Қуандық Ералин педагогика ғылымдарының докторы



Дата18.06.2017
өлшемі174,84 Kb.
#19359
Қуандық Ералин

педагогика ғылымдарының докторы,

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ -түрік

университеті, бейнелеу өнері кафедрасының



профессоры, ҚР Мәдениет қайраткері.

Ғазиза Ералина



педагогика ғылымдарының кандидаты,

аға оқытушы



Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті
КӨРКЕМДІК БІЛІМ БЕРУДЕГІ ИННОВАЦИЯ
Аннотация: В статье раскрывается содержание и методы использования новой техники и технологии в изобразительном искусства. Указывается значимость указанных технологии в художественного образования в Казахстане.

Ключевые слова: акриль бояу, эбру өнері, перфоманс, инстоляция, құммен сурет салу, иглографика, жүнмен бейнелеу, бізкесте, шегемен және жіппен өрнектеу, инфографика,


Өнердегі инновация бұл ғалымдардың анықтауы бойынша халықтың өнердегі мойындауына ұмтылған талдау, жаңа немесе жетілдірілген көркемдік шешім, зерттеу нәтижесі болып табылады. Инновация басқаша сөзбен айтқанда жаңашылдық, жаңару өнер тарихының барлық кезеңдеріне тән құбылыс. Бұлар туындының тақырыбын, технологиясын, шығарманы жасау технологиясын сонымен қатар көркемдік образдық шешімнің тәсілдерін қамтиды. Сондықтан қандайда болмасын әрбір шынайы шығармада көркемдік шешімнің жаңашылдығы бар инновация болып табылады. Инновацияның идентификациясы проблемасына сонымен қатар жаңа көркемдік шешімнің пайда болуын қосуға болады. Олар өнер тарихында имприоссенизм, кубизм, фовизм, модернизм болып аттары көптеп саналады. Инновацияны зерттеудің екінші бір қыры бұл бейнелеу техникасы мен технологиясының пайда болуы. Дәстүр (традиция латынның traditic деген сөзінен шыққан) құрамында белгілі бір мәдени образдар мен нормалар және құндылықтарды, идеялары мектебі мен стилі, салт пен дәстүрі бар мәдени мұраларды ұрпақтан ұрпаққа жеткізу мен сақтау болып табылады. Қандай дәстүр болмасын бір кездерде жаңашылдық болған, ал қандай жаңашылдық болмасын қолданысқа ену арқылы дәстүрге айналады.

Инновациялық технология түсінігі оның формалары, мамандар даярлаумен байланысы туралы бірқатар зерттеулер болғанымен оны көркемдік білім беру жүйесі саласында қолдану мазмұны мен түрлері əлі анықтауды қажет етеді.



Инновация - жаңа, жаңашылдық, белгілі бір үдерістегі жаңалық деген ұғымды білдіреді. Сонымен қатар жаңашылдық – бұрынғы іс- əрекеттерге негізделген оң ізденіс нəтижесі, жаңа ұтымды іс нəтижесіне бағытталған қызмет ретінде танылыды. Технология ұғымы бір нəрсені орындау үдерісі ретінде қабылданады. Технология - іс- əрекетті диагностикалау, жоспарлау, ұйымдастыру жəне ұйымдастырылған іс - əрекетті талдау кезеңдеріне бөліп орындау қажеттігімен анықталады. Іс-əрекетті басынан аяғына дейін орындау үдерісімен сипатталатын қызмет жүйесі ретінде қарастырылады.қ

Көркемдік білім беру жүйесінде инновациялық технологияларды қолданудың сан түрлі формалары бар. Осылардың арасында маңыздыларының бірі – пікірталас. Пікірталас болашақ өнер мамандарымен бейнелеу өнерінің түрлері, жанрлары, өнер тарихы мен сынының мəселелері бойынша ұйымдастырылады. Сонымен қатар көркемдік білім беру, білімгерлердің шығармашылық қабылеттерін арттыру, оқыту технологиясын таңдап алу мəселелеріне талдау жасалады.Бейнелеу мен дизайн жəне өнертану мамандықтарының оқу пəндерін оқыту үдерісінде графика, кескіндеме, мүсін, қолөнер туындыларының көркемдік ерекшеліктерін талдау бойынша болашақ мамандар өз пікірлерін ортаға салады.

Көркемдік білім берудегі инновация пәнін оқытудың мақсат міндеттері. Көркемдік білім беруге болашақ мұғалімдерді даярлау педагогикалық проблема. Көркемдік білім берудегі инновацияның болашақ маман педагогтардың әдістемелік, өнертанымдық, көркем практикалық даярлығын қалыптастырудағы ерекшеліктері.



Бейнелеу өнеріндегі және бейнелеуге оқытудағы инновациялар. Инновациялар негізінен - бейнелеудегі инновациялар және бейнелеуді оқытудағы инновациялар болып екігі бөлінеді. Бейнелеудегі инновациялар:

Бейнелеудегі инновациялар: бейнелеу технологиясына байланысты инновция: майлы бояу, темпера, акварель, гуащь, акриль бояу, эбру өнері, перфоманс, инсталяция, құммен сурет салу, иглографика, жүнмен бейнелеу, бізкесте, шегемен және жіппен өрнектеу, 3Д бағдарламасы бойынша бейнелеу, көлемді және түрлі түсті бейнелеу техникалары,

Бейнелеу стиліне байланысты инновация: реалистік бейнелеу, абстрактілік бейнелеу, инсталяция, форпеманс,

Бейнелеу ұйымдастыруға байланысты инновация: көшпелі көрме, жеке көрме және дуэт көрме болып танылады.

Бейнелеуге оқытудағы инновациялар: кейс технологиясы, презентация технологиясы, тренинг ойындар технологиясы, имитациялық ойындар технологиясы, моделдеу технологиясы, диспут ұйымдастыру технологиясы, көрмелер ұйымдастыру технологиясы болып анықталады.

Перфоманс, инсталлияция - бейнелеу өнеріндегі жаңа технология. Перфоманс – ағылшын тілінен алғанда орындау, елестету, сөйлеу деген мағынаны білдіреді. Суретшінің белгілі бір уақытта, белгілі кеңістіктегі шығармашылық іс - әрекетін білдіретін қазіргі өнердің бір саласы. Кез келген ситуация перфомансқа қатысты болады. Қазіргі өнердігі перфоманс бейнелеу өнерінің дәстүрлері мұра болып қалған авангардттық немесе концептуальдық өнер формасына қатысты.

Инсталлияция – ағылшын тіліндегі қондырғы, орналастыру, құрамдау деген ұғымды береді. Инсталлияция - заманауи өнердің бір түрі. Ол әр түрлі формалар тұтастығынан құрамдалған кеңістіктегі композиция ретінде қабылданады. Бұл әр түрлі өнер түрлерінің бірігуі. Инсталлияция – бұл мүсін емес. Инсталлияция –мұражайдан орын алады. Инсталлияция – бұл аз өмір сүреді, тіпті сақталмайды. Инсталлияция – қарапайым, ұзаққа бармайтын, арзанқол материал натуралдық бетоннан т.б. материалдардан жасалады. Инсталлияция – кеңістік пен заттар элементтерінен құралған композиция. Инсталлияцияның шеберлері Лаура Астела, Изоф Боис болған. Инсталлияция – көбінесе өндірістен шыққан әртүрлі материалдарды монтаждау арқылы жасалынады. Инсталлияцияның негізін қалаған Марсель Дющан болды.

Құммен сурет салу және иглографика – бейнелеу өнеріндегі жаңа технологиялар. Құммен сурет салу – арнайы дайындалған бетіне әйнек қойылған, әйнектің астынан жоғары қарай жарық түсірілген жәшіктің бетіне құмды төгу, себу арқылы қысқа мерзімде салынатын сурет. Бұл суреттер тақырыптары табиғат, жан жануарлар, ою өрнектер болып кез келген көріністі камтиды. Бұл техника арқылы мультимедиялық суреттер де салуға қолайлы. Құм анимациясын мультфильм түсіруге қодануда. Иглографика - қағаз бетіне бояу жағып, оны кептіріп болған соң инемен немесе сым темірдің ұшымен сызу арқылы сурет салу. Мұндай суретті салып болған соң оның бетіне тағы да басқа бояу жағу арқылы көрініс қағаз бетіне түсіріледі. Бұл техниканы иглаграфика деп атайды.

Бізкесте. Шегемен және жіппен өрнектеу – бейнелеу өнеріндегі жаңа технология Бізкесте – мата немесе кенеп бетіне біздің жіптің көмегімен кесте тоқу әдісі. Бізкесте технологиясымен түрлі тақырыптық композиция немесе ою өрнектерден құрамдылған суреттер салынады. Шегемен және жіппен өрнектеу - белгілі бір тақта жазықтығының бетіне өрнектер суреті салынып, контур сызықтарына бірдей қашықтықта майда шегелер қағылып, сол шегелердің араларына түрлі түсті жіптер тарту арқылы түрлі формадағы өрнектер шығарылады.



Жүнмен бейнелеу, жеке көрме, көшпелі көрме және дуэт көрме – бейнелеу өнеріндегі жаңа технологиялар. Жүнмен бейнелеу - заманауи өнердің бір түрі. Жүқа ақ киіздің бетіне ою өрнектер немесе тақырыптық композициялық суреттер салынады. Осы әрекеттің негізінде пайда болған сызықтар ішіне жұқа жүнменен толтырып сурет пішіндері шығарылады.

Жеке көрме – жеке адамның немесе жеке суретшінің шығармашылық жұмыстарының белгілі орында, белгілі уақытта көрсетілуі. Көшпелі көрме- өнер тарихында бұрын да болған. Қазіргі кезде студенттер арасында қолданылады. Жеңіл молберттерді қатар қойып, солардың бетіне студенттердің шығармашылық немесе оқулық жұмыстары қойылып көпшілік назарына ұсынылады. Бұл көрмені бірнеше ғимараттарда, оқу орындарында, мәдениет орталықтарында көрсетуге ыңғайлы. Дуэт көрме – екі адамның немесе екі суретшінің шығармашылық жұмыстарының бірге көрсетілуі. Дует көрмелер әдетте студенттер арасында ұйымдастырылады. Көбіне бір ғана студентттің жеке көрме жасауға жұмыстарының саны жете бермейді сондықтан екі студент бірігіп дует көрме ұйымдастырады.

Эбру – бейнелеу өнеріндегі жаңа технология. Эбру - өнері бейнелеу саласындағы жаңа өнердің бір түрі. Эбру өнерінде сурет арнайы жазықтық ыдыс бетіне су құйылып сол судың бетіне арнайы бояумен сурет салынып, сол сурет бетіне қағаз жабылады. Осы салынған суреттер эбру техникасы бойынша салынған сурет деп аталады. Эбру өнері негізінен Түркияда жақсы дамыған. Эбру өнері бұл елде кең қолданыстағы өнердің бірі болып анықталады. Себебі бұл суретті салуға көп қаржы кетпейді, материалдарды табу қиындық туғызбайды.

3Д МАХ бағдарламасы бойынша бейнелеу. Жаңа технологияның өмір талабынан, сапа талабынан туындауы. 3Д МАХ бағдарламасы – зат пен құбылыстың көрінісін үш өлшемдік белгімен кеңістіктегі қалпын көрсетуге мүмкіндік беретін компьютерлік бағдарлама. 3Д МАХ бағдарламасы боынша суреттің кеңістіктегі қалпы көрсетіледі. Суретте кеңістікте орналасқан заттың ұзындығы, ені және тереңдігі көрініс табады. 3Д МАХ бағдарламасы дизайнның барлық саласында жоба жасауға кеңінен қолданылады. Бұл бағдарлама заттың кеңістіктегі қалпын, формасын, түрі мен түсінің жобасын көз алдымызға елестетіп көрсетуге мүмкіндік береді. ЭЕМ ді пайдалану арқылы сызу,график салу жұмыстарын орыдауға болады. Бұл уақытты үнемдеуге, жұмысты жеңілдетуге мүмкіндік береді. ЭЕМ мен жұмыс істеу үшін көптеген бағдарламаларды маңгерудің маңызы зор.Corel Draw, Corel PHOTPPAINT, Adole Poto Sop т.б. бағдарламаларды қолдану арқылы, практикалық сабақ, барысында білімгерлердің заттың үлгілерін конструкциялау, көркемдеп сәндеу, жұмыстарын компьютердің көмегіме атқаруға болады. Заттың нобайын құру, графикалық жұмыстар орындау, сурет салу т.б.жұмыстарды осы ақпараттық құралдармен жұмыс жасау жөніндегі білім негіздерін пайдалана отырып, Corel Draw бағдарламасы дұрыс іске асырады.



Бейнелеу өнерін оқытудың жаңа оқу бағдарламаларының мазмұнын құрамдау мен оның талабы. Маман даярлау мақсаты мен бағдарлама мазмұнының сәйкестігі. Сурет пәні көптеген мамандар даярлау үдерісінде оқытылады. Оны оқыту жоғары оқу орнында, арнаулы оқу орнында, техникалық мамандық беретін оқу орындарында және қысқа мерзімді курстарда оқытылады. Оқыту бағдарламасы мамандар даярлау мазмұнына байланысты әр түрлі бағытты қамтиды. Оқыту мерзімі де әр түрлі мөлшерді қамтиды. Суретті оқыту бағдарламасының мазмұндық құрылымы даярланатын маманның болашақ қызметі мен оның құзыреттілігіне байланысты алынады.

Кейс–стади технологиясын қолдану. Кейс–стади оқу мақсатын көздейтін ойынның элементі бар, кәсіби қызмет ерекшелігін құрамдайтын миниатюралық іскерлік ойын. Кейс технологиясы ерекшелігі. Кейс амал, тәсіл деген мағынаны береді. Оқыту технологиясы. Ситуацияны талдау деген мағынаны береді. Бұл әдіс АҚШ тың Гарвард университетінің шағын мектебінде пайда болған оқыту технологиясы. Бұл үш кезеңді қамтиды. Бірінші кезең - кейсті даярлау; Екінші кезең- нақты жағдаяттар бөлімі; Үшінші – кейске кіретін қосымша тапсырмалар мұғалімнің немесе жалпы топтардың алма кезек сурақ-жауаппен жұмыс жасау кезеңі.

Презентация технологиясы. Белгілі оқулық немесе шығармашылық суретті аяқтаған соң ұйымдастырылатын іс-шара, суретші іс-шара кезінде өзінің шығармаларының композициясы, идеясы, колориттік шешімі, орындау технологиясы туралы түсініктер береді. Шығарманың ерекшелігі артықшылығы, даралығы туралы айтып көпшілікке жария етеді.

Тренинг ойындар технологиясы. Шаштараздарға арналған суретті оқыту бағдарламасын жасау ерекшеліктері. Вейзажисттерге арналған суретті оқыту бағдарламасын жасау ерекшеліктері. Темір ұсталарына арналған суретті оқыту бағдарламасын жасау ерекшеліктері. Гүл сатушыларға арналған суретті оқыту бағдарламасын жасау ерекшеліктері.

Өндірістік ойындар құрылымы: 1.Қатысушыларға проблеманы таныстыру: 2.Командаларды құрамдау; 3.Командалық жұмыс; Қойылған кәсіби мәселені шешу. Тиімді және нәтижелі шешім табуға ұсыныс жасау. 4.Жариялау және талқылау; 5.Қорытынды шығару. Білімгерлер әрекеттерін сараптау. Ойынның жағымды жақтарына тоқталу. Әсерлер мен пікірлер қорыту. Ауызша және жазбаша жауаптарды жинақтап талдау.

Имитациялық ойындар технологиясы. Имитациялық ойындар технологиясы өнер тарихы, мүсін сабақтарын оқыту барысында қолданылады. Өнер тарихы сабағында студент өнертанушы, өнер сыншысы, тапсырыс беруші іс - әрекеттеріне имитация жасалады. Мүсін сабақтарын оқыту барысында студент мүсіншінің іс - әрекетіне имитация жасалады. Жарнама құрастыру ойыны бойынша студенттер шағын топқа бөлінеді. Кішкене қобдиша ішінен студенттердің заттарының бірін алады. Белгілі уақыт ішінде сал затқа жарнама құра растырады. Оны қалайша қолдануға болатындығын жиналғандарға көрсетеді. Жарнама келесі тәртіппен келтіріледі. Тауардың сипаты, тауардың артықшылығы, тауарды тұтынудың пайдасы туралы түсініктер береді.



Оқу материалын құрылымдық моделдеу технологиясы. Оқу материалдарын құрылымдық моделдеу технологиясы бойынша оқу материалдары теориялық және тәжірибелік болып екіге бөліп анықталады. Жалпы оқыту пәні болашақ маманың өнертанымдық даярлығы мен өнертанымдық құзыреттілігін қамтамасыз ету болатын болса өнертану теориясына оқу материалдардың басым бөлігіне молығырақ уақыт беріледі. Әдістемелік даярлығы мен әдістемелік құзыреттілігін қамтамасыз ету болатын болса әдістеменің теориясына оқу материалдардың басым бөлігіне молығырақ уақыт беріледі. Көркем практикалық даярлығы мен әдістемелік көркем практикалық құзыреттілігін қамтамасыз ету болатын болса, көркем практикалық жаттығуларға оқу материалдардың басым бөлігіне молығырақ уақыт беріледі.

Диспут және көрмелер ұйымдастыру технологиясы. Диспут технологиясы үш кезеңді қамтиды. Бірінші кезеңде диспутқа қажетті оқулық проблема анықталады. Диспут тақырыптары: «Бейнелеу өнеріндегі ою өрнектер». «Реализм мен абстракционизм» туралы проблемалар болуы мүмкін. Екінші кезеңде проблеманы талдауды ұйымдастыру. Үшінші кезең пікірталас проблемасы бойынша қорытынды шығарылады.

Көрмелер ұйымдастыру технологиясы. Көркемдік білім беру саласындағы ұйымдастырылатын көрмелер: оқулық көрме, шығармашылық жұмыстар көрмесі, жеке автор көмесі, көшпелі көрме, дует көрме т.б. болып бөлінеді.

Өнертану мамандарын даярлау барысында қолданатын ұтымды технология диспут. Диспут өнер мен өнер мамандарын даярлау мəселелері бойынша өткізіледі. Диспут алдын ала дайындалған қазіргі қоғамда шешуін күткен көкейкесті өнертанымдық мəселе бойынша қарастырылады. Мысалы, «Этнодизайн бұйымдарын қалай тануға болады? Этнодизайн бұйымдарының ерекшелігі неде ? Этнодизайн: кеше, бүгін, ертең деген тақырыптары бойынша ұйымдастырылады.

Көркемдік білім беруде ойын элементтерін қолдану ұтымды педагогикалық іс- əрекет. Ойындарды белгілі құбылысты танып білуге арналған ойындар, проблеманы шешуге бағытталған ойындар, ролдік ойындар, іскерлік ойындары, саяхат ойындары деп бөлуге болады. Кейс-стади - экономикадағы, əлеуметтік жағдайдағы жəне өнердегі ситуацияны талдауға арналған оқыту техникасы. Бұл технология өнертану проблеманың шығу себептерін, шешу моделін, тəжірибеде орындалу үдерістерін айқындайды. Тренинг- мамандықтың білімдерін, мамандық қызметінің іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру немесе шыңдауға бағытталған оқулық жаттығулар болып анықталады.

Көркемдік білім беру жүйесінде жаңа технологияның бірідөңгелек стол ұйымдастыру. Дөңгелек стол – өнер тарихынан белгілі проблемаларды талдауға бағытталған пікір алмасу формасында өткізіледі. Бұл бейнелеу өнері тарихы, егемен ел бейнелеу өнерінің қалыптасуы мен дамуы атты бағыттарды қамтитын тақырыптар мысал бола алады.

Топтық зерттеу – оқулық проблеманың түрлі аспектілері бойынша нысандарда топ мүшелерінің бөліп алып, зерттеу мақсат міндеттері бойынша анықталады. Мысалы «Оңтүстік Қазақстанның бейнелеу жəне қол өнері» атты тақырыпқа зерттеу жұмысын ұйымдастыруда бұл үлкен тақырып бірнеше шағын тақырыпшаларға бөлінеді. Білімгерлерге осы тақырыптың аспектілерін зерттеу мынандай нысандар бойынша анықталады.Оңтүстіктің графикасы, кескіндемесі, мүсіні, қол өнері, ағаш өңдеу, тері өңдеу, металл өңдеу, жүн өңдеу, тоқу, кестелеу, гобелен, керамика, болып бөлініп білімгерлерге таратып беріледі. Олар өздері таңдап алған сала бойынша материалдар жинап, зерттеу жұмысын жүргізеді.



Салыстырмалы кестелер - өнер туындылары туралы ой пікірлердің əр жылдар немесе уақыт қатынастарына байланысты сипаттарының өзгеру көрсеткіштерін таңдау. Галереяны шарлау (пікір жазылып ілінген шағын көрмені аралау мен оларды бағыттар бойынша салыстыру, үдерістер бойынша жəне нəтижелер бойынша жіктеуге үйрету. Яғни көрмедегі картиналар туралы пікірлерді салыстырып, қорытынды жасауға болады).

Позиция айқындау – белгілі бір проблеманы шешу туралы келісу немесе келіспеу туралы көзқарасты білдіруге үйрену . Осы позиция туралы білім алушы «иə» немесе «жоқ» деп білім алушы өз қатынасын білдіреді.

Бейнелеу өнерін оқытудағы қолданылатын инновациялық əдістер - ой қозғау, пікірталас , алдын ала атау беру, еркін жазу, кең ауқымды лекция, қолжазба күнделігі болып анықталады. Ой қозғау - ұстаз тарапынан болатын білімгерді белсенділік көрсетуге ынталандыруға бастау жолы. Сенектика- білімгердің ойын қозғаудың жетілдірілген түрі болып табылады. нықталады кестесі – білімгердің оқу бағдарламасын меңгергендік дəрежесін анықтауға бағытталған сұрақтарды оңай, орташа қиын жəне күрделі деңгейлерге бөліп қарастырылады. Ойлан, жұптас, пікірлес- білімгерлерді ұжымдық жұмыс жасауға жаттықтырады. Алдын ала берілетін атаулар - білімгерлерге белгілі қолөнер туралы немесе ою- өрнектің түрлері туралы атаулар күні бұрын беріледі де оған түсініктеме беру жайлы болашақ маман тарапынан даярлық жұмыстары жүргізіледі.

Еркін жазу – кескіндемелік композиция жасау барысында қолданатын көркемдік графикалық бағыттағы орындалатын жұмыс əдісі. Болжау, білім құрастыру - əдісі жаңа білім беру жобасын жасау барысында қолданылатын əдіс.Бұл бағытта көркемдік білім беру бағдарламасы бойынша қандай білім шеңбері берілу қажеттігі, қандай іскерлік пен дағдыны орындай алуына болжам жасалады.Осы жағдайлар анықталған соң білім беру бағдарламасының жобасы жасалады.

Кең ауқымды лекция – бейнелеу өнері тарихының белгілі бір дəуірінің дамуын айқындау мақсатында оқылады. Сұрақ қою – өнер тарихы сабақтарында білімгерлерді танымдық белсенділігін арттыру мақсатын көздейді. Бірін - бірі оқыту – бейнелеу өнері тарихынан алған блімдері туралы пңкір алысу барысында білімгерлер бір бірінен үйренеді. Бұл əсіресе сурет, кескіндеме сабақтарында өте қолайлы, бірінің салған суретіндегі бейнелеу, композиция түстану саласындағы жетістіктерді бір-бірінің көруі ерекше сабақ болып табылады.

Қолжазба күнделігі – білімгерлердің білемін, білгім келеді, білдім, деген іс-əрекеттер нəтижелері бойынша өзінің іс-əрекеттері туралы жазылған ой пікірлер жинағы ретінде танылады. Жазбаша бақылау нысандары – конспект, интервью, реферат жазу, бақылау жұмысы, эссе, баяндама, талдау, глоссарии, сөздік жасау, рецензия,сабақ жоспарын жасау болып табылады. болып анықталады. Конспект – білімгердің лекциялық сабақта жазған лекцияларының қысқаша мазмұны- оқу үлгерімінің бір бағыты ретінде танылады.

Интервью - көркемдік білім беру бағдарламасы бойынша білімгердің алған білімін тəжірибеде қолдану бағыты туралы ой - пікірлерін анықтау мақсатында жүргізілетін сұбхат.

Реферат жазу - өнер тарихының бағыттары,əртүрлі мəселелері бойынша ұсынылған тақырыпқа алдын ала дайындық негізінде шолу – талдау, проблема жəне оның сипаты, болашағы туралы жазылатын шағын еңбек. Бақылау жұмысы - белгілі білім беру бағдарламасының бөлімін немесе тарауын меңгергеннен кейін орындалатын картинаның көркемдік ерекшеліктері туралы жазбаша талдау жұмысы.

Эссе – өнер туындысының идеясы, композициямы, колориті, көлемі, орындалу техникасы туралы жазылған білімгердің қолжазбасы. Топ жұмысы туралы есеп – білімгерлердің белгілі бір тобында өнер жайлы көпшілік іс шара мазмұны оны міндеттерін бөлу, орындау жəне талдау туралы есеп.

Баяндама - баяндама белгілі танымдық іс шара шеңберінде өнертану проблемаларының біріне арналып даярланады, ол көпшілік немесе білімгерлер арасында оқылады. Баяндама мəтіні жаңа проблеманың шешілуі мен дамуы туралы мəселелерден құрамдалады. Талдау – бейнелеу өнері шығармалларының көркемдік ерекшеліктерін айқындайтын өнертанымдық - аналитикалық шолу жазумен сипатталады.

Глоссарии құрастыру - ұсақ мамандық білімдерін беретін, түсініктер берумен анықталатын шағын көлемдегі сөздік. Сөздік жасау - мамандыққа байланысты сөздерден ұғымдар мен терминдерден құрамдалады.Сөздікте түсініктемелер мен анықтамалар беріліп, мысалдар арқылы құбылысқа сипаттамалар жасалады. Сұрақтар кестесін дайындау, сұрақтар кестесі бейнелеу өнерінің графика, кескіндеме, мүсін, өнер тарихы, композиция мəселелеріне байланысты даярланады.

Сценарист – белгілі бір іс-шараның сценариін жазумен айналысатын адам.Сценари белгілі бір суретшінің өмірі мен шығармашылығына байланысты жасалады немесе өнертанудың белгілі бір қызықты оқиғалары бойынша жазылады.

Рецензия – белгілі бір кескіндеме, графика, мүсін немесе қолөнер бұйымының көркемдік ерекшелігін бағалауға арналған өнертанымдық жазба. Ақпарат көздерінің тізімін жасау – өнер тарихы, өнер теориясы, өнер сыны, графика, кескіндеме, мүсін,сəндік қолданбалы өнер, монументтік өнер, бейнелеу түрлері, жанры, станоктық өнер, пейзаж, портрет, бағыттары бойынша даярланады.

Сабақ жоспары – бейнелеу өнері тарихы сабақтарының түрі, мақсат міндеттері, білімдік тəрбиелік мүмкіндіктері, көрнекілігі, құрылымы, кезеңдері, қолданатын əдістері, талдаулары анықталған құжат ретінде танылады. Сабақ жоспарын презентациялау – бейнелеу өнері сабағының мазмұны, əдістері, т.б. ерекшеліктерін көрсету, жариялау болып табылады.

Оқыту технологиясының түрлері -- кредиттік оқыту жүйесі, өндіріс орнында оқыту, модулдік оқыту, проблемалық оқыту, деңгейлеп оқыту, технологиясы болып анықталады

Әдебиеттер:

1.Петров В.О. Перфоманс и хеппенинг – основные жанры акционизма в искусстве ХХ века // Искусствоведение в контексте других наук в России и зарубежом: Сб.: Материалы Международной научной конференции. - М.: Lito, 2014. - C 348 -357.

2.Спивак В.А.Корпоративная культура: теория и практика. М.: Питер, 2008 -32 с.

3.Камерон К.Куиин Р. Диогностика и измерение организационной культуры. /И.В.Андреева. СПБ: Питер, 2001 -320 с.



4.Тохтабаева Ш.Ж. Поиск гармонии. // Керуен, Алматы, №6 -2014. 40-47 c.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет