Вистениус-Панкратьев бағы: көбелектер Жұмысты орындаған: Сағынғанов Нұрболат



бет1/7
Дата27.12.2016
өлшемі41,52 Mb.
#5808
  1   2   3   4   5   6   7
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

Бағыты: Қазақстанның тарихи ескерткіштері және туристік бағдар перспективасы

Секция: «Этномәдениет»


Тақырыбы: «Вистениус-Панкратьев бағы: көбелектер»

Жұмысты орындаған: Сағынғанов Нұрболат

Назарбаев Зияткерлік мектебі, 5-сынып оқушысы Жетекшісі: Ожанова З. О. Назарбаев Зияткерлік мектебі, мұғалім- модератор



Ғылыми кеңесші: Мырзагалиева А. Б. Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті

биология ғылымдарының докторы.



Ғылыми жетекшісі: Карменова Б. Қ. Биология магистрі, биология кафедрасының аға оқытушысы

ӨСКЕМЕН, 2012


Мазмұны

Кіріспе ....................................................................................................................3



    1. Ғажайып бақ қалай пайда болды ?......................................................... 4

2 Материалды жинау және оларды өңдеу әдістері..............................................5

2.1. Энтомологиялық ебелек..............................................................................5

2.2. Арнайы конверттер......................................................................................6

2.3 Түзеткіш.........................................................................................................6

3 Көбелектердің көптүрлілігі мен өзіндік ерекшелігі.........................................7

3.1Қабыршаққанаттылар отрядына жалпы сипаттама....................................7

3.2 Ақ көбелектер (Рieride) тұқымдасы..........................................................8

3.3 Көккөбелек тұқымдасына мінездеме (lycaenidae)....................................13

3.4 Нимфалидтер тұқымдасына мінездеме (Nimpholidae).............................15

3.5 Парусниктер тұқымдасына мінездеме (Papilionidae)...............................18

4 Қабыршаққанаттылардың тәулікттік және маусымдық белсенділігі............19

Қорытынды ...........................................................................................................21

Пайдаланған әдебиеттер тізімі ........................................................................... 22

Қосымшалар..........................................................................................................

КІРІСПЕ

Қабыршақтылар немесе көбелектер – эволюциялық жағынан жас группа.



Көбелектер барлық бунақденелілердің ішіндегі ең танымалысы. Көбелектердің әдемілігіне таң қалмайтын адам жоқ. Көне Римде «көбелектер жұлынып қалған гүлдерден пайда болды» - деген ойларға сенген. Көбелектің қанаттары әр – түрлі түстерге боялғандықтан әдемі болып келеді. Сонымен қатар қанаттарының жүйкелері маңызды систематкалық белгі.

Олардың қалдықтары жер қыртысынан бірінші гүлді өсімдіктер пайда болған кезден-ақ табылған. Қабыршақтылар мен гүлді өсімдіктердің эволюциясы параллельді дамып келді. Қазіргі кезде 140 мың түр белгілі.

Омыртқасыз жануарлардың алуан түрлілігін сақтауда қорғалатын аймақтардың маңызы зор. Пайдалы омыртқасыз жануарларды қорғау және тиімді пайдалану биологиясына, экологиясына, популяцияның саны мен құрылысына, таралуына және т.б. негізделу керек. Өкінішке орай, мұндай мәліметтер омыртқасыз жануарлардың көптеген топтары үшін жоқ немесе үзінді түрінде ғана. Сондықтан өңіріндегі қабыршаққанаттыларының биологиясын зерттеуді жөн көрдік.

Ғылыми жобаның мақсаты: Вистениус-Панкратьев бағында мекендейтін көбелектердің түр құрамы мен ерекшеліктерін анықтау.

Ғылыми жобаның алдына келесідей міндеттер қойылды:

- Вистениус-Панкратьев бағының тарихы мен ерекшелігін білу;

- Материалды жинау және өңдеу әдістерін меңгеру;

- Вистениус-Панкратьев бағында мекендейтін көбелектердің түр құрамы мен ерекшелігін анықтау;



Ғылыми жобаның өзектілігі: Мен химия - биология бағытындағы мектепте оқығандықтан, өзімнің жоба жұмысымды туған жерімнің табиғатын зерттеуден бастадым. Менің зерттеу объектім Шығыс Қазақстан облысындағы Вистениус-Панкратьев бағы және онда мекендейтін көбелектер. Вистениус – Панкратьв атындағы бақта мекендейтін зиянкес насекомдардың түр құрамы алғаш қарастырылып отыр.

1.1. ҒАЖАЙЫП БАҚ ҚАЛАЙ ПАЙДА БОЛДЫ?

Август Александрович Вистениус 19 ғасырдың аяғында біздің өлкеге саяси жер аударылушы болып келді. Жан-жақты білімді А. Вистениус, әсіресе, ботаника саласынан мықты еді. Содан болар, бірде оған қысы қатал, аязды, боран-шашынды біздің өлкеміздің климатына төзімді өсімдіктер өсіру туралы ой келді. Өскемен өңірін көп аралап, байқап барып 1894 жылы жергілікті басшылықтың рұқсатымен 150 текше метр жер алды. А. Вистениус бұл жерді өңдеп, Мәскеу, Рига, Петербургтен алдырған жас өскіндерді екті. Сөйтіп, алғашқы ботаникалық коллекция телімі пайда болды. Бағбан бұл жерге әр түрлі будандастыру жолымен жергілікті жердің ауа райына төзімді әрі түсімді таңқурай, қарақат, шие, барбарис, алма, алмұрт қана өсіріп қоймай, біздің елге таңсық сирень, үйеңкі, тал терек және басқа да сәндік-декоративтік ағаштар екті. Ол осылай Шығыс Қазақстан өңірінде 12 жыл өз бағында бағбандықпен айналысты. 1906 жылы демалысқа босатылған А. Вистениустің өз Отанына қайтатынын естіген кей ауқатты адамдар оның бағын үлкен ақшаға сатып алғылары да келді. Бірақ ол ақшаға қызықпады, сатпады. Ол өз ісін жалғастыру үшін бағын Өскемен өңірінде бал арасын өсіріп, бағбандықпен айналысып жүрген Дмитрий Панкратьевке қалдырып, тек одан қалалық кітапхананың оқырмандар бөлмесіне жыл сайынғы түсімнен 100 рубль ақша беріп отыруды ғана сұрады. Дмитрий Панкратьев өзінің еңбекқорлығы мен ізденгіштігі арқасында бақты одан әрі жайнатты. Алғаш рет жерімізге «манчжур» жаңғағы, ананас, қыста сақтап қалатын жүзім, «грачовка» таңқурайы, «сибиряк» жидегі сияқты жемістер өсірілді. Д. Г. Панкратьев жемістерді тек өсіру-күтумен ғана айналыспады. Ол әр ісінің нәтижесін зерттеп, жазып, қорытындылап отырды. Оның бұл еңбектерін ғылыми жұмыстар деуге болады. Панкратьев бағы туралы әңгіме көпке тарап, оған түкпір-түкпірден қызығушылық танытқан адамдар, ғалымдар ағылып келіп жатты. Ұлы Отан соғысының алдында бұл бақтағы жидек түрінің өзі 70–тей болды. Қала халқы әр маусымда бақтан 7-10 тоннаға дейін таңқурай мен қарақат алатын. Кейіннен иесіз қалған бақ тозып, арам шөп пен түрлі зиянкестердің орнына айнала бастады. Тек 1985 жылы ғана оған иелік етуге Өскемен педагогикалық институты келді. Содан бері бұл жер оқу-далалық орынға айналып, онда студенттер мен оқытушылар әртүрлі ғылыми-практикалық жұмыстар жасаумен айналысуда. Онда Қызыл Кітапқа енген өсімдіктер де өсуде. Бүгінде онда «Жасыл ел» отряды жұмыс істеуде. 2006 жылы С.Аманжолов атындағы жоғары оқу орны Панкратьев бағының 100 жылдығына арналған конференция өткізіп, бақтың атауын Вистениус-Панкратьев атындағы далалық-оқу тәжірибе орталығы деп өзгертті.



2 МАТЕРИАЛДЫ ЖИНАУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ӨҢДЕУ ӘДІСТЕРІ

Ғылыми жобаны орындау үшін жазғы демалыс кезінде ашық және жабық биотоптардан жиналған материалдарды студенттермен бірлесіп зертханалық өңдеуден өткіздім. Біз олардың түрлерін, туысын, тұқымдасын, отрядтарын жүйелілік белгілері арқылы анықтадық. Жиналған материалдар қағаздан жасалған конверттерге салынды. Ашық биотоптарда материал жинау 2 әдіспен жүргізілді: ебелек арқылы ауада ұшып жүрген бунақденелерді аулау және ағаш немесе бұталар жапырақтарына қонып отырған көбелектерді қолмен жинау. Жиналған материалдар арнайы инелердің көмегімен түзеткіштерге шаншылды. Түзеткіштерде көбелектер екі-үш күн кептірілді. Көбелектер кеуделерінен шаншылды. Шаншылған насекомдарға этикеткалар жазылып, ауланған өкілдердің тұқымдасы, туысы, түрі көрсетілді.



2.1 Энтомологиялық ебелек – ұшатын жәндікті ұстаушы негізгі құрал. Ебелек 3 бөлімнен тұрады: шеңбер, қап және сабы. Оның сабын өзіңнің қолыңнан ұзын болмайтындай етіп таңдау керек. Ебелек күтуді қажет етеді, таза және құрғақ болуы керек. Ебелекпен ұшып жүрген көбелектерді ұстаған кезде оны үстінен төмен немесе жерге серпуге болмайды, ол жәндікті алып шығуды қиындатады және оның денесінің бұзылуына әкеп соғады. Ебелекпен серпуді жәндіктің бүйірінен немесе төменнен жылжытқан дұрыс. Жәндікті ебелек ішіне түсісімен оны күрт бұрып, шығып кетуіне мүмкіндік бермеу керек. Әдетте жәндікті абайлап 2 саусақпен немесе пинцетпен дәке арқылы ұстап, одан кейін қапты аударғанда жәндік қаптың сыртында қалатындай жағдай жасау керек. Көбелекті ұстағанда ебелектің ішінде өлтіреді. Жәндік қанатын арқасына жинағанда дәке арқылы оның кеудесін қысамыз. Әлсіз, ақырын сыртыл естілгенше кеудесін қысамыз. Сыртылдан кейін қорықпай көбелекті алып шығып, қағаздан немесе калька қағазынан жасалған конверттерге саламыз [3,5].

2.2 Арнайы конверттер. Көбелектерді жұқа қағаздан немесе калькадан жасалған конверттерге салып, оларды жалпақ жадағай қораптарға орналастыру керек. Себебі оған жәндіктерді салғанда бүлінбейді. Көбелектердің үлкен немесе орташа қанаттыларын конвертке жақсы сақталатындай етіп салады.

2.3 Түзеткіш. Көбелектердің қанатын түзету келесідей жүреді. Көбелектердің қанатын түзету үшін оған түзеткіш керек. Ең алдымен, көбелекті түйреуішпен дұрыс шаншу керек. Түйреуіштің тығынға перпендикуляр болуын аса зейінмен қарау керек. Әйтпесе көбелекті түзету қисық болып кетуі мүмкін. Көбелектің бүйірі мен кеудесі сыртқа шықпай тақтайшаның қуысына кең орналасуы керек. Қанаттарының негізгісін тақтайшаның деңгейімен бірдей етіп түйреп, тығынға тереңге дейін қадайды.

Сурет 1. Түзеткіштегі көбелектер

Жәндіктің аяғы тақтайшалардың қуысына түбі мен қабырғасына тимейтіндей етіп құрсағының астына бүгіледі. Тығынға түйреуішті қадап, көбелектің қажетті қалыпта тұрғанына көз жеткізіп, пинцетпен абайлап қанаттарын жазамыз. Тақтайшаға қанаттарды орналастырғаннан кейін оны қағаз қиындысы арқылы арнайы түйреуішпен қадаймыз. Көбелектің қанаттарын түзеткенде симметриялы екенін тексеру қажет. Жәндік орналасқан түзеткішті шаң және күн сәулесі қатты түспейтін құрғақ жерде ұстау керек. Орташа көлемді көбелектер 2-3 аптадан кем кептірілмеуі керек. Егер түзеткіштен оларды алуға асықсақ, онда бірнеше күннен кейін қанаттары төменге салбырап қалады. Бір түзеткіште бірнеше көбелектерді керуге болады. Ол орын мен уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді.

3 КӨБЕЛЕКТЕРДІҢ КӨПТҮРЛІЛІГІ МЕН ӨЗІНДІК ЕРЕКШЕЛІГІ

3.1 Қабыршаққанаттылар отрядына жалпы сипаттама

Көбелектің денесі үш бөлікке бөлінген: басы, денесі және құрсағы. Осылардың әрқайсысы өзіне тән қызмет атқарады. Басында сезім мүшелері орналасқан, қоршаған ортаға бейімделуіне байланысты, оның ауыз мүшесі өзінің қоректенуіне бейімделген. Ауыз мүшесінің үстіңгі жағы жойылған, олар спираль тәрізді оралған еттұмсыққа айналған. Еттұмсық серпімді және қозғалмалы, сұйық тағаммен қоректенуге бейімделген. Олар гүлдің шырын, нәрімен қоректенеді. Еттұмсықтың ұзындығы гүлдің шырынының орналасуына байланысты. Түрлерді анықтаған кезде қанаттарының жүйкеленуі үлкен роль атқарады.



Сурет 2. Көбелектің қанатының жүйкеленуі

Қанаттарының беттерiн ұлпадай қабыршақ басып жатады. Сондықтан қабыршаққанаттылар деп аталады. Бұл қабыршақтар қанаттарын алуан түсте құбылтып, құлпыртып тұрады. Толық түрленiп дамиды. Дернәсілдері жұлдызқұрттар деп аталады. Дамуы бiрнеше күннен 2 жылға дейiн.

3.2 Ақ көбелектер (Рieride) тұқымдасы

Бұл көбелектердің қанатында ақ, қызғылт-сары түстер бар, алдыңғы аяқтары жақсы жетілген. Көбелектердің қанат қағуы зигзаг ретінде болады. Ұшып жүрген көбелекті құс та ұстай алмайды. Олар көгалдарда, ормандарда, шалғынды жерлерде кездеседі. Қабыршаққанаттылардың табиғатқа тигізетін пайдасы да, зияны да бар. Көптеген түрлердің жұлдызқұрттары ауыл шаруашылығының аса қауіпті зиянкестері, ал ересек формалары өсімдіктердің тозаңдануына орасан пайдасын тигізеді. Олар: қырыққабат көбелегі мен долана көбелектері.



Түрі :долана көбелегі ( Aporia crataegi L ) Сурет 3.

Аналық көбелектердің жұмыртқаларының саны 30-150 арасында болады. Олар жұмыртқаларын мәдени ағаштардың жапырағының астыңғы жағына салады. Ыстық күндері долана көбелектері ылғал жерлер мен суқоймаларға жиналып, содан суды сорады. Долана көбелегінде бір-ақ ұрпақ болады. Жұлдызқұрттардың қыстан шығуы, мойыл ағаштарының бүршік атуымен тұспа-тұс келеді. Мамыр айының аяғы мен маусым айының басында жұлдызқұрттар үлкен бұтақтарға қуыршақтарын салады. Қуыршақтың даму ұзақтығы 2-3 аптаға созылады. Одан ұзындығы 2-2,5см қуыршақ дамиды. Олар мойыл ағашының жапырағының төменгі жағына жұмыртқалайды. Жұлдызқұрттардың жас түрлері жапырақтың жұмсақ жерлерімен қоректенеді. Ал жұлдызқұрттың ересек түрлері жапырақты толығымен жойып жібереді.



Түрі: қырыққабат көбелегі ( Pieris brassicae) Сурет 4.

Аналықтың алдыңғы қанатында 2 домалақ қара дақ кездеседі. Бұл аталықта да болады. Алдыңғы қанатының ұзындығы: 25-34 мм. Жаздық тіршілік уақыты: мамырдың аяғы мен қыркүйектің басы. Биотоптары: көгалды жерлер, өрістер, орманды жерлер. Жұлдызқұрттың негізгі қорегі: қырыққабат, шалқан, крестгүлділер. Ерекшелігі: қырыққабаттың зиянкесі. Көлемі үлкен, қанатының ұзындығы – 5- 6 см болатын көбелек. Бақта көптеп таралған. Аналықтарында тағы екі қою түртпек бар, ал аталықтарында мұндай болмайды. Қырыққабат көбелегі өзінің жұмыртқаларын қырыққабат жапырақшалары мен мәдени ағаш жапырақтарына салады. 2-3 күн өткен соң ашық жасыл түсті, қара нүктелері мен жасыл жолақтары бар жұлдызқұрт пайда болады. Денесінің қысқа түктерімен қапталғанын көреміз. Олар ақырындап қырыққабат жапырақшаларымен қоректене бастайды. Жұлдызқұрттар бірнеше рет түлеп, тез өсіп, жетіледі.Олар қырыққабатқа үлкен зиянын тигізеді. Жұлдызқұрттар қуыршақ кейпінде қыстап шығады. Көктемде екі апта өткен соң олар дамуын ары қарай жалғастырады. Қуыршақтың ұзындығы 1.5-2.5 см. Дамуы 14-20 күнге созылады. Қуыршақтық сатыдан шыққан көбелектің қанаттары өте жұмсақ, жұқа болады. Ол қанаттары өсіп, қатайғанға дейін бір орнында отырады.



Каталог: ld
ld -> Шпаргалка на казахском языке по истории Казахстана 100 м қашықтыққа ұшатын, орақ тәрәздә құрал-бумеранг
ld -> Қош келдіңіздер!
ld -> Қазақ әдебиет пәніне тест сұрақтары
ld -> Сабақ: ана тілі Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Әліпенің атасы»
ld -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
ld -> Ақтқбе облысы Байғанин ауданы №3 Қарауылкелді орта мектебі
ld -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин "Өзен" Мұғалімі: 3 "
ld -> Әнші- ақындар шығармашылығы
ld -> Есмағамбет Ысмайлов Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, Адамға зияным жоқ жүрген жанмын
ld -> Өмірбаяны Хронология Қорытынды пайдаланған әдебиеттер


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет