Туған жылы: 03. 12. 1979 Бітірген оқу орны



Дата06.03.2020
өлшемі2,87 Mb.
#59662
Байланысты:
1299 10-
1299 10- , 73901045247173, ҚМЖ зерттеу сабағы1

Ы.Алтынсарин орта мектебі «Шығармашылық ізденіс - оқушы дарыны мен қабілетін қалыптастырудың көзі» тақырыбындағы қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдерінің аудандық семинары

  • Туған жылы: 03.12.1979
  • Бітірген оқу орны: АМУ, 2001ж
  • Мамандығы: Қазақ тілі мен
  • әдебиеті

  • Білімі: Жоғары
  • Санаты: Бірінші
  • Лауазымы: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
  • Еңбек өтілі: 14 жыл
  • Көкейтесті мәселесі: “Жаңа технология әдістерін пайдаланып, ойлау қабілетін дамыту арқылы оқушыларды шығармашылыққа баулу.”

иет


Сайыстарға қатыс:
  • 2000 жыл «Болашақ мұғалім» сайысы І орын
  • 2001жыл Мектепішілік «Жас маман» сайысы І орын
  • 2003 жыл Аудандық панорамалық сабақ көрсету сайысы ІІІ орын
  • 2003 ж Аудандық педагогикалық оқу : « Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту» ІІІ орын
  • 2007 ж Аудандық педагогикалық оқу : «Жаңа технология әдістерін пайдаланып, ойлау қабілетін дамыту арқылы оқушыларды шығармашылыққа баулу» ІІорын
  • 2008ж Аудандық педагогикалық оқу : «Жаңа технология әдістерін пайдаланып, ойлау қабілетін дамыту арқылы оқушыларды шығармашылыққа баулу» ІІІ орын
  • 2008ж Аудандық «Жыл тәлімгері -2008» байқауы 3 орын
  • 2009ж облыстық педоқу ІІІ орын
  • Аудандық “жыл аға тәлімгері-2009” байқауы І орын

  • 2010 ж ХІ Аудандық педагогикалық оқу ІІ орын.

    2010 ж ХІ облыстық педагогикалық оқу ІІІ орын

    2010 ж аудандық дарынды оқушылар слеті Аудандық білім беру бөлімінің меңгерушісі Б. Шурин «Алғыс хат»

    2010 ж облыстық «Компьютер сыныбының ең таңдаулы ұстазы» байқауы «Жаңа ақпараттық технологияны анықтаушы» номинациясы

    2012 ж облыстық ХІІІ педагогикалық оқу «Алғыс хат»

    2015 ж Республикалық ҚИО Қазақ тілі пәні бойынша мұғалімдерге арналған пәні бойынша олимпиада І орын

    2015 ж халықаралық ұстаздар ұйымының мүшесі.


10-сыныпқа арналған «Абайтану» курсы оқу пәні

  • Адасқанның алды -жөн, арты -соқпақ

Сабақтың мақсаты:

  • Сабақтың мақсаты:
  • білімділік : «Адасқанның алды -жөн, арты -соқпақ »өлеңінің қыр – сырын меңгертіп, тереңдей бойлату,  өлеңнің тақырыбы мен идеясын көркемдік ерекшелігін меңгерту,  сын тұрғысынан ойлау арқылы шығармашылық жұмысқа баулу.
  • дамытушылық : Абайдың өскен ортасы мен жастық кезеңін өз сөздерімен айта алу. Оқушылардың ой еркіндігін , эстетикалық сезімін ояту, өлеңді талдау, сөйлеу мәдениетін дамыту.
  • тәрбиелік : оқушыларға Абайдың ұлылығын , оның поэзиясының тереңдігін түсінуіне ықпал ету. Отанын сүю, өскен ортаны бағалау, құрметтеу сезімдерін оятып , нығайту. Еңбекқорлыққа , талаптылыққа , білімқұмарлыққа , ізденімпаздыққа тәрбиелеу.Сөз өнерінің құдіретін сезіндіру. Абай мұрасына қызығушылығын арттыру.
  • Сабақтың түрі: дәстүрлі емес, шығармашылық ізденіс
  • Сабақтың әдіс - тәсілдері: «Екі жақты күнделік стратегиясы», «Ақылдың алты қалпағы» әдісі, сатылай кешенді талдау, венн диаграммасы, фишбоун» әдісі, «автор орындығы» стратегиясы, « Идеалдан қашықтық» жаттығуы, «Жол салу» жаттығу сұрақ – жауап, ой бөлісу, мәнерлеп оқу, жатқа айту, шығармаларын талдау, қосымша білім көздерін насихаттау арқылы өздігінен білім алуға баулу.
  • Оқыту түрі: бірлескен ұжымдық іс – әрекет.
  • Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, Абай шығармашылығы жайында жазылған кітаптар мен журналдар көрмесі, буклеттер, ақын жайлы жазылған құнды пікірлер.
  • Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, саз өнері, орыс әдебиеті, тарих.

Ұйымдастыру сәті Қызығушылықты ояту.

Өлсе өлер табиғат, адам өлмес.

Ол бірақ қайтіп келіп ойнап – күлмес.

Мені мен, менікінің айырылғанын,

“Өлді” деп ат қойыпты өңкей білмес.

Көп адам дүниеге бой алдырған,

Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.

Өлді деуге сыя ма, айтыңдаршы

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған?

Абай туған халқының , болашақ ұрпақтың өнегелі тәрбиешісі,

ана тілінің , қазақ поэзиясының өсіп гүлденуіне зор үлес қосқан қамқоршысы.

Үй тапсырмасын сұрау

Өлеңді мәнерлеп оқу.

Өлеңнің жазылу тарихы

Реализм деген не?

Сыншыл реализм деген не?

Қазақ әдебиетіндегі сыншыл реализм деген не?

Білім

Жаңа сабақты түсіндіру

  • «Адасқанның алды жөн, арты соқпақ» өлеңіндегі әлеуметтік маңызы бар мәселелерге сыншылдықпен қарауы, әлеуметтік теңсіздік туралы ойлары, ел үстінен күн көрген алаяқ би, болыстарды, мал-мүліктің буына семірген байлар мен патша әкімдерін сынауы;

Адасқанына қарамай алдым жөн деп, артында көмескі соқпақ қалдырып, бүкіл қоғамға зардабын тигізетін зиянды құбылысты бар болмысымен әшкерелейді.

Ол «кедейдің кеселінен сақта» дегендей, жаппай етек алған жалқаулық, бойкүйездік. Абай өлең тілінде алғаш рет «кедей қайдан шығады!?» деген тақырыпты қозғайды

Оның басты себебі - жалқаулық екенін дәлелдейді.

Олардың киген киімі, жүріс-тұрысы, бет құбылысы, сөйлеген сөзі қаз-қалпында, күлкілі кейіпте көз алдыңа келеді. Кәдімгі бос қалжыңға, мағынасыз ыржыңға бой алдырған берекесіз, еңбекке қырсыз адамның күйкі келбеті. Және тап осындай «керегеге сабау шаншып, бөркін ілген, бет-аузын мың құбылтқан, қу борбай жылпостың» өзі.

Ол - бүкіл халық мүддесін ойлайтын, оның барар бағытын бағдарлайтын, күнделікті өмірде аяққа тұсау болып, кері кеткен кеселдерді көзге шұқып көрсетіп отыратын әділ қазы.

Абай ел үстінен күн көрген алаяқ би-болыстарды, мал-мүліктің буына семіріп, құдайын ұмытқан байлар мен патша әкімдерін көп сынаса, мұны қазақ даласын жайлаған әлеуметтік теңсіздікті күнде көріп жүргендігінің көрінісі дер едік.

Ақын бұл өлеңінде ел адымын аштырмай отырған кеселді қырсықтың тағы да бір қырын аңғартады.

«Адасқанның алды- жөн, арты -соқпақ...»

Абайдың 1886 ж. жазған өлеңі.

Көлемі әрқайсысы 4 тармақтан тұратын 7 шумақ.

Бейнефильм

  • “Адасқанның алды – жол, арты-соқпақ”
  • Абайдың отыз сегізінші қарасөзімен ұқсастығы

  • Абай қарасөздері тақырып, пікір жақтарынан оның өлеңдерімен тығыз байланысты
  • «Үшінші сөз» «Болыс болдым, мінекей» өлеңі  «Отыз сегізінші сөз» «Адасқанның алды - жөн, арты – соқпақ»  «Жиырма бесінші сөз» «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» , «Интернатта оқып жүр»  «Он тоғызыншы сөз» «Бір дәурен кемді күнгі бозбалалық» ,«Білімдіден шыққан сөз» өлеңдерімен мазмұндас.

Түсіну Өлеңді мәнерлеп оқу «Адасқанның алды жөн, арты соқпақ»

  • Адасқанның алды - жол,арты - соқпақ, Оларға жол - арамның сөзін ұқпақ. Қас маңғаз, малға бөккен кісімсініп, Әсте жоқ кеселді істен биттей қорқпақ. Бір аршопке шапаны сондай шап-шақ, Мүшесінен буынып, басады алшақ. Қас алдына жымырып келемін деп, Ақ тымақтың құлағы салтақ-салтақ. Жаздыгүні ақ бөркі бүктелмейді-ақ, Қолында бір сабау бар, о дағы аппақ. Керегеге сабауды шаншып қойып, Бөркін іліп, қарайды жалтақ-жалтақ.

Қу шалбар қулығына болған айғақ, Тізесін созғылайды қалталанса-ақ. Ұстаудағы кісідей мезгілі бар, Күні бойы шешініп, бір тяақ. Тірі жанға құрбы боп жап-жасында-ақ, Қалжыңдамақ, қасынбақ, ыржаңдамақ. Бет-аузын сөз сөйлерде жүз құбылтып, Қас кермек, мойын бұрмақ, қоразданбақ. Осындай сидаң жігіт елде мол-ақ, Бәрі де шаруаға келеді олақ. Сырын түзер біреу жоқ, сыртын түзеп, Бар өнері - қу борбай, сымпыс шолақ. Олардың жоқ ойында малын бақпақ, Адал еңбек, мал таппақ, жұртқа жақпақ. Жалғыз атын терлетіп, ел қыдырып, Сәлемдеспей, алыстан ыржаң қақпақ

 

Екі жақты күнделік стратегиясы


Ақын ойы

Менің ойым

Адасқанның алды - жол,арты - соқпақ, Оларға жол - арамның сөзін ұқпақ. Қас маңғаз, малға бөккен кісімсініп, Әсте жоқ кеселді істен биттей қорқпақ. Бір аршопке шапаны сондай шап-шақ, Мүшесінен буынып, басады алшақ. Қас алдына жымырып келемін деп, Ақ тымақтың құлағы салтақ-салтақ. Жаздыгүні ақ бөркі бүктелмейді-ақ, Қолында бір сабау бар, о дағы аппақ. Керегеге сабауды шаншып қойып, Бөркін іліп, қарайды жалтақ-жалтақ.

Екі жақты күнделік стратегиясы


Ақын ойы

Менің ойым

Байлар жүр жиған малын қорғалатып, Өз жүзін, онан беріп, алар сатып, Онан алып, тоқсаннан дәме қылып, Бұл жұртты қойған жоқ па құдай атып? Барып келсе Ертістің суын татып, Беріп келсе бір арыз бұтып-шатып, Елді алып, Еділді алып есіреді, Ісіп-кеуіп, қабарып келе жатып. Әрі-бері айналса аты арықтап, Шығынға белшесінен әбден батып. Сұм-сұрқия, қу, білгіш атанбаққа Құдай құмар қылыпты қалжыратып. Қорғаласа, қорықты деп қоймаған соң, Шаптырады қалаға бай да аңдытып. Күшті жықпақ, бай жеңбек әуел бастан, Қолға түсер сілесі әбден қатып. Жаны аяулы жақсыға қосамын деп, Әркім бір ит сақтап жүр ырылдатып.

Екі жақты күнделік стратегиясы


Ақын ойы

Менің ойым

Сабырсыз, арсыз,еріншек,  

Көрсе қызар, жалмауыз, 

Сорлы қазақ сол үшін,

Алты бақан алауыз.

Өзін-өзі күндейді,

Жақынын жалған міндейді

 Ол — арсыздық белгісі. 

Ұятсынбай, ойланбай,

Қой дегенге тіл алмай,

Iс қылмай ма үлгісі?


ІІІ Қолдану

ІІІ Қолдану «Ақылдың алты қалпағы» 

  • А)Ақ қалпақ: өлеңнің белгілі немесе қажетті тұстарына тоқталады, балалардың  назарын сол идеяларға аударуға жұмыстанады.
  • Ә)Сары қалпақ: Бұл қалпақпен сіз өлеңнің жағымды жақтарын зерттейсіз және өз назарыңызды, күш-жігеріңізді оның жетістіктері мен жақсылықтарын іздеуге жұмсайсыз.
  • Б)Қара қалпақ: Бұл- «әзәзілдің қорғаушысы» өлеңнің жағымсыз жақтарымен мақтана аласыз,оны өз беттеріңізше қорғауға әрекет етесіз. 
  • В)Қызыл қалпақ: Сезімге ерік бересіз, өлең туралы болжамды және ішкі өз түйсіктеріңді білдіресіздер. заман ағымымен бе, әлде басқа себептермен өзгерген адамдар туралы.
  • Г) Жасыл қалпақ: өлең кейіпкерлерінің мүмкіндіктеріне, олар бақытты болуға лайықты жол таба алатындығына, жаңа идеяларға бағытталады. заманға лайық жастарға көзқарастары туралы
  • Ғ) Көк қалпақ: шығарманың маңызы туралы 

Ақ шляпа – таза ой, дұрыс ойлау.

  • Ол тек нақты бар фактілерге, сандарға ғана сүйенеді. Тек бар нәрсе ге ғана қарап отырып, алуға болатынды ғана аламыз. Ақ түс қағаз туралы ойға әкеледі. Осы режимде біз тек қолымызда бар немесе шешім қабылдауға қажетті ақпаратқа ғана сүйенеміз: тек қана фактілер мен сандар.

Қызыл шляпа – бұл эмоциялар, оқыстан көздің ашылуы және интуиция.

  • Қызыл шляпаны киген адам басқа адамдардың мүмкін болатын эмоционалды реакцияларын зерттейді. Қызыл шляпа – бұл қызу сөлейтін, тілі мен жағына сүйенген адам және көпшіліктің дәлқазіргі сәттегі бағытын байқай білетін саясаткер.
  • Қызыл түс от туралы ойға әкеледі. Қызыл шляпа интуициямен, сезімдермен және алдын ала сезулермен байланысты.
  • Мұнда ешнәрсені негіздеудің қажеті жоқ. Сіздің сезімдеріңіз бар және қызыл шляпа Сізге оны білдіруге көмектеседі.

Қара шляпа – бұл штаттағы пессимист. Алайда, ол аргументтері бар пессимист болуы керек.

Қара шляпа – бұл штаттағы пессимист. Алайда, ол аргументтері бар пессимист болуы керек.

  • Өзінің көңілсіз «қолдарыңыздан не келер дисіңін» айта отырып, ол өз көзқарасын дәлелдейтін баяндама айтуы керек.
  • Байқаңыз: «қара шляпа» киген адам саны «1» аспау керек. Көбейіп кетпеуі үшін біреуі ғана жеткілікті.
  • Қара шляпаның пайдасы орасан зор! Дәл осы қара шляпа «еш бір жерде сызат жоқ па, кірленіп қалған, қисығын» тексереді…Қара түс мантияны еске түсіреді және абай болуды білдіреді. Қара шляпа – бұл сын мен бағалау режимі, ол кемшіліктерді, тәуекелді аңғартады және айтады.

Сары шляпа – бұл «позитивті» Күн. Сары шляпа – болашаққа деген ең оптимистті көзқарасты білдіреді.

Сары шляпа – бұл «позитивті» Күн. Сары шляпа – болашаққа деген ең оптимистті көзқарасты білдіреді.

  • Ең Жақсысысын, Ең Сәттісің аңғарады.
  • Балық топқа оптимизм жұқтырады.
  • Сары шляпа «негативтен» «позитив» таба білуі керек.
  • Сары түс күн мен оптимизм туралы ойға әкеледі.
  • Сары түстен біз жетістіктер мен артықшылықтарды іздеуге тырысамыз.

Жасыл шляпа – бұл сайқымазақтың қалпағы. Жасыл шляпаны киген адам ең оқыс, күтпеген, ерекше ойлар білдіруі тиіс.

Жасыл шляпа – бұл сайқымазақтың қалпағы. Жасыл шляпаны киген адам ең оқыс, күтпеген, ерекше ойлар білдіруі тиіс.

  • Жасыл шляпа – бұл қиял-елестің ұшқындауы, ең батыл және творчестволық идеялардың көзі.
  • Жасыл түс өсімдіктер, өсу, энергия, өмір туралы ойға әкеледі.
  • Жасыл шляпа – бұл шығармашылық, жаңа идеяны іздестіру, стандартты емес әдістер мен альтернативті көзқарастардың жиынтығы.

Көк шляпа – бұл барлық үрдісті ұйымдастырушы.

Көк шляпа – бұл барлық үрдісті ұйымдастырушы.

Көк шляпаның рөлі – бұл үйлестіруші, спикер болу – барлық шляпаларға сөз беріп, соңынан қорытындылау.

Талықылаудың басында да қолданылады, ойлаудың міндетін қойып, соңынан қандай мақсатқа жеткізім келетінін анықтайды. Бұл барлық үрдісті бақылау және оны басқару (мақсатты қалыптастыру, қорытынды шығару және т.с.с.).

ІҮ. Талдау

  • Өлең құрылысындағы Абай өрнегі
  • Абайдың сөзден салған өрнегі
  • Салыстыру ұқсастықтар мен айырмашылықтар

Өлең құрылысындағы Абай өрнегі

Абайдың сөзден салған өрнегі


Жалғыз атын терлетіп, ел қыдырып, Сәлемдеспей, алыстан ыржаң қақпақ

Осындай сидаң жігіт елде мол-ақ, Бәрі де шаруаға келеді олақ.

Бет-аузын сөз сөйлерде жүз құбылтып, Қас кермек, мойын бұрмақ, қоразданбақ.

Тірі жанға құрбы боп жап-жасында-ақ, Қалжыңдамақ, қасынбақ, ыржаңдамақ.

Қу шалбар қулығына болған айғақ, Тізесін созғылайды қалталанса-ақ.

Керегеге сабауды шаншып қойып, Бөркін іліп, қарайды жалтақ-жалтақ.

Қас алдына жымырып келемін деп, Ақ тымақтың құлағы салтақ-салтақ.

Қас маңғаз, малға бөккен кісімсініп, Әсте жоқ кеселді істен биттей қорқпақ.




Салыстыру Ұқсастықтар мен айырмашылықтар


“Адасқанның алды - жөн, арты – соқпақ” өлеңі

Ұқсастығы

Абайдың отыз сегізінші қара сөзі

Жинақтау




Қорытынды

Фишбоум әдісі

Проблема

Себептері

Дәлелдер

жалқаулық

жағымпаздық

бойкүйездік

берекесіз

Еңбекке қырсыз

Керегеге сабауды шаншып қойып, Бөркін іліп, қарайды жалтақ-жалтақ.

Тірі жанға құрбы боп жап-жасында-ақ, Қалжыңдамақ, қасынбақ, ыржаңдамақ.

Бет-аузын сөз сөйлерде жүз құбылтып, Қас кермек, мойын бұрмақ, қоразданбақ.

Осындай сидаң жігіт елде мол-ақ, Бәрі де шаруаға келеді олақ.

Олардың жоқ ойында малын бақпақ, Адал еңбек, мал таппақ, жұртқа жақпақ.

Баға. сын

  • « Идеалдан қашықтық» жаттығуы «Жол салу» жаттығу
  • «Автор орындығы» стратегиясы.


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет