Уразбаева К. Т., Мақамбаев М. Б. Компьютерлік модельдеу элементтері физика пәнінде


Есепті шығарудың алгоритмдік құрылымы



бет5/18
Дата20.06.2018
өлшемі0,85 Mb.
#43509
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

Есепті шығарудың алгоритмдік құрылымы

1.Есептің мазмұнында физикалық фактінің бар болуына байланысты мысалдар келтірілді: электр энергиясының бар болуы, оның күнделікті тұрмыста тұтынылуы; электр жабдықтарының пайдалануы және электр шығынын тағайындалған тариф негізінде төленетіні.

2.Осы деректерге орай сабақта нақты проблема қойылады: Оқу кабинетінде тұтынатын 9 электр шамының түрлі уақытта жануына байланысты электр энергиясының шығынын есептеу. Электр энергиясының шығынының неге тәуелді екенін тағайындау. (Немесе, есепті «бірдей уақытта 9 шам жанғандағы энергияның шығынын 12, 18 шам жанғандағы шығынмен салыстырыңдар» деп күрделендіріп отыруға да болады).

3. Осы мәселені шешуде оқушылар бірнеше болжамдар айтады, мәселен, «шамдардың жану ұзақтығына орай көбірек құн төлейміз», «электр энергиясының шығыны шамдардың қуатының мәніне байланысты болады», «практикалық түрде бұл шығынды үйде қойылған есептегіш арқылы таба салған оңай» және т.б.

4.Оқушылардың болжамдарының ішінен ең дұрысы таңдалып алынады: «Шамдардың электр энергиясының шығыны уақыттың артуына байланысты сызықтық түрде артады».

5.Оқушылар арнайы программа арқылы ЭЕМ-да уақыттың түрлі мәндерінде орындалған есептеу амалдарын орындайды. Бұл үшін Excel программасында жұыс жасайды. Есептеуге қажетті формулалар мен шамаларды таңдап алғаннан соң, төмендегідей есептеулерді орындайды, тағайындайды.

G=2B*2D*2E*2F
G=3B*3D*3E*3F
G=4B*4D*4E*4F

G=5B*5D*G =6B*6D*6E*6F

Оқушылар есептеулер нәтижесінде алынған келесі шамалар бойынша тәуелділік графигін салады.

кесте − есептеулер нәтижесінде алынған мәліметтер



Уақыт, сағ

4

6

8

10

12

14

Энергия шығыны, тг

19,1

28,6

38,2

43,7

52,1

66,9

6. Бұл кезеңде оқушылар алынған нәтиже бойынша физикалық заңдылықты тағайындап, негіздейді. «Бұл тәуелділік графигі токтың, электр энергиясының шығыны уақыттың өсуіне қарай артатынын көрсетеді. Пайда болған түзу сызық осы сызықтық тәуелділікті сипаттайды».


2.3. Оқытуда дайын модельдерді қолдану
Компьютерлік модельдеу технологиясының дамуына байланысты жеке бағыт ретінде дамып, компьютерді пайдалану саласында ерекше облыс болып отыр. Ғылымда және практиканың әр түрлі саласында өз орныны тауып, компьютерлік модельдеу мектептік бәләм беру саласына да келді. Мектеп білім беру саласында компьютерлік модельдеу бір мезгілде оқу құралы, әрі оқытудың объекісі болып табылады. Беріліп отырған нұсқаулардағы жаттығуларды информатика сабағында оқытудың объектісі ретінде ретінде, сонымен қатар физика, математика, география, биология, курстарында сәйкес тақырыптарды оқытудың құралы ретінде пайдалануға болады.

Компьютерлік модельдеу жаңа, әрі қиын тақырып болып табылады. Мұнда көптеген күрделі ұғымдар бар, сондықтан да әдістемелік нұсқауда аса абстрактілі анықтамалардын гөрі модель, компьютерлік модель, жүйе, элемент деген ұғымдарды модельдердің негізгі қасиеттерін ескере отырып мысалдар арқылы көрсетуге болады.

Компьютерлік модельдеуді физика, география, биология курсындакең пайдаланудың бірінші себебі техникалық жағдайларға байланысты болсаа, екінші бір себебі қауіпсіздік ойымен. Сонымен қатар, компьютерлік модельдеу эксперимент жүргізу барысында нақтылы объектіге қарағанда үлкен икемділік қамтамассыз етуге, уақыт жүрісін баяаулатып немесе тездетіп, өрісті қысып немесе кеңейтіп, әрекеттерді қайталап немесе өзгертіп, процеске кездейсоқ оқиғалар ендіруге мүмкіндік туғызады.

Компьютерлік модельдеудің негізгі ұғым, әдістері мен танысу оқушылардың өздеріне таныс бағдарламалық құралдарды жүргізу арқылы жүргізіледі. Оқытылатын модельдер ақпараттың көлемі жағынан қарапайым. Барлық қажетті ақпаратты компьютерге сабақ барысында ендіруге болады, қосымша алгоритмдер мен берілгендерді даярдау мүлдем қажет етілмейді.

Оку процесіне компьютерді енгізу тәжіибесі негізгі 3 қиындықты шығаруға көмектеседі. ЭЕМ көмегімен оқыту теориясы, компьютерлік оқыту технологиясы, оқытушы программаларды жобалау әдістемесі. Бірінші топтың мәселелерінің шешуі ЭЕМ арқылы оқыту жұмысын басқару процесімен тікелей байланысты болатын оқыту жұмысының негізгі құраущыларының жаңа анализіне сүйену керек. Теория мен практиканың жүзеге асуының арасындағы байланыс ретінде оқыту технолногиясы алынады. Сонымен қатар көптеген психоогиялық, мәселелер туындайды олардың қатарында оқыту процесіндегі компьютердің орны, автоматтандырылған оқу, курстарын жүзеге асырудағы мұғалімнің рөлі, пайдаланушы мен компьтер арасындағы қарым –қатынас, қолданушы мен ЭЕМ диалогын ерекшеліктері оқытуды компьютерлендіруде негізгі звено ретінде оқыту программалрын жобалаудың әдістемесі.

Автоматты түрде компьютерді басқаруды құрастырушылардың пікірінше, компьютерлендіруде керекті ерекшеліктерді есепке алу керек. Оқу орындағы АСУ –ды құрастыру облысында және дербес жағдайда компютелік технологияға тікелей назар аударуға бағыталған оқытудың автоматтандыру жүйесінде жүргізілетін ғылыми зерттеулер компьютерде жұмыс істейтіндердің психофизиологиялық сипаттамаларын жиі еске алмайды. Компьютерлерді әр түрлі сфераларда келісімсіз және жұмыстың біріңғай координациясын қолдану компьютеризацияның көптеген концепциялардың туындауына әкелді. Оқу орындарының оқыту процесінің моделін УСУ –да, компьютерлендірудің идеясы және тәсілдеріне негіздене құру ең алдымен адамның психологисын зерттеуге есепке алуға бағытталуы керек. Ең алдымен оқушылардың өздерінің еңбегінің нәтижелеріне деген қызығушылығын орнықтыру. Дәстүрлі оқытудың жүйелерінің бір кемшілігі белгілі бір дисциплина бойынша ойлаудың зерттеудің жалпыланған тәсім, ойлаудың моделін құрудың , одан оны оқу процесіне есептеу техникасын пайдаланудың тәжірибесі көрсеткендей компьютерлендіру адамның психикасына күшті әсер етеді және осы әсердің психологиялық салдарын тұрақты түрде зерттеу керек. Оқытудың компьютерлік технологиясы жеке тұлғаның психофизиологиялық ерекшелігін тануға, әсіресе ашық шығармашылық қабілетіне деген қызығушылықты арттырады.

ЭЕМ –ны қолданудың бірінші сатыларында жаңа «формалданатын» және «формалданбайтын» алгоримдер деген терми н пайда болады. Ойлаудың алгоритмдік моделі ЭЕМ –да жүзеге асуы мүмкін, бірақ шығармашылықтың табиғатына қатысты ол қатаң алгоримге келтірілмейді, керісінше, бұрын оқылған және меңгерілген алгоримдік процедуралардан ерекшелінетін ойлау тәсілінде көрініс береді. Оқыту процесінің моделін құрастыруда сценарийлердің көптеген түрлерімен көрінетін ЭЕМ –мен оқушының диалогының шығармашылық емес формаларын есепке алу керек. Танымдық іс -әрекетті ойлаудың алгоритм тәрізді және шығармашылық табиғаты бойынша бақару ЭЕМ –ң көмегімен мамндарды кәсіби даярлаудың сапасын арттыруына қол жеткізуге болады, соның ішінде ауыл шаруашылығында да АСУ шеңберінде адамдық зерттеудің кешенді психофизиологиялық ішкіжүйелерін құру перспективті болды. Тестілеудің көмегімен тұлғаның психофизиолгиялық ерекшеліктерін айқындалады. Оқу процесі қуаныш әкелу керек, жеңіл болу керек, оқушылар кәсіби түрде дайын болу керек. Ол үшін оқу материалын қайтадан қарастырып және оның көмегімен дұрыс анықтау, білімдердің меңгерілуін оперативті бақылауып құру қажет. Жоғарыда көрсетілген мәселелерді шешу компьютерлік технологияға негізделген оқу процесін модельдеуге көшуге мүмкіндік береді.

Егер дайын модель таза компьютерлік болмаса, яғни абстрактылы, онда онымен оқыту жұмысының мақсаты -түпнұсқаны модельмен байланыстыратын нақтылық туралы білімдерді модельден алу.

Мұндағы оқытудың негізгі әдісі (поисково -иследовательский) іздемелі –зерттеу әдісі болып табылады, әсіресе мұндай зерттеу мүмкін емес және нактылық жағдайында орындалуы қиын болғанда. Мысалға , алатын болсақ жерде қала отырып Айдың тарту күшін жағдайындағы дененің құлауымен тәжірибе жасау мүмкін емес.

Ой жұмысы операциялары ішінен модельге кезекті тәжірибе жасау кезіндегі нәтижелерді талқылаудағы конкретизация мен модельге келесі тәжірибе үшін бастапқы берілгендерді таңдаудан кейінгі абстаркця кезектестігін ерекшелеп кетейік.

Егер модель информатиканың оқыту мақсаттарына қызмет етсе, онда онымен жұмыс істеудің қорытындысында оқушының ойлауыда өзгереді.

Бұнда алғашында модельдеу туралы айтпауға да болады. Компьютер экранында компьютерлік модеьдеудің, орнында шынайы робот тұрмағандығын ол байқамауыда мүмкін. Бұған тақырып соңында нұсқауға болады.

Қазіргі мектептің даму болашағы қоғамның даму үрдісімен, білімнің ғылыми интеграция ұмтылуымен, қоғамда жинақталып және үнемі өсіп отыратын ақпарат көлемінің әртүрлі тегімен анықталады.

Білім беру процесі –ақпараттық қоғам жағдайындағы жас өспірімдерді жан –жақты даярлайтын. Процесс болуы қажет. Сондықтан білім беру жүйесінде компьютерлерді пайдаланудың маңызы зор. өйткені компьютер адам қызметінің барлық саласында еңбек өнімділігін арттыру құралына айналды. Болашақ мамандардың ақпараттық мәдениеті негіздерін қалыптастыру оқушылардың компьютерде жұмыс жасауды игерумен тығыз байланысты.

Компьютерді мектепте оқытуды практикаға енгізу әлеуметтік, экономикалық, теориялық және практикалық сипаттағы түйінді мәселелерге жол ашып отыр. Атап айтсақ, ғылыми –техникалық прогресстің тез өсу қарқыны жоғары деңгейлі мамандар даярлауда жаңаша оқыту әдістерінің қажеттілігін алға қоюда. Бұл мәселелерді шешудің бірден бір жолы –оқу процесін компьютелендіру. Компьютерді оқу процесінде тиімді пайдалану үшін оны қолданудың әдістемелік жүйесін жасау керек.

Білім беруді ақпараттандыру мәселесінің ауқымы өте кең және көп салалы. Бұл мәселе төңірегінде кейінгі жылдары көптеген ғалымдар мен әдімкерлер зерттеу жұмыстарын жүргізіп, құнды –құнды еңбектер шығарды.

Қазіргі кезде информатика курсын мектептерде оқытудың айтарлықтай тәжірибелері жинақталды. Атап айтар болсақ мектеп оқушыларын алгоритмдік және компьютерлік сауаттылыққа үйрету әдістемесі жасалды.

Өткен ғасырдың 80 жылдарының аяғына қарай программалау элементтерін пайдаланып алгебра курсын мектеп оқушыларына таныстыру әдістемесі, компьютерлік сауаттыллықты қамтамассыз етдудің әдістемелік жүйесі жасалынды. Компьютерлік мәдениеттілікті қалыптастырудың бір бағыты оқыту ортасының қазақ мектептері үшін қазақша варианты жасалып, орта мектептерде оқытыла бастады. 90 жылдардың бас кезінде оқытудың компьютерлік технологиясы жасалды.

Теориялық ғылыми -әдістемелік әдебиетттерді оқып, талдау жасау негізінде мынадай тұжырымға келіп отырмын.

Біріншіден -көптеген жаратылыс тану пәндерінде компьютерді пайдалану мәселесі іске асырылуда, бірақ мұндай мәселе физика пәнінде кең өріс алмай отыр.

Екіншіден –көптеген пәндерде компьютерді пайдалану қалыптасқан психологиялық –педагогикалық талаптарға онша сай келмейді.

Себебі бұрыңғы қалыптасқан оқыту процесінде қарым –қатынас тек мұғалім мен оқушы арасында ғана боласа, ал оқу процесінде компьютерді пайдалану кезінде мұғалім және оқушы арасында компьютерлік педагогика пайда болағаны мәлім. Сондықтан да мектепте жалпы білім беретін пәндер циклында, соның ішінде математика және физика сияқты негізгі пәндерде, компьютерлік технологияны пайдаланып оқыту мақсатында түбегейлі зерттеулер үздіксіз жүргізілуі керек.

Білім беру мәселесінде компьютерлік оқыту оқушыларды информатика және есептеуіш техникалары негізімен таныстырумен ұштасады. Бұл компьютерді қолдану жайында комплексті зерттеу жүргізуге және оны программалық, техникалық сондай –ақ оқу әдістемелік құраладрмен қамтамассыз етуде үлкен роль атқарады. Компьютерлік оқытуды біртұтас әдістемелік жүйесін жасау –оқу тәрбие процесін жетілдірудің көкейкесті мәселелерінің бірі болып табылады.

Қоғамды ақпараттар жағдайында үздіксіз білім беру жүйесі мыналарға сүйенеді:



-білім берудің сапасын арттыру, даму қарқынын күшейту және дербестендіру есебінен қоғам мүшелерінің ой -өрісінің даму деңгейін көтеру;

-өз бетінше білім алу мүмкіндіктерін кеңейту және міндетті емес білім беру жүйесінде қоғам мүшелерінің өз мамандықтарын қайта өзгерте алатындай жағдай туғызу.

Білім беруді ақпараттандырудың негізгі бағыттары:

-методологиясын жетілдіру мен стратегиялық мазмұнды таңдау,

-әдістері мен формаларын ұйымдастыру;

-қоғамды ақпараттандырудың қазіргі жағдайында тұлғаны тірбиелеу мен дамыту;

-оқытудың әдістемелік жүйесін жасау;

-оқушының интелектуалдық потенциалын дамытуға бағыттау;

-өз бетімен білім алу біліктілігін қалыптастыру;

-информациялық -оқу, эксперименттік –зерттеу қызметінің өзбетімен түрлі іс -әрекеттерін жүзеге асыру,

-тестілік, диагностикалық бақылау әдістері мен оқушылардың білім деңгейін бағалау.

Алдымен жаңа информациялық технологияға (ЖИТ) көшпей тұрып оқу –тәрбие процесінде білім беруді ақпараттандыру мүмкін емес.

Білім берудегі жаңа информациялық техноогия –оқу мен оқу –тәрбие материалдарын үйретуге арналған есептеуіш техника мен инструменттік құралдардың жиынтығы, сол сияқты ол есептеуіш техника құралдарының оқу процесіндегі ролі мен орны, мұғалімдер мен оқушылардың еңбегін жеңілдетуге оларды пайдаланудың түрі мен әдістері туралы ғылыми білімінің жүйесі. Оқытудағы жаңа информациялық технология аса қажетті педагогикалық проблемалардың шешімдерін табуға, ой еңбегін арттыруға, оқу процесін тиімді пайдалануды қамтамассыз етеді. Жаңа информациялық технологияның – негізгі ерекшелігі ол мұғалімдер мен оқушыларға өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасауға көп мүмкіндік береді және оны педагогикалық мақсатта пайдалану оқушылардың зердесіне, сезіміне, мүддесіне, көзқарасына әсер ете отырып оның интелектілік мүмкіншіліктерін арттыруға көмектеседі. Жаңа информациялық технологияның білім беру саласына енуі педагогтарға оқытудың мазмұнын, әдістері мен ұйымдық түрлерін сапалы өзгертуге мүмкіндік береді.

Болашақта Қазақстанда білім беру жүйесін ақпараттандыру телекоммуникациялық желілерді жасау және дамытумен ұштасады. Ал білім беру жүйесінің негізгі міндеттері біртұтас телекоммуникациялық желіні құру және дамытумен ұштасады. Ал білім беру жүйесінің негізгі міндеттері біртұтас телекоммуникациялық желіні құру және дамыту арқылы шешіледі. Олар:

-ақпараттық мәдениетті ұйымдастыру мен жеделдету процесін жоғары деңгейге жеткізу;

-жасалынған және дамып келе жатқан телекоммуникациялық желіліерді біртұтас бүкіл әлемдік информациялық кеңістікте интеграциялау;

-біртұтас ақпараттық кеңістікте әр түрлі деңгейдегі ақпараттармен алмасуды қамтамассыз ету;

-білім беруді дербестендіру қамтамассыз ету, дистанциялық оқытуға мүмкіндік жасау;

Оқытудың дистанциялық формасы оқушыларды даярлауда және білім беруден маңызды формасына айналып отыр.

Білім беру жүйесінде телекоммуникация желілерін жасау Қазақстан Республикасының орта білі беруді, практикалық жүзеге асыруды қамтамасыз ете алатын негігі құрал болып табылады. Біртұтас теле коммуникациялық желіні білім беру жүйесінде пайдалану басты ақпарат ағыны мен жұмысшы ақпараттық ағынды әдеттегі іс -әрекетке сәйкес пәндік аумақта деректер қорын таратуға пайдалануы қажет. Бұл жүйені дамытудың басталуы мектепке информатика курсын оқытудан басталады.

Ғылыми –техникалық прогресстің қарқынды даму жағдайында мектептегі информатика курсы ерекше дүние танымдық мәнге ие бола бастады. Ол жас ұрпақты ғылыми –техниклық революцияға қатысты сезімге, оның табиғатын түсінуге, жаңа технолгияның қазіргі кездегі барлық мамандар бірдей меңгере бермейтін көптеген мүмкіндіктер береді.

«Информатика негіздері» курсы мектеп оқушыларына тек қана білім беріп қоймайды, оларға информация және оны өңдеу әдістері туралы түсініктер береді. Сондай –ақ операциялық ойлау стилін, өзінің әрекін жоспарлай білуге, ойды алгоритмдей білу арқылы информациялық модель құруға, ой жетпейтін шығармашылық қызмет қызмет көрсетуге үйретеді.

Есептеуіш техникасын информатика пәнінде ғана пайдаланып қоймай, оны бастауыш сыныптан бастап барлық пәндерге енгізген кезде ғана оқушылардың компьютерлік сауаттылығы қалаптасады. Сондықтан информатика курсының мақсаты, басқа пәндердегідей, оқушыларды оқыту, тәрбиелеу және дамыту сияқты білім берудің жалпы міндеттерін шешетін потенцияалдық мүмкіндіктері бар. Сол мүмкіндіктерді ескере отырып, информатиканың базалық курсын оқытудың мақсаттарына мыналарды жатқызуға болады.

-оқушылардың білім негіздері туралы түсініктерін тереңдету;

-ақпаратты тарату және қолдана білу арқылы әлемнің қазіргі ғылыми бейнесін қалыптастыру;

-оқушыларға ақпараттық процесстердің мәнін ашып көрсету;

-қазіргі қоғамның дамуындағы ақпараттық технологиямен есептеу техникасының ролін айқындау;

-компьютерді оқу процесінде де, кәсіби қызметте де ұтымды пайдалану.

Оқытуды компьютерлендіру кезінде оқушылардың қалыптасуға тиісті әрекеті мен операциясын нақты суреттеу керек. Оқу қызметінің операцияоналдық жағын қалыптастыруда, қандай жағдай болса да, компьютерді пайдалануды орнықтыру қажет.

Біріншіден, ол кез –келген әрекетті көрнекті түрде елестетуге және оның орындалу жағдайын көрсетуге мүмкіндік береді.

Екіншіден, компьютер оқу материалына сүйене отырып, интеллектуалдық әрекетті елеулі түрде өзгертетін құрал. Сондықтан да зерттеу барысында біліктіліктің негізгі операциондық құрылымдағы өзгерістерді ерекше бөліп көрсетіп, жекелеген операциялар компьютерге жүктеледі.

Оқу қызметінде құрал ретінде компьютердің мүмкіндіктері әлі толығымен ашылмаған. Сондықтан да бүгінгі таңда ол тек қана алгоритмді орындаушы құрал болып табылады. Ол үшін компьютер базасында құрылған эксперттік жүйе дербесоқу топтарына айналады, компьютер оқушыларға мүмкіндігі жететін барлық есептердің шешуін табуға орасан зор көмектеседі. Компьютер оқушылардың өзін -өзі танып білу, өз бетімен дербес оқу ерекшелігін және болашақта тәлімгерлік функцияна атқаратын құрал болып табылады. Соңғы жағдайда оқу ситуациясы оқыту ситуациясына айналады.

Компьютерлік оқыту құралдарын жасау пәнді оқытудың мазмұнына, логикасына және әдістемесіне байланысты болады. Ондай құралдарға қазіргі кезде педагогикалық программалық құралдар (ППҚ) және инструментальдық педагогикалық құралдар (ИПҚ) жатады. Оқытуды компьютерлендіру кезінде үйретуші программалары мен жұмыс істегенде ғана компьютер балалардың оқуға деген позитивтік қатынасын қалыптастыруды тиімді шешуге ықпал етеді. Ондай программалар оқушыларға өздеріне ыңғайлы оқып үйрену темпін таңдап алуына ықпалын тигізеді, мүмкіндік береді. Ойын элементтерін енгізіп, иллюстративтік материалды көрсету олардың білім алуға деген қызығушылығын арттыратыны белгілі.

Компьютерлік оқыту жағдайында дұрыс емес шешімдер кері психологиялық әсер туғызады, сондықтан қателікке программа оқушыларға қарсы реакция туғызбас үшін арнайы түсініктер беріледі. Көптеген үйретуші программалар оқушылардың ізденгіштік принципін оятуға бағытталады, шешімдері дұрыс болмаған жағдайда компьютер оқушыларға бағдарламалаушы нұсқаулар береді.

Үйрету жүйесінің тиімділігі сол, жіберілген қателіктерді түзетуді қамтамассыз етіп, нәтижесінде шешімін толық шығаруға мүмүкіндік береді. Демек, оқуға деген кең таралған кері әсердің біреуі жойылады.

Қазіргі уақытта оқу процесін жоғары сатыға көтеруге арналған программалар жеткілікті түрде жасалынған.

Үйретуші программалардың құндылығы сол программалрмен кез келген оқушылар балама жауаптарды таңдап алу, әрбір қадам жасаған сайын алған білімін қадағалап отыру мүмкіндігін йелену болып табылады. Әсіресе өз бетімен білім алу процесінде аса қажет деп саналады. Үйретуші программаларды құрғанда білім берудің қызықтығын мытпаған жөн. Оқу процесінің сапасын арттыруда музыкалық сүйемелдеудің ерекше мәні бар, сонымен қатар түстерді дұрыс таңдай білу, мультипликация, қазіргі бейне техникалық құралдардың барлығы нақты қызмет жағдайын жаңадан жасауға мүмкіндік береді.

Бірақта, бүгінгі негізгі міндеттің бірі оның қызығушылығы компьютерді пайдалану факторынан басым түсе алмайтындығымен, шындығын айтқанда оқу мақсатын жақсарта алумен қорытындыланады. Компьютерлік оқыту белгілі мөлшерде программалық оқытудың аналогы, ол мектеп курсында оқытылатын пәндердің мүмкіндігін кеңейтеді және оған өте икемді оқыту жүйесі бола алады.

Сондықтанда, біз теориялық негізін құрайтын мына прициптерді бөліпа көрсетеміз:

а) материалды кішкентай, өзара өте тығыз байланысқан бөліктеге бөлеміз ;

ә)программаланған тексті оқытуда оқушылардың белсенді әрекеті;

б) оқушылардың әрбір жауабын біден бағалап отыру;

в) программалық тестерді эмпирикалық тексеру.

Менің ойымша компьютерді оқу процесінде пайдалану комплексті түрде болуы тиіс. Сондықтан мұғалім компьютерлік техникалар некгізінде оқушыларға жаңа білімді меңгерту немесе оны бекіту үшін, «мұғалім компьютер » жүйесі арқылы компьютерлендірілген оқыту ортасын құру жолдарын ұсынады.

Бұгінгі таңда орта мектепте әдістемелік, психологиялық –педагогикалық, программлық техникалық және ұйымдастыру құралдарының бір ыңғайға келтірілген технологиясы құрылды.

Оқытуды компьютерлік технологиясы (ОКТ), көптеген зерттеушілердің пікіріне сүйенетін болсақ оқушылардың өз бетімен дербес жұмыстарын ұйымдатыруға ерекше қолайлы жағдай туғызады екен.

Оқытудың компьютерлік технологиясын енгізу оқу –тәрбие қызметін интенсивтендіру мен оптималдандырудың жаңа приципті мүмкіншіліктерін ашады.

Оқытудың жаңа педагогикалық технологиясын жүзеге асыру оқушының шығармашылық потенциалын дамытуға мүмкіндік береді, өз бетімен танымдық және эксперименттік –зерттеушілік қызметін меңгертеді, оқушылардың өз бетімен оқу қызметінің мәдениеті қалыптасады.

Ғылыми –техникалық прогресс өндірістің көптеген салаларының технологиясына, техникалық жүйелердің құрылымымен элементтеріне түбегейлі ықпал етіп қана қойған жоқ, қазіргі өндірістегі ЭЕМ қызметі мен еңбек адамның рөлін барынша өзгертті. Ғылыми –техникалық прогресстің бұл ерекшеліктерін политехникалық білім беру ұстанымын жүзеге асыруда ескеру қажет. Сондықтан, ЭЕМ мүмкіндіктерін және қолдану шарттарын объективті түрде оқып үйренуге, компьютерлік техниканы пайдалану негізінде жаңа оқыту технологиясын жасауға бағытталған тәсіл бізге неғұрлым шынайы әрі практикалық мәнді болып көрінеді.

Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар әрбір оқушының білім алу үрдісіне шығармашылық қабілетін дамытуға айқын мүмкіндіктер береді. Дәл осы ақпараттық технологиялармен әрбір оқушының өзіндік білім алу траекториясын таңдауына жол беретін ашық білім беру жүйесін құруды, оқу бағдарламаларының бағдарламалануы және өзгермелі бейімделуі есебінен оқу үрдісінің біртұтастығын сатай отырып оны дараландыруға мүмкіндік беретін компьютердің маңызды дидактикалық қасиеті негізінде оқушылардың оқу үрдісіне танымдық қызметін тиімді ұйымдастыру арқылы жаңа білім беру технологиясын түбегейлі өзгертүді тығыз байланыстырады.

Мектеп оқушысының ақпарттық мәдениетін дамыту көзқарасы тұрғысынан да мұғалімге кез –келген пәнді информатика заңдары негізінде түсіндіру мүмкіндігін беру маңызды. Сондықтан да мектепте қазіргі уақытта фундаметалдық пәндерді оқытуды компьютерлендіру оқу үрдісін ұйымдастырудың негізгі маңызды мәселелерінің бірі болып табылады.

Сонымен әс –тәжірибе жүзеге асырылған ақпараттық технологиялар мүмкіндіктерін оқу үрдісіне оқушылардың шығармашылық қабіліеттерін арттыру, ақпараттық мідениеттреін қалыптастыру және дамыту, оқу үрдісін дараландыру мақсатымен оладың танымдық қызметін тиімді ұйымдастыру үшін келесі тұжырымды қайталауға болады:

-оқу үрдісіне компьютерді фрагментті түрде емес, үздіксіз қолдану қажет;

-үлкен көлемді бағдарламалауды қажкт ететін және «жылдам ескіретін » жеке компьютерлік бағдарламалардан кетіп, белгілі бір пакеттерді қолдану, тек қана оларды жаңа әдістемелік мазмұнмен жабдықтап отыру қажет;

-белгілі бір шарттарды қанағатандыратын бағдарламалық -әдістемелік демеудің болуы қажет;

а) компьютерлік практикум барысында мұғалім мен оқушының белсенді ролін қамтамассыз ету.

ә) инструменталдық ортаның рухани ескіруіне тұрақты.

б) толықтырулар мен өзгертулерге икемді.

а) Математика пәнінде компьютерді қолдану:

Математика мұғалімі компьтерге оқу үрдісіне өзінің электрондық асссистенті ретінде сенуіне болады. Мұнда тек қана қандай өыщмет түрлерін компьютерге, ал қайсысын мұғалімге беру зерттеліп жатқан пәндік облысқа және әрбір жеке мұғалімнің әдістемелік тәсілдері жүйесіне байланысты.

Математика пәнінің оқыту үрдісіне компьтерді қолдану мұғалім мен оқушы қарым –қатынасының бұрыңғы қалыптасқан жүйесін, олардың іс-әрекетінің мазмұнын, құрылымын үлкен өзгерістерге ұщыратады. Қалыпты білім беру жүйесінде мұғалім –оқушы –оқулық түрінде құрылған үш жақты байланыс бұзылып, мұғалім –оқушы –компьютер –оқулық жүйесі пайда болады. Мұндай жүйеде білім беру оқыту процесінде компьютерді қодану білім мен біліктілікке қоятын талаптарды қайта қарап, жетілдіріп жүйелеуді талап етеді.

Қазіргі кезде мектепте математикадан білім берудегі маңызды мәселелердің бірі математика ғылымы туралы толық білімді интеграциялау. Жалпы білім беретін мекемелер үшін бұл мәселенің шешілуі математика салалары: алгебра мен геометрия, математика мен информатика үшін қажет.

Интеграция (латынның integration –қалпына келтіру, кіріктіру, integr –бүтін, толық )түсінігі қандайда бір бөліктердің бір бөлікке байланысу жағдайы және осы жағдайға кіріктіретін үрдіс.

Оқуда интергацияны әртүрлі оқу пәндері мазмұнының өзара әсерлесуі, өзара байланысыдеп түсіуге болады.

Математиканы оққытуда оқушылардың негізгі іс -әрекеті есеп шығару болғандықтан математика мен информатиканы кіріктіре оқытудың (маңыздылығы зор) әдістерін бір жүйеге келтіріп, жүзеге асыру қажет.

Кейбір пәндер өзара интеграцияланып, сағат жүктемесін жеңілдеткенімен жеке пән ретінде де қалуы керек. Қалай дегенмен де қазақ мектебіндегі білім беру мазмұны мен оқыту әдістемесі түбегейлі жаңарғалы отырған уақытта интерациялаудың актуальдығы өте жоғары.

Енді неліктен математика және информатика пәндері өзара интеграциялануы керек деген мәселенің басын ашып алаған дұрыс болады. Жалпы информатика өөзінің мазмұны мен мүмкіндігі жағынан барлық пәндермен тығыз байланысты, ол өз болмысымен оларды біріктіре алады. Сондада ең жақын пін –математика. Екеуін тығыз байланыстыратын түйін –математикалық модель құру мәселесі. Кез келген процесті алгоритмдеу үшін оның математикалық моделін құру керек екені белгілі.

Оқытуды компьютерлендіру туралы сөз болған кезде мынадай күрделі мәселелерге зер салу керек: «Компьютер мұғалім». Компьютер мұғалімнің орнын орнын басапауы керек. Ол оқыту процесін ақпараттандыру құралы болып қана қалып, бірақ барынша жетілдірілген ерекше көмекші аспап болуы керек. Бұл жерде мұғалімнің ролі ерекше және шешулі. Себебі компьютер қанша жетілдірілгенімен өз тапсырмаларын көрсетілген жүйелік ретпен орындаушы ретінде ғана қалады. Сондықтан компьютер өзінше төтенше жағдай тіғанда дұрыс шешім қабылдай алмайды. Сонымен қатар компьютер оқушы ықпалына бағынатын және оқушының қосымша қызығушылығын туғызып , сабақтың негізгі мақсатын ауықытатын ерекшелігі бар.

Сондықтарн компьютер әр дайым мәлімет ошағы бола береді,одан мұғалім қажеттісін ала білуі керек. Мұғалімнің рөлі негізінен оқушыларға тиісті деңгейде білім беруге бағытталады, ал оқушы сол арқылы өз шамашарқынша компьютерді пайдаланып білгенін дамытатүседі.

Ғылымның жеке салаларындағы білім мазмұнынинтеграциялап оқытудың маңызы зор. Білім мазмұнын интерациялап оқытудың оқытудың әдістемесіне өзіне тән қағидалары бар. Мысалы, алгебра, геометрия, инфогрматика негіздері пәндерінің -концептуалды құрылым негіздері бірдей -талдау –алгоритмдік жүйе –бағдарлама. Осы интерациялауда қосарланған сабақтар, яғни алгебра мен информатика конференция сабақ түрінде өтеді.

Ендеше информатика мен математика пәндері интеграциялауға қажетті алғы шарттар бар екен.

Кез келген есепті компьютерде шешудің мынадай кезеңдері бар екендігі мектептің «Информатика және есептеуіш техника негіздері» курсынан белгілі:



  1. Есептің қойылуы.

  2. Математикалық моделі

  3. Есепті шешу алгоритмін құру

  4. Алгоритмді бағдарламалау тілдерінің бірінде жазу

  5. Есепті компьютермен шығару

  6. Талдау жасау

Бұдан компьютерді пайдаланып есептер шығаруда әуелі есептің математикалық моделін құру аса маңызды екенін аңғаруымыз керек.

Математиканы оқыту әдістемесі оқушының өзіндік тұлғасын қалыптастыру үшін, оның дүниетанымын және интеллектін дамытуға, іргелес пәндерді зерттеуге, білімін жалғастыруға және болашақ мамандық қызметі үшін қажетті математикалық білімі мен іскерлігін қалыптастыруға және жүйелендіруге бағытталған. Бірақ, көпшілік жағдайда мұғалімге оның әр түрлі бөлімдерінің құрылымдық байланыстарын талқылауға және көрнекі бейнелеуге уақыт жете бермейді. Мұғалімнің назары негізінде белгілі бір типті есептер шығарудың практикалық дағдысын қалыптастыруға жұмсалады.

Математиканы оқытудың дағдылы әдістемесін компьютерлік қолдау арқылы толықтыру жоғарыда айтылған мәселелерді шешуге көмектеседі. Шешуі үшін математикалық үлгілеу әдістерін білуді қажет ететін қолданбалы және зерттеулік мінезді есептерді қарастыру математиаклық білімді жүйелендіруге көп әсер етеді.

Қазіргі уақытта компьютерді математика сабағында тек қана иллюстрация , тестілеу үшін ғана қолдану жеткілікті емес. Компьютер оқу үрдісінің барлық кезеңдерінде қолдануы қажет: жаңа тақырыпты түсіндіруде, бекітуде, қайталауда, білімді, дағдыны, әскерлікті тексеруде.



Каталог: ebook
ebook -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
ebook -> Қазақстан Республикасының
ebook -> Қазақстан Республикасының
ebook -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
ebook -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
ebook -> ПОӘК 042-18-29 8/03-2013 №1 басылым 05. 09. 2013
ebook -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
ebook -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
ebook -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
ebook -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет