Улану – сырттан енген улы заттек пен организмнің əрекеттесуінен туындайтын патологиялық жағдай. Жіктемесі



бет2/10
Дата14.01.2022
өлшемі28,2 Kb.
#129325
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
улану
Жаһандану әлеуметтануы, Варикоз, Анафилактикалық шок, zhara 1179 at travmatologia, 8 кл БЖБ каз 2 нуска, 1 Ä?ð³ñ XVII ? õàëû?àðàëû? ?àòûíàñòàð æ?íå õàëû?àðàëû? ?àòûíàñòà, Қолхат, 11V18entKZ, OP8kaz, DOC-20230203-WA0026., Белгібай Аружан Бизнес 4-сөж, 3087, 4 тақырып, рк офт
Клиникалық əйгіленістер: тілі күрмеліп баяу сөйлеу, атаксия (тəлтіректеу), уланудың бастапқы кезінде миоз (қарашық кішірейіп кету), есеңгіреу, есінен тану, рефлекстері əлсіреп кету. Ауыр жағдайларда: тыныс алуы тежелу, брадикардия, шок дамуына ұласқан гипотензия, гипотермия, мидың гипоксиялық зақымдануынан туындаған мидриаз.


Нейролептиктерден улану (фенотиазин туындылары; тиоксантен туындылары, бутирофенон туындылары) 


Науқастың шағымдары: əлсіздік, ұйқысы келе беру, бас айналу, енжарлық, жүрек айну, құсу, асқазан тұсын ауыр сезіну.

Клиникалық əйгіленістер уланудың ағымы бойынша 2 типке бөлінеді:
- тыныс орталығы функциясының тежелуі басым болып білінетін улану;

- экзоуыттық шокқа ұласатын қантамырлық коллапс басым болып білінетін улану.

1-ші тип 2-ші типке ауысып кетуі де мүмкін. Клиникалық əйгіліністерінде енжарлық, адинамия, ұйқышылдық, жүрісі бұзылу байқалады. Бұлшықет тонусы нашар. Бара-бара ұзақ ұйқы басады. Қарашықтары үлкейген, кейде кішірейіп кетуі мүмкін. Денесі (терісі) жəне сілемейқабықтары құрғақ. Орташа дəрежелі улану кезінде нерв жүйесінің функциясы əлсіреу фонында антихолинэргиялық синдром белгілері пайда болады. Желке тұсы бұлшықеттерінің сіресуінен, қарысып қалуынан мəжбүрлі тыжырыну, мойны қисаю, қол-аяқ тартылу т.б. арқылы əйгіленетін бұлшықеттік дистония белгілері болуы мүмкін.

Атетоз тəрізді құрысқақ болуы мүмкін. Жүрек-қантамыр жүйесінде (ЖҚЖ): ЭКГ-де Т-ирек инверсиялануы, ST жылжып кетуі, артық иректер пайда болуы, кейде экстрасистола шығуы, АВ блокада пайда болуы мүмкін. Тахикардия – 1 минутта 120 рет жүрек соғуы, АҚ (артериялық қысым) төмен, тынысы əлсіреген, ентікпе болуы мүмкін.


Ауыр дəрежелі улану кезінде кома дамиды, тыныс бұзылады, түсі бозарған, көгерген, жабысқақ мұздай тер басқан, қарашықтары жарық түсіргенде реакция бермейді, жүрек жұмысы əлсірейді, АҚ түсіп кетеді, тамыр соғуы жиі жəне клонустық құрысқақ ұстайды.

Өлімнің басты себебі тыныстық орталықтың салдануынан жəне жүректің функциялық жіті жеткіліксіздігінен болады. Ауыр дəрежелі улану кезінде көп жағдайда өкпе ісінуі, кейде ми ісінуі болады. Уланудың асқынуынан нефропатия, қуық бұлшықетінің салдануы, ішектің динамикалық түйнегі, рабдомиолиз, уыттық гепатопатия, өкпенің салдарлық инфекциялық қабынуы дамиды.


Ацетилсалицил қышқылынан улану




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет