Ттерімен елестеді



Дата02.10.2019
өлшемі32,61 Kb.
#49124
Байланысты:
устаздар куны
Срс тарих
Вальс

1 - бастаушы Қайырлы күн! Армысыздар,, аса құрметті да, аяулы біздің ұстаздарымыз!
2 - бастаушы Міне жадырап жаз өтіп, алтын күз де келіп жетті. Табиғаттың осы бір жыл мезгілін жез қоңырау үнімен, мектептегі мұғалімдер мен оқушылардың қарбалас, сағыныса табысқан қуанышты сәттерімен елестеді. Жаңа оқу жылымен қатарлас келетін мұғалімдер күні де, күздің үлесіне тиіпті. Төл мерекелеріңіз құтты болсын, ізгіліктің пайғамбары ұстаздар қауымы.

1 - бастаушы Мектеп қабырғасынан алыстап, бойында жылуы бар әрбір парасатты азамат әліп үйретіп, білім теңізіне жетелеген ұстаздары мен балалық шағының талай қызықты күндеріне куә болған алтын ұя мектебін әрдайым үлкен сағынышпен құрметпен еске алып отырады.
2 - бастаушы Аса көрнекті қазақ геологы, қоғам қайраткері, Қазақстан Ғылым Академиясының ұйымдастырушы және тұңғыш президенті, академигі Қ. Сәтбаевтың айтуынша, 1 - қыркүйекте салтанатты шеру не салюттер де болмайды. Бірақ бүл күн ешқандай мерекемен тең келмейтін білімнің асқар шыңына жетелейтін, қайталанбайтын күн. Бұдан асқан ұлы мереке жоқ - деп толғанған екен. Солай ма Нұрәділ!

1 - бастаушы Ия, Аиша! Олай болса, мұғалім бақыты - шәкірт құрметі. Ұрпақ тәрбиесі - ұстазға байланысты. Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің, дегендей өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз. Ұстаз - ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындап, тәлім - тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта, бағыт - бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Сіздердің алдарыңызда әрқашанда бас иеміз. Бүгінгі мерекенің той шашуы, қабыл алыңыздар *Қазақстан*әні қабыл алыңыздар.

1 - бастаушы Ұстаз болу - жүректің батырлығы,
Ұстаз болу - сезімнің ақындығы.
Ұстаз болу - мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы.
деп ақын Ғ. Қайырбеков жырлағандай, сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етеміз. Осы ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Б. Момышұлы «Ұстаздық ұлы құрмет, себебі ұрпақтарды ұстаздар тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді. Өмірге ұрпақ берген аналарды қалай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз» деген болатын.
2 - бастаушы Игі айтар ақылы, көрсетер үлгісі бар, жаңашыл, бойында дана ойдың ыстық лебі бар, шәкірт санасына сәуле шашып, шырақ отын маздатқан ұстаздар қауымының іскер де білікті, басшысы, мектебіміздің директоры Алмагүл Ильясқызына мереке күнімен құттықтауға сөз беріледі.
(Аягөздің орындауында « Ұстазым» әні )

2 - бастаушы Аяулы ұстаздарым! Сіздердің бала көңілдеріңіз әр оқушының жан дүниесін нұрландырып, жүрегіне шапағат нұрын төгуде. Мұғалімнен өнеге - білім алып, өмір теңізіне құлаш ұрған, кез келген шәкірт ұстазымен мақтанады. «Мектептің жүрегі», «Бала жанының бағбаны», «Бала жанашыры». Иә, бұл мектеп мұғалімі - ұстазға арналған теңеулер, бұл тізбектің шегі барма екен десеңізші. Мұндай мадақтауларды жалғастыра берсек, өздеріңізге арналған даналық сөздері тұтас бір кітапқа айналары сөзсіз. Мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, кәсіптеріңізге сәттілік тілейміз.

1 - бастаушы. Айгерім екеуміз ұстаз туралы қанша мақтау сөз айтсақ да тауыса алмаспыз. Еңдеше, қымбатты ұстаздар, шәкірттеріңіздің бірі сөз берейік_________________ (Ф. Оңғарсынова «Ұстаз» өлеңі оқылады)
Зауытта болсаң күнбе-күн,
Көрінер еді табысың.
Дәрігер болсаң түрлі емің,
Шипалы жанның бағы шын
Ал сенің еңбек жемісің,
Өзгеше тіпті басқадан.
Ол өзің арнап ел үшін,
Осынау жүрген жақсы адам.
Жақсы адам елдің тірегі.
Байлығы туған халықтың,
Шапағын шашар үнемі,
Көгіңде тұрған жарық күн.
Сен жастық қамын шертерсің,
Тағдырын толғап ойланып,
Әр үйдің бір еркесін
Үйреттің өзің қолға алып,
Ұстазсыз жолда сөнбек күн,
Шәкіртсіз өмір сусыз жер,
Көрінбес ғажап еңбектің,
Бейнетін кешіп жүрсіздер
Жүректе тұрар жанымнан табыл, жігер күт,
Ұстазым сенің, әр күнің әр сәтің, тұрған бір ерлік

2 - бастаушы
Әр сабағың өтіп жатыр білінбей,
Перне басқан оркестрдің үніндей
Әр баланың жүрегіне жол тауып,
Тұрасың сен, дирижер боп, күлімдей.
Жыр оқисың нөсер болып жайылып,
Қас қабағын қалт жібермей шәкірттің
Қарайсың - ау нұр жүзіне сүйсініп,
Жалын атып, от боп, бірге жанасың

1 - бастаушы
Мұғалімді анамдай жақсы көрем,
Қиналамын қымбат теңеу таба талмай,
Өз баласын тастап кетіп үйіне
Ел баласын оқытады, ой Алла - ай!
Мұғалімді жақсы көрем сезімтал,
Үлгі етемін өнегелі сөзін бал,
Мұғалімнің мұғалімін танимын,
Көкірекке көретұғын көзім бар.

2 - бастаушы
Ұстаздарға мың алғыс,.
Алғыстарым көп менің
Асыл анам, мектебім,
Үйреткенің адалдық.
Ұсынғаның адамдық,
Текті мінез даналық,
Біз ұстаздарға тілейміз,
Бақыт, табыс амандық.
1 - бастаушы
Ұстаз ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім - тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт - бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор, ол тек оқу, жазу үйретіп беретін мұғалім ғана емес, қиналған сәтте қол үшін беретін қамқоршы, көмекші. Іздеген сұраққа, бастаған іске ақыл – кеңес беретін ақылшы, бірге еңбек ететін дос.

2 - бастаушы
Ұстаз шәкірт алдында сыйлы адам. Ол жайлы айтылар сыр да, жыр да көп. Ұстаз сенімін ақтау - адамгершіліктің белгісі. Мұғалімнің жүрегі соғып тұруы үшін, жауаптылық, қажырлылық, білімділік, жүректілік, сүйіспеншілік, сабырлылық керек екен.
Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған дихан да, мал бағып терін төккен шопан да, ғарышкер де бәрі - бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан ұлағатты ұстаздар сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.
Ендеше сіздерге арналған «Көрініс» тамашалаңыздар
1 - бастаушы
Ақырын жүріп оның бас,
Еңбегін кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға, - деп Абай атамыз айтқандай, шәкірттерінің өзінен озғанын қалаған ұстаздар қауымы, мерекелеріңіз тағы да құтты болсын!

2 - бастаушы
Ұстаз, ұстаз
Осы сөзде жатыр қанша ұлылық,
Осы сөзде таусылмайтын жылылық,
Әл - Фараби мен Ыбырай мен Ахаңды,
Осы сөз ғой қойған бізді ұлы ғып,
Ұстаз небір қисықтарды жөндейтін,
Тентектерді ақылменен емдейтін.
Болса дағы малға кедей өмірде,
Бар байлығым шәкірттерім сен дейтін.

1 - бастаушы Ардақты ұстаздар! Денсаулықтарыңыз мықты болсын, шаңырақтарыңыз шаттыққа толсын, сіздерді пайғамбардай сыйлайтын, жүрегі жылы, бойы ізгілікке толы шәкірттеріңіз көп болсын!
Бірге Мерекелеріңіз құтты болсын!
1 - бастаушы Сен қалай ойлайсың, Айша, менің ойымша кез - келген мұғалім ұстаз бола алмайды. Себебі, ұстаздың өнер тағылымы - терең өнер. Ал өнерлі болу кез - келген адамға қона бермейді. Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын ізгілікті ізденіс пен терең еңбекке ұштастырылуы шарт. «Шәкіртсіз ұстаз - тұл» деген сөз тегін айтылмаса керек.
2 - бастаушы Мен осы сөз дәлелді бола түсу үшін мына жыр шумақтарын қосайыншы.
Ұрпақпен өмір жолы жалғанады
Көңілді күндер тусын алдын әлі.
Ән - шашу әсем әуен, түрлі өнер,
Бүгінгі күн сіздерге арналады.
/// ойын
Сахнаға төрт ұстаз шақырылады да, оқушылармен бірігіп сөздікпен жұмыс жасайды, шыққан мұғалімдерге шағын сыйлықтар ұсынылады. Сөздіктердегі сөздер мазмұнын мұғалімдер өздерінің ойы бойынша түсініктеме береді. Оқушылар сөздігі бойынша каникул - жылдың ең қысқа күндері, күнделік – үлкендерге көп көрсете бермейтін құпиям, математика – мен түгіл әкемнің де тісі бата бермейтін «жағалау», дос – бақылау жұмысында дәптеріне жазғандарын бақылатып отыратын ұл не қыз, сабақ - үзілісті зарықтыра күттіретін қырық бес минут, спорт секциясы – әжеме айтатын басты сылтауым, қайталап алайыншы өте сирек айтылатын, дарынды оқушының ашқан жаңалығы, қыздардың негізгі қаруы – апайға айтамын.///
1 - бастаушы Мына ән сіздерге арналады, аяулы ұстаздар, қабыл алыңыздар!Дана гитара

Сахнаға адасып жүрген Дымбілмес Жалқаубеков келеді.
О - о - ой шаршадым, қазақ тілі сабағынан әзер құтылдым ғой, атам қазақ дұрыс айтады, оқу күрекпен құдық қазғандай деп, рас екен ғой, сабақта қиналғаным аздай, Қилыбай ағай үйге мақал - мәтелдер жазып келуді тапсырып еді, бәле болды ғой. Ал шынымды айтайын менің жазған сөйлемдердің әріптері ауысып, тарыдай шашылады, Роза апай берген есептердің сандары бір орында тұра алмай үнемі секіреді, мен байғұс күнде күнде жинай алмай әуреге түсемін, бәрібір мұғалімдер екі қоя береді, қоя береді қоя береді.
Мәссаған, бүгін мына залға апайлар мен ағайлар көп келген екен, көмектесіңіздерші маған өтінемін, әйтпесе тағыда екі аламын ғой, жарай ма. Ал бастайын, мен мақалдарды оқимын, сіздер түзеп бересіздер, тек ағай біліп қалмасын, ура!
Қына басқа бітеді(тасқа). Білім шашқа бітеді(басқа). Біліп тұрсаң да сұрама(сұрап ал ). Аз біл, көп сөйле.(көп біл, аз сөйле). Көрмес сиырды да көрмес(түйені). Өнер алды ұзын тіл(қызыл тіл). Жығылып жатып жығылғанға күлме (сүрінгенге). Өнерлі сайға қарай сырғиды(өрге жүзеді).

2 - бастаушы Күллі өмірің жеткіншекке арналған,
Мұғалімді ардақтайды барша жан.
Ол мектептен шықпаса да қыс – жазы,
Жемісі оның жердің жүзін шарлаған,
Бала десе ойламайды өз қамын.
Көрсем дейді күнге де қол созғаның,
Шәкірттерін өзінен де озғанын.

1 – бастаушы
Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!
Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.
Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,
Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.
///Дарынды да, талапты оқушыларыңыз Аишагульдн орындауында Құрманғазының күйі « Балбырауын»///
2 – бастаушы Нұрәділ, екеуміз ұстаздар туралы нақыл сөздер айтып жарысып көрсек қайтеді?
1 – бастаушы Ал, ендеше баста!
2 – бастаушы Ұстаз болу – өз уақытын аямау, өзгенің бақытың аялау.
1 – бастаушы Ұстазға қарап, шәкірт өседі.
2 – бастаушы Аспаз көрген ас таныр, ұстаз көрген хат таныр.
1 – бастаушы Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла.
2 – бастаушы Ұстазы жақсыныңұстамы жақсы. Тамаша емес пе, мына сөздерден кейін жаның жадырайды!
1 - бастаушы
Мектебіміздегі мектеп әкімшілігінің құрамындағы Луиза апай бірлестігі төл мерекелеріңіз құтты болсын, жетістіктер көп болсын!
2 - бастаушы Бастауышта тұңғыш қолға алғаш қалам алғызған, әріптерді салғызған Марал апай бірлестігіндегі апайларға шексіз рахмет жолдаймыз.
1 - бастаушы Математика – ғылымдардың патшасы, осы патшалық әлеміндегі Қансұлу апай және бірлестіктегі ұстаздар қауымына мың алғыс.
2 - бастаушы Тарих бірлестігіндегі Әлия апай көш бастаған ғасырлар сырын шерткен, аса құрметті ұстаздардың ұстаздары бар бірлестік, мереке құтты болсын!

1- бастаушы Табиғат тылсымына бойлай енген, жаратылыс тану бірлестігінің жетекшісі Руслан ағай, бір топ мұғалімдерге шәкірттік жүректен сәлем!
2 - бастаушы Әсемдік өздеріне жарасқан, он саусағы майысқан эстетика бірлестігінің жетекшісі Надежда апай және бірлестік мүшелері, мерекелеріңіз құтты болсын.
1 - бастаушы Дені сау ұрпақ - мемлекет байлығы деген қағида ұстанып жүрген Ғалымжан ағай бастаған денешынықтыру бірлестігіне бас иеміз, шын жүректен шағын сыйлығымызды қабыл алыңыздар.
2 - бастаушы Мектебімізде тазалық сақтап, бізді ұстаздармен бірлесе тәрбиелейтін Үміт апай қарамағындағы апайлар мен ағайларға сәбилік жүрекпен алғыс айтамыз.

1 – бастаушы
Қара сөздің дауылы,
Құрмет еткен ауылы.
Сыйымызға риза бол,
Мұғалімдер қауымы!
2 – бастаушы
Мұғалім, ғазиз, мұғалім,
Сарқылмас мәңгі бұлағым.
Ұланның бүгін тойында
Арнайды саған бұл әнін
дей келе сахнаға Гүлнәсіпті шақырамыз.

1 – бастаушы
Білімнің кәусар бұлағын,
Жүресің құйып санама,
Біз үшін сенсің – мұғалім,
Ұстаз да, ғылым дана да
2 – бастаушы
Сағыныш сазы толқытқан,
Арнамақ сөздің мәйегін.
Шәкірттерін оқытқан,
Келіп тұр жолдап сәлемін
1 – бастаушы Құрметті ұстаздар, біз сіздер оқытып жүрген барлық пәндері ардақтаймыз, сөздеріңді, сөздеріңді ықыласпен тыңдап, пән атауларына зер салып оқып үйреніп жүреміз. Жан – жақты білім бергені үшін ұстаздарымызға айтар алғысымыздың шегі жоқ.

2 – бастаушы


Бірге өсіп, ен жайлаған ұл менен қыз,
Асыға сәлем жолдап жүректен біз.
Тәтті күй, асқақ ән мен әсем биді,
Бүгінгі мерекеге тарту еттік.
1 – бастаушы
Бүгінгі күн құшақтарың гүлге толсын,
Дендеріңіз саулығы мықты болсын
Біліммен сусындаған шәкірттерін,
Төл мерекең ұстаздар құтты болсын!
2 – бастаушы
Ұстаздарым биік тұлға байсалды,
Құшақ жайып өз мерекең қарсы алады
Қуанышты жарқын тілек білдіріп
Құттықтаймыз, ұстаздарым баршаңды.

1 – бастаушы Ұлағатты ұстаздар, бүкіл адам баласы сіздерге бас иеді. Мереке құрметіне отшашу беріледі.
Мереке күні баршаңызға шаттық, қуаныш әкелсін!
«Мереке» әні хор

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет