Уикипедия жобасынан алынған мәлімет Мында өту: шарлау, іздеу


Қазақстан, Қазақстан Республикасы



бет3/8
Дата15.09.2017
өлшемі1,22 Mb.
#32264
1   2   3   4   5   6   7   8

Қазақстан, Қазақстан Республикасы (орыс. Казахстан, Республика Казахстан; қысқартылған атауы — ҚР) — Шығыс Еуропа мен Орталық Азияда орналасқан мемлекет. Жер көлемі жағынан әлем елдерінің ішінде 9- орын алады (2 724 900 км²). Батысында Еділдің төменгі ағысынан, шығысында Алтай тауларна дейін 3000 км-ге, солтүстіктегі Батыс-Сібір жазығынан, оңтүстіктегі Қызылқұм шөлі мен Тянь-Шань тау жүйесіне 1 600 км-ге созылып жатыр. Қазақстан Каспий теңізі арқылы Әзірбайжан, Иран елдеріне, Еділ өзені және Еділ-Дон каналы арқылы Азов және Қара теңіздерге шыға алады. Мұхитқа тікелей шыға алмайтын мемлекеттердің ішінде Қазақстан - ең үлкені.

Бес мемлекетпен көршілес, солтүстігінде Ресеймен — 6 467 км, оңтүстігінде — Түрікменстан — 380 км, Өзбекстан — 2 300 км және Қырғызстан — 980 км, ал шығысында — Қытаймен — 1 460 км шектеседі. Жалпы құрлық шекарасының ұзындығы — 13392,6 км[5]. Батыста Каспий теңізімен, оңтүстік батыста Арал теңізімен шайылады[6].


Мазмұны


  • 1 Тарихы

    • 1.1 Ежелгі замандағы Қазақстан

    • 1.2 Қазақ ұлтының құрылуы

      • 1.2.1 Қазақ хандығының құрылуы

    • 1.3 Ресейдің Қазақ Даласын отарлауы

    • 1.4 Кеңестік режим жылдарындағы Қазақстанның дамуы

    • 1.5 Қазақстанның жаңа тарихы

  • 2 Географиясы

    • 2.1 Климаты

    • 2.2 Су қоры

      • 2.2.1 Мұздықтар

      • 2.2.2 Өзендер

      • 2.2.3 Көлдер және бөгендер

      • 2.2.4 Теңіз

    • 2.3 Қазақстан флорасы

    • 2.4 Қазақстан фаунасы

  • 3 Әкімшілік бөлінуі

    • 3.1 Ірі қалалар

  • 4 Халқы

  • 5 Мемлекеттік құрылысы

  • 6 Табиғаты

    • 6.1 Жер бедері

  • 7 Табиғат ресурстары

    • 7.1 Геологиялық құрылымы

    • 7.2 Кен байлықтары

    • 7.3 Жер ресурстары

    • 7.4 Агроклиматтық ресурстары

    • 7.5 Орман ресурстары

    • 7.6 Су ресурстары

  • 8 Саяси жағдайы

    • 8.1 Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару

    • 8.2 Сыртқы саясат

  • 9 Қоғам

  • 10 Экономикасы

  • 11 Энергетикасы

  • 12 Мәдениет және қоғам

  • 13 Білім беру жүйесі

  • 14 Бұқаралық ақпарат құралдары

  • 15 Әлеуметтік саласы

  • 16 Қарулы күштері

  • 17 Түсініктемелер

  • 18 Сыртқы сілтемелер

  • 19 Тағы қараңыз

Тарихы


 Толық мақаласы: Қазақстан тарихы

Ежелгі замандағы Қазақстан

 Толық мақаласы: Ежелгі дәуірдегі Қазақстан

Қазіргі Қазақстан жерін ежелгі адамзат баласы бұдан 1 миллиондай жыл бұрын мекен еткен. Қола дәуірінде Сібірдің, Жайық өңірінің, Қазақстан мен Орта Азияның ұлан-ғайыр далаларын тегі және тарихи тағдырларының ортақтығы жағынан туыс тайпалар мекендеді. Бұл тайпалар өзінше бір үлгідегі жарқын мәдениет қалдырды. Мұны ғылымда Андрон мәдениеті деп атайды. Ерте темір ғасыры дәуірінде (біздің заманымыздан бұрынғы Ы мыңжылдық ортасы) Қазақстанда тайпалық одақтар қалыптасты. Қазақстанның оңтүстік, шығыс және орталық аудандарын мекендеген тайпалар сақ тайпалар одағына, ал батыс, солтүстік аудандарындағы тайпалар савроматтар тайпалық бірлестігіне бірікті. Біздің заманымыздан бұрынғы 3-ғасырда Қазақстан жерінде кейбір тайпалар өз мемлекетін құрып, алыс-жақын елдермен саяси қарым-қатынастарға түсті. Олардың алғашқылары сюнну (ғұндар) болатын. Зерттеушілер ғұндарды түріктердің арғы ата-бабалары деп есептейді. Бұл бірлестікті Мөде басқарған кезде ғұндар бүкіл әлемге танылды. Ғұндардың батысқа жорығы “Халықтардың ұлы қоныс аударуына” түрткі болды. Жетісуда ежелгі тиграхауда сақтарының жерін мұра етіп алған усундер (үйсіндер) біздің заманымыздан бұрынғы 160 ж. шамасында Іле алқабында өз мемлекетін құрды. Олар Қаңлы мемлекетімен шектесті. Бұл тайпалар құрған мемлекеттер Қытай, Парфия, Рим және Кушан империясы сияқты елдермен саяси, экономикалық және мәдени байланыс орнатқан.



Қазақ ұлтының құрылуы

 Толық мақаласы: Қазақ халқының қалыптасуы

Қазақ хандығының құрылуы

 Толық мақаласы: Қазақ хандығының құрылуы

Ресейдің Қазақ Даласын отарлауы

 Толық мақаласы: Қазақстанды Ресейдің Отарлауы

Қазақстанды Ресейдің отарлауы 1731 жылы Кіші Жүз ханы Әбілқайырдың Ресейге қосылуынан басталды. Бұл процесс 130 жылдан аса уақытқа созылып, 19 ғасырдың 60 жылдарының ортасына қарай толық жүзеге асырылды. 1731 – 1860 жылдары Қазақстан Ресейге, көбіне сөз жүзінде ғана бағынып, іс жүзінде ру, тайпа билеушілері дербес саясат жүргізді. Патша өкіметі халық көтерілістерін аяусыз басып отырғанымен, елдің ішкі істеріне (сот жүйесіне, ру аралық мәселелерге) араласпады. Ел ішіндегі беделді адамдарға, ру басыларына жалақы тағайындап, әр түрлі атақтар беріп, екінші жағынан әкімшілік реформалар жасап, көнбегендерін жазалау арқылы өз билігін күшейтті.



  • 1822 ж. “Сібір қазақтары туралы жарғы”, 1824 ж. “Орынбор қазақтары жөніндегі жарғы” деген құжаттармен қазақ жерін басқару тәртібі белгіленді. Осы заңдар бойынша Орта жүз бен Кіші жүз хандықтары жойылды. Кіші жүзде хандық биліктің орнына Ресейдегі сияқты әкімшілік басқару жүйесі қалыптасты. Ал Орта жүзде “аға сұлтан” деген басқарушы қызмет енгізілді. Ішкі округтер құрылды. Округтер болыстарға, болыстар ауылдарға бөлінді.

  • 19-ғасырдың басында Хиуа мен Қоқан хандары Оңтүстік Қазақстанға өз бақылауларын орнатты. Қазақтар Қоқан мен Хиуа билеушілеріне қарсы жиі-жиі бас көтеріп отырды. Отарлық езгінің күшеюі, шұрайлы жерлерді тартып алып, бекіністер салу Кенесары Қасымұлы бастаған қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысын (1837 – 47) тудырды.

  • 19-ғасырдың 60-жылдарында Қазақстанның Ресейге қосылу үрдісі аяқталды.

  • 1914 ж. 1-тамызда Ресейдің 1-дүниежүзілік соғысқа тартылуы Қазақстан халқына ауыр соққы болып тиді.

  • Жаппай наразылықтар нәтижесінде 1916 жылғы көтеріліс шықты. Көтерілістің басталуына патшаның 1916 жылғы 25-маусымдағы майдандағы қара жұмысқа Қазақ пен Түркістан өлкелерінің және ішінара Сібірдің 19-дан 43 жас аралығындағы ер-азаматтарын шақыру жөніндегі жарлығы түрткі болды. Көтерілістің аса ірі ошақтары Жетісу мен Торғайда болды.

  • 1917 ж. патшаны тақтан құлатқан Ақпан революциясының оқиғалары көп ұзамай Қазақстанға да жетті.

  • 1917 ж. 21 – 28 шілдеде Орынборда 1-Бүкілқазақ съезі өтті. Делегаттар ұлттық автономия, жер-су, т.б. мәселелердің шешілуіне, Құрылтай жиналысына әзірлік және қазақ саяси партиясын құру мәселелеріне баса назар аударды. Әлихан Бөкейханов, Мұхамеджан Тынышбаев, Міржақып Дулатов, Ахмет Байтұрсынов, Жанша Досмұхамедұлы, Халел Досмұхамедұлы, Мағжан Жұмабаев, т.б. қайраткерлер отаршылдыққа қарсы Алаш партиясын құрды. Олар қазақ халқын отарлық езгіден азат ету ұраны төңірегіне топтасып, қазақтың дербес, тәуелсіз Алашорда демократиялық мемлекетін құруға кірісті. Бірақ көп ұзамай бүкіл Ресейдегі сияқты қазақ жерінде де кеңес билігі орнады.

Кеңестік режим жылдарындағы Қазақстанның дамуы

1917 жылы большевистік революциядан кейін Қазақстанда Кеңес билігі орнады. Бірінші дүниежүзілік және азамат соғыстары бүкіл ел шаруашылығын күйретті. 1920-1921 жж. қыста болған жұттың салдарынан ірі қараның жартысына жуығы қырылды. 1921 жылы жаз егінсіз болып, аштық орнады. Тек 20-жылдардың соңына қарай Қазақстан қалпына келді. 1920 жылы Қазақстан автономды, ал 1936 жылы КСРО құрамындағы одақтық республика болды.

Аймақтың экономикалық әлсіздігін есепке ала отырып, одақтық үкімет Қазақстан шаруашылығын қарқынды түрде дамытуды алға қойды және 1941 жылы өнеркәсіп өндіріс көлемі 1913 жылмен салыстырғанда сегіз есеге артты.. Ірі экономикалық жобаларды орындауға ресурстарды топтастырудың жоспарлық жүйесінің мүмкіндіктері арқасында Қазақстан 30-жылдары көшпелі өлкесінен ірі және өнеркәсіптік, егіншілік пен мал шаруашылығы дамыған, жоғары мәдени деңгейі бар аймаққа айналды.

Қазақстан аумағында мыңдаған ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар құрылды, он мыңдаған шақырымға созылған темір және автомобиль жолдары түсті. Қазақстан түрлі түсті және қара металл, көмір, мұнай, бидай, мал шаруашылығы өнімдерінің ірі өндірушісі болды. 1991 жылы Қазақстан үлесіне қорғасын, мырыш, титан, магний, қалайыны өндіруде одақтық өндірістің 70 пайызы, фосфор мен хром өндірісінің 90 пайызы, күміс пен молибденнің 60 пайыздан астамы тиесілі болды. Қазақстан дәнді дақылдардың ірі өндірушісі болды.

Алайда, экономикалық дамудағы жетістіктер үшін қазақ халқы құнын өтеді. «Социалистік индустриялау» әдісі қайғылы жағдайға әкелді. Нәтижесінде ұжымдастыру бойынша қозғалыс 30-жылдары аштыққа әкеліп тіреді. Қазақтардың бір бөлігі тобымен Қытайға және көршілес ортаазия елдеріне кетті. 1931-1934 жылдары аштық пен аурудан бір жарым миллион адам қаза тапты, ол этностың 40 пайызын құрады.

Қазақстан бұрынғы КСРО аумағындағы негізгі тұрғындардың ең аз бөлігін құраған бірегей республика болды; мұндай жағдай 30-жылдары халықтың көп бөлігінен айырылғаннан емес, КСРО-ның басқа аймақтарынан Қазақстан аумағына жүз мыңдаған адамдарды жарамсыз большевиктік режимде 1937-1938 жж. террор құрбандарына арналған концлагерлер ұйымдастыру арқылы қоныс аудару салдарынан болды.



1935 жылдан 1940 жылға дейінгі кезеңде Батыс Украина, Белоруссия және Литвадан поляктардың жер аударуы көп орын алды (120 мыңға жуық адам). ІІ дүниежүзілік соғыс жылдары Қазақстанға Поволжья немістері, Кавказдан шешендер, ингуштар және басқа да ұлт өкілдері күштеп қоныс аударылды, ал 50-60 жж. тың игеруге байланысты біздің елге Ресей, Украина, Белоруссиядан миллиондаған тұрғындар көшіп келді. Нәтижесінде 1926 жылы республикадағы барлық тұрғынның меншікті салмағы 57,1% құрап, 1939 жылы бұл көрсеткіш 38%-ға дейін төмендеді, ал 1959 жылы небәрі 30 пайызға тең болды. Тек соңғы жылдары қазақтардың меншікті салмағы 50 %-дың көрсеткішке жетті. 70-80 жылдар қарсаңында КСРО-ның экономикалық және әлеуметтік-саяси өміріндегі дағдарыс Қазақстанға да әсер етті. Қатаң жоспарлық жүйе елдің экономикалық дамуын, әлеуметтік саланы тоқыратты. Сондықтан да қайта құру саясаты жариялылық пен демократияға сенген Қазақстан халқынан кең қолдау тапты. Алайда, 1986 жылғы 17 желтоқсанда орын алған Алматыдағы жастардың демократиялық көтерілісінің қатты қысымға алынғаны тағы да «әлеуметтік» жүйенің жарамсыздығын көрсетті.

Қазақстанның жаңа тарихы

  • Қазақстан жері 6-ғасырда билеушілері ашина руынан шыққан Түрік қағандығының билігінде болды.

  • Бірақ 603 ж. ішкі-сыртқы қайшылықтарға байланысты мемлекет Батыс және Шығыс болып екіге бөлінді.

  • 704 ж. Жетісуда Түркеш қағандығы (704 – 756) орнады.

  • 756 ж. қарлұқ тайпалары саяси үстемдікке қол жеткізді. Сырдарияның төменгі және орта бөлігі мен Арал өңірін Оғыз мемлекеті жайлады, ал Қазақстанның солтүстігінде Қимақ мемлекеті орнады, Жетісуда Қарлұқ мемлекеті (766 – 940) құрылды.

  • 10-ғасырдың орта шенінде Жетісу аумағында және Шығыс Түркістанның бір бөлігінде Қарахан мемлекеті (942 – 1210/12) пайда болды. Қарахан әулетінің негізін салған Сатұқ Боғра-хан исламды қабылдады.

  • Найман тайпалар одағы 8-ғасырдың орта кезінде Жоғарғы Ертіс пен Орхон өзені аралығында сегіз оғыз деген атаумен пайда болған.

  • 12-ғасырда керейіттер (керейлер) мен меркіттер қосылған наймандар конфедерациясы Орталық Азиядағы ірі мемлекеттік құрылымға айналды. Керейіттер туралы алғашқы мәліметтер 10-ғасырдың бас кезіне жатады. Шыңғыс хан шапқыншылығы қарсаңында керейіттер қазіргі бүкіл Моңғолия мен Алтай аумағына үстемдік етті. Жалайырлар Шыңғыс хан империясының өрлеу кезіне қарай Селенгаға құятын Орхон сағасын мекендеген.

  • 1190 – 1206 ж. моңғолдар талқандағаннан кейінгі найман мен керейіт тайпалары, жалайырлар болашақ қазақ халқының қалыптасуына белсене қатысты.

Жетісудағы Қарақытайлар мемлекетінің (1128 – 1213) құрылуы Орталық Азиядағы қидан тайпаларымен тығыз байланысты. Әскери-саяси үстемдік 11-ғасырдың басында Қыпшақ хандығына көшті. Қыпшақ ақсүйектері оғыздарды Арал мен Каспий өңірі далаларынан тықсырып шығарды. Аймақта Дешті Қыпшақ атауы пайда болды.



Ежелгі Тараз қаласы.



  • 11-ғасырдың орта тұсында қыпшақ тайпалары Еділден өтіп, Еуропа халықтарымен қарым-қатынас жасай бастады.

  • 1219 – 24 ж. Қазақстан жері толығымен Шыңғыс хан империясының құрамына енді. Қазақстан жерінің дені (далалық жағы) – Жошы ұлысына, Оңтүстік-шығыс Қазақстан – Шағатай ұлысына, Солтүстік-шығыс бөлігі – Үгедей ұлысына енді.

  • 13-ғасырдың екінші жартысында Шыңғыс хан құрған империя бірнеше дербес биліктерге бөлінді. Қазақстан жерінің көпшілік бөлігі енген Жошы ұлысы – Алтын Орда мемлекетіне айналды. Бірақ, ішкі тартыстар, Әмір Темірдің Алтын Ордаға жорықтары, бұл мемлекеттің бөлшектенуіне алып келді. Қазіргі Қазақстан жерінің көпшілік бөлігінде Алтын Ордаға тәуелді Ақ Орда мемлекеті болды. Орыс хан тұсында Ақ Орда дербес хандыққа айналды. Ақ Орда – Қазақстанда жергілікті тайпалардың (қыпшақ, қоңырат, үйсін, керей, найман, қарлұқ, т.б.) негізінде құрылған алғашқы мемлекет болды.

  • 14-ғасырдың ортасы мен 16-ғасырдың бас кезінде Жетісу мен Шығыс Түркістанда Моғолстан мемлекеті құрылды. Есенбұға хан (1429 – 61/62) тұсында Ақ Ордадан Жетісуға Жәнібек пен Керей бастаған қазіргі қазақтың бір бөлігі көшіп келеді. Алтын Орданың ыдырауы кезінде пайда болған аса ірі мемлекеттің бірі – Ноғай ордасы Едіге тұсында қалыптасты. Ноғай ордасының құрамына маңғыт, қыпшақ, қаңлы, қоңырат, найман, үйсін, алшын, тама, аз (ас), т.б. ру-тайпалар енді.

  • 16-ғасырда Ноғай ордасы бірнеше дербес ордаларға бөлінді. Оның Қазақстан жеріндегі бір бөлігі қазақтардың Кіші жүзінің құрамына кірді. Моғолстан ханы Есенбұға өлгеннен кейін (1462) ондағы тартыстың күшеюіне байланысты, байырғы Жетісу халқы және Дешті-Қыпшақтан көшіп келушілер Керей мен Жәнібек бастаған қазақ хандығының қуатын арттыра түсті. Қасым ханның (1511 – 23) тұсында қазақ хандығының саяси және экономикалық жағдайы нығайды. Ол билік құрған жылдары қазақ халқының қазіргі мекен-тұрағы қалыптасты.

  • 17-ғасырдың орта тұсынан бастап Қазақ хандығының қорғаныс жағдайы нашарлап кетті.

  • 1635 ж. бір орталыққа бағынған Жоңғар хандығы Оңтүстік Сібір мен Шығыс Түркістанды толық бағындырып, Қазақ хандығының ең басты жауына айналды. Тәуке хан (1680 – 1718) тұсында “Жеті жарғы” заңдар жинағы құрастырылды.





Абай Құнанбайұлы.

  • 18-ғасырда қазақтар тұратын аймағына қарай үш Жүзге бөлінді. Әр Жүздің өз ханы болды. Бас ханның ықпалы төмендеді. Қазақ жерінде бір орталыққа бағынған мемлекеттің болмауын көршілері өз пайдасына шешуді ойлады. Батыстан Жайық казактарының қолдауымен Еділ бойындағы башқұрттар, қалмақтар тынымсыз шабуыл жасады. Солтүстіктен Сібір казактары тыным бермеді. Орта Азиядағы Бұхар мен Хиуа хандықтары да қазақ жерінен дәмелі еді.

  • 1723 ж. ерте көктемде жоңғарлар қазақ жеріне жойқын шапқыншылық жасады. Халық бұл кезеңді “Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама” деп атады. “Елім-ай” деген қасіретті ән осы кезден қалған. Халық бірігудің қажеттігін түсініп, Ордабасы құрылтайында қазақ әскерінің бас қолбасшысы болып Әбілқайыр хан сайланды.

  • 1730 ж. көктемде Балқаш көлі маңында ірі шайқас өтті. Әбілқайыр хан, Бөгембай, Қабанбай, Наурызбай сияқты батырлар бастаған қазақ жасақтары жоңғарларға шешуші соққы берді. Бұл жер кейін “Аңырақай” деп аталып кетті. Бірақ қазақ жерін азат ету жолындағы жорықтар аяғына дейін жеткізілмеді. Осы тұста әрбір Жүздің өз ішінде бытыраңқылық күшейді. Осының салдарынан 1731 ж. 10-қазанда өткен Кіші жүздің құрылтайында Ресейге қосылу туралы шешім қабылданды.

  • Жоңғарияда 1745 ж. Қалдан Серен өлгеннен кейін, оның мұрагерлері арасында таққа талас басталды. Абылай хан осы сәтті пайдаланып, қазақ жерін азат етуге кірісті.

  • 1755 – 58 ж. Қытай әскерлері жоңғар билеушілері арасындағы тақ таласын пайдалана отырып, олардың мемлекетін мүлдем жойып жіберді.

  • 1758 ж. Цинь империясының батыс шекарасы қазақ жерімен шектесті. Абылай келісімге келу туралы Бежінге елшілер жіберді. Сөйтіп, Қытаймен сауда, экономикалық қатынас орнай бастады.

  • 1771 ж. Түркістанда Абылай үш Жүздің ханы (бас хан) болып сайланды.

  • Абылай хан 1781 ж. қайтыс болып, орнына ұлы Уәли таққа отырды. Бұл кезде Ресей үкіметі барынша күшейіп, қазақ даласымен шындап айналысты.

Отарлау барысында патша үкіметі қазақ жеріндегі хандық билікті жоюға кірісті.

  • 1920 ж. 4 – 12 қазанда Орынборда Қазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы (Қазақ АКСР) құрылды.

  • 1925 жылдан кейін республиканың қоғамдық-саяси өмірі күрт өзгеріп кетті. Тәркілеу, күштеп ұжымдастыру, саяси қуғын-сүргін, қарулы жазалаушылардың елді қанға бөктірген ожарлықтары халықты қайғы-қасіретке ұшыратты.

  • Қазақ халқы жаппай ашаршылыққа ұшырап, 1929 – 31 ж. Қазақстанда 372 көтеріліс болды. Шет елдерге (Қытай, Моңғолия, Иран, Ауғанстан) ауа көшу басталды. Қазақ жері саяси тұтқындар қамалатын лагерьге айналдырылды. Олардың ең ірісі Қарағанды лагері болды.

  • 1937 жылдың күзінде Қазақстанға Қиыр Шығыстан жүз мың кәріс, 1943 – 44 жылдары күрд, түрік, иран, неміс, әзербайжандар, шешен-ингуштар жер аударылып, қоныс тепті.

  • 1941 ж. 22 маусымда Германия КСРО-ға соғыс ашты. Елдің бүкіл экономикасы соғыс қажетіне лайықталып қайта құрылды.

  • 1941 – 45 ж. барлығы 460 зауыт, фабрика, кеніш, шахта, т.б. кәсіпорындар салынды. Соғыс жылдары Қазақстанда 12 атқыштар, 4 атты әскер дивизиясы, 7 атқыштар бригадасы жасақталды. Соғыстағы ерліктері үшін 499 қазақстандық (98-і қазақ) жауынгерлер Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды. 410 мыңға тарта қазақстандық соғыстан оралмады.

Сурет:Баyтерек.жпг

Бәйтерек


  • 1941 ж. күзде жеке адамдар мен ұжымдардан майданға ерікті көмек ұйымдастырылып, қаржысына танктер, ұшақтар, сүңгуір қайықтар сатып алынды. Майдандағы солдаттарға 1600 вагон азық-түлік, киім-кешек жіберілді.

  • 1946 ж. 1-маусымда Қазақстан Ғылым Академиясы ұйымдастырылып, оның тұңғыш президенті болып Қаныш Сәтбаев сайланды.

  • 1954 ж. басталған тың көтеру нәтижесінде халықтың 61%-ы Ресей, Украина, Молдовадан келгендермен көбейді. Республиканың жергілікті халқы – қазақтардың саны 30%-ға дейін төмендеді.

  • 1986 ж. Желтоқсан ереуілі күллі Кеңес Одағындағы халықтардың саяси өмірін жандандырудың басы болды.

  • 1991 ж. 8-желтоқсанда Минскіде КСРО тарап, 16-желтоқсанда Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігі жарияланды.

Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстанда экономиканы реформалаудың бірнеше тәсілі қолданылды:

  1. социалистік экономикадан нарықтық экономикаға өту;

  2. дағдарысқа қарсы бағдарлама;

  3. макроэкономикалық тұрақтандыру;

  4. дүниежүзілік экономикалық дағдарысты еңсеру;

  5. экономикалық өрлеуді қамтамасыз ету. [7]

 Толық мақаласы: 11-15 ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан аумағындағы мемлекеттер

  • Сақтар

  • Үйсін мемлекеті

  • Қаңлы мемлекеті

  • Қимақ қағанаты

  • Ғұндар

  • Сарматтар

  • Батыс түркі қағандығы

  • Түркеш қағандығы

  • Хазар қағандығы

  • Оғыз мемлекеті

  • Қимақ қағандығы

  • Қыпшақ одағы

  • Қарахан мемлекеті

  • Хорезм шахтығы

  • Жошы ұлысы

  • Шағатай ұлысы

  • Ақ Орда

  • Көк Орда

  • Ноғай Ордасы

  • Сібір хандығы

  • Өзбек Ордасы

  • Моғолстан

  • Қазақ хандығы

  • Қоқан хандығы

  • Хиуа әміршілігі

  • Бөкей хандығы

  • Алаш Орда

  • Қазақ АКСР

  • Қазақ КСР

Каталог: wp-content -> files
files -> Астрономия Мазмұны
files -> Реферат 15-16 ғасырлардағы Қазақ-Қырғыз қарым-қатынасы реферат
files -> Ілияс жансүгіров
files -> Ахмет Жұбанов Ахмет Қуанұлы Жұбанов
files -> Мерекелер мен атаулы күндер Қазақстан республикасының мемлекеттік және ұлттық мейрамдары
files -> Өмірбаяны туралы білімдерін жинақтап, кеңейтіп, пысықтайды, толықтырады
files -> Лекция мақсаты: Шалкиіз жыраудың шығармашылығымен таныстыру, толғауларының мәнін көрсету. Жоспар
files -> Мәдениеттану
files -> Шу мен Арал аралығында Қазақ ордасы құрылған кезде Асанқайғы жаңа мемлекеттің ұраншысына айналады


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет