Вестникказахстанского инженерно-педагогического университета дружбы народов серии «инженерно-техническая» И«гуманитарно-педагогическая»



бет1/11
Дата08.06.2018
өлшемі9,3 Mb.
#41617
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН


ҚАЗАҚСТАН ИНЖЕНЕРЛІ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ХАЛЫҚТАР

ДОСТЫҒЫ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ

ЖАРШЫСЫ
«ИНЖЕНЕРЛІ ТЕХНИКАЛЫҚ» ЖӘНЕ «ГУМАНИТАРЛЫ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ»

СЕРИЯЛАР



ВЕСТНИККАЗАХСТАНСКОГО ИНЖЕНЕРНО-ПЕДАГОГИЧЕСКОГО

УНИВЕРСИТЕТА ДРУЖБЫ НАРОДОВ
СЕРИИ «ИНЖЕНЕРНО-ТЕХНИЧЕСКАЯ» И «ГУМАНИТАРНО-ПЕДАГОГИЧЕСКАЯ»

1,2(13,14)-2017 ж.


ШЫМКЕНТ 2017 ж
ҚИПХДУ ЖАРШЫСЫ ВЕСТНИК КИПУДН
ҚАЗАҚСТАН ИНЖЕНЕРЛІ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҒЫЛЫМИ-ПУБЛИЦИСТИКАЛЫҚ ЖУРНАЛЫ

НАУЧНО-ПУБЛИЦИСТИЧЕСКИЙ ЖУРНАЛ КАЗАХСТАНСКОГО ИНЖЕНЕРНО-ПЕДАГОГИЧЕСКОГО УНИВЕРСИТЕТА ДРУЖБЫ НАРОДОВ
ҚИПХДУ Ғылыми кеңесімен баспаға шығаруға ұсынылған

Рекомендовано к изданию Ученым советом КИПУДН


Төраға / Председатель:

Р.Ә.Қуатбекова,м.ғ.д., академик
Ғылыми редактор /

Научный редактор:

Т.Ж.Ниязов, э.ғ.д., профессор
Главный редактор

«Гуманитарно-педагогической» серии:

Е.Омар, п.ғ.д., профессор
Главный редактор

«Инженерно-технической» серии:

Р. Ташқараев, т.ғ.д., профессор
Журнал 2014 жылдан шығады

Журнал издается с 2014 года

Меншік иесі: ҚИПХДУ

Собственник: КИПУДН

Ғылыми-публицистикалық журнал

2014 жылы ақпан айынан бастап шығады

Редакциялық алқа /Редакционная коллегия:

Ә.Қуатбеков, х.ғ.д., академик

Н.Қуатбеков, т.ғ.д., профессор

Е.Жалбуров, з.ғ.д., профессор

А.Ақкөзов, ф.ғ.к., доцент

Р. Ибрагимов, п.ғ.д., профессор


Техникалық редактор:Ибраева Ж.

Меншік иесі: ҚИПХДУ
Журнал Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде 11.02.2014 жылы тіркеліп, №14153-ж (11.02.2014) куәлік берілген
Журнал ҚИПХДУ қоры есебінен қаржыланады

Қолжазбалар сарапталынады


Біздің мекен-жайымыз:

Шымкент қаласы, Төле би көшесі, №32 үй



Байланыс сымтетігі: 8 (7252) 95-25-21, факс: 8(7252) 95-25-21

Научно-публицистический журнал

Технический редактор: Ибраева Ж

Издается с февраля 2014 года



Собственник: КИПУДН

Регистрационное свидетельство журнала №14153-ж от (11.02.2014) года выдано Министерством культуры и информации Республики Казахстан

Рукописи рецензируются

Наш адрес:

г.Шымкент, улица Толе-би, дом №32

Контактный телефон: 8 (7252) 95-25-21, факс: 8(7252) 95-25-21


Шымкент 2017ж.

НЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ ЖАСАЛУ ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕГІ НЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ ЖАСАЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Жұмабеков А. п.ғ.к., аға оқытушыТәжімұханов А.Ж. Мт-119 тобының студенті

Қазақстан инженерлі-педагогикалық Халықтар достығы университеті, Шымкент қаласы, Қазақстан Республикасы
Резюме'>Резюме

Особенности словообразования в современном английском языке

Summary

Features of word formation in modern English

Неологизм сөзі грек тілінен аударғанда тілдік жаңалық, тілде пайда болған жаңа сөз, грамматикалық ерекшелік дегенді білдіреді. Ғылым мен техниканың өркендеу барысында пайда болып, тіл­дің даму барысында әлеуметтік – экономикалық өзгерістер негізінде дүниеге келіп, жаңа түсініктерге анықтама беретін , қалыптасқан атауларға басқаша жаңа атау беретін тілдік бірліктерді неологизмдер деп атаймыз. Екінші типті неологизмдерді біз стилистік неологизмдер деп атаймыз, ал, бірінші типтік неологизмдер олар терминологиялық неологизмдер болмақ. Аталған екі типті неологизмдердің екеуіде стилистикалық тұрғыдан қарастырғанда әртүрлі функциялар атқарып, әртүрлі мақсаттарға қолданылады. Неологизмдердің стилистикалық функциялары, олардың терминологиялық және стилистикалық қасиеттеріне байланысты ажыратылады. Басқаша айтқанда, оның қолдану мақсатына қарай бұрында қолданыста жүрген түсініктерді немесе заттарды басқа атаулармен атауға байланысты сондай-ақ жаңадан пайда болған құбылыстар мен заттарға атау беруіне байланысты ажыратамыз.

Заманауи ағылшын жазушыларының тіліндегі неологизмдердің пайда болу жолдары көбінесе сөзқұрау, конверсия және сөздердің мағынасының өзгеруі болып табылады. Неологизмдердің өмірінің ұзақтығы олардың қоғамдағы алатын орнына байланысты болмақ, басқаша айтқанда белгілі бір түсінікті атау барысында берілген неологизм қандай деңгейде қолданылады, берілген сөздердің қаншалықты синонимдары бар, жалпы практикада қолдану жиілігі қаншалықты жиі болатынына байланысты болмақ. Көптеген неологизмдер тілден біржолата жоғалып кетеді, кейбіреуі сол сөзді ойлап тапқан автордың есімімен қосақталып жүреді, кейбір аймақтарда пайда болған сөздер кейде мүлдем жоғалып кетеді. Неологизм бүкіл халықтық қолданысқа ие болғаннан бастап ол сөз неологизм болуын тоқтатады.

Тілде бар сөздерді қайта қабылдау. Неоло­гизмдерді құрудың бұл тәсілі арқылы танымал сөздерге жаңа мағына беруге болады.



Мысалы: egg (жұмыртқа) сөзі қазір авиабомба деп те аударылады, өйткені, пішіні жағынан бомба жұмыртқаға қатты ұқсайды; summit сөзі (жоғарғы шек) мемлекет басшыларының кездесуі деген мағынаға ие. Colour-blind сөзі бұрын түсті ажырата алмайтын адамды (дальтоник) бейнелесе, қазір оның мағынасы адамдарды ұлтына байланысты ажырата алмайтын адамды білдіреді. Shuttle сөзінің бастапқы мағынасы (тігін машинаның бөлігі) болса, shuutle spaceship – көп қолданылатын ғарыштық кеме, shuttle trader – тауар тасу мақсатында шетелге қатынайтын саудагер адам деген мағыналарды білдіреді. Қайта қабылдау тәсілі арқылы компьютерлік технология­да көптеген неологизмдер пайда болды. Мысалы: Web – всемирная паутина – бүкіл әлемдік желі (Интернет), mouse – тышқан, site – сайт (желідегі бет) алғашқы мағынасы – түр, browser – браузер (to browse – адасу, сенделу етістігінен пайда болған), сервер – to serve – қызмет ету етістігінен пайда болды.

Басқа тілдерден ену. Орыс немесе қазақ тіліне көптеген сөздер басқа тілдерден еніп, неологизмдер қатарына жатқызылады.



Мысалы бизнес және қаржы саласында: marketing – маркетинг, dealer – дилер т.б. Ағылшын тілінде аз болса да, кейбір тілден басқа сөздер еніп, сөздік қатарын толықтыруда. Мысалы: khozraschot – (a conflation of the Russian phrace khozyaistvenny raschot, meaning ‘self- supporting running’); the notion that industrial and other undertakings should be responsible for their own finances and not depend on the state subsidies. Соныменқатар, орыстілінененген perestroika сөзідеағылшынтілініңсөздікқорынданеологизмболыптабылады. Tranche (трани) французтілінененгенсөзнесиенемесеқарыздегендібілдіреді.

Сөздердіқысқарту (аббревиатура). Кейбірнеологизмдерқысқарғансөздертүріндеқолданыладынемесеолардықысқартуғатуракеледі. Жалпы, қысқартудегеніміз – сөздердібастапқыәріптернемесемағынасынбілдіретінәріптеркөмегіменбелгілеу. Мысалы: PC-personal computer, aka – also known as (соныменқоса …ретіндетанымал), PR – public relations – nuap, FORTRAIN – formula translation – фортран. Кейбірнеологизмдерқысқартукөмегіменжасалғанымен, қысқартуғаұқсамайды. Мысалы: scuba – self-contained underwater breathing apparatus – суастындадемалуғаарналғанқондырғы, SARS – severe acute respiratory syndrome –CAPC ауруы, radar – radio detecting and ranging – радар, HI-FI – High Fidelity – хай – фай. Қысқартулартуралысөзқозғағандамыналартуралыұмытпауқажет:

а) дауыссыздыбыстардыңқолданылуы: ctr – centre, fwd – forward, rqs – requirements, jr – junior.

б) бастапқыбуындардыңқолданылуы: dept – department, nukes – nuclear weapons, libs – liberals.

в) араласқысқартулар: ATM – automated teller machine – ақшаберетінмашина, банкомат, E-mail – electronic mail – электрондықпошта. Неологизмдердіңқұрамындағыбасәріптеркейдеқысқартуларболмайөздерібелгілібірмағынағаие: H – bomb – hydrogen bomb –сутегібомбасы, T – shirt – T әрпініңформасындағықысқажеңдіфутболка. Дыбысыжәне атауыұқсатынсандарменәріптердендеқысқартуларжасалады: 4U – for you, YU? – why you, U1 – you won, 2B – to be, 18 – I ate, R – are etc.

Ағылшынжәнеқазақтіліндегітехникалықнеологизмдертуралысөзқозғағанданеоло­гизмдердіңпайдаболуызаманауйтехни­каның, ғарыштың, медицинаның, ғылымныңдамуыментікелейбайланыстыболмақ



Мысалыкомпьютерліктехниканыңпайдаболуы­менқатарәртілдежаңатілдікбірліктерпайдаболды, олардыбірнешесемантикалықтоптарғабөлугеболады.

1) компьютерлердіңтүрлерінанықтайтын, олардыңқұрылымынанықтайтынлексикалықбірліктермысалы: personal computer (РС) – «жекеменшіккомпьютер», supercomputer-«суперкомпьютер», multi-user – «бірнешеадамғаарналғанкомпьютер», neurocomputer – «адамэлектрондыаналогы», hardware-«компьютербөлшектері», software-«компьютербағдарламасы», monitor-«компьютерэкраны», megabyte of computer memory-«компьютержадыныңмегабайты», data-«компьютерғаенгізілетінбағдарламамәті­ні», bogusware – «компьютербағдарламасынжоюмақсатындажасалғанбағдарлама» жәнебасқалары;

2) ЭЕМтілдерінбілдіретінлексикалықбірліктер, мысалы:BASIC (Beginners All-purpose Symbolic Instruction Code) – «Бейсик», Fortran (Formula Translation) – «Фортран» жәнебасқалар;

3)Компьютерменжұмысқабайланыстықолданылатынлексикалықбірліктермысалы: liveware – «компьютердежұмысжасайтынадамдарспециалисты», computerman – «ЭЕМбойыншамаман», computerize – «ЭЕМбағдарламажасаунемесекомпьютерліктехникаменқамтамасызету », to trouble-shoot – « компьютердіңақауларынжөндеу», to blitz out – «компьютержадындағыбағдарламалардыжою» жәнебасқалары.

Компьютерлендірудіңғылымментехниканыңкөптегенсалаларындапайдаболуыкөптегенжаңатерминологиялықнеологизмдердіңпайдаболуынаәсерінтигізді. Мысалы, лингвистика translation – «машинаменаудару», interlingual – «бірнешетілгеаударатынжасандытіл», electronic – translator – «ЭЕМ-аудармашы»; вбиометрияда , әсіресеұрылардансақтануүшінқолданылатынқондырғылардыңанықтамасыүшін: biometric security – «биометрикалыққорғаныс», biometric systems – «биометрикалыққондырғылар», biometric locks – «биометрикалыққұлыптар», computerized card – «биометрикалыққұрылымыбар , есіктерменсейфтердіашуғаарналғанкарта», finger-print-scanner – «қолбедерлерінанықтауғаарналғанбиометрикалыққондырғы», медицинада: telemonitory systems\unit -«аурулардықашықтықтанемдеугеарналғанқондырғы» жәнетағыбасқалары.

Кино, теледидаржәневидеотехникасаласындадакөптегенжаңатехникалыққұрал-жабдықтардыңпайдаболуыкөптегеннеологизмдердіөміргеәкелді.



Мысалы: inflight movies – «ұшақбортындакөрсетілетінфильмдер », inflight videosystem – «ұшақбортындақолданылатынвидеожүйе», serial – «көпсе­риялыфильм», featurette – «қысқаметраждыдокументалдыфильм», satellite-delivered show – «жердіңжасандысерігініңкөмегіарқылыкөрсетілетінбағдарлама», HDTV (High Definition Television) – «көрсетусапасыөтежоғарыдеңгейдегітеледидар», chat show – «студиядантікелейберілетінатақтыадамменсұхбат», kidvid – «балаларғаарналғантелебағдарламалар», videoplayer – видеожазбалардыкөрсетугеарналғанте­ледидар», video cassette – «видеокассета», video-cassette recorder – «видеомагнитофон», video – camera – «видеокамера», video-screen movie – «видеофильм» жәнебасқалары.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

  1. Андрианов С.Н. Некоторые вопросы построения словарей специальной терминологии // Тетради переводчика. – Вып.2. – М.: Международные отношения, 2004.

  2. Адамушко Н.И. Структурно-семантические особенности фразеологической номинации обращения // Сб. науч. тр. МГПИИЯ им. М. Тореза. Вып.290. М., 2007

  3. Арнольд И.В. Семантическая структура слова и методика ее исследования. – М.: Просвещение, 2006. 

  4. Ванников Ю.В. Типы научных и технических текстов и их лингвистические особенности. – М.: 2004.

  5. Арнольд И.В. Стилистика. Современный английский язык. – М.: Флинта: Наука, 2002. 

  6. Лотте Д.С. Основы построения научно-технической терминологии. – М.: 2001.



ӘӨЖ: 37013-05787

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫСЫНЫҢ ЖЕКЕ БАС ҚАСИЕТІНІҢ ДАМУЫ
Камардинова У.О., доцент,Орынбасарұлы А, магистрант

Қазақстан инженерлі-педагогикалық халықтар достығы университеті, Шымкент қаласы, Қазақстан Республикасы


Резюме

В статье рассматриваются индивидуальные особенности развития учеников в начальных классах.

Summaru

In the article individual features of development of pupils in initial classes are considered.

Кілтік сөздер: ерік, жігер, нышан, тұлға, мінез-құлық, ынталық, әдепсіздік, тұйықсыздық, ұжымшылдық, импульсивті

Тәжірибелі ұстаздардың барлығына дерлік белгілі, психологиялық жағынан расталған мынадай қағида бар.

Баланың сыныпқа келген алғашқы күнінен бастап-ақ оған оқушының сыныптағы, сабақтағы, жанұядағы және ұжымдағы, қоғамдық орындардағы мінез-құлық ережелерін айқын да, нақты түсіндіру керек. Балаға бұрынғы ол әдеттенген жағдайлардан оның жаңа көзқарасының, міндеттерінің және құқығының айырмашылығын жылдам түсіндіру керек. Жаңа ережелер, емлелер мен нормаларды сөзсіз орындауды талап ету –мектепке келген балаға орынсыз қаталдық жасау емес, мектепке баруға даярланған балалардың өз түсініктеріне сәйкес, олардың тіршілігін ұйымдастырудың қажетті шарты болып табылады.

Бастауыш сынып оқушысының жеке бас қасиетінің дамуында «Мен» деген ұғымның терең мәні жатады. Бала өзін білген соң құрбыларына қарағанда қоршаған ортада қандай орын алатынын ойлап, қайткенде де жақсы бір орынға ие болсам деп арман етеді. Бұл жағдайда баланың өзінің қандай орын алғысы келетіні туралы ойы мен құрбыларының, не ересектердің ол жөніндегі бағасы арасында үлкен алшақтық болғаны жақсы. Егер де бастауыш сынып оқушысының өзіне беретін бағасы құрбыларының бағасынан асып кетсе, ондай баланы «мақтаншақ» деп атайды. Керісінше, егер оның өзіне беретін бағасы өзгелердің оған беретін бағасынан едәуір төмен болса, осындай баланы «кішіпейіл» дейді. Енді ғана оқушы атанған бала өзінің ісіне, не мінезіне әлі сын көзбен қарай алмайтындықтан, оның өзі жөніндегі бағасы, әдетте өзгелердің бағасынан едәуір жоғары болады.

Бастауыш сынып оқушысының жеке басына тән қасиеттерді тек «Мен» деген сала тұрғысынан бағалап қоймай, тиісті мөлшерлерге қалайша бағынады, мінезі, ерік- жігері қандай, ашуланғыш па, не сабырлы ма; өсімдіктерді ажырата алуы, талғамы және өзге балалармен қатынасы қандай екендігін қарастыратын болсақ, әр бастауыш сынып оқушысына қойылатын талаптарды мөлшер немесе норма деп атайды.

Балалардың көпшілігі мектепке келмей тұрып, нені істеуге болатынын, нені болмайтынын әбден жақсы біледі. Мектепке келгеннен кейін, бұрын орындап көрмеген міндеттерді шеше білуі тиіс. Мысалы, сабақта кешігіп, не үйге берілген тапсырманы орындамай келуге болмайды. Тапсырманы орындамаса, сол сияқты мектепке ұқыпты, таза киініп келмесе, немесе тәртіп бұзса - бұл «нормаларды» бұзуға жатады.

Әуелгі кезде осыған үйрене алмай, көп қиналатындар болады. Бірақ, бала бірте бірте міндеттерді орындауға, шешуге үйрене бастайды. Бұл мөлшерлерді норма дейтін себебі осыларды орындау керектігі дәлелденген және дәстүрге айналған.

Жалпы алғанда, осылардың бәріне бірдей тән қасиеттері мынада:7-8 жастағылар әуесқой, ақкөңіл өзгелерге жәрдем бергісі келіп, дәрменсіздерді не қарт адамдарды аяп соларға қамқорлық көрсеткісі келетінінде, 7-8 жастағылар өзгелерге сұрақ қойғанды ұнатады және олар, мектепке дейінгілер сияқты «Бұл не?» - деп сұрамайды, «Бұл неліктен?» - дейді. Сұрақтарды осылайша құрастыруда үлкен мән бар. Өйткені бастауыш сынып оқушылары нәрсенің не екенін гана біліп қоймай, соның айтарлықтай сырын және себебін білгісі келеді.

Бастауыш сынып оқушысы кейде көп ашуланғыштық қасиеті болып тұрады. Баланы үйінде көп еркелететін болса, сонда ол болмайтын нәрсеге тез ашуланып, тіпті күйіп-піседі. Керісінше, күтпеген жағдайда,жұрттың көзінше, «Жақсы», «Өте жақсы», деген баға алса, соған ол қатты куанғанын жасыра алмайды.

Бастауыш сынып оқушысының ерік жігерінің нышандары біршама қалыптасып қалса да, кейде өзін - өзі ұстай алмайды, импульсивтік іс жасап калатыны кездеседі. Импульсивтік іс деп ойланбай істеу, болмашы нәрседен қызып, бірдеңені «бүлдіріп алуды» айтады. Осындай жайт, баланың тәртіпсіздігінен емес, импульсивті іске өзінің икем келуіне,импульсивті болуына яғни өзін-өзі дұрыс меңгере алмауынан болады.

Бастауыш сынып оқушысының өз құрдастарымен қарым қатынасы әртүрлі болады және осының өзі бұрын бала бақшадатәрбие көрген-көрмегеніне байланысты. Бұлардың ұжымшылдық қасиетінің қалай қалыптасқан десек, , осының өзі І сыныпта әлі қалыптаспаған, балалар бақшасында тәрбиеленген балалардың бірқатары өзгелерден бөлшектеніп, өзін тіпті сол ұжым мүшесі деп санамайтындары кездеседі. Бұлар бір-біріне жанашырлық білдіріп, көмектесу дегенді білмейді. Тек өзіне басқа балалар кедергі жасамаса екен.

Бірақ 2-3 сыныптарда бұл келеңсіздіктер жойылады, балалар өзара достаса бастайды. Баланың бір-біріне көмектесуі, жәрдем беруі әуелгі уақытта мұғалімнің басшылығымен іске асады. Кейін барлыгы өзара достасып, бірі өзгесіне мейірімділік көрсете бастайды.

Бастауыш сынып оқушылары басындағы басшы қажеттілік - оқушы болу. Ол оқушының сыртқы пішінімен оқуда озат, үздік болу ниетімен, оқушының мінез-құлқымен, «мектеп оқушысын алдымен мұғалімнің, содан соң құрбыларының тануымен, сыныптағылармен бірге болуға талаптанумен айқындалады. Оқушының тұлғалық бейнесі осылардың айқын көрінісі. Бұл жаста баланың бойында өзін үлкен адам, оқушы сезіну, жақсы үлгеруші, қолынан бәрі келетін, сан жағынан «екінші» немесе «үшінші» оқушысымын деген мақтаныш сезімі билейді.

Әр оқушының жеке басының тұлғалық дамуының мүмкіндіктері: оқудағы таңдаулар бұл сапалы білімді, оқу қызметін түсінуді қалыптастыру, қарым- қатынасқа, бірлескен оқу қызметіне сапалы түрде бірінші кезеңдегі міндеттер ретінде қарау, қол жеткен табысты нығайту.

Әйгілі психолог Л.В.Петровский өз еңбектерінде бастауыш сынып оқушыларының жеке басының даму мүмкіндіктерін жан-жақты сипаттайды. Баланы моральдық, рухани жағынан тәрбиелеу мектепке дейін басталады. Алайда, олардың мектепте ғана орындалуы үнемі де мақсатқа бағытталып отыратын моральдық, рухани талаптардың айқын да, кең жүйесінде кездеседі. Бастауыш сынып оқушыларына мінез-құлық нормалары, тәртіптері менережелерінің аса мол жиынтығы үйретіледі, оларды оқушылар мұғаліммен және де басқалармен өзара қарым - қатынас жасаудың әртүрлі жағдайларында, сабақтарда, үзілістерде, жолдастарымен араласқанда, қоғамдық орындарда және көшелерде болғанда басшылыққа алуы тиіс. Балаларда мінез-құлық нормалары, тәртіптері мен ережелерін сақтауда көбінесе үлкендердің көңіл-күйіне, қалыптасқан жағдайға және өзқалауларына байланысты деген сезім пайда болады. Баланың моральдық өрісінің дұрыс қалыптасуының ең қауіпті жауы жалған сипаттағы мінез құлық нормалары мен ережелер және ішкі қажеттіліктер үшін емес, қандай да бір сыртқы жағдайлардың әсерімен, соның ішінде жазаланамын деп қорыққандықтан орындалуы керек деген ұғым пайда болады [2].

Балалардың мінез-құлық нормалары мен ережелерін шын мәнінде және негізінен игеруі алдымен мұғалімнің олардың орындалуын ескерудің жақсы жетілген әдістер мен тәсілдер жүйесінің қолдануын білдіреді. Осы нормалар мен ережелерді айқын тұжырымдау, орындаушылық пен ұқыптылықты міндетті түрде мадақтап, ұқыпсыздық пен тәртіпсіздікке бұдан кем емес міндетті және тиісті шаралар қолдану - бастауыш сынып оқушыларының тәртіптілігі мен ұйымшылдығын тәрбиелеудің маңызды шарттары. Балада осы ерте жаста қалыптасқан осындай моралдық, рухани қасиеттер - жеке адамның ішкі, табиғи жетістігі болады.

Бастауыш сыныптағы балалардың өзара және оқытушымен қарым қатынасты бағдарлауының бірінші кезеңдерінде оқушылардың бір бөлігінде оларға жат белгілер анықтала бастайды (әдепсіздік, тұйықсыздық). Бірақ, оқушылармен өзара қарым-қатынастарды орнату барысында әр бала өзінің шын мәніндегіиндивидтік ерекшеліктерімен байқалады.

Педагогика ғылымының соңғы жетістіктері жағынан қарағанда, бастауыш мектеп оқушысы индивидін қалыптастыру маңызды мәселенің біріне айналды.

Оқушының жеке тұлғасын дамыту ісінде тәрбие институттары арасында мектепке ең қиын міндеттер арттырылған. Солай ол мектепте индивидтің жетілдіру оқу қызметіндегі алғашқы кезектегі міндет деп танылғанда ғана іске асырылады.

Соңғы педагогикалық-психологиялық зерттеулер осықатаң міндетті шешу мектепте, ең алдымен, оның бастауыш буынында, оқу мазмұны мен әдістерін түбегейлі өзгертумен байланысты екендігіне байқалады. (В.Репкин, Ш.Амонашвили, Л.Заньков, Д.Эльконин, В.Давыдов және т.б.)[3].

Бастауыш буындағы оқытудың жаңа эксперименттік-тәжірибе системалары шеңберінде мектептегі баланың жеке тұлғасының ынталық қажеттілік саласында маңызды өзгерістерді айқындайтын ақиқаттар жинақтала бастады. Сондықтан, оқу және тәрбие саласы арасында байланысты айқындайтын оқытушылық тәжірибе пайда болды. Бұл баланың индивидінің жетілдірунің заңдылықтарын зерттеу борышын толық көлемінде қоюға мүмкіндік туғызады. Осы борышты шешумен 70-90 жылдары ғалымдар тобы айналысты. Олар оқу материалы мазмұнын талдау және жинақтау қағидаты негізінде бастауыш буынында оқу қызметтерін қалыптастыру шеңберінде жүзеге асырды (Д. Эльконин, В.Давыдов тұжырымдамасы) [4,5].
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:


  1. Жарықбаев Қ. Жалпы психология. Алматы, 2004.

  2. Л.В.Петровский. Введение в психология. Москва, 2002.

  3. Л.В. Занков. Развивающая система обучения. Москва, 2008

  4. В.В.Давыдов.Теория развивающего обучения.- М."Интор",1996.

  5. Д. Б. Эльконин. Детская психология. Москва, 1997

  6. Нұрмұхамбетова Т.Р. Тәжірибелік психология. ІІ т. – Шымкент, 2007



ОҚУШЫЛАРДЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕ АРҚЫЛЫ ҰЛТЖАНДЫЛЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕУ
Ережепова Динара Толдыбаевна «Педагогика және психология» мамандығының 1 курс магистранты

Қазақстан инженерлі – педагогикалық Халықтар достығы университеті. Шымкент қаласы. Қазақстан Республикасы.


Резюме

В этой статье рассматривается вопросы о воспитание патриотизма учащихся.

Summary

In this article is consider questions about bring up patriotic of pupils.

Халық педагогикасы – ұлт мәдениетінің негізі. Ол халықтың халық болып тарих сахнасын шыққаннан бері ғасырлар бойы еліміздің тәлім-тәрбиенің пәрменді құралы қызметін атқарып келеді.

Халық педагогикасының негізгі мақсаты - өзінің бай тарихи тәжірибесіне сүйене отырып, келер ұрпақты еңбексүйгіштікке, өнерге, шешендікке дағдыландырып ұлттық әдепте бейнелеу өнері мен қолөнерін қастерлеуге дағдыландыру. Отанның ар намысын қорғай білетін, жаны жайсаң, арлы азамат тәрбиелеу.

Халықтық педагогика этномәдениеттің ажырамас бөлігі ретінде, түптеп келгенде кез-келген халықтың педагогикалық мәдениеті бүгінгі таңда оқушыларды тәрбиелеу жүйесіне біртіндеп өз заңдылықтарын ендіріп келді және «жеке тұлғалы тәрбиелеу негіздерінің бөлігі» мәртебесіне ие бола отырып, ол мектептегі тәрбие жұмыстарының барлық бағыттарына толықтай сіңсіп кетті.

Этикалық халықтық сананың құрамдас бөлігі ретінде халықтың педагогикалық дәстүрлер өзінде өткен ұрпақ пен бүгінгі ұрпақтың арасындағы сабақтастық пен байланысты сақтай отырып, авторлардың, оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудың бөлігі деп дәлелдеп жүргеніндей экологиялық тәрбие беру ісіндегі күшті құрал болып табылады.

Этномәдениетті оқушыларды экология мәдениетін қалыптастырудағы негізгі факторы ретінде қарастыру арқылы және де халықтың дәстүр негізінде оқушыларға экологиялық тәрбие беру мәселелерін шешудің жаңа жолдарын ұсыну арқылы зерттеушілер сонымен бірге бүтіндей бір тұлғаны жетілдіру бағыттарының жекеленген аспектілері шеңберімен шектеліп келеді.

Біз қазіргі кезде оқушылардың экологиялық тәрбиесін балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған этномәдениет дәстүрлер мен өскелең білім негіздерін, озық ойларды табиғат қорғау қызметінің тәжірибелерін қамтыған жаңалықтарын бүтіндей бір жүйесі ретінде қарастырамыз.

Экологиялық және ұлттық сана арасындағы диалектикалық өзара байланысқа немқұрайлы қарау экологиялық тәрбиенің бұрынғы ғылыми концепциялары. Бұл мәселені Ұлттық тамырдан білініп қалғандай етіп қарау оның негізсіздігін немесе түкке тұрмайтындығын көрсетті. Оқушыларға ұлттық тәрбие мәселесі жөніндегі жалпы білім беру мектептердің әдебиеттері мен іс-тәжірибесі үшін балалардың ұлттық сана сезімімен экалогиялық санасын қалыптастырудағы диалектикалық өзара байланыс мәселесін неғұрлым тереңірек ғылыми ой-елегінен өткізу және іс жүзінде шешу қажеттігін көрсетіп көрсетіп отыр.

Бізге К.Т..Гиззатованың «Белгілі бір табиғи және ұлттық ортада өскен адамының қасиеті ретінде ұлттық сана туған өңір табиғатынан адамның алған белгілі бір әсерлерінен, бағалауларынан, адамдар сенімінің, сондай-ақ, адам өзі тұратын ортадағы халық салтының дәстүрлерінің, мәдени құндылықтарының қызығушылықтарының, қоғамды идеалары мен басқа да көріністерінің, жиынтығынан тұрады. .[1]

Яғни оқушыларды қоршаған орта арқылы ұлтжандылыққа тәрбиелейміз. Ж.Н.Қалиев өз зерттеуінде «ұлттық патриотизм» «Қазақстандық патриотизм», «ұлт жандылық», ұғымдарының мәнін ашып, оларды жалпы патриотизммен байланыстыруға талпыныс жасаған. «Ұлтжандылық» - жеке тұлғаның туған жеріне ұлтына адал ниеті, мемлекетінің күш- қуатын, өміршендігін, тұтастығын қорғайтын рухани тірегі.

Ұлтжандылық тәрбие – ұлт, ұлттық тіл, ұлттық сана, ұлттық мінез-құлық, ұлттық намыс, ұлттық әдет-ғұрып, ұлттық салт-дәстүр, ұлттық мәдениет т.б. ұлттық қасиеттердің ерекшеліктерін көрсететін ұлттық тәрбиенің бір түрі. Ал ұлтжандылық тәрбие – ұлт, ұлттық тіл, ұлттық сана, ұлттық мінез-құлық, ұлттық намыс, ұлттық әдет-ғұрып, ұлттық салт-дәстүр, ұлттық мәдениет т.б. ұлттық қасиеттердің ерекшеліктерін көрсететін ұлттық тәрбиенің бір түрі. Ұлтаралық қатынастар мәдениеті, ең алдымен, халықтардың тең құқылығы, өзара сыйластық, өзара көмек, гуманизм, т.б. өркениетті қатынастар принципінің ұлттық санаға қаншалықты сінгеніне, сол санада ұлттық мүдделер мен басқа халықтарды мүдделері қаншалықта үйлесім тапқанына байланысты дамиды. Яғни, ұлтаралық қатынастар мәдениеті дегеніміз ұлттардың қамсыз-мұңсыз өмір сүруіне қажет мүлде жаңа сипаттағы рухани – парасат ортасының және ұлтаралық қатынастардың қалыптасуына себепкер, әрі сол себептердің нәтижесінде қол жеткен ақтық нәтиже болып табылады. Ұлы ғұлама ағартушылар – Шоқан, Ыбырай, Абай да қазақ даласы мен өз халқына деген терең сүйіспеншілігін паш ете білді. Олардың ілімдері мен ic-әрекеттерінде екі бағыт: біріншіден, терең патриотизм – Отанға – Қазақстанға деген сүйіспеншілік; екіншіден, халықтар достығы идеяларын қорғау және дәріптеу нақты көрініс тапты.

Отансүйгіштік тәрбие мәселесі психолог-педагог ғалымдар Н.И.Болдыревтің, М.Н.Скаткиннің, Э.И.Моносзонның, В.А.Сластениннің, В.В.Лебединскийдің, Б.Г.Ананьевтің, Л.С.Выготскийдің және т.б. еңбектерінде де қарастырылған.

Оқушыларға отансүйгіштік тәрбие беру проблемаларының кейбір салалары да арнайы ғылыми-педагогикалық зерттеулердің нысанасы болды. А.Р.Жұмахановтың, Г.В.Мухаметзянованың, Р.З.Алиевтің, Т.Примовтың, Ф.Ф.Лоюктің, А.Э.Измайловтың, П.Сайфуллаеваның, Р.Ержанованың, И.Меликованың, Ж.Г.Коидзенің, И.И.Насыровтың, С.Нұрмұқашеваның еңбектерінде халықтың ерлік дәстүрлері жастардың отансүйгіштік сезімін тәрбиелеудің тиімді жолы ретінде қарастырылады.

Отансүйгіштік тәрбие проблемасын зерттеумен біздің Республиканың да бірқатар ғалымдары айналысады. Олар ұлттық дәстүрлер мен отансүйгіштік тәрбие, әскери-патриоттық, интернационалдық, ерлік тәрбиесі проблемаларын қарастырады (Қ.Жарықбаев, К.Құнантаева, С.Ешімханов, С.Қалиев, Н.Рамашев, С.Иманбаева, Е.Жұматаева, Ж.Елемесова, Д.Құсайынова, Л.Т.Сайдахметова, Ғ.Б.Базарғалиев және т.б.).

Оқушыларыдың ұлтжандылын қалыптастыруда адамның өзінің туып өскен өлкесіне деген сүйіспеншілігімен қоса, үлкен достық жанұя құрайтын жүзден астам ұлттар мен ұлыстар мекендеп отырған біздің ұлан байтақ Отанымызға деген сүйіспеншілік арқылы өзіндік сананы дамытудың мәні зор. Әр адамның Отанға деген сүйіспеншілігі осы жерде тұратын барлық адамдарды деген достық пен туысқандық сезімі мен біртұтас болып табылады. Оқушыларды қазақстандық ұлтжандылық рухына тәрбиелеу нәтижесінде қандай ұлттың өкілі болмасын өзін біртұтас көп ұлтты мемелекеттің – Қазақстан Республикасының азаматымын деп сезінеді, Қазақстан Республикасының азаматы болуды өзіне деген зор бақыт және үлкен жауапкершілік деп түсінеді. Отанға деген сүйіспеншілік әрбір оқушының белсенді өмірлік ұстанымы мен ұласса ғана іс-әрекетке айналады. Сондықтан оқушылардың алғашқы әскери даярлық курсынан білімді жақсы меңгеруінің өзі отанға пайдалы болуға талпынуынан белгісі болып табылады. Ал Отан дегеніміз - әрбір адамның өзі туып өскен өлкесі, туған-туыс, жақындарымен бірге тұратын елді мекені. Сондықтан отан ұғымы ең алдымен туған өлке ұғымымен байланысты қарастыру қажет. Отанға деген сүйіспеншілік әр адамның кіндік қаны тамған туған жері, елі өлкесіне деген сүйіспеншіліктен, құрметтен басталады. .[3]

Отанға деген сүйіспеншілік пен мақтаныш, әдемі киім сияқты көзге түсе бермейтін болуы керек, керісінше жүрегімізде сақтаулы, құны шексіз асыл дүние болуы керек. Сонымен қатар біздің Отанға деген қарым-қатынасымыз біздің мінез құлқымыздан да көрініп отырады. Бұл мемлекет ішіндегі адамға қатысты заңдарға , мемлекет құрылысының өміріне байланысты; бұл адамдардың өз азаматтық заңмен бекітілген міндеттерін (мысалы жауынгерлік қызметі) орындауы.

Адамға өмір берген, өз сүтімен асыраған, шексіз махаббат сыйлаған ана сияқты, халық пен Отан мәдениетпен сусындайды, өз тарихымен , өзінің адамгершілік салттарымен бір мезгілде қажетті шама-шарқына қарай, сол адам өміріндегі адамгершілікті, рухани азаматтық жеке басын қалыптастырады.


Каталог: wp-content -> uploads -> 2018
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Сабақтың мақсаты: а/ Оқушылардың сөздік қорын молайту. Білім, білік дағдыларын қалыптастыру
2018 -> Сабақтың тақырыбы: Физика-табиғат туралы ғылым
2018 -> Сабақ мақсаты Тұздар гидролизін түсіну және тұздардың суда ерігенде қандай процестер жүретінін анықтау
2018 -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: Көміртек және оның қосылыстары туралымәлімет алады
2018 -> 5В011700- Қазақ тілі мен әдебиет мамандығы бойынша 3-курс студенттердің элективті пәндер каталогы 2017-2018 оқу жылы
2018 -> Сабақтың тақырыбы Салынған циклдер. Мақсаты Қайталау операторлары туралы білімнің кеңеюі
2018 -> Сабақ тақырыбы: Теңдеулер жүйесін қолданып есептер шығару Мерзімі
2018 -> Даулетиярова Зауре Ермаханқызы А. Пушкин атындағы №41 көпсалалы гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тараз қаласы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет