Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 9 тамыздағы №814 қаулысы «Ветеринария туралы»



бет4/18
Дата17.06.2018
өлшемі457,14 Kb.
#43043
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
1. Ауески ауруы
Қолайсыз пунктте жүргізілетін
іс-шаралар
      1. Ауески ауруының әкелінуінен қорғау мақсатында мынадай іс-шаралар жүргізіледі:
      1) табынды жинақтау үшін жануарларды Ауески ауруы бойынша қолайлы шаруашылық жүргізуші субъектілерден сатып алады, жаңадан келіп түскен барлық жануарларды күнтізбелік 30 күн ішінде ветеринариялық бақылаумен профилактикалық карантинде ұстайды;
      2) фермалардың, жайылымдардың аумағында, мал шаруашылығы қора-жайларында, мал азығы ас үйлерінде, қоймаларда, диірмендерде, құрама жем зауыттарында үнемі кеміргіштермен күрес жүргізіледі.
      2. Кеміргіштер жаппай қырылған жағдайда өлу себебін анықтау үшін олардың өлекселерін ветеринариялық зертханаға жібереді:
      1) қаңғыбас иттер мен мысықтардың шаруашылық жүргізуші субъектілердің аумағында болуына жол бермейді;
      2) шарасыздан сойылған жануарлардан алынған ет және ішек-қарындарды пісірілмеген күйі, сондай-ақ союдың, асхананың және ас үйдің пісірілмеген қалдықтарымен шошқаларды, терісі бағалы аңдарды, иттерді және мысықтарды азықтандыруға жол бермейді.
      3. Жануарларда Ауески ауруына күдік тудыратын белгілер байқалған жағдайда жануарлардың иелері мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторға дереу хабарлайды және ол келгенге дейін мынадай шараларды қабылдайды:
      1) ауырған жануарларды оқшаулау, еметін торайлар ауырғанда қолайсыз ошақтың аналығымен қоса барлық ұяластарды, ал аналықтан бөлінген торайлар ауырғанда барлық топты оқшаулау;
      2) ауру жануарлар немесе олардың өлекселері болған станоктарды, үйшіктерді және тасымалдайтын жәшіктерді механикалық тазарту және дезинфекциялау, сондай-ақ күту заттарын Қазақстан Республикасында тіркелген дезинфекциялық заттармен дезинфекциялау;
      3) бөгде адамдардың қолайсыз ферманың аумағына және қора-жайларына кіруіне жол бермеу, осы ферманың (шошқа қора, мал ауласы, қой қора, тәлімбақ) қолайлы фермалармен шаруашылық байланысын тоқтату;
      4) жануарлар өлген жағдайда өлекселерді станоктар мен торлардан жару бөлмесіне алып тастау немесе оларды ветеринариялық дәрігер келгенге дейін суық жерде жабық жәшікте сақтау.
      4. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор жануарлардың ауруы туралы хабарды алғаннан кейін мынадай іс-шараларды жүргізеді:
      1) диагнозын анықтау үшін ветеринариялық зертханаға жануардың өлексесін немесе патологиялық материалды жібереді;
      2) аурудың шығу себептерін, көзін және аурудың әкеліну жолдарын анықтайды, шаруашылық жүргізуші субъектінің эпизоотиялық жағдайын нақтылайды және аурудың таралуын болдырмау жөніндегі шаралар жүргізуді ұйымдастырады.
      5. Жануарлардың Ауески ауруымен ауруы анықталған шаруашылық жүргізуші субъекті қолайсыз деп жарияланады және карантин қойылады.
      6. Карантиннің шарты бойынша мыналарға:
      1) Ауески ауруына сезімтал жануарларды шаруашылық жүргізуші субъектіге әкелуге (кіргізуге) және одан әкетуге (шығаруға), сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъектінің ішінде де және қоралардың іштерінде де қайтадан топтастыруға;
      2) шаруашылық жүргізуші субъектіден алдын ала зарарсыздандырмастан, былғарыны, қой терілерін, терілерді, сондай-ақ қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъекті аумағында дайындалған және сақталатын маңыздандырылған, шырынды азықтарды және көлемді жем-шөпті (шөп, сабан) әкетуге. Бұл азықтарды ауырып жазылған және вакцинациядан өткен жануарларды азықтандыру үшін сол жерде пайдаланады;
      3) шаруашылық жүргізуші субъектіде жануарларды шағылыстыруды жүргізуге, асханадан қалған қалдықтарды азықтандыру үшін пайдалануға;
      4) жануарларды өлшеуге және таңба басуға, аңдардың түбіттерін тарауға;
      5) шошқаларды оларды алдын ала қайнатпастан маңыздандырылған және шырынды азықтармен (сүрлемнен басқа) азықтандыруға жол берілмейді.
      7. Ауески ауруы бойынша қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектіде:
      1) жануарлардың барлық мал басын клиникалық тексеруден және оларды іріктеп термометрлеуден өткізеді;
      2) ауру және ауруы күдікті жануарларды оқшауландырады және емдейді;
      3) кейіннен карантинді алып тастау алдында қорытынды дезинфекциялай отырып, қора-жайларды және күту заттарын мұқият тазартады және ауық-ауық дезинфекциялайды;
      4) қолайсыз фермалар мен шаруашылықтардың аумағында мал шаруашылығы және қосалқы қора-жайларда кеміргіштерді жою және қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау бойынша іс-шаралар жүргізеді;
      5) қора-жайлардан күнделікті қи мен төсенішті биотермиялық зарарсыздандыру үшін көңқоймаға шығарады. Қиды немесе бөкпені алдын ала зарарсыздандырмастан егін алқабына және бақшаға тыңайтқыш үшін шығаруға жол берілмейді;
      6) Ауески ауруынан шарасыз өлтірілген немесе арам өлген жануарлардың терілерін және қойдың терілерін сыпырып алады және жануарлардан алынған шикізаттарды дезинфекциялау жөніндегі нұсқауға сәйкес зарарсыздандырудан өткізеді;
      7) жануарлардың өлекселерін өртейді.
Шошқа өсіретін шаруашылықтардағы
іс-шаралар
      8. Шошқа өсіретін қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектіде қосымша:
      1) барлық жас топтарындағы жануарларды тек станоктарда азықтандыруды ұйымдастырады. Әрбір азықтандырғаннан кейін астауларды мұқият тазартады және кейіннен сумен әбден шая отырып, дезинфекциялайды;
      2) Ауески ауруымен ауырған аналық шошқаларды, қабандарды және төлдерді бордақылауға қояды және союға өткізеді.
      9. Ауески ауруы бойынша қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектіден карантин ауру тоқтағаннан және одан аурудан сауыққан жануарларды шығарғаннан, ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар өткізгеннен кейін бір айдан кейін алынады.
Ірі қара және ұсақ малдары бар шаруашылықтардағы
іс-шаралар
      10. Ауески ауруы бойынша қолайсыз пункттерде мынадай қосымша іс-шараларды жүргізеді:
      1) ауру және ауруы күдікті жануарларға Ауески ауруына қарсы емдік дозада глобулин егеді;
      2) ауру жануарлармен жанасуда болған жұқтыруы күдікті жануарларға профилактика дозасында глобулин егеді, ал 2-3 апта өткеннен кейін олар Ауески ауруына қарсы вакцинамен иммундалады;
      3) шошқалар Ауески ауруымен ауырған шошқа қораға тікелей жақын орналасқан ірі қара мал мен қойларға да вакцинация жасайды;
      4) Ауески ауруы жұғуы күдікті сиырлардан алынған сүтті адамдарға тағам ретінде тек пастерленген немесе қайнатылғаннан күйінде беруге жол беріледі. Клиникалық ауру және ауруы күдікті сиырлардың сүтін қайнатып зарарсыздандырады және жояды.
      11. Шаруашылық жүргізуші субъектіден карантинді ауру тоқтағаннан және ветеринариялық-санитариялық шараларды жүргізгеннен кейін бір ай өткеннен соң алады.
Аң өсіретін шаруашылықтар мен қызмет көрсететін
иттердің тәлімбақтарындағы
іс-шаралар
      12. Аң өсіретін фермаларда (қызметтік ит өсіретін тәлімбақтарда) мынадай қосымша іс-шараларды жүргізеді:
      1) Ауески ауруы вирустарының болуына күдікті ет азықтарын рационнан дереу алып тастайды;
      2) ауру және ауруы күдікті аңдарға (иттерге) емдік дозада ерекше глобулин егеді және симптоматикалық емдеу жүргізеді. Шартты түрдегі сау аңдарға, иттерге Ауески ауруына қарсы вакцина егеді;
      3) шарасыздан сойылған және қырылған терісі бағалы аңдардың терілерін зарарсыздандырады. Құндылығы жоқ жазғы терілерді өлексемен бірге жояды.
      13. Ауески ауруы бойынша қолайсыз аң өсіретін шаруашылық жүргізуші субъектіден карантин ауру тоқтағаннан, ауырып жазылған мал шығарылғаннан, қора-жайларды санитарлық жөндеуден өткізгеннен және ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар жүргізгеннен кейін күнтізбелік 15 күннен кейін алынады.
2. Везикулярлық стоматит
Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақтарда
өткізілетін профилактика жөніндегі
іс-шаралар
      14. Қолайлы шаруашылық жүргізуші субъектілерді везикулярлық стоматит вирусының әкелінуінен қорғау мақсатында:
      1) везикулярлық стоматит бойынша қолайлы шаруашылық жүргізуші субъектілерден алынған малдардан шаруашылық жүргізуші субъектілерді жинақтау;
      2) шаруашылық жүргізуші субъектілерге жаңадан келген барлық жануарларға толық ветеринариялық тексеру жүргізу;
      3) везикулярлық стоматитке диагностикалық зерттеулер жүргізу қажет.
Везикулярлық стоматит бойынша қолайсыз
пункттерде жүргізілетін
іс-шаралар
      15. Түпкілікті диагноз қойылған кезде шаруашылық жүргізуші субъектіні сол ауру бойынша қолайсыз деп жариялайды және карантин қойылады.
      16. Карантин шарттары бойынша мыналарға:
      1) қолайсыз пунктке ауруға сезімтал жануарларды әкелуге;
      2) қолайсыз пункттен залалсыздандырмаған мал шаршаулығы өнімдері мен жем-шөптерді шығаруға;
      3) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың рұқсатынсыз жануарларды қайта топтастыруға жол берілмейді.
      17. Ауру жануарларды оқшаулайды, диеталық жем-шөппен (сүрлем, быламық) қамтамасыз етеді және симптоматикалық емдеу жүргізеді.
      18. Қора-жайларды, станоктарды, жануарларды күту заттарын, жабдықтарды, көлік құралдарын залалсыздандырады. Қиды биотермиялық әдіспен зарарсыздандырады.
      19. Жануарлардың өлекселері биотермиялық шұңқырларда жағып жіберуге жатады.
      20. Шарасыздан сойылған, ауру және ауру бойынша күдікті жануарлардан алынған ет және ет өнімдері көп қайнатуға жатады, одан кейін шектеусіз қолданылады.
      21. Қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектілердің жануарларынан алынған сүт 760С температурада 15-20 секунд пастерленеді. Егер ортадан тепкiш сүт тазалағыш пастерлейтін қондырғылар болмаған жағдайда келіп түскен сүтті міндетті түрде 850С температурада 30 минут пастерлейді немесе 5 минут қайнатады.
      22. Қолайсыз пункттен карантин соңғы ауырған мал жазылғаннан және қорытынды дезинфекция жүргізгеннен кейін күнтізбелік 15 күн өткен соң алынады.
3. Жануарлар төлдерінің колибактериозы
Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақтарда жүзеге асырылатын
жануарлар төлдері колибактериозының профилактикасы бойынша
іс-шаралар
      23. Төлдердің колибактериозының (бұдан әрі – колибактериоз) профилактикасы аналығы мен төл ағзасының резистенттілігін көтеруге, сондай-ақ сыртқы орта объектілері арқылы жануарларға жұқтыруды болдырмауға бағытталған ұйымдастыру-шаруашылық, ветеринариялық-санитариялық, зоогигиеналық және эпизоотикалыққа қарсы (жалпы және арнайы) іс-шаралар кешенін жүргізуге негізделген.
Жануарлар төлдерінің колибактериозы бойынша
қолайсыз пункттерде жүргізілетін
іс-шаралар
      24. Бұзаулар арасында колибактериоз анықталған жағдайда мынадай іс-шаралар жүргізіледі:
      1) ауру шыққан профилакторий секциясына бұзауларды қабылдау тоқтатылады. Ауырған жануарларды орнында қалдырады және ауру қоздырғышының профилакторийдің басқа секцияларына таралуының алдын алатын барлық шараларды жүргізеді;
      2) қолайсыз секциядағы бұзаулардың қиы мен төсенішін қора-жайдан шығарады және биотермиялық залалсыздандыру үшін арнайы бөлінген алаңға жинайды;
      3) қиларды жинауға үшін пайдаланылатын арбалар мен басқа мүкәммал күн сайын дезинфекцияланады;
      4) ауру бұзауларды оқшаулайды және емдейді;
      5) профилакторийдің колибактериоз бойынша қолайсыз секциясынан бұзауларды шығарғаннан кейін, механикалық тазарту мен дезинфекциялау жүргізеді.
      25. Торайлар арасында колибактериоз шыққан кезде мынадай іс-шаралар жүргізеді:
      1) барлық ауыратын еметін торайларды енесімен бірге және ауру аналықтан бөлінген торайларды оқшаулайды және емдейді. Терапияның диеталық және симпатикалық құралдарын да қолданады;
      2) ауру малдар тұрған босаған қора-жайларды тазартады және дезинфекциялайды.
      26. Қозылар арасында колибактериоз шыққан жағдайда мынадай іс-шаралар жүргізеді:
      1) ауру қозыларды енесімен бірге оқшаулайды және емдейді;
      2) ауру малдар анықталған қора-жайларды тазартады және дезинфекциялайды;
      3) қоздатуды қораның қолайлы бөлігінде ұйымдастырады.
4. Пастереллез
Пастереллездің профилактикасы бойынша
іс-шаралар
      27. Жануарлардың пастереллезбен ауыруының алдын алу үшін мынадай іс-шаралар жүзеге асырылады:
      1) жаңадан келіп түскен жануарларды күнтізбелік 30 күн ішінде алдын ала оқшаулап ұстамастан жалпы табынға қосуға жол бермеу;
      2) табынды пастереллез бойынша қолайлы шаруашылық жүргізуші субъектілердегі жануарлармен толықтыру;
      3) азықтар залалдануының профилактикасы үшін мал шаруашылығы қора-жайларында, айналасындағы аумақта және азық қоймаларында кеміргіштерді ұстауды үнемі жүргізу;
      4) азықтың, әсіресе сүрлем мен құрама жемнің сапасын тұрақты түрде бақылау, ал көрсеткіштер болған кезде оларды бактериологиялық зерттеу;
      5) мастит кезінде сүтке бактериологиялық зерттеу жүргізу.
Ауруды жою жөніндегі
іс-шаралар
      28. Жануарлардың пастереллезі анықталған шаруашылық жүргізуші субъектіні пастереллез бойынша қолайсыз пункт деп жариялайды және шектеу енгізеді.
      29. Жануарлардың пастереллезі бойынша қолайсыз пунктте мыналарға:
      1) жануарларды сою үшін әкетуді қоспағанда, шаруашылық жүргізуші субъектіден жануарларды шығаруға;
      2) пастереллезге сезімтал жануарларды кіргізуге (әкелуге);
      3) жануарларды қайта топтастыруға, таңбалауға, сондай-ақ хирургиялық операциялар жасауға;
      4) оны ет өңдейтін кәсіпорындарға өңдеуге жіберу үшін шығаруды қоспағанда, пастереллезбен ауырған шарасыз сойылған жануарлардың етін шикі түрде шығаруға;
      5) жануарларды жаюға және оларды ашық суайдындардан суаруға;
      6) ауру жануардан алынған сүтті зарарсыздандырмаған күйінде сатуға;
      7) мүкәммалды, жабдықты және кез келген басқа заттарды, сондай-ақ ірі, шырынды және маңыздандырылған азықтарды шығаруға (әкетуге);
      8) ауру қоздырғышы табылған жануарлардың қиын және қи бөкпесін егістіктерге шығаруға жол берілмейді.
      30. Сүтті 900С температурада 5 минут ішінде пастерлейді және жануарларды азықтандыру үшін пайдаланады.
      31. Қиды бөлек жинайды және биотермиялық зарарсыздандырады.
      32. Эпизоотиялық ошағын бәсеңдету және ауруды жою мақсатында мынадай іс-шаралар жүргізеді:
      1) қолайсыз топтың барлық жануарларын клиникалық қарап тексереді және термометрлейді. Ауру және ауру бойынша күдікті жануарларды бөлек қора-жайларға оқшаулайды және емдейді, ал қалғанына вакцина егеді;
      2) шаруашылықтың қалған жануарларына олардың тұрған орнына қарамастан вакцина егеді;
      3) ауру жануарлармен жанасқан барлық жастағы жануарларды олар бұрын тұрған қора-жайларда қалдырады және жаз кезінде шектеу алынғанға дейін оларды байлауда күтіп-бағуды ұйымдастырады.
      33. Пастереллез бойынша қолайсыз пункттерде жануарларға вакцина егу жұмыстарымен қатар мүмкін болатын ауру көзі ретінде тышқан тәріздес кеміргіштерді жою мақсатында үнемі дератизациялау шараларын жүргізеді.
      34. Кезекті дезинфекциялауды мынадай тәртіппен жүргізеді:
      1) жануарлардың ауруының бастапқы жағдайлары және қырылуы кезінде дереу жануарлар тұрған қора-жайларда;
      2) ауру және ауру бойынша күдікті жануарлар тұрған қора-жайларда күнделікті таңертең тазарту жүргізген кезде;
      3) ауру жануарлар жанасқан барлық заттар (қораның едендері, қабырғалары, астаулар, қызмет көрсететін персоналдың аяқ киімі мен арнайы киімдері), қора-жайлардың өтетін жолдары дезинфекцияланады. Ауру және ауру бойынша күдікті жануарлар тұрған қора-жайларға кіре беріс аяқ киімдерді өңдеу үшін дезинфекциялық барьермен жабдықтайды;
      4) жұқтыруы күдікті (шартты түрде сау) жануарларды ұстайтын қора-жайлар мен жайылу алаңдарына ауру жануарды әрбір бөліп шығарғаннан кейін және одан кейін шектеу алынғанға дейін әр 10 күн сайын дезинфекция жүргізеді.
      35. Пастереллезден қырылған жануарлардың өлексесін өртеп жібереді немесе биотермиялық шұңқырларда зарарсыздандырады.
      36. Қолайсыз пункттен шектеулерді алудың алдында мынадай ветеринариялық-санитариялық іс-шараларды жүргізеді:
      1) қажет болған кезде ауру және ауру бойынша күдікті жануарларды ұстаған қора-жайларда жөндеу жұмыстары;
      2) жайылу алаңдарын, қой қораларды, қоршаулы мал жайлары мен шаруашылық жүргізуші субъектінің аумағын қидан және қоқыстан тазартады, одан кейін оны дезинфекциялайды және қопсытады;
      3) мал шаруашылығы қора-жайларында дезинсекция, дератизация және қорытынды дезинфекция жүргізеді. Дератизацияны шаруашылық жүргізуші субъекті аумағының барлық қора-жайларында жүргізеді.
5. Салмонеллез
Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақтарда жүзеге
асырылатын салмонеллездің профилактикасы бойынша
іс-шаралар
      37. Жануарлар мен құстардың арасында салмонеллездiң таралуын болдырмауға бағытталған негізгі іс-шаралар:
      шаруашылық жүргізуші субъектілерде жаңа туған жануарлардың және өсіріліп жатқан төлдердің ағзасының резистенттілігін көтеруге бағытталған санитарлық-ветеринарлық тәртіптің сақталуын қатаң бақылауды жүзеге асыру;
      ауру жануарлар мен инфекция тасымалдағыштарды уақтылы анықтау жөнінде жануарлар мен құстардың ауруына қатаң ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды орнату;
      жануарларға арналған өндірістік қора-жайларды дезинфекциялау мен дератизациялау жүргізу;
      шаруашылық жүргізуші субъектілерді қолайлы шаруашылық жүргізуші субъектілерден ғана жануарлармен толықтыру;
      ветеринариялық-санитариялық бақылауды және жануарлар тасымалдаудың ветеринариялық-санитариялық (ветеринариялық) қағидаларының сақталуын қадағалауды жүзеге асыру;
      рационды бірден өзгертуге, бұзылған азық беруге, сапасыз сумен суаруға жол бермеу;
      азық пен азық қоспаларына ұдайы Сальмонеллалармен ластануға бактериологиялық бақылау жүргізу.
      38. Жануарларды союдың көбейетін сальмонеллалары бар өнімдерін шығаруды болдырмау мақсатында мыналарды жүргізеді:
      1) мал сою объектілерінде (ет өңдейтін кәсіпорындарда, мал сою пункттері мен алаңдарында) санитарлық мәдениетті арттыруға, сояр алдында ұстау режимін сақтауға және жануардан алынатын шартты түрде жарамды өнімді залалсыздандыруға бағытталған іс-шараларды;
      2) шаруашылық жүргізуші субъектінің салмонеллез бойынша қолайлы екендігі туралы белгісі бар келіп түскен малдардың міндетті құжаттамаларды және ұшаны, басты, өкпе-бауырды, теріні бірыңғай нөмірмен таңбалауды;
      3) қалдықтарды дұрыс жинақтауды, зарарсыздандыруды және жоюды жүргізеді.
      39. Сүт шаруашылығын жүргізуші субъектілерде сүттi жинау, сақтау және тасымалдаудың санитарлық шарттарын қатаң түрде орындау, сүт ыдыстарын, мүкәммалын, жабдықтарын сапалы санитарлық өңдеуді қамтамасыз ететін қағидалардың сақтау қажет.
Салмонеллез бойынша қолайсыз
пункттерде жүргізілетін
іс-шаралар
      40. Салмонеллез анықталған кезде шаруашылық жүргізуші субъектіге шектеулер қойлады. Шектеу шарты бойынша мыналарға:
      1) жануарларды және құстарды басқа шаруашылық жүргізуші субъектіге әкелуге және шығаруға;
      2) шаруашылық жүргізуші субъекті iшiнде жануарларды және құстарды қайта топтастыруға;
      3) шарасыздан сойылған жануарлар мен құстардың етiн алдын ала бактериологиялық зерттеуге жүргізбестен, ал егер зерттеу мүмкін болмаған жағдайда - жоғары температурада залалсыздандырмай пайдалануға;
      4) шаруашылық жүргізуші субъектінің басқа секцияларындағы адамдардың, сондай-ақ бөгде адамдардың арнайы киiмсiз және аяқ киімдерін дезинфекцияламай оқшаулағышқа кiруiне;
      5) салмонеллез бойынша қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектінің жайылымдарына жануарларды жаюға және азық дайындауға;
      6) қолайсыз құс қорасындағы құстарды, құстардың инкубациялық жұмыртқасын шығаруға жол берілмейді.
      41. Шаруашылық жүргізуші субъектіде салмонеллез өршіген уақытта жануарларды міндетті түрде термометрлей отырып бас басына клиникалық тексереді. Ауру және ауруы күдiктi жануарларды оқшаулайды және емдейді.
      42. Сальмонеллезбен ауырған жануарлар және құстар табылған қора-жайларда, сондай-ақ торларда, науаларда, өтетін жерлерде, инкубаторларда, қосалқы қора-жайларда және жайылымдарда дезинфекция, дезинвазия, дезинсекция және дератизация бойынша ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар жүргiзедi.
      43. Шаруашылық жүргізуші субъектіні ауруды жойғаннан, қорытынды дезинфекция жасағаннан және аурудан сауыққан жануарларды союға өткізгеннен кейін күнтізбелік 30 күн өткен соң жануарлардың салмонеллезі бойынша қолайлы деп таниды.
6. Трихофития
(дерматомикоз, қысаға)
Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақтарда
өткізілетін профилактикалық
іс-шаралар
      44. Аурудың алдын алу үшін жануарларды күтіп-бағу және оларды ұстау жөніндегі ветеринариялық-санитариялық қағидаларды сақтау қажет.
      45. Қысағаның алдын алу бойынша профилактикалық іс-шаралар жаз кезеңінде жүргізіледі.
      46. Қиларды кейіннен мал шаруашылығы қора-жайларын профилактикалық дезинфекциялай отырып, зарарсыздандырады. Жануарларды қамап ұстауға ауыстыру алдында барлық мал басына клиникалық тексеру жүргізеді. Ауруы күдікті немесе ауру жануарлар анықталған жағдайда, диагноз нақтыланады және емдеу жүргізіледі.
      47. Жануарларды қамап ұстауға ауыстыру кезеңінде қора-жайларға дезинфекция жүргізеді. Жаңа туған төлдерді ұстайтын қора-жайлар таза, құрғақ және онда жеткілікті мөлшерде төсеніш болуы қажет.
      48. Басқа шаруашылық жүргізуші субъектілерден жаңадан келген жануарларды күнтізбелік 30 күн ішінде карантинде ұстайды. Осы кезең ішінде жануарларды тері ауруларының бар-жоқтығына тексереді.
      49. Қызмет көрсететін персонал тері ауруларын анықтаудың қарапайым шараларымен және жеке профилактика қағидаларымен таныс болуы қажет.
Қолайсыз пункттерде жүргізілетін
іс-шаралар
      50. Түпкілікті диагноз қойылған кезде шаруашылық жүргізуші субъектіге шектеу іс-шаралары қойылады.
      51. Шектеу іс-шараларының шарттары бойынша:
      1) жануарларды етке сою үшін әкетуді қоспағанда, жануарларды әкелуге (кіргізуге) және әкетуге (шығаруға) жол берілмейді;
      2) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының рұқсатынсыз жануарларды қайта топтастыруға жол берілмейді;
      3) тазарту мен дезинфекция жүргізгенге дейін ауру жануарларды ұстаған қора-жайларға сау жануарларды әкелуге (кіргізуге) жол берілмейді;
      4) ауру жануарлар тұрған қора-жайларда мұқият механикалық тазалау және дезинфекция жүргізеді;
      5) жануарлардың жасын және пайдалануды ескере отырып, ұстау, күтіп-бағу және азықтандыру бойынша ветеринариялық-санитариялық қағидаларды қатаң сақтайды;
      6) қысағаға сезімтал барлық жануарлардың тері қабатын 5 (бес) күнде бір рет тиянақты тексереді;
      7) ауру және ауруы күдікті жануарларды оңашаланған топтарға бөледі және емдейді (микроспориямен ауратын мысықтар жоюға жатады);
      8) жайылым кезеңінде ауру жануарларды жеке топтармен жаяды;
      9) ауру жануарларды емдеуді арнайы бөлінген орында жүргізеді;
      10) өңделгеннен кейін алынған жүнді, тері қабыршақтары мен мақтаны жағу, құралдарды қайнату, ал жануарларды өңдеген орынды дезинфекциялау қажет;
      11) қиды биотермиялық жолмен өңдейді;
      12) қайта ағымдағы дезинфекцияны күнтізбелік 10 күнде бір рет жүргізеді.
      52. Клиникалық ауру жануарларды бөлген соңғы жағдайдан кейін 2 ай өткен соң қорытынды дезинфекция жүргізгеннен кейін шектеу іс-шаралары алынады.
7. Жануарлар мен құстардың туберкулезі
Туберкулездің профилактикасы
      53. Жануарлардың туберкулезбен ауыруының алдын алу мақсатында жануарлардың иелері, шаруашылық жүргізуші субъектілер меншік нысанына қарамастан мынадай іс-шараларды жүзеге асырады:
      1) қолында жануарлар бар немесе жаңадан сатып алған кезде тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторын хабардар етеді;
      2) сатуды, союға тапсыруды, өріске шығаруды, жайылымдарға орналастыруды және басқа барлық жануарларды тасымалдау мен қайта топтастыруды, мал шаруашылығы өнімдерін сатуды тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының рұқсатымен жүргізеді;
      3) оларға ауру жұқтырмау мақсатында мал азығын дайындау барысында қауіпсіздік шараларын сақтайды;
      4) жаңадан келген жануарларға диагностикалық зерттеулер мен ветеринариялық тазалау жүргізу үшін күнтізбелік 30 күн ішінде оқшаулап ұстайды;
      5) туберкулезге күмәнді жануарлар ауруының барлық жағдайлары туралы ветеринариялық қызметке дер кезінде хабарлайды;
      6) Ветеринар мамандардың талабы бойынша сатып алынған жануарлар туралы барлық қажетті мәліметтерді береді және оларға тексеру, зерттеу мен тазалау жүргізу үшін жағдай жасайды;
      7) жануарларды тасымалдағанда, күтіп бағу және азықтандыру кезінде, мал шаруашылығы нысандарын салу кезінде санитариялық-эпидемияға қарсы және ветеринариялық-санитариялық талаптарды сақтайды;
      8) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының нұсқауы бойынша ауру жануарларды уақытында өткізуді немесе қолайсыз барлық мал басын толығымен жоюды жүзеге асырады;
      9) жануарлардың туберкулезбен ауруының алдын алу бойынша, сондай-ақ ауру шыққан жағдайда эпизоотиялық ошағын жою бойынша ветеринариялық-санитариялық іс-шаралардың жүргізілуін қамтамасыз етеді.
      54. Туберкулез бойынша қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектілерде қызмет көрсететін тұлғалар жеке гигиена қағидаларымен таныс болуға тиіс. Жыл сайын міндетті түрде флюорографиялық зерттеуден өте отырып, медициналық тексеруден өту керек, ал малшылар мен сауыншылар несеп жынысы туберкулезін ерте анықтау мақсатында бактериологиялық зерттеу үшін несеп талдауын (туберкулездің микобактерияларына несеп себіндісі) тапсырады.
      55. Меншік нысанына қарамастан шаруашылық жүргізуші субъектілердің басшылары мынаны жүзеге асырады:
      1) мал шаруашылығы қызметкерлерін жұмыс киімімен және аяқ киіммен қамтамасыз етеді, оларды сақтау бөлмелерімен жабдықтайды, сондай-ақ мал шаруашылығы қора-жайларын қол жуғышпен, сабынмен, сүлгімен және алғашқы көмек қобдишасымен жарақтандырады;
      2) мал шаруашылығы және азық дайындау жұмыстарына туберкулезге тексеруден өтпеген, сондай-ақ туберкулезбен ауыратын және диспансерлік есепте белсенді топта тұратын адамдарды жібермейді;
      3) қызмет көрсететін персоналда туберкулез анықталған жағдайда, ауру адамдарды дереу жануарларды күту жөніндегі жұмыстан босатады;
      4) сүт және сүт өнімдерін өңдеу кәсіпорындарында қолайсыз пункттерден алынған сүтті міндетті түрде пастерлеудің және басқа да шикі сүт өнімдеріне термиялық өңдеудің жүргізілуін қамтамасыз етеді.
      56. Аумақтық денсаулық сақтау органдары:
      1) жануарларды күтіп-бағатын персоналға тұрақты түрде медициналық қадағалау жүргізеді;
      2) халық пен мал шаруашылығы жұмысшылары арасында тұрақты негізде туберкулездің зияны мен зардаптары, жеке профилактика және онымен күресу шаралары туралы түсініктеме жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырады.
      57. Меншік нысанына қарамастан шаруашылық жүргізуші субъектілерде, жануарларды күтіп-бағатын ветеринарлық мамандар жануарлар туберкулезінің профилактикасы және онымен күресу іс-шараларын жүргізеді.
      58. Адам туберкулезінің профилактикасы және оларды емдеу бойынша санитарлық-эпидемияға қарсы және басқа да арнайы іс-шараларды, сондай-ақ, осы іс-шаралардың орындалуын бақылауды мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының, туберкулезге қарсы диспансерлердің (бөлмелердің) және басқа да медициналық ұйымдардың қызметкерлері жүзеге асырады.
      59. Ветеринарлық және медициналық ұйымдар жануарлардың және жануарларды күтіп-бағуға байланысты немесе қайта өңдеу кәсіпорындарында жұмыс істейтін адамдардың туберкулезбен ауыру жағдайлары туралы ақпаратты өзара ұсынады. Елді мекендерде адамдардың туберкулезбен ауыру жағдайлары анықталған кезде адамдардың залалдану көзі мен жұғу жолдарын анықтау мақсатында тез арада эпидемиологиялық-эпизоотологиялық зерттеу жүргізіледі, қажет болған жағдайда малдар туберкулезге зерттеледі және ауру табылған жағдайда эпизоотиялық ошақты жою бойынша іс-шаралар ұйымдастырылады.
Туберкулез кезіндегі шектеу
іс-шаралары
      60. Туберкулез ауруы анықталған шаруашылық жүргізуші субъекті жеке меншік нысанына қарамастан туберкулез бойынша қолайсыз пункт деп жариялайды және шектеу енгізіледі.
      61. Туберкулинге реакция берген жануарларды қалған мал басынан тез арада оқшауландырады және асыл тұқымдық және өндірістік құндылығына қарамастан күнтізбелік 15 күн ішінде союға өткізеді.
      62. Сау малдар бұрын ауру жануарлар ұсталған қора-жайларға, жайылым алаңдарына және басқа да объектілерге сауықтыру іс-шараларын жүргізгеннен кейін ғана жіберіледі.
      63. Шектеу шарттары бойынша мыналарға:
      1) малдарды союға шығаруды қоспағанда, олардың орнын ауыстыруды (кіргізу және шығару) жүзеге асыруға;
      2) қолайсыз аймақта шөп, сабан және басқа ірі мал азығын дайындауға;
      3) сау жануарлар үшін туберкулез бойынша қолайсыз табындар жайылған жайылым жерлерін пайдалануға және ақпайтын суаттардан суаруға 6 айдан кейін жол беріледі;
      4) туберкулезбен ауырған жануарларды пайдалануға және табынды көбейту үшін олардан алынған төлдерді пайдалануға;
      5) ауру жануарларды және қолайсыз табындардың мал басын сау малдармен қосып ұстауға, бірге жаюға, суаруға немесе өзге де жанасуға, сондай-ақ қолайсыз табындардың жануарларын жайлауға айдауға және тасымалдауға;
      6) туберкулезбен ауырған жануарларды сойған кезде алынған залалсыздандырмаған етті, ет өнімдерін аңдарды азықтандыру үшін пайдалануға жол берілмейді.
      64. Туберкулез бойынша қолайсыз пункттегі сиырлардан алынған шикі сүтті базарларда сату, асханаларға, емдеу-профилактикалық, балалар және мектеп мекемелеріне жеткізу үшін шығаруға жол берілмейді. Зерттеу кезінде туберкулезге реакция берген сиырлардан алынған сүт қайнатуға немесе тоң май жасауға қайта өңдеу жолымен зарарсыздандырылуға жатады. Қолайсыз табындардың (ферманың) реакция бермеген сиырларынан алынған сүт (қаймақ) тікелей шаруашылық жүргізуші субъектіде 900С температурада 5 минут ішінде немесе 850С температурада 30 минут пастерлеу жолымен зарарсыздандыруға, ал пастеризатор болмаған жағдайда қайнатуға жатады. Зарарсыздандырғаннан кейін сүтті сүт зауытына әкетеді немесе шаруашылық ішінде қолданады. Сүт өңдеу кәсіпорындарында сүт құйылғаннан кейін цистерналар немесе бидондар шаюға және дезинфекциялауға жатады.
      65. Туберкулезбен ауырған жануарларды сою объектілерінде (сою пункттері, алаңдар, ет өңдейтін кәсіпорындар) союды тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің мемлекеттік санитариялық-ветеринариялық инспекторының бақылауымен, жеке профилактика шараларын сақтаумен және инфекция қоздырғышының таралуын болдырмауды қамтамасыз ететін талаптарды орындай отырып жұмысшылар жүргізеді.
      66.Туберкулез бойынша қолайсыз пункттерде қора-жайларды, жайылымдарды, жайылым алаңдарын, жабдықтарды, мүкәммалды және басқа да объектілерді ағымдағы дезинфекциялауды, сондай-ақ дезинсекция мен дератизациялауды жүргізеді. Қиды биологиялық, химиялық және физикалық тәсілдермен зарарсыздандырады.
Ірі қара мал туберкулезінен қолайсыз пункттерді
сауықтыру
      67. Ірі қара малдың туберкулезінен қолайсыз пункттерді сауықтыруды мынадай жолмен жүргізеді:
      1) қолайсыз табынның мал басын толығымен сау жануарларға ауыстыру жолымен;
      2) ауру малдарды бөліп және кейіннен оларды сою арқылы жүйелі диагностикалық зерттеулер жолымен;
      3) ұйымдастыру-шаруашылық, ветеринариялық-санитариялық және арнайы шаралардың кешенін міндетті түрде жүзеге асырумен.
      68. Туберкулез шаруашылық жүргізуші субъектіде алғаш рет анықталғанда және ауру табын арасында кеңінен таралған кезде мал басын толығымен ауыстыруды қолданады. Мұндай жағдайда шектеу қойылғаннан кейін:
      1) малдарды туберкулезге аллергиялық зерттеуді тоқтатады;
      2) сиырларды және қашарларды ұрықтандыруды жүргізбейді;
      3) алынған сүт 850С температурада 30 минут немесе 900С-та 5 минут пастерленеді, содан кейін бұзауларға береді немесе сүт өңдеу кәсіпорындарына жібереді;
      4) қолайсыз табындағы барлық мал басын төлімен бірге үш ай ішінде союға өткізеді;
      5) қора-жайлар малдан босағаннан кейін оларды дезинфекциялауды жүргізеді;
      6) барлық босаған сиыр қораларда, бұзау қораларда, төл қабылдайтын бөлмелерде едендерді, өтетін жерлер мен қабырғаларды қидан, жем-шөп қалдықтарынан тазартады, қиды механикалық жолмен алып тастау үшін тасылмалдаушыларды қайта жөндейді;
      7) ағаш едендерді алады, қайта қолдануға жарамды тақтайларды жақсылап тазалап жуғаннан кейін дезинфекциялайды. Жарамсыз тақтайларды өртейді;
      8) аумақты, жайылым алаңдарын қоқыс пен қидан тазартады;
      9) қиды арнайы арналған жерге шығарады, ені 3 метр және биіктігі 2 метр дөңдерге жинайды, бетін жермен жабады және қоршайды, бұл қи дөңдерге жиналғаннан кейін кемінде 2 жылдан соң пайдаланады;
      10) мал шаруашылығы үй-жайларында жөндеу жүргізеді, едендер төсейді, қи шығаратын транспортерлер жасақталады;
      11) барлық пайдалануға жарамсыз арнайы киімдерді, аяқ киімді, құнысыз мүкәммалды өртейді;
      12) ветеринариялық–санитариялық іс-шаралар аяқталғаннан, шаруашылық жүргізуші субъектінің аумағындағы барлық қора-жайларда қорытынды дезинфекция жүргізгеннен және дезинфекцияның сапасын зертханалық жолмен тексергеннен кейін қолайсыз пункттен шектеу алынады.
      69. Барлық табын бойынша екі рет қатар зерттеу нәтижесі теріс болған кезде, осы кезеңде 1,5 ай аралығымен тері ішіне туберкулиндік сынамамен зерттеу жүргізілетін жануарларды үш айлық бақылап қадағалауға қояды. Аллергиялық және серологиялық зерттеулерден теріс реакция алынған кезде табынды туберкулез бойынша қолайлы деп жариялайды.
      70. Егер туберкулезге аллергиялық және серологиялық әдістермен соңғы зерттеу кезінде реакция беретін жануарлар шықса, онда оларды диагностикалық союға жібереді.
      71. Қолайсыз пункттерде:
      1) ауру сиырлардан туған бұзауларды сиырлармен бірге союға өткізеді;
      2) сауықтыру жүргізіліп жатқан табында реакция бермеген сиырлардан туған бұзауларды (оны бақылап қадағалауға қойғанға дейін) оқшауландырылған топпен ұстайды, бордақылауға қояды, содан кейін союға өткізеді;
      3) бақылап қадағалау кезеңінде алынған төлдерді оқшаулап ұстау жағдайында өсіреді және шаруашылық жүргізуші субъектіден шектеу алынғаннан кейін қалыпты жағдайда пайдаланады.
      72. Шектеуді алар алдында ветеринариялық-санитариялық іс-шаралардың кешенін жүргізеді.
Шошқа, қой, ешкі, жылқы, түйе, терісі бағалы аңдар және құстар
туберкулезінен қолайсыз пункттерді
сауықтыру
      73. Шошқа туберкулезі (бұқа немесе адам қоздырғышының түрі) анықталған жағдайда туберкулинге реакция берген барлық шошқаларды, оның ішінде төлдейтін аналық шошқаларды, қабандарды союға өткізеді. Торайлау және төлдерді бордақылау аяқталғаннан кейін шаруашылық жүргізуші субъектінің барлық жануарларын туберкулезге диагноз қойылған сәттен бастап 3 айдан кешіктірмей союға өткізеді.
      74. Қойда, ешкіде, жылқыда және түйеде туберкулез анықталған жағдайда:
      1) реакция берген барлық жануарларды союға өткізеді;
      2) қалған мал басын зерттейді: жылқыны – туберкулинді көзге тамызу арқылы (офтальмосынама), ал қой, ешкі және түйені – әр күнтізбелік 30-45 күн сайын тері ішіне туберкулиндік сынама арқылы бір рет теріс реакция бергенге дейін тексереді, содан кейін тиісті топтағы жануарларды сау деп таниды.
      75. Терісі бағалы аңдарда туберкулез анықталған жағдайда:
      1) оларды клиникалық тексереді, ауру ұрғашы жануарларды төлімен бірге оқшаулайды. Сойылғаннан кейін терілері шектеусіз қолданылады, ал ұшалары өртеу арқылы жойылады;
      2) күшіктегеннен бастап сойғанға дейінгі кезең ішінде қырылған және өлтірілген аңдарда органдар мен бөлшектерінің туберкулезге тән өзгерістерін таппаса аң өсіретін шаруашылық сауықтырылған болып саналады;
      3) ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар жүргізгеннен кейін шектеу алынады.
      76. Маралдарда туберкулез анықталған жағдайда:
      1) реакция берген барлық маралдарды союға өткізеді;
      2) қалған мал басын табын бойынша теріс реакция бергенге дейін туберкулезге зерттейді. Клиникалық ауру жануарларды союға өткізеді.
      77. Құс шаруашылығы шаруашылығын жүргізуші субъектілерінде және жеке аулаларда құстардың туберкулезі анықталған кезде қолайсыз құс қорасындағы (цехтағы) барлық құстар союға өткізіледі, ветеринариялық-санитариялық іс-шараларды жүргізеді және шектеу алынғаннан кейін сау жас құстардан жаңа топ құрады. Қолайсыз құс қораларындағы (цехтағы) құстардан алынған жұмыртқалар өсіруге жіберілмейді, нан өнімдері мен кондитерлік кәсіпорындарында қолданылады.
      78. Кешенді ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар өткізгеннен кейін шаруашылық жүргізуші субъектіден шектеу алынады.
Каталог: files -> blogs
blogs -> Тақырыбы: Ленинград қорғанысы Мақсаты: Білімдік
blogs -> Программа по предмету «Русский язык»
blogs -> Сабақ түрі : Аралас сабақ Әдіс-тәсілдері : баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, ой туғызу, қызығушылығын ояту,топпен жұмыс
blogs -> «Мұрагер»» бағдарламасы жайлы
blogs -> Негізгі орта білім беру деңгейінің «Өнер» білім саласы пәндерінің
blogs -> Оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы
blogs -> Национальная академия образования им. Ы. Алтынсарина
blogs -> Бастауыш білім беру деңгейінің «Өнер» білім саласы бойынша
blogs -> Сабақ тақырыбы: Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа»
blogs -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет