«ветеринариялық санитариядағЫ Ғылыми зерттеу негіздері»



бет1/4
Дата29.01.2017
өлшемі0,88 Mb.
#8226
  1   2   3   4



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3-деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-14-03.01.20.16/01-2016 ж


«Ветеринариялық санитариядағы ғылыми зерттеу негіздері» пәнінің ПОӘК

Басылым № __

«___»______









«ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ САНИТАРИЯДАҒЫ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ НЕГІЗДЕРІ»

пәнінің 5В120200 - «Ветеринариялық санитария» мамандығына арналған

ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ


Семей 2016


1 Модуль Ғылыми-техникалық ақпарат негіздері



Дәріс № 1. Кіріспе. Ғылым және ғылыми зерттеулер туралы түсінік. Студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстарының түрлері (ҒЗЖ). – 2 сағ



Ғылыми-техникалық прогресс – ғылым мен техниканың бірегей, бір-бірімен сабақтаса, біртіндеп дамуы. Ол 16–18 ғ-лардағы мануфактуралық өндірістен, ғылыми-теориялық және техникалық қызметтер өзара жақындасып, тоғыса түскен кезден бастау алады. Бұған дейін материалдық өндіріс негізінен эмпирикалық тәжірибені, кәсіби құпияны қорландырып, машық-тәсілдерді жинақтау есебінен баяу дамып келді. Сонымен бірге табиғат туралы ғыл.-теор. таным аясында да ілгерілеу ниеті байқалды, бірақ ол теологиялық-схоластикалық қасаңдыққа қамалып, өндірістік амалшараларға ұдайы әрі тікелей ықпал ете алмады.

16 ғ-да адамзат баласының сауда-саттықты өрістетіп, теңіз жолын меңгеруі, ірі мануфактураларға ие болуы бірнеше келелі міндеттерді теор. және тәжірибелік тұрғыдан шешу қажеттігін алға тартты. Нақ осы кезде ғылым Қайта өркендеу дәуірі идеяларының әсерімен схоластикалық дәстүрлерден қол үзіп, практикаға жүгіне бастады. Шығыс жұртының компасты, оқ-дәріні ойлап табуы және кітап басу тәсілін меңгеруі ғыл. және тех. қызметтердің берік одағын құруға жетелеген ұлы жаңалықтар болды. Жалпы, бұл – ғылыми-техникалық прогресстің бірінші кезеңі саналады. Кейінгі кезеңдерде ұлғая түскен мануфактуралық өндіріс мұқтажы үшін су диірменін пайдалану әрекеті кейбір мех. процестерді теор. тұрғыдан зерттеуге жетеледі. Тісті дөңгелектер қозғалысының теориясы, науа теориясы, су қысымы туралы, қарсыласу мен үйкелу туралы ілімдер пайда болды. Яғни, мануфактуралық кезең ірі өнеркәсіптің бастапқы ғыл. және тех. нышандарын дамытып, Г.Галилей, И.Ньютон, .Торричелли, кейін Д.Бернулли, Э.Мариотт, Ж.Л.Д’Аламбер, Р.А.Реомюр, Л.Эйлер, т.б. ғалымдар тарихқа «өндіріс қызметшілері» деген атпен енді. 18 ғ-дың соңында машина өндірісінің пайда болуына математиктердің, механиктердің, физиктердің, өнертапқыштар мен шеберлердің үлкен бір тобының ғыл.-тех. жасампаз іс-әрекеттері негіз қалаған еді. Дж. Уаттың бумен жүретін машинасы конструкторлық-тех. ізденістің ғана емес, «ғылымның жемісі» саналды. Ал машиналы өндіріс өз кезеңінде ғылымды технол. тұрғыдан қолдану үшін тың, шын мәнінде шектеусіз мүмкіндіктерді ашты. Осының өзі ғылыми-техникалық прогресстің жаңа, екінші кезеңіне айналып, ғылым мен техника бір-бірін аса қарқынды дамуға ынталандырып отырғандығымен ерекшеленді. Ғыл.-зерт. қызметінің теориялық шешімдерді техникалық нұсқаға жеткізуге құзырлы арнаулы буындары: қолданбалы зерттеулер, тәжірибелік-конструкторлық жасалымдар, өндірістік жетілдірулер үрдісі қалыптасты. Ғылыми-техникалық іс-әрекет адам еңбегінің ең ауқымды, ажырамас бөлігіне айналды.


Ғылыми-техникалық прогресстің үшінші кезеңі қазіргі заманғы ғыл.-тех. революция жетістіктерімен байланысты. Оның ықпалымен техниканы дамытуға арналған ғыл. пәндердің аясы кеңи түсуде. Тех. міндеттерді шешу ісіне тек электроншы инженерлер мен компьютерші мамандар ғана емес, сондай-ақ биологтар, физиологтар, психологтар, лингвистер, логиктер де белсене қатысады. Ғылым техниканы үздіксіз революцияландырушы күшке айналды. Ал техника болса, ғылымның алдына тың талап, тосын міндет қою әрі оны күрделі эксперименталды жабдықтармен жарықтандыру арқылы алға тартып келеді. Осы заманғы ғылыми-техникалық прогресстің ерекше қыры – тек өнеркәсіпті ғана емес, сондай-ақ қоғами тұрмыс-тіршіліктің, т.б. көптеген салаларын: ауыл шаруашылық, көлік қатынасын, байланыс аясын, медицина мен білім беру ісін, қызмет көрсету түрлерін қамтитындығы. Ғылыми-техникалық прогресс әлеуметтік прогрестің негізі болып табылады.

1.Ортағасырдағы дүниеге көзқарас туралы Орта ғасырдағы ойлау жүйесі көбінесе мораль мен діннің аумағында болды. Кез келген дүниедегі мәселелер тек қасиетті жазудың түсіндіруімен қабылданды.

Жоспар

  1. Классикалық ғылымының ерекшеліктері

  2. Ғылымдағы жаңалықтар

  3. Қазіргі ғылымның негізгі сипаттары

Тіршіліктегі, қоршаған ортадағы құбылыстарға, таңғажайып дүниелерге қызығушыльщ орта ғасырда антикальщ уақытпен салыстырғанда мүлдем басқаша болды. Егер аз уақытында Аристотель табиғат таңғажайыптарына таңдана біліп, олардың себептерін іздеуге тырысса, ал орта ғасырлық ғалымдар, мысалы, Августин Блаженный біздің біліміміз шектеулі екендігін, нағыз таңғажайып дегеніміз — ол дүниені Қүдайдың жаратуы екендігін уағыздады.

Орта ғасырлық дүниетанымдағы Құдайдың дүниені жоқтан жаратуы туралы догма антикалық уақыттың дүниетанымына қарама-қайшы келді.

Ерте орта ғасырлық уақытта ғылым антикалық уақыттағы мәнін жоғалтты. Бүдан келіп ортағасырлық ғылымның негізгі бір сипаты моральдық символизм пайда болды. Яғни табиғат, табиғи құбылыстар ғылыми гипотезалар, ғылыми қортындылар арқылы түсіндірілмей, олар моральдық және діни нәрселердің символы ретінде қарастырылды. Ай — шіркеудің символы, жел — рухтың, аруақтың образы тағы басқалар.

Орта ғасырлық символизм теориясы иерахизм идеясымен тығыз байланысты. Барлық заттар бір-біріне бағынышты деп қарастырылды.

Универсализм — орта ғасыр ойдың бір саласы, яғни барлығының бірлігі. Дүние мен адамның қүдай жаратқан бірлігі.

Орта ғасырдағы дүниеге көзқарастың ерекшеліктері:

1. Барлық адам баласының қызметі діни пайымдаулармен түсіндіріледі, табиғатқа деген  көзқарас библия  концепцияларының цензурасынан өтті.

2. Дүниенің жаратылуы, бірлігі құдай арқылы болғандықтан, орта ғасыр дүниенің картинасында жаратылыстану дамитындай объективті заңдар ашылмады.

Орта ғасырдағы ғылым антикалық ғылымға қарағанда кейін бірнеше қадамға шегінді. Дегенмен, орта ғасырлық мәдениет негізінде білімнің кейбір өзіндік маңызы бар салалары — астрология, алхимия, астрохимия, табиғи магия пайда болды. Олар қазіргі ғылымға негіз болып саналды және механикалық турғыдан түсіндірудің алғашцы қадамдары жасалды. Бос кеңістік, шексіздік, түзу сызықпен қозғалу сияқты түсініктер пайда болды.

Дәл өлшеуге жағдайлар тууының де маңызы болды. Астрономияның дамуы да бүған себеп болды.

Математика мен физиканың арасында байланыс нығая түсті, жаңа уақыттың математикалық физикасы пайда болды және бұл ғылымның даму бастауында атақты астрономдар — Коперник, Кеплер, Галилей түрды.

Орта ғасырлық жаратылыстанудың бір жетістігі — дүниенің аяқталғанын шеңбермеи білдіруден бас тарту болды. Бұл модель шексіздік сызығымен, яғни дүниенің шексіздігін білдіретін модельмен алмастырылды.

Сол кездегі ғылымның дамуына қалалықтарды қатал тәртіп жағдайына бағындыратын діни әдет-ғүрыптарды уақыт бойынша тәртіппен өткізу, орта ғасырлық мектеп мен университеттердің ашы-луы да әсерін тигізді. Тек қана антикалық ғылым мен кітапты ғана оқып-үйрену емес, логикалық ойлау да да жоғары бағаланды.

Дегенмен, орта ғасырлық дүниетаным ғылым мүмкіндігін шектеп, дамуын тежеді. Сондықтан, жаңа уақытқа дейін ғылымға көзқарасты өзгерту қажет болды, ол қайта өрлеу дәуірінде жүзеге аса бастады.

Жаңа ғылымның ірге тасын қалағандардың бірі Галилео Галилей болды. Ол математикалық және тәжірибелік жаратылыстанудың негізін салды. Математикалық заңдарды дурыс түсіне білу үшін, дәл өлшеулер жасау үшін көптеген техникалық қүралдар жасады: линза, телескоп, микроскоп, магнит, ауа, термометр, барометр және басқалар

Аналитикалық және синтетикалық әдістемелер, приборды қолдану — гректер жүргізе алмаған  өлшеу жумыстарын жүргізуге  мумкіндік берді. Галилей дененің жер бетіне еркін түсуі туралы гипотезаны жасады. Аристотельдің кейбір көзқарастарын жақтамады.

Ғылымға берілген аз өмірінде Г.Галилей көп нәрселер жасады. Коперниктің гелиоцентрлік көзқарасын негіздеп дамытты; табиғаттың көп жағдайда математика заңдарына бағыныштылығы дәлелденді. Күштің механикалық фактор екендігін айтты. Қазіргі механика мен тәжірибелік физиканың негізін салды.

Бірақ әлі де жер және аспан денелердің қозғалысының арақатынасы туралы сұрақтар толық шешілмеді



Классикалық ғылымының ерекшеліктері

«Классикалық ғылым» деген түсінік ғылым дамуында XVIII ғасырдан бастап XX ғасырдың 20-шы жылдарына дейінгі уақытта қалыптасты.

Классикалық ғылым дамуының алғашқы сатысының өз ерек-шеліктері болды:

Шындықты айқын көрсететін, білімнің аяқталған жүйесіне деген ұмтылыс. Бұл классикалық механикалық дуниені өз заңдылықтары арқылы түсіндіруімен, бағыт беруімен байланысты болды. Сондықтан, механика  қоршаған дүниені түсіндірудің негізгі тәсілдерін  меңгерді және ғылымдар эталоны болып саналды.

Табиғатты ғасырлар бойы өзгермейтін, өзіне ғана қатысы бар заңдарымен ерекшеленетін тұтас бір жүйе ретінде қарастырды. Сол кездегі классикалық ғылымда статизм, элементаризм, антиэволюционизм бағыттары болды.

Элементаризм — күрделі құрылымдардың царапайым элементтерін бөліп алып, анықтама беру.

Статизм — бұл құрылымдарға тән байланыстар мен қатынастарды жоққа шығару.

Антиэволюционизм — реалдық құбылыстарды талқылау метафизикалық тұрғыда болды, яғни өзгеру, даму, тарихылық деген ұғымдардан аулақ болды.

Ғылым дінді интеллектуальдық бедел түрінде алмастырды. Адам-зат ақыл-ойы және табиғаттың тәжірибелік өзгерістері теологиялық доктриналар мен Қасиетті жазуды Ғаламды түсіне білуден ығыстырып шығарды. Сенім мен дүниетаным екіге бөлінді.

Дуние танымдық көзқараста ғылым алдыңғы орында бола оты-рып, дін мен философияға да өз қатарынан орын берді.

Алдыңғы қатарлы дамыған қоғамда дуниетаным адамзатқа сенімді өмірлік жолды, дүниені түсінудің қандай жолмен таңдауды өз еркіне берді. Дегенмен, ғылым тәжірибелік жетістіктерді барынша көп беру арқылы адамзат болашағын тек ғылым ғана қамтамасыз ететіндігін дәлелдеді. Сондықтан, дін мен метафизикалық философия бірте-бірте өз әсерін жоғалта бастады.

Ғылым, оның ішінде жаратылыстану ғылымдары механистикалық және метафизикалық болып қана отырып, табиғатқа деген теологиялық көзқарасты бірте-бірте ығыстыра бастады. ХУІІ-ХУІІІ ғасырларда математикада шексіз кіші шамалар теориясы (И.Ньютон мен Г.Лейбниц), Декарттың аналитикалық геометриясы, М.И.Ломоносовтың атомдық-кинетикалык ілімі, Кант-Лапластың космогониялық гипотезасы алдымен жаратылыстану ғылымдарына, сосын қоғамдық ғылымдарға даму идеясын енгізді.

Сонымен, XVIII ғ. аяғында XIX басында көптеген ғылым салаларын ңамтыған ірі ғылыми революцияларға біртіндеп алғы шарттар жасала бастады. Алдыңғы қатарға энергия мен заттың бір-біріне айналуын зерттейтін физика мен химия шықты (химиялық атомистика). Геологияда жердің даму теориясы (Ч.Лайель), биологияда Ж.Ламарктың эволюция-лық теориясы пайда болды, сонымен қатар палеонтология (Ж.Кювье) және эмбриология (К.М.Бэр) сияқты ғылымдар дами бастады.

XIX ғасырдың екінші жартысындағы ғылымдағы үш зор жаңалықпен байланысты революциялардың үлкен маңызы болды. Олар:



  1. Шлайденн мен Шванның клеткалық теориясы;

  2. Майер мен Джоульдің энергияның сацталу және айналу заңы;

  3. Ч. Дарвиннің эволюциялық ілімі болды.

Одан кейін табиғат диалектикасын толығымен негізделген үлкен жаңалықтар бірінен кейін бірі ашылып жатты:

  1. 1861 жылы А.М.Бутлеров — органикалық қосылыстардың химиялық құрылысы теориясы;

  2. 1869 жылы Д.И. Менделеевтің периодтық системасы;

  3. 1869 жылы Л.Х.Вант Гофф пен Дж.Гиббс — химиялық термодинамика заңы;

  4. 1875 (Дж. К.Максвелл) — жарыңтың электромагниттік теориясы ашылды. Осы ғылыми жаңалықтар негізінде жаратылыстану жоғарғы сатыларға көтерілді, егер ол XVIII ғасырда тек қана фактілер жинаушы ғылым болса, ал XIX ғасырда заттар мен процестер туралы, олардың пайда болуы мен дамуы туралы ғылым болды, жаратылыстануда ғылым диференциациясы белсенді түрде жүрді, яғни ғылымның ірі салалары ұсақ бөлімдерге бөлінді (мысалы, физика — термодинамика, қатты денелер физикасы, электромагнетизм; биологияның жаңа салалары — генетика, цитология, эмбриология бөлініп шықты.

XIX ғасырдың аяғында ғылымдар интеграциясының алғашқы белгілері шықты, ол XX ғасырға тән процесс болды. Яғни пәнаралықзерттеулер жүргізіле бастады (биохИмия, геохимия,  биогеохимия тағы басқалар).

Жаратылыстануға диалектикалық көзқарастардың енуіне қарамастан, дүниеге көзқарас әлі де механистикалық, метафизикалық негіздерге сүйенді.

Тіршілік пен тірі организмдердің пайда болуы биология ғылымы жоғары қарқынмен дамыса да түсіндірілмеді. Дүниедегі адамның орны туралы келіспеушілік көзқарастар болды.

Әрбір ашылған ғылыми жаңалықтың өз қарама-қайшылығы бол-ды. Геоцентрлік теория жоққа шығарылғаннан кейін адамзат өзінің космостағы орнына сенімсіздікпен қарады.

Ғылым дамуындағы жасалған әр қадам адамды өз мүмкіндіктерін пайдалану үшін ұмтылдырды, сонымен бірге оның ойларында мазасыздық пен бей-берекеттік тудырды.

Дарвиннің эволюциялық теориясы ғылымдағы жағдайды күрт шиеленістірді. «Қудай жаратқан» деген уғым жоққа шығарылғаннан кейін адам табиғатты бағындырушы рөлінен айрылды. Христиандық теология бойынша «табиғат адамның өз рухани мүмкіндіктерін ашуға арналған үйі» деген антропоцентристік көзқарасты үстаса, оны ғылым жоққа шығарды. Дарвин адамды жаратушыға тәуелділігінен Кутқарғанмен, оны жануарларға дейін төмендетті. Бул пессимистік көзқарас термодинаимканың екінші бастамасының ашылуымен одан әрі тереңдей түсті. Онда бүкіл ғалам тәртіпті жағдайдан бейберекеттікке қарай қозғалады, ең аяғында ол энтропия жағдайына (жылу-лық өлім) жетеді деген. Соған қарамастан, XIX ғасыр мен XX ғасырдың басы ғылымдағы алтын ғасыр болды. Ғылыми жаңалықтар ашылды, көптеген институттар   мен   академиялар   ашылды.   Әр   түрлі   зерттеу   жумыстары үйымдасқан түрде жүргізілді. Ғылым мен техниканың бірігуімен қолданбалы ғылым салалары өте тез дамыды. Ғылым мен дүниетанымдағы қалыптасқан жағдай шешімін табуды қажет етті. Ол XIX ғасырдың 90-шы жылдарынан басталып, XX ғасырдың ортасына дейін созылған ғылыми революциялар арқылы шешілді



2.Ғылымдағы жаңалықтар

Жаратылыстану жаңа революциялардың пайда болуына серпін берген физикадағы жаңалықтар болды.



  1. Г.Герц — электромагниттік толқындардың ашылуы;

  2. К. Рентген — қысқа толқынды электромагниттті сәуле шашу;

  3. Дж. Томсон — электрондарды ашу;

  4. П.Н.Лебедев — жарық қысымы;

  5. М.Планк — кванттық идея;

  6. А.Экштейн — салыстырмалылық теориясы;

  7. Э.Резерфорд — радиоактивті бөліну.

1913-1921 жылдары атом ядросы туралы түсінік негізінде Н.Бор атом моделін ойлап шығарды, ол бір жағынан Д.Менделеевтің периодтық системасына сүйенді. Бүл физика мен жаратылыстанудағы жаңа революциялық алғашқы кезең болды. Ол материя мен оның қүрылысы, қасиеттері, қозғалыс формалары, кеңістік, уақыт туралы бурынғы көзқарастардың күйреуіне себеп болды. Екінші кезең XX ғасырдың 20-шы жылдарынан басталды, ол кванттық механиканың пайда болуымен және оның салыстырмалық теориясымен уштасуымен байланысты болды.

Революцияның үшінші кезеңі XX ғасырдың 40-шы жылдарында атом энергиясын игерумен, электронды-есептегіш машина мен кибер-нетиканың пайда болуымен байланысты. Сонымен қатар, бул кезде физикамен бірге хймия, биология және жер туралы ғылымдар басым дамыды.

XX ғасырдың ортасынан бастап ғылым мен техника тутасымен бірігіп қазіргі ғылыми — техникалық революцияға әкелді.

3. Қазіргі ғылымның негізгі сипаттары

Қазіргі ғылым XX ғасырмен XXI ғасыр аралығын қамтиды. Барлық сипаттары бойынша ол классикалық ғылымнан өзгеше, сондықтан кейде оны классикалық емес ғылым деп атауға болады. Қазіргі ғылымның негізгі сипаттары төмендегідей:

Классикалық механиканы негізгі ғылым деп санаудан бас тарту, оны кванттық-релятивистік теориямен алмастыру. Муның өзі әлемді алып механизм түрғысынан қарауды жоққа шығарды. Оның орнына байланыстар, өзгерістер, даму идеяларына негізделген ойлау әлемінің моделі келді.


  1. Классикалық ғылымдағы механистикалық, метафизикалық көзқарастарды диалектикалық көзқарас ауыстырды;

  2. Классикалық ғылымдағы дәрменсіз бақылау жүргізу белсенді, жаңа тәжірибемен алмасты, буған жаңа кұрал-жабдықтар мен ғылыми әдістемелердің пайда болуы көп әсерін тигізді:

  3. Дүниенің ең алғашқы негізін табу мумкін еместігі сияқты материя шексіз екендігі түсіндірілді.

  4. Ғылыми білім бурынғыдай  абсолютті шындық  ретінде қарастырылмайды, тек қана көп гипотезалар мен теориялар ішінде салыстырмалы түрде шындық бар.

  5. Классикалық ғылымға тэн табиғаттағы заттарды қоршаған ортадан бөліп алып қарауды теріске шығару;

  6. Заттың қасиеттерінің оны қоршаған нақты жағдайларға тәуелді екендігі.

Биосфералық класқа жататын ғылымдардың дамуы, ғаламдағы өмір  мен ақыл ойдың пайда болуының кездейсоқ еместігіндәлелдейтін концепциялардың шығуы.

Ғылым мен діннің қарама-қарсылығы логикалық шегіне жетті, яғни ғылым XX ғасырда басымдылыққа ие болды.

Ғылым мен өндірістің бірігуі, ғылыми-техникалық революция қоғамдағы ғылымның рөлін анықтап берді.

Сонымен қатар, ғылым жетістіктеріне гуманистік сын (философтар, мәдениет танушылар, әдебиет пен өнер қайраткерлері) айтыла бастады.

XX ғасыр аяғында дүние ғылымға деген абсолюттік сенімін жоғалта бастады. Бүл үшін посмодернизациялық көзқарас қажет болды. «Постмодерн» — жаңа сипаттағы ғылыми көзқарастарға тең келетін ғылыми көзқарастар.

Көптеген отандық ғылым зерттеушілердің болжамы бойынша бо-лашақта ғылымның жаңаша сипаттары төмендегідей болуы керек:

Ең алдымен, ғылым адамзат мәдениеті   мен  дүниетанымы жүйесіндегі өз орнын табуы қажет. Постмодернизм адам қызметінің кез келген   түрінің   дүниетанымдық жүйеде ерекше  бөлініп шығуын қаламайды.

XX ғасырдағы өз алдына бірқалыпты дүниенің жаңа образын жасауды, яғни ешбір езгеріске жатпайтын, жүйелі, тәртіпті, бір өзіне мақсат етіп қойды. Ал, посмодерндік  ғылым дүниенің өзгермелі екендігін, олай болса әрбір алынған нәтиженің ең соңғы өзгеріссіз нәрсе еместігін ашып көрсетті.

Бұрынғы ғылым мен жаратылыстану — білімнің монологтық формасын қолданады., яғни, интеллект затты түсініп білген соң өз пікірін айтады, ал постмодерндік ғылымда бақылаушы — ғалым зерттейтін дүниенің бір бөлігі  саналады,  яғни диалогтік дүниетаным қалыптасады.

Постмодерндік ғылымның негізі болып  глобалдық экологияесептеледі. Дүниедегі құбылыстар мен өзгерістер әр түрлі жүріп жатқанпроцестердің қосындысы болып табылады.

Постмодерндік ғылымның бір қасиеті — оның комплексті турдедамуы, яғни бурынғыдай жаратылыстану, техникалық, қоғамдықғылымдарды жеке-жеке бөліп қарамау

Бұлар тек біздің көз алдымыздағы қазіргі кезде қалыптасып жатқан болашақ ғылымның негізгі жақтары.


ҚОСЫМША МАЕТРИАЛДАР
4.Ғылымының даму тарихы туралы

Ғылым қашан және қалай пайда болды? Бул сураққа байланысты екі түрлі көзқарас бар.

Бір көзқарас иелерінің пайымдауынша ғылым өте ертеде, яғни адамдар алғаш еңбек қаруын жасап, табиғат туралы абстрактылы білімі болған кезде дамыған деп айтады. Ал екіншілері ғылымның пайда болуы тәжірибелік жаратылыстану пайда болған кезде (ХУ-ХУІІ ғғ.) деп айтады.

Жоспар:


  1. Ғылымның басталу мәселелері

  2. Араб ғалымдарының жаратылыстану дамуындағы рөлі және отырарлық ғалымдар

  3. Антикалық ғылым

Ғылымның басталу мәселелері

Қазіргі ғылымтану бұған нақты жауап бермейді, өйткені ғылымның өзін бірнеше аспектіде қарастырады. Негізгі көзқарас бойынша — ғылым — білім жиынтығы: ңоәамдық сананың формасы; әлеуметтік институт; қоғамның негізгі қозғаушы күші; кәсіптік мамандарды дайындау жүйвсі тағы басқа.

Осы аспектілер бойынша ғылым:


  1. XIX ғасырдың  ортасынан  бастап  —  мамандар дайындаудың жүйесі;

  2. XX ғасырдың екінші жартысынан — қоғамның негізгі қозғаушы күші;

  3. Жаңа уақытта — әлеуметтік институт

  4. Ежелгі Грецияда — қоғамдық сананың формасы;

  5. Адам   мәдениетінің   бастауында   —  білім   жиынтығы   ретінде қарастырылады.

Әр уақыт бойында әр ғылымның қилы салалары пайда болды. Антикалық ғылым қазіргі әлемге математиканы берді, Жаңа уақытта -механика пайда болды, ал XIX ғасырда қоғамтану келді.

Бұл процестерді дұрыс түсіну үшін біз тарихқа жүгінуіміз қажет.

Ғылым сан қырлы қоғамдық құбылыс, қоғамнан тыс ғылымның пайда болуы, дамуы мүмкін емес. Ал ғылымның өзі объективті жағдайлар туған кезде:


  1. объективті білімге әлеуметтік қажеттілік;

  2. осы қажеттілікті қамтамасыз етуге қоғамнан ерекше бір дарынды адамдардың бөлініп шығуы;

  3. білімнің жинақталуы, ғылыми жаңалықты символикалық турде кескіндеу немесе хабарлау (жазудың болуы) тағы басца болуы керек. Осындай жағдайлар б.э.д. VII-VI ғасырларда Ежелгі Грецияда пайда болды.

Ғылымның критерийлері:

  1. теориялық;

  2. ғылыммен  айналысатын  ерекше адамдар  тобының  болуы, қажетті материалдар мен технологияның болуы;

  3. рационалдық (тиімділік);

  4. жүйелілік.

Егер біз ғылымды 1 критерий бойынша қарастырсақ, сол кездегі Египет, Шумер цивилизациясында, жаңа білім алуға қажетті жағдайлар онша болған жоқ. Бул кезде математика, астрономия сияқты ғылым салалары бойынша аздаған білімнің алғашқы бастаулары болды.

Индия мен Кытайдағы білімнің дамуы күнделікті өмірге қажетті жэне діни ритуалдарды жүзеге асыру үшін ғана керек болды.

Ежелгі шығыс цивилизациясындағы білімнің негізі және теориялығы болмады. Шығыстағы дамыған астрономия әлемнің құрылысы мен аспан денелерінің қозғалысын зерттеу үшін емес, өзендердің тасу мен қайту уақытын анықтау үшін, гороскоп немесе жулдызнама қурастыру үшін қажет болды. Вавилондықтардың пайымдауынша аспандағы жулдыздар қудайлардың бет-бейнесі есебінде карастырылды, яғни олар жер бетіндегі өмірді бақылаумен болады деп есептеді.

Араб ғалымдарының жаратылыстану дамуындағы рөлі және отырарлық ғалымдар

Араб ғылымы ескі грек және үнді ғылымынан нәр алумен қатар, мәдениетті жоғары басца елдердің Мысырдың, Шамның, парсылық, әсіресе Орта Азия елдерінің үздік ғылыми дәстүрлеріне негізделді.

Ғылымның қадір-касиетін дұрыс түсіне білген бағдат халифалары Әл-Мансур, Һарун ар-рашид, әл-Мамундар (VІІІ-ІХ ғасырлар) ғылымды дамыту мәселелеріне көп көңіл бөлді. Бағдатта және басқа қалаларда обсерваториялар салдырылады. һарун ар Рашид Даналық үйі («Вайт әл-хикма») деп аталатын, жолында жақсы жабдықталған кітапханасы бар, арнаулы аудармашылар орталығын құрады.

Аздаған уақыттың ішінде Үндістан астрономдарының және Гиппократ, Платон, Аристотель, Евклид, Архимед, Менелей, Аполоний, Птолемей сияқты грек ғылымының көрнекті өкілдерінің еңбектері араб тіліне аударылып, шұғыл зерттеле бастайды.

Осындай ғылым тарихында үлкен мәні болған Бағдат мектебі құрылады. Бағдатқа жан-жақтан асқан білімпаз оқымыстылар шақыртылып топтастырылады.

Ғылым дамуына, оның ішінде математика ғылымының дамуына арабтардың қосқан үлестері өте көп. Арабтар үнді математикасын меңгерді, .қазіргі кезде көп қолданылып жүрген сандарды жазу мен оқу тәсілдерін үнділіктер өте ертеде ойлап тапқан болатын, қазіргі математикада қолданып жүрген араб цифрлары — үнді математиктерінің жетістігі.

Бағдат обсерваториясы мен Даналық үйінің ғылыми жүмыстарының басты ұйытқысы Орта Азия мен Қазақстаннан шыққан ғалымдар болғанын мақтанышпен айтамыз. Олардың ішінде әйгілі Мухаммед әл-Хорезми, Ахмед Ферғани, Ғаббас жауһари, Ахмад Мәруази және басқалары бар.

Бүлардың ішінен теңдесі жоқ улы ойшылдардың бірі, шоқтығы биік улы ғулама Әбу Нәсір әл Фарабидің есімі ерекше жарқырап көрінеді. Ол — «Шығыстың Аристотелі» атанған улы ғулама.

Әбу Нәсір өздігінек оқып жетілген ғалым. Ол ең алдымен грек ғылымын, оның фәлсафасын, әсіресе улы устазы Аристотель еңбектерін қызығып оқыған. Ибн Холликанның айтуына қарағанда Әбу Нәсір Аристотельдің «Метафизикасын» қырық, «Жан туралы» еңбегін жүз, ал «Риторикасын» екі жүз рет оқып шыққан. Әбу Нәсір Аристотельдің «Категория», «Бірінші және екінші Аналитика» сияқты фәлсафалық шығармаларына түсіндірмелер жазған.

Өзі де «Кемеңгерлік меруерті», Ізгі қала тұрғындарының көзқарасы», «Мәселенің түп мазмұны», «Ғылымдардың шығуы» тағы басқа трактаттар жазған.

Әл-фараби шығармаларының басым көпшілігі әлі де араб тілінен аударылмай, зерттелмей жатыр. Астрономия, логика, әуез жайлы еңбектері күні бүгінге дейін толық зерттеле қойған жоқ.

Америкадағы Питтсбург университетенің профессоры Николас Решер көптен бері Әл-Фараби және оның шәкірттерінің еңбектерін зерттеумен айналысып келеді.

Француз ғалымы Рудольф Эрланже 1930-1935 жылдары Әл-Фарабидің аса үлкен, әрі терең мағыналы «Әуездің үлкен кітабы» атты трактатын француз тіліне аударған.

IX ғасырда Хорезм қаласында математика Мүхаммед бин Муса Әл-Хорезми өмір сүрді. Ол арифметикалық есептер мен теңеулерді шешудің жалпы ережелері туралы кітап жазды. Ол кітап «Китаб әл-Джебр» деп аталып, қазіргі алгебра ғылымының атына негіз болды.

973-1048 жылдары улы астроном, тарихшы, географ Бируни өмір сүрді. Әл Хорезми ғаламшарлардың қозғалу кестелерін жасап, аспан шарларының түрған орындарын анықтауға көмектесетін астролябия аспабын жасады. Бируни жердің шар тәрізділігін қолдап, оның шеңберінің узындығының шамасын анықтады.

Сонымен, араб ғылымының жаратылыстану ғылымдары тарихындағы алатын орыны ерекше, олар ғылым эстафетасын ежелгі гректерден алып, оны бірнеше ғасырлардан кейін Европаға берді.



5.Антикалық ғылым

Сонымен нағыз ғылымның бастауы ежелгі Грецияда б.э.д.. VIІ-VI ғасырлардан басталды делінеді.

Яғни б.э.д. VII ғ. Шығыс Азиядағы грек колонияларында жер өңдеу экономиканың басты саласы болудан қала бастайды. Кәсіпшілік, теңізде жүру, сауда, ақша қатынастары жылдам дами бастады, қул иеленушілік құрылыс негізгі болып саналды, партиялар арсында күрес, заң күш ала бастады, жазба заң түрлері шықты. Билік басына жаңа әлеуметтік топ келді.

Қул иеленудің дамуы гректерді барлық еңбек құралдарымен, шаруашылық бағытындағы нәрселермен байланысты жағдайлардан аулақтатты, өйткені азат еркін адамның айналысар істері саясат, соғыс, өнер деп есептелінді.

Ғылым кәсіпшіліктен аулақ болды, бұл бір жағынан танымның бір әдістемесі эксперимент, тәжірибе екендігін жоққа шығарды.

Дегенмен, бұл өз пәні, өзінің танымдық және зерттеу әдістемелері, өзіндік дәлелдемелері бар ғылым болып дами бастады.

Алғашқы ғылыми программа Пифагор ұсынған, кейіннен Платон дамытқан математикалық программа болды. Бұл программа басқа да антикалық ғылыми программалар сияқты, Космосты алғашқы заттар дүниесінің белгілі бір тәртіппен орналасқан қатары деп қарастырды. Пифагор оны сандармен салыстырды, және оны дүниенің ең алғашқы негізі деп санады. Пифагоршылар теориясы бойынша әлемнің картинасы өз үндестігімен таңдандырды, денелер геометриялық заңдылықпен, аспан денелері қозғалысы математикалық заңдылықпен, ал адам денесінің жеке органдарының бір-бірімен тамаша байланысы Поликлет каноны бойынша белгілі бір математикалық заңдылыққа бағынды.

Математикалық программа Платон философиясымен аяқталады. Онда ол әлемнің үлкен картинасын береді, яғни біз өмір сүрген әлем өлі материядан жаратушы туғызған белгілі бір заңдылық арқылы да-миды, оның өзі математикалық заңдылықтар арқылы жүреді. Заттар-дың өздерінің сыртқы пішіндері геометриялық фигураларды береді деп есептеді (от — өткір әрі қозғалмалы, яғни пирамида, ауа — сегіз жақты көпбурыш тағы басқалар).

Антикалык дәуірдегі екінші ғылыми программа атомизм программасы болады. Ол грек философиясы ғурыптарының қорытындысы болды, элеаттар философиясына кетеді. Оның негізін салушылар Левкипп пен Демокрит болды.

Бір қарағанда атомизм ілімі аса күрделі де емес. Табиғаттағы мүмкін барлық өзгерістердің механикалық себебі — атомдар қозғалысымен түсіндіріледі. Табиғи қүбылыстардың себебі, табиғаты физикалық жағдайлар, оны жер бетінен іздеу керек деп қарастырды.

Бұл ойлау тарихында бүтін нәрсенің жағдайын жеке бөлшектер қасиеті арқылы тусіндіретін ғылыми программа болды. Яғни барлық өзгерістер себебі атомдар қозғалысы делінді. Жаңа уақыттағы барлық әлеуметтік, психологиялық, физикалық теориялар осылай түсіндірілді.

Аристотельдің континуалдық деп аталатын программасы үшінші ғылыми программа болды. Ол дәуір аяғына таяу пайда болды. Ол Демокриттің де, Н.Пифагордың да, Платонның да көзқарастарын жақтамады.

Ол заттарға математикалық идеялардың қатысын да, заттардың атомдардан қуралатынын да қуаттаған жоқ. Аристотель дүниенің 4 түрлі себебін үсынады: олар формалды, материалдық, қазіргі кездегі және мақсаттық. Аристотельдің атақты «Органон» трактаты логика бойынша жазылған оның үлкен еңбегі болып табылады.

Антикалық дүниенің негізгі үш ғылыми программасы осындай. Ғылымның әрі қарай өзгеруі мен дамуы осы үш программамен байланысты болды. Бул программада табиғи заңдардың математиканы қолдануы болмады, олар жеке-жеке дамыды, табиғи қубылыстарды қайталап көрсете алатын тәжірибе жетілмеді.

Гректердің жаратылыстануы абстрактылы — түсіндірмелі ғана болды, жасаушы, әсер етуші компоненттер болмады.

6.Ғылыми теория. Теорияның құрылысы мен негіздері туралы Ғылымды қоғамдық сананың формасы ретінде түсіну және ақиқат туралы нақты білім беретін мәдениет сферасы ретінде қарастыру — толық емес және аяқталмаған жағдай. Ғылыми білімнің пайда болуының формалары туралы мәселелер толығымен шешілген жоқ. Ғалымдар ғылыми білімнің негізгі формасы ғылыми теориялар деп санайды.

Жоспар


  1. Теория — ғылыми білімнің формасы. Теория және ғылыми бағдарламалар

  2. Ғылыми теорияның құрылымы

  3. Ғылыми теориялардың классификациясы

  4. Ғылыми түсініктер және олардың пайда болу жағдайлары

  5. Ғылыми-танымдық әдістемелер.

  6. Ғылым заңдары.

  7. Ғылыми революциялардың ерекшеліктері

Теория — ғылыми білімнің формасы. Теория және ғылыми бағдарламалар.

Теория-ғылыми білімнің ең күрделі және дамыған формасы. Генетикалык, жағынан, классификациялау секілді оның қалыптасуына негіз болған формалардан соң пайда болды. Сондықтан, теориялар программалар мен гтарадигмалардың негізінде пайда болады. Парадигма дегеніміз — нақты бір ғылыми зерттеуді анықтайтын және ғылым дамуының белгілі бір кезеңінде танылған алғы шарттардың жиынтығы. Осы парадигмалар шеңберінде теорияларда қолданылатын ең маңызды базистік жағдайлар анықталады, ғылыми түсінік беру мен ғылыми білімді уйымдастырудың, оған баға берудің үлгілері қарастырылады. Ал бул базистік жағдайлардың ортақтастығы ғылыми программалар негізіне жататын философиялық принциптермен анықталады.

Қоғам мәдениетінің әркелкілігіне байланысты бір мәдени-тарихи біртұтастықтың шеңберінде бірнеше ғылыми программалар қалыптасады. Сонымен бірге бір ғылыми теориялар   тудырады.

Ғылым мен мәдениеттің байланысын жете түсінбеу — ғылым дамуы мен ғылыми парадигмалардың ауысуын көрсететін себептерді анықтаудың мүмкін еместігіне әкеліп соғады.



Ғылыми теорияның құрылымы

Ғылыми теорияның құрылымын зерттеуге кірісерде оның мазмүндық жэне формальдық жақтарын да ескеру қажет.

Мазмүны жағынан теория — ең алдымен, эмпирикалық базистен, атап айтқанда, тәжірибелер барысында анықталған және теориялық түрде қорытындылауды қажет ететін білім фактілерінің жиынтығынан; теорияның логикалық аппаратынан, яғни теория шеңберінде қарастырылатын қорытындылар мен дәлелдемелерден; теорияның өзінен, яғни дәлелдерімен қоса алынған тужырымдамалардан түрады.

Дегенмен, теорияны талдаудың формальды жағы да қызықты. Бүл жағдайда теория объектіге постулаттар, аксиомалар, жалпы заңдар түрінде анықтама береді. Олар көбінде басқа теориялардың терминдері арқылы анықталып, дәлелдеуді қажет етпейтін аксиомалар түрінде болады.

Теорияның өзіндік негіздеріне логикалық түрғыдан оның қалған терминдерімен сөйлемдерді толықтырып туратын негізгі термин сөздер мен сөйлемдер жатады.

Сонымен қатар, теорияның қосымша негіздері де бар. Олар бірнеше топқа белінде:

1) Семиотикалық негіздер — теорияның тілін қалыптастыру ережелері. Көптеген ғылыми теориялар табиғи тілді (біз өзіміз қолданып жүрген) қолданады, ал кейбір теориялар үшін формальды тілді (мысалы  компьютерлік бағдарламалардың тілдері)  қолдану  қолайлырақ
болады.

2) Методологиялық негіздер — сол ғылым пайдаланатын әдістемелер. Олар басқа теориялардан, ғылымдардан алынуы мүмкін.

3) Логикалық негіздер — бұл теория терминдерін сөйлемдерін логикалық түрде жүйелеу.

Қазіргі теориялар көпке әйгілі «аристотельдік» логиканы ғана пайдаланып қоймайды, сонымен қатар көптеген классификациялық емес логикаларды да қолданады.

Прототеориялық логикалар — булар белгілі бір теорияның негізі болып саналатын теориялар. Мысалы, физика үшін математика, ал жалпы жаратылыстану философиясы үшін — барлық жеке жаратылыс ғылымдары тағы басқа.

Философиялық негіз — теорияны негіздеуге, оның мәселелерін шешуге арналған философиялық принциптер мен категориялар. Фило-софиялық негіздер белгілі бір ғылымның жаңалануына және негізгі мәселелерін шешуге көмектесуі тиіс.



Ғылыми теориялардың классификациясы

Ғылыми теориялардың мәні жэне пайда болуы туралы зерттеген кезде оларды классификациялауға да мән берілуі тиіс. Ғылым зертте-ушілер әдетте ғылыми теорияларды үш түрге бөледі.

Бірінші түрге жататындар — сипаттамалық (эмпирикалық) теория-лар жатады. Мысалы: Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясы, И.Павловтың физиологиялық теориясы тағы басқа. Көптеген тәжірибелік (эмпирикалық) мәліметтердің негізінде бул теориялар белгілі бір объектілер мен процестерді сипаттайды.

Ғылыми теориялардың екінші түрі математикаландырылған ғылыми теорияларды құрайды. Теориялардың бүл түріне теориялық физика саласындағы теориялар жатады. Көп жағдайда бул теориялар аксиомалар түрінде беріледі.

Үшінші түрге жататындар — дедуктивтік ғылыми теориялардың жүйесі.

Алғашқы дедуктивтік теория Евклидтің «Бастамалары». Бүл теориялардың негізгі мазмуны ең басында беріледі де, ал бүдан шығатын қорытындылар теорияға соңынан енгізіледі. Дедуктивті теориялар әдетте ерекше бір шартты тілмен беріледі.

Аталған әрбір ғылыми теориялардың мазмүны мен ерекшеліктері — олардың пайда болуы — ғылыми түсініктердің қалыптасуымен тығыз байланысты.

Ғылыми түсініктер және олардың пайда болу жағдайлары

Түсінік дегеніміз — заттар мен құбылыстардың қасиеттері мен қатынастары бойынша берілетін санадағы бейнесі, сонымен қатар, заттарды жалпы белгілері бойынша жіктейтін немесе біріктіретін ойлау формасы.

Оларды эмпирикалық және теориялық түсініктер деп бөлуге бола-ды. Олардың арасында абсолюттік шекара жоқ.

Әдетте эмпирикалық түсініктерге реальды шындық жағдайындағы қубылыстар мен заттарға байланысты түсініктер жатады, ал теория-льщ түсініктер де объективті өмірдегі заттар мен құбылыстарға байла-нысты, бірақ олардың негізгі қасиеттеріне бірден байқала бермейтін гипотетикалық қасиеттері алынады.

Мысалы, «температура» деген түсінікке біз эмпирикалық және тео-риялық тұрғыдан анықтама берелік. Эмпирикалық деңгейде буған сы-нап бағанының биіктігі арқылы анықтама беруге болады, ал теория-лық деңгейге келетін болсақ, температураны дене молекулаларының орташа кинетикалық энергиясына пропорционал шама ретінде қарастыруға болады. Бұл жерде еске ала кететін бір жағдай: кез келген идеалдық объектіні сипаттау үшін реальды қасиеттер мен қатынастарды пайдалану шарт емес, гипотетикалық тұрғыдан қарастыру да жеткілікті.

Ғылымның мақсаты — әр түрлі заттар мен қубылыстардың қайталанып отыратын маңызды қасиеттері мен қатынастарын көрсететін жалпы заңдарды анықтау.



  1. Ал бүл мақсат ғылыми абстракция арқылы жүзеге асады.

  2. Абстракция ғылыми теорияға сәйкес келуі керек.


7.Ғылыми-танымдық әдістемелер

Әдістеме дегеніміз — қалаған нәтижеге жетуге көмектесетін әрекеттер жиынтығы.

Әдістеменің маңызын Жаңа уақытта ең алғаш рет француз математигі әрі философы Р.Декарт өзінің «Әдістеме туралы талдау» атты еңбегінде атап көрсетті.

Әдістеме адамдардың қабілеттерін теңестіріп қоймай, олардың қызметін де біркелкі жүйеге түсіреді, ал буның өзі барлық зерттеу-шілердің бірдей нәтижелер алуына көмектеседі.

Әрбір ғылым саласының өз зерттеу пәні болуымен ңатар, өзіне тән зерттеу әдістемелері бар. Пән мен танымдық әдістеменің бірлігін негіздеген неміс философы Гегель.

Ғылыми әдістеме зерттеудің әр деңгейінде қолданылатын жеке-жеке әдістемелерден түрады. Сондықтан, олар теориялық және эмпи-рикалық әдістемелер болып бөлінеді.

Теориялық деңгейдегі ғылыми зерттеулер әдістемелеріне мына-ларды жатқызуға болады: 1) формальды — зерттелетін процестердің мәнін ашатын абстрактылы-математикалық жобалар жасау; 2) аксиомалық теорияларды дәлелдеуді қажет етпейтін аксиомалар түрінде құру; 3) гипотетикалық дедуктивті әдістеме — бір-бірімен дедуктивті түрде байланысқан гипотезалардың жүйесін жасау.

Ал эмпирикалық әдістемелерге жататындар: бақылау — объективті жағдайдың қубылыстарын мақсатты түрде қабылдау, сезіну; сипаттау — объектілер туралы мәліметтерді тіл қуралдары арқылы жеткізу; өлшеу — объектілерді ұцсас қасиеттері мен жақтары бойынша салы-стыру; эксперимент (тәжірибе) — қубылыстарды қайталау мақсатымен арнаулы жасалған және бақыланған жағдайларға зерттеулер жүргізу.

Сонымен қатар, жалпы әдістемелерді де бөліп қарауға болады, олар:


  1. анализ  — тұтас  заттарды  толық зерттеу жүргізу  үшін  жеке құрамдас бөліктерге бөлу;

  2. синтез — заттың бурыннан жіктелген жеке қүрамдас бөліктерін біртұтас жүйеге біріктіру;

  3. абстракциялау  —  зерттелетін құбылыс үшін маңызы жоқ қасиеттер мен  қатынастар арасынан қажетті қасиеттер мен қатынастарды бөліп алып қарастыру;

  4. қорытындылау — нәтижесінде объектінің жалпы қасиеттері мен белгілері анықталатын ойлау тәсілі;

  5. индукция — жалпы қорытынды жекелеген жағдайлардан жасалатын зерттеу әдістемесі;

  6. дедукция — жалпы қорытындыдан жекелеген пікірлер тудыратын талдау тәсілі;

  7. аналогия — объектілердің бір белгілерінің уқсастығы бойынша, келесі бір белгілерінің де уқсастығын анықтауға арналған ғылыми тәсіл;

  8. жобалау — объектіні оның көшірмесін жасап, зерттеу;

  9. классификациялау — барлық зерттелетін заттарды маңызды бір белгілері арқылы жеке топтарға бөлу.

Қазіргі ғылымда сонымен қатар статистикалық әдістемелердің маңызы зор, олар зерттелетін заттардың барлығын сипаттайтын ор-таша мәндерді анықтауға мүмкіндік береді.

Қазіргі кездегі жаратылыстанудың бір ерекшелігі зерттеу әдістемелері алынатын соңғы нәтижеге үлкен әсерін тигізеді.



Ғылыми революциялардың ерекшеліктері

Ғылыми танымның мақсаты — шындықты айқын бейнелейтін ғылым заңдарын КҮРУ- Табиғатта заттар мен қүбылыстар арасында тұрақты түрде қайталанып түратын байланыстар, яғни объективті заңдылықтар бар. Осы объективті заңдылықтардың бейнелері заңдарды туғызады. Заңдар үнемі объективті сипатта болады, яғни объективті дүниенің қүбылыстарын байланыстыратын реальды процестерді білдіреді. Заңдар танымның сатылары іспеттес. Оларды ортақтық дәрежелеріне байланысты бірнеше түрге бөлуге болады: жеке заңдар (ғылымның шектеулі салаларына ғана қолданылатын), ортақ заңдар (бірнеше ғылыми салаларда қолданылатын заңдар), жалпы заңдар (болмыстың іргелі заңдары).

Заңның негізгі белгісі — әмбебаптық және шындықты айқын көрсету.

Ғылыми революция дегеніміз — ғылым дамуының белгілі бір ке-зеңінде пайда болып, оның ішкі қайшылықтарын шешетін, мазмүнын өзгертетін ерекше қүбылыстар.

Ғылымдағы революция сан қырлы. Олардың үш негізгі сипаттарын бөліп қарастыруға болады:


  1. жаңа эмпирикалық материалдарды теориялық түрде талдау жасау,

  2. табиғат туралы бүрын қалыптасқан түсініктерді түбірімен жою;

  3. тығырыққа тірейтін жағдайлардың пайда болуы.

Ғылыми революцияларға тән жағдай ол: ескі идеялар мен теорияларды талқандап, шығарып тастау арқылы танымның теориялық негізін саналы түрде қайта құру.

Ғылыми танымның тарихи дамуы барысында бірнеше ғылыми револиэцуялардың түрлерін бөлігін қарастыруға болады.



  1. Жеке — білімнің тек бір аумағын қарастыратын микрореволюция

  2. Кешендік — білім аумағының бірнеше салаларын қарастыратын революция;

  3. Әлемдік — ғылым негізін тұтасымен өзгертетін жалпы революция.

Ғылыми революциялардың түрлерін анықтаған кезде мынандай жағдайларды еске алу қажет:

  1. ғылыми революциялардың аумағы;

  2. ғылымның іргелі теориялары мен заңдарын қайта құру реңдігі;

  3. жаңа іргелі заңдар мен жаңа жалпы ғылыми жаратылыспгггтгү теориялар ашу;

  4. әлемнің жаңа картинасының қалыптасуы;

  5. ойлаудың жаңа түрін қалыптастыру;

  6. ғылым дамуының тарихи кезеңі,

  7. ғылыми революцияға ілесе жүретін әлеуметтік-экономика қайта құрулар.

Егер ғылым тарихына үңілетін болсақ, онда екі революцияны әлемдік, іргелі революция деп атауға болады: XVI-XVII ғасырлардағы техникалық революция мен XX ғасырдағы ғылыми-техникалық революция.
8.Ғылым және оның қоғам өміріндегі рөлі

Адамзат өзінің даму тарихы барысында қоршаған әлемді танып-білудің және игерудің бірнеше тәсілдерін меңгерді. Сондай тәсілдердің біріне сөзсіз ғылымды жатқызуға болады.

Ғылым — қоғамның рухани мәдениетінің қурамдас бөлігі болып табылады. Адамзат дамуының белгілі бір кезеңінде ғылым дами келе, қоғамдық сананың дербес формасына айналады. Себебі, қоғамдағы сан-салалы мәселелер көп жағдайда ғылымның араласуымен шешіледі.

Жоспар:


  1. Ғылым анықтамасының мәселелері

  2. Ғылымның, философияның және діннің арацатынасы

  3. Ғылым қурылымы, атқаратын функциялары

  4. Ғылымға қойылатын критерийлер

Ғылым анықтамасының мәселелері

Адам өміріндегі ғылымның орны мен рөлін түсіну осы уақытқа дейін аяқталмаған күрделі процесс. Бұл процесс қиыншылықтар мен қайшылықтардың, талас-тартыстың, күмәнді сұрақтардың, көптеген жаңа мәселелердің пайда болуымен ерекшеленеді. XX ғасырдың 20-шы жылдарында ғана ғылымның мәні мен ерекшеліктерін, оның даму және қолдану механизмдерін қарастыратын, сонымен қатар, ғылымның білім жүйесі, әрі ерекше әлеуметтік институт ретінде даму заңдылықтарын зерттеуге бағытталған «ғылымтану» атты жаңа пән пайда болды.

Ең алдымен, ғылымтанушылардың назар аударған мәселесі — латынша «Sсіеnііа» сөзінің этимологиясы болды, оның мағынасы «білім» дегенді білдіреді. Ал кез келген білімнің ғылым емес екендігі белгілі. Білім — адамзаттың әр қилы тіршілік ету сферасынан: қарапайым өмірден, саясаттан, экономикадан, өнерден тағы басқа жағдайлардан алынады. Ғылым — тәжірибе жүзінде анықталған нақты дәлелдемелер мен логикалық заңдарға сүйенетін қорытындылардың негізінде білім әлемін жасайды. Бул әлемнің субъективті элементі болып саналатын адамзатқа, оның игілікті бағдарына шамалы ғана рөл бөлінеді (бул үшін өнер, мораль, дін бар). Сондықтан бір-бірін толықтыра отырып, мәдениеттің бұл құрамдас бөліктері табиғат пен адамзат арасында байланыстырушы тізбек болып саналады.

Ғылымның, философияның және діннің арацатынасы

Тарихта мәдениеттің бір сферасының екіншісіне зиянын тигізе оты-рып ерекше бөлініп шығуының мысалдары көп. Ең алдымен бул орта ғасыр мен Жаңа уақыттағы ғылымның, философияның және діннің арақатынасына байланысты. Ортағасырлық ғылым діннің билігінде болғандықтан, антикалық ғылымның жетістіктері ұмытылуға айналып, ғылым бірнеше қадам артқа шегінгені белгілі. Тек қана XIX ғасырда жаратылыстанудың жетістіктеріне байланысты ғылым адамзат пен қоғам дүниетанымында, мәдениетіндебасымдылыққа ие болды.

Содан бастап ғылым мен философия арасында осы уақытқа дейін басылмаған дау-дамай басталды, олардың әр қайсысы шындықты айқын көрсету қүқығына ие болғысы келді. Ғылым ешбір шектеусіз барлық сүрақтарға жауап беріп, адамзатты жарқын болашаққа бастауды мақсат етті. Әдетте мұндай болашақ ғылым мен техниканың жетістіктерінен болатын материалдық игілік пен тоқшылықты білдіретін. XX ғасырдың басындағы адамзаттың көп бөлігіне қатысты тіршіліктің төменгі деңгейінде болашаққа деген мундай көзқарас бұқара халық тұрмақ саясаткерлерге де, тіпті ойшылдарға да (философтар, жазушылар, суретшілер) түсініксіз боп қала берді. XX ғасырдың басында фило-софтар мен мәдениеттанушылардың аз бөлігі бүл жолдың апатқа бас-тайтынын ашық айтты. Бұл XX ғасырдың ортасында атом қаруын жасау экологиялық апаттың төнуі арқылы расталды.

Соған қарамастан, сциентизм идеологиясының қалдықтары — ғылымның жалғыз ғана құтқарушы екендігіне сену — осы уақытқа дейін сақталып келеді. Ағартушылық қойнауынан дамып, позитивизм философиясында дамыған бундай көзқарас XX ғасырдың екінші жартысында қоғамдық және гуманитарлық пәндерден жаратылыстану ғылымдарының жетістіктерін асыра мақтап көрсетуге көшті. Осы сенім планетаның қазіргі жағдайына, термоядролық апат қаупіне, ең бастысы — мәдениеттің этикалық және эстетикалық көрсеткіштерінің төмендеуіне, технократтық психологияның күшеюіне әкеп соқтырды.

Сөз жоқ, ғылым — адамзат мәдениетінің орасан зор жетістігі болып саналады. Ол адамзат өмірін ұрпақтан-ұрпаққа жеңілдетіп, тәуелсіз етеді және материалдық, рухани байлықтың негізіне айналады.

Ғылым адамзат мәдениетінің бір сферасы ғана, оның өз ерек-шеліктері мен мақсаттары бар, бүларды басқа түрге қолдан өзгертуге болмайды. Ал ғылым жеке өзі адамзат өркениетінің ең жоғарғы құндылығы бола алмайды, ол — тек адамзат өмір сүруіндегі әр түрлі мәселелерді шешетін бір құрал ғана. Қалыпты, үйлесімді қоғамда ғылымға да, өнерге де, философияға да, дінге де, адамзат мәдениетінің басқа да құрамдас бөліктеріне бір уақытта орын табылады.

Жоғарыда айтылған жағдайларға байланысты біз ғылымға нақты анықтама бере аламыз.

Ғылым — жаратылыс туралы объективті білім жиынтығы болып саналатын адамзат мәдениетінің бір бөлігі. Бул түсініктің мазмунына сонымен қатар білімді алу процесі мен оларды адамзаттың тәжірибелік өмірінде қолдануының түрлері мен механизмдері кіреді.



Ғылым қурылымы, атқаратын функциялары

Объективті жаратылыстың философиялық түсінігі табиғат, қоғам және адамзатты қамтиды. Соған байланысты обьективті жаратылыстың осы үш элементіне білімнің үш сферасы нақты қарастырылады.

Жаратылыс сферасына және зерттелетін ақиқат дүниенің түріне байланысты ғылыми білімнің үш бағытын анықтауға болады: жаратылыстану- табиғат туралы білім жүйесі, қоғамтану — қоғамдық емірдің түрлері мен формалары туралы білім жиынтығы, сонымен қатар адам-затты ойлау қабілеті бар жанды зат ретінде қарастыратын ойлау білімдерінің жүйесі.

Табиғат туралы барлық білім жиынтығы жаратылыстану арқылы қалыптасады. Оның қүрылымы табиғат логикасының нақты көрінісі іспетті. Жаратылыс ғылымдарының білім жүйесі орасан зор және әр алуан.

Мұнда заттар мен олардың қүрылысы, заттардың қозғалысы мен әрекеттесуі, химиялық элементтер мен қосылыстар, тірі материя мен тіршілік, Жер және Космос туралы білім жүйесі енеді. Жаратылыстанудың осы объектілерінен іргелі ғылыми жаратылыстану бағыттары бастау алады

Денелер, олардың қозғалысы, олардың әр түрлі деңгейлердегі пайда болу формалары мен айналымдары физикалық ғылыми білімнің зерттеу объектілері болып табылады. Іргелі сипаты бойынша олар жаратылыстанудың негізіне жатады және басқа да білім салала-рын қамтиды.

Химиялық элементтер, олардың қасиеттері, айналымдары мен қосылыстары химиялық білім жүйесінде көрініс табады. Физикалық білім жүйесімен көбірек байланысты болғандықтан, аралық пәндердің тобы — физикалық химия, химиялык, физика т.б. пайда болды.

Биологиялық білімдер тіршілік туралы білім тобын қамтиды, олардың зерттеу объектілері клетка мен клеткадан пайда болған бар-лық ағзалар. Биологиялық білімнің негізіне зат, химиялық элементтер туралы білім жатады. Жоғарыда айтылғандай мунда да аралық пәндер, атап айтқанда, биофизика, биохимия т.б. дамиды.

Жер Күн жүйесіне енетін бір планета есебінде геологиялық білімдердің зерттеу пәні болып табылады. Олар біздің планетамыздың қурылысы мен дамуын зерттейді. Басқа ғылымдар тобымен бірлесу арқылы геохимия, геофизика, палеонтология сияқты жаңа салалар пайда болды.

Өте ертеден бері дамыған, сонымен қатар ғылымдағы жаңа бағыттардың да қатарына жататын білім жүйелелерінің бір тобы-космологиялық білімдер, олардың зерттеу пэні — Бүкіл әлем. Космоло-гия — космостық объектілердегі жағдайлар мен өзгерістерді зерттейді.

Ғылыми білімнің тағы бір іргелі бағыты — қоғамтану. Оның пәні болып қоғамдық қубылыстар мен жүйелер, қурылымдар, жағдайлар процестер табылады, қоғамдық ғылымдар қоғамдық байланыстар мен цатынастардың жеке түрлері мен барлық жиынтығы туралы білім бе-реді.

Өзінің сипаты бойынша қоғам туралы ғылыми білімдер сан түрлі, олар жалпы үш бағыт бойынша топтастырылған: зерттеу пәні қоғам болып табылатын әлеуметтік бағыт; халықтың еңбегін, меншіктік қатынасты, қоғамдық өндірісті, айырбасты, таралуды және осыларға негізделген қоғамдық қатынастарды зерттейтін экономикалық бағыт; сонымен бірге мемлекеттік-құқықтық құрылымдарды және қоғамдық жүйелердегі қатынастарды пәні ретінде қарастыратын мемлекеттік-құқықтық білімдер бағыты.

Ғылыми білімнің үшінші іргелі бағытын адам және оның ойлау жағдайы   туралы   ғылыми   жүйе   құрайды.   Адамзат   жан-жақты   аспектілерде қарастырылып, көптеген ғылым салалары арқылы зерттеледі. Ондай ғылым салаларына — гуманитарлық ғылымдар (психология, логика тағы басқа) және математика жатады.

Аталған негізгі ғылыми бағыттармен қатар, ғылымның өзін зер-ттейтін ғылыми салаларды жеке топқа жатқызуға болады. Ғылымның бұл салалары XX ғасырдың 20-шы жылдарында пайда болды және бұл өз бетінше ғылымның адамзат өміріндегі рөлі мен маңызын анықтай алатын дәрежеге көтерілгенін білдіреді. Ғылымтану қазіргі кезде өз бетінше, тез дамып келе жатқан ғылыми пән болып саналады.

Ғылым, білімнің қурылысын анықтай келе біз ғылымға толық анықтама бере алатындай мүмкіндікке жеттік. Сонымен, ғылым дегеніміз — арнаулы қоғамдық қызмет нәтижесінде алынып, дамыған және қолдану барысында қоғамның тікелей тәжірибелік күшіне айналған объективті шындықтың динамикалық жүйесі.

Ғылыми-білімнің құрылымымен ғылым атқаратын функциялар тығыз байланысты. Олар бірнешеу:

1)  түсіндіру — табиғат объектілері мен табиғат құбылыстарының мәнін ашып, түсіндіру;

2)  жүйелеу — жиналған фактілік материалдарды сурыптап, бір жүйеге енгізу;

3)  суреттеу — қоршаған жағдайдың байланыстары мен қасиеттерін сипаттап көрсету;

4)  болжам жасау — дәл қазіргі кезде жүріп жатқан процестердің даму дәрежесін есепке ала отырып, болашаққа болжам жасау;

5)  қорытынды жасау — табиғаттағы болып еткен, қазіргі кезде жүріп жатқан және болашақта күтілетін процестерді есепке ала отырып, ғылыми негізде қорытынды жасау;

6)  жаңалық ашу — табиғаттың жаңа заңдарын ашу, жаңа ғылыми гипотезалар шығару;

7)  өндірістік-тәжірибелік  бағыт  беру — алған  білімді  өндірісте, әлеуметтік басқаруда және тағы басқа салаларда қолдану мүмкіндігі;

8)  дүниетанымдық — алған білімді әлемнің обьективті картинасымен байланыстыру.

Адамзат өз тарихында сипаты бойынша сан алуан білімдерді жи-нақтады, ғылыми білім — сол білімдердің тек бір түрлі ғана болып са-налады. Сондықтан ғылымға қойылатын критерийлерді білу өте қажет.

Ғылымға қойылатын критерийлер

Ғылымилықтың ең басты критерийі — жүйелілік. Ғылыми білім әр қашан белгілі бір жүйе ретінде қарастырылады: бүл жүйенің өзіндік басталу принципі, іргелі түсініктері болады. Сонымен бірге бул жүйеге аталған ғылым үшін зор маңызы бар тәжірибелік фактілер, экспери-менттер, тәжірибелік қорытындылар мен ұсыныстар енеді.

Ғылымға қойылатын тағы бір критерий — онымен айналысатын (қоғамда) бір дарынды адамдардың болуы және қажетті материалдар мен технологияның болуы.

Ғылымилықтың үшінші критерийі — ғылыми танымның мақсаты. Яғни, мақсатсыз ғылым дамуы мүмкін емес, ғылымның нәтижесі адам-зат игілігіне айналуы шарт.

Тағы бір төртінші критерий — рационалдылық (тиімділік). Зерттеудің әр түрлі (әдістемелерін) тәсілдерін өзгерте отырып, ең тиімді жолын таңдап алу.

Ғылымға қойылатын бесінші критерий — зерттеудің тәжірибелік әдістемесін қолдану және ғылымды математикаландыру. Бұл белгілер жаңа уақытта пайда болды және тәжірибемен байланыстыра отырып, ғылымға жаңа сипаттар әкелді.

Ғылым анықтамасының мәселелері

Ғылымның, философияның және діннің арацатынасы

Ғылым қурылымы, атқаратын функциялары

Ғылымға қойылатын критерийлер


ҒЫЛЫМ АНЫҚТАМАСЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Адамзат өзінің даму тарихы барысында қоршаған әлемді танып-білудің және игерудің бірнеше тәсілдерін меңгерді. Сондай тәсілдердің біріне сөзсіз ғылымды жатқызуға болады. Ғылым — қоғамның рухани мәдениетінің қурамдас бөлігі болып табылады. Адамзат дамуының белгілі бір кезеңінде ғылым дами келе, қоғамдық сананың дербес формасына айналады. Себебі, қоғамдағы сан-салалы мәселелер көп жағдайда ғылымның араласуымен шешіледі.

Адам өміріндегі ғылымның орны мен рөлін түсіну осы уақытқа дейін аяқталмаған күрделі процесс. Бұл процесс қиыншылықтар мен қайшылықтардың, талас-тартыстың, күмәнді сұрақтардың, көптеген жаңа мәселелердің пайда болуымен ерекшеленеді. XX ғасырдың 20-шы жылдарында ғана ғылымның мәні мен ерекшеліктерін, оның даму және қолдану механизмдерін қарастыратын, сонымен қатар, ғылымның білім жүйесі, әрі ерекше әлеуметтік институт ретінде даму заңдылықтарын зерттеуге бағытталған «ғылымтану» атты жаңа пән пайда болды.

Ең алдымен, ғылымтанушылардың назар аударған мәселесі — латынша «Sсіеnііа» сөзінің этимологиясы болды, оның мағынасы «білім» дегенді білдіреді. Ал кез келген білімнің ғылым емес екендігі белгілі. Білім — адамзаттың әр қилы тіршілік ету сферасынан: қарапайым өмірден, саясаттан, экономикадан, өнерден тағы басқа жағдайлардан алынады. Ғылым — тәжірибе жүзінде анықталған нақты дәлелдемелер мен логикалық заңдарға сүйенетін қорытындылардың негізінде білім әлемін жасайды. Бул әлемнің субъективті элементі болып саналатын адамзатқа, оның игілікті бағдарына шамалы ғана рөл бөлінеді (бул үшін өнер, мораль, дін бар). Сондықтан бір-бірін толықтыра отырып, мәдениеттің бұл құрамдас бөліктері табиғат пен адамзат арасында байланыстырушы тізбек болып саналады.


 ҒЫЛЫМНЫҢ, ФИЛОСОФИЯНЫҢ ЖӘНЕ ДІННІҢ АРАҚАТЫНАСЫ

Тарихта мәдениеттің бір сферасының екіншісіне зиянын тигізе оты-рып ерекше бөлініп шығуының мысалдары көп. Ең алдымен бул орта ғасыр мен Жаңа уақыттағы ғылымның, философияның және діннің арақатынасына байланысты. Ортағасырлық ғылым діннің билігінде болғандықтан, антикалық ғылымның жетістіктері ұмытылуға айналып, ғылым бірнеше қадам артқа шегінгені белгілі. Тек қана XIX ғасырда жаратылыстанудың жетістіктеріне байланысты ғылым адамзат пен қоғам дүниетанымында, мәдениетіндебасымдылыққа ие болды.

Содан бастап ғылым мен философия арасында осы уақытқа дейін басылмаған дау-дамай басталды, олардың әр қайсысы шындықты айқын көрсету қүқығына ие болғысы келді. Ғылым ешбір шектеусіз барлық сүрақтарға жауап беріп, адамзатты жарқын болашаққа бастауды мақсат етті. Әдетте мұндай болашақ ғылым мен техниканың жетістіктерінен болатын материалдық игілік пен тоқшылықты білдіретін. XX ғасырдың басындағы адамзаттың көп бөлігіне қатысты тіршіліктің төменгі деңгейінде болашаққа деген мундай көзқарас бұқара халық тұрмақ саясаткерлерге де, тіпті ойшылдарға да (философтар, жазушылар, суретшілер) түсініксіз боп қала берді. XX ғасырдың басында фило-софтар мен мәдениеттанушылардың аз бөлігі бүл жолдың апатқа бас-тайтынын ашық айтты. Бұл XX ғасырдың ортасында атом қаруын жасау экологиялық апаттың төнуі арқылы расталды.

Соған қарамастан, сциентизм идеологиясының қалдықтары — ғылымның жалғыз ғана құтқарушы екендігіне сену — осы уақытқа дейін сақталып келеді. Ағартушылық қойнауынан дамып, позитивизм философиясында дамыған бундай көзқарас XX ғасырдың екінші жартысында қоғамдық және гуманитарлық пәндерден жаратылыстану ғылымдарының жетістіктерін асыра мақтап көрсетуге көшті. Осы сенім планетаның қазіргі жағдайына, термоядролық апат қаупіне, ең бастысы — мәдениеттің этикалық және эстетикалық көрсеткіштерінің төмендеуіне, технократтық психологияның күшеюіне әкеп соқтырды.

Сөз жоқ, ғылым — адамзат мәдениетінің орасан зор жетістігі болып саналады. Ол адамзат өмірін ұрпақтан-ұрпаққа жеңілдетіп, тәуелсіз етеді және материалдық, рухани байлықтың негізіне айналады.

Ғылым адамзат мәдениетінің бір сферасы ғана, оның өз ерек-шеліктері мен мақсаттары бар, бүларды басқа түрге қолдан өзгертуге болмайды. Ал ғылым жеке өзі адамзат өркениетінің ең жоғарғы құндылығы бола алмайды, ол — тек адамзат өмір сүруіндегі әр түрлі мәселелерді шешетін бір құрал ғана. Қалыпты, үйлесімді қоғамда ғылымға да, өнерге де, философияға да, дінге де, адамзат мәдениетінің басқа да құрамдас бөліктеріне бір уақытта орын табылады.

Жоғарыда айтылған жағдайларға байланысты біз ғылымға нақты анықтама бере аламыз.

Ғылым — жаратылыс туралы объективті білім жиынтығы болып саналатын адамзат мәдениетінің бір бөлігі. Бул түсініктің мазмунына сонымен қатар білімді алу процесі мен оларды адамзаттың тәжірибелік өмірінде қолдануының түрлері мен механизмдері кіреді.

 

ҒЫЛЫМНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ АТҚАРАТЫН ФУНКЦИЯЛАРЫ

Объективті жаратылыстың философиялық түсінігі табиғат, қоғам және адамзатты қамтиды. Соған байланысты обьективті жаратылыстың осы үш элементіне білімнің үш сферасы нақты қарастырылады.

Жаратылыс сферасына және зерттелетін ақиқат дүниенің түріне байланысты ғылыми білімнің үш бағытын анықтауға болады: жаратылыстану- табиғат туралы білім жүйесі, қоғамтану — қоғамдық емірдің түрлері мен формалары туралы білім жиынтығы, сонымен қатар адам-затты ойлау қабілеті бар жанды зат ретінде қарастыратын ойлау білімдерінің жүйесі.

Табиғат туралы барлық білім жиынтығы жаратылыстану арқылы қалыптасады. Оның қүрылымы табиғат логикасының нақты көрінісі іспетті. Жаратылыс ғылымдарының білім жүйесі орасан зор және әр алуан.

Мұнда заттар мен олардың қүрылысы, заттардың қозғалысы мен әрекеттесуі, химиялық элементтер мен қосылыстар, тірі материя мен тіршілік, Жер және Космос туралы білім жүйесі енеді. Жаратылыстанудың осы объектілерінен іргелі ғылыми жаратылыстану бағыттары бастау алады

Денелер, олардың қозғалысы, олардың әр түрлі деңгейлердегі пайда болу формалары мен айналымдары физикалық ғылыми білімнің зерттеу объектілері болып табылады. Іргелі сипаты бойынша олар жаратылыстанудың негізіне жатады және басқа да білім салала-рын қамтиды.

Химиялық элементтер, олардың қасиеттері, айналымдары мен қосылыстары химиялық білім жүйесінде көрініс табады. Физикалық білім жүйесімен көбірек байланысты болғандықтан, аралық пәндердің тобы — физикалық химия, химиялык, физика т.б. пайда болды.

Биологиялық білімдер тіршілік туралы білім тобын қамтиды, олардың зерттеу объектілері клетка мен клеткадан пайда болған бар-лық ағзалар. Биологиялық білімнің негізіне зат, химиялық элементтер туралы білім жатады. Жоғарыда айтылғандай мунда да аралық пәндер, атап айтқанда, биофизика, биохимия т.б. дамиды.

Жер Күн жүйесіне енетін бір планета есебінде геологиялық білімдердің зерттеу пәні болып табылады. Олар біздің планетамыздың қурылысы мен дамуын зерттейді. Басқа ғылымдар тобымен бірлесу арқылы геохимия, геофизика, палеонтология сияқты жаңа салалар пайда болды.

Өте ертеден бері дамыған, сонымен қатар ғылымдағы жаңа бағыттардың да қатарына жататын білім жүйелелерінің бір тобы-космологиялық білімдер, олардың зерттеу пэні — Бүкіл әлем. Космоло-гия — космостық объектілердегі жағдайлар мен өзгерістерді зерттейді.

Ғылыми білімнің тағы бір іргелі бағыты — қоғамтану. Оның пәні болып қоғамдық қубылыстар мен жүйелер, қурылымдар, жағдайлар процестер табылады, қоғамдық ғылымдар қоғамдық байланыстар мен цатынастардың жеке түрлері мен барлық жиынтығы туралы білім бе-реді.

Өзінің сипаты бойынша қоғам туралы ғылыми білімдер сан түрлі, олар жалпы үш бағыт бойынша топтастырылған: зерттеу пәні қоғам болып табылатын әлеуметтік бағыт; халықтың еңбегін, меншіктік қатынасты, қоғамдық өндірісті, айырбасты, таралуды және осыларға негізделген қоғамдық қатынастарды зерттейтін экономикалық бағыт; сонымен бірге мемлекеттік-құқықтық құрылымдарды және қоғамдық жүйелердегі қатынастарды пәні ретінде қарастыратын мемлекеттік-құқықтық білімдер бағыты.

Ғылыми білімнің үшінші іргелі бағытын адам және оның ойлау жағдайы   туралы   ғылыми   жүйе   құрайды.   Адамзат   жан-жақты   аспектілерде қарастырылып, көптеген ғылым салалары арқылы зерттеледі. Ондай ғылым салаларына — гуманитарлық ғылымдар (психология, логика тағы басқа) және математика жатады.

Аталған негізгі ғылыми бағыттармен қатар, ғылымның өзін зер-ттейтін ғылыми салаларды жеке топқа жатқызуға болады. Ғылымның бұл салалары XX ғасырдың 20-шы жылдарында пайда болды және бұл өз бетінше ғылымның адамзат өміріндегі рөлі мен маңызын анықтай алатын дәрежеге көтерілгенін білдіреді. Ғылымтану қазіргі кезде өз бетінше, тез дамып келе жатқан ғылыми пән болып саналады.

Ғылым, білімнің қурылысын анықтай келе біз ғылымға толық анықтама бере алатындай мүмкіндікке жеттік. Сонымен, ғылым дегеніміз — арнаулы қоғамдық қызмет нәтижесінде алынып, дамыған және қолдану барысында қоғамның тікелей тәжірибелік күшіне айналған объективті шындықтың динамикалық жүйесі.

Ғылыми-білімнің құрылымымен ғылым атқаратын функциялар тығыз байланысты. Олар бірнешеу:

1)  түсіндіру — табиғат объектілері мен табиғат құбылыстарының мәнін ашып, түсіндіру;

2)  жүйелеу — жиналған фактілік материалдарды сурыптап, бір жүйеге енгізу;

3)  суреттеу — қоршаған жағдайдың байланыстары мен қасиеттерін сипаттап көрсету;

4)  болжам жасау — дәл қазіргі кезде жүріп жатқан процестердің даму дәрежесін есепке ала отырып, болашаққа болжам жасау;

5)  қорытынды жасау — табиғаттағы болып еткен, қазіргі кезде жүріп жатқан және болашақта күтілетін процестерді есепке ала отырып, ғылыми негізде қорытынды жасау;

6)  жаңалық ашу — табиғаттың жаңа заңдарын ашу, жаңа ғылыми гипотезалар шығару;

7)  өндірістік-тәжірибелік  бағыт  беру — алған  білімді  өндірісте, әлеуметтік басқаруда және тағы басқа салаларда қолдану мүмкіндігі;

8)  дүниетанымдық — алған білімді әлемнің обьективті картинасымен байланыстыру.

Адамзат өз тарихында сипаты бойынша сан алуан білімдерді жи-нақтады, ғылыми білім — сол білімдердің тек бір түрлі ғана болып са-налады. Сондықтан ғылымға қойылатын критерийлерді білу өте қажет.

 

ҒЫЛЫМҒА ҚОЙЫЛАТЫН КРИТЕРИЙЛЕР

Ғылымилықтың ең басты критерийі — жүйелілік. Ғылыми білім әр қашан белгілі бір жүйе ретінде қарастырылады: бүл жүйенің өзіндік басталу принципі, іргелі түсініктері болады. Сонымен бірге бул жүйеге аталған ғылым үшін зор маңызы бар тәжірибелік фактілер, экспери-менттер, тәжірибелік қорытындылар мен ұсыныстар енеді.

Ғылымға қойылатын тағы бір критерий — онымен айналысатын (қоғамда) бір дарынды адамдардың болуы және қажетті материалдар мен технологияның болуы.

Ғылымилықтың үшінші критерийі — ғылыми танымның мақсаты. Яғни, мақсатсыз ғылым дамуы мүмкін емес, ғылымның нәтижесі адам-зат игілігіне айналуы шарт.

Тағы бір төртінші критерий — рационалдылық (тиімділік). Зерттеудің әр түрлі (әдістемелерін) тәсілдерін өзгерте отырып, ең тиімді жолын таңдап алу.



Ғылымға қойылатын бесінші критерий — зерттеудің тәжірибелік әдістемесін қолдану және ғылымды математикаландыру. Бұл белгілер жаңа уақытта пайда болды және тәжірибемен байланыстыра отырып, ғылымға жаңа сипаттар әкелді.

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет