в) (с) тапсырмаларын орындауыңыз керек. Жауабыңыз: Неге? Неліктен? Не себепті?



Дата15.09.2017
өлшемі118,87 Kb.
#32961
1-емтихан жұмысының талдауы

6-дерек көзі берілген.

1-ден, сіз осы деректерден алған мәліметтер бойынша

2-ден, тарихи білімдеріңізді қолданып (а) (в) (с) тапсырмаларын орындауыңыз керек.

Жауабыңыз: Неге? Неліктен? Не себепті? сұрақтарын қамтуы керек.

Неге көңіл аударуыңыз керек?

(а) Берілген дереккөздер мен өз біліміңді қолдана отырып, Қазақстанда қоғамдық-саяси өмірді зерттеумен шұғылданатын тарихшы үшін маңызды дереккөз құндылықтарына сипаттама бер. [15 балл]

А дереккөзі
Конституцияны насихаттайтын плакаттың суреті (1936 жыл)



B дереккөзі
Қарапайым азаматтың естелігі «Қызыл қырғын» іздері» мақаласынан үзінді.

 

[2012 жылғы «Ана тілі» газетіндегі мақаладан алынған (http://anatili.kazgazeta.kz/?p=9317)]




C дереккөзі
“Жеке басқа табынушылық және оның салдары” туралы  мақалададан үзінді

[e-history.kz сайтындағы мақаладан алынды ]








D дереккөзі
Шетел ғалымының мақаласынан үзінді

[ «Қайта құрудың 25-жылдығы қарсаңында.

Горбачевтың уақыты» мақаласынан бейімделген. Арчи Браун. Оксфорд университетінің құрметті профессоры.
The New York Times, 10.03.2010]


E дереккөзі
М.Қойгелдиев, тарих ғылымының докторы, профессор, белгілі алаштанушы еңбегінен үзінді.

.

«Алаш қозғалысының ұлт тағдырындағы орны» мақаласынан алынған. 2008 жылы басылып шыққан]




F дереккөзі

Инфографика.

Қазіргі Қазақстандағы саяси партиялардың статистикасы
http://bnews.kz/kz/news/politika/vnutrennyaya_i_vneshnyaya_politika/858473-2011_08





  • Дереккөздерінің авторларына (ғалым (отандық, шетелдік), журналист, қарапайым азаматтың естелігі, статистика, агитациялық плакат т.б.);

  • жазылған уақытына (патшалық отарлық кезеңде, кеңестік дәуірде, тәуелсіздік кезеңінде)

  • Осыдан ой түйіліп, тарихшы үшін ақпараттың объективтілігі, құндылығы анықтайсыз, талдайсыз. Сіз тарихи еңбек (мақала, реферат, курсовой проект) жазсаңыз, ең алдымен, қайсы дерек көзін пайдаланар едіңіз? Неліктен, соны түсіндіріп жазыңыз. Ең жоғарғы бал алу үшін 5-6 дерек көзінің құндылығын түсіндіріп, аргументтеп жазуыңыз керек.

Енді дұрыс жауабына келсек: (а)

Біріншіден, Тәуелсіздік кезеңде жазылған ғалымдардың, шетел ғалымдарының еңбегі құнды. Неліктен? Себебі тәуелсіздік алған соң ғана тарихи шындықты ашық жазуға мүмкіндік туды. Оның артықшылығы - Е дерекөзіндегі 1917жылы құрылған алғашқы ұлттық Алаш партиясының қоғамға тікелей әсері туралы М.Қойгелдінің Алаш қозғалысы туралы еңбегі жан-жақты зерттеліп, сараптамадан өткен. Жаңадан ашылған архив деректеріне сүйеніп жазылған. Сондықтан құнды дереккөзі болады.

Шетел ғалымы да, қайта құру кезеңі туралы ғылыми этиканы сақтап жазады. Біздің оқулықтан алған білімімізді толықтырады. Пікірлері шындыққа сәйкес келеді. Тарихи еңбектердің құндылығына баға бергенде батыс елдерінде бұрмалау, плагиат сирек кездесетінін де есепке алуымыз керек. Демек бейтарап (нейтральный) зерттеуші көзқарасы деп есептеуге болады. Әрі жалыған уақытына қарасақ, қайта құру ісі аяқталғаннан көп кейін жазылғанын көреміз.

Демек ғалымдардың бұл кезеңдер туралы көп ақпарат жинап, талдау жүргізуіне уақыт жеткілікті болған. М.Қойгелді мен Арчи Браун өз пікірлерін аргументтер мен дәлелдер келтіріп нақтылаған. Келесі маңызды дерек ҚР –дағы партиялар туралы статистика, себебі цифрлар ойдан шығарылмайды. Оны есептеп отыратын арнайы Республикалық Статистика агенттігі бар. (Интернеттен қараңыздар. http://www.stat.gov.kz/faces/homePage;jsessionid=ZyqdWfLMGTTCvJ9pc5BR4TmTLLYNTJjP2pJGtJMR9QWkM2LFnndM!191392927?_afrLoop=25184682308091939#%40 )

B дереккөзі кеңестік заманның қуғын-сүргін саясаты, ал С дереккөзі Жеке басқа табынушылық және оның салдары туралы мақалалар да кеңес кезеңінің тарих беттерінен мәлімет беріп, жалпы КСРО кезеңіндегі қоғамдық-саяси өмірдің ерекшеліктерін түсіндіруге үлес қосады. А дереккөзі Конституцияны насихаттайтын плакаттың суреті (1936 жыл) жеке басқа табынудың белең алғандығын көрсетеді. Кемшілігі – цензура болғандықтан шындықтың көрсетілмейтіндігі, кеңестік қоғамды асыра сілтеп мадақтауы.

Қорыта айтқанда, бұл дереккөздері барлық дереккөздерінің тарихшы үшін құндылығын оның маңыздылығына қарай жіктегенде, кімнің, қашан жазғанын, негізгі ойларын ескеру керек.



(b) Берілген дереккөздер мен өз біліміңді қолдана отырып, кеңес жүйесінің Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріне тигізген әсерін түсіндір. [18 балл]

А дереккөзі
Конституцияны насихаттайтын плакаттың суреті (1936 жыл)



B дереккөзі
Қарапайым азаматтың естелігі «Қызыл қырғын» іздері» мақаласынан үзінді.

 

[2012 жылғы «Ана тілі» газетіндегі мақаладан алынған (http://anatili.kazgazeta.kz/?p=9317)]




C дереккөзі
“Жеке басқа табынушылық және оның салдары” туралы  мақалададан үзінді

[e-history.kz сайтындағы мақаладан алынды ]








D дереккөзі
Шетел ғалымының мақаласынан үзінді

[ «Қайта құрудың 25-жылдығы қарсаңында.

Горбачевтың уақыты» мақаласынан бейімделген. Арчи Браун. Оксфорд университетінің құрметті профессоры.
The New York Times, 10.03.2010]


E дереккөзі
М.Қойгелдиев, тарих ғылымының докторы, профессор, белгілі алаштанушы еңбегінен үзінді.

.

«Алаш қозғалысының ұлт тағдырындағы орны» мақаласынан алынған. 2008 жылы басылып шыққан]




F дереккөзі

Инфографика.

Қазіргі Қазақстандағы саяси партиялардың статистикасы
http://bnews.kz/kz/news/politika/vnutrennyaya_i_vneshnyaya_politika/858473-2011_08




Бұл жауапта Қазақстан тарихынан біліміңізді қолданып кеңестердің саясатына талдау жасайсыз. Жауабыңыз: Неге? Неліктен? Не себепті? сұрақтарын қамтуы керек.

Кеңес үкіметі қашан, қалай орнады? Қазан төңкерісі қазақ халқының өміріне қандай өзгерістер әкелді? Азамат соғысы, жаңа экономикалық саясат, ұжымдастыру, индустрияландыру саясаттары, Жеке басқа табыну қандай өзгерістер әкелді? Қуғын-сүргін саясатының зардаптары қандай болды? Тоқырау жылдары нені өзгертті? Прогресс болды ма? Кеңестік кезеңдегі Қазақстанның жетістіктері қандай? Кемшіліктері неде? Ғылым, білімнің дамуына ұлттық саясаттың әсері қандай болды? (дәлел келтіргенде фактілік қате жібермеңіз. Ол үшін осы кезеңдер тарихының негізгі фактілерін қайталап оқыңыз, берілген мақалалардағы деректерді қолданыңыз)



Жалпы алғанда, кеңестік әміршіл-әкімшіл басқару жүйесі қоғамдық саяси өмірді өзгертті. Қорыта айтқанда, кеңестік дәуірде Қазақстан экономикалық жағынан дамығанымен, шикізаттық бағыт сақталды, ұлттық мүдде ескерілмеді. Ұлттық саясатта көп қателіктерге жол берілді, оның салдарынан қазақ ұлтының тілі, мәдениеті жойылып бара жатты. 1930-жж. қуғын-сүргін, ұжымдастыру саясаты қазақ халқының санының азаюына әкелді, ұлт зиялыларының көзі жойылып, еңбектерін оқуға тиым салынды. Тек 1988 жылдан кейін ғана ақтала бастады. Кеңестік кезеңде саясатта ашықтық, жариялылық болмады. Жалған ұрандар халықтың ұлттық сана сезімін дамытуға кедергі болды. (осы сияқты қорытынды жазуыңыз керек

(c) Қазақстанның қоғамдық-саяси тарихы ХІХ ғасырдың соңынан бері көп өзгеріске түсті. Қаншалықты келісесің? Берілген дереккөздер мен өз біліміңді қолдан. [21 балл ]

Жауабыңыз: Неге? Неліктен? Не себепті? сұрақтарын қамтуы керек.

Бұл сұраққа жауап жазғанда Қоғамдық-саяси өмірдің өзгергені, өзгермегендігі туралы сұраққа қонымды жауап берілуі керек. Осы кезеңде Қазақстанның саяси жағдайы туралы тиянақты түсінік беріледі. Жауапта әміршіл жүйенің күшеюімен қатар әлсіреуі, демократияландыру кезеңі де болғанын жазуыңыз керек. Дереккөз авторларын ескере отырып, сол кезеңдегі Қазақстанның саяси жағдайының нашарлауы не жақсаруы туралы бағалап, оны дәлелдеу үшін дереккөздерді тиімді қолданыңыз. Бұрыннан білетін деректеріңізді, ой-пікірлеріңізді жазыңыз.

2- емтихан парағы: Үш сұрақ берілген. Екі сұраққа жауап беріңіз.

Жауабыңыз: Неге? Неліктен? Не себепті? Салдары қандай? не өзгерді? сұрақтарын қамтуы керек.

Неге назар аударуыңыз керек? Кіріспе сөздегі кілтті сөздерге қараңыз. Мысалы, 1-тапсырмада кілтті сөздер: Қазақстан демография тарихы, этникалық құрылымы, география, саясат, шетелдік басып кіру, климат, факторлар, пікірталас

Кіріспеде берілген сөйлемдер тапсырманың бағытын көрсетіп тұр. Демек, Қазақстан демография тарихы мен этникалық құрылымын ХІХ бастап, ХХ ғасыр соңына дейінгі аралықта осы география, саясат, шетелдік басып кіру мен климат 4 фактордың қайсысы көп әсер етті, өзгертті? Қайсысы үлкен роль атқарады ? соны талдап, түсіндіріп жазуыңыз талап етіледі.



  1. Қазақстандағы демография мен этника


Қазақстан демография тарихы мен этникалық құрылымында география, саясат, шетелдік басып кіру мен климат үлкен роль атқарады. ХІХ ғасырдың соңынан бастап болып жатқан осы екі ортаға сыртқы күштердің күштеп таңып келе жатқаны мен таза ішкі Қазақстандық факторлардың тигізген өзгерістері туралы үлкен пікірталас бар.
(a) 1900 жылдан бастап Қазақстанның этникалық құрылымындағы басты өзгерістерді анықта. [9]

Жауабыңызда

Кем дегенде үш анық сипаттама (аргумент) беріп, оны толықтыруға дайын болуыңыз тиіс. Оған қоса, олардың неліктен басты екендігін дәлелдейтін дәлелдемелер керек. Берілген ақпарат талапқа сай және тиянақты болуы тиіс. Орта деңгейдегі жауапта үш түрлі басты өзгеріс келтірілуі тиіс, барлық сұрақтар анық камтылмаса да, түсінгендігіңіз айғақ болуы тиіс.

Мысалы, жауап үлгісі:



Біріншіден, патшалық империяның ХХ ғасыр басындағы қоныс аудару саясаты Қазақстанның этникалық құрылымын өзгертті. 1905-12 жж. Қазақстанға 2 млн. 400 мың адам Ресей империясы жерлерінен қоныс аударды. Оларды жермен қамтамасыз ету үшін қазақ шаруаларының жерлерін тартып алды. Сондықтан А.Байтұрсынов 1913 жылы «Қазақ ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды», - деп күйінішпен жазған еді. Халықтың тұрмысы нашарлап, жерсіз кедейлер жалдамалы жатақтарға айналды.

Екіншіден, 1920-30 жж.....

Үшіншіден,1941-45 жылдары

Төртіншіден, тың игеру жылдары....

деп жалғастырыңыз.

Қорыта айтқанда, ХІХ ғасырдың соңынан бастап Қазақстан демография тарихы мен этникалық құрылымында патша үкіметінің қоныстандыру саясаты, кеңестік кезеңде жалғасын тапты. Ең басты өзгеріс осы саясатпен байланысты болып, оның салдарынан өз жерінде қазақ халқының саны азшылықта болуына әкелді. Өз кезегінде ұллтық теңсіздік саясаты сақталды.

(b) Этникалық топтар арасындағы қарым қатынасты байланыстырудың қазақша моделін түсіндір. [15]

Жауабыңыз: Неге? Неліктен? Не себепті? Салдары қандай? не өзгерді? сұрақтарын қамтуы керек.

Этникалық қарым-қатынастың қазақша моделін түсіне білетініндігіңізді көрсетіп, этникалық қарым-қатынасты қалай орнату жолдарын егжей-тегжейлі түсіндіріңіз.

Біріншіден, ол ертеден келе жатқан үш жүздік құрылымның, қазақ ауылдарының туыстық қатынаспен байланысты болғандығын түсіндіруіңіз. Көшпелі, жартылай көшпелі мал шаруашылығымен жүздік құрылымды байланыстырыңыз

Екіншіден, басқа ұлттардың Қазақстанға келіп қоныстануы, олармен жергілікті қазақ ұлтының қарым-қатынасы. Жағымды, жағымсыз жақтарын көрсету

Қазақтардың толеранттылық қасиеті. Діні, ұлтына басқа ұлттарға қарамай сый-құрмет көрсетуі.

Т.Рысқұловтың сөзінен цитата келтіріп, жер үшін қақтығыстар болғандығын дәлелдеңіз.

Қорытындыда, бұл моделдің әлі де сақталып келе жатқандығын, дәстүрлі қоғамның сабақтастығын атап өтіңіз (біз өз руымызды, жүзімізді білеміз, не үшін?)

(c) «Қазақстан демографиясына Кеңес саясатының үлкен әсері тиді». Осы тұжырыммен қаншалықты келісесің?

Жауабыңыз: Неге осы тжырыммен келісемін немесе кейбір бөлігімен келіспеймін? Неліктен? Не себепті? Салдары қандай? сұрақтарын қамтуы керек. 4 фактордың қайсысы көп әсер етті, өзгертті? Қайсысы үлкен роль атқарады ? соны талдап, түсіндіріп жазуыңыз талап етіледі.

[24]


Жауап үлгісі:

Қазақстан демографиялық дамуына Кеңес саясатының үлкен әсері туралы біліміңізді егжей-тегжейлі көрсетіңіз.

Қандай саясаттың болғанын білу ғана емес, оның қандай үлкен әсері болғанын білу маңызды. Барлық басты саясаттарды тізіп келтіру маңызды емес, ақпараттың ұқыпты берілгені өте маңызды. Сұрақтың ‘орасан’ аспектісіне көңіл аударылып, талдап, Кеңес саясатының әсерінің көлемі туралы тепе-теңдігі сақталған пікір келтіріңіз.

Демографиялық өзгеріске соқтырған басқа да факторларды білетініңізді жазыңыз.



Есте сақтаңыз!

Қалған екі тапсырманың бірін алып, осылай орындайсыз. 3 тапсырманың бәрін емес, екеуін ғана орындайтыныңызды ұмытпаңыз. Көп жазғаныңызбен сапасы қаралады. Уақытты да тиімді қолдану керек. 3 сапасыз жауап жазғанша, 2 сұраққа жан-жақты, тиянақты жауап жазуды ойлаңыз.
Олар:


  1. Дін - Қазақстан тарихында факторлардің бірі ретінде

ХІХ ғасырдың ортасынан бастап Қазақстанда дінге деген қарым-қатынас күрт өзгерді. Дін қоғамның біртұтас бөлігі ретінде қарастырылды. Ресей реврлюциясы/төңкерісі маркс-ленинизм сынды жағымсыз идеологияны өзгертпекші болды. 1991-ші жылдан бастап дінге басқаша көзқарас орнап, мемлекет пен халық өз қалауларына сүйенеді.


(a) 1945 бастап дінге деген басты қоғамдық өзгерістерді анықта. [9]

(b) Қазақстанға кейбір діни іс-әрекеттердің қалай зияны тигенін түсіндір. [15]

(c) 1900-жылдан бері мемлекеттің діни саясаты қаншалықты өзгерді? [24]
Немесе


  1. Қазақстан мемлекеті

1991 жылдан бастап, көп ғасырлардан бері алғаш рет, Қазақстан өз болашағын өзі таңдап және оны басқару жолын таңдауға да ерікті болды. Кезінде күштеп таңылып келген мемелекет жүйесінің кейбір аспектілерінің пайдасы болса, кейбірінің нақты кері әсері бар. Өз дәстүрі, мәдениеті және құндылықтары бар бір елге сай модель, екінші бір елге қонымды болуы мүмкін емес.


(a) 1980 жылдан кейінгі уақыттан бастап Қазақстанның тәуелсіздіқ алған жолының басты кезеңдерін сипатта. [9]

(b) 1917 жылдан кейінгі Ресейдің Қазақстанды басқару жолдарын түсіндір. [15]

(c) «1991 жылдан бері Қазақстанды басқару жолында түбегейлі өзгеріс болды».



Осы тұжырыммен қаншалықты келісе аласың? [24]

Жауаптар жобасын нұсқаулықтан қараңыз.
Каталог: uploads
uploads -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
uploads -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
uploads -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
uploads -> Ғарыш әлеміне саяхат
uploads -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
uploads -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
uploads -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
uploads -> 2011 жылдың 14 мамырында «Жалпы гигиена және экология», «Эпидемиология» кафедрасының ұйымдастыруымен және «Студенттік басқару ұйымының» ұйымдастыруымен Д. Е
uploads -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
uploads -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет