ТүсуГе арналған емтихан бағдарламасы



Дата20.03.2020
өлшемі63,36 Kb.
#60611
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
«Қазақ филологиясы» кафедрасы

6М020500 – «Филология: қазақша»

мамандығы (ғылыми және педагогикалық) бойынша
түсуГе арналған емтихан бағдарламасы

Павлодар

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі



С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті






Бекітемін

С. Торайғыров атындағы

ПМУ ректоры

___________ А. А. Өрсариев


20__ ж. ___ _____________

6М020500 – «Филология: қазақша» мамандығы

(ғылыми және педагогикалық) бойынша
түсуГе арналған емтиханы бағдарламасы
Бағдарлама ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты және ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 109 Қаулысымен бекітілген Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидалары негізінде әзірленген
Құрастырушы: __________ ф.ғ.д., профессор Н.Қ.Жүсіпов

__________ ф.ғ.к., профессор М.Н.Баратова

«Қазақ филологиясы» кафедрасы
Кафедра отырысында ұсынылған 20__ ж. ___ ____________ № ___ хаттама
Кафедра меңгерушісі _____________ Н.К.Жүсіпов 20__ж. ____ ________
Гуманирталық-педагогикалық факультетінің ОӘК мақұлданды

20__ж. «_____»______________ №____ Хаттама


ОӘК төрағасы ______________ Г.К.Шахажанова. 20__ ж. «____» ________
КЕЛІСІЛДІ:

Факультет деканы _____________ Ә.І.Бегімтаев 20__ ж. ___ ____________



1 Емтихан өткізудің мақсаты мен міндеттері
Қабылдау емтиханының мақсаты магистратураға түсушінің теоретикалық дайындығы деңгейін және неғұрлым даярланған үміткерлерді анықтау үшін магистратураға түсушілерді оқуға мотивациялау болып табылады.

Қабылдау емтиханының міндеттері:



  • мамандықтың мәселелері бойынша үміткердің құзыреттерін айқындау;

  • оқуға және әрі қарай кәсіптік қызмет ету мотивациясын анықтау;

  • магистратурада оқу барысында өзбетінше ғылыми, өндірістік және инновациялық қызметтерге болашақ магистранттың даярлығын анықтау.


2 Қабылдау емтиханын өткізу формасы және ұйымдастырылуы
Қабылдау емтиханы ҚР БҒМ-мен бекітілген және қабылдау емтихандарын өткізу кестесіне сәйкес мерзімінде өткізіледі. Мамандық бойынша қабылдау емтиханы кешенді емтихан (КЭ) және аралас формада (жазбаша (билет түрінде) + жазбаша (эссе) немесе жазбаша (билет түрінде) + питч) көптілді білім беру тұжырымдамасын жүзеге асыру шеңберінде үш тілдің бірінде (қазақша, орысша, ағылшынша).

Емтиханды өткізудің барлық рәсімдері бейнекамераға тіркеледі.

Шамамен алғандағы емтиханды өткізу уақыты:

-жазбаша (билет түрінде)– 45 минут ;

- жазбаша емтихан – эссе жазу (30 минут);

- питч – баяндамаға 2-3 мин, сұрақ-жауапқа 2 минут.

Жазбаша емтиханнан магистратураға түсуші барлық үміткерлер өтеді, емтиханның екінші бөлімі модульді білім беру бағдарламасында жоспарланған әрбір білім беру траекториясы бойынша өткізіледі.
Білім берудің 2 траекториясы жоспарланған.




Білім беру траекториясының атауы

Емтихан қабылдау нысаны

1

Зерттеу

аралас жазбаша (билет түрінде) + жазбаша (эссе)

2

Кәсіпкерлік (Start Up – магистратура)

аралас (жазбаша (билет түрінде)+ питч)


Аралас (жазбаша (билет түрінде)+ жазбаша) нысанда емтихан қабылдау кезінде, емтихан өткізудің әр кезеңі қамтиды:

- жазбаша (билет түрінде) – мамандық бойынша 30 билет (әр билетте 2 сұрақ беріледі: бірі- қазақ тілі пәнінен, екіншісі- қазақ әдебиеті пәнінен);

- жазбаша бөлігі – Эссе (білім алу және ғылыми-зерттеу жұмыстарына мотивациясын анықтау үшін).

Аралас ( жазбаша (билет түрінде) + питч) нысанда:

Филология саласында стартап-жоба идеяларын жүзеге асырудың техникалық мүмкіндіктері мен коммерциялық тартымдылығын анықтау үшін сұрақтарға жауаппен питч (презентациямен 3 минуттық баяндама және комиссия сұрақтарына 2 минут жауап беру).


Қабылдау комиссиясының құрамы мен қызмет саласы
Мамандық бойынша қабылдау емтиханы құрамына төраға және екеуі ғылым докторы болып табылатын үштен кем емес мүшеден құралған, университет ректорының бұйрығымен бекітілген қабылдау комиссиясымен (ҚК) өткізіледі. Комиссия жұмысына факультет деканы, университет кафедраларының арнайы өкілдері, бизнес-қауымдастық өкілдері, бөгде ұйымдардың өкілдері және комиссия хатшысы тартылады

Комиссияның қызметтері саласына кіреді:



  • мамандықтың мәселелері бойынша үміткердің құзыреттерін айқындау;

  • оқуға және әрі қарай кәсіптік қызмет ету мотивациясын анықтау;

  • магистратурада оқу барысында өзбетінше ғылыми, өндірістік және инновациялық қызметтерге болашақ магистранттың даярлығын анықтау.

Қабылдау емтиханын тапсыру алдын ала бөлінген компьютерлік залында және бейнежазба түсіруге мүмкіндігі бар бекітілген аудиторияда ҚК мүшелерінің кемінде жартысы болған кезде жүргізіледі.

Емтиханды өткізу тәртібі:

- үміткер емтихан кестесіне сәйкес белгіленген уақытта, тағайындалған аудиторияға келеді;

- үміткер ҚК мүшелерінің рұқсатымен, емтихан билеттерін алады / жауап парақтарын алады;

- жауап парағында үміткер өзінің тегін, атын, әкесінің атын немесе аты-жөні кодын, мамандығы және оқыту үшін ол таңдаған оқыту траекториясын көрсетеді.

Эссе үшін:

- 30 минут ішінде үміткер эссе жазады (жауаптар жинақы, қажет болған жағдайда графиктер, формулалар, схемалар және т.б. қамтитын болуы тиіс);

- барлық сұрақтарға жауаптың болжамды көлемі 3-4 беттен көп емес болуы тиіс;

- барлық сұрақтарға жауап бергеннен кейін үміткер барлық жауаптар парағында өз қолтаңбасын қояды және оларды қабылдау комиссиясының хатшысына тапсырады.

Питч үшін

Питч жазбаша емтихан бөлігі аяқталғаннан кейін кестеге сәйкес, сол аудиторияда жүргізіледі. Питч тапсыру форматы: үміткер 3 минуттан ұзақ емес баяндама жасайды, содан кейін 2 минут сұрақтарға жауап береді. Үміткерлердің питчін объективті бағалау мақсатында баяндама және сұрақтарға жауап беру кезінде аудиторияда бір мезгілде бірден артық үміткерлердің болуына қатаң жол берілмейді.
3 Білімді бағалау тәртібі
ҚК мүшелері балдық-рейтингтік жүйе бойынша үміткерлердің білімі мен әлеуетін бағалайды.

КЭ тапсыру кезінде анықталған білім деңгейлерін бағалау туралы шешім комиссияның жабық отырысында ашық дауыс беру арқылы аталмыш отырысқа қатысушы комиссия мүшелерінің көп дауысымен қатысты. Дауыстар саны тең болған жағдайда, ҚК төрағасының дауысы шешуші болып табылады

Комиссияның барлық отырысы хаттамамен рәсімделеді. Хаттама комиссия құрамындағы, шығарушы кафедра оқытушылары арасынан тағайындалаған ҚК хатшысымен толтырылады. Хаттамаға білім бағасы, ҚК мүшелерінің ерекше пікірлері және т.б. енгізіледі

КЭ нәтижелері емтихан күні университеттің ақпараттық стендтерінде оларды орналастыру арқылы жарияланады.



Алған бағасына келіспеген үміткер қолданыстағы ережелерге сәйкес апелляцияға бере алады.
4 Білім деңгейін анықтау критерийлері
Баға 100 балдық шәкіл бойынша анықталады. Қабылдау емтиханының қорытынды баллдық рейтингісі кестеге сәйкес сандық эквивалентке, әріптік және дәстүрлі бағаға ауыстырылады және емтихан ведомостысына енгізіледі.


Әріптік жүйе бойынша бағалау

Баллдардың цифрлық эквиваленті

Пайыздық мазмұны

Дәстүрлік жүйе бойынша бағалау

емтихан, дифф. сынақ

сынақ

A

4,0

95-100

өте жақсы

Сыналды

A-

3,67

90-94

B+

3,33

85-89

жақсы

B

3,0

80-84

B-

2,67

75-79

C+

2,33

70-74

қанағттанарлық

C

2,0

65-69

C-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

қанағаттанарлықсыз

Сыналмады



5 Эссе және оны жазу әдістемесі
Тапсырма (максималды сөз саны – 300):

Сіз өзіңіздің ғылыми-зерттеушілік қызметіңіздің болашақ бағытын магистратурада оқу кезінде қалай елестетесіз?

Эссе құрылымы А қосымшасында келтірілген.

Эссе жазу әдістемесі

Эссе – шағын көлемді және еркін композициялы прозалық шығарма.

Эссе нақтылы пән бойынша автордың жеке пайымдауларын білдіреді және тақырып бойынша анықтаушы немесе толық жауап беруге таласпайды. Көлемі және функциялары бойынша, бір жағынан, ғылыми мақалалармен және әдеби очерктермен, екінші жағынан – философиялық трактаттармен шекаралас. Эссеистикалық стилге бейнелілік, қауымдастықтар қозғалыстылық, афористілік және ойлаудың антитеттілігі, ашықтық орнату және әңгімелесу интонациясы тән.

Жалпы түрде эссе әдетте бірнеше бөлімнен тұрады:

- кіріспе, онда мәселелер белгіленеді (мәтіннің 10 % көлемі);

- негізгі бөлім, автор мәселе бойынша өз көзқарасын білдіреді (мәтін көлемінің 80 %- ы)

- қорытынды, онда автор өзінің эссесі бойынша жинақы қорытындысы шығарады (мәтіннің 10 %-ына дейін).

Эссе бір/інші адамның атынан жалқы жазылады. Мәтіннің қабылдануы қолайлы болу үшін мәтіннің мағыналық бөлігі азат жолдан (абзацтан), жаңа ой жаңа жолдан басталады.

Осы мәселеге дайындалу үшін мүмкіндігінше арнайы әдебиеттермен немесе эссе жазу методикасы бойынша ұсынымдармен танысу абзал.
6 Питч және оны жазу әдістемесі
Тапсырма:

Сіз таңдаған салада өзіңіздің стартап-жоба идеясын презентациялаңыз

Эссе құрылымы Б қосымшасында келтірілген.



Питч жазу әдістемесі

Питч (Питчинг, pitch, pitching) – ықтималды сатып алушыны қызықтыру және қаржы тарту, немесе сценарийды сатуға мақсатында құрылатын қысқаша сөздік (кейде көрнекі) презентация идея. Дұрысында питч бес-он сөйлемге сыйғызылды (бес минуттан аспайды).

Питч ұзақтығы 3 минут болатын презентациялы баяндамадан және 2 минут ішінде металлургиялық өндіріс саласында стартап-жоба идеяларын, оны жүзеге асырудың техникалық мүмкіндіктерін және коммерциялық тартымдылығын анықтау мақсатындағы комиссияның сұрақтарына жауаптардан құралуы тиіс.

Дайындау үшін осы мәселе мүмкіндігінше танысуға арнайы әдебиетпен немесе ұсынымдар бойынша жазу әдістемесіне питчей.

Осы мәселеге дайындалу үшін мүмкіндігінше арнайы әдебиеттермен немесе эссе жазу әдістемесі бойынша ұсынымдармен танысу абзал.

7. Емтиханға шығарылатын пәндердің қосымша болжамды тізбесі

Түсу емтиханы магистратураға 6М020500- Филология: қазақ мамандығы (ғылыми-педагогикалық бағыт) шығарылады келесі оқу пәндері бойынша сұрақтар: «Қазіргі қазақ тілі фонетикасы », «Қазіргі қазақ тілі лексикологиясы», «Қазіргі қазақ тілі сөзжасамы», «Қазіргі қазақ тілі морфологиясы», «Қазіргі қазақ тілі синтаксисі», «Жалпы тіл білімі», «Халық ауыз әдебиеті», «Ежелгі дәуір және ХV-ХVІІІ ғасырлардағы қазақ әдебиеті», «ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті », «ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті », «Қазіргі қазақ әдебиеті ». Ұсынылатын тақырыптарды даярлауға және зерттеу жүргізуге эссе –қосымшада келтірілген.



8. Пәндер бойынша түсу емтихандарының дайындалу мәселелер тізбесі:

Қазіргі қазақ тілі фонетикасы

1. Қазақ тілі дыбыстарының құрамы мен түрлері.



  1. Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстар жүйесі: құрамы, емлесі.

  2. Қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстар жүйесі: түрлері, жіктелуі.

  3. Қазақ тіліндегі буын үндестігі, түрлері, ерекшеліктері.

  4. Дыбыс үндестігі, түрлері, белгілері.

  5. Дыбыстардың өзгерістері: игерулі(комбинаторлық), шектік(позициялық), игерусіз(спонтанды).

  6. Графика және орфография.

  7. Қазіргі қазақ орфографиясының негізгі принциптері.

  8. Қазақ тілінің буын жүйесі: түрі, құрамы, жылысуы.

  9. Тасымал.

Қазіргі қазақ тілі лексикологиясы

  1. Семасиология. Сөз және мағына, түрлері

  2. Лекискалық антонимдер, олардың түрлері, пайда болу жолдары, стилистикалық мәні, зерттелу жайы

  3. Лексикалық табу мен эвфемизмдер, олардың пайда болу жолдары, өзіндік сипаты мен мәні

  4. Сөздің көп мағыналығы, олардың пайда болу жолдары: метафора, метонимия, синекдоха.

  5. Қазақ тілінің сөздік құрамы, оның қалыптасуы мен дамуы, ерекшеліктері

  6. Сөздердің стильдік қызметіне байланысты түрлері, зерттелуі

  7. Фразеология, тұрақты тіркестердің басты белгілері, түрлері.

  8. Қазақ лексикографиясының қалыптасуы мен зерттелу тарихы.

  9. Этимологияның негізгі объектісі, зерттеу әдістері, өзіндік ерекшеліктері мен принциптері

Қазіргі қазақ тілі сөзжасамы

  1. Қазақ тілінің сөзжасам жүйесі

  2. Сөзжасамдық тәсілдер, сөзжасамдық мағына.

  3. Сөзжасамдық тәсілдің түрлілігіне қарай туынды сөздердің түрлері Сөзжасамдық ұя, құрамы

  4. Сөз таптарының сөзжасамы

Қазіргі қазақ тілі морфологиясы

  1. Грамматика және оның салалары

  2. Негізгі грамматикалық ұғымдар

  3. Сөз құрамы, морфема, оның түрлері.

  4. Грамматикалық мағына, оның түрлері және берілу жолдары.

  5. Сөз таптары және олардың мағыналық түрлері

Қазіргі қазақ тілі синтаксисі

  1. Сөз тіркесі синтаксисі

  2. Жай сөйлем синтаксисі

  3. Құрмалас сөйлем синтаксисі

  4. Мәтін синтаксисі

  5. Күрделі синтаксистік тұтастық

Жалпы тіл білімі

  1. Тілдің теориялық мәселелері

  2. Тіл мен сөйлеу, тіл мен ойлау, тіл және қоғам

  3. Тілдің жүйелік, структуралық сипаттары

  4. Тіл дамуының диахрондық, синхрондық аспектілері

  5. Тіл білімі тарихының негізгі кезеңдері

  6. Тілді зерттеу әдістері

Халық ауыз әдебиеті

  1. Қазақ халық ауыз әдебиетінің түрлері, жариялануы және зерттелуі

  2. Аңыздар ерекшелігі, зерттелуі, жіктелуі

  3. Ертегілердің ерекшеліктері, зерттелуі, жіктелуі

  4. Лиро-эпостық және эпостық жырлар

  5. Айтыс жанры, түрлері, зерттелуі: .

  6. Тұрмыс-салт жырлары: зерттелуі, іштей жіктелу ерекшеліктері

Ежелгі дәуір және ХV-ХVІІІ ғасырлардағы қазақ әдебиеті

  1. М.Қашқари сөздігі

  2. Қорқыт ата кітабы

  3. Көне қазақ әдебиетінің даму сипаты: «Күлтегін» және «Тоныкөк» жырлары

  4. Әбунәсір Әл-Фарабидің әдебиет тарихында алатын орны

  5. Ж. Баласағұнидың «Құтты білік» еңбегі

  6. Қожа Ахмет Яссауидің «Диуани Хикмет» кітабының көркемдік ерекшеліктері

  7. Хандық дәуірдегі ақын-жыраулар, өмірі мен толғаулары

ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті

1. Шоқан Уәлиханов-әдебиет зерттеушісі

2. Махамбет Өтемісұлы шығармашылығы

3. Шортанбай Қанайұлының өмірі мен шығармашылығы

4. Ы. Алтынсариннің қазақ әдебиеті дамуында алатын орны

5. Мұрат Мөңкеұлы шығармашылығы

6. Абайдың лирикалық өлеңдері, дастандары мен қара сөздері

7. Мағауия Абайұлының «Медғат-Қасым» поэмасы

8. Шернияз Жарылғасұлы шығармашылығы

9. Дулат Бабатайұлы шығармашылығы



ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті

  1. Мұхаметжан Сералиннің өмірі мен шығармашылығы

  2. Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы

  3. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының өмірі мен шығармашылығы

  4. С. Торайғыровтың шығармашылығы

  5. М. Дулатов өмірі мен шығармашылығы

  6. С.Сейфуллин өмірі мен шығармашылығы

  7. І.Жансүгіров өмірі мен шығармашлығы

  8. Ж.Аймауытов өмірі мен шығармашылығы

  9. М.Жұмабаев өмірі мен шығармашылығы

  10. Б.Майлин шығармашылығы

Қазіргі қазақ әдебиеті

  1. М. Әуезов өмірі мен шығармашылығы

  2. М. Әуезовтің «Абай жолы» дәуірнамасы

  3. С. Мұқановтың «Ботагөз» романы

  4. Ғ. Мүсіреповтің романдары мен әңгімелері

  5. Ғ. Орманов лирикасы

  6. Қ. Аманжоловтың лирикасы

  7. Ә. Нұрпейісовтің «Қан мен тер» трилогиясының қазақ әдебиетінде алатын орны

  8. Қ. Мырзалиевтің лирикасы

  9. М. Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» дастанының көркемдік ерекшеліктері

  10. Ә. Тәжібаевтың «Толағай» поэмасын әдеби талдау.

  11. Олжас Сүлейменовтің қазақ әдебиеті тарихында алатын орны.

  12. О.Бөкей шығармашылығы

  13. Қ.Мырзалиев лирикасы


ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


  1. Абрамович Г.Введение в литературоведение. М., 1976.

  2. Ахметов З.А. Өлең сөздің теориясы. Алматы, 1973.

  3. Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. Алматы, 1996.

  4. Байтұрсынов А. Шығармалары. Алматы, 1989.

  5. Введение в литературоведение. Хрестоматия /Под ред.П.Николаева. М., 1988.

  6. Введение в литературоведение /Под ред.Проф.Г.Н.Поспелова.М., 1976.

  7. Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. Алматы, 1959.

  8. Қабдолов З. Сөз өнері. Алматы, 1992.

  9. Литературный энциклопедический словарь /Под ред.В.М.Кожевникова и П.А.Николаева. М., 1987.

  10. Тимофеев Л.И. Основы теории литературы.М.,

  11. Словарь литературоведческих терминов. М., 1974.

  12. Атымов М. Идея және композиция. Алматы, 1970.

  13. Базарбаев М. Әдебиет және дәуір. Алматы, 1986.

  14. Байтұрсынов А. Шығармалары. Алматы, 1989.

  15. Ғабдуллин Н,Ғ.Мүсірепов-драматург.Алматы, 1989.

  16. Дәдебаев Ж. Өмір шындығы және көркемдік шешім. Алматы, 1982.

  17. Дүйсенов М. Әдебиеттегі мазмұн мен форманың бірлігі. Алматы, 1997.

  18. Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. Алматы, 1966.

  19. Жұмалиев Қ. Стиль - өнер ерекшелігі. Алматы, 1966.

  20. Ысмаилов Е. Ақындар. Алматы, 1956.

  21. Кәкішев Т. Қазақ әдебиеті сынының тарихы. Алматы, 1994.

  22. Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті (оқулық). Алматы, 1974.

  23. Садырбаев С. Қазақ халық әдебиеті (хрестоматия). Алматы, 1990.

  24. Қазақ әдебиеттінің тарихы. 1-том, 1-кітап. Алматы, 1960.

  25. Қазақ әдебиеттінің тарихы. 1-том, 2-кітап. Алматы, 1964.

  26. Аманжолов А. Түркі филологиясы және жазу тарихы. Алматы, 1996.

  27. Дәдебаев Ж.,Сағындықов Н. Қазақ әдебиеті:Ежелгі дәуір. Алматы, 2002.

  28. Келімбетов Н. Ежелгі дәуірдегі қазақ әдебиеті. Алматы, 1991.

  29. Келімбетов Н. Көркемдік дәстүр жалғастығы. Алматы, 2000.

  30. Кенжебаев Б. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері. Алматы, 1974.

  31. Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы. І-кітап. Алматы, 2001.

  32. Қыраубаева А. Ғасырлар мұрасы. Алматы, 1998.

  33. Қыраубайқызы А. Ежелгі әдебиеті. Алматы, 1996.

  34. Маргұлан Ә. Ежелгі жыр-аңыздар. Алматы, 1985.

  35. Сүйіншалиев Х. ҮІІІ-ХҮІІІ ғасырлардағы қазақ әдебиеті.

  36. Сүйіншалиев Х. Қазақ әдебиетінің тарихы. Алматы, 1997.

  37. Әуезов М. Әдебиет тарихы.-Алматы, 1991.

  38. Байтұрсынов А. Әдебиеттанытқыш. Шығармалар.-Алматы, 1989.

  39. Дербісәлин Ә. Қазақтың Октябрь алдындағы демократияшыл әдебиеті.-Алматы, 1966.

  40. ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті.-Алматы, 1994.

  41. Исмаилов Е. ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті.-Алматы, 1940.

  42. Қазақ әдебиетінің тарихы. ІІ том, ІІ кітап.-Алматы, 1965.

  43. Кенжебаев Б. ХХ ғ.басындағы қазақ әдебиеті. Алматы, 1983.

  44. Кенжебаев Б. Есназаров Ө. ХХ ғ.б.қазақ әдебиеті.-Алматы, 1966.

  45. Мұқанұлы С. ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті.-Қызыл Орда, 1932.

  46. 20-30 жылдардағы қазақ әдебиеті.-Алматы, 1997.

  47. Әбдиманұлы О. ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиетінің тарихы.-Алматы, 2002.

  48. Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш. Шығармалары. Алматы, 1989.

  49. Белинский В.Г. Собрание сочинений в трех томах. Алматы, 1997.

  50. Кәкішев Т. Сын сапары. Алматы, 1971.

  51. Кәкішев Т. Оңаша отау. Алматы, 1987.

  52. Қабдолов З. Сөз өнері. Алматы, 2002.

  53. Қирабаев С. Кеңес дәуріндегі қазақ әдебиеті, Алматы, 1999.

  54. Серікқалиев З. Алтын жамбы. Алматы, 2001.

  55. Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиетінің тарихи. Алматы, 1997.

  56. Ысқақұлы Д. Сын шын болсын. Алматы, 1993.

  57. ҚирабаевС. Кеңес дәуріндегі қазақ әдебиеті. Оқу құралы.-Алматы, Білім, 1993.

  58. Дәдебаев Ж.Д. Қазіргі қазақ әдебиеті. Оқу құралы.Алматы,Қазақ университеті.2002.

  59. Әддезұлы Қ,ӘлімқұловТ. шығармаларындағы және 60-80 жылдардағы қазақ прозасы. Алматы, 2001.

  60. Кәкішев Т. Мағжан –Сәкен. Алматы, 1999.

  61. Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы. Алматы, 2001.

  62. Майтанов Б. Сөз сыны. Алматы, 2002.

  63. Нұрғали Р. Әуезов жән Алаш. Алматы, 1997.

  64. Сыздықов Қ. Мұхтартанудың беймәлім беттері. Алматы, 1997.

  65. Тұрысбек Р. Ж.Аймауытов. Алматы, 1999.

  66. Ысқақұлы Д. Сын сымбаты. Алматы, 2000.

  67. Хамзин М. 60-80 жылдардағы қазақ романы. Алматы, 1997.

68. Аралбаев Ж. Қазақ фонетикасы бойынша этюдтер. Алматы, 1988.

69. Байтұрсынов А. Шығармалары. Алматы, 1989.

70. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. Алматы, 1992.

71. Балақаев М. Қазақ тілі мәдениетінің мәселелері. Алматы, 1965.

72. Бейсенбаева Қ. Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы. Алматы, 1973.

73. Досмұхаметұлы Х. Аламан. Алматы, 1991.

74. Дүйсебаева М. Қазақ әдеби тілі орфоәпиясының мәселелері. Алматы,1973.

75. Аханов Қ. Тіл білімінің негіздері, Алматы, 1978.

76. Болғанбаев Ә. Қазақ тілінің лексикологиясы. Алматы, 1988.

77. Болғанбайұлы Ә, Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. Алматы, 1997.

78. Кеңесбаев І, Мұсабаев Ғ. Казіргі қазақ тілі. Лексика. Алматы, 1962.

79. Аханов К. Тіл біліміне кіріспе. Алматы: Санат,1994.

80. Балақаев М.,Томанов М.,Жанпейісов Е., Манасбаев Б. Қазақ тілінің стилистикасы. Алматы: Мектеп, 1974.

81. Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы Ғ. Қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. Алматы:Санат,1997.

82. Кеңесбаев І. Қазақ тілінің фразелогиялық сөздігі. Алматы: Ғылым, 1977.

83. Кеңесбаев І.,Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. Лексика,фонетика. Алматы, Мектеп, 1975.

84. Смағұлова Г. Мағыналыс фразеологизмдер сөздігі. Алматы:Сөздік-словарь, 2001.

85. Жуков В.П. Русская фразеология. М., 1986.

86. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. 2-басылуы.-Алматы, 1991.

87. Аханов Қ. Грамматика теориясының негіздері.-Алматы, 1980.

88. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы.-Алматы, 1992.

89. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер.-Алматы, 1966.

90. Қазақ тілінің грамматикасы. Морфология.-Алматы, 196

А қосымшасы

(Эссе құрылымы)


Тапсырма (сөздердің максимальды саны – 300 сөз):

Сіз магистратурада оқу кезіндегі өзіңіздің ғылыми-зерттеу қызметіңіздің болашақ бағытын қалай көресіз?
1) Аты-жөні / Аты-жөні коды

2) Базалық білімі (мамандығы)

3) Қызметі бағыты бойынша болжамды зерттеу тақырыбы

4) Таңдалынып алынған зерттеу тақырыбының өзектілігі

5) Мақсаттары мен міндеттері

6) Зерттелу дәрежесі

7) Диссертациялық жұмыстың болжамды жаңалығы

8) Теориялық және тәжірибелік маңыздылығы



Б қосымшасы

(Питч құрылымы)


Тапсырма:

Таңдаған саладағы өзіңіздің стартап-жобаңыздың идеясын презентациялаңыз
Питч құрылымы

Не туралы айту керек:

- Сіз кімсіз (компанияның атауы және логотипі)

- Сіздің жоба қандай мәселені шешеді

- Қандай сұраныс оның шешімі

- Нарық / бәсекелестер

- Сіздің шешім: негізгі технологиясы (қысқаша)

- Сіздің шешім: бәсекелестер алдындағы артықшылықтар

- Бизнес-модель: ақша қалай табасыз

- Маркетинг және сату: нарыққа қалай шығасыз

- Түйінді көрсеткіштері: гипотезалар, болжамдар, жетістік метрикасы

- Команда: бұл бизнесті неге дәл сіз жүзеге асыра аласыз

- Ағымдағы мәртебе (не істелінді), жоспар-кесте (не және қашан жоспарлануда)

- Капитал салым қажеттілігі (қанша ақша қажет және неге) / инвесторға ұсыныс (сіз оларға не ұсынуға дайынсыз)



- Байланыстар


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет