Ветеринариялық медицина кафедрасы



бет1/8
Дата27.05.2018
өлшемі1.6 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті

Ветеринариялық медицина кафедрасы



Жануарлардың сирек және экзотикалық

инфекциялық аурулары
Пәннің оқу -әдістемелік кешені

Мамандығы 051201 - Ветеринариялық медицина

Костанай, 2011



ПОӘК мазмұны

№ п/п

Құжаттардың тізімі

Ескерту

1

Пәннің оқу типтік бағдарламасы (көшірме)




2

Пәннің жұмыс оқу бағдарламасы




3

Студенттер үшін пән бойынша оқу бағдарламасы (Syllabus)




4

Пәннен тапсырмаларды дайындап өткізу графигі

Syllabus құрамына кіреді

5

Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасу картасы




6

Дәрістік кешені (дәрістер тезисы, суреттелген және тарату материалдар, ұсынылатын әдебиеттер тізімі)




7

Тәжірибелік сабақтардың (семинарлық) жоспарлары




8

Пәннің оқытылуына арналған әдістемелік нұсқаулар




9

Зертханалық жұмыстар, курстық жұмыстардан әдістемелік нұсқаулар




10

Студенттердің өзіндік жұмыстарына арналған материалдар (үй тапсырма-ларының тестері, өзін тексеру материалдары, рефераттар және басқа да үйге арналған тапсырмалардың қиындығына қарай берілетін материалдар мен әдебиеттер)




11

Білім алушылардың оқу жағынан жетіс-тіктерін бағалау мен бақылау материалдары (жазуша бақылау жұмысы, тестік тапсырмалар, аралық бақылауға арналған сұрақтар, емтихан билеттері және басқалар)

+

12

Сабақтарды мультимедиалық жолмен және бағдарламен өткізу жолдары




13

Арнайы аудиториялар, кабинетттер, лабораториялардың тізімі

Паспорт

14

Студенттерге арналған ПОӘК






ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


«А. Байтұрсынов

атындағы Қостанай

мемлекеттік

университеті» РМҚК


Ветеринария және азық-түлік өнімдері технологиясы факультеті




БЕКІТЕМІН
Оқу және жаңа технология

бойынша оқыту жұмыстарының

проректоры

___________________Ф.Майер

_____._________2011 ж.


Ветеринариялық медицина кафедрасы


ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

(Syllabus)


пәні Жануарлардың сирек және экзотикалық инфекциялық

аурулары

мамандығы 051201 – Ветеринарлық медицина

Кредит саны 1











30 час.










60 час.

Қостанай, 2011


«Жануарлардың сирек және экзотикалық инфекциялық аурулары» пәні бойынша оқу бағдарламасын дайындаған малдәрігерлік ғылымдарының кандидаты, доцент Байқадамова Г.А

«___» __________ 2011ж. ________________

Ветеринариялық медицина кафедрасында қаралған және ұсынылған мерзімі «___» _________ 2011 ж. хаттама №


Кафедра меңгерушісі А. Тегза


Ветеринария және азық-түлік өнімдері технологиясы факультетінің әдістемелік кеңесінде талқыланып бекітілген мерзімі ___ _______ 2011 ж. хаттама № 10

Әдістемелік кеңестің төрайымы Г. Байқадамова


1 Пәннің сипаттамасы:

«Жануарлардың сирек және экзотикалық инфекциялық аурулары» 051201- Ветеринариялық медицина мамандығы бойынша дәрігерлер даярлауға арналған кәсіптендіру пәннің таңдау бойынша оқытылуға тиісті пәні болып табылады. Оқытылуға тиісті жұқпалы аурулар тізіміне Қазақстанда кездесетін және республикада байқалып қалу қауіпі бар жануарлардың аурулары кіргізіледі. Сонымен қатар Халықаралық індет бюросының тізіміндегі халықаралық сауда үшін қауіп тудыратын аурулар да қарастырылды.

Студенттер «Жануарлардың сирек және экзотикалық инфекциялық аурулары» пәнін оқу барысында осы аурулардың қоздырғышының міздемесін, себебін, дерттенуін, клиникалық белгілері мен балау әдістерін, ажыратып балауы мен алдын алу, күресу және сауықтандыру шараларын өтеді.

Пәннің пререквизиті:

Пәнді меңгеру үшін микробиология және вирусологиядан алған білімдер мен тәжірибе қажет.



Пәннің постреквизиті:

«Жануарлардың сирек және экзотикалық инфекциялық аурулары» курсын ұғып білу, малдәрігерлік мамандығын қалыптастырады, дәрігерлік ой туғызады, індеттік аурулардың заңды көрінісін ашады.

Пәнді оқытудағы мақсат-міндеттер:

«Жануарлардың сирек және экзотикалық инфекциялық аурулары» пәннің мақсатына:

- студеттерге індеттік аурулардан теориялық және тәжірибелік білім беру.

- студенттерде дәрігерлік ой туғызу.

Эпизоотияға қарсы шаралар өткізіп, ұйымдастыру кездерінде биопрепараттарды қолданғанда оларды мінездеуде, эпизоотия ошақтарында қауіпсіздік ережесін білу.

Пәннің міндетіне - жоғары білікті малдәрігерлер дайындау жатады.

Олар: індеттік аураларды болғызбай алдын алу, эпизоотияға қарсы шараларлдың кешендік жоспарын құру, індеттік ауруларды өз уақытында балау, ажырату және аурудан сау емес жерлерде эпизоотияға қарсы шараларды өткізу
2 Пәннің мазмұны:
1 Іқм індеттік ринотрахеиті. Аурудың мінездемесі, тарихы деректері. Себебі. Клиникалық көрінісі мен п/а өзгерістері. Иммуниитеті. ЭҚШ мен күресу жолдары. Іқм вирустік диареясы. Аурудың мінездемесі, тарихы деректері. Себебі. Клиникалық көрінісі мен п/а өзгерістері. Иммуниитеті. ЭҚШ мен күресу жолдары. Кампилобактериоз. Аурудың мінездемесі, тарихы деректері. Себебі. Клиникалық көрінісі мен п/а өзгерістері. Иммуниитеті. ЭҚШ мен күресу жолдары. Іқм Парагриппі. Аурудың мінездемесі, тарихы деректері. Себебі. Клиникалық көрінісі мен п/а өзгерістері. Иммуниитеті. ЭҚШ мен күресу жолдары.

2 Жылқылардың індеттік қан аздығы ЖІҚА (ИНАН) Аурудың мінездемесі, тарихы деректері. Себебі. Клиникалық көрінісі мен п/а өзгерістері. Иммуниитеті. ЭҚШ мен күресу жолдары. Қой мен ешкілердің індеттік агалактиясы. Аурудың мінездемесі, тарихы деректері. Себебі. Клиникалық көрінісі мен п/а өзгерістері. Иммуниитеті. ЭҚШ мен күресу жолдары.

3 Құстардың ларинготрахеиті Аурудың мінездемесі, тарихы деректері. Себебі. Клиникалық көрінісі мен п/а өзгерістері. Иммуниитеті. ЭҚШ мен күресу жолдары. Құстардың орнитозы. Аурудың мінездемесі, тарихы деректері. Себебі. Клиникалық көрінісі мен п/а өзгерістері. Иммуниитеті. ЭҚШ мен күресу жолдары.



7 Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

Негізгі:

  1. Пионтковский В.И., Мустафин М.К. Особо опасные инфекционные болезни животных и птиц. Учебник. Костанай, 2006. – 246 с.

  2. Байқадамова Г.А. Жануарлармен құстарда сирек кездесетін індеттік аурулар. Оқулық. (дәріс жиынтығы) А.Байтурсынов атындағы ҚМУ. Қостанай, 2010.-134 бет.

  3. Конопаткин А.А. Эпизоотология и инфекционные болезни животных. М.: Колос, 1984.- 554 с.

  4. Сидорчук А.А., Воронин Е. С., Глушков А. А. Общая эпизоотология. М.: Колос, 2004.- 176с.

  5. Кадымов Р.А., Кунаков А.А., Седов В.А. Инфекционные болезни овец. Москва «Агропромиздат», 1987.-303 с.

  6. Урбан В.П., Сафин М.А. и др. Практикум по эпизоотологии и инфекционным болезням с ветеринарной санитарией. Изд. «Колос С», 2003.-212 с.

  7. Закон РК «О ветеринарии» от 10 июля 2002г.

  8. Cосов Р.Ф. Эпизоотология. Изд. 2-е, испр. И доп. М., «Колос», 1974.-536 с.

  9. Бакулов И.А., Таршис М.Г. «География болезней животных зарубежных стран» М.: Колос, 1971.- 200 с.

  10. Бакулов И.А., Котляров В.М., Донченко А.С. и др. «Особо опасные болезни животных» (справочник) Издание второе, Покров-Новосибирск, 2002.- 184 с.

  11. Байқадамова Г.А. Ветеринариялық індеттану. Электрондық кітап. Қостанай, 2010 ж.

  12. Бакулова И.А. «Карантинные и малоизвестные болезни животных» М.: Колос, 1983.- 315с.

  13. Осидзе Д.Ф. Инфекционные болезни животных. Справочник. Москва. ВО «Агропромиздат» 1987.- 288с.

Қосымша:

  1. Орлов Ф.М. Малоизвестные заразные болезни животных М: Колос, 1973.

  2. Архипов Н.Н., Бакулов И. А., Соковых Л. И. Медленные инфекции животных М.: Агропромиздат. 1987.- 272с.

  3. Бакулов Н.А., Юрков Г.Г., Ведерников В.А., Орлов Ф.М. Эпизоотологический словарь-справочник – М. Россельхозиздат. 1986.

  4. Бакулов Н.А., Ведерников В.А., Семенихин А.Л. «Эпизоотология с микробиологией» М.: Колос, 1997. - 481с.

  5. Бакулов И.А. Эпизоотологическая ситуация в мире по особо опасным и экзотическим болезням и меры по предупреждению их заноса в Россию // Актуальные проблемы ветеринарной медицины в России. Новосибирск, 1998.-С.59-71.


ҚОСЫМША 4

«Жануарлардың сирек және экзотикалық инфекциялық» пәні бойынша студенттерге арналған оқу бағдарламасы (Syllabus)

БЕКІТЕМІН

Кафедра меңгерушісі

______________ М. Байкенов

«_____» _________2009ж.


Жануарлардың сирек және экзотикалық инфекциялық аурулары 2010-2011 оқу-әдістемелік картасымен қамтамасыз етілуі

Мамандығы

Студенттер саны

Библиография (автор, атауы, басылым жылы, беттер саны)

Басылым түрі

Тасушылар

Дана

Желіде болуы

Ескерту

Тақ сем

Жұп сем.

кітапхана

кафедра










1. Оқулықтар, оқу құралдары, электронды басылымдары
















Негізгі

























Сайдулдин Т.С. «Ветери-нарялық індеттану» Ы.Алтынсарин атындағы Қазақтың білім академия-сының республикалық баспа кабинеті Алматы, 1999 ж-292 бет

Оқу құралы




45



















Толысбаев Б.Т. Шоқанов Н.Бияшев Қ.Б «Малдәрі-герлік микробиология» Алматы, «Алатау» баспасы, 1999 х. 367 бет

Оқу құралы




60



















Мырзабекова Ш.Б. Ветеринариялық микробиология. Алматы: Білім,2004 ж.-368 бет

Оқу құралы




25



















Байкадамова Г.А. «Ветеринариялық індеттану»:, Қостанай, 2004ж.-80 бет

Оқу құралы




5

3
















Байкадамова Г.А. «Ветеринариялық індеттану»:электрондық оқулық, ҚМУ. Қостанай, 2010ж.-250 бет

Оқу құралы

СД-диск

электрондық
























Қосымша

























Сәдібеков А.С.Шоқанов Н. «Микробиология терминдерінің орысша-қазақша сөздігі.-Алматы: Ана тілі,1994ж. -230 бет»

Оқу құралы




3



















Шоқанов Н. «Микробиология. А.: Арсы, 2003ж№ 264 бет»

Оқу құралы




50



















Бакулов И: Індеттану және микробиология негіздері. Алматы, 1993ж.-85 бет

Оқу құралы




30

2
















Байкадамова Г.А. «Эпизоотология и инфекционные болезни животных» УМКд , КГУ им.А. Байтурсынова. Костанай, 2008 г.-51 бет

ОӘПК




10

2
















Байкадамова Г.А. «жануаларда және құстарда сирек кездесетін індеттік аурулар». Оқу құралы. ҚМУ. Қстанай, 2010ж. 138 бет

Оқу құралы

басылымда

30

2














































Барлық даналар




258

7







Барлығы




Қорытынды даналар
















Құрастырушы


Ветеринариялық ғылымдарының кандидаты, доцент _______________________ Г. Байкадамова

ZhSELA 5314 Жануарлардың сирек және экзотикалық инфекциялық аурулары пәнінен 2010-2011 оқу жылына студенттерге арналған (Syllabus) оқу бағдарламасы


1. Негізгі мәліметтер

Факультет

Ветеринария және азық түлік өнімдерінің технологиясы

Мамандық

051201 – Ветеринариялық медицина

Курс

5

Семестр

9

Оқыту нысаны

күндізгі

Бағдар

негізгі

Пән циклы

МП

Компонент

ТК

Кредит саны

1

Сағат саны

45

Сабақ өткізу орны

№ 4 ғимарат, аудитория № 120

Дәріскер

Байкадамова Гульнара Ахановна – доцент, мал дәрігерлік.

Оқытушы

Байкадамова Гульнара Ахановна – доцент, мал дәрігерлік

ғылымдарының кандидаты



Кеңес уақыты

( СОӨЖ оф.)



1-нші апта

2-нші апта

3-нші апта




Жұма. 15.00-16.00

Жұма. 15.00-16.00

2 Пререквизиттер және постреквизиттер

Пререквизит

тер


Анатомия, пат. анатомия, физиология, биохимия, патология негіздері, микробиология, вирусология.

Постреквизит

тер


Токсикология, індеттік аурулы пәндері, аз зерттелген індетті аурулар, малдәрігерлік ісін ұйымдастыру пәні..

3 Пәннің мақсаты мен міндеттері

Мақсаты

Студенттерге сирек кездесетін індетті аурулардан теориялық және тәжрибелік білім беру, жұқпалы ауруды алдын алу үшін және уақытында қателеспей балауды үйрету осымен қатар малдәрігерлік жұмыстардан білім алу, аурудың шығу заңдылығын түсініп, қарсы тұра білу.

Мәселесі

Дәрігерлік ой туғызып, күрделі жағдайда індетті ауру малға уақытысында көмек бере білу қабілетін туғызу.

4 академиялық сабақтардың бөлінуі

Барлығы

Дәріс

Тәжрибелік

Зертханалық

СОӨЖофис


СӨЖ

Бақылаунысаны

3 кредит 135 сағ.

3

7

10



60

Емтихан

5 пәннің мазмұны

Індеттану – жануарлардың індетті ауруларының шығуы, таралуы және өшуі туралы ғылым, сонымен қатар індетті аурулардың алдын алу шаралары мен күресу жолдарын қарастыратын ғылым.

6 курс саясаты

1 СОЖ тапсырмасына, сабақтарына жүйелі түрде дайындық. Сабақтарда студенттер халатпен, ақ бас киіммен кешікпей сабаққа қатысуы, және ұялы телефондарын өшіріп қоюы. 2 Сабаққа дайындықтарын тестілеу немесе ауызша сұрау арқылы тексеру. 3 сабақта теріс баға алғанда қайталап бір ақ рет тапсыруға рұқсат беріледі. Бұл жағдайда балл 0,8 коэфициентке азаяды.

7 Қолдануға ұсынылатын әдебиеттер

Не-гіз

-гі


1.Ветеринариялық індеттану 1 және 2 том. Т. С. Сайдуллин. Ы. Алтынсарин атындағы ҚБ академиясының республикалық баспа кабинеті. Алматы, 1999, 292 бет.

2.2. Малдәрігерлік микробиология. Б. Т. Толысбаев, Бияшев К. Б. «Алатау» баспасы, 1997, 367 бет

3.Індеттану: зертханалық сабақтарға арналған оқулық.. Байкадамова Г. А. Қостанай 2004, 80 бет

4.Общая эпизоотология ( А. А. Сидорчук, Е.С. Воронин ). М.: Колос, 2004 176с.

5.Эпизоотология и инфекционные болезни животных ( под редакцией А. А. Конопаткина) М.: Колос, 1984, 554 с.

6.Практикум по эпизоотологии и инфекционным болезням с основами ветеринарной санитарии. ( В. П.

Урбан М. А. Сарин А. А. Сидорчук и др. М.: Колос, 2003, 216 с.

777 Жануарлар мен құстарда сирек кездесетін індеттік аурулар. Қостанай 2010 ж 146 б

7. Руководство по общей эпизоотологии ( под редакцией И. А. Бакулова и А. Д. Третьякова). М.: Колос, 1979, 424с

.8. Ветеринарная микробиология и иммунология ( под редакцией Н. А. Радчука). М.: ВО Агропромиздат, 1987, 272с



Қо-сым-ша

9. Медленные инфекции животных (Н. Н, Архипов, И. А. Бакулов, Л. И. Соковых). М.: Агропромиздат. 1987, 272 с.

10. Сборник нормативных правовых актов в области ветеринарии (т.1 и т. 2). – Костанай, 2004-2005,800с.

11. Справочник по ветеринарно-санитарной экспертизе продуктов на мясомолочных и пищевых контрольных станциях. М.: Колос, 1974, 240 с.

12. Носков Е. А. Руководство к практическим занятиям по эпизоотологии. М.: Колос, 1986. – 240 с.



  1. Козлова Д.Н. Эпизоотологический словарь – справочник. М.: Россельхозиздат, - 1986, - 189 с.

8 Календарлық-тақырыбтық жоспар


№ апта

Дәрістер сабақтарының тақырытары



сағ

Тәжірибелік сабақтарының тақырытары


сағ

Зертханалық сабақтарының тақырып-

тары



сағ




сағ

1

ІҚМ індеттік ринотрахеиті.

1

ІҚМ Вирустік диареясы Малдардың кампилобактериозы

2
















2













Қойлар мен ешкілердің індеттік агалактиясы

2










3













ЖІҚА. Жылқылардың індетті қан аздығы

2













1аттестациядағы барлық сабақ саны

1




2




4










4

Жылқылардың артерииті.

1

Шошқалардың атрофикалық риниті.

2
















5













Шошқалардың Репродуктивті—респира-торлық синдромы.

2










6













Скрепи, Висна-маеди

2













2аттестациядағы барлық сабақ саны

1




2




4










7

Құстардың ларинготрахеиті. Құстардың орнитозы.

1

Құстардың Марека ауруы.


2
















8













Құндыздардың вирустік энтериті.

2










9



























10







Ет қоректілердің обасы.

1



















3аттестациядағы барлық сабақ саны

1




3




2













Барлық сағат саны

3




7




10




10





9 Пәннен тапсырмаларды орындап тапсыру кестесі


Сабақтар

түрлері


Бақылау түрлері

Бақылау формасы

Баллы




Апта (жеті)

Рейтинг

1

2

3

1 атт.

4

5

6

2 атт.

7

8

9

10

3 атт.

семестр

итогов.

общий

Аудиториялық жұмыс

АБ

Сабақтарға қатысуы және тапсырмаларды орындауы

100










100

*







100







*




100










Ауызша жауап беру

100






*


100










100




*







100










СӨЖ тапсырмасын орындау

100










100

*








100













100










СОЖ

Реферат

100




*




100










100













100










Коллоквиум

100










100




*




100










*

100










ҚБ

Емтихан

40











































40

40







Барлығы













20










20













20

60

40

100

Ескерту 1. Семестр қорытындысында студент 50% - дан кем емес максималдық семестр рейтингті алса және барлық бақылау түрлерінен оң бағаланса емтиханды тапсыруға жіберіледі. Дұрыс баға алу үшін емтиханда максималдық қорытынды рейтингтен 50% - дан кем емес алу керек.

Ескерту 2. Зертханалық тәжрибелік сабақтардан қалып қойған жағдайда сол сабақтардан тапсырма алып орындап сол жұмыстардан қорғауға болады.

Бағалау критерисі



Қалыптасқан баға

өте жақсы

жақсы

қанағаттанарлық

қанағатсыз

Баллы ( max=100 балда)

90-100

75-89

50-74

0-49

7.2 СӨЖ тапсырмалары


№ п/п

Тақырып,тапсырма,жұмыс түрі

Сағат саны

Әдебиет

Бағалау формасы

Тапсыру мерзімі, апта

Нег.

1

Туляремия

2

3,8,12

Конспект Қорғау

2

2

Шошқалардың індеттік атрофикалық ринитініңбалауы мен алдын алу шаралары және күресу жолдары

2

4,8,6,12

Конспект Қорғау

2

3

Шошқалардың репродуктивті-респира-торлық синдромының клиникалық көрінісі мен алдын алу шаралары.

2

1,2,03,8

Конспект Қорғау

4

4

ІҚМ кеміктәріздес энцефалопатиясының індеттануының ерекшелігі

2

3,8,12

Конспект Қорғау

5

5

ЖІҚА (ИНАН) Жылқылардың індеттік қан аздығының клиникасы мен індеттануының ерекшелігі

2

3,6,8,10

Конспект Қорғау

6

6

ІҚМ ринотрахеитінің жеке шаруашылықта балауы мен алдын алу шаралары.

3,5

3,8,11

Конспект Қорғау

7

7

Кампилобактериозды балау және алдын алу шаралар мен күресу жолдары.

2

3,4,8,12

Конспект Қорғау

7

8

Қойлардың хламидиоздық іш тастауы. Індеттік деректер мен алдын алу шаралар мен күресу жолдары.

3

3,6,8,10,8,

10


Конспект Қорғау

8

9

Шошқалардың вирустік гастроэнтериті.

Шошқалардың везикулярлық экзантемасы



3

4,8,12

Конспект Қорғау

8

10

Шошқалардың тілмесі

2

3,8,12

Конспект Қорғау

9

11

Иттердің парвовирустық энтериті

2




Реферат

9

12

Құстардың індеттік бронхиты

2




Баяндама

10

13

Құстардың шешегі

2




Реферат

10

Бағдарламаны дайындаған ветеринариялық ғылымдарының кандидаты, доцент Байқадамова Г.А.


27.05. 2010ж. №5. ____________________
Ветеринарлық медицина кафедрасының мәжілісінде қаралып бекітілген

протокол от 16_._06_2010ж.№ 9


кафедра меңгерушісі М. Байкенов


Дәрістер тезистері
1 тақырып ІРІ ҚАРА МАЛДАРДЫҢ ЖҰҚПАЛЫ РИНОТРАХИТІ

Сабақ мақсаты: Аурудың себебін, шығуын, клиникалық белгілері мен алдын алу шаралары және күресу жолдарын оқып игеру.

Ірі қара малдардың жұқпалы ринотрахеиті /орыс. инфекционный ринотрахеит крупного рогатого скота, лат. Rhinotraheitis infectiosa bovum, ағыл. Ihfectious bovihe rhihotrakheites/ қызуы көтеріліп, жоғарғы тыныс жолдарының қатарлы - өліетті қабынуы және жыныс мүшелерінің зақымдануы арқылы ерекшеленетін, жіті өтетін жұқпалы ауру.

Тарихи деректер. Бұл ауру АҚШ-та белгілі болған.Бастапқыда ол екі дербес ауру ретінде қарастырылды: бірі – жыныс мүшелерін зақымдайтын жұқпалы пустулалы вульвовагенит, екіншісі – тыныс жолдарын қамтитын ринотрахеит. 1958 ж. J. Gillespic әріптестерімен екі аурудың да қоздырушысы бір ғана герпесвирус екенін дәлелдеді.1960 ж. бұл вирустың ересек сиырдың іш тастауының, ал бұзауда менингоэнцефалиттің себепкері болаттындығы анықталды.

Қоздырушысы. Bovid (alpha) herpesvirus герпесвирустар туыстығы мен тұқымдастығына жатады.Құрамында ДНҚ бар, бір ғана антигендік типтен тұрады, әртүрлі ағзаларға түскенде, соларға бейімделіп, жоғарғы тыныс жолдарын, жыныс мүшелерін, жүйкені, көздің кілегейлі қабығын зақымдайтын қасиетке ие болады.Бәрінен де тыныс алу және жыныс ағзаларының торшаларына басымырақ бейімделеді.

Індеттік ерекшеліктері. Табиғи жағдайда тек қана іқм ауырады. Қолдан ешкі мен шошқаға жұқтыруға болады. Сиырдың барлық тұқымдары бейім, бірақ етті тұқымдарда ауру күштірек өтеді. Ересектеріне қарағанда жас малдың бұл ауруға сезімталдығы жоғары. Әсіресе жатырдағы төл ерекше сезімтал, вирустың әсерінен тез өледі де буаз мал іш тастайды.

Ауру қоздырушысының бастауы-ауырған және ауырып жазылған мал.Сауыққан жануар 6-19 ай вирус бөліп шығарады. Вирус денеден танаудан аққан сорамен, көздің жасымен, жыныс мүшелерінен бөлінген сұйықтықпен, сүтпен, несеппен, нәжіспен, шәуетпен шығады. Вируспен ластанған ауа, су, жемшөп, төсеніш, сүт, шәует, күту саймандары,көлік жабдықтар қоздырушының берілу факторлары, ал ауру малмен жанасқан жәндіктер, құстар, адамдар оның механикалық тасымалдаушылары болады. Әдеттегі жағдайда вирус малға аэрогендік жолмен, ал шағылысу кезінде тікелей жанасу арқылы жұғады.



Өтуі мен симптомдары. Жасырын кезеңі 2-4 күн. Клиникалық байқалуы коздырушы вирустың денеге ену жолына, жануардың физиологиялык жай-күйіне және жасына байланысты. Әдетте ауру жіті өтеді, бірден ыстығы көтеріліп 40-42° С жетеді, бейжай күйге түсіп, жемшөптен калады, тез арықтап, сауын сиырдың сүті кайтады.

Аурудың бірнеше клиникалық түрі болады: тыныс мүшелері закымданады (ринотрахеит), жыныс жолдары қолдырап бөртеді, көзі зақымданады /коньюнктивит, кератоконьюнктивит/. Жалпы алғанда осының бәрі аурудың негізгі респираторлық және генитальдік екі клиникалык түріне саяды.

Жұқпалы ринотрахеиттің респираторлық түрі кезінде ауру басталған алғашқы күндері жануардың танауынан көп мөлшерде кілегейлі сора ағады, уақыт өте экссудатқа фибрин талшықтары, ал кейде қан араласады, әбден асқынған кезде фибринді іріңді жалқаққа айналады. Танаудьң, аңқаның кілегейлі қабықтары шектен тыс домбығып, ісінеді, көп жағдайда малдың каңсары канға кернеліп, қызарады, оны "қызыл танау" деп атайды. Жануардың тынысы тарылып, ентігеді, аузын ашып дем алады, аузынан сілекей шұбырып, жөтеледі. Қаңсары мен танаудың кілегейлі кабығында беті өліетті кабыршақпен көмкерілген ойылған колдырауықтар пайда болады. Жекелеген жануарларда коньюнктивит байқалады, буындары ісіп, ақсайды. Ауырған бұзаулардың іші өтеді.

Патологиялык-анатомиялық өзгерістер. Аурудың респираторлық түрінде кеңсірік қуысында, аңқада, кеңірдекте фибрин араласқан кілегейлі іріңді экссудат жиналады. Кілегейлі қабықтар ісініп, домбығады, өліеттенген, ойылған, қанталаған телімдері болады. Маңайындағы сөл түйіндері ьлғалданып, кызарады. Ауру асқынғанда қатарлы, іріңді қатарлы бронхопневмония байқалады.

Жұқпалы ринотрахеиттің генитальдік түрінде жыныс мүшелерінің кілегейлі қабықтары домбығып, қолдырап, ойылады, асқынған кезде эндометрит кездеседі. Тастанды төл ісінген, бауырында өліеттенген ошақтар, бүйрек майында геморрагиялық экссудат болады. Гистологиялық зерттеу закымданған кілегейлі қабықтардың эпителийінде түзілген денешіктерді айқындайды.



Балау. Клиникалық белгілері, індеттанулық деректер, патологиялық-анатомиялық өзгерістер арқьлы жұқпалы ринотрахеитке жорамалмен диагноз қойғанымен, оны растау үшін зертханалық тексерулер жүргізу қажет.

Вирусологиялық зерттеуге ауру малдан танау қуысынан, көзден, қынаптан, үрпектен тампонмен сүртіп сұйық бөліндіні сіңіріп алады. Пышаққа ілінген немесе өлген малдан, өлгенінен кейін 2 сағаттан кешіктірмей кеңсіріктен, кеңірдектен, өкпеден, бауырдан, көкбауырдан, мидан, сөл түйіндерінен кесінді алады. Тастанды төлдің үлпершек ағзалары мен қағанақ қабықтарын алады. Вирус торша өсінділерінде бөлініп алынып, бейтараптау реакциясы мен иммунофлоуоресценция тәсілі арқылы айқындалады. Соңғы реакция арқылы вирустың антигенін патологиялық материалдан тікелей анықтауға болады. Қандағы антиденелерді анықтау үшін және ретроспективалық диагноз үшін бейтараптау реакциясы мен қосалқы гемагглютинация реакциясы қоданылды. Соңғы кезде бұл ауруды балау үшін иммуноферменттік әдістер сынала бастады.



Ажыратып балау мақсатымен зертханалық зерттеулер парагрипке, вирустық диареяға, аденовирустық және респираторлық-синцитиялық инфекцияларға қатар жүргізіледі.

Емі. Емдік мақсатпен реконвалесценттердің қан сарысуы пайдаланьлады. Оны бұлшық етке 2 мл/кг дозада, бірақ 200 мл асырмай жібереді, екінші қайта 24-48 сағ. өткенде береді.

Бактериялардан болатын асқьнудың алдын алу үшін, микробтардың төзімділігін тексеріп барып, антибиотиктер, сльфаниламидтер қолданады. Бұл дәрілерді топтық әдіспен аэрозоль арқылы, немесе бас-басына парентеральдік жолмен береді. Ауырған малдың жай-күйіне қарай қуаттандыратын және симптоматикалық препараттар қолданылады.

Аурудың гентитальдік түрінде нитрофурандар мен сульфианиламидтер колданылады, антибиотиктер жақпамай және ертінді ретінде пайдаланылады. Барлық жағдайда да емнің нәтижесі малдың күтімі мен азықтың құнарлылығына байланысты.

Иммунитет. Аурып жазьлған жануарда белсенді иммунитет аалыптасады. Аурудың респираторлық түрінен кейінгі иммунитет генитальдік түрімен ауырғандағыдан гөрі күштірек болады. Ауырғаннан кейінгі иммунитет 1,5-2 жыл сакталады.

Жұқпалы ринотрахеитке қарсы тірі және өлтірілген вакциналар қолданылады. Өлтірілген гидроокись алюминийлі этанол вакцина арасына 1 ай аралатып 2 рет егіледі. Иммунитет мерзімі 6-7 ай. Тірі вакциналар иммунитетті тез және ұзақ мерзімге қалыптастырады. Интраназальдік әдіспен енгізгенде танаудың секретінде антиденелер түзіледі және қанда интерферон пайда болады. Мұндай әдіспен енгізілген вакцинаның әсері бұлшық етке жібергеннен гөрі жоғары болады. Тірі вакциналар бір валентті және екі валентті жұқпалы ринотрахеитке және парагрипке қарсы болады.



Дауалау және күресу шаралары. Сиырдың жұқпалы ринотрахеитінің алдын алудың негізінде басқа да вирустық иневмоэнгериттеріндегідей ветеринариялық-санитариялық және зоогигиеналық шаралар жатыр. Ең бастысы малды қалыпты күтіммен, жемшөппен қамтамасыз ету.

Шаруашылықтың мал өсіру бағытына байланысты дауалық шаралар тиісті жүйемен жүргізіледі. Сүт өндірілетін кешенде шеттен әкелінген бұқаларды карантинде ұстап, жұқпалы ринотрахеитке тексеріп, еркін шағылыска жібермеу керек. Мал бордақылау кешендерінде "бос-бос емес" принципін қатаң сақтап, әлсіреген, күйі нашар жануарларды бөліп альп, оқшаулайды.

Ауру шыға қалған жағдайда шаруашылыққа шектеу қойылып, індеттің тарап кетуіне карсы шаралар қолданылады. Ауырған малдарды бөліп алып, оқшаулап, емдейді. Қораны оқтын-оқтын дезинфекциялап, қалыпты микроклиматты сақтайды. Сау малдарды мүмкіндігінше белсенді, не енжар әдіспен иммундейді. Шектеуді соңғы ауырған жануар жазылған соң 30 күннен кейін алады. Бұл шаруашылықтан малдануға мал алуға, бұқалардың шәуетін пайдалануға шектеу алынған сон 2 ай өткеннен кейін рұқсат етіледі Ветеринариялық-санитариялық таза аймақтарда жүргізілетін алдын алу шаралары

Инфекциялыќ ринотрахеиттің алдын алу шараларыныњ негізгі шарттары ірі ќара малдарын µсіру жєне бордаќылауда ветеринариялық-санитариялық шараларды ќатаңсаќтау болып табылады. Ветеринариялыќ-санитариялық талаптарға келесі шарттар кіруі тиіс:

1 шаруашылық субъектілерін инфекция ќоздырғыштарыныњ кіруінен саќтау;

2 организмнің резистенттілігін күшейтуге бағытталған шаралардың кешенін ұйымдастыру;

3 уақтылы диагноз қою, ауру малдарды анықтау және оқшаулау;

4 ќоршаған ортадаѓы вирустарды залалсыздандыру;

5 шаруашылық субъектілерін инфекция қоздырғыштарының кіруінен қорғау үшін міндетті түрде жүргізу керек;

6 малдардың инфекциялыќ ауруларынан таза аумақтардың тек сау малдарынан табын топтастыру;



  1. жаңадан келген малдарды 30 күн бойы карантинде ұстап ауруларға тексеру;

Бақылау сұрақтары:

1. Ауру қоздырушысына сипаттама және ауру тарихын айтып беріңіз. 2. Клиникалық белгілері қалай көрінеді? 3. Ринотрахеитпен ауырған мал өлексесінде қандай патологоанатомиялықөзгерістері болады? 4. Ірі қара малдың жұқпалы ринотрахеитін қандай аурулардан ажыратады? 5. Алдын алу шараларын айтып беріңіз.



6. Қандай балау, емдік шараларын білесіз?
2 тақырып СИЫРДЫҢ ВИРУСТЫҚ ДИАРЕЯСЫ

Каталог: files -> book
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
book -> Макс Лукадо сенің Қолыңнан келеді


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет