Урок мира и согласия, посвященный дню знаний методические рекомендации



Дата07.05.2017
өлшемі279,33 Kb.
#15775
түріМетодические рекомендации
БІЛІМ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ

БЕЙБІТШІЛІК ЖӘНЕ КЕЛІСІМ САБАҒЫ
Әдістемелік ұсыныстар

РЕСПУБЛИКАНСКИЙ УРОК МИРА И СОГЛАСИЯ,

ПОСВЯЩЕННЫЙ ДНЮ ЗНАНИЙ
Методические рекомендации

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2015 жылғы 20 шілдедегі № 6 хаттамасы)

Рекомендовано к изданию Ученым советом Национальной академии образования им. И. Алтынсарина (протокол № 6 от 20 июля 2015 года)

Білім күніне арналған республикалық бейбітшілік және келісім сабағы.

Әдістемелік ұсыныстар. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2015. – 9 б.

Республиканский Урок мира и согласия, посвященный Дню знаний.

Методические рекомендации. – Астана: Национальная академия образования им. И. Алтынсарина, 2015. – 8 с.

Әдістемелік ұсыныстар Білім күніне арналған республикалық бейбітшілік және келісім сабағын өткізудің мазмұнын, негізгі түсініктерін, формалары мен әдістерін ашуға бағытталған.

Әдістемелік ұсыныстар білім беру ұйымының басшыларына, әдіскерлерге, мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілеріне, сынып жетекшілеріне, топ кураторларына, педагогтерге арналған.
Методические рекомендации направлены на раскрытие содержания, основных понятий, форм и методов проведения республиканского Урока мира и согласия, посвященного Дню знаний.

Методические рекомендации предназначены для руководителей организаций образования, методистам, воспитателям дошкольных организаций, классным руководителям, кураторам групп, педагогам.



Кіріспе
Біздің мемлекетіміздің түп негізі – бұл бейбітшілік және келісім, бірлік және тұрақтылық.

Қазақстан көптеген елдердегі әлеуметтік күйзелістер мен ғаламдық тұрақсыздықтың өсуі аясында орнықты және сенімді түрде дамуда [1-13].

Мемлекет басшысының «2050-Стратегиясы», жаңа индустрияландыру, «Нұрлы жол», Бес институтиционалдық реформа, «Мәңгілік Ел» сияқты үздік бастамалар – бұлар көп жылға бұрын есептелген ұрпақтан ұрпаққа жалғасатын мега-жобалар. Оларды тек қуатты бүкілхалықтық механизм ғана іске қосуға қабілетті. Болашақ біртұтас ұлт осындай бола алады.

Бүкілқазақстандық бірегейлік пен азаматтық принципті одан әрі нығайтуға, «Мәңгілік Ел» идеясы базасына біріктірілген құндылықтарды, тілдердің үштұғырлылығын, қазақ ұлтының негізі ретінде орта топты дамытуға негізделген болашақ біртұтас ұлт қана азаматтық орнықты және табысты мемлекеттің ең сенімді іргетасы болады.

«Мәңгілік Ел» – бұл біздің бірлігіміздің қуатының қайнар көзі.

«Мәңгілік Ел» – барша қазақстандықтарды біріктіретін біздің Тәуелсіздігіміздің сенімді рухани тірегі.

«Мәңгілік Ел» – бұл қазақстандық мемлекеттіліктің терең тарихын айшықтайтын жалпыхалықтық идея!

«Мәңгілік Ел» – бұл өз атамекеніне деген сүйіспеншіліктің белгісі, қазақстандық патриотизмнің жоғары деңгейі, рух күші, Отанға адалдық, еліне шынайы берілгендік, азаматтық борыш!

«Мәңгілік Ел» жалпыхалықтық идеясын жүзеге асыру жағдайында өскелең ұрпақтың патриотизмін және тағаттылығын тәрбиелеу, рухани-адамгершілігін қалыптастыру мақсатында 2015 жылғы 1 қыркүйекте Білім күніне арналған республикалық бейбітшілік және келісім сабағын өткізу ұсынылады.

Білім күніне арналған республикалық бейбітшілік және келісім сабағының міндеттері және негіздемелері:

    1. 1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Баршаға бірдей осы заманғы мемлекет: Бес институционалдық реформа» тақырыбында «Нұр Отан» партиясының XVI съезінде, «Мәңгілік Ел: бір ел – бір тағдыр» тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІІ сессиясында сөйлеген сөздердің түйінді ойларымен танысу.


2. Білім алушылардың рухани-адамгершілік, патриоттық қасиеттерін қалыптастыру, этносаралық және мәдениетаралық байланыс жағдайларында тағаттылығы мен қарым-қатынас жасау біліктілігін дамыту.

3. «Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асырудың 100 нақты қадамы» мысалында осы заманғы Қазақстанның жетістіктері мен табыстары туралы оқушылардың ой-өрісін кеңейту, білімін тереңдету.

4. Қазақстан халқы Ассамблеясының жылын және Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі ұлттық іс-шаралар жоспары (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 21 қарашадағы № 1223 қаулысы):

28-тармақ: Білім беру мекемелерінде Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күніне орайластырылған салтанатты іс-шаралар, тақырыптық дәрістер; Білім күніне арналған бейбітшілік пен келісім республикалық дәрісін өткізу;

68-тармағы: Сот корпусының, Конституциялық Кеңес пен әділет органдары өкілдерінің қатысуымен жоғары, орта арнаулы және жалпы білім беру мекемелерінде дәрістер мен «ашық сабақтар» ұйымдастыру және өткізу.

5. Қазақстан Республикасында 1941 – 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын мерекелеуге дайындық және оны өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 16 қазандағы № 1105 Қаулысы):

35-тармақ: Білім беру ұйымдарында және елді мекендерде 1941- 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне арналған әдеби кештерді, еске алу сағаттарын, «Ерлік сабақтарын», «Бейбітшілік сабақтарын», интерактивті сабақтарды, жаппай спорттық, мәдени-сауықтыру және тәрбие-насихаттау іс-шараларын өткізу.

6. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Б.М.Сапарбаевтың Қазақ хандығының 550 жылдығы мен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын мерекелеу аясында еліміздің барлық мектептерінде 1 қыркүйек күні «Ерлік сабағын» жүргізу туралы тапсырмасы (2015 жылғы 11 тамыздағы № 20-59/3202).



7. 2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 1448 қаулысы).
1. Қоғамдық келісім мен ұлттық бірліктің қазақстандық моделі

Бірлік барлық қиындықтарды жеңуге қабілетті күш. Ортақ міндеттерді шешу кезінде әркім өз өмірін жақсартуға тырысады.

Ынтымағы жарасқан ел ғана ертеңгі күнге сенімді. Біртұтас мығым ұлт – кез келген тарихи жағдайларда өркендеудің кепілі. Сонымен бірге, озық елдер қатарына қосылуды сезіну әрбір қазақстандықта бейбітшілік пен тұрақтылық үшін ортақ жауапкершілік туындатты.

Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» жолдауында: «Толысқандықтың жаһандық сынынан өту үшін біздің топтаса білуіміз қажет. Біз барлық қазақстандықтар арасындағы сенімді нығайтуға тиіспіз! Бір-бірімізге тағатты болуымыз керек! Бұлар – Қазақстанның болашағына кілттер. Этносаралық келісім – ол өміршеңдік оттегі», –деп ерекше атап көрсетті.

Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен Қазақстанда бірегей және халық бірлігінің осы кезге дейін еш жерде қайталанбаған моделі қалыптастырылды. Қазақстан халқы Ассамблеясы жиырма жыл аралығында қазақстандағы барлық этностардың достық, тағаттылық және мәдениеті мен дәстүрін бірге дамыту идеясы іске асырылған қоғамды үйлестірудегі өзекті тетік қызметін атқарып келеді.

Қазақстан халқы Ассамблеясы сондай-ақ ағымдағы жылы 20 жылдығы атап өтілетін жаңа Қазақстан Конституциясын қабылдау бойынша бүкілхалықтық референдум бастамасын көтерді. Осы жылдар ішінде Ассамблея Мәжіліс депутаттарын сайлау құқына ие конституциялық органға айналды. «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заң қабылданды, әлемде баламасы жоқ және ол еліміздің болашағы үшін өте маңызды, себебі оның нормалары біздің ұлтаралық саясатымыздың негізін қалыптастырады.

Қазақстандық модель барлық халықаралық қауымдастықтың жоғары бағасына ие болды. БҰҰ-да тұсаукесері табысты өтті және 60 тілге аударылды. Барлық әлем үшін ол қоғамдық тұрақтылықтың өнегесі, 100 этнос пен 17 конфессия мүдделерінің тепе-теңдігін сақтау мен нығайтудың үлгісі болды.

Қазақстан Республикасында оқыту толығымен өзбек, ұйғыр, тәжік және украин тілдерінде жүргізілетін 88 мектеп жұмыс жасайды. Қазақстанда 108 мектепте 22 этностың тілдері жеке пән ретінде оқытылады. Мұнан бөлек, 30 этностың тілі оқытылатын мамандандырылған 195лингвистикалық орталық ашылған.

Ақпараттық өрісте 35-тен артық этникалық газет, журналдар белсенді жұмыс жасайды. Ең ірі 6 этникалық республикалық газет мемлекеттің қолдауымен жұмыс істейді. Газеттер мен журналдар 11 тілде шығады, радиохабарлар – 8 тілде, ал телехабарлар – 7 тілде жарияланады.
2. Білім күніне арналған республикалық бейбітшілік және келісім сабағын өткізу бойынша әдістемелік ұсыныстар дайындау

Безендіру:

1. Мемлекеттік рәміздер;

2. Стенд (слайд) «Мәңгілік Ел: бір ел – бір тағдыр», «Мәңгілік Ел: одна страна, одна судьба» (Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІІ сессиясынан фотосуреттер);

3. Стенділер (слайдтар).

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Қазақстан халқына жолдауынан, «Баршаға бірдей осы заманғы мемлекет: Бес институционалдық реформа» «Нұр Отан» партиясының XVI съезінде және Қазақстан халқы Ассамблеясының XXІІ сессиясында сөйлеген сөздерінен үзінділер:

«Бізді, біріншіден, ортақ үйіміз – Қазақстанға деген ортақ сүйіспеншілік біріктіреді. Екіншіден, біздің ежелгі жеріміз бен тілдерді дамыту тарихына қатысты қоғамдық келісіміміз. Үшіншіден, мемлекетіміз бен оның азаматтарының бүгінгі күніміз бен еңселі ертеңімізге түбегейлі сеніміміз. Біздің Мәңгілік Отанымыз – Мәңгілік Елдің негізі, міне, осы»;

«Мәңгілік Ел идеясы арқауындағы топтастырушы құндылықтар – азаматтық теңдік; еңбексүйгіштік; адалдық; оқымыстылық пен білімге бас июшілік; зайырлы ел – толеранттылық елі»;

«Қазақстандық ұлттық рухтың басты көзі – ортақ рухани-адамгершілік құндылықтар негізіндегі халық бірлігі»;

«... біз үшін қазақстандықтарды рухани тұрғыдан күштірек, біртұтас және тағатты ету маңызды»;

«Ассамблея тарихы – біздің тұрақтылығымыздың тарихы».

Классикалық және қазақ халқының музыкасы, патриоттық тақырыптағы әндермен аудио-бейнематериалдар; Қазақстан және Астана туралы өлеңдер, қазіргі Қазақстанның жетістіктері туралы кітаптар және т.б.

Сабақ шеңберінде келесі жұмыс түрлерін өткізу ұсынылады:

– мектепке дейінгі ұйымдарда ұйымдастырылған оқу-іс-әрекеті ойын музыкалық және жарыс, фестиваль, суреттер көрмесі түрінде өткізіледі, мектеп жасына дейінгі балаларға арналған бейнематериалдар мен фильмдер қарау;

       –  1-4 сыныптарда – саяхат-сабақ, викторина-сабақ, сайыс-сабақ, музыкалық ойын-сабақ, әңгіме, көрме, суреттер мен қолөнер бұйымдарының байқауы, музыкалық шаралар, фестивальдер, ұжымдық шығармашылық істер, фильмдер көру (слайд, композиция);

– 5-9 сыныптарда – сынып сағаты, әдеби-поэзиялық композиция, баспасөз конференциясы, іскер ойын, викторина, байқау, жарыс, пікірталас, оқушылар жобасының презентациясы, эссе, сурет көрмесі, саяхат, түрлі ұлт өкілдерінің танымал адамдарымен кездесулер және т.б.;

– 9-11 сыныптарда – сынып сағаты, рөлдік ойындар, оқушылар жобасын қорғау, ми шабуыл, пікірталас, дебаттар, саяси сабақтар, тренингтер, газет және ауызша журнал шығару, этномәдени бірлестіктері, құқық қорғау органдары өкілдерімен, ғалымдармен – саясаттанушы, заңгер, тарихшылар және т.б. кездесулер.

Сондай-ақ:

- ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде иллюстративтік көрнекіліктер, замануи көрнекі құралдар қолданылады;

- сабақтарды оқытудың қазіргі заманғы интербелсенді формаларын қолдана отырып өткізу;

- мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың жас және жеке ерекшеліктерін, сондай-ақ дайындық деңгейін ескеру;

− патриоттық тақырыпқа ән тыңдау, бейнефильмдер көруді ұйымдастыру;

− Қазақстан тарихы, қазақ әдебиеті, балалар көркем әдебиеттерін, кинематография, публицистика және т.б. материалдарын пайдалану;

− білім беру ұйымдарында қоғамдағы этносаралық және конфессияаралық келісім мәселелері бойынша мемлекеттік және қоғамдық қайраткерлер, басқару органдары өкілдерінің, ҚР Парламенті және мәслихаттары депутаттарының, Қазақстан халқы Ассамблеясы, кіші және мектептік Қазақстан халқы ассамблеялары мүшелерінің, соғыс және еңбек ардагерлерінің және т.б. қатысуымен кездесулер, «дөңгелек үстелдер», конференциялар, интернет-форумдар ұйымдастыру;

− этномәдени бірлестіктер, мұражайлар, мемориалдарға және т.б. бару ұсынылады.

Негізгі түсініктер
Қазақстандық патриотизм – Қазақстанда мекендейтін көпұлтты халыққа ортақ сезім. Ол қазақ халқының ұлттық дәстүрлері мен мәдениетіне, рухани байлығына және еліміздің қазынасын байытуға үлес қосқан басқа этностардың мәдениетіне деген терең құрметтен туындайды.

Мәдениетаралық байланыс – түрлі мәдениетке жататын индивидтер мен топтар арасындағы қарым-қатынас және байланыс жасаудың түрлі формаларының жиынтығы.

Ұлтаралық келісім – ұлтаралық процестер түрі, түрлі ұлттардың өзара түсіністік, өзара сыйластық, өзара сенім және өзара қарым-қатынасқа қол жеткізуі, халықтар бірлігі.

Патриоттық тәрбие – өскелең ұрпақтың бойында Отанына деген сүйіспеншілік, туған елін қорғау және оның мүддесі жолында өзін құрбан ету сезімін қалыптастыру.

Отан – әрбір адам үшін тағдыр сыйлаған, ата-бабадан жеткен жалғыз, бірегей, өз халқының рухани байлығымен және оның өткен тарихымен байланыстыратын туған жер.



Тағаттылық – ұлттардың басқа дүниетанымына, өмір сүру салтына, мінез-құлқына және дәстүрлеріне, діни сеніміне төзімділік.

Құндылықтар – тұтас алғанда қайырымдылық, әділеттілік, патриотизм туралы түсінікті көпшілік адамдар құптайтын және қолдайтын, тұлға, әлеуметтік қауымдастық, қоғам үшін қоғамдық-маңызды, материалдық, әлеуметтік нысандар.

Қорытынды
Мемлекет басшысының бастамасы бойынша жарияланған Ассамблея жылы біздің Отанымыз – Қазақстанның табысқа қол жеткізуі және өркендеуі үшін халықтар бірлігі, тұрақтылық, бейбітшілік пен келісімнің мызғымас саясаты белгісінің астында өтуде.

Жыл сайын өтетін 1 қыркүйек Білім күнінде мұғалімдер балалар мен оқушы жастарды өз Отаны – Тәуелсіз Қазақстан Республикасын сүюді, оның лайықты азаматтары болуды, қоғамда келісім мен тұрақтылықты сақтау ұмтылысын үйретуі тиіс. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың еңбектері мен баяндамаларын зерделеуге ерекше мән берілу қажет.

Республикалық бейбітшілік және келісім сабағында:

- қазақстандық біртектілікті одан әрі нығайту қажет. Ол азаматтық қағидатына негізделуі тиіс. Барлық азамат құқықтардың бірдей көлемін пайдалануы, жауапкершіліктің бірдей жүгін көтеруі және теңдей мүмкіндікке қолжетімділікке ие болуы керек;

- бүкілқазақстандық біртектіліктің, болашағы біртұтас ұлттың кілті бүкілқазақстандық мәдениет болып табылады;

− қазақстандық ұлттық рухтың басты көзі – ортақ рухани-адамгершілік құндылықтар негізіндегі халық бірлігі;

− өскелең ұрпақты патриоттық тәрбиелеуге ерекше назар аударуымыз керек. Бұған білім беру жүйесінің, тәрбиенің, мәдениеттің, БАҚ-тың, этномәдени бірлестіктердің барлық күш-жігері бағытталатын болуы тиіс;

− кез келген ұлт-мемлекет – бұл оның бірегей мемлекеттік тілі. Қазақ тілін дамыту өзінің тарихында ешқашан осындай ауқым мен қарқынды білген емес. Бүгінде қаншама қазақ еместер қазақ тілін біледі! Мемлекет қазақстандықтардың барлық этностық топтарының тілдерін дамытуға қамқорлық көрсетіп келеді. Елімізде үштұғырлы тіл енгізу қарқынын өрістетудеміз. Қазақстандықтардың 20 пайызы қазірдің өзінде ағылшын тілін меңгерген. Үш тілді білу – жаһандық өмірге жолдама алу деген сөз.

Елде жүргізіліп жатқан әлеуметтік жаңару мен жаңа индустриалды-инновациялық экономика және өңірді дамытудың «Ұлт жоспары – Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың бес институционалдық реформасын жүзеге асырудың 100 нақты қадамы» контексі бойынша материалды сабақта пайдалану тиімді.

Сабақтың мазмұны рухани-адамгершілік қасиеттері дамыған және ел тағдыры үшін жауапкершілік сезімі бар, ынтымақтастық пен мәдениетаралық өзара әрекетке қабілетті, «Қазақстан − 2050» − Мәңгілік Ел стратегиясының басты мақсатына қол жеткізуге белсенді қатысатын тұлға қалыптастыруға бағытталуы тиіс.


    1. Пайдаланылған әдебиеттер және қосымша материалдар:

    2. 1. Қазақстан Республикасының Конституциясы (1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған. 2011. 02. 02. берілген өзгертулер мен толықтыруларымен).


2. Қазақстан Республикасының Заңы «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы». 2008 жылы 20 қазан – №70-IV.

3. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың «Қазақстан жолы - 2050: «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Қазақстан халқына Жолдауы. Ресми мәтін. – Астана. – 2014. – 17 қаңтар.

4. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол». – Астана, – 2014. – 11 қараша.

5. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиындағы сөзі. «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі – Мәңгілік Елдің Ұлы тарихы». – Астана. – 2014. – 15 желтоқсан.

6. Қазақстан Республикасының Президенті, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Н.Ә. Назарбаевтың партияның XVI съезінде сөйлеген сөзі «Баршаға бірдей осы заманғы мемлекет: Бес институционалдық реформа». – Астана. – 2015. – 11 наурыз.

7. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІІ сессиясында сөйлеген сөзі «Мәңгілік Ел: бір ел – бір тағдыр». – Астана. – 2015. –23 сәуір.


    1. 8. Ұлт жоспары – Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың бес институционалдық реформасын жүзеге асырудың 100 нақты қадамы. − Астана. − 2015.


9. Н.А. Назарбаев – основатель казахстанской модели межэтнического и межконфессионального согласия / Под общ. ред. Ж.А. Алиева. – Алматы: Жеті жарғы. 2005. – 212 с.

10. «Барлық білім беру ұйымдарында оқытудың тәрбиелік құрамдасын күшейту жөніндегі үлгілік кешенді жоспарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 маусымдағы № 873 Қаулысы.

11. Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері. Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 227 бұйрығымен бекітілген.

12. Ассамблея тарихы – ел тұрақтылығының тарихы // Егемен Қазақстан. – 2015. – 24 сәуір.

13. Н. Назарбаевтың тиімді мемлекеттілігі – ХХІ ғасырдың саяси эксклюзиві // Егемен Қазақстан. – 2015. – 28 сәуір.

14. «Жыл бойғы мерекелер» сценарийлар жинағы, «Мектепке дейінгі балалық шақ» Республикалық орталығы, Астана, 2013.

15. Қазақстан Қарулы күштері туралы имидждік бейнероликтер:

1) «ҰОС Жеңістің 70 жылдығы» бейнеролигі, 55 сек.;

2) «Десант биатлоны» бейнеролигі, 1 мин. 26 сек.;

3) «Әскери қызметтегі бір күні» бейнеролигі, 2 мин. 47 сек.;

4) «QR-код» бейнеролигі, 1 мин. 22 сек.;

5)«Батыр арулар» байқауының жеңімпаздары» бейнеролигі,

2 мин.12 сек.

Введение
Основа основ нашего государства − это мир и согласие, единство и стабильность.

На фоне социальных потрясений во многих странах мира и нарастающей глобальной нестабильности Казахстан развивается устойчиво и уверенно [1-13].



Выдающиеся инициативы Главы государства: «Стратегия-2050», новая индустриализация, «Нұрлы жол», Пять институтициональных реформ, «Мәңгілік Ел», рассчитаны на многие годы вперед и запустить их способен только мощный всенародный механизм. Таковым может стать нация единого будущего. Только нация единого будущего, основанная на дальнейшем укреплении казахстанской идентичности и принципе гражданства, консолидирующие ценности на базе идеи «Мәңгілік Ел», развитие триединства языков, средний класс как основа казахстанской нации будут самым надежным фундаментом устойчивого и успешного государства.

«Мәңгілік Ел» − это неиссякаемый источник энергии нашего единства.

«Мәңгілік Ел» − это надежная духовная опора нашей Независимости, объединяющая всех казахстанцев.

«Мәңгілік Ел» − это общенародная идея, показывающая историческую глубину казахстанской государственности.

«Мәңгілік Ел» − это олицетворение любви к своей Отчизне, высокая степень казахстанского патриотизма, сила духа, верность Родине, преданность народу, гражданский долг.

В целях воспитания патриотизма и толерантности, духовно-нравственного формирования подрастающего поколения в условиях реализации общенациональной идеи «Мәңгілік Ел» рекомендуется провести Республиканский Урок мира и согласия, посвященный Дню знаний.


    1. Задачи и обоснование проведения Республиканского Урока мира и согласия:

    2. 1. Знакомство с основными положениями выступлений Президента Республики Казахстан Н.А. Назарбаева на XVI съезде партии «Нұр-Отан» «Современное государство для всех: Пять институциональных реформ» и на ХХII сессии Ассамблеи народа Казахстана «Мәңгілік Ел: одна страна, одна судьба».


2. Формирование духовно-нравственных качеств обучающихся, казахстанского патриотизма, развитие толерантности и умения общаться в условиях межэтнической и межкультурной коммуникации.

3. Расширение кругозора, углубление знаний учащихся о достижениях и успехах современного Казахстана на примерах «Плана нации − 100 конкретных шагов по реализации пяти институциональных реформ».

4. Национальный план мероприятий по организации и проведению Года Ассамблеи народа Казахстана и 20-летия Конституции Республики Казахстан (Постановление Правительства Республики Казахстан от 21 ноября 2014 года № 1223):

- пункт 28. Провести в учреждениях образования торжественные мероприятия, тематические лекции, приуроченные ко Дню образования Ассамблеи народа Казахстана; республиканский урок мира и согласия ко Дню знаний;

- пункт 68. Организовать и провести лекции и «открытые уроки» в высших, средне-специальных и общеобразовательных учебных заведениях с участием судейского корпуса, представителей Конституционного Совета и органов юстиции.

5. План мероприятий по подготовке и проведению празднования в Республике Казахстан 70-ой годовщины Победы в Великой Отечественной войне 1941 – 1945 годов:



- пункт 35. Провести в организациях образования и населённых пунктах литературные вечера, памятные часы, «Уроки Мужества», «Уроки Мира» интерактивные занятия, спортивно-массовые, культурно-развлекательные и воспитательно-пропагандистские мероприятия, посвящённые Дню Победы в Великой Отечественной войне 1941 1945 годов.

6.  Поручение Заместителя Премьер-Министра РК Сапарбаева Б.М. о проведении 1 сентября «Урока мужества» во всех школах страны, в рамках празднования 550-летия Казахского ханства и 70-летия Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 годов (от 11 августа 2015 года 20-59/3202).

7. План мероприятий по подготовке и проведению в 2015 году 550-летнего юбилея Казахского ханства (Постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2014 года № 1448).
1. Казахстанская модель общественного согласия и национального единства
Единство – это сила, которая способна преодолеть все трудности. Решая общие задачи, каждый улучшает собственную жизнь. Только у сплоченного народа есть уверенность в завтрашнем дне. Сильная единая нация – залог процветания в любых исторических условиях. При этом осознание принадлежности к преуспевающему государству породило солидарную ответственность каждого казахстанца за мир и стабильность.

В Послании Главы государства Н.А. Назарбаева народу Казахстана «Нұрлы жол – путь в будущее» особо подчеркнуто: «Чтобы пройти глобальный экзамен на зрелость, мы должны быть сплоченными. Мы должны крепить доверие между всеми казахстанцами! Быть толерантными друг к другу! Это ключи к будущему Казахстана. Межэтническое согласие – это живительный кислород».

По инициативе Лидера нации Н.А. Назарбаева в Казахстане сформирована уникальная, и до сих пор нигде не повторённая, модель единства народа. Ассамблея народа Казахстана на протяжении двадцати лет выступает стержневым механизмом гармонизации общества, в котором воплощены идеи дружбы, толерантности и совместного развития культур и традиций всех казахстанских этносов.

Именно Ассамблея народа Казахстана инициировала всенародный референдум по принятию новой Конституции Республики Казахстан, 20-летие которой также отмечается в текущем году. За эти годы Ассамблея превратилась в конституционный орган с правом избирать депутатов Мажилиса Парламента РК. Был принят Закон «Об Ассамблее народа Казахстана», не имеющий аналогов в мире и чрезвычайно важный для будущего нашей страны, потому что его нормы формируют основу нашей межнациональной политики.

Казахстанская модель получила самую высокую оценку всего международного сообщества. Была успешно презентована в ООН и переведена на 60 языков. Для всего мира она стала образцом общественной стабильности, примером сохранения и укрепления баланса интересов 100 этносов и 17 конфессий.

В Республике Казахстан действуют 88 школ, в которых обучение полностью ведется на узбекском, таджикском, уйгурском и украинском языках. В 108 школах языки 22 этносов Казахстана преподаются в качестве самостоятельного предмета. Кроме того, открыто 195 специализированных лингвистических центров, где изучают языки 30-ти этносов.

На информационном поле активно работают более 35 этнических газет и журналов. Наиболее крупных 6 этнических республиканских газет работают при государственной поддержке. Газеты и журналы выпускаются на 11-ти языках, радиопередачи – на 8-ми, а телепередачи на 7-ми языках.


2. Методические рекомендации по проведению Республиканского Урока мира и согласия, посвященного Дню знаний

Оформление:

1. Государственная символика;

2. Стенд (слайд) «Мәңгілік Ел: бір ел – бір тағдыр», «Мәңгілік Ел: одна страна, одна судьба» (фотографии с XXІІ-ой сессии Ассамблеи народа Казахстана);

3. Стенды (слайды). Выдержки из Послания Президента Республики Казахстан Н.А. Назарбаева народу Казахстана «Нұрлы жол – путь в будущее», из выступлений Главы государства на XVI съезде партии «Нұр Отан» «Современное государство для всех: Пять институциональных реформ» и на XXІІ сессии Ассамблеи народа Казахстана:

«Нас объединяют, во-первых, общая любовь к нашему общему дому – Казахстану. Во-вторых, общественное согласие по отношению к истории нашей древней земли и развитию языков. В-третьих, глубокая вера в настоящее и великое будущее нашего государства и ее граждан. Это и есть основа нашей Вечной Родины − Мәңгілік Ел»;

«Консолидирующие ценности на базе идеи Мәңгілік Ел − это гражданское равенство; трудолюбие; честность; культ учености и образования; светская страна – страна толерантности»;

«Главный источник казахстанского национального духа – единство народа на основе общих духовно-нравственных ценностей»;

«... нам важно сделать казахстанцев ещё более сильными в духовном плане, едиными и ещё более толерантными»;

«История Ассамблеи – это история нашей стабильности».

Аудио-видеоматериалы с классической и казахской народной музыкой, песнями на патриотические темы; стихи о Родине и Астане; книги о достижениях современного Казахстана и др.



В рамках урока рекомендуется проведение следующих форм работ:

– в дошкольных организациях проводится организованная учебная деятельность в виде игр, музыкальных мероприятий, фестивалей, соревнований, выставки рисунков, просмотр видео материалов и фильмов для детей дошкольного возраста;

– 1-4 классах – урок-путешествие, урок-викторину, урок-соревнование, урок-игру, беседу, выставки, конкурсы рисунков, поделок, музыкальные мероприятия, фестивали, коллективные творческие дела, просмотр фильмов (слайдов, композиций);

– 5-9 классах – классный час, литературно-поэтическую композицию, пресс-конференцию, деловую игру, викторину, конкурс, соревнование, диспут, презентацию ученических проектов, эссе, фотовыставку, экскурсию, встречу с известными людьми разных национальностей и др.;

– 9-11 классах – классный час, ролевые игры, защиту ученических проектов, мозговой штурм, дискуссии, дебаты, политические уроки, тренинги, выпуск газеты устные журналы, встречу с представителями этнокультурных объединений, правоохранительных органов, учеными – политологами, юристами, историками и др.

Также рекомендуется:

− в организованой учебной деятельности используются иллюстративные материалы, современные наглядные пособия;


  • уроки проводить с применением современных интерактивных форм обучения;

− учитывать возрастные и индивидуальные особенности, уровень подготовки детей дошкольного и школьного возраста;

− организовать прослушивание песен, просмотр видеофильмов на патриотическую тему;

− использовать материалы из истории Казахстана, казахской литературы, художественной детской литературы, кинематографии, публицистики и др.;

− организовать встречи, «круглые столы», конференций, интернет-форумы в организациях образования по вопросам межэтнического и межконфессионального согласия в обществе с участием государственных и общественных деятелей, представителей органов управления, депутатов Парламента РК и маслихатов, членов Ассамблеи народа Казахстана, малой и школьной ассамблеи народа Казахстана, ветеранов войны и труда и др.;

− посещение этнокультурных объединений, музеев, мемориалов и др.
Основные понятия
Казахстанский патриотизмобщее для всех жителей, населяющих многонациональный Казахстан интегральное чувство, основанное на глубоком уважении к традициям национальной культуры и духовности казахского народа и других этносов страны, внесших свой вклад в формирование общего для всех граждан достояния.

Межкультурная коммуникация − совокупность разнообразных форм отношений и общения между индивидами и группами, принадлежащими к разным культурам.

Межнациональное согласие вид межнациональных процессов, достижение взаимопонимания, взаимоуважения, взаимодоверия и взаимодействия различных национальностей, единство народов.

Патриотическое воспитание – формирование у подрастающего поколения чувства любви к Родине, защиты и самопожертвования в интересах Отечества.

Родина – единственная, уникальная для каждого человека родная земля, данная ему судьбой, доставшаяся от предков, связывающая с духовной культурой своего народа и его историческим прошлым.

Толерантность − терпимость к иному мировоззрению, образу жизни, поведению и обычаям, вероисповеданию, национальности.

Ценности – общественно-значимые для личности, социальной общности, общества в целом материальные, социальные объекты, одобряемые и разделяемые большинством людей представления о том, что такое добро, справедливость, патриотизм.
Заключение
Объявленный по инициативе Главы государства Год ассамблеи проходит под знаком незыблемости политики мира и согласия, стабильности, сплочения народа для достижения благополучия и процветания нашей Родины − Республики Казахстан.

Проводимые ежегодно Дни знаний 1 сентября должны учить детей и учащуюся молодежь любить свою Родину – независимую Республику Казахстан, стать ее достойными гражданами, стремиться к сохранению согласия и стабильности в обществе. Особое значение должно придаваться изучению трудов и выступлений Президента Республики Казахстан Н.А. Назарбаева.

На Республиканском Уроке мира и согласия важно подчеркнуть, что:

− необходимо дальнейшее укрепление казахстанской идентичности. Она должна основываться на принципе гражданства. Все граждане должны пользоваться одним объемом прав, нести один груз ответственности и иметь доступ к равным возможностям;

− ключом к всеказахстанской идентичности, нации единого будущего является всеказахстанская культура;

− главный источник казахстанского национального духа – единство народа на основе общих духовно-нравственных ценностей;

− особое внимание − патриотическому воспитанию подрастающего поколения. На это должны быть направлены общие усилия системы образования, воспитания, культуры, СМИ, этнокультурных объединений;

− любая нация-государство – это её уникальный государственный язык. Развитие казахского языка никогда в истории ещё не знало таких масштабов и темпа. При этом в Казахстане широко используется русский язык. Государство заботится о развитии языков всех этнических групп казахстанцев. В стране наращиваются темпы внедрения трёхъязычия. 20 процентов казахстанцев уже владеют английским языком. Знание трёх языков – это путёвка в глобальную жизнь.

Целесообразно использовать на Уроке материал по проводимой в стране социальной модернизации и новой индустриально-инновационной экономики и по развитию региона в контексте «Плана нации − 100 конкретных шагов по реализации пяти институциональных реформ Главы государства Н.А. Назарбаева».

Содержание Урока должно быть направлено на формирование личности, обладающей развитыми духовно-нравственными качествами и чувством ответственности за судьбу страны, способной к сотрудничеству и межкультурному взаимодействию, активно участвующую в достижении главной цели Стратегии «Казахстан − 2050» − Мәңгілік Ел.


Список

рекомендуемой литературы и допольнительные материалы:

    1. 1. Конституция Республики Казахстан (принята на республиканском референдуме 30 августа 1995 г. с изменениями и дополнениями по состоянию на 02 февраля 2011 г.).

    2. 2. Закон Республики Казахстан «Об Ассамблее народа Казахстана» от 20 октября 2008 года № 70-IV.

    3. 3. Послание Президента Республики Казахстан Н.А. Назарбаева народу Казахстана «Казахстанский путь – 2050: «Единая цель, единые интересы, единое будущее». – Астана. 2014. 17 января.


4. Послание Президента Республики Казахстан Н.А. Назарбаева народу Казахстана «Нұрлы жол – путь в будущее». – Астана. – 2014. – 11 ноября.

5. Выступление Президента Казахстана Н.А. Назарбаева на торжественном собрании, посвященном Дню Независимости Республики Казахстан. – Астана. – 2014. – 15 декабря.


    1. 6. Выступление Президента Республики Казахстан, Председателя партии «Нұр-Отан» Н.А. Назарбаева на XVI съезде партии «Современное государство для всех: Пять институциональных реформ». – Астана. 2015. 11 марта.


7. Выступление Президента Казахстана Н.А. Назарбаева на ХХII сессии Ассамблеи народа Казахстана «Мәңгілік Ел: одна страна, одна судьба». – Астана. – 2015. – 23 апреля.
    1. 8. План нации − 100 конкретных шагов по реализации пяти институциональных реформ Главы государства Н.А. Назарбаева. − Астана. 2015.


9. Н.А. Назарбаев – основатель казахстанской модели межэтнического и межконфессионального согласия / Под общ. ред. Ж.А. Алиева. – Алматы: Жеті жарғы. – 2005. – 212 с.
    1. 10. Постановление Правительства Республики Казахстан «Об утверждении Типового комплексного плана по усилению воспитательного компонента процесса обучения во всех организациях образования» от 29.06.2012 г. № 873.


11. Концептуальные основы воспитания. Утверждены приказом Министра образования и науки Республики Казахстан от 22 апреля 2015 года № 227.

12. Магер Ю., Тулешева Г. Одна страна – одна судьба // Казахстанская правда. – 2015. – 24 апреля.

13. Эффективная государственность Н. Назарбаева – политический эксклюзив XXІ века // Казахстанская правда. – 2015. – 28 апреля.

14. Сборник сценариев «Праздники круглый год», Астана 2013, Республиканский центр «Дошкольное детство».



15. Имиджевые видеоролики о Вооруженных Силах Республики Казахстан:

  1. видеоролик «К 70-летию ВОВ» 55сек.;

  2. видеоролик «Десантный биатлон» 1 мин. 26 сек.;

  3. видеоролик «Служба на день» 2 мин. 47 сек.;

  4. видеоролик «QR-код» 1 мин. 22 сек.;

  5. видеоролик «Победительницы конкурса «Батыр арулар»

2 мин. 12 сек.


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет