Univerlife kz. 2013. – 31 мамыр 31 мамыр Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні



Дата02.07.2018
өлшемі28,5 Kb.
#45689
univerlife.kz.- 2013. – 31 мамыр

31 мамыр - Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

28-мамыр күні С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті және Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен «Алаш рухына тағзым» атты шарада қазақтың көрнекті қоғам қайраткері С.Сейфуллиннің тар жол, тайғақ кешкен өмір жолынан сыр шертетін «Емен-ұзақ жасайтын ағаш» атты ҚазАТУ студенттерінің дайындауындағы театрландырылған драмалық  қойылымның тұсаукесері өтті. Спектакль авторы филология ғылымдарының кандидаты Ғазиз Ештанаев болса, Сәкен рөлін техника факультетінің студенті Қуаныш Дүйсенқұлов, Сәкеннің жары Гүлбахрамның рөлінде энергетика факультетінің студенті Әмина Реш сомдады.  Бүгінгі спектаклдің ең басты ерекшелігі – агротехникалық салада дәріс алып жүрген студенттердің кәсіби актерлермен терезесі тең ойнаған ерекше қойылым болды, аталмыш қойылым С.Сейфуллиннің репрессия жылдары қудалауға түскеніне 75 жыл толуына арналып отыр. Спектакль соңында сөз алған ҚР  Парламент мәжілісінің депутаты Нұртай Сабильянов қойылған сахыналық қойылымның жоғары деңгейін атап өтіп, мұндай шаралардың өскелең ұрпаққа берер рухани пайдасы зор екенін айтып кетті.

Шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, белгілі алаштанушы ғалымдар, тарихшылар, саяси қуғын-сүргін жылдары қудалауға түскен Қазақ агротехникалық университетінде жұмыс істеген ғалымдар да қатысты.  Олардың қатарында репрессия жылдары қудалауға түскен Ольга Хегай, Раиса Гантимирова сияқты университет ардагерлері бар. 

Сонымен қатар,  С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде  «ХХ ғ. 20-30-ы жж. саяси репрессиялар: халық басындағы нәубет және тарих сабақтары» тақырыбында   кездесу болды.  Конференцияға С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ректоры, ҚР ҰҒА академиясының толық мүшесі А.Қ.Күрішбаев, ҚР  Парламент мәжілісінің депутаттары Оразгүл Асанғазықызы, Нұртай Сабильянов, Бақытбек Смағұлұлы, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, ақын Серік Тұрғынбекұлы, филология ғылымдарының докторы, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры Бекжан Әбдуәлиұлы, Қ.Қуанышбаев атындағы театр актері Қуандық Қыстаубаев, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті  гуманитарлық факультетінің деканы Хадиша Әубәкірова т.б. қонақтар қатысты.



ҚР  Парламент мәжілісінің депутаты Оразгүл Асанғазықызы қазіргі жастар арасындағы қазақ тілінің қолданыс аясының деңгейі және тіл мәртебесін көтеру туралы сөз саптап, жиналған студенттер мен қонақтарды отансүйгіштікке шақырды. Ал өз кезегінде еліміздің тәуелсіздікке жетуінің қиын-қыстау кезеңдері туралы айта кеткен ҚР Парламент мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұлұлы саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алып отырудың жастар тәрбиесінде маңыздылығын атап өтіп, жиналғандарға өзінің   нәубет жылдардағы зұлматтан зардап шеккен  қандастарымыздың тағдыры туралы өлең жолдарын оқып берді.Жиналған қауым алдында сөз алған ҚазАТУ ректоры, профессор Ақылбек Күрішбаев «Алмас қылыш қын түбінде жатпайды» дегендей, тәуелсіздігіміздің арқасында жазықсыз қараланған ұлт қайраткерлері ақталып, есімдері ортамызға қайта оралып, рухтары елімен қауышты.     Бүгінгі біздің тәуелсіздігіміз  қазақ халқының сан ғасырлар бойы күресімен, азаттыққа ұмтылған қайсарлығымен келді. Сондықтан кейінгі жастарға өз тарихына құрметпен қарап, елінің ертеңі үшін құрбан болған бабалар рухына мәңгі тағзым ету – парыз. Өркениетке ұмтылған Қазақстан тәуелсіздігінің тұғырлы, еңсесінің биік болуы ұлт тарихын ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп, сабақтастыратын текті ұрпағымен баянды, тарих-шежіресін қастерлеген жалынды жастарымен өміршең болмақ.       

Рухы биік ұрпағы барда халқының арманы үшін басын қатерге тіккен арыстарымыз елімен мәңгі жасамақ. Биік тұлғаларды уақыт бізден алыстатқан сайын, рухани жаңашылдықтың жаршысындай болған бейнелері санамызда жарқырай бермек!» деп атап өтті.  Филология ғылымдарының кандидаты  Бауыржан Иманғалиев  «Темірбек Жүргенов және 30 жж. саяси зобалаң» баяндамасында   «Жиырмадан жаңа асқан шағында республиканы басқарған Тұрар, Сұлтанбек, Смағұлдар қоғамды қаламымен тәрбиеледі, әттең сталинизм бел алып, әбден күшейе бастаған 30-жылдар басынан бұлардың адымы қысқарып, көмейлеріне ыстық қоламта құйылды, осы себеппен қаламдары да еріксіз мүжілді» дей келе, Темірбек Жүргеновтің қайтаркерлік қырының зерттелмей жатқан ақтаңдақ беттерінен деректер келтірді.Саяси қуғын – сүргін құрбандарын еске алған шара барысында  өткен жылдар елесін көз алдыңа келтірер бейнероликтермен толықтырылған концерт болып, елі үшін жанын қиған арыстарды еске алып, ас берілді. «Әзірет Сұлтан» мештінің наиб имамы Бақытжан Өткербаев алаш арыстарына, саяси қуғын-сүргін құрбандарына арнап құран бағыштады.
Каталог: docs
docs -> Рефераты қызылорда, 2013 ж
docs -> Ұлы пайғамбар ( с. ғ. с.) ұлықталған ғибратты кеш Наурыздың 11-і, қасиетті жұма күні Елордамыздағы Конгресс-Холл сарайында «Нұр Астана»
docs -> "Псюхе" ұғымы келесі мағынаны білдіреді
docs -> C мінез-құлық d санадан тыс
docs -> Бердіқожа назгүЛ бердіқожақызы зейнолла Шүкіров өлеңдерінің жанрлық, көркемдік ерекшеліктері
docs -> Анықтама басылымдар 070(574) Қ 17 Қазақ телевизиясы
docs -> Мадиева жансая қойшыбайқызы абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезовтің шығармаларындағы педагогикалық идеяларының сабақтастығы
docs -> Сабақ Мұхтар Әуезов «Біржан сал Абай ауылында»
docs -> Мұражай-қорық коллекцияларына жаңадан алынған бұйымдар (ақын Төлеу Көбдіковтің 140 жылдығына орай) «Әдебиетті дарынды тұлғалар жасайды. Ал тұлғаны жарататын халық»


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет