Тусупова Кырмызы Жумакасовна, Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі



Дата15.09.2017
өлшемі85,9 Kb.
#32545
Тусупова Кырмызы Жумакасовна, Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі  
ШҚО Семей қаласы «№12 жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
тел: факс 8(7222) 67-09-38
sh12_priemnaya@mail.ru

Әрбір адамның мектеп жасынан мемлекеттік тілді  үлкен жауапкершілікпен оқуға негіздеп, болашақ таңы мемлекеттік тілде екенін түсіндіре және мойындата алсақ, мемлекеттік тіл мәселесін жан-жақты қадағалап, мәртебесін арттыруға күш-жігерін аямаса, мемлекеттік тілдіңдамуы мен қолдані аясының  кеңеюіне күмән келтірмеуімізге болады. Қазіргі таңда жаңа технологияларды қолдану нәтижесінде, үш тіл тұғырлы тіл екендігін есте ұстап, өзге ұлт өкілдеріне мемлекеттік тілімізді қадірлеуге, әр сөздің мағынасын, айтылуын түсіндіруге және ұлтжандылыққа тәрбиелеу басты міндетіміз.

Today our aim is using new technology to remember three languages, to respect our state language, to explain and speaking aspects.   
We have mast study our pupils responsibility learn the state language and to explain them that the state language is our future. And after that the state language will be develop.


Мемлекеттік тілді оқытудың мақсаты -  оқу өзге тілде жүретін мектеп оқушыларының бастауыш мектепте қазақша қарым - қатынас тілінің негіздерін игеруіне, дұрыс оқып, дұрыс жазуға машықтануына, яғни, тілдің орфографиясы мен орфоэпиясының заңдылықтарын түсіндіруге бағытталады.

Тіл дамытуда атқарылатын жұмыстың ең негізгі түрі – сөздік жұмысын жүргізу. Сөздік  жұмысын жүргізу арқылы  оқушының  сөздік қорын  байыту көзделеді. Сөздік қоры бай адамның ойын анық  жеткізу мүмкіндігі бар. Екінші бір тілді меңгеру сөз үйренуден басталады. Тіл үйрету дегеніміз – кез келген сөзді құрғақ жаттап алу емес, жаңа сөздің мағынасын түсініп, саналы түрде есте сақтау, жаттау, ауызша, жазбаша сөздерді дұрыс қолдана білу. Ал, оқушының жаңа сөздерді саналы түрде есте сақтауы үшін сабақта түрлі көрнекіліктер,  кесте сөздердің орыс тіліндегі аудармасын айту, түсіндіру сияқты тәсілдер қолданылады. Жалпы, оқушылардың тілін дамытуда өткен сабақтарда үйренген  сөздерді жаңа сабақпен байланыстыра, сол сөздерді қайталап, жаңа сөздермен бірге ауызша, жазбаша сөйлем құраттыру аса маңызды. Оқу орыс тілінде жүретін мектептерде оқушыларға жаңа сөздерді үйретуде төмендегідей әдістемелік талаптар ескерілуі тиіс.

Жаңа сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру. Сөздердің мағынасын түсініп есте сақтаумен бірге, дұрыс айтып үйренудің мәні зор.

Заттың өзін көрсету арқылы меңгерту. Затты нақты көрсеткенде оқушының көру қабілеті арқылы сөздің мағынасын түсініп, есте сақтау мүмкіндігі артады.

Жаңа сөзді аудару арқылы меңгерту. Жаңа сөздерді оқушылардың ана тіліне аудару сөздің дәл мағынасын ашатын бірден – бір тәсіл деуге болады.

Оқу орыс тілінде жүретін мектептердің бастауыш сыныптарындағы қазақ тілі сабақтарында оқушыға жаңа  сөздерді үйретуде мынадай  әдістемелік талаптар ескеріледі:

Жаңа сөздер жеке, дара  алынбай, басқа сөздермен байланыста мәтінде алынып, қолданыстағы жағдайда беріледі.

Оқушының белсенді түрде меңгеретін жаңа сөздері 7-8 сабақ бойынша еске түсіріліп, қайталанып отырады.

Сондай-ақ, жаңа сөз оқушының түсінуіне ыңғайлы, жеңіл түрде беріледі.

Ол сөздің сөйлемде түрлі грамматикалық тұлғада қолданылатыны оқушыларға сөздердің бастапқы айтылу негізі бекітілгеннен кейін түсіндіріледі.

Бір сабақтың ішінде жаңа сөздер мен грамматикалық ереже бір мезгілде берілмейді.

Оқушы жаңа сөзді тиянақтап еске сақтау үшін сабақта түрлі сабақ көрнекіліктерін, кестелер, сызбалар, суреттер, бейне таспалар мен қатар сөздердің орыс тіліндегі аудармасын айту, тусіндіру  тәсілдері қолданылады.

Тіл сабағында оқушыларға берілетін мәліметтердің тиянақты болуының басты бір жолы қайталау және салыстыру әдістері. Әсіресе, оқушылардың тілін дамыту үшін өткен сабақтарда үйренген сөздерін қайталап, сол сөздерден ауызша да, жазбаша да сөйлем құратып, жаттықтыру және жаңадан үйретілетін сөздер сол бұрынғы сөздермен байланыстырыла үйретілуге тиіс. Сонымен бірге, екінші тілді ана тілімен ұдайы салыстырып отыру өте тиімді әдіс. Өйткені, орыс сыныптарында қазақ тілін үйреткенде екі-тілді салыстыру оқушылардың материалды тез және саналы түсінуіне үлкен әсер етеді.

Сөздердің мағанасын түсініп, есте сақтаумен бірге өте дұрыс айтып үйренудің мәні зор. Оқушы алғаш рет қазақ сөздерін естігенде, белгілі бір қиындыққа ұшырайды. Мысалы, қазақ тіліндегі ерекше дыбыстарды айтуға қиналады. Әсіресе, «қ,ғ,ң,Һ» дауыссыз дыбыстарын дұрыс дыбысталуымен айттыруға дағды беруде көптеген жаттығу жұмыстары жүргізіледі. Тәжірибелі ұстаздар бастауыш сыныптарда қазақ тіліндегі ерекше дыбыстарды дұрыс дыбысталуымен айтуға баса назар аударады.

Демек, үйретілетін жаңа сөз ішінде кездесетін ерекше дыбыстарды дұрыс айтып үйрену үшін фонетикалық жаттығулар жүргізу тиімді. Орыс мектебіндегі екінші тілді оқитын бала ә,ө,қ,ғ,ү,ұ,ы,і,һ,ң дыбыстарын дұрыс айта алмайды. Сондай-ақ  дауыссыз дыбыстардың:  қатаң , ұяң , үнді дыбыстардың дыбысталуына да қиналады. Екі дауыссыз дыбыстың қатар келуін де дұрыс меңгере алмайды. Мысалы: қант /сахар/, ант /присяга/, құрт /курт/, сүрт /вытирай/, жырт /порви/.

Қазақ  тілінің  дыбыстық ерекшелігіне қатысты дыбыстардың дұрыс айтылуын үйрету- жұмыстың өте қиын түрі. Дыбыстардың жеке тұрғандағы айтылуынан бастап, буында, буынның  ішінде, сөз тіркесінде, сөйлемде, мәтінде айтылуына дейін түрлі жағдайда бірте-бірте күрделендіру тәсілін қолдану тиімді.

Бұл әдісті жаңа сөзді меңгертуге де қолдануға болады. Жаңа сөзді де жеке оқушыға, мұғалімге еліктетіп қайталату, бүкіл сыныпқа қайталату әдісі  арқылы дұрыс айтып үйретуге болады.

Жаңа сөздің дұрыс айтылуын  алғашқы кезеңнен бастап-ақ қолға алған дұрыс. Жаңа сөздің айтылуын дұрыс қалыптастырмаса,кейін оны түзету қиын екені белгілі.


Жаңа сөзді жеке түрде дұрыс айтуға үйрету оны меңгертудің бастамасы ғана. Жаңа сөз әрі қарай сөз тіркесінде, сөйлемде, мәтінде, әңгімелесуде бірнеше рет қайталанады. Сонымен бірге, жаңа  сөз олардың бәрінде түрленіп, әр түрлі тұлғада беріледі. Сөздің түрлі жағдайда дұрыс айтылуына  оқушыны дағдыландыру, жаңа сөздің айтылу  ерекшелігін оқушыда қалыптастырады, сөздің дұрыс айтылу дағдысын бекітеді.

Бастауыш сынып оқушыларына сөздің мағынасын түсіндіріп үйрету үшін заттың табиғи өзін көрсетудің маңызы зор. Затты нақты көрсету арқылы оқушының сөздің мағынасын түсініп, есте сақтау қабілетімен қатар, көру қабілеті арқылы сөзді есте сақтау мүмкіндігі артады. Оқушыға затты көрсету барысында сөзді оқушы тез қабылдайды.

Оқудың алғашқы күндерінен бастап-ақ оқушы айналасындағы заттарды көру арқылы жаңа сөздердің мағынасымен танысып үйренеді. Ең алдымен, оқушы сыныптағы заттармен танысып оны қазақша атап үйренеді. Мысалы: Бұл- мұғалім, оқушы, сынып, карта, тақта, бор, терезе, есік, үстел, орындық, дәптер, қалам, қағаз, кітап, күнделік, қарындаш, өшіргіш, сызғыш, оқулық, бала, қыз т.б. «Мектеп, сынып» деген тақырыпқа байланысты жаңа сөз үйрету жеңілірек келеді. Өйткені ол атаулардың заттары оқушыны қоршаған ортада бар. Оларды көрсетуге, таныстыруға болады. Оқушыға заттың өзін қолдану арқылы жаңа сөзді үйрету тиімді.

Бірінші сыныпта оқушымен сурет арқылы сөздік жасау өте пайдалы болады. Оқушының әр сабақта үйренген сөзінің суреті дәптерге жапсырылып, немесе суреті салынып, жанына  қазақша атауы жазылады. Суреттерді оқушылар журналдардан, газеттерден табылуына қарай басқа да орындардан алады. Оған ата-аналары да жәрдем береді. Оқушылар өздеріне кездескен, ұнаған суреттерін жапсырып, кейбір суреттерді салып, оның  атауын сұрап, білгісі келетін  жағдайлар да кездесіп отырады.

Сөздік жұмысының бұл түрі оқушының сөздерді есте сақтауына жақсы ықпал етумен бірге, оқушыны ізденуге, еңбекке, табандылыққа баулиды, тілге қызығушылығын арттырады.
2-3 сыныптарда синонимдік, антонимдік сөздіктер де жасату өте пайдалы. Ол оқушының сөздік қорын байытады, тілін дамытады. Синонимдік сөздікке оқу барысында кездескен синонимдер жазылды. Синонимдік сөздікке қатардағы сөздердің басқа сөздермен тіркесу, қолданылу үлгісі беріледі. Мысалы; әдемі – красивая, сұлу – очень красивая,  көрікті – симпатичная – сөздері бір қатарға жазылып, олардың әрқайсысының қолданылуына сөйлемдер жазылады: Ол - әдемі қыз. Сен көріктісің. Бұл – сұлу қыз. Бұлардың әрқайсысының аудармасы беріледі.

Антонимдік сөздік ойын өте дәл беруге көмектеседі. Онда да антонимдер аудармасымен берілді: ұзын /длинный/ - қысқа /короткий/, жақын /близко/ - алыс /далеко/. Мұнда да әр сөздік сөйлемде қолданылуы берілді.

Сонымен бірге оқушыларға жанылтпаш, жұмбақтар мен мақал – мәтелдер сөздігін жасату жұмысы  өте тиімді. Тілді дамытумен байланысты оқушыларға жаңылтпаштар, жұмбақтар мен мақал – мәтелдер берілетіні белгілі. Оларды бөлек сөздік етіп жазып отыру арқылы оқушының тілі байиды, көркем,  әсерлі сөйлеу дағдысы қалыптасады. Мақал – мәтелдер балаларды жақсы  мінезге, еңбекке, кішіпейілділікке баулиды, ойды көркемдікпен айта білуге баулиды. Жаңылтпаштар мен жұмбақтардың,  мақал – мәтелдердің бала ұғымын, түсінігін кеңейтуде, оның тілін, ойын дамытуда оларды жақсы, үлгілі істерге баулиды.

Затты табиғи көрсету арқылы жаңа сөздердің мағынасын үйрету тиімді әдіс. Осының нәтижесінде оқушының сөздік қоры дамып, ойларын байланыстырып айта білуге дағдыланады.

Нақтылы затты қолдана отырып, оның атын яғни сөзді үйретуде қайталау кең орын алады. Жаңа сөздер түрлі тұлғада сабақта бірнеше рет қайталанады. Ол оқушының сөзді есінде сақтауына көмектеседі. Сонымен бірге сөздің дұрыс айтылуын қалыптастыруда да оның мәні зор.

Заттың нақтылы өзін көрсету тәсілі сөздің мәнін жақсы түсіндіруді қамтамасыз етумен бірге, оны еңбекпен байланыстыруға өте ыңғайлы. Ал сабақтың еңбек  түрінде өткізілуі оқушыны зеріктірмей, қызығушылығын арттырады. Сабақтың түрі өзгеріп, дағдылы емес сабақ  түріне көшу оқушылардың сабаққа ынтасын арттырады.

Нақтылы затты көрсету арқылы сөзді үйрету әдісі бастауыш сыныптарда кең қолданылады және ол тіл үйретудің алғашқы кезеңіндегі ұтымды әдістеріне жатады. Сондықтан ол бастауыш сыныптарда өте жиі қолданылады.

Жаңа сөзді екінші тілге аудару  арқылы сөздің мағынасын тиімді де сапалы түсіндірумен қатар, сөздің дәл  мағынасын ашатын бірден – бір тәсіл деп айтуға болады.


1-2 сыныптарда оқушы сөзді суреттер арқылы, түрлі  көрнекіліктер, аударма жасау арқылы меңгерсе, 3-4 сыныптарда сөздің мағынасын қазақ тіліндегі таныс сөздер арқылы ұқтыруға болады. Ол синоним, антоним сөздер арқылы іске асырылады. Мысалы: ай – луна, ай – месяц, айт – скажи, айт – праздник, құрбан айт, аяқ – нога, аяқ – чаша, адам, кісі – человек, апта, жеті, жұма -  неделя, ас, тамақ,  дәм, тағам – пища, ат, есім – имя, оқу, сабақ – учеба, алыс, жақын – далекий, близкий, жылы – суық – теплый – холодный, аз - көп – мало – много, бар –жоқ –есть – нет, жаз – қыс – лето – зима т.б.

2-4 сыныптарда кейбір сөздердің мағынасын суреттеп айтуға да болады. Мысалы: «жалқау» - еш нәрсені істегісі келмейтін адам, еріншек. Сазан, шортан, шабақ – бұлар балықтар. Құлпынай, бүлдірген – жеміс; бидай, арпа, тары, күріш, сұлы – астық деп те түсінік беріледі.

Қазақ тілі сабақтарында сөз үйретудегі ең тиімді тәсіл – суретті пайдалану. Бала табиғаты көрнекілікке өте бейім келеді. 1 сыныпта оқушының сөздік қоры  аз, әрі жаңа сөздің мағынасын білмегендіктен,  көбінесе суретті сөздік, суреттер жиі қолданылады. Сондықтан әрбір лексикалық тақырыптарға орай нөмірлі суреттер пайдаланылады. Мысалы: «Оқу құралдары» тақырыбына байланысты: дәптер, оқулық /әліппе/, күнделік, қалам, сызғыш, қарындаш, сөмкенің суреттері, ал «Үй жануарлары мен  жабайы жануарлар» тақырыбына орай: тауық, қаз, жолбарыс, қасқыр, аю, түлкі, қоян т.б. суреттерін көрсету арқылы үйретілетін сөз оқушының есінде берік сақталады. Әр тақырыпқа байланысты арнайы карточка жасап, жыл сайын оларды жаңа сөздермен толықтырып отыру қажет. Мұндай жұмыстың тиімділігі мұғалім өтілген тақырып бойынша оқушының үйренген сөзін қалай меңгергенін тексеруіне мүмкіндігі болады. Мысалы: 1 сыныпта «Ыдыстар» деген тақырып бойынша оқушының меңгерген сөздерін мынадай тәсілмен  тексеруге болады. Оқушылар өткен сабақта «қасық, шанышқы, пышақ, кесе, т.б.» сөздерін үйренген болатын. Мұғалім сыныпқа мынадай сұрақ қояды:

Қане, қасықты көрсетіңдер. Балалар үлестірмелі суреттерінен қасықтың суретін алып көрсетеді. Осы тәсілмен тақырыпқа байланысты ыдыстардың атын айтып, суреті көрсетіледі. Бұдан оқушылардың үйретілген сөздерді дұрыс түсініп, меңгергенін көруге болады. Суреттермен жұмыс бірте – бірте күрделеніп, оқушыны сөз бен сөзді байланыстырып, сөйлем құрауға бағыт береді.

Осындай сөздік жұмыстары арқылы тіл дамытуда мұғалім оқушыға жаңа сөздердің мағынасын  меңгертіп, дұрыс айтуын қалыптастырумен бірге, жаңа сөздерді оқушының қазақша сөйлеуіндегі белсенді сөзге  айналдыруды  көздейді.  Жаңа сөздерді үйретіп, есте сақтауда көрнекіліктердің маңызы ерекше. Көрнекілік құралдарға суреттер, альбомдар, техникалық құралдар т.б. әр түрлі заттар жатады. Соның ішінде сурет бойынша   жүргізілетін жұмыстың алатын орны ерекше. Оқушы суретті көріп қана қоймай, оның көзін үйретіп, тілін жаттықтырады. Көргені, байқағаны бойынша өз жанынан сөз қосады. Сол арқылы оның логикалық ойы дамиды, тілі жетіледі.

Оқушының сөздік қорын молайтып отыру –тіл үйренудегі басты мәселе. Күнделікті  сабақта жаңа сөздермен танысу, оның күнделікті айтылу, жазылу дәрежесіне мән беру, оны түсініп қабылдау – үлкен жұмыс. Оқушының түсіндірме сөздік, сөздік дәптері- өзіне көмекші құрал. Мақал – мәтелдерді, зерделі, асыл сөздерді жазып отыру, жаттап алу – қазақ тілін үйренуге деген ұмтылыс. Жаңа сөздер арқылы сөйлем құрау, өлең, мақал жаттау сабақты бекіте түседі. Оқушыдан сөздік сұрау, оны күнделікті дәптеріне жазып отыруды дағдыға айналдыруын қадағаласа, оқушының сөздік қоры мол болып, сөздікті жаттау арқылы заттың екі тілде қалай айтылып, жазылатынын біліп үйренеді.


Еліміздегі өзге халықтардың қазіргі таңда қазақ тілі үйреніп, меңгеріп қана қоймай, сол арқылы Тәуелсіз Қазақстанды тануы, сыйлауы осыдан басталатының білу бүгінгі күннің талабы.

Пайданылған әдебиеттер:

Н Назарбаев . Қазақстан халқына Жолдауынан. Астана, 2011 жыл.

«ҚР білім беруді дамытудың 2011-2012 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы». Астана, 2010 жыл.



Н.Оралбаева, Қ.Жақсылықова. «Орыс тіліндегі мектептерде қазақ тілін оқыту әдістемесі». А., 2003 жыл.
Каталог: uploads -> doc -> 0e56
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0e56 -> Сабақ жоспары Поурочный план The plan of the lesson Күні/дата/date: 04. 17 Сынып/класс/class


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет