуді міндеттейді.

Демек, мектеп жасына дейінгі балалардың тұлғалылығын тәрбиелеу үшін, ең алдымен олардың қабілеттерін дамытудың мәні зор. Қабілеттер мәселесін қорытындылай келе, педагогикалық практика үшін мәні ерекше мына жағдайларға айрықша тоқталу жөн. Бірінші – адамдардың қабілеттер деңгейі жағынан тең дәрежеде болмауы. Қабілеттердің бірдей емес екендігін топта тәрбиеленіп жатқан балалардың әрқайсысының әр деңгейде қабілетті болатындығымен дәлелдеуге болады. Бірі есепке жүйрік болса, екіншісі тілге бай, ал енді біреулері сурет салғанды тәуір көреді. Олардың қабілеттерінің құрлымы да, оны құрайтын компенттер де әр түрлі болады. Мәселен: математикалық қабілеті басым балаларда ойлау операцалары тез, дәл болады да, бейнелеу онеріне қабілетті балаларда нақты заттардың бөліктерінің ара қатынасын жылдам анықтай білу сияқты белгілер басым болады. Музыкаға қабілетті бала есту, ритмді түсіну, сезімталдық сияқты сапаларымен ерекшеленеді. Екінші – «адамдар бойында қабілеттің бір түрі ғана бола ма, әлде әр-түрлі қабілеттің белгілері болама?» деген сауал төңірегіндегі пікірлер жайлы. Ғалымдар керсінше көзқарастардың бар екендігіне қарамастан, адам бойындағы әрекеттің бірнеше түрін орындай алу мумкіндіктерінің бар екенін дәлелдейді.

Мектеп жасына дейінгі балалардың қабілеттері екі түрлі әрекетте дамиды. Біріншіден, кез-келген оқу әрекетінде адамзат баласының осы кезге дейінгі жинақталған тәжірибесін меңгерсе екіншіден, кез келген бала шығармашылық орындау арқылы өзінің мүмкіндіктерін дамытады.оқу әрекетінен шығармашылық әрекеттің айырмашылығы - ол баланың өзін - өзі қалыптасуына өз идеясын жүзеге асыруына бағытталған жаңа әдіс-тәсілдерді іздейді. Проблеманы өзінше, жаңаша шешуге талпыныс жасайды. Біздің ойымызша, мектеп жасына дейінгі балалардың кез-келгені шығармашылық тапсырмаларды шешуді табыспен меңгере алады. Тек ол жұмысқа дұрыс басшылық, шебер ұйымдастырушылық қажет. Осыған орай, ғалымдар жүргізген тәжірибе барысында, білім мазмұнында баланың шығармашылық қабілеттерінің дамуы басты нысана болып алынуымен байланысты, бағдарламалық мазмұннан басқа өздігінен бақылау жүргізу, қарапайым тәжірибе, экспримент жүргізу, мәтінмен, сызбамен, суретпен жұмыс істеу, жекеден жалпыны шығару, жалпыны жекелей шығару т.б. сияқты баланы іскерлікке дербестікке баулитын, ойына түрткі болып, шығармашылыққа жетелейтін, өздігінен ізденіске салатын, айналадағы дүниемен қарым - қатынасқа түсіретін, «жаңалық ашып», оның нәтижесінің «қызығына» бөлейтін әдіс - тәсілдер мен мазмұндық ойындар, ызықты тапсырмалар тұрақты жүргізіліп отыруы біз көтеріп отырған мәселені нәтижелі ететіні нақтыланды.

Адам бойындағы қабілеттерді дамытып, олардың өшуіне жол бермеу оның рухани күшін нығайтып, өмірден өз орнын табуға көмектеседі. Өйткені адам туынды ғана емес, жаратушы да. Ол өз - өзін жетілдіруге де, сонымен қатар өзінен-өзі жойылуға да қабілеті. Адамның өз болмысын тануға ұмтылысына көмектесіп, тереңде жатқан талар - тілегін қабілеттерін дамыту сол арқылы оған толыққанды өмір сүру үшін рухани күш беру – білімнің басты мақсаты.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңындағы негізгі міндеттерінің бірі – балаларға білім беру бағдарламасы бойынша жеке тұлғасын қалыптастыру және баланың шығармашылық қабілетін дамытуға басты назар аудару болып табылады. Баланың шығармашылық қабілетін арттыру арқылы оның ойлау қызыметіне тікелей ықпал ете аламыз. Өскелең ұрпақты тәрбиелеуде ең басты міндетіміз жеке тұлғаны қалыптастыру. Тұлғаның қалыптасуы мен дамуы психолог ғалымдардың зерттеулері бойынша үш факторға бөлінеді: тегі, ортасы және тәрбиесіне байланысты. Қоршаған ортамен қатынас арқылы адамның табиғи мәні ашылады, жаңа қасиеттері қалыптасады. Бала есі кіргеннен бастап бейнелік ойлауға бейім болады. Көргенін көңілге түйіп, алған әсерін есте сақтайды. Санасына сақталған бейнелік ойын шым-шытырық етіп қағазға бейнелеуге тырысады. Бұл баланың абстракциялық ойлауынан туған үндестік. Екі жасар бала есімін жаза алмасада шимай сурет салуға құштар. Сәби жастан пайда болған өнерге деген құштарлық жоғарғы топтарда өз жалғасын табады. Тәрбиеші баланың көркем ойлауына бағыт беріп, қолдау көрсетіп отыруы керек. Оқу материалдарын түсіндіргенде тәрбиешінің алдында бір ғана міндет болуы керек, балаға жаңа ұғымды түсіндіруде бар мүмкіндікті ұтымды пайдалана білуі керек. Тәрбиеші материалды тартымды түрде түсіндірсе бала назар сала тыңдайды, балаға түсінікті болуы шарт. Әртүрлі жаттығулар жасату баланың ойы мен шығармашылық қиялын арттырады. Тақырыптық сурет салғызу арқылы балалардың шығармашылық белсенділігін дамытуға болады. Баланың шығармашылық сезімін оятатын алғы шарттардың бірі қоршаған табиғат. Олардың табиғат туралы таным түсінігі кеңейген сайын ой - өрісі дами түседі. Жалпы бала өлі денелерден гөрі табиғаттағы тірі бейнелерді тез жылдам қабылдайды. Табиғат аясын көзбен көріп бейнелеу арқылы шығармашылық шабытын оятады. Балалардың шығармашылық қыры тәрбиешінің дұрыс жұмыс жүргізу нәтижесінде іске асады. Баланың бойында қалыптасқан табиғи қасиеттерді ашуға әрқашан ықпал жасауымыз керек. Бала өзін қоршап тұрған ортамен күрделі қарым-қатынас жасай отырып, көптеген нәрселерді меңгереді. Әр баланың өзіне тән жеке - дара қабілеті бар. Соның ішінде алғашқы шығармашылық қабілеттердің негізі қалыптаса бастайды. Баланың туа берілетін табиғи қасиеттері оның әлеуметтік өміріне байланысты өзгеріп отырады. Іс-әрекет үрдісінде көру, қабылдау, байқау, бақылау, түсіну т.б. мүмкіндіктері жүйелі дамиды. Мектеп жасына дейінгі кезеңде – білімді сіңіру, жинақтау, меңгеруге қабілеттілік басым болады. Бала өз қабілетін бір іске кіріскенде ғана біледі. Талантсыз бала болмайды, табиғи дарындылығын аша алмайтын бала болады. Жалпы қабілет бала бойына біткен асыл қасиет.Осы орайда баланың бойына біткен қабілетін дамытуға тәрбиеші тікелей ықпал етуі керек. Шығармашылыққа баланы бейімдеу үшін арнайы мақсат қоя білу керек .Мектеп жасына дейінгі баланың шығармашылық қабілетін үш кезеңге бөлуге болады.

- Бірінші кезең – материалды тез қабылдап, жылдам меңгеретін бала.

- Екінші кезең – арнаулы тапсырманы мұқият орындайтын бала.

- Үшінші кезең – берілген көркемдік білімді баяу қабылдайтын бала.

Осы орайда баланың ынта-жігерін арттыру арқылы шығармашылық деңгейін дамытуға болады. Баланың қабілеттілігін дұрыс түсіну үшін баланың жас ерекшелігін психологиясын білу және ескеру қажет. Шығармашылықты тежейтін бірнеше кедергі бар: біреулер «жасай алмаймын, қолымнан келмейді» деп өздерін үрейге, қорқынышқа билетсе, екінші бала өз жұмысына өзі қанағаттанбайды; ал үшінші біреу – жасқаншақтық немесе ұяңдықтың кесірінен өз талантын танытуға енжар болады; төртіншісі – жалқаулыққа жеңдіреді. Міне, осындай кедергілердің алдын алып, баланың талабын ұштауда баланы психологиялық дайындықтан өткізудің маңызы зор. Психологиялық дайындық, яғни педагогтың психологиялық әсері шығармашылық кезеңде баланың шабытын оятып, құлшындырып еліктіріп отырады. Шығармашылық шеберлік үшін балаға педагогтың берер психологиялық әсері мынадай болмақ керек деп ойлаймын:



  • «Сенің қолыңнан бәрі келеді», «сен қабілеттісің», деген сөздермен баланың еркін билеп, сенім білдіру;

  • Баланың кішкентай жетістігі болса да, жоғары бағалап, мадақтап, көтермелеу.

  • Шығармашылық сәтте балаға құптаушылық көзқарас білдіру, сезім күйін бақылау, қамқорлық таныту;

  • Ақын – жазушылардың, өнер адамдарының шығармашылық дәстүрінен қызғылықты оқиғаларды әңгіме ету;

  • Балалар үшін педагог өзін қарапайым жан есебінде таныта білу, оқиға, сюжет, образ жасауда оларға сенім білдіру;

  • Баланың қойған сұрақтарына пейілмен дұрыс жауап беру, олардың психологиялық еркіндігін қамтамасыз ету сияқты әрекеттерді педагог білуі тиіс.

Мектеп жасына дейінгі топта шығармашылық іс-әрекет ойын, оқу және еңбек арқылы беріледі.

Психологиялық және педагогикалық зерттеулер мен мектепке дейінгі мекемелер жұмысының тәжірибесі балалардың шығармашылық қабілетін ойын негізінде мектепке дейінгі кезеңнен бастап дамып қалыптасатынын дәлелдейді.

Ойын барысында балалардың қиялдары дамып, шығармашылық қабілеттері белсенді түрде артады. Ойын кезінде балалардың қимыл-әрекеттерімен қатар ойлау қабілеттерін, тілдерін дамыту жұмыстары арқылы шартты, мақсатты, ережелі ойындарды біле отырып, ол ойындарға шығармашылығын қосып та ойнайды, кейбір ойындарды өздері өзгерте алады.

Б.Тұрғынбаева әдістемелік оқу құралында шығармашылық туралы «шығармашылық – бұл қайшылықтарды шешуге бағытталған, ол үшін жекелік қасиеттердің болуын талап ететін. Нәтижеде әлеуметтік не жеке адам әрекеті» деген тұжырым жасайды. Ал мектеп жасына дейінгі баланың шығармашылығы – тек өзіне ғана жаңалық болып табылатын, субьективті жаңалық.

Қазіргі таңда шығармашылық тапсырмалар әр сабақта өтілетіндей ұйымдастырылуы қажет.Ал қазір дәстүрлі оқу іс-әрекеті мен шығармашылық оқу іс-әрекетінің айырмашылығын көрсете кетейін.

Дәстүрлі және шығармашылықпен ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің ерекшеліктері «Дамыта оқыту» идеясын тәжірибеде толық жүзеге асыруда шығармашылық тапсырмалар маңызды орын алады. Бүгінгі мектеп жасына дейінгі балалар кез-келген шығармашылық тапсырмалар шешуді табыспен меңгере алады.

Шығармашылыққа негізделген тапсырмалар үлгісі:

Білім саласы: Қатынас.

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Көркем әдебиет.

Тапсырманың мақсаты: Таныс ертегінің сызбалық үлгісін (модель) құрастырып, сол бойынша жаңа ертегі ойлап шығару арқылы сөйлеу техникасын дамыту.

Шығармашылық бағыты: Кейіпкерлердің өзара қарым-қатынастары

Күтілетін нәтижесі: Құрастырған үлгі бойынша балалар шығармашылығы негізінде кейіпкерлері алуан түрлі болып келетін ертегілердің пайда болуы.

Білім саласы: Таным.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Математика

Тапсырманың мақсаты: Математикалық ұғымдарды қалыптастыра отырып, шығармашылықпен жұмыс істеу қабілеттерін дамыту.

Шығармашылық бағыты: Тапсырма шешуінің әртүрлі жолдарын анықтайды.

Күтілетін нәтижесі: Балалардың қабылдау, ойлау, қиялдау, шығармашылық қабілеттерін негізінде тапсырмалардың қайталанбайтын жауаптарының шығуы.

Білім саласы: Шығармашылық.

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Бейнелеу

Тапсырманың мақсаты: Пейзажды бейнелеу барысында байқағыштық, қиялдау сезімдерін

дамыту. Көркемдік, шығармашылық қабілеттерін арттыру.

Шығармашылық бағыты: Ойластырған тақырыпты түс және әртүрлі дәстүрден тыс бейнелеу құралдарын пайдаланып мәнерлі орындауға үйренеді.

Күтілетін нәтижесі: Қиялдау, үйлестіру қабілеттерінің дамуы негізінде шығармашылықпен жұмыс істеу қабілеттерінің артуы.

Шығармашылық әрекетте баланың іздену жұмысы басты нысанада болады да нақты жағдай шешу арқылы нәтижеге жеткізетін шығармашылық қабілеттерді дамытады.

Балалардың шығармашылық қиялы мен қабілеттерін дамыту, олардың практикалық дағдыларды именденуі сәбилік кезеңнен басталады. Тәрбиешінің бұл бағыттағы жұмысының ғылыми негізде құрылуының және талапты бірте - бірте, жүйелі күрделендіру, әр түрлі жастағы балалардың білімі мен іскерлігін саралап қарау принцирін сақтап, өнердің әр түрінің қазіргі кездегі даму деңгейін ескеретін белгілі бір бағдарлама бойынша жүргізілуінің маңызы зор. Психологтар мен педагогтардың бірлесіп атқарған зерттеулері соңғы жылдары балалардың ақыл - ой және эстетикалық іс - әрекеттердің, адамгершілік - ерік қасиеттерінің деңгейі неғұрлым жоғарылағанын көрсетті. Бұл сәби кезден-ақ байқала бастайды. Сондықтан балабақшаның баланың адамгершілік әлпетін қалыптастырудағы рөлі мен мәні артып келеді.

Баланың ақыл-ой ерекшеліктері жаратылыстан шығармашылық, ізденгіштік сипаттарға ие, алайда оны дұрыс бағытта дамыту жағдайлары әрқилы, сондықтан баланың ақыл-ой қабілетін дамыту, оның нақты дара ерекшеліктерін ескеріп тәрбиелеуге байланысты балалардың толыққанды ақыл-ой тәрбиесін сенсорлық процестерді қалыптастырудан бастау қажет. Ойлау әрекетін дамыту сөйлеусіз мүмкін емес. Бала тілді меңгере отырып заттар, олардың қасиеттері, белгілері туралы білімдерін игере бастайды. Нақты бағдарлама мазмұнына сай балалар қарапайым математикалық ұғымдарды меңгеру негізінде санау, салыстыру, заттардың ұзындығын, енін, биіктігін өлшеу, жиын, сан, есептеу ұғымдарын да дидактикалық және танымдық ойындар арқылы үйренеді. Балалардың логикалық ойлау қабілетті, интелектуалдық дарындылығы еске сақтау қабілеттері арқылы, өз бетімен ойлау қабілеттері арқылы жоғарылай түседі. Түрлі логикалық, сенсорлық ойындар арқылы баланың ойлау шығармашылығы дамып, ақыл – ой белсенділігі арта түседі.

Мектепке дейінгі балаларға арналған көркем шығармалар баланы шынайы болмысты нақты әрекетімен таныстыра отырып, оны көркемдеп, баяндап, баланың сөздік қорын молайтып, тілін байытады. Мектепке дейінгі жастағы балаларда айналасындағылардың сөйлеуін және өзінің сөйлеуін бақылай отырып, бағалаушылық сипатта болады. Олар сөздерді өзгерте, жаңа сөздер ойлап табуға белсенді тәжірибелер жасайды, сөйлеу іс-әрекетіне шығармашылықпен кіріседі. Жұмбақтар, ертегілер, әңгімелер ойлап табады. Бірдей жастағы балалардың сөздік қоры, байланыстыру, сауаттылық жағынан, шығармашылық сөйлеу қабілеті жағынан айырмашылықтары айқындалады. Шығармаларды, әңгімелерді, ертегілерді еске түсіріп сөйлеу шығармашылығын дамыта отырып, театрлық көрсетулер ұйымдастыруға болады.

Мектеп жасына дейінгі өнімді шығармашылық қызметін ұйымдастыруда, бейнелеу өнерінің сабақтары барлық жас топтарында өткізіледі. Мектеп жасына дейінгі балалар бейнелеу өнерімен жалпы топтық оқу іс-әрекетінен тыс та, ойынға бөлінген уақыт мезгілінде шұғылданады. Тәрбиеші бұл ынтаны, алынған бейнелеу дағдыларын қолдануға баланың шығармашылығын қолдап отырады. Іс-әрекетің түрлеріне үңілсек сурет салу, жапсыру, мүсіндеу, құрастыру – балалардың шығармашылық белсендігін көрсету үшін үлкен мүмкіндік беретін сабақтардың бірі. Мектеп жасына дейінгі балалар бейнелеу кезеңінде заттарды салыстыра алмауы мүмкін, дегенмен нәрсеге қарап сурет салуда дәл ұқсастықпен бейнелеуге мүмкіндік бар. Сондықтан бала бақша балаларына бейнелеу өнерінен білім беруде көрнекілік құралдарды жүйелі пайдаланғаны жөн.

Сурет салуда балалардың екі типін кездестіруге болады: байқағыштар және арманшылдар. Байқағыштардың шығармашылығындағы бейнелер мен сюжеттер өмірден алынған болса, ал арманшылдардың суреттерінде қиялдан алынған кейіпкерлер көбірек кездеседі. Біреулер әр түрлі көліктерді, үйлерді, өмірдегі оқиғаларды, енді біреулері тауды, космостық бейнелер, ойдан шығарылған жануарлар бейнелерін салады. Бейнелеу өнерінде баланың шығармашылық қабілеті тек қана тәрбиешінің тікелей басшылығымен дами алады. Баланың жағымды эмоциялық жағдайы бейнелеу өнері оқу іс - әрекетінде міндетті түрде қажет. Баланың шығармашылық белсенділігін арттыруда ата-аналар мен тәрбиешінің қолдау жағдайы дұрыс болуы қажет. Бейнелеген затпен қоршаған ортаға баланың қызығушылығының артуы шығармашылық қабілетін дамуына септігін тигізеді. Бала өз жұмысын айналасындағыларға көрсетуге ұмтылады. Осыны тәрбиеші естен шығармай, дұрыс бағалауы және дұрыс бағыттауы қажет. Баланың байқау қабілеті, шыдамдылығы басым болса, оның жұмысыда соншалықты қызықты болады. Бала сурет сала отырып заттар мен құбылыстарды жай ғана бейнелемейді, суретінде өз сезімдерін білдіреді.

Музыкалық сабақтарда балалардың іс-әрекеті оқу және шығармашылық тапсырмаларды орындауға бағытталған. Олар орындау дағдыларын игере бастайды, ал түрлі билерді орындағанда түрлі би қимылдарын, музыкалық ойын образдарын өздерінше беруге талпынады. Баланың жеке басын жан – жақты дамыту эстетикалық тәрбиенің адамгершілік, ақыл – ой, дене тәрбилерімен өзара тығыз байланысы арқасында қамтамасыз етіледі.

Сондай-ақ баланың шығармашылық қабілетін дамыту оны еңбекке баулу шараларымен де атқарылады. Балалардың қарым - қатынасын, бір - біріне дұрыс ілтипатты сөйлеуді және достық сезімдерін тәрбиелеу мен олардың еңбек жасауымен қатар шығармашылығын дамыту арнайы кәсіби ойындар арқылы ұйымдастырылады. Олар: «Шаштараз», «Құрылысшы», «Дәрігер», «Аспазшы» т.б.

Баланың тілін дамытуда оның шығармашылдығы қалыптасқан белгілі тақырып бойынша әңгіме құрау, сурет бойынша әңгіме құрастыру әдістерімен қатар балалардың қиялы мен арманшылдығын дамытатын «Мен ұшқыш болсам», «Мен президент болсам», «Мен әке болсам» тақырыптарда әңгіме құрастыру тапсырмалары жиі қолданылса бала қоршаған ортада өз орнын таба білуді үйренеді. Баланың сөйлеуде тапқырлығы мен анық мәнерлеп сөйлеу қабілетін жетілдіруде жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мател айтуды басынан бастап аяғына дейін балаларға айтқызу ең кеңінен таралған әдістердің бірі. Балалардың әңгіме құрауда шығармашылдығын дамыту бағытында қуыршақ театры, саусақ және үстел үстіндегі театр құралдарының әсерін ерекше атап өту қажет. Себебі осы аталған театр құралдарымен біз балаларды мінезді, дауыс ырғағы мен сөйлеу мәдениетіне үйретеміз. Балалар ертегіні сахнада қуыршақ түлкі рөліне енгенде түлкі сияқты қутыңдап, айлалы екендігін жеткізуге тырысады, ал аңқау аю немесе ақкөңіл қоян кейпіне енгенде өздерінің қиялында аңқаулық, ақкөңілділік қандай болу екендігін сөздері мен қимыл әрекеттерімен байқатады. Осындай балалардың ішінде сөзге ұста, ойшыл ерекше ақылды өз ойын қайталанбас бір тума түрінде жеткізетін балалар жиі кездеседі. Олармен тәрбиешілер оның дара табиғаты қабілетін дамытуға арналған жұмыстар жасайды. Олармен жалпылау есімдерін, антоним, синонимдерді белсенді қолдануға жағдай жасайтын ойындар ұйымдастырады. «Сипатына қарай тап», «Ертегіні жалғастыр», «Сүйікті кейіпкердің басынан кешкен жаңа оқиғаларын құрастыр». Енді осы шығармашылық тапсырмаларға тоқтала кетейік. Олар образға кіру, талдау және қиялдау, диалог-ертегі, жұмбақ, мақалдар құрастыру.

Бірінші тапсырма:Образға кіру

Жансыз заттардың, өсімдіктердің, жануарлардың орындарында өздері қандай күй кешетіні, қандай қызмет атқаратынын сезіну. Мен гүлмін. (Ағашпын, Доппын, Шыршамын, Машинамын)... деген әр түрлі тақырыптарда әңгіме құрату. Бір баланың әңгімесі : Мен – ағашпын . Мен жерде өсемін. Маған ауа, су, жылу, жарық, қорек қажет. Адамдар менің көлеңкемде тынығады. Мен ешкімге жамандық жасамаймын.



Екінші тапсырма: Талдау-қиялдау.

Мектеп жасына дейінгі балалар ой-санасын, қабілетін, шығармашылығын дамытуда шығарманы, көркем әдебиет үлгілерін, ертегілерді талдаудың әсері мол. Талданбаған шығарма бала жүрегіне жетіп, оны тебірентпейді. Мысалы:



Үшінші тапсырма: Диалог ертегі.

Шарты: тәрбиеші не бала ойдан шығарып, кез келген бір әңгіме - ертегіні бастап кетеді. Ал қалған балалар басталған әңгіме- ертегіні бір-бір сөйлемнен ары қарай жалғастырады. Мысалы, былай бастайды : «Ертеде бір байдың ерке баласы болыпты...» 1-бала: «Сол бала көгалда көбелек қуып жүріп, адасып кетіпті...» десе, 2-бала: « Жылап, қарыны ашып не істерін білмей келе жатса, алдынан қасқыр кезігіпті...» міне осылай ертегі жалғаса береді. Ең соңғы бала ертегіні ұшқыр қиялмен аяқтауы тиіс.



Төртінші тапсырма: Жұмбақтар, мақалдар құрастыру.

Баланың шығармашылық қабілеттерін дамытуда жұмбақтар және мақалдармен жұмысты жаңаша ұйымдастырудың көп көмегі тиеді. Жұмбақтар – көркем минитюра. Оларда салыстыру арқылы пайда болатын образдар беріледі. Сондықтан оларды шешу кезінде баланың логикалық ойы дамиды.

Өзі кішкентай жәндік,

Бірақ мықты, еңбекқор. (құмырсқа).

Аспанда жүреді дөгеленіп,

Нұрын шашады, күлімдеп. (күн).

Мақалдар.

1.Еріншек болсаң, 2.Еңбексіз нан жоқ

Наның жоқ. Нансыз өмір жоқ.

Еңбекқор болсаң,

Қарның тоқ.

Қазіргі замандағы ұстаздар қауымының алдындағы үлкен мақсат: өмірдің барлық саласындағы белсенді, шығармашылық іс-әрекетіне қабілетті, еркін және жан-жақты жетілген тұлға тәрбиелеу. Өмірдегі сан алуан қиындықты шеше білу тек шығармашыл адамның қолынан келеді. Шығармашыл адамның бойында батылдық, еркіндік, ұшқырлық, сезімталдық сияқты қасиеттермен қатар ерекше ой қызметі, қайшылықтарды түсіну, заңдылықтарды анықтау, шығармашылыққа деген құштарлық болу керек.

Баланың шығармашылық қабілетін дамыту үшін бірнеше шарт орындалуы тиіс. Олар:

1. Шығармашылық қабілетін дамытуды ерте бастан қолға алу;

2. Жүйелі түрде шығармашылық әрекет жағдайында болу;

3. Ойлау мүмкіндігінің ең жоғарғы деңгейіне жету;

4. Баланың шығармашылық іс-әрекетіне жағдай туғызу;

Баланың шығармашылық іс-әрекетіне жағдай туғызу дегеніміз - баланы ойлай білуге үйрету екені сөзсіз. Мектеп жасына дейінгі баладан шығармашылық қабілетті талап етпестен бұрын, оны соған үйреткен жөн. Баланың зейінін, есін, қиялын, интелектісін дамыта отырып, ойлау қабілетін, шығармашылық іс - әрекетін жоғары деңгейде көтеруге болады. Баланың математика оқу іс-әрекетінде шығармашылық қабілетін дамыту.

Балалардың зейінін жаттықтыруға жеке дамытуға берілген тасырмалардың кейбірімен таныстыра кетейін .

1.Зейін тұрақтылығын дамыту және жаттықтыруға арналған тапсырмалар Шульте кестесінің көмегімен жүргізіледі.

1. Сандарды өсу ретімен тауып, атау.

2. Кему ретін тауып, атау.

3. Кез-келген саннан тура және кері санау.

4. Сандарды кезектесіп санау.1.3.5...(жұптасып ) 2,4,6.

2. Суретте барлығы неше үшбұрыш бар ? Мақсаты. Үшбұрыштарды басқа пішіндерден ажырата білу.

3. Пішіндерден ертегі желісі бойынша құрастыр. Мақсаты пішіндерді ажырата және тани білуге үйрету.

4. Өлең есептер шығару.

Табақта бес алма Барлығы жеті алма

Бір алма апама берем

Қолымда екі алма Екі алма беремін

Қосқанда барлығы Анам мен әкеме

Болады неше алма? (7) Нешеуі қалады қолымда.(4)

Шығармашылықпен жұмыс жасау тәрбиелеу барысында өзін қоршаған ортамен баланыстыра бейнелеуді тапсыру керек. Бала осыны меңгеру арқылы үйренеді, байқайды, қағаз бетіне өз қиялы мен бейнелейді. Шығармашыл тұлға қалыптастыру барысында тәрбиеші оқу іс-әрекетінде тақырыпқа сай сұрақтар қойып баланың ойын білу керек. Мысалы: (сен не салдың?) деп баланы ойға салу керек. Осы іс-әрекет барысында қоршаған айналамен танысуын ұғыну үшін, салынған бейнені бала шығармашыл қиялмен жетілдіре салу барысында қойылған сұрақ алғашында бұл сұраққа, бала үндемей жауап қайтаруы мүмкін .Бұл уақытта асықпаған жөн. Мектеп қабырғасының бастауыш буынына қарағанда балабақша жасындағы балалардың зейіні шашыраңқы тұрақсыз. Осыны ескеріп балаға (бұл қандай үй? Үйге ұқсамайды) деп айтпау керек. Бала тез айнып қалуы мүмкін. Осы тұрғыда жұмысты үзбей шығармашылық жұмыс жасау барысында, бала нені және қалай ұнататынын түсіне бастайды. Балабақшадағы балалар қабілеттері екі түрлі әрекетте дамиды. Біріншіден, кез келген бала оқу әрекетінде адамзат баласының осы кезге дейінгі жинақталған тәжірибесін меңгерсе екіншіден, кез келген бала шығармашылық әрекеттің айырмашылығы – ол баланың өзін-өзі қалыптастыруына өз идеясын жүзеге асыруына бағытталған жаңа әдіс-тәсілдерді іздейді. Бүгінгі балабақша балалары кез келген шығармашылық тапсырмалар шешуді табыспен меңгере алады.Баланы мектепке даярлауда, оны жеке тұлға ретінде қалыптастыруда, ойлау қабілеттерін дамытып, қызығушылықтары мен икемділіктерін арттыруда ата-аналар мен балабақшаның бірігіп жұмыс істеу балабақшамыздың негізгі міндеттерінің бірі. Соған сәйкес бала шығармашылығын дамытуда да ата-аналардың атқаратын рөлінің ерекше екендігі мекемедегі әрбір іс-әрекетімізде ескеріліп отырылады.

Қорыта айтқанда, ұзақ жылдар бойы шығармашылық барлық адамның қолынан келе бермейді деп қарастырылып келсе, қазіргі ғылым жетістіктері негізіне қабілеттің мұндай дәрежесіне белгілі бір шарттар орындалған жағдайда кез келген баланы шығармашылыққа бейімдеуге болатыны көп айтылуда. Адамның шығармашылыққа ынтасы оның өз даралығын, өз қабілеттерін іске асыруға жол ашады.

Шығармашыл тұлғаның ерекшелігін И.Андреев «белсенді, шығармашыл тұлға өзімен және қоршаған ортамен қайшылыққа келуге қорықпайды, негізгі ерекшелігі–батылдығы, мәселені қоя және аша білетіндігі, мақсатқа жету жолындағы табандылығы, өзіндік пікірі мен жолы, бай қиялы» деп сипаттайды. Шығармашылығы дамыған тұлғаның ерекшелігі – жалпы зерделілігі, өзіндік ой түюі, мақсат қоя білетіндігі. Ал педагогтердің жұмысы қабілетті балаларды танып біліп, демеп отыру.

Бала бейімділігі мен икемділігі сәби күннен қалыптаса бастайды. Оқу және еңбек үстінде ол әрі қарай дамып, нығаяды. Өмірді танып білу, әдетте, оқып - үйренуден бастау алады. Содан соң адам сол білімін шығармашылықпен пайдалануға, қоғамға пайда келтіруге ұмтылады. «Барлық мүмкіндіктер балалардың бойында» деп, Лев Толстой айтқандай, ашылмай бұйығып жатқан мол мүмкіндікті дер кезінде дұрыс жолға бағыттай білу керек.

Әрбір адам бала кезінен өмірде үлкен жетістікке жетуді армандайды. Көпшілігі ерте кезден бастап бір іс - әрекетке қабілеттілік байқатады. Бұл қабілеттілікті қалыптастырып,жүйелі дамытып отырмаса, ол қасиет жас өскен сайын бірте – бірте жойыла бастайды., жас жеткінешектің болашақ кәсіби өміріне бағыт – бағдар бере алмайды. Сондықтан ата – аналардың, педагогтың алдында жаңа міндет: балалардың жеке қабілеттілігін, бейімділігін анықтау және дамыту, соның негізінде олардың болашағына бағыт беру тұр.

«Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін дамыту» бағытында жүргізілген жұмыстар нәтижесінде:



  • Ойын - тапсырмаларын орындау барысында балалардың қиялдары дамып, шығармашылық қабілеттері белсенді түрде артады.

  • Шығармашылық тапсырмаларды орындау арқылы баланың өз мүмкіндіктері дамып жетіледі.

  • Оқу әрекетінде бала өзін-өзі қалыптасуына өз идеясын жүзеге асыруына бағытталған жаңа әдіс - тәсілдерді іздеп, проблеманы өзінше, жаңаша шешуге талпыныс жасайды.

  • Тілдік тапсырмаларды орындау барысында сөздерді өзгерте, жаңа сөздер ойлап табуға белсенді тәжірибелер жасайды, сөйлеу іс - әрекетіне шығармашылықпен кіріседі.

  • Бейнелеу іс- әрекетінде зат пен қоршаған ортаға баланың қызығушылығының артуы шығармашылық қиялының дамуына септігін тигізеді.

  • Музыкалық іс - әрекетте баланың жеке басын жан – жақты дамыту эстетикалық тәрбие, дене тәрбиелерімен өзара тығыз байланысы арқасында қамтамасыз етіледі.

  • Баланың бойында батылдық, еркіндік, ұшқырлық, сезімталдық сияқты қасиеттермен қатар ерекше ой қызметі, қайшылықтарды түсіну, заңдылықтарды анықтау, шығармашылыққа деген құштарлық дамиды.

Балалардың осындай шығармашылығын ұйымдастыра отырып өмір сүруге қабілетті, өзіндік дамуға даяр, өзін таныта алатын және өзі үшін де, қоғам үшін де бар мүмкіндігі пайдаланатын шығармашыл, құзіретті тұлғаны тәрбиелеуге жұмыстанудың маңызы зор болмақ.
Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Қ. Жарықбаев. Психология. Алматы. 1970 ж.

2. В. И. Ядэшко. Ф. А. Сохин. Мектепке дейінгі педагогика. Алматы, «Мектеп», 1982 ж.

3. В. С. Мухина. Мектеп жасына балалар психологиясы. Алматы «Мектеп» 1986 ж.м

4. Ұстаздық шығармашылық Б.Тұрғынбаева Алматы, 2007 ж

5. Шығармашылық қабілеттер және дамыта оқыту Б.А.Тұрғынбаева Алматы

6. Математикадан қызықты тапсырмалар Ш.Х.Құрманалина, С.Ш.Сәрсенбаева

7. Бастауыш мектеп журналы №5-6 2007.

8. Бала мен балабақша журналы 2008

9. Бастауыш мектеп журналдары 2010

10. Қазақстан мектебі журналы 2009,2010
Каталог: 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Хромтау қаласы №6 Хромтау гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Кысырауова Шынар Андебековнаның
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Сабақ тақырыбы: Қазақстандықтардың Мәскеу,Ленинград,Сталинград шайқастарына қатысуы. Сабақтың мақсаты
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Сабақ №3 Мәртөк орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Сабақ Тақырыбы: Қазақ жеріне терме,жырлары кеңінен тараған ақын Әбубәкір Кердері Боранқұлұлының "Досқа насихат"термесі
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Жетім. М.Әуезов Сабақтың мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет